Жиынтық сұраныс қисығы
Аннотация
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстағы
классикалық және кейнстік бағыттар.Бірінші тарауда тауар нарығындағы
макроэкономикалық тепе-теңдік, мұнда жиынтық сұраныс түсінігі мен қисығы,
ұзақ және қысқа мерзімдегі жиынтық ұсыныс және жиынтық сұраныс пен жиынтық
ұсыныс тепе-теңдігі. Кейнс үлгісіндегі табыстар мен шығындар теориясы жайлы
қамтылған.
Екінші тарауда ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік, яғни
ақша нарығындағы ақша ұсынысы және ақша мультипликаторы және ақша сұранысы,
қасиеттері, атқаратын қызметтері және ақшаға сұраныс және ерекшеліктері
туралы қарастырылған.
Үшінші тарауда AD-AS және IS-LM үлгілерінің бір-бірімен өзара
байланысы деп аталады. Мұнда IS-LM үлгісінің теңдеуі және негізгі
айнымалылары. IS және LM қисықтары және жиынтық сұраныс қисығы және
бағаның тұрақты деңгейінде AD- AS және IS- LM үлгісіндегі экономикалық
саясат жайлы қарастырылған.
Курстық жұмыс 41 бет компьютерлік тексте берілген, 31-сурет,3-
сладттан тұрады 20 әдебиеттен тұрады.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-6
І Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстағы классикалық және кейнстік
бағыттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 7-18
1.1 Макроэкономикалық тепе-теңдік: жиынтық сұраныс түсінігі мен
қисығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7-8
1.2 Классикалық және кейнстік жиынтық
ұсыныс ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..8-11
1.3 Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс тепе-теңдігі. Кейнс үлгісіндегі
табыстар мен шығындар
теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11-
18
ІІ Ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік ... ... ... ... 19-26
1. Ақша нарығындағы ақша ұсынысы және ақша мультипликаторы ... ..19-23
2. Ақша сұраныстың классикалық және кейнстік
теориялары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..23-26
ІІІ AD-AS және IS-LM үлгілерінің бір-бірімен өзара байланысы ... ..27-38
3.1 IS-LM үлгісінің теңдеуі және негізгі айнымалылары. IS және LM
қисықтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27-35
3.2 Жиынтық сұраныс қисығы. Бағаның тұрақты деңгейінде AD- AS және IS-
LM үлгісіндегі экономикалық
саясат ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..36-38
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41
Кіріспе
Макроэкономикалық талдаудың негізгі мақсаты жалпыэкономикалық тепе-
теңдік жүйесінің пайда болу жағдайын табу. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің
мәнін, маңызын ашу жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысты категорияларын
талдау қажет.Жиынтық сұраныс-(AD)- (aggregate demand)-бұл қазіргі кезде
баға деңгейі кезінде (тұтынушылық, инвестициялық сұраным, мемлекет
тарапынан сұраным, таза экспорт) көрсетуге болатын тауарлар мен
қызметтердің жалпы көлеміне сұраным.Жиынтық ұсыныс (AS)- қалыптасқан баға
деңгейімен сәйкес өндіріліп және ұсынылуы мүмкін тауарлар мен қызметтердің
жалпы саны.Классикалық мектептің экономистері нарықтық жүйе ұзақ мерзімді
кезеңде экономикадағы ресурстарды толық пайдалануды қамтамасыз етеді деп
пайымдаған болатын.Оның өзіне аңда санда туып қалатын сәйкессіздіктер
рыноктың автоматты түрде өзін-өзі реттеу негізінде шешіледі. Соның
арқасында, ең соңында, жұмыспен толық қамтамасыз етілу нәтижесінде
экономикада өндірістің тиісті деңгейіне қол жетеді. 30 жылдардың тәжірибесі
классиктердің баға және жалақы, әсіресе қысқа мерзімді кезеңде, болар-
болмас өзгереді деген ойлардың дұрыстығына күшті күдік тудырды. Шындығында
да, ХХ ғасырдың алғашқы онжылдығында-ақ монополиялар мен кәсіподақтардың,
ең аз жалақы туралы заңнаманың және басқа факторлардың болуы баға мен
жалақының сырғымалылығын тоқтатуға қол жеткізді. Кейнсиандық модель баға
мен жалақы, әсіресе қысқамерзімді кезеңде ұсыным өз сұранысын тудырады
деген ережесін де жоққа шығарды. Кейнс, кері себепті- салдарлы байланыс-
жиынтық сұраныс ұсынысты тудырады дегеннің болатындығына сендірді. Егер
жиынтық сұраныс жетімсіз болса, онда өндіріс көлемі жұмыспен толық
қамтамасыз етілген жағдайдағы әлуетті сұранысқа тең болмайды. Икемсіз баға
кезінде экономика жұмыссыздықтың жоғары деңгейінде ұзақ уақыт бойы тоқырау
жағдайында болады. Бұл модельден шығатын қорытынды-мемлекет сұранымды
ынталандыруға бағытталған белсенді макроэкономикалық саясаты жүргізе
отырып, экономиканың дағдарыстан шығуына ықпал етуге тиіс. Кейнс, өзін-өзі
реттейтін рычагтарды іске қосудағы бағаның, жалақының, пайыздық ставканың
оралымдығының теріске шығарды. Тепе-теңдікке тек жоспарлы шығын ұлттық
өнімге теңескенде ғана қол жеткізуге болады деген пайымдаудан барып
Кейнсиандық модельдегі игілік рыногындағы тепе-теңдік жағдай анықталады.
Кейнстің есептеуінше бай елдерде адамдар өздерінің табыстарының барлық
қомақты бөлігін жинақтауға бейімдеу келеді, бірақ жинақтаудың барлығы
инвестицияға айналмайды. Алайда, барлық пайдалы жобалар жүзеге асырылып,
төмен табысты болып қалады. Демек, экономикалық өсуге орай мемлекет
инвестицияны ынталандыру керек.
Макроэкономикалық тепе-теңдік- бұл ұлттық экономиканың байлығы, оған
өзара байланыстылықтағы экономикалық процестің баланс беруі мен
пропорционалдығы тән.
Экономиканың қысқа мерзімдік тербелістерінің құру үшін, ең алдымен
оның классикалық үлгіден несімен ерекшеленетіндігін шешу керек.
Макроэкономистердің көпшілігінің ойы бойынша, экономика дамуының қысқа және
ұзақ мерзімдік кезеңдеріндегі сипаты, түпкілікті өзгешеліктері бағалардың
әр түрлі динамикасына байланысты болады. Ұзақ мерзімдік кезеңде бағалар
сұраныс пен ұсыныстың өзгеруіне әсер етеді. Ал қысқа мерзімдік кезеңде көп
тауарлардың бағалары белгілі бір деңгейде тұрақты болып табылады.
Бағалардың әр түрлі болуы экономика саясатының нәтижесі уақытқа байланысты
болатынын көрсетеді.
Қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік кезеңдердегі экономикалық дамудың
ерекшелігін анықтау үшін, ақша саясатындағы өзгерістер қалай өзгеретіндігін
қарастырайық. Мысалы: Ұлттық банк ақша ұсынысын 5% -ға қысқарды деп
ұйғарайық. Ұзақ мерзімдік кезеңді сипаттайтын классикалық үлгіге сәйкес,
ақша ұсынысының көлемі нақты нақты көрсеткіштерге емес, атаулы
көрсеткіштерге өз әсерін тигізеді. Бұндай көзқарас классикалық дихтомия
ретінде белгілі. Сондықтан ақаш ұсынысының ұзақ мерзімдік кезеңде 5% -ға
қысқаруына әкеледі, ал осы кезеңде еңбекақы, жұмыссыздық деңгейі және
өндіріс көлемі өзгеріссіз қалады. Қысқа мерзім кезеңдегі көп тауарлар
бағасы ақша саясатындағы өзгерістерге әсер етпейді.
Ақша ұсынысының азаюы фирмалардың төлейтін жалақысын төмендетуге,
дүкендердің сатып отырған тауарларға деген бағаларды қайта қарастыруға,
пошта арқылы сауда жасайтын фирмаларға-жаңа катологтар шығаруға, ал барлық
мейрамханалар үшін – жаңа меню жасауға деген мәжбүрлікті туғызбайды.
Керісінше, бағалардың көп түрлі мәнсіз өзгерістерге ұшырайды. Бұл бағаны
икемсіз деп атауға болады. Бағаның осындай болуынан ақша сұранысының қысқа
мерзімінде өзгеруінің нәтижесі ұзақ мерзімінен ерекше.
Экономикалық тербелістер үлгісі қысқа мерзімдегі бағаның икемсіз
болғанын ескеруі керек. Ақша ұсынысының өзгерісіне сәйкес бағалардың
өзгермейтіндігіне, классикалық дихтомия принциптерінің сақталмайтындығына
көз жеткіземіз.
Егер баға икемсіз болса, онда өнім көлемі классикалық үлгі анықтайтын
деңгейден ауытқуы мүмкін. Классикалық үлгіде өндірілген өнім саны еңбектің
және капиталдың жұмсалуына және қолда бар техника мен технологияларға
тәуелді. Бағаның икемсіз болуы шешуші рөл атқарады, классикалық үлгіде
бағаның өзгеруі сұраныс өлшемінің ұсыныс көлеміне деген тұрақты теңдікті
қамтамасыз етеді. Бірақ егер баға икемсіз болмаса, өндіріс көлемі тауарға
деген сұранысқа тәуелді. Сұраныс, өз кезегінде ақша-несие, салық-бюджет
саясаттарына және басқа да факторларға тәуелді. Сонымен, бағаның икемді
болмауы ақша және бюджет саясаттарын экономиканы тұрақтандыру үшін
пайдалануға негіз болады.
І Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстағы классикалық және кейнстік бағыттар
1.1 Макроэкономикалық тепе-теңдік : жиынтық сұраныс түсінігі мен қисығы
Жиынтық сұраныс дегеніміз- сатып алушының сұранысы, өндірілген өнім
саны мен бағаның жалпы деңгейінің арасындағы тәуелділік. Басқа сөзбен
айтқанда, жиынтық сұраныс қисығы әрбір берілген баға деңгейінде сатып
алатын тауарлар мен көрсетілген қызметтер санын көрсетеді. Біз жиынтық
сұраныстың сандық ақша теориясының базасында қарапайым теңдеу құра
аламыз.MV=PY мұнда М-ақша ұсынысы, V- ақша айналымының жылдамдығы; Р-баға
деңгейі;Y- өндірілген өнім және көрсететін қызмет саны. Ақша ұсынысының бұл
теңдеуі өндірістің атаулы көлемін анықтайды, ал ол өз кезегінде баға
деңгейіне және өндірілген өнім санына тәуелді. Сандық ақша теориясының
теңдеуі ақша қаражаттарының сұранысы мен ұсыныс көрсеткіштері түрінде нақты
көрсетілуі мүмкін. МР=(МР)d = kY Мұнда: к=1 V
Бұл теңдеу нақты ақша ұсынысы МР=(МР)d сұранысқа тең және сұраныс
өндірілген өнім Y санына пропорционалды екенін көрсетеді
1-сурет. Жиынтық сұраныс қисығы
Ақша ұсынысы тұрақты болғанымен Р баға деңгейі мен өндірілген өнім Y
саны арасындағы тәуелділік теріс екендігін сандық ақша теориясының
теңдеуінен көреміз (1-сурет). Р және Y әр түрлі мәндерінің байланысы
келтірілген, олар сандық теорияны белгілі бір тұрақты ақша ұсынысы теңдеуін
қанағаттандырады. Бұл қисық сұраныс қисығы деп аталады. Жиынтық сұраныс
қисығы төмен оңға қарай бағытталған. Әрбір берілген ақша ұсынысының
деңгейіне (PV) өнім шығару көлемінің белгілі бір мәні сейкес келеді. Егер Р
баға деңгейі көтерілсе, V өнім шығару көлемі қысқаруы керек. Р және V
арасындағы кері тәуелділік механизмін анықтау үшін, ақша ұсынысы және жалпы
шығарылған тауарлар мен қызметтер көлемінің арасындағы тәуелділікті
қарастыруға болады. Ақша айналымы жылдамдығы тұрақты болғандықтан,
шығарылған тауарлар мен қызметтердің ақшалай көлемі ақша ұсынысының
мөлшерімен анықталады. Баға деңгейі көтерілгенде тауар мен қызмет көрсету
көп мөлшерде ақша қажеттігі туындайды, сондықтан сатып алынатын тауарлар
мен қызметтер саны азаяды.
Ақша нарығындағы сұраныс мен ұсынысты талдау да осыны көрсетеді. Өндіріс
көлемі өскен сайын жасалатын мәмілелер саны да көбейеді, демек МР нақты
сипатында ақшаның көп қоры қажет. Тұрақты ақша ұсынысы кезінде ақша
қаражаттарының қоры нақты күйінде ең төменгі баға деңгейі қойылатын
жағдайда ғана өсуі мүмкін. Және керісінше, ең төменгі баға деңгейіне ақша
қаражаттарының көп қорлары сәйкес келеді, ақша көлемінің өсуі жалпы үлкен
сомаға мәмілелер жасауға көмектеседі, яғни өнім өндіру көлемін ұлғайтуға
көмектесі.
Жиынтық сұраныс қисығының қозғалуы- жиынтық сұраныс қисығының графигі
өнім көлемінің белгілі бір мәніне сәйкес келеді. Басқа сөзбен айтқанда,
бұл графикте белгіленген М мәніне сәйкес келетін Р және Y мүмкін болатын
үйлесулер жиыны да өзгереді, яғни жиынтық сұраныс қисығы қозғалады. Осындай
қозғалысты тудыратын кейбір жағдайларды анықтайық. Біріншіден, Ұлттық банк
ақша ұсынысын қысқартқанда не болатынын қарастырайық.(MV=PY) сандық
теориясының теңдеуі ақша ұсынысының қысқаруы өнім шығару көлемі құнының РY
нақты түрінде пропорционалды қысқаруына әкелетінін көрсетеді. Сондықтан да
әрбір баға деңгейіне сәйкес келетін өндірілген өнімнің саны азаяды, солға
қарай жылжиды (2-сурет)
2-сурет.Жиынтық сұраныс қисығы 3-сурет. Жиынтық сұраныс қисығы
солға қарай қозғалады
оңға қарай қозғалады
Енді Ұлттық банк ақша ұсынысын жоғарлатқан жағдайда не болатынын
қарастырайық. Сандық теория теңдеуіне сай РY жоғарлайды. Сондықтан
әрбір баға деңгейіне үлкен өнім шығару көлемі сай келеді, ал кез-келген
өндірілген өнім санына сәйкес неғұрлым жоғары баға деңгейі 3- суретте
көрсетілгендей, жиынтық сұраныс қисығы оңға қарай жылжиды.Ақша көлемінің
өзгеруі жиынтық сұраныс тербелісінің жалғыз себебі болмайды. Егер ақша
ұсынысы тұрақты болып қала берсе де, жиынтық сұраныс қисығы ақша
айналысының жылдамдығы өзгеруінен де жылжуы мүмкін. Ол туралы толығырақ
білу үшін, оның жылжуын тудыратын себептерді қарастырамыз.
1.2 Классикалық және кейнстік жиынтық ұсыныс
Жиынтық ұсыныс- бұл сатушылардың әр түрлі баға деңгейінде ұсынатын
тауарлар саны мен көрсетілген қызметтер мөлшерін көрсетеді. Бұл
қатынастың түрі біздің уақыт аралығының қай жерінде өз көңілімізді
аударатындығымызға тәуелді. Сондықтан жиынтық ұсыныс қисығының екі түрін
ажырата білу қажет: ұзақ мерзімдік және қысқа мерзімдік жиынтық
ұсыныстар.Ұзақ мерзімдік кезінде экономиканың функциясы классикалық
үлгімен сипатталады, жиынтық ұсыныс қисығы соның негізінде, өндірілген
өнімнің, көлемнің, еңбектің және классикалық теория бойынша тұрғызылады,
-өнім өндіру көлемі тек қана қолданылатын факторлар санына, яғни капиал
мен еңбекке, технологияға байланысты, ал баға деңгейінде байланысты емес;
- өндіріс факторы мен технологиядағы өзгерістер баяу болады;
- экономикадағы барлық өндіріс факторлары қолданылады, яғни өнім
шығару көлемі әлуетті өнім көлеміне тең;
- баға және атаулы еңбекақы икемді және олардың өзгеруі нарықтағы
теңдікті қамтамасыз етіп отырады.
Классикалық үлгі негізінде өнім шығару көлемі баға деңгейіне тәуелді
емес.Сондықтан 4-суретте көрсетілгендей жиынтық ұсыныс қисығы тік сызық
болып табылады.Жиынтық сұраныс қисығының жиынтық ұсыныстың тік қисығымен
қиылысу нүктесі баға деңгейін анықтайды.
Егер жиынтық ұсыныс тік болса, онда жиынтық сұранысының өзгерісі
бағаға әсер етеді, өндіріс көлеміне әсер етпейді. 5-суретте
көрсетілгендей жиынтық сұраныс қисығы төменге қарай ығысады. Экономикада
жиынтық сұраныс пен ұсыныс қисықтары қиылысуының ескі нүктесінің жаңа
нүктесінен ауысу жағдайы болады. Е1,Е2 нүктелеріндегі жиынтық ұсыныс
қисығы тік болғандықтан, жиынтық сұраныс қисығының жылжуы баға
деңгейінің өзгеруіне әкеледі.
4-сурет. Жиынтық ұсыныстың
ұзақ мерзімдік қисығы
5-сурет. Ұзақ мерзімдік кезеңдегі
жиынтық сұраныстың өзгеруі
Жиынтық ұсыныстың тік қисығы өндірілген өнім санының жиынтық ұсынысқа
тәуелді еместігін көрсететіндіктен, классикалық дихтомия талабын
қанағаттандырады, демек ақша ұсынысына да тәуелді емес. Өндірілген өнімнің
саны сәйкес түрде өндіріс деңгейі деп аталады. Егер жұмыспен толық
қамтылған жағдайындағы өндірілген өнім көлемі болса немесе шығарылған өнім
көлемі өндірісте жұмыссыздықтың табиғи деңгейі кезінде өндірілсе,онда бұл
экономика ресурстарының толық пайдаланылғаны кезіндегі өндіріс
деңгейі.Қысқа мерзімдік кезең: жиынтық ұсыныс қисығы көлденең түзумен
берілген Классикалық үлгі және жиынтық ұсыныстың тік қисығы тек ұзақ
мерзімдік талдауға ғана қолданылады. Қысқа мерзімдік кезеңде кейбір
тауарларға деген бағалар икемсіз болады және сондықтан олар сұраныстың
өзгеруіне бейімделмеген. Бағалардың икемсіз болуына байланысты қысқа
мерзімдік жиынтық ұсыныс қисығы тік түзу болмайды. Барлық фирмалар алдын
ала тауарға деген бағасымен каталогтар шығарады, демек жаңа каталогтар
шығару шығындары белгілі бір мөлшерде маңызды деп ұйғарайық. Сондықтан
барлық баға бұрынғы деңгейде қалады. Фирмалар белгілі баға деңгейі бойынша
өзінің өніміне деген сатып алушылардың сұранысын қанағаттандыруға тырысады.
Олар керекті өнім санын өндіру үшін керекті жұмысшыларды жалдайды. Бағалар
деңгейі өзгермейтіндіктен, оны 6- суретте графикте жиынтық ұсынысының
көлденең қисығымен суреттеуге болады.
6-сурет.Қысқа мерзімдік кезеңдегі жиынтық ұсыныс қисығы
Қысқа мерзімдік кезеңде жиынтық сұраныс қисығының және көлденең жиынтық
ұсыныс қисығының қиылысу нүктесі экономикалық тепе-теңдік нүктесі болып
табылады. Енді жиынтық сұраныс мөлшерінің өзгеруі өнім шығару көлеміне
әсер етеді. Мысалы, егер Ұлттық банк ақша ұсынысын азайтса, жиынтық сұраныс
қисығы 7-суретте көрсетілгендей, солға қарай жылжиды. Экономикада жиынтық
сұраныс пен жиынтық ұсыныс қисығының қиылысу нүктесінің ескі Е1 нүктесінен
жаңа Е2 нүктесіне ауысуы болады. Баға деңгейі өзгермейтіндіктен, жиынтық
сұраныстың өзгеруі өнім шығару көлемінің төмендеуін тудырады.
7-сурет. Қысқа мерзімдік кезеңде
жиынтық сұраныс қисығының ығысуы
Табыс, өнім шығару
8-сурет. Ұзақ мерзімдік тепе-теңдік
Қысқа мерзімдік кезеңде жиынтық ұсыныстың қысқаруы кезінде өндіріс көлемі
қысқаруының себебі бағаның жаңа жағдайларға сай келмеуінде. Жиынтық
сұраныстың құлдырауынан фирмалар баға өте жоғары болса да, оларды тұрақты
қалдыруға тырысады. Өнім тарату көлемі қысқаруының есесінен фирмалар өнім
шығаруды және толық жұмыспен қамтамасыз етуді қысқартуға мәжбүр
болады.Қысқа мерзімдік тербелістерден ұзақ мерзімдік кезеңге дейін
талдау.Ұзақ мерзімдік кезеңде баға икемді, жиынтық ұсыныс қисығы тік және
жиынтық сұраныс өзгерісі тек қана баға деңгейіне әсер етеді. Сөйтіп жиынтық
сұраныс өзгерісі уақыттың әр кезеңінде бірдей емес. Жиынтық сұраныс
қысқаруының міндетті және ұзақ мерзімді қорытындыларын бақылайық. 8-суретте
көрсетілгендей, экономиканы талдаудың алғашқы кезеңінде ұзақ мерзімдік тепе-
теңдік қалыптасты делік. Осы суретте үш қисық келтірілген: жиынтық сұраныс
қисығы, жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімдік қисығы және қысқа мерзімдік
жиынтық ұсыныс қисығы. Ұзақ мерзімдік кезеңде тепе-теңдік жиынтық
сұраныстың ұзақ мерзімдік жиынтық ұсыныспен қиылысу нүктесінде өзгереді.
Сондықтан, экономика ұзақ мерзімдік тепе-теңдік жағдайда орналасқанда,
қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс қисығы да 9- суретте көрсетілгендей осы
нүкте арқылы өтуі керек.
Енді, Ұлттық банк ақша ұсынысын азайтады және жиынтық сұраныс қисығы
солға қарай жылжиды деп ұйғарайық. Қысқа мерзімдік кезеңде бұл А нүктесінен
В нүктесіне ауысуға алып келеді. Өнім шығару көлемі және толық жұмыспен
қамтамасыз етілуі өздерінің табиғи деңгейінен төмендейді, бұл рецессияның
туындағанын көрсетеді. Одан кейін сұраныстың құлдырауына жауап ретінде
еңбекақы мен баға төмендейді. Баға деңгейінің ақырындап төмендеуінен
экономика да жиынтық ұсыныс қисығы бойымен С нүктесіне дейін, ұзақ
мерзімдік тепе –теңдіктің жаңа нүктесіне дейін төмендейді.
9-сурет. Жиынтық сұраныстың қысқаруы
Ұзақ мерзімдік тепе-теңдіктің жаңа нүктесінде (С) өнім шығару көлемі
және жұмыспен толық қамтамасыз етілуі өзінің табиғи деңгейіне қайтадан
келеді, бірақ бұл нүктеге бұрынғы ескі ұзақ мерзімдік тепе-теңдіктің
нүктесіне қарағанда (А нүктесі) бағаның ең төменгі деңгейі сейкес келеді.

табыстар мен шығындар теориясы
Тауарлар және игіліктер нпарығындағы тепе-теңдік жағдайын сипаттаудың
екі түрлі әдісі бар. Бірінші кейде ол макроэкономикада неоклассикалық
көзқарас деп аталады-баға нарықтарындағы тепе-теңдік жағдайға әкелетін
құрал деп жорамалданады. Мұнда баға деп тауарлар мен игіліктер
деңгейлерінің ақшалай бірлікте көрсетілуі ғана емес, сонымен қатар пайыздық
мөлшерлеме, нақты еңбекақы қарастырылады, осындай жағдайда нақты және ақша
секторы бір-біріне ықпалын тигізбейді. Екінші-белгілі-бір уақыт аралығында
кейбір бағалар өзгеруге бейім емес, мұндай жағдайда тепе-теңдік
жұмысбастылық көлемі есебінен және ЖІӨ көлемінен мүмкін болады. Бұл осы
көзқарасты сынаған Дж. Кейнс атымен кейнстік көзқарас деп аталады. Екінші
көзқарасты жақтаушылар пайымдаудың басқа жолын ұсынады. Оларға кейбір баға
аз өзгермелі дегенге жол берледі. Бұл жағдайда тепе-теңдік айырбасталатын
көлем-тауарлар мен қызмет көрсету (ЖҰӨ) және жұмысбастылық көлемі есебінен
орнайды. Бұл көзқарастар түбегейлі әр түрлі қорытындыларға әкелуіне
қарамастан, олар бір негізін қалаушы үлгіге негізделеді. Соңғысын талдаудың
екі графикалық құралдарымен синтездеуге болады:тауар нарығы мен ақша
нарығының өзара әрекеттесуін көрсететін IS-LM үлгісі, еңбек нарығы және
тауарлар мен қызмет көрсетуді өндіретін және оларды тауар нарығында
сататын фирма іс-әрекетін сипаттайтын сұраныс-ұсыныс үлгісімен. Алдымен кең
анықталған тауар нарығын қарастырайық, яғни тауарларды ғана емес, сонымен
қатар қызмет көрсетуді де қамтитын нарықты қарастырайық. Талдаудың басты
нүктесі- тұтыну және инвестициялық игіліктерге сұранысты білдіретін үй
шаруашылықтары. Бұл бөлімде басты назар қысқа мерзімді кезеңге
аударылады.Жабық экономикада соңғы шығындардың саны ретінде алынатын ЖІӨ
жеке тұтынуға, жеке инвестицияға және мемлекеттік сатып алуға бөлуге
болады. Бірінші кезеңде бұл мынаны білдіреді.
Y1 = C1 + I1 +G1
1- ші кезеңдегі тұтыну және инвестициялардың функциялары мынандай:
G1 = С (Ω, Yd ) (тұтыну функциясы)
I1 = I (r1 ) (инвестиция функциясы)
G1 = G (мемлекеттік сатып алулар)
Т1 =Т (таза салықтар)
Тұтыну (С) жеке байлықтан (Ω) және қолдағы табыстан Yd =Y−Т оң
тәуелділікке. Нақты пайыздық мөлшерлеменің тұтынуға ықпалы тұрақты оң
немесе теріс болмағандықтан, мұнда тек жанама ықпалы қарастырылады: пайыз
мөлшерлемесінің өсуі үй шаруашылығының байлығын, соның әсерінен оның
тұтынуын да азайтады. Инвестицияны қарапайымдандыру мақсатымен-инвестиция
функциясы пайыздық мөлшерлемеден ғана тәуелді деп қарастырылады: нақты
пайыздық мөлшерлемені үлкейту капиталдың баламалы құны есебінен инвестиция
тартымдылығын азайтады. (1) теңдеу- тауар нарығындағы тепе-теңдіктің шарты.
Сол жағы шығарылатын ұсынысты көрсетеді, ал оң жағы-оның сұранысының
сипаттамасы болып табылады. Ұсыныс экономикасының өндіргіш күштерімен, яғни
капитал қорларымен, жұмысшылардың біліктілігімен және техникалық даму
деңгейімен анықталады.
Тауарларға және қызмет көрсетулерге сұраныстың талдауын ұсынысты
қарастыру арқылы толықтырайық. Өндіріс факторлары және өндіріс функциясы
өнім шығару көлемін анықтайды:
Енді өндірілген өнімге сұранысты және ұсынысты сипаттайтын осы
теңдеулерді біріктірейік. Егер біз ұлттық шоттар теңдеуіне тұтыну функциясы
мен инвестициялық функцияның оң жағын қойсақ, онда мынаны аламыз:
Y=C(Y-T)+I(r)+G
G және Т айнымалылардың мәндері экономикалық саясатта берілетін
болғандықтан, а өндіріс деңгейі берілген өндіріс факторларының қоры мен
өзгермес өндіріс функциясы жағдайында тұрақты болғандықтан, былай жаза
аламыз:
Бұл теңдеу өнім ұсынысы өнім сұранысына, ал ол өз кезегінде тұтыну,
инвестиция және мемлекеттік сатып алулар сомасына тең екендігін
көрсетеді.Пайыз мөлшерлемесі r маңызды рөл атқарады, ол тауарға сұраныстың
оның ұсынысына теңдігіне кепіл бере алатындай өзгеруі керек. Пайыз
мөлшерлемесі жоғарлаған сайын, инвестиция көлемі азаяды, демек тауарға
сұраныс және ұсыныс та азаяды. С+І+G. Егер пайыз мөлшерлемесі жоғары болса,
инвестициялар өте төмен және тауарға сұраныс ұсыныстан төмен болады. Пайыз
мөлшерлемесі төмен болса, инвестициялар жоғары және тауарға сұраныс
ұсыныстан асып кетеді. Пайыз мөлшерлемесінің тепе-теңдік жағдайында
тауарларға және қызмет көрсетуге сұраныс олардың ұсынысына
теңеледі.Классикалық экономика теориясы екі негізгі жобаға негізделеді.
Біріншіден, ресурстардың толық жұмсалуымен өндірілген өнімді сатып алу үшін
жиынтық шығын деңгейі Y=C+I+G+Xn (яғни AD≠AS жағдай болуы мүмкін
еместігіне сенімділік білдіреді). Екіншіден, егер де осы жағдай болса да,
онда еңбекақы, баға және нарықтық пайыз мөлшерлемесі тез өзгереді және
жиынтық сұраныстың төмендеуінен кейін, жағдайды тұрақтандыратын тез және
болымсыз өндірістің құлдырауы болады. Ақша нарығы әрқашан инвестициялар мен
қор жинақтарының теңдігіне, яғни ресурстардың толық қамтылуына кепілдік
береді. Тек табиғи деңгейдегі ерікті жұмыссыздық болуы мүмкін. Бұл AD
және AS тепе-теңдік нүктесінде, өндіріс көлемі Y мен әлуетті Y* теңдігін
білдіреді.
Кейнстік экономикалық теория бұл өзін-өзі реттеу механизмінің болуын
сынайды. Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі ресурстардың толық қамтылуымен
әдетте, сәйкес келмейді: А нүктесінде AD= AS теңдігі орнайды, бірақ тепе-
теңдік өндіріс көлемі Y0 Y* .
Y0 Y*
10-сурет
Бұл сәйкес келмеушіліктің себептерінің бірі -әр түрлі мотивтермен, әр
түрлі экономикалық агенттермен іске асырылатын инвестиция және қор жинағы
жоспарының сәйкес келмеуі.
Кейнс теориясына сәйкес экономиканың тепе –теңдігін қалыптастыратын
негізгі фактор пайыз мөлшерлемесі емес, үй шаруашылықтарының қолда бар
табыс көлемі тұтыну және қор жинау динамикасын анықтайтын басты фактор
болып табылады.Сонымен қатар барлық тұтыну шығындарын жасағаннан кейін
қалған табыс бөлігі сақталып, жиналады. Пайыз мөлшерлемесінің екінші әсері
табыстың тұтынуға және қор жинауға әсеріне қатысты салыстырмалы шағын рөл
атқарады. Солай бола тұра инвестициялар динамикасы ең алдымен пайыз
мөлшерлемесінің динамикасымен анықталады. Бұл тұтыну, қор жинағы және
инвестициялар функцияларында бейнеленеді.
C=a+b(Y-T)
С-тұтыну шығыны
а- автономды тұтыну
в-тұтынудың шекті бейімділігі
Y-салықтар аударымдар
(Y-T)- қолда бар табыс(Yd DI)
МРС- тұтынудың шекті нормасы
ΔС- тұтыну шығындарының өсімшесі
ΔYd – қолда бар табыстың өсімшесі
АРС- тұтынудың орташа бейімділігі
С-тұтыну шығындарының көлемі.
Yd – қолда бар табыс көлемі.
Қор жинағының
қарапайым функциясы:
S=-a+(l-b)(Y-T)
S- жеке меншік сектордағы қор жинағы.
(l –b)-тұтынудың шекті бейімділігі функциясы.
МРС-қор жинағының шекті бейімділігі
ΔS- қор жинағының өсімшесі
АРС- қор жинағының орташа бейімділігі
S- қор жинағының көлемі.
Yd-қолда бар табыс.
I=e- dk
I- автономды инвестиция шығындары.
e- сыртқы экономикалық факторлар арқылы анықталатын автономды
инвестициялар.
k- нақты пайыз мөлшерлемесі.
d- эмперикалық коэффициент.
Жиынтық табыстың артуымен автономды инвестициялар көлемі ЖҰӨ өсуі барсында
өсетін ынталандыру толықтырылады.
Инвестициялардың шекті бейімділігі:
I- инвестициялар өзгерісі.
Y-табыс өзгерісі
Үнемділік оғаштығы (парадоксы). AD-AS үлесінің кейнс кресімен байланысы
Үнемділік оғаштығы- қоғамның көбірек үнемдеуге ұмтылуынан азырақ көлемде
қор жиналуы. Егер қор жинау өсімі инвестициялар өсімен бірге жүрмесе, онда
үй шаруашылықтарының кез келген көбірек үнемдеу ұмтылысы мультипликация
әсерімен шарттандырылған тепе-теңдік ЖҰӨ-ң төмендеуіне байланысты пайдасыз
болып қалады. Экономика А нүктесінен басталады. Құлдырауды болжауда үй
шаруашылықтары көбірек қор жинауға ұмтылады: қор жинау графигі S- тан S'-қа
ауысады, ал инвестициялар сол деңгейде І қалады. Нәтижесінде тұтыну
шығындары салыстырмалы төмендейді, бұл мультипликатор әсерін және жиынтық
табыс Y0-дан Y1 -ге дейін құлдырауын тудырады. Өйткені жиынтық табыс Ү
төмендейді, онда қор жинау В нүктесінде А нүктесіндегідей болып қалады.
11-сурет.
Егер қор жинағының S- тан S'-қа дейін өсуімен бір уақытта
инвестициялар І-дан І'-ға дейін өссе, онда өнімнің тепе-теңдік деңгейі Y0-
ге тең болып қала береді және өндірістің құлдырауы пайда болмайды, бұл
экономикалық өсуге қолайлы жағдай тудырады, бірақ халықтың ағымдағы
тұтынуын салыстырмалы шектеуі мүмкін. Баламалы таңдау пайда болады: не
ағымдағы тұтынуды салыстырмалы шектеу жағдайындағы болашақтағы экономикалық
өсу, не тұтынудағы шектеулерден бас тартып, ұзақ мерзімді экономикалық өсу
жағдайларын жақсарту. Қор жинағының өсуі ресурстардың толық жұмсалуына
жақын жағдайларда экономикаға антиинфляциялық әсерін тигізуі мүмкін:
тұтынудың құлдырауы және алда болатын жиынтық шығындардың, жұмысбастылықтың
және өнім көлемінің қысқаруы сұраныс инфляциясының қысымын шектейді-жиынтық
сұраныс AD-дан AD1 –ге дейін төмендейді, бұл өндірістің құлдырауымен, Y1
-ден Y2
-ге дейін және баға деңгейінің Р1 –ден Р2 –ге дейін төмендеуімен қатар
жүреді.
12-сурет.
Кейнс кресі үлгісі баға деңгейінің Р өзгерісі үрдісін бейнелеуге мүмкіндік
бермейді, себебі орнатылған бағаны болжайды. Кейнс кресі AD-AS үлгісін
макроэкономикалық талдау мақсатына пайдаланылады және инфляция деңгейінің
өсуімен немесе төмендеуімен байланысты макроэкономикалық саясаттың ұзақ
мерзімді салдарын зерттеу үшін пайдаланылады.
Тұрақтандыру саясаты: Жиынтық сұраныстың күрт өзгеруі, жиынтық ұсыныстың
күрт өзгеруі. Стагфляция (құлдыраушылық), сілкініс (шок)
Экономикадағы тербелістер жиынтық ұсыныстың немесе жиынтық сұраныстың
өзгеруінен басталады. Экономистер ішкі әсер нәтижесінде болатын жиынтық
сұраныс және жиынтық ұсыныс қисықтарының қозғалысын экономикалық сілкініс
немесе талықсытпа (шок) деп атайды. Сілкіністің экономикаға әсері өндіріс
көлемінің және жұмыспен толық қамтамасыздандырылудың табиғи деңгейі
ауытқуынан көрінеді. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс үлгі осындай шок
әсерінен экономикалық тербелістердің пайда болу механизмін анықтайды.
Сонымен қатар үлгі шоктың бейтараптануына және экономиканың тербелістерін
жоюға бағытталған макроэкономика саясатының нәтижесін бағалау үшін
қолданылады. Тұрақтандыру саясаты дегеніміз өндіріс көлемін және жұмыспен
толық қамтамасыз етуді табиғи деңгейінде ұстап тұруға бағытталған
мемлекеттік саясат. Ақша ұсынысы жиынтық сұранысқа айтарлықтай әсер
ететіндіктен, несие саясаты тұрақтандыру саясатының маңызды құраушы болып
табылады.Банктер шотынан ақша беруге арналған автоматтарды ойлап табу қолма-
қол ақшаны алуды жеңілдетті, яғни халықтың ақша қорына деген сұранысын
төмендетті. Мысалы, автоматты ендіргенге дейін адам орташа алғанда жетісіне
бір рет банкке барып 100 долл алады және оны бір апта бойы ұстайды деп
жорамалдайды. Бұл жағдайда қолдағы ақшаның орташа мөлшері 50 долл.
Автоматтар пайда болғаннан кейін адам банкке аптасына екі рет барып 50
долл. алады. Енді қолдағы ақшаның орташа мөлшері 25 долл. Демек, осы
жағдайда ақша қорына деген сұраныс 2 есе. Осы ақша қорына деген сұраныстың
азаюы ақша айналымы жылдамдығының өсуіне сай: МР=кY Мұнда к=1V
Нақты өрнектелуде ақша қорының азаюы өнім шығару көлемінде төмендеуін
және жоғарлауын туғызады. Ақша автоматтарын ендіргеннен бастап адамдар
қолда ақшаны аз ұстайды, ал одан ақша айналымы жылдамдайды. Сөйтіп, адамдар
банктік автоматтардан қолма-қол ақшаны жиі алатындықтан, ақша алу мен оны
жұмсау арасында аз уақыт өтеді. Яғни, ақша айналысының жылдамдығы
өседі.Егер ақша көлемі өзгеріссіз қалса, онда ақша айналысы жылдамдығының
өсуі нәтижесінде жиынтық сұраныс қисығы 13-суретте көрсетілгендей оңға
қарай жылжиды.
13-сурет. Жиынтық сұраныстың өсуі
Қысқа мерзімдік кезеңде жиынтық сұраныстың өсуі көлемінің өсуін туғызады,
яғни экономикалық өсу. Фирмалар өнімін ескі бағамен көбірек сатады.
Сондықтан олар көп мөлшерде жұмысшыларды жалдайды, жұмыс сағатын көбейтеді
және кәсіпорындар мен құрал-жабдқтар көбірек қарқынмен пайдаланылады. Біраз
уақыт өткеннен кейін жиынтық сұраныстың жоғары деңгейі баға мен жалақының
көбеюіне әкеледі. Баға өскен сайын тауарларға деген сұраныс азаяды, ал өнім
шығару деңгейі біртіңдеп табиғи деңгейге жақындайды. Бірақ неғұрлым
тауарлар мен қызметтер көлемі жоғарлаған сайын өндірілетін өнім көлемі
табиғи деңгейден төмен болады. Бұл өсуді бейтараптандыру үшін, ақша
айналысының жылдамдығы және өндірісті ұстап тұру үшін, ақша айналысының
жылдамдығын кемшіліктерін бейтараптандыру үшін Ұлттық банк ақша ұсынысын
азайта алады. Бұл жиынтық ұсынысты тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Ұлттық
банк сұраныс жағынан өнім көлеміне және толық жұмыспен қамтамасыз етілуге
болатын сілкіністердің әсерін ақша ұсынысына қатаң бақылау жасау арқылы жою
және қысқарту мүмкіндігіне ие.
Жиынтық сұраныс болатын сілкіністер- экономикалық тербелістердің
жалғыз қайнар көзі емес. Олардың тағы бір себебі жиынтық ұсыныс жағынан
болатын сілкіністер. Ұсыныс жағынан болатын сілкіністер- бұл тауарлар
өндірісін тоқтату салдарынан фирмалардың бағаны орнатуын қозғайтын
экономикалық жағдайлардың күрт өзгеруі. Ұсыныс жағынан болатын сілкіністер
баға деңгейіне тікелей әсер ететіндіктен, кейде оларды баға сілкіністері
деп атайды.Баға сілкінестерінің бірнеше мысалдарын келтірейік:
-өнімді жоятын құрғақшылықтар- азық- түлікке деген ұсыныстың күрт
төмендеуі олраға деген бағаның өсуін туғызады.
-Қоршаған ортаны қорғау бойынша жаңа заң фирмалардан зиянды заттардың
қалдықтарын қысқартуды талап етеді- фирмалар бағаны жоғарылату арқылы
өндірістің қосымша шығындарын тұтынушыларға жүктейді.
-Кәсіподақ күресі- шығарылатын тауарларға деген бағаны және
еңбекақының жоғарылауына әкеліп соқтырады.
-Халықаралық мұнай картельдерінің ұйымы- негізгі мұнай өндірушілерге
мұнайға деген әлемдік бағаны көтеруге мүмкіндік беретін бәсекелестіктің
шектелуі.
Осы мысалдардың барлығы өндіріс шығындарының және бағаның күрт өсуіне
әкелетін ұсыныстың қолайсыз сілкіністердің санатына жатады. Ұсыныс жағынан
болатын қолайлы сілкіністер өндірістік, шығындардың азаюына және бағалардың
төменденуіне әкеледі. 14- суретте қолайсыз ұсыныс өзгерісінің салдары
бейнеленген.
14-сурет Ұсыныс жағынан болатын қолайсыз сілкіністер
Қысқа мерзімдік ұсыныс қисығы жоғарыға қарай жылжижы. (ұсыныс жағынан
туындайтын сілкіністер өнім шығарудың табиғи деңгейінің төмендеуін туғызуы
мүмкін және соның нәтижесінде жиынтық ұсыныс қисығы солға қарай ығысуы
мүмкін, бірақ біз одан бас тартамыз. ) Егер жиынтық сұраныс тұрақты болып
қалса А нүктесінен В нүктесіне ауысу болады:баға деңгейі өседі, ал өнім
шығару деңгейі табиғи деңгейінен құлдырайды. Мұндай жағдай құлдыраушылық
деп аталады, себебі мұндай тұралау инфляциямен әрекеттеседі.
ІІ Ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік
1. Ақша нарығындағы ақша ұсынысы және ақша мультипликаторы
Ақша дегеніміз- тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның
эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни
ақша- тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп
шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі- барлық тауарларға ортақ балама
рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы
мәнін К.Маркс жеке адам өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын
да өзінің қалтасына салып жүреді деген афоризммен сипатталады. Ол мынадан
айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің
нәтижесінде екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның айырбасында делдалдық
етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі
жүргізіледі. Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірістегі
үлесін де ақша арқылы анықтауға да болады. Себебі адам қоғамдық еңбектегі
үлесін жалақы ретінде алғанда, ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.
Үшіншіден, айырбас үрдісінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі
қайшылықтары да шешіледі.
Тауарлар дүниесінің тауар ақша болып екіге бөлінуі оның тұтыну құны мен
құнының, яғни тауардың ішкі қарама-қарсы жақтарының қайшылығын шешуге жол
салады. Өйткені, егерде тауар сатылса, оның тұтыну құнының біреудің қажетін
өтеуге керек болғандығы. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан оның құнының
бар екендігі дәлелденгені. Сатылған құн енді ақша түрінде тауар өндірушінің
қолына түседі. Сөйтіп, тауар өндірушіге түскен ақшаның мөлшеріне қарай өз
өндірісіне басқа кез келген қажетті тұтыну құнын алуға мүмкіндік туады.
Ақша айналысының заңы- құн заңының айналыс аясындағы көрінісі. Ол тауар-
ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формаларға тән. Айналыстағы
ақшаның саны К.Марк ашқан ақша айналысы заңымен реттеледі. Тауар айналысына
қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері екі факторға: біріншіден, бір
кезеңде, айталық бір жылда сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысына,
екіншіден ақша айналысының жылдамдығына байланысты өзгереді. Ақша айналысы
заңы мына формуламен өрнектеледі: М=P·YV; Ақша айналысы заңының мәні-
ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға
тиіс тауарлар бағасының көбейтіндісін бір аттас ақша өлшемінің айналым
санына бөлгенге теңесуі керек. Айналысқа қажетті ақша мөлшері өндірістің
даму жағдайына әсер ететін көптеген факторларға: айналыстағы тауар
мөлшеріне, тауарлар мен қызмет бағасының деңгейіне және т.б. байланысты
өзгертеді. Айналысқа қажетті ақша мөлшері ақша айналысының жылдамдығына
кері пропорционалды өзгертеді. Ал ақша айналысына әсер ететін жағдайлар
мыналар:
-несиенің даму деңгейі, егер тауардың көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа
сонша мөлшерде кем ақша қажет;
-қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;
-ақша айналысы санының өсуі.
Айналысқа ақша екі түрде шығарылады, эмиссияланады: қолма-қол ақша,
яғни айналымдағы банкноттар және ұсақ тиындар; банктік айналымдағы ақша
түрі, яғни банктегі шоттарға жазылған сома. Екі деңгейлі банк жүйесінде
ақшаның бірінші түрін, яғни қолма-қол ақшаны монополиялы құқықпен орталық
банк эмиссиялайды да, қолма-қол емес ақша белгілерін коммерциялық банктер
жүйесі шығарады. Егер банк клиенті- шоттағы ақшаның иесі өз қаражатын қолма-
қол ақша түрінде алса, онда банктік айналымдағы ақша белгілері нақты
қолма-қол банкротқа айналады. Керісінше, клиенттің шотқа жазу арқылы
банкке ақша сомасын салуы қолма-қол ақшаның банктік айналымдағы ақша түріне
айналуын көрсетеді.Елдегі ақшаның санын мемлекет орталық банк арқылы
бақылайды. Мемлекеттегі ақша массасын өлшеу үшін ақша агрегаттары
пайдаланады. Өтімділігі бойынша ақша агерегаттары М1,М2,М3,L деген
түрлеріне бөлеміз. М1-бұл банк жүйесінен тыс қолма-қол ақшалар, талап етуге
дейінгі депозиттер, жол чектері басқа да чектік депозиттер. М2-бұл
М1+чектік емес жинақ депозиттер, 100 000$ дейінгі жедел салымдар, қайта
сатып алу туралы 1 күндік келісімдер М3-бұл М2+100 000$ -дан асатын жедел
салмдар қайта сатып алу туралы жедел келісімдер депозиттік сертификаттар. L-
М3+қазынашылық жинақ облигациялар қысқа мерзімді мемлекеттік міндеттемелер
комерциялық бағалы қағаздар және т.б. Ақша жиыны нақты әр мемлекеттің өзіне
тән ақша-несие жүйесімен анықталады. Қазақстан Республикасының ақша
жиынының құрылымы төмендегі ақша агрегаттары кіреді: М1-айналыстағы қолма-
қол ақша; М2-құрамына М1 агерегатын және шаруашылық субъектілерінің
есепшоттары мен басқа депозиттерінің, заңды тұлғалардың күрделі қаржландыру
шотының ұзақ мерзімді несиелеу және қаржыландыру қорлары шотының, чектік
және аккредитивтік шоттардың, қоғамдық және басқа үкіметтік емес ұйымдар
шоттарының қалдығын және халық пен заңды тұлғалардың талап етіп алатын
салымдарын біріктіреді. Ақша агерегаттарының құрылымы тұрақты қалыпта
болмайды. Ол ақша нарығы құралдарының дамуына байланысты өзгереді. Ақша
жиыны бірнеше жолмен өсуі мүмкін:
-банкроттар мен тиындарды эмиссиялау есебінен;
-Орталық банктен коммерциялық банктердің несие алуымен;
-мемлекеттік бюджеттің кемшілігін жабу үшін Орталық банктің үкіметке несие
беруімен;
-Орталық банктің асыл металдарды, шетел валютасын және мемлекеттік бағалы
қағаздарды сатып алумен;
-Чек шығарумен немесе коммерциялық банктердің салым тарту негізінде қарыз
берумен.
Басқа да нарық секілді, ақша нарығында да ақшаға сұраныс пен ұсыныс
болады. Ұсыныс- ақша жиынының айналымы, яғни берілген мезетте мемлекеттегі
төлем құралы айналымының жиынтығы.
Орталық банктің ақша айналысын басқаруы
Ұлттық банк- заңды төлем құралын, яғни банкноттарды шығаруға
эмиссиялық құқығы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар ұлттық банктің
эмиссиялауымен шығарылады және банктерге сатып, қолма- қол емес балама алу
түрінде болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz