Физикадан факультативтік курстар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

І тарау. Орта мектепте физика пәнін оқытудың көкейкесті мәселелері.

1. 1. Қазақстан Республикасындағы орта мектепте физика пәнін

оқытудың бүгінгі таңдағы жағдайы.

1. 2. Жаратылыстану-математика бағытындағы мектептің 10-сыныбы

«Физика» курсының мазмұны.

1. 3. Физика пәнінен қосымша сабақтар жүйесі

II тарау. Жаратылыстану-математика бағытындағы сыныптарда механика бөлімінен қосымша сабақтар ұйымдастыру.

2. 1. « Материялдық нүктенің кинематикасы» тарауы бойынша қосымша сабақтар ұйымдастыру мәселесі.

2. 2. Айналмалы қозғалыс динамикасы тарауын тереңдетіп оқыту.

III тарау. Молекулалық физика және электродинамика бөлімі бойынша қосымша сабақтарды ұйымдастыру әдістемесі.

3. 1. Жылу двигательдері және олардың пайдалы әсер коэффициентін жоғарылатудың жолдары.

3. 2. Тұрақты электр тогы.

IV тарау. Электр және магнетизм бөлімі бойынша қосымша сабақтарды ұйымдастыру.

4. 1.

4. 2.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымшалар

Кіріспе

Қазақстан Республикасы үкіметі тәуелсіздік алған мезеттен бастап кеңестік экономикадан нарықтық экономикаға көшу үрдісін іске асырып келеді. Осыған байланысты экономиканың барлық салаларындағы сияқты білім беру жүйелерінде де нарықтық экономиканың талаптарын қанағаттандыратындай реформалар іске асырылуда.

Қазақстанның жаhандық экономикадағы бәсекелестік ұстанымдары көп ретте оның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруіне байланысты айқындалатын болады.

Сондықтан Қазақстан республикасының үкіметі Бүкіләлемдік сауда ұйымына енуге дайындық үстінде. Осылайша Бүкіләлемдік сауда ұйымына ену үшін көптеген міндеттерді мойынға жүктейтін шарттарға экономиканың басқа салаларындағы сияқты білім беру жүйесінде де әлемдік стандарттарға көшу қажеттігі туындады. Дүние жүзінде білім берудің әр түрлі жүйесі мен түрі бар екені белгілі. Атап айтсақ, еуропалық, американдық, жапондық, ресейлік т. б. Бұл елдерде мемлекеттік деңгейде білім берудің тиімді, экономиканың дамуына оң әсер ететін қалыптасқан ғылыми-тәжірибелік жүйесі бар. Білім беру жүйесін халықаралық деңгейде интеграциялау бағытындағы құнды шешім - 1997 жылғы Лиссабон конвенциясы. Қазақстан бұл құжатты басшылыққа алып, оны оқу жүйесіне ұтымды пайдалануға шешім қабылдаған болатын. 1998 жылы Батыс Еуропаның 4 елі (Германия, Италия, Франция және Ұлыбритания) білім беру жүйелері мен құрылымдарын сәйкестендіру жөнінде Сорбон декларациясын қабылдаған болса, 1999 жылы еуропаның 30-ға жуық елінің білім беру өкілдері Болон декларациясына қол қойды. Бұл декларацияға сәйкес 2010 жылға дейін Еуропалық білім берудің бірыңғай жүйесіне көшу көзделген болатын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев дәстүрлі халыққа Жолдауында «Қазақстанның жоғары оқу орындарының міндеті - әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру» десе, «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп атап көрсетті [1] . Демек, нарықтық жүйе тетіктерін терең меңгерген, халықаралық озық үлгідегі білім беру стандарттарына сәйкес, білім берудің мазмұны мен сапасын жақсарту арқылы білікті, білімді жаңа тұрпатты мамандар дайындауды инновациялық негізде жүзеге асыруға басымдық беру бірінші кезекке шыққаны белгілі. Өйткені еліміздің болашақтағы әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын ескеретін болсақ, экономикалық өсу стратегиясының негізгі жолы, тек табиғи шикізат ресурсын өндіріп, оны экспортқа шығарып қана қоймай, оны өңдеп жоғары қосылған құны бар өнім алу үшін Отанымыздың адам ресурстары мен интеллектуалдық потенциалын пайдалану өте ұтымды бағыттардың бірі болары анық. Білім беру реформасы табысының басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру мен қызметіне қол жеткізуге тиіспіз.

Елбасымыз «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын.

2008 жылдан бастап орта мектепте білім беру мерзімін 12 жылға көшіру қолға алынуда. Қазақстан Республикасының 12 жылдық орта жалпы білім беру тұжырымдамасы-жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары бейнеленетін негізгі құжат.

Жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс құралының қарқынды дамуы, сондай-ақ адамның интелектісіне, әл-ауқаттылығына, оның икемділігіне, жасампаздық іс-әрекетіне қол жеткізетін тәсілдер қоғамның негізгі капиталы бола бастады. Қоғамдағы мұндай жағдайда өзекті мәселелердің бірі - өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

12 жылдық білім берудің басты мақсаты - өзінің және қоғамның мүддесіне өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

Осыған байланысты орта мектепте білім беру жүйесінің жаңа стандарты қабылданып, алғашқы Қазақстандық төл оқулықтар шығарыла бастады. Жаңа стандартқа сәйкес оқулықтарды шығару «Атамұра» коорпорациясына жүктелді. Қазақстандық көптеген ғалымдар мен білікті ұстаздардың ат салысуымен аз ғана уақытта алғашқы төл оқулықтар шығарылды. Әрине бұл оқулықтардың құрылымдық мазмұны, әдістемелік көркемделуі жағынан көптеген кемшіліктері де болды. Ол туралы Республикалық ғылыми-әдістемелік журналдарда көптеген мақалалар шықты.

І тарау. Орта мектепте физика пәнін оқытудың көкейкесті мәселелері

1. 1. Қазақстан Республикасындағы орта мектепте физика пәнін оқытудың бүгінгі таңдағы жағдайы

Қазіргі мектеп физикасы басқыштық принципте құрылған. Бұл принцип бойынша физиканың барлық бөлімдеріндегі өтілетін оқу материалдары қиындықтарына қарай екі бөлікке іріктеліп алынады да, оның оңайы бірінші басқышта, екіншісі жоғарғы сыныпта оқытылады. Реформаға дейін оқулықтарда физика және астрономия жеке пәндер ретінде оқытылды. Ал, реформадан кейін бірге оқытылады. Мектеп физика курсын жаңарту мақсатында 7-9 сыныптар үшін физика және астрономия етіп бекітілген бағдарлама жасалған. 10-11 сыныптарда гуманитарлық, жаратылыстану математика бағыттарына арналып, әр түрлі оңай және тереңдетілген саралап оқыту көзделген. Бірінші басқышта негізгі мектептерде жаңартылған бағдарлама бойынша біріктіріліп оқытылатын физика және астрономия курсының өзіндік ерекшелігі әлемнің біртұтастығы мен материяның бірлігі деген принциптің алынуы.

«Физика және астрономия» пәнін оқытудың тиімділігі кейбір физикалық ұғымдарды астрономиялық бақылаулар толықтырып оқушының материалды толық меңгеруіне жағдай жасайды.

Орта мектептерде физиканы жемісті оқыту проблемаларының шешілуі оқу процесіне заман талабына сай, әрі ұлттық ерекшеліктерді ескеретін оқулықтардың, және сол оқулықтар негізінде оқытудың қандай жаңа әдістемелері мен оқу құралдарының енгізілуіне тәуелді. Осы мақсатта Р. Башарұлы, У. Тоқбергенова, Д. Қазақбаева авторлығымен жарық көрген орта мектептің 7-сыныбына арналған «Физика және астрономия» оқулығы сынақтан өткізіліп, 2002-2003 оқу жылынан бастап оқу процесіне ендірілген болатын. Авторлар оқулық жасауда басты мақсат етіп оқушыға өз бетімен білім алу үшін қажетті құрал дайындау деп санайтындығын айтады. Десек те жаңа оқулықтың кемшіліктері жеткілікті, ол түсінікті де, себебі жаңа Мемлекеттік білім беру стандартына сай жарық көрген алғашқы төл оқулық. Жіберілген техникалық қателерді айтпағанның өзінде әдістемелік кемшіліктер де баршылық. Оқушылардың жас ерекшеліктері, пән аралық байланыстар ескерілмей, кейбір оқу материалдарының мәтіні ауыр, шектен тыс ғылымиланған. Бұл қиыншылықтан пән оқытушысының асқан шеберлігі мен шығармашылық ізденістері, оқу процесінде жаңашыл педагогтардың озық әдістемелерін, оқу құралдарын қолдану алып шығады.

Физиканы 10-11-сыныптарда оқытудың арнайы мақсаттары мынаған саяды: оқушы бойында техниканың әр түрлі салаларының, химиялық және биологиялық құбылыстар мен процестердің негізінде физика және оның заңдары жататындығы туралы білімдерді, физиканың зерттеу әдістері мен зерттеушілік сипаттағы білімдерді құрастыра білу және кәсіби маңызды тәжірибелік біліктіліктерді қалыптастыру.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарға арналған физика курсының бағдарламасы 68 сағатқа есептелген. Курстың оқу материалы іргелі физикалық теориялар айналасына топтастырылған. Материалды осылай топтастыру гуманитарлық бағыттағы сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетінің ерекшелігіне байланысты және оларда теориялық ойлау элементтерін, танымдағы теорияның рөліне, теория мен эксперименттің ара қатысына байланысты әдіснамалық білім жүйесін қалыптастыруға, физиканың дамуын қоғамның, оның мәдениетінің дамуымен байланыстыруға, тарихи тұрғыдан қарауға мүмкіндік береді.

Қоғамдық-гуманитарлық бағдардағы сыныптарда «физика» курсын оқыту әрі қарай жоғары оқу орындарына түсу үшін емтихан тапсырмайтын оқушыларға пән бойынша мемлекеттік стандарт талаптарын қанағаттандыратын деңгейде білім беруді, физиканың жетістіктері мен принциптері туралы жеткілікті толық түсінік тудыруды ескереді.

Бұл сыныптарға арналған физиканы оқыту әдістемесінің жасалынбағандығы, базистік оқу жоспарында физикаға арналған сағат санының (аптасына 1 сағат) аздығы бұл бағдардағы курсқа елеулі көңіл бөлуді талап етеді.

Бұл сыныптарда сабақ беретін мұғалімдердің көпшілігі физика курсының кейбір тақырыптарын күрделі деп есептеп, оларды елеулі түрде қысқартып немесе тақырыптық жоспардан алып тастауда. Мұндай тұрғыдан қарау кезінде гуманитарлық сыныптардағы физиканы оқытудың мақсаттары мен оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерінің ерекшеліктері, олардың мүдделері мен кәсіби ниеттері ескерілмейді, ал бұл өз кезегінде оларда белгілі бір дәрежеде Әлемнің ғылыми-жаратылыстану бейнесі туралы түсініктері мен жаратылыстану ойлауын қалыптастыруға мүмкіндік бермейді. Гуманитарлық сынып оқушыларының физикадан білімді игеруі әдетте мектеп курсымен шектелетіндігін және олардың мектепте кеңістік, уақыт, қозғалыс, импульс, энергия және т. б. ұғымдар туралы қалыптасқан түсініктері де өзгеріссіз қалатындығын ескеру қажет. Оқушылардың Әлем туралы білімдерін тереңдету және кеңейту үшін, сонымен қатар олардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруда қазіргі заманғы физиканы оқытудың маңызы зор.

Оқушылардың қандай да бір пәнді зерделеуге қатысты арнайы қабілеттіліктерінің құрылымына қатысты психологтардың зерттеулерін талдай келе, қоғамдық-гуманитарлық бағдардағы сынып оқушыларына шығармашылық белсенділік және байқағыштық, әсерлілік сияқты жеке қабілеттіліктерді біріктіретін эстетикалық көзқарас, жадында көрнекі бейнелердің сақталуы, шығармашылық елестету, сезімталдық және тілдің мәнерлілігі тән екендігін атап өтеміз. Сондықтан қоғамдық-гуманитарлық бағдардағы сыныптарға арналған физика курсының оқу-әдістемелік кешенін дайындауда оқытудың жалпы және арнайы мақсаттары, оқушылардың қабілеттіліктері және оқу-танымдық іс-әрекеттерінің сипаты ескерілуі тиіс екендігін басшылыққа алдық.

1. 2. Жаратылыстану-математика бағытындағы мектептің 10-сыныбы физика курсының мазмұны

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптарда физиканы зерделеуге бөлінуі тиіс оқу уақыты принципті мәселе болып табылады. Физика-математикалық және жаратылыстану бағытындағы мектептер өздерінің жұмыстық оқу жоспарларын құру кезінде әрбір сыныпта физиканы оқыту үшін аптасына 5 және 4 сағат бөлінуін ескеруі қажет.

Жалпы білім беретін орта мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10 сыныптарына арналған оқулық Алматы қаласындағы «Мектеп» баспасынан В. Кронгарт, В. Кем, Н. Қойшыбаев авторларымен жарық көрді. Бұл оқулық жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныпта оқытылатан физика курсының оқу бағдарламасына сәйкес жазылған және мектеп оқулығына қойылатын талаптарды қанағаттандырады. Орта мектепте жоғары сыныптарды жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарды екіге бөлінуінің негізгі мақсатын басшылыққа ала отырып дайындалған бұл оқулықта жалпы физика курсының механика, молекулалық физика және термодинамика, электродинамика, электр және магнетизм (Эрстедтен Эйнштейнге дейін) тараулары қамтылады.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 18. 01. 05 жылғы №672 бұйрығымен бекітілген Ы. Алтынсарин қазақ білім Академиясында Р. Б. Башаров, У. Қ. Тоқбергенова, Д. М. Қазақбаева, Г. З. Байжасарова және Б. А. Кронгарт авторлығымен дайындалған орта мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-11 сыныптарға арналған бағдарламаларында 10 сыныпта «Физика» курсын оқытуға барлығы 102 сағат, яғни аптасына 3 сағаттан жоспарланған.

Физика курсының ұсынылып отырған бағдарламасы негізгі және вариативті бөліктерден тұрады. Вариативті бөлік белгілі бір дәрежеде әр мектептің ерекшелігін ескеруге мүмкіндік береді. Физика - математикалық бағыттағы мектептер мен сыныптар физика курсын ұсынылып отырған бағдарлама бойынша оның вариативті бөлігінде көрсетілген мәселелермен қоса, толық көлемде оқытады.

Бағдарламаның вариативті бөлігінің мазмұны оқушылардың физикалық құбылыстарды танып-білуге деген қызығушылығын дамытуға, ғылымның іргелі негіздері мен олардың қолданылуын өз бетінше зерделеу дағдысын қалыптастыруға бағдарланған.

Осы бағдарлама негізінде «Механика» бөліміне 22 сағат, оның ішінде «Кинематикаға» 8 сағат, «Динамика» тарауына 11 сағат, ал «Сұйықтар мен газдардың қозғалысы» тарауына 3 сағат бөлінген. Сонымен қатар, жалпы физика курсының «Механика» бөлімін оқытуда бағдарламада 17 көрсетілімдер және 9 лабораториялық жұмыс ұсынылған. Бұған дейінгі орта жалпы білім беретін мектептің физика пәнін оқу бағдарламасында қамтылған негізгі механикалық құбылыстар мен заңдарға қосымша жаңа оқулықта қатты дененің айналмалы қозғалысының динамикасы тарауы енгізілген. Мұнда, атап айтқанда: «Айналмалы қозғалыс заңының ІІ заңы», «Айналмалы қозғалыстың энергиясы және инерция моменті», «Импульс моменті және оның сақталу заңы» сияқты мектеп физика курсы үшін тың тақырыптар енгізілген. Астрономия пәнінде оқытылатын «Аспан денелерінің қозғалыс динами касы», «Кеплер заңдары және олардың математикалық негіздемесі» тақырыптары да жаңа оқу бағдарламасының ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Жаңа оқулықтың «Механика» бөлімінің тағы бір ерекшелігі негізгі физикалық заңдардың математикалық негіздемелері қорытылып, ол өрнектің физикалық мағынасы, одан шығатын салдарлар кеңінен талданған. Әрине бұл мәселелер мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты оқу материалын игеруде қиындықтар тудыруы мүмкін. Алайда таңдаған болашақ мамандығының профилдік пәні болып табылатын физика ғылымын терең игерту мақсатында жасалған бұл қадам өз үмітін ақтайды деп сенеміз.

Жалпы физиканың келесі бөлімі «Молекулалық физика және термодинамика» бөлімін оқытуға 28 сағат: «Молекулалық-кинетикалық теория негіздері» -12 сағат, «Термодинамика негіздері» -11 сағат, «Сұйықтар мен газдардың қасиеттері» -3 сағат, «Қатты дене механикасының қасиеттері»-2 сағат бөлінген. Жаңа оқу бағдарламасында жалпы физиканың бұл бөлімін оқытуда да қалыптасқан дәстүрлі оқу материалдары жаңа тақырыптармен: «Нақты газдар», «Ван-дер-Вальс теңдеулері», «Пуассон теңдеуі», «Сұйықтың беткі қабатының қасиеттері», «Қыл түтікті құбырлар», «Жылулық құбылыстар» кеңейтілген. Бұл бөлімді оқыту барысында 15 көрсетілім және 7 лабораториялық жұмыстар ұсынылған. «Молекулалық-кинетикалық теория негіздері» тақырыбының негізгі идеясы заттың дискреттік күйінің теориясын негіздеу және ретсіз (хаосты) қозғалыстағы бөлшектердің қозғалысын сипаттау болып табылады. Идеал және нақты газдардың МКТ-ның негізгі теңдеуін тұжырымдау, жылулық процестердің қажеттілігінің себептерін көрсету кезінде статистикалық идеялар жүзеге асады, сондай-ақ бұл идеялар өткізгіштің электрондық теориясын, кванттық оптиканы, атом және атом ядросы физикасын баяндау кезінде жалғастығын табатын болады.

«Электродинамика» бөлімі жалпы физика курсының негізгі бөлімдері болып табылады. Бұл бөлімде оқытуға жаңа бағдарламада 42 сағат жоспарланған. «Электростатика» тарауын оқытуға 10 сағат, «Тұрақты электр тогы» тарауына 10 сағат, «Магнит өрісі»-6 сағат, «Электромагниттік индукция» тарауын оқытуға 6 сағат және «Әр түрлі ортадағы электр тогы» тарауын оқытуға 10 сағат жоспарланған. Бұған дейінгі орта білім беретін мектептің физика пәнінің оқу бағдарламасымен салыстырғанда жаңа оқу бағдарламасында электродинамика бөліміне қатысты да құрылымдық және мазмұндық ерекшеліктер бар. Жаңа оқу бағдарламасының электродинамика бөліміне қатысты мазмұндық ерекшеліктері ретінде «Кирхгоф ережелері», «Био-Савар-Лаплас заңы», «Соленойд пен торойдтың магнит өрісі», «Термисторлар» т. б. тақырыптарды атауға болады. «Электродинамика» тарауын оқыту барысында бағдарламаға сәйкес 19 көрсетілімдер және 5 лабораториялық жұмыстар орындалады. Бағдарламада уақыт қорына 10 сағат бөлінген.

Орта білім беретін жаратылыстану-математика бағытындағы сыныптарда физика пәнін оқыту нәтижесінде оқушының дайындық деңгейіне мынандай талаптар қойылады:

Механика бойынша:

-механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы; лездік жылдамдық және үдеу, импульс сияқты ұғымдар мен шамалардың физикалық мағынасын түсінуі;

-нақты мысалдар арқылы инерциялық санақ жүйелерінің теңдігін көрнекі түрде көрсете білуі;

-импульстің сақталу заңын реактивті қозғалысты түсіндіруге қолдана алуы;

-бүкіләлемдік тартылыс заңын ауырлық күшінің планетадан алыстау қашықтығына байланыстығын түсіндіруге пайдалана білуі;

-механикалық қозғалысты, серпімді деформацияны байқауға болатын белгілерді атай алуы;

-тең үдемелі түзу сызықты қозғалыс кезіндегі кинетикалық шамалардың уақытқа тәуелділігін көрсететін графиктерді салып, оқи алуы;

-көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің ұшу қашықтығы мен көтерілу биіктігін есептей білуі;

-денелердің серпімсіз соққыдан кейінгі жылдамдықтарын, олардың берілген массасы мен соқтығысуға дейінгі жылдамдықтары бойынша есептер шығара алуы;

-ньютон механикасының қолданылу аясы мен саласы білуі тиіс.

Молекулалық физика және термодинамика бойынша:

-Зат мөлшері, заттың молярлық массасы; идеал газ, температура, қаныққан және қанықпаған булар сияқты ұғымдар мен шамалардың физикалық мағынасын түсінуі;

-Газдардың кинетикалық теориясының негізгі теңдеуін, МКТ немесе зат бөлшектерінің ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы мен температураның байланысы формуласын газ параметрлерінің біреуін есептеуге, басқа параметрлері белгілі болған жағдай үшін қолдана алуы;

-Температураның мәнін Цельсий шкаласынан Кельвин шкаласына және керісінше түрлендіре алуы;

-Мәңгі қозғалтқыштың мүмкін еместігі, броундық қозғалыс сияқты бақылаулар мен эксперименттердін нәтижелерін түсіндіру;

-р, V; р, Т және V, Т координаттарындағы графиктер бойынша изопроцестердің сипатын анықтай алуы;

-Жылу берілу және жұмыс істеу кезіндегі заттың ішкі энергиясының өзгеруін есептей білуі;

-Заттың меншікті жылу сыйымдылығын өлшеу алуы;

-Газдардың кинетикалық теориясының қолданылу аясы және саласын білуі;

-Нақты мысалдар арқылы жылу энергетикасының экологиялық проблемеларын түсіндіре алуы тиіс.

Электродинамика бойынша:

-Электромагниттік өріс, электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар айырымы, ЭҚК сияқты ұғымдар мен шамалардың физикалық мағы- насын түсінуі,

-Біртекті магнит және электр өрістеріндегі электр зарядтарының қозғалыс түрін анықтай алуы,

-Металдардағы, электролит ерітінділеріндегі және шала өткізгіштердегі электр тогының табиғатын түсіндіре білуі,

-Ток көзінің ЭҚК-і мен ішкі кедергісін өлшей алуы,

-Электр өрісіндегі электр зарядына әсер ететін күшті; электр өрісіндегі электр заряды осы өрістің екі нүктесі арасында орын ауыстырған кездегі жұмысты, потенциалдар айырымы мен зарядтың өзара әрекеттесу күшін; Фарадей заңын пайдаланып индукция ЭҚК-ін есептей білуі,

-Электромагниттік индукцияны, магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әрекетін практикада пайдалануға мысалдар келтіре алуы,

-Мәліметтерді лазерлік дискілерге жазу және сақтау принциптері туралы түсінік алуы тиіс.

Курстың барлық негізгі бөлімдері ғылыми таным әдістерін пайдалану тұрғысынан қарастырылған және олар әлемнің бірыңғай физикалық бейнесін қалыптастыруға себептеседі. Ізденушілік сипатындағы лабораториялық жұмыстарды орындау, күрделілігі әр түрлі есептерді шығару арқылы оқушылар әртүрлі іс-әрекет тәсілдерімен, сондай-ақ теориялық материалды оқып-үйрену кезінде индуктивті және дедуктивті қорытындылар жасау, модельдеу, ойша тәжірибе және т. б. іс-әрекет түрлерімен қаруланатын болады.

1. 3. Физика пәнінен факультативтік сабақтар жүйесі.

Физикадан факультативтік курстар

Физиканы тереңдетіп оқыту негізінен факультативтік сабақтарда жүзеге асырылады. Жоғары сыныптарда (10-11сыныптар) факультативтік сабақтармен бірге физиканы тереңдей оқытудың өзгеше де формасы бар, ол физиканы теориялық және практикалық жағынан тереңдетіп оқытатын мектептер, лицейлер мен сыныптарда жүзеге асырылып келеді.

Физика жөніндегі факультативте, физиканың негізгі сабақтары бағдарламасымен тығыз байланысты, бағдарлама бойынша жүйелі түрде сабақтар ұйымдастырылып отырады. Факультативтік курстарды оқып үйрену топтарына оқушылар өз қалауымен алынады.

Физика жөніндегі факультативтік курстарды оқып үйренетін топтар бір сыныптың немесе бірнеше параллель сыныптардың оқушыларынан құралады. Топтағы оқушылар санын мектеп директоры белгілеп береді, алайда факультативті ұйымдастыру үшін бір топтағы оқушылар саны 10-нан кем болмауға тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дыбыстың физикалық сипаттамалары
Физикадан факультативтік сабақтарды өткізу әдістемесі
Факультатив курстардың маңызы
Физиканы оқыту әдістемесі – педагогикалық ғылым, оның зерттейтін мәселелері мен зерттеу әдістері. Физика курсының басқа пәндермен байланысы
Физикалық олимпиадалардағы шығармашылық есептерді шығару әдістемесі
Оқыту әдістерінің классификациясы
Физиканы оқыту әдістемесі – педагогикалық ғылым саласы, оқытудың негізгі мәселелері мен тәсілдері
Шетелдегі халыққа білім беру жүйесі
Физиканы оқыту әдістемесі
Орта мектепте факультатив курстарында электротехниканы оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz