ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ МЕН КӨРСЕТКІШТЕРІ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ МЕН КӨРСЕТКІШТЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6-17
1.1 Дүниежүзілік сауда және оның негізгі көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... .6
1.2 Қазіргі жағдайлардағы сыртқы сауда саясатының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3 Сыртқы сауданының көп тарапты реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СЫРТҚЫ САУДАНЫҢ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18-30
2.1 Экспорттық саясаттағы сыртқы сауданың ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.2 Қазақстан Республикасының таяу шетелмен сыртқы саудалық
қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ...22
2.3 Қазақстан Республикасының алыс шетелмен сыртқы саудалық қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 2

қосымша

КІРІСПЕ

Елдер мен халықтар арасындағы сауданың дамуы мен ролінің жоғарылауы, теориялық түсіндірілуі мен болу себебінің негізделуі халықаралық айырбастаудың пайда болуынан едәуір кейін қалыптаса бастады. Бұған ішкі феодалдық бытыраңқылықты жеңу, елдер арасында жеткілікті тұрақты сауда байланысының қалыптасуы жол салды.
Халықаралық сауда теориясы оның пайда болуының себептері мен шарттарын түсіндіреді. Сыртқы сауданы елдегі алтын мен бағалы бұйымдар қорын жоғарылату мәселесінен шығаратын, ұсақ пайдакүнемшілердің ертеректегі бағыттарынан өзге, барлық негізгі концепциялар елдер арасындағы сауда себептерін экономикалық ерекшеліктер мен еңбектің халықаралық бөлінуінің тиімділіктерінен көреді. А.Смит пен Д.Рикардо, еңбек пен өндіріс шығындарының айырмашылықтарымен байланысты елдердің абсолюттік және салыстырмалы артықшылықтары туралы ережені негіздеді және тұжырымдады.
Халықаралық экономикалық қатынастардың қазіргі сатысында сыртқы сауда нақты және ұдайы өндірістік процестің, халықтың қажетсінуін қанағаттандырудың және әртүрлі шаруашылық қызметінің ең елеулі факторы болады. “Аль ПАРИ” журналының талдама мәліметтері бойынша, 2002 ж. тауарлар мен қызмет көрсетудің халықаралық саудасы 10,6 трлн. долл. межесінен асты, ал оның жыл сайынғы өсу қарқыны, өндірістің өсуінен едәуір оза отырып (2-2,5 %), 6-8 % артты. Тауарлар мен қызмет көрсетудің сыртқы саудалық айырбасталуы, қазіргі кезде дүниежүзілік елдердің қосынды ЖІӨ қатынасы бойынша 13 жоғары – 27 трлн. долл. аса 31, c. 18.
Осылай, әрбір алтыншы тауар немесе көрсетілетін қызмет тұтынушыға дүниежүзілік сауда арқылы жетеді. Қазіргі кезде сыртқы саудасыз, онсызда айқын, шағын елдер халықтарының әртүрлі күнделікті қажетсінулерін қанағаттандыру ғана емес, сонымен қатар импорттық тұтынушы тауарлардың үлесі халықпен сатылып алынатын барлық көлемнің орташа есеппен 12 –20 % жететін орта және үлкен елдердіңде (АҚШ, Қытай, Үндістан, Ресей және т.б.) күнделікті қажетсінуін қанағаттандыру мүмкін емес.
Одан өзге, қазіргі халықаралық сауданың басқада жаңа ерекшеліктері бар: қызметтерді айырбастау жоғарылауда, және олардың үлесі қазіргі кезде дүниежүзілік экспорттың үш бөлігін дерлік құрайды (1,5 трлн долл. жуық), және оның негізгі бөлігі жаңа түрлерге келеді – инжинирингке, консалтингке, лизингке, ақпараттыққа және басқаларына. Халықаралық айырбастаудың тауарлық құрылымында дайын өнімнің үлесі күрт жоғарылады – 23 жуық, оның ішінде кооперациялық сипатты жеткізілімдер (торабтар, бөлшектер, агрегаттар) – жартысынан көбі. Бұл халықаралық өндірістік және ғылыми – техникалық мамандандырылудың маңызының артқанын көрсетеді. Сондықтанда, халықаралық рыноктың ұдайы кеңеюінің тұрақты алғы шартын құрайтын, халықаралық кооперациялық айырбастаудың басым бөлігі келетін, Ұлт аралық корпорация (ҰАҚ) шеңберіндегі ХЭҚ (халықаралық экономикалық қатынастағы) фирманың ішкі ынтымақтастығының принципті басқаша ролі кездейсоқтық емес. Сонымен бірге, бұл дүниежүзілік шаруашылық қатынасының интеграциялық типінің дамуының нақты факторы. Осының барлығы халықаралық сауданың географиялық, елдік құрылымында ілгерілеуді алдын – ала анықтайды: онда ауырлық орталығы экономикалық дамыған елдер мен елдердің топтары арасындағы өзара қатынастарға ауысады (дүниежүзілік тауар айналымының 60 – 70%).
Қазіргі ХЭҚ сандық және сапалық сипаттамалары, халықаралық сауданың артықшылығын алдын – ала анықтай отырып, ұлттық экономиканың өзара байланысы мен өзара тәуелділігінің күшейгенін, сыртқы экономикалық өсу маңызының жоғарылауын көрсетеді, бұл осы процестегі Қазақстанның халықаралық саудасы мен алатын орынының дамуын талдауға арналған осы жұмыстың тақырыбының көкейтестілігімен шартталады.
Берілген тақырыптың көкейтестілігі ғаламдану жағдайында, Қазақстан Республикасында ашық типті нарықтық экономиканың қалыптасу жағдайында, елдің еңбектің халықаралық бөлінуіне белсенді тартылуын болжаумен қорытындыланады. Халықаралық саудадағы негізгі шешімдер, орнықтырылатын ережелер, қазіргі кезде дүниежүзінің көптеген мемлекеттерімен Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДСҰ) шеңберінде қабылданады.
Қазақстан Республикасы ДСҰ кіру туралы ресми тапсырысты 1996 жылы берді және осы уақыттан бері келіссөз процесін жүргізуде. Дегенмен, осы кезге дейін халық шаруашылығындағы пайда мен ысырап балансы туралы мәселе ашық қалуда, әсіресе Дүниежүзілік Сауда Ұйымына елдің қатысуының бірінші жылдары. Осындай есептеулердегі сандық және сапалық бағалаудың болмауының салдарынан жалпы пікірталаста, пікірлердің полярлығын тудыратын, сезімдік аргументтер басымдық танытады. Одан өзге, алынатын тиімділікті бағаламайынша ДСҰ мүшелігіне дайындалу үшін қажетті нақты шараларды жоспарлауда қиын.
Бұл жұмыстың зерттеу объектісі болып біздің республикамыздың сыртқы саудасы және Қазақстанның ДСҰ кіруінің көкейтесті мәселелерінің контексіндегі дүниежүзілік сауда табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – біздің республикамыздың Сыртқы – сауда ұйымына кіру мәселесін зерттеу болып табылады.
Қойылған мақсатқа байланысты зерттеу келесідей бағыттарда жүргізіледі:
ҚР сыртқы сауда қатынастарына сипаттама беру,
ҚР – ның ДСҰ кіруінің негізгі этаптарын көрсету,
Біздің республикамыздың сыртқы сауда қатынастарын зерттеу,
Қазақстанның дүниежүзілік рыноктағы мүдделері мен қызметтерін зерттеу,
Қазақстанның ДСҰ кіруінің теріс және оң жақтарын көрсету,
Отандық және ұлттық өндірушілердің мүддесін қорғау,
Қазақстандық тауарлардың дүниежүзілік рынокка шығуына және олардың бәсекелестік қабілеттіктерін күшейтуге мүмкіндік алу.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы. Бұл жұмыс елдің сыртқы саудасына баға беруге көмектеседі, ДСҰ кіру кезіндегі Қазақстанның маңыздылығын тереңірек түсіндіреді, сонымен қатар сыртқы сауда айналымының мәселелері бойынша әртүрлі жақтардың пікірлерін және Қазақстанның ДСҰ кіру проблемаларын зерттейді. Қазақстанның ДСҰ кірудегі үйлесімді (оптималды) стратегиясының негізгі жолы мен таңдалуын анықтауға көмектеседі.
Тақырыптың зерттеліну дәрежесі. Халықаралық экономикалық қатынастардың қалыптасуына, дамуына, экономиканы реформалау процестеріне, әлемдік қоғамдық – саясаттық ойлар қорына енген, халықаралық ғылымның көптеген зерттеулері арналған. Сондықтан, бірінші кезекте, зерттеудің негізгі көзі болған Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерін атауымыз керек1, с.4 Зерттелетін тақырыпты дұрыс түсінуде Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан 2030 жолдаухаты үлкен маңызды орын алады.
Сонымен қатар, сыртқы саудаға өзінің Тәуелсіздік жалауы астында: Қазақстанның сыртқы саясаты туралы очерктер, Ғаламдандыру жағдайындағы Қазақстанның сыртқы саясаты кітаптарында К.К.Тоқаев үлкен көңіл аударды. Бұл жерде автор Қазақстанның ДСҰ кіру процесіндегі негізгі проблемаларын, мақсаты мен міндеттерін толығымен қарастырып, сипаттама береді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспе, үш тарау, бірнеше тараушалар, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімі сияқты бөлімдерден тұрады.

1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ МЕН КӨРСЕТКІШТЕРІ

1.1 Дүниежүзілік сауда және оның негізгі көрсеткіштері

Сыртқы сауда статистикасының көрсетуі бойынша, соңғы онжылдықтарда жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсу қарқындылығынан артатын, дүниежүзілік сыртқы сауда айналымының тұрақты және бірқалыпты жоғарылауы байқалады, бұл барлық елдердің еңбекті халықаралық бөлу жүйесіне күштірек тартылуын жеткілікті куәлендіреді. Дүниежүзілік экспорт екі еседенде жоғары артты, 1980 жылғы 2 трлн долл. – дан 2000 жылғы 5,5 трлн. долл. дейін жоғарылады. Бұл экспорт көлемінің 80 – шы жылдары 70 % - тен аса, ал 90 – шы жылдардың бірінші жартысында 33 % – ке артқанын білдіреді. Импорттың көрсеткіштері де осы сандарға жақын (1 кесте)15, c.8
Бағдарланған бағалаулар бойынша дүниежүзілік тауар айналымы 2001 жылы 11,9 трлн. долл. жетті.
Халықаралық саудадағы өлшеулерді талдау, оның ішінде қазіргі этаптағы, екі аспектіні қарастыруды болжайды: біріншіден, оның (экспорт пен импорттың) өсу қарқындылығын жалпы және өндірістің өсуін салыстырмалы; екіншіден, құрылымдағы ілгерілеу: тауарлық (тауарлар мен қызметтердің негізгі топтарының қатынастары) және географиялық (региондардың, елдер тобының және жеке елдердің үлесі).
Біріншіге қатысты келесідей тұжырымдар жасауға болады: дүниежүзілік тауар айналымының өсуінің тұрақты озық қарқындылығы, дүниежүзілік рыноктар сыйымдылығының артуымен байланысты, халықаралық сауданың жаңа сапалы белгілерінің көрсеткіші болып табылады. Дайын өнеркәсіптік бұйымдардың, оның ішінде машиналар мен жабдықтар саудасының кеңеюінің жеткілікті жоғары қарқынды озықтығы сипатты бола бастады, ал байланыс құралдары, электрон- және электрондық техника, компьютер және т.б. өнімдерімен сауда жүргізудің өсу қарқындылығы оданда жоғары. Ұлт аралық корпорация (ҰАК) шеңберінде, өндірістік кооперация ретінде жеткізілетін агрегаттардың жиынтықтағыштарын, торабтарын айырбастау оданда зор кеңейді. Динамиканың тағыда бір феномені – қызметтердің халықаралық саудасының жеделдетіліп өсуі.
Осының бәрі дүниежүзілік сыртқы сауда айырбасының тауарлық, географиялық құрылымдарының радикалдық ілгерілеуіне әсер етпей қалған жоқ. Бұл кезде, өркендеген, өркендеуші және бұрынғы социалистік елдердің негізгі топтарының үлесі соңғы 15 – 20 жыл ішінде, тәжірибе жүзінде, өзгеріссіз сақталуда. Бірінші жағдайда – бұл шама 70 –76%, екінші жағдайда – бұл шама 20 – 24% шегінде және соңғы топ үшін бұл көрсеткіш 6 –8% аспайды.
1 кесте.

Дүниежүзілік сауданың жалпы қорытындысы (1994-2002жж.)

1994
1999
2000
2001
2002
Тауар айналымы (млрд долл.)
Экспорт (млрд долл.)
Импорт (млрд долл.)

Өзгеріс, %, алдыңғы жылға қатысты
Экспорт
Солтүстік Америка (АҚШ және Канада)
Еуроодақ
Өтпелі экономикалы елдер
Жапония
Латын Америкасы
ОША елдері (Оңтүстік Корея, Малайзия, Сингапур, Тайвань, Гонконг)

Импорт
Солтүстік Америка
Еуроодақ
Өтпелі экономикалы елдер
Жапония
Латын Америкасы
ОША елдері
7656
3809
3847

9,5
8,0
14,5
3,5
12,0

14,5

5,5
4,0
3,5
-0,5
11,0
3,5
10116
5033
5083

8,0
6,0
11,5
12,5
3,0

15,5

5,5
2,5
12,0
2,5
10,5
4,0
10359
5100
5259

11309
5574
5735

11812
5824
6018

Көздер: БИКИ; Dresdner Bank Statistical Survey, November, 2003.

Дүниежүзілік сыртқы сауданың тауарлық айналымында, дүниежүзілік сауданың 70 % - нен асатын, дайын бұйымдар үлесінің өсу тенденциясы сөзсіз байқалады. Қалған үлес ауыл шаруашылық экспорты мен кен өндіру салалары арасында жуық шамамен теңдей бөлінеді. Салыстыру үшін айтуға болады, осы жүзжылдықтың ортасында шикізаттық тауарлар үлесіне экспорттың үштен екі бөлігі келетін, үштен бір бөлігі – дайын өнімдерге.
Қазіргі кезде қызмет көрсету халықаралық сауда айырбастаудың ширегін дерлік құрайды.

1.2 Қазіргі жағдайлардағы сыртқы сауда саясатының ерекшеліктері

Мемлекеттердің қазіргі сауда саясаты екі тенденцияның (беталыстың) өркендеуі және тайталасымен ерекшеленеді: қолдампаздық және ырықтандыру. Бұл бағыттардың әрқайсысы регионалдық және дүниежүзілік сауданың белгілі бір кезеңдерінде басымдылық көрсетеді. Егер 50 – 60-шы жылдары ырықтандыру тенденциясы басым болса, ал 70 – 80-ші жылдары жаңа қолдампаздық толқыны өтті.
Елуінші және алпысыншы жылдардың ырықтандыруға беталысы кедендік баждың шамасын төмендету, валюталық және сандық шектеулерді қолдануды қысқарту пішінін қабылдады. Егер 50-ші жылдардың ортасында кедендік баждың орташа шамасы еуропалық елдер мен АҚШ-та 30-40% құраса, 70-ші жылдары ол 7-10% төмендеді, ал қазіргі кезде 3-5% шегінде ауытқиды.
Дегенмен кедендік қорғану деңгейінің төмендеуі реттеудің толық жойылатынын көрсетпейді. Қазіргі жүйе, қолдампаздық қорғанудың жаңа құралдарын қолданудың кеңеюімен байланысты, барынша икемді сипатты алуда. Қолдампаздық айрықшылықты регионалдық сипатқа ие болуда, жаңа интеграциялық топтасуларды құру және ескілерін кеңейту пішінін қабылдайды. Мысалы, 60-қа тарта Африканың, Кариб бассейнінің және Тынық мұхиттың дамушы елдерінің, 70-ші жылдары Ломейлік келісім базасында ЕО қорытындылаған, ассоциация туралы келісімі өркендеуші елдердің бір топтасуының басқа қалғандарына қарсы салық салудың жеңілдікті режимін белгіледі.
Африканың, Азияның, Латын Америкасының дамушы елдерінің жаңа экономикалық топтастыруды құру белсендірілуде.
Жоғарыда көрсетілген тенденцияның нәтижесі болып, ең үлкен қолайлы жағдай жасау режимі жүйесінде жүзеге асырылған, сыртқы сауда қызметінің барлық қатысушыларының теңдік принципі біртіндеп жуылуы жүреді. Жаңа топтасулар ішінде айырбастаудың ырықтандыруы жүреді. Яғни, регионалдық сыртқы сауда айырбасының ішіне ерекше айрықшалықты жағдайлар енгізіледі. Үшінші елдерге қатысты кемсітушілік режимінің күшеюі пайда болады 35, c. 28.
Ғалами деңгейде қолдампаздық реттеудің жаңа ережелері ендіріледі. Мысалы, шетелдік тауарлар импортынан зардап шеккен, ұлттық өнеркәсіпке едәуір нұқсан келтірген жағдайда кедендік бажды жоғарылатуға мүмкіндік беретін шешімді түсініктерді қолдану белсендіріледі. Кедендік баждың орынын тарифтік емес қолдампаздық шаралары алады және бірінші кезекте қызыметі сайлаулы сипатта болатын сандық шектеулер, стандарттар, техникалық шарттар, экологиялық қауіпсіздік нормалары және т.б.
Осының бәрінен келесідей қорытынды жасауға болады, тең әрекеттесетін тенденция қолдампаздық тосқауылдарының үлкен икемділігі кезіндегі дүниежүзілік сауданың ырықтануында байқалады. Қолдампаздықтың жаңа пішіндері, осы пішіндерді әзірлеу және оны өмірге енгізу тәжірибесінде бақылау қызметіне жауапты, халықаралық ұйымдардың әрекеттерінің белсенді болуын талап етеді.
Импорт саласында сыртқы сауда саясатындағы қолдампаздық пен бір уақытта ырықтанудың болуы экспортты мемлекеттік ынталандыру бағдарламаларының модификациясымен толықтырылады. Экспорттық тікелей несиелендірудің дәстүрлі пішінінің орынына, өнімнің жеке түрлеріне сайлаулы әсер ететін, икемдірек және соншалықты байқалмайтын пішіндер өтеді.
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) бірталай шығындар талап ететін ғылыми сыйымдылықты тауарларға қатысты экспортқа мемлекеттік көмек әншейінде жанама сипатты болады және әзірлемелерді қаржыландырумен, қолданылатын жабдықтар үшін амортизациялық аударым пайызының жоғарылауымен қорытындыланады. Осындай әдістерді, 80-ші жылдары ЭЕМ жаңа буынын жасай отырып, АҚШ пен Жапония үкіметтері қолданды.
Құны жоғары материал сыйымдылықты тауарларды жеткізу жағдайында, көбінесе тікелей мемлекеттік қаржыландыру қолданылады. Мұндай әдістер 70-ші және 80-ші жылдары кемелер мен мұнай бұрғылау платформаларын жеткізу кезінде АҚШ пен Ұлыбританияда кеңінен қолданылды, бұл кездегі демеу қаржының шамасы тауар құнының 10-нан 40 % дейін үлесінде ауытқыды 29, c.124.
Ақырында, дамыған елдерде экспортты тікелей демеу қаржыландырудың жүйесі белсенді қолданылады. Ол негізінен Еуропалық Одақ елдерінен жеткізілетін ауыл шаруашылық тауарларына таратылады. Тікелей экспорттық несиелендіру мен қаржыландыру құралдары дүниежүзілік қоғамдастықпен жағымсыз бағаланады, бұл бәрінен бұрын, олардың еркін бәсекелестік принципін бұзуларымен байланысты.
Халықаралық нормалар экспорттық қаржыландыру мен экспорттық жеткізілімдерді сақтандыру сияқты құралдарға қатынасы бойынша ықтиярлы. Несиелендіру жағдайында халықаралық келісімдер несиелендірудің ұйғарынды пайыздық мөлшерлемесінің максимал шамасын тіркейді. Экспорттық сақтандыру, ең алдымен, құны бойынша маңызды тауарлардың жеткізіліміне қатысты және дамыған елдердің экспортының барлық көлемінің 12-20% қамтиды. Экспорттық жеткізілімдерді сақтандыру тәжірибесінің біртіндеп кеңеюі байқалады. Жаңа ережелер алынатын пайданы, саясаттық, әскерижәнеде басқа тәуекелдерден сақтандыруды қоса есептегендегі мәміленің 10 % дейін сақтандыруды ұйғарады. Сақтандыру мерзімі ұзарады, сақтандыруды өтеу шарты жеңілденеді және т.б.
Экспортты қолдаудың тағы бір пішіні, ол ұлттық тауарларды жарнамалаумен, дербес фирмаларды қолдаумен және т.б. айналысатын шет елдегі мемлекеттік өкілдіктерге көмектесу болып табылады. Мысалы, Ұлыбритания сексенінші жылдары жыл сайын 300 – 400 шетелдік көрмелер ұйымдастырды, оның үлкен бөлігі мемлекет есебінен жабылып отырды. Осыған ұқсас көмекті өзінің экспортерларына Жапонияның, Францияның, Германияның және басқада дамыған елдердің елшіліктері көрсетуде.
Жалпы, экспортты мемлекеттік қолдау саясатының дамуындағы жаңа беталыс жеке салалар мен тауарлар тобын, тікелей экспорттық қаражаттандыру мен демеуқаржыландырудың дәстүрлі сұлбасынан бас тартқан кезде, жанама қолдаудың қарусыз көзге байқалмайтын шараларына көп бағдарлануымен қорытындыланады.
Тағыда айта кетуге болады, көптеген жағдайларда, халықаралық сауданы ырықтандырудың жалпы бағыты, кейбір елдерде, жеке тауарларға қатынасы бойынша қолдампаздық сипаттамасының шараларымен ұштастырылады. Осыған байланысты халықаралық сауданың көпқырлы реттелуіне тоқталу қажет, ең алдымен Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім (тсжбк) мен оны қабылдаушы – Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) желісі бойынша.
Экономикадағы бұл жағдай экономикалық және саясаттық процестерде мүдделі беталыстардың пайда болуымен шарттастырылады. Экономиканың проблемалары үлкен дәрежеде, басқарушы ақсүйектерге қарсы наразылықтың құралы болады. Әртүрлі саясаттық топтасулар жағынан Үкімет атына қазіргі экономикалық саясаттың негізгі идеологиялық концепциясын ауыстыру туралы талаптар тартылады. Нағыз агрессивтік түрде оппозициялық көңілкүйлер Үкіметтің қызметтен кетуін талап ету сияқты көрсетіледі.
Президенттің келесі саяси маневрі республика Парламентінің белсенді қатысуымен және бастамасымен өтеді. Депутаттардың әрекеттеріне қарағанда, Н.Балғымбаевтың командасын халық шаруашылығын басқарудан шеттетуге қатынасы бойынша Парламент пен Президенттің қарсы тұру көрінісі кезекті рет ынтагерлікпен өзгертіледі.
Бұл "айқаста" Президент депутаттардың шабуылынан Үкіметті қорғауға талпыныс жасайды. Дегенмен, жұртшылық пен парламентарлар жағынан күшейіп келе жатқан талаптардың себебіне байланысты, ол қызметтен шеттету туралы Жарлыққа қол қояды, тәрізі, істік және саясаттық белсенділіктің дәстүрлі құлдырау кезінде, яғни жақын жаз айларында.
Президенттің көрсетілген шешімінің жоғары ықтималдығын едәуір белсенділікпен, оппозициялық және оппозициялық емес саяси күштер күтуде. Олар үшін жұртшылық пікірін жеңіп алудың негізгі құралы болып өздерінің экономикалық саясаткерлерінің, экономикалық дағдарыстан шығатын және халықтың жағдайын жақсартатын, бағдарламаларын көрсету табылады. Бұл бағдарламалардың мак­сималды жалпы шолуы мен салыстырылуы және Үкіметтің экономикалық саясаты негізгі макроэкономикалық бағыттар бойынша және олардың әрекеттегі саясаттан түпкілікті айрықшалануы бойынша бірінші өзара салыстырмалы ұқсастығын алдын-ала анықтайды.
Елдегі барынша қиын жағдайды есепке ала отырып, Үкіметтің ауысуы мен Премьер – Министрдің қазіргі құрамның ішінен тағайындалмаған жағдайында, монетарлық және фискалдық саясаттардың жұмсаруын күтуге болады, өйткені барлық дерлік альтернативті бағдарламалық шаралар салықтық салмақты төмендетуді, әлеуметтік және инвестициялық мақсаттарға жұмсалатын шығынды жоғарылатуды, экономиканың монетизациялану деңгейінің өсуіне жағдай жасауды және т.б. болжайды.
Сонымен, мемлекеттегі экономикалық – саясаттық жағдайды талдай отырып және атқарушы өкіметке қатынасы бойынша қоғамдағы негативті көңілкүйлердің шиеленісуін ескерсе, сонымен қатар оның дағдарыс кезіндегі тиімсіз әрекетін ескерсе Үкіметтің қызметтен кету мүмкіндігі жоғарылайды.
Көктемнің аяғы Қазақстанның саяси өмірінде бірқатар қызықты уақиғалармен есте қалды. Осы кезеңде толық қорғанысқа кеткен Үкіметті, бірігіп сынауға алған Президент пен Парламент белсенділік танытты.
Парламентті түсінуге болады: одан қазір орындалуы мүмкін емес нәрсені талап етеді – бюджеттің кезекті секвестрін заңдандыру. Парламенттік сайлау алдында, оның үстіне атқарушы құрылымға онша барғысы келмегенде, олардың әлеуметтік қажеттікке жұмсалатын шығынды қысқартуды қолдауы, соңғы кездері тартымды бола бастаған, Парламенттегі орынға сайланбауымен теңдей. Осының салдарынан Үкіметтің жақында қызметтен шеттелуі туралы өсек сөздер шықты. Бұл тақырып өткен айда басты көңіл аудартқан мәселе болды. Дегенмен бәрінде ретпен қарастырайық.
Мамыр айының басында Президент Вице – Премьер О. Жандосовқа және Энергети­ка, индустрия және сауда министрі М. Аблязовқа сөгіс жариялады. Кейбір газеттер бұл уақиғаны демократияның көрсеткіші ретінде көрсетуге тырысты, бірақ, жан – жағынан алып қарағанда, Президент қаржы саласының жұмысы соншалықты нашар деп санап, көпшілік алдында жазалауды қажет деп тапты. Оның қауіптенуі мамыр айының екінші декадасында расталды, бұл кезде доллардың теңгеге шаққандағы қатынасы әртүрлі айырбастау пункттерінде бірнеше ондаған пункттерге артты.
Оның себебі экспортерларға валюталық түсімді міндетті түрде сатуды биліктің тиым салғанынан ғана емес, кәсіпкерлердің Үкімет жүргізіп отырған саясатқа сенімсіздігіненде болатын. Олардың реакцияларын адекватты емес деп айта алмайсыз. Жұртшылық бұл уақиғаны байсалды қабылдады: мүмкін долларыныңда, теңгесініңде болмауынан, немесе қаржылық дауылдарға үйренгендігінен.
Қоғамды зейнеткерлер мен мүгедектерге әртүрлі қызмет көрсету түрлерін тоқтатып тастағаны толғандырды: қалалық көлікте тегін жүру мен коммуналдық қызметтер. Әйтседе, қаржылық шым – шытырық пен жеңілдікті алып тастау – бір шынжырдың бөліктері – қазіргі кезде тек Қазақстанның басынан өтіп отырмаған, жүйелі дағдарыстың тереңдеуі.
Елдегі жалпы күрделі жағдайды Қырғызстаннан Қазақстанға берілетін судың айналасындағы мәселе қыздыра түсті, суға төлеу үшін ақша жинай бастаған көрші республикаға жақын орналасқан аудандардың тұрғындары тез арада талқылай бастады. Осыдан соң Үкіметтің қызметтен шеттетілуі туралы әңгімелер тек күшейе түсті. Оны жоққа шығару немесе мақұлдау тек Президенттің қолында болды.
Н. Назарбаев Н. Балғымбаевтың командасын қызметтен шеттету мезгілсіз деп есептеді. Ол Премьер мен оның шенеуніктерін қатаң сынға алды, олардың алдына он мәселені қойып, оның ішіндегі өте жеделдерінің орындалуына бір ай мерзім берді.
Жан – жағынан алып қарағанда, Балгимбаевтың бағамы жеткілікті күшті, өйткені Парламенттің депутаттарымен болып жатқан жағдайлар бойынша өткізген кездесуін жеткілікті агрессивтік мәнерде өткізді. Мысалы, "Отан" парламенттік фракциясының жетекшілерінің бірі М. Жүйріктаеваның елдегі экономикалық жағдайды дұрыстауға қабілетсіз деп айыптаған сөзіне, ол олардың партиясының төрағасы С. Терещенконың Қазақстандағы күрделі экономикалық – саясаттық және әлеуметтік жағдайларға кінәлі екенін айтты, өйткені ол премьер болған кезінде шетелдік несиелерді жинап алғаны енді оны төлеу қажет екндігі сөз болды.
"Отан" партиясының бағамы түсінбеушілік туғызуы мүмкін, оның ресми емес жетекшісі Президенттің өзі, сондықтанда болып жатқан жағдай кезекті саяси ойынның басталуы болуыда мүмкін. Әзірге билік басындағылар елдегі экономикалық және саясаттық жағдайды қалыптастыру үшін қаражат іздеумен қолдары босамай жүр.
Көктемде себілген тұқымнан егінді алуды күтпестен Қарасай ауданында, билік мемлекет пайдасына алтыннан жасалған әшекейлер мен басқада бағалы заттарды жинауға кірісті, оның аяғы бүкіл қазақстандық масштабтағы күлкілі кешке айналуы мүмкін. Мемлекет басшысының аудан тұрғындарының бастамасын қолдағанына қарамастан, жұртшылықтың оған деген сыртқы көзқарасы бірдей болған жоқ. Оппозиция бұл жағдайды билік тарапынан тағыда бір кезекті тонау десе, үкімет айналасындағылар бұл құбылысты еңбекшілердің туған еліне көрсеткісі келген көмегі деп түсіндірді. Мақұлдау қиын, дегенмен қарасайлықтардың бұл бастамасы Қазақстанның көптеген тұрғындарының мүддесін шайқайтыны анық, әсіресе бюджет саласында жұмыс атқаратындардың. Мұның бәрі болжама, ал қазір алтын қорына бағалы зат өткізуді мүндеттеу туралы мәліметтер шығуда 15, c. 23.
Бұл ел өміріндегі ерекше эксперимент маусымда өтті, ол басқа уақиғамен паралель өтті десек болады – биліктің төменгі эшалонындағы әкімдерді бірінші рет сайлаумен, атап айтқанда: шамалғандық ауылдық әкімді сайлау. Сайлау Президенттің туған жерінде өткеніне қарамастан, қатысушылардың жоғары деңгейімен ерекшеленген жоқ – сайлаушылардың жалпы санының 60 % ғана. Сондада бұл сайлауды жетістік деп қарауға болады, өйткені бұл орынға Шамалғандық сайланды, осыған байланысты жаңа шамалған демократиясы термині пайда болды, мүмкін ол бүкіл Қазақстанның демократиясына айналуы.

1.3 Сыртқы сауданының көп тарапты реттелуі

Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім (тсжбк) дүниеүзілік сауданың кедендік – тарифтік мәселелерін реттеуші ғалами ұйым ретінде 1947 жылы Женевада құрылды. Бұл АҚШ-тың, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өзінің экономикасын беріктендіріп, тауар айналымының даму мүмкіндігін қамтамасыз ететін халықаралық сауданың тұрақты ережелерін құру үшін күресе бастаған кезі болатын.
Америкалық ұсыныстардың негізінде Халықаралық сауда ұйымының (ХСҰ) ережесінің жобасы әзірленді, оның міндеті дүниежүзілік сауданы реттеуді қамтамасыздандыру және оны біртіндеп ырықтандырумен қорытындыланды. Гаванада қабылданған ХСҰ-ның Ережесі қатысушы елдермен бекітілген жоқ, оның орынына кедендік саясаттың негізгі нормалары туралы көпқырлы келісім әрекетке кірді (Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім). Бірнеше түзеуден өткен америкалық ұсыныстарға сүйеніп жасалған келісім еркін сауда идеясын ұстайды, яғни қатысушы барлық жақтың теңдігін. Бұл идея бірнеше ережелермен айқындалады.
Ең қолайлы режим пішінін алған, бірінші және маңызды ережені, теңдікті сақтау қажеттігі және сыртқы сауданың барлық қатысушыларын кемсітпеушілік туралы тезис ретінде қарауға болады. Ең қолайлы режим қатысушы – елдердің өзара жеткізілетін тауарларына бажды кез – келген үшінші жаққа орнықтырған баждан жоғарылатпауын белгілеу міндеттемесі ретінде тұжырымдалады. Бұл мағұлымдалатын тезис, дегенмен, арнайы экономикалық (интеграциялық) топтасулар құру жағдайында айрықшалықты ұйғарылады.
тсжбк құру кезеңінде, мұндай ұйғарындылар метрополиялармен (басып алған отарларын иемденуші мемлекет) ерекше келісіммен байланысты отарлық – елдерге берілді. Қазіргі кезде ең қолайлы режимнен шығарылатын негізгі масса интеграцияланған топтасуларға келеді: Еуропалық Одақ, еркін сауданың Еуропалық Ассоциациясы, латынамерикалық және басқада регионалдық интеграциялық топтасулар, сонымен қатар солармен қауымдасқан елдер. Дамушы елдерге біржақты негізде пұрсаттылықты кедендік режимді қолдану берілетіні ерекше айтылған, яғни дамыған елдерден импортталатын тауарларға баждың өзара төмендеуінсіз.
Екінші ережі сыртқы сауданы реттеу құралдарын қолданудың заңдылығын мойындауға қатысты. тсжбк бажды жалғыз қолайлы құрал ретінде мойындайды. Қалған барлық пішіндер мен әдістер қолданылмауы керек, ал олардың қолданылған жағдайында бұл уақытша сипаттамалы болуы қажет және ерекше жағдайлармен негізделуі керек.
Көрнекілік ретінде, сандық шектеулер (XI – XIY бағ.)секілді шараларды қолдануға жатқызылатын, ТСЖБК бірқатар ережелеріне нұсқау беруге болады.
тсжбк қатысушы – елдерге үлесті қолдануды, сонымен қатар экспорттық және импорттық лицензияларды қолдануды ұсынған жоқ. Дегенмен тсжбк мәтінінде, сандық шектеулерді енгізу қолайлы және мүмкіндікті болғанда, мүмкіндікті айрықшалық тізімі бар. Бұған ауыл шаруашылығы өндірістерін реттеу бағдарламаларын қолдану, төлем балансының тепе-теңдігі бұзылған жағдайлар жатады.
тсжбк – ның салықтық жеңілдік, регионалдық даму және көмек бағдарламалары және т.б. көмегімен өндірісті ынталандыру сияқты мемлекеттік шараларға да қатынасы жағымсыз болып табылды, бұл шаралар келісімге қатысушы – елдердің кемсітушілігіне апаратын болса, онда бұл жағдайда қолдануға тиым салынады.
Ақырында, тсжбк қызметінің үшінші маңызды аспектісі шешімдер мен әрекеттерді қабылдау принциптеріне қатысты – бұл келіссөздер мен кеңестер пайдасына біржақты әрекеттен бас тарту. Қатысушы – елдер сауда еркіндігін шектеумен байланысты біржақты әрекеттер жүргізбеуге өзіне міндеттемелер алады; барлық шешімдер раундтар шеңберінде өзара саудалық келіссөздер процесінде ғана қабылданды.
тсжбк негізгі қызметі көпжақты кездесу – раундтар жүргізумен қортындыланды, бұл кездесулер кезінде қатысушы-елдердің сыртқы саудасын реттеумен байланысты, күн тәртібіне енгізілген мәселелер қаралды. тсжбк құрылу кезеңінен ДСҰ-на түрлендірілуіне дейін тсжбк шеңберінде осындай сегіз рандт өткізілді.
1973 жылдың басына дейін негізгі келіссөз процесі кедендік баждың төмендеуіне қатысты болды, ол 1945-1947 жылдары 40-60 %-тен 90-шы жылдардың басына 3-5 % дейін төмендеді. Төмендеу механизмі келесідей қорытындыланады: негізгі өндіруші-елдер және тауарды тұтынушылар төмендету мөлшері туралы келісті, содан соң қысқарту автоматты түрде барлық қатысушы-елдер келісімдеріне таратылды.
Соның салдарынан, кедендік баж едәуір төмендегенде және сонымен бірмезгілде тсжбк қатысушыларының саны артқанда, кедендік баждың төмендеуі қатысушы – елдер дайындаған тізімдер қорымен жүзеге асты. Бұл тізімдер, ұлттық бюджет үшін (баждың төмендеуінің салдарынан алынбаған сомалардың жалпы құны ретінде есептелетін) ысырап болатын шаманың, контрагант – елдердің тарифтерінің төмендеуі базасында шетелге тауарлар жеткізетін өндірушілер пайдасының сомасына тең болатындай етіп құрастырылды.
Жетпісінші жылдары, күн тәртібіне тарифтік емес шараларды реттеудің мәселесі қойылған кезде, шегіну теңдігінің принципі біршама модификацияланған түрде қолданыла бастады. Келіссөздер негізі болып, белгілі бір шектеулерді енгізуден елдердің ысырап шегуінің құндық эквиваленттерін есептеу табылды. Есептеудің күрделілігі, талқыланатын мәселелер спектрінің кеңіюі сияқты, келіссөз ұзақтығының бастапқы этаптағы бір-екі жылмен салыстырғанда үш-алты жылдарға дейін жоғарылауымен шартталынды.
Екінші жағынан мұндай тәсілдеме дүниежүзілік саудаға тікелей әсер ететін, ұлттық экономикалық саясаттың салаларындағы мемлекет қызметіне бақылау енгізе отырып, дүниежүзілік саудаға барынша кең және кешенді ықпал етті – бұл салықтар, акциз алымы, инвестициялық және қаржылық саясат.
Жетпісінші жылдарыдың ортасында басталған келіссөздердің екі соңғы сериялары ерекше маңызға ие болды, бұл бәрінен бұрын талқыланатын мәселелер шеңберінің мәнді кеңеюімен байланысты. Кедендік салық салу деңгейінің дәстүрлі талқыланатын мәселелеріне салық салу принциптерінің орнығу сұрақтары мен баждың жеке түрлерін қолданудың заңдылығы (салық салынатын қордың құрылуы және компенсациялық және антидемпингтік баждың құрылуы), дербес салалардың сыртқы саудасын реттеу мәселелері (тропикалық тауарлар, авиатехника), сонымен қатар мемлекеттік қолдампаздық шаралары (лицензилау, мемлекеттік тапсырыстар) қосылды.
Кедендік баждар бойынша келіссөздер нәтижесі, дамыған елдер үшін кедендік салық салудың орташа шамасы 4,7 % дейін, ал дамушы мемлекеттер үшін 7,1% дейін төмендеуі болды. Токио раунды шегінісі барысында қамтылған сауданың жалпы көлемі 155 млрд. долл. құрады.
Дамушы елдер үшін тропикалық егіншіліктің ауыл шаруашылық тауарлары, яғни ең күшті дамыған елдерде өндірілетін өнімдермен бәсекелес емес, бойынша шегінім ең маңызды болды. Қабылданған “Тауардың кедендік бағалануы бойынша кодексте” салық салу базасы ретінде бажды есептеу кезінде нақты, яғни берілген тауардың келісімде нақты анықталған сату бағасы алынады. Қосымша шығындар (лицензиялық сыйақы құны, қаптама құны, фрахта және т.б.) келісімде қатысатын елдердің шешімі бойынша ғана енгізіледі.
Демпингіге қарсы бажды енгізу шартына қатысты қосымша ережелер жаңадан жасалды. Қабылданған келісімдерге сәйкес демпинг тауарларды қалыптыдан төмен баға бойынша сату сияқты анықталды, яғни тауардың елдің ішінде сатылатын бағасымен. Заңда орнықтырылғандай, жазалаушы бажылар шамасының демпингтік айырым шамасынан жоғары болмауы керектігі, яғни қалыпты баға мен тауардың оны импорттаушы елге жеткізілу бағасы арасындағы айырымның, өте маңызды. Қаражаттандырылған экспортқа қатыстыда осы принцип қолданылады. Өтемдік немесе жазалаушы бажылардың міндеті тек қана қаражаттандыруды немесе жеңілдікті салық салуды бейтараптандыру болғандықтан, соған сәйкес жазалаушы баждың шамасы қаражаттандыру немесе қосымша жеңілдік шамасынан жоғары бола алмайды.
Тауарды демпингтік бағалар бойынша жеткізілгені және едәуір зиянның бар екені анықталған соң, ол ел арзан тауардың қойылу фактісі мен саланың дағдарыс күйінің арасындағы тығыз байланыстың бар екенін дәлелдеу үшін күш салмай-ақ жазалаушы бажды талап ету мүмкіндігін алады.
Көптеген шешімдердің арасынан тауарлардың жеке топтары бойынша (ет және сүт өнімдері, авиатехника) сауда туралы келісімді бөліп көрсеткен дұрыс. Ет және сүт өнімдерінің саудасы саласында бағаны мемлекеттік реттеуге және өнімдердің бұл түрлерін өндіруге бірқатар шектеулер енгізілді, сонымен қатар оларды экспорттауды реттеу мүмкіндігіде шектелінді. Азаматтық авиатехника саудасы бойынша көпжақты салалық келісімде баждар мен басқада шектеулер алынып тасталды. Шын мәнінде, осы келісімге сүйене отырып авиатехниканың еркін саудасы аймағы құрылды.
Ақырында, қабылданған шешімдердің кең тобы тарифтік емес қолдампаздық шарасы деп аталатын реттеуге қатысты: лицензияға, мемлекеттік тапсырыстарға, мемлекеттік қаражаттандыруға.
Импорттық реттеу процедуралары туралы келісімде лицензиялауға қатысты барлық ережелер мен процедураларды жариялау міндеттемесі белгіленді, сонымен қатар қолданбалы тәжірибені Келісім ережелеріне сәйкестендіру міндеті енгізілді. Автоматты лицензиялау жүйесін енгізу және дербес лицензиялар беру процедурасы орнықтырылды.
“Стандарттар туралы кодексте” сауданың дамуы үшін кедергі болатын стандарттар мен техникалық нормаларды қолдануды жібермеу міндеті қойылды. Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: стандарттардың, орау және таңбалау бойынша талаптардың сауданың дамуына кедергі ретінде қолданылуын болдырмау. Нотификация (хабарлама жасау, наразылық хабарлама) туралы, яғни дайындалып жатқан жаңа енгізілулер туралы алдын – ала хабарлау туралы міндеттер қабылдау маңызды болды.
Дамушы елдер қаражаттандыруды жүзеге асыру құқығын алды, бірақ ол тек уақытша шара болды, бұл шара елдің экономикалық прогресінің өркендеу шамасына қарай тоқтатылуы қажет.
Шын мәнісінде, ЕО елдеріне жолын беру болып табылатын, орман, ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасынан өзге барлық қаражаттандыруларға тиым салынды.
Жалпы алғанда келесідей қорытынды жасауға болады: токиялық келісім, өздік кедендік баждың реттелуінен өте отырып, өз аясына ұлттық экономикалық саясаттың бірқатар мәселелерін енгізді (ішкі салық салу, қаражаттандыру) және жеке салалардың (ауыл және орман шаруашылықтары, азаматтық авиатехника саудасы) сыртқы саудасын реттеудің ерекше режимін анықтады.
тсжбк шеңберіндегі келесі ірі көпжақты келісім болып 1986 жылы қыркүйек айында ашылған Уругвайдағы (Пунта дель Эсте)арнайы сессия болды.
Бұл сессияның ерекшелігі тсжбк реттейтін мәселелер шеңберінің ары қарай кеңеюі болды, оның ішінде оған қызмет көрсету саудасын енгізу. Тауар саудасына келсек, бұл жерде кедендік баж шамасының қысқаруы, дүниежүзілік сауданы жеке салалар өнімдерімен реттеу бойынша күш салу және сыртқы саудағы белгілі бір пішінде ықпал ететін ұлттық экономикалық саясаттың аспектілерін бақылауды күшейту бағдарламасы ары қарай жалғасты.
Қатысушылар баж мөлшерлемесін жалпы (сызықты) төмендету міндетін қойған жоқ. Келіссөздер тек тауарлардың жеке топтарына қатысты, сонымен қатар кедендік бажды пайдалануды жою болды, яғни тауарды өңдеу дәрежесінің жоғарылау шамасына қарай олардың артуы.
Келіссөздің нәтижесінде бірқатар тауарларға барлық кедендік баждың жалпы (ғалами) үштен бір бөлікке төмендегені, алкогольді ішімдіктердің кейбір түрлеріне, құрылыс және ауыл шаруашылық жабдықьарына, кеңсе жиһаздарына, ойыншықтарға, фармацевтік тауарларға баждың жойылуы туралы келісім болды. Жалпы нәтижесі болып 1998 жылға өнеркәсіптік тауарлардың дүниежүзілік импорттың 40 % -не бажды жою табылды. Басқа тауарларға кедендік баждың төмендеуі нәтижесінде кедендік салық салудың жалпы шамасы 3 % құрайтын болады. Осымен қатар дамушы елдердегі тауарларға кедендік баждың бірқатар (20-30%-ке) төмендеуі туралы келісілді, баждардың үйлестірілген жүйесі жүргізілді және кедендік қорғаудың ең жоғары мөлшерлемелері жойылды.
Уругвайдағы раунд кезінде өнеркәсіптік тауарлардың жеке түрлерімен сауда жасаудың ырықтануы мен үйлестірілуі бойынша күш салу жалғасты: текстилмен, киіммен және ауыл шаруашылық тауарларымен. Текстилмен және киіммен сауда жасау саласында 2005 жылға кедендік баждың және сандық шектеулердің толық жойылуы болжалынады. Ауыл шаруашылық тауарлары бойынша шешім бірқатар шектеулі сипатта болды: демеуқаржы беруді жою және экспорттық және өндірістік демеуқаржыны 30-40 % қысқарту. Сонымен қатар, біруақытта ауыл шаруашылық саудасын реттеудің барлық пішінінен, кедендік тарифтер пайдасына, бас тарту болжалынады 5, c.86.
Келіссһзді жүргізу барысында қорғану шаралары, демеуқаржылану және өтемдік сипатты баждар бойынша алдыңғы келісімдерді талқылау және өркендету жалғасты.
тсжбк келудің жаңа кезеңінде заңды демеуқаржы ұғымы енгізілді, яғни сыртқы саудада қолданылуына тиым салынған заңсызға қарама-қарсы қолдануға рұқсат берілетін. “Қолайлы” және “заңдылар” қатарына қоршаған ортаны қорғаумен және регионалдық дамуға байланысты қолданылатын демеуқаржылар жатқызылды. Сонымен қатар минимал сандық параметрлер енгізілді, ол параметрден төменгі демеуқаржы автоматты түрде заңды деп қабылданады (3% импорттың жалпы шамасынан немесе 1% тауардың жалпы құнынан).
тсжбк қызмет көрсету аясы, сыртқы саудаға жанама түрде әсер ететін, экономикалық реттеудің бірқатар сұрақтарын енгізу арқылы, кеңейді. Мысалы, келесідей ережелерге белгілі бір шектеулер енгізілді: бірлескен кәсіпорындарда шығарылатын өнімнің минимал экспорты туралы, өндірісте жергілікті компоненттерді міндетті түрде қолдану туралы және т.б. талаптар.
Басқа мәселелер қатарында зияткерлік меншікке және қызметтер саудасын реттеуге құқықтықтың саудалық аспектісі қарастырылды.
Дегенмен Уругвайдағы раундтың ең маңызды нәтижесі Дүниежүзілік сауда ұйымын (ДСҰ) құру туралы шешімнің қабылдануы болды. тсжбк барлық негізгі ережелерін сақтай отырып, жаңа ұйым сауданың еркіндігін қамтамасыз ету міндетін алға тартады. Оған қол жеткізу ырықтандырумен ғана емес, ал үйлесумен жүзеге асады деп болжалынады. “Үйлесудің” мағынасы келесідей тұжырымдалады: қатысушы – елдер тарифтердің біржақты жоғарылауымен байланысты мәселелер бойынша шешімді тек қана басқа тауарлар импортының біруақытта ырықтандырылуымен үйлесімді қабылдауға міндеттенеді. Қолдампаздық пен ырықтандыру бағдарламаларының бұл үйлесуі, ДСҰ жетекшілерінің ойынша, сол немесе басқа елдерде қолдампаздықтың біржақты өсуіне мүмкіндікті болдырмайды.
Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы уағдаластық оның құрамына тсжбк өзге Көрсетілген қызметтер мен сауда туралы бас келісімді (КҚБК), Зияткерлік меншікке құқықтың саудалық аспектісі бойынша келісімді (ЗМҚСА) енгізуді қарастырды.
БҰҰ қызметінің аясынан шығарылған және Халықаралық валюта қоры немесе Халықаралық жаңғыру және даму банкісі сияқты тәуелсіздік статусына жете отырып, Дүниежүзілік сауда ұйымы меншікті тәуелсіз саясат жүргізуге мүмкіндік алды.
Дүниежүзілік сауда ұйымы қабылданған келісімдерді сақтау бойынша қатысушы – елдер саясатын меншікті бақылауды тұрақты түрде жүргізуді жоспарлайды. Екі жылда кем дегенде бір рет жүргізілетін министрлік конференция, жәнеде Бас кеңес бақылау жүргізеді және ұйымның қызыметін тұтастай басқарады. Соңғысының шеңберінде көрсетілген бағыттар бойынша үш арнайы қосалқы кеңес болады.
Қабылданған шаралардың жалпы нәтижесі ретінде сыртқы сауданы реттеудің ұлттық нормаларын бақылаудың көп тарапты жүйесінің күшеюін күтуге болады 6, c.11.

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СЫРТҚЫ САУДАНЫҢ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

Қазақстан Республикасының тауар айналымының алыс шетел мемлекеттеріне қайта бағдарлану беталысы жалғасуда, мұны кедендік статистиканың мәліметтеріде мақұлдайды: тауар айналымдағы алыс шетелдік елдердің үлесі 1997 жылғы 51 %-тен 1998 жылы 56,1 %-ке дейін жоғарылады. Экспорттың жалпы көлемінде ТМД елдерінің үлесі 45,4 % -тен 41% дейін төмендеді. Бұл кезде экспорттың төмендеуі 22 %-ке жетті.
Қазақстандық өнімдердің негізгі тұтынушылары болып табылатындар: Ресей Федерациясы, Гер­мания, АҚШ, Ұлыбритания, Түркия, Нидерланды, Швейцария, Италия, Қытай және Украина.
Импорттың жалпы көлеміндегі ТМД елдерінің үлесі, импорт көлемінің 11 % төмендеуі кезінде, 54,1 %-ден 47,7 % дейін қысқарды.
Импорттық өнімдердің негізгі жеткізушілері болатындар: Ресей Федерациясы, Герма­ния, АҚШ, Ұлыбритания, Түркия, Корей Республикасы және Нидер­ланды (2 кесте).
Кедендік статистиканың мәліметтері бойынша, Кедендік одақ елдерімен тауар айналымының азаюы байқалады. 1998 жылдың қаңтар – қазан айларында өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда тауар айналым 84 % құрады. Біздің негізгі серіктесіміз – Ресеймен – тауар айналым, экспорт пен импорттың 22 % және 12 % сәйкесті төмендеуі кезінде, 17 %-ке азайды, бұл бір жағынан ресейлік рубльдің девальвациялық ортасында қазақстандық тауарлардың бәсекелестік қабілетінің төмендеуімен (біздің бағалауымыз бойынша 40% аса), екінші жағынан контрабандалық әкелім көлемінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін. Орталық Азия экономикалық ынтымақтастығы елдерімен тауар айналымы 6,5 % жоғарылады, бірақ бұл 1998 жылы ОАЭҚ құрамына Тәжікстанның енгізілуі есебінен өтті, дегенмен әрбір республикамен тауар айналымы өз бетінше жеке төмендеуде.
Еуропалық одақ елдерімен арадағы тауар айналымы жоғарылады (108,9% 1997 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда). Негізгі себеп – ЕО елдерінің экономикасының нақты секторларының тұрақтылығы және олардың жағынан арзандатылған шикізатқа сұраныстарының бірқатар өсуі.
Тауар айналымның, Қазақстан мүшесі болып табылатын, ЭЫҰ (Экономикалық ынтымақтастық ұйымы) елдерімен тауар айналымының төмендеу беталысы байқалады. 1998 жылдың қаңтар – қазан айларындағы тауар айналымы 1997 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,3 % төмендеді.
Оңтүстік – Шығыс Азия елдерімен сауда көлемінің төмендеу тенденциясы жалғасуда. Мысалы, 1998 жылдың қаңтар-қазан айларында 37 %-ке қысқарды, жәнеде экспорт 45 % -ке төмендеді, ал импорт 15 %-ке.
Дүниежүзілік қолайсыз жағдаят Қазақстанның сыртқы сауда қызметіне жағымсыз әсер етуін жалғастыруда. Мысалы, кедендік статистика мәліметтері бойынша 1998 жылдың қаңтар-қазан айларында 1997 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, дәнді дақыл экспорты құндық тұлғада 35 %-ке төмендеген, бұрынғы жылдары тұрақты жоғарылаудың байқалуына қарамастан. Бұл республикада ағымдағы жылда егіннің шықпай қалуымен жәнеде қазақстандық астықтың негізгі импорттаушысы болып табылатын Ресейдегі қаржылық дағдарыстың болуымен байланысты, оған АҚШ астық жеткізу түрінде үлкен гуманитарлық көмек көрсетуге ықылас етіп отыр.
1998 жылдың қаңтар-қазан айларында Ресейдегі астық экспорты, өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 42 % құрады.
Жалпы, тұтас алғанда экспортталушы барлық өнім бойынша тәжірибе жүзінде экспорттың төмендеу тенденциясы байқалады: кедендік статистика мәліметтері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық сауда мен әлемдік нарықтың экономиқалық мәні
Ағымдағы операциялар балансы
Әлемдік қаржы нарығы туралы
Халықаралық сауда жайлы
Халықаралық тауар аукциондары
Халықаралық экономикалық интеграцияның кезеңдері
Нарықты тауармен қанықтыру
Экономикалық ақпарат тұжырымдамасы экономикалық ақпарат жүйесі
Кедендік тариф сауда саясатының құралы ретінде
Ұсақ бизнес
Пәндер