Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясының тиімділігі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ
Курстық жұмыс
Бас тауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясын оқу сабағында қолдану
Оқу бөлім: Сырттай
Мамандығы: Бастауышбілім беру
Біліктілігі: Бастауыш білім беру мұғалімі
Оқу курсы: 3
Тобы: 31 б
Ғылыми жетекші:Жапарқұлова Н.А.
Орындаған: Нариманова Нуриям
Алматы 2014 жыл
Жоспар
I.Кіріспе бөлім
ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Технология ұғымы және оның оқу үрдісіндегі рөлі
2.2. Дамыта оқыту технологиясын сабақ барысында пайдаланудың тиімді жолдары.
2.3. Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясының тиімділігі
2.4. Дамыта оқыту технологиясы бойынша бастауыш сынып оқушыларының жазба тілін дамытуға арналған жаттығулар.
2.5. Дамыта оқыту технологиясы бойынша сабақ үлгілері.
III. Қорытынды бөлім
Мазмұны
I.Кіріспе бөлім
ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Технология ұғымы және оның оқу үрдісіндегі рөлі
2.2. Дамыта оқыту технологиясын сабақ барысында пайдаланудың
тиімді жолдары

2.4.Дамыта оқыту технологиясы бойынша бастауыш сынып оқушыларының жазба тілін дамытуға арналған жаттығулар
2.5. Дамыта оқыту технологиясы бойынша сабақ үлгілері
III. Қорытынды бөлім
Зерттеу өзектілігі: Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлесі қалыптасуда. Бұл процес білім программасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол балаға өзін-өзі өзектендіруге, өзін толытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Дене Декарттың трактатында: Өзін-өзі тану жолындағы еңбек - ең құнды еңбек, деп көрсетілген. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білік, дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қамтып отыр. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығарып, оқу үрдісіне еңгізу. АҚШ-та, Ұлыбританияда, Ресейде т.б мемлекеттерде жүргізілген зерттеулерде оқытудың технологиялық тәсілінің тиімділігі дәлденген.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 3 тарауының 11 бабында осылай айтылған:
1 ) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді
пайдалану;
Сондай- ақ Қазақстан Республикасының жалпы білім беру Мемлекеттік стандартының 4 бөлімінің 4,6 тарауында: Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім мекмелері стандарт бойынша берілген оқушылардың дайындық деңгейіне жету үшін тәрбиелеудің, оқытудың, дамытудың денсаулық сақтау ортасын қамтитын әр түрлі әдіс-тәсілдер мен педагогикалық технологияларды қолдануға болады-, деп жазылған.
Осыған сүйеніп, өз басым оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру мақсатында жаңа технологияларды үйреніп, олардың сабаққа берер пайдасы және оқушы білімін кеңейту, ой-өрісін жетілдіру, тілдерін дамыту, шығармашылықтарын арттыру, оқуға деген ынтасын жоғарлатудың оңтайлы жолдарын табуды көздедім. Қазіргі кездегі кеңінен қолданылып жүрген дамыта оқыту технологиясын осы жұмыста барынша көрсетіп, олардың сабақтың тиімділігін арттырудағы әсері мол.
Зерттеудің мақсат-міндеті:
Еліміздегі және әлемдік білім стандарты негізінде оқыту үрдісіндегі жаңа инновациялық технологиялардың көзін зерделеу.
Балалардың оқу - таным әрекетін ұйымдастыру және оны іске асыру.
Оқу - таным әрекетіне түрткі (мотивация) жасау, әсер ету;
Оқу - таным әрекеттерінің тиімділігін тексеру;
Зерттеу объектісі: бастауыш сынып (1-4 сынып) оқушылары.
Зерттеу пәні: қазақ тілін оқыту әдістемесі.
Зерттеу әдістері: бақылау, әңгіме, мектеп құжаттарын зерттеу, оқушылардың жұмысын зерттеу, шығармашылық, болжамдық, практикаклық әдістер.
Жетекші идея: бастауыш білім беру үрдісіндегі шеберлікті, оқыта отырып дамытуды сабақтастыруды жүйелеу, баланың қоғам туралы дүниетанымының дұрыс қалыптасуына ықпал ету.
Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, тезаурустан, пайдаланған әдебиеттер мен практикамен байланыстан тұрады.
Кіріспе
Соңғы кездерде педагогикалық технология жөнінде жиі сөз қозғалып жүр. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең озық, тиімді, ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдарын іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек. Педагогикалық технология дегеніміз не? Педагог- ғалым Беспалько өзінің Слагаемые педагогической технологии деген еңбегінде былай дейді: Оқу тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асуы - белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы. Педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді нақты жолдарын көрсетеді.Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Әлеуметтік-экономомикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты атты жолдауындағы 7-бөлімінде: Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор.Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу.Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор.Үшіншіден, біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет,ХХІ ғасырда білім беру ісін дамыта білмеген мемлекет құрдымға кетері хақ. Сондықтан біз болашақта жоғары технологиялық және білікті өнеркәсіп мамандарының шоғырын қалыптастыруымыз қажет-, деп атап көрсеткен.Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімге қазіргі таңда талап өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің инновациялық іс -әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруы қажет. Жалпы білім беретін мектептерде бүгін белең алып отырған кемшілік те жетерлік.
Олар мына төмендегідей:
- білім сапасының төмендігі;
- білім сапасына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен, оқудың нәтижесінің болмауы;
- оқушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы;
- Сабаққа қызығуының төмендігі;
- Оқушылардың және оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбегінің болмауы;
Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің алғашқы шарты: мұғалімдердің иннновациялық іс-әрекетін қалыптастыру болып табылады. Жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.
Қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабы оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр.
Бастауыш мектеп - баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу оның тұлға ретінде өзін-өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Қазіргі таңдағы мұғалім оқушы үшін дайын білім көзі болмай, керісінше кіші мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білуі қажет. Қазіргі кезде ҚР-да 12 жылдық 1-2 сыныптарында оқулықтарымен оқу әдістемелік кешендер сынақтан өтуде. Кіші мектеп жасындағы оқушының негізгі ерекшелігі - білімді қазығушылықпен алуы. Бүгінгі таңда өмірде болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғамның шығармашылық әрекетпен шығырмашыл тұлғаға мұқтаж екендігі дәлелденуде. Ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, ұлттық мектептердің кеңінен ашыла түсуі - пән мұғалімдеріне күрделі міндетті жүктеп отыр. Бұрынғы догмалық әдістерден арылып, тиімді әдістемелік жолдарды қажетіне қарай пайдаланып отыру тәжірибеге айналып келеді.
Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім стандарын енгізу, соған сәйкес кәсіби шеберлігі дамыған кадрларымен қамтамасыз ету өркениетті ғылыми әдістемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру т.с.с. білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды істер.
II Негізгі бөлім
2.1 Технология ұғымы және оның оқу үрдісіндегі рөлі
Елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мақсатында жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашалық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екені сөзсіз. Ұлы неміс педагогы А.Дистервег: Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді - деген.
Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең озық, тиімді, ізденістерін, тәжірибелерін жалғасытырып, тың жолдарын іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек. Педагогикалық технология дегеніміз не? Технология - tehne (шеберлік, өнер, білім) деген мағынаны білдіретін грек сөзі. Академик В.М. Монаховтың айтуы бойынша: технология- оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы, оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі. Ал педагог- ғалым Беспалько өзінің Слагаемые педагогической технологии деген еңбегінде былай дейді: Оқу тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асуы - белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы.
Президентіміз Н.А. Назарбаев айтқандай, сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыруының және инновациялануының негізіне айналуы тиіс. Бұл мәселе жалпы білім беретін мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Еліміздің болашағы орта мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни, оқушыдан шығары анық, өйткені, ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар- бүгінгі мектеп оқушысы.
Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда қойылатын талап өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің инновациялық іс -әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруы қажет. Сонда ғана жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген, өз практикасында қолданған әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.
Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды: оқып үйренеді, екнішіден, меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады, төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді.
Жаңа педагогикалық технологиялар педагогика ғылымының жаңа саласы. Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Инновацияны жаңалық, жаңа әдіс, өзгеріс, әдістеме, жаңашылдық, ал инновациялық үрдісті жаңа әдістеме құралы деп атауға болады.
Инновацияны қолдану дегеніміз, инновацияны шаблон, трафарет ретінде пайдалану емес, өйткені әр мұғалімнің өз іс тәжірибесі бар. Бірақ, инновацияны қолдану арқылы мұғалім өз іс тәжірибесін байытып, еңбегін жеңілдетіп, белгілі бір нәтижеге жету- педагогиканың ең асыл заты болып табылады. К.Д Ушинский. айтқандай, іс тәжірибе толық көшіріліп алынбайды, тек оның негізгі ойы ғана алыну мүмкін. Осы негізгі ойды түсініп оларға шығармашылық көз қараспен қараған мұғалім технология бойынша жұмыс атқара алады.
Өмір талабы бойынша оқушы қазіргі кездегі сабақта қонақ болып отырмай, оның негізгі кейіпкері болу керек. Осыған қарай нәтижеге жеткізсе, әр технология тиімді. Қазіргі заманда жиі кезесетін технологиялар № 1 кестеде көрсетілген:
№1 кесте
№
Технологиялар атауы
Авторлары
1
Саралап деңгейлеп оқыту
Қараев Ж.А.,Кобдикова Ж.У.
2
Модульдік оқыту технологиясы
Жампеисова М.М.
3
Дамыта оқыту технологиясы
Тұрғымбаев Т.,Эльконин Д.Б.
Давыдов В.В.,Зайцев В.
4
Проблемалық оқыту технологиясы
Монахов М.
5
Ірі блокпен оқыту технологиясы
Шаталов, Эрдниев П.М.
6
Жобалау әдістемесі
Дж. Дьюи
7
Сын тұрғысынан ойлау
Джинни, Л. Стил, С.Крутис, Ч.Темпл
8
Жеделдетіп оқыту технологиясы
(тілді дамыту)
Жүнісбеков Ә.
9
Алдын-ала оқыту технологиясы
Лысенкова А.
10
Тұлғалық гумандық технологиясы
Амонашвили Ш.
11
Шоғырландырып- қарқындап оқыту
(Концентрированно-интенсивноеобучен ие)
Нұрахметов Н.Н.
Абдығалиев К.А.
12
Жүйелілік тұрғысынан оқыту технологиясы
Ғалиев Т.Т.
13
Интерактивті оқыту технологиясы
Каменский Я.А.
Бұл әрине, барлық технологиялардың толық тізімі емес.
М.Монаховтың жоғарыда айтылған сөзінен, технология- оқу үрдісін жобалаудың жүйелік әдісі... Педагогикалық технологияны дұрыс жобалау үшін мынандай 5 элемент керек:
1. Мақсат қою.
2.Болжау. Оқушылар еңбегін болжау дегеніміз: деңгейлік оқытуға бағытталып құрылған өздік жұмысы.
3. Оқушылардың сабақтан тыс өз бетімен орындайтын жұмыстары.
4. Логикалық құрылым. Шағын мақсаттың мазмұны мен саны оқушылардың даму аймағын және уақыт бойынша әр аймақтың ұзақтығын анықтайды.
5. Түзету. Қарастырып отырған сұрақтағы мүмкін болатын қиындықтар: оқушылардың көп жіберетін қателері, оқушының оқу стандартты деңгейіне көтерудің педагогикаға тән шаралар жүйесі.
Сонымен қатар, педагогикалық технологияны құрудың алғашқы сатысы мынандай баптардан тұрады:
:: Мұғалімді әдістемелік қамтамасыз ету
:: Мектеп оқулықтарын дайындау жүйесі
:: Мұғалімнің кәсіпкерлік дайындық жүйесі
:: Оқу үрдісін жобалау
Нәтижесінде оқу технологиясы төмендегі мақсаттарға жетуі тиіс:
Оқушыны илеуге көне қоятын объект деп қарамай, табиғат берген қасиетін, күш қуатын шыңдайтын, қабілетін дамытатын жеке тұлға деп мойындау;
Жеке тұлғаның мемлекеттік және жергілікті жердің мүддесін ұштастыруы;
Оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне, бейімділігіне, қабілетіне қарай білім мазмұнын міндетті түрде игеретін деңгейлерін анықтау;
Оқушыға Білім туралы Заңға сәйкес өз бағасын таңдауға мүмкіндік беру;
Жалпы білім беру мекемелерінің көп түрлілігін нақтылау;
2.2. Дамыта оқыту технологиясын сабақ барысында пайдаланудың тиімді жолдары
Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өзпікірін білдіре жауап беруге дағдыланады.
Дәстүрлі оқытуды салыстырмалы түрде сипаттай кетсек, дәстүрлі сабақтарда мұғалімнің міндеттері, атқарар істері үшан теңіз. Ол тыңдайды, сұрақ қояды, жазады, түсіндіреді, көрсетеді, тексереді, бағалайды. Оған кедергі келтірмей тып-тыныш тындау керек. Ендігі жағдай басқаша. Мұғалім - ақылды, бірақ барлығын өзі айтып бере салмайды. Ол өз пәнін жетік біледі, бірақ өз білімімен таңқалдыруға тырыспайды. Мұғалім мәселе қояды, ойлаудың жолдарын ашады, әрекеттің барысына бағдар береді, жетектейді. Осылайша оқушы қоғам , ғылым шешіп қойған , бірақ ол үшін жаңа болып табылатынпроблеманы шешуге кіріседі. Оқу әрекетімен айналысады. Үлгі бойынша білім алуға үйренген баланың шығармашылық қабілеті шектеліп, табиғи мүмкіндігі жойылады. Ал әр сабақ сайын ізденуге үйренген бала, кез-келген проблеманы тез шешуге үйренеді. Қорыта айтқанда дәстүрлі оқыту әдістемесі сандық, мазмұндық, ал дамыта оқыту технологиясы негізінен сапалық, мәнділік әдіснамасы деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балаға білім, білік дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруге мақсат тұтатын принциптерге негізделген.
Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге , алған білімді пайдалана білуге үйретеді.
Дамыта оқыту идеясын алғашқылардың бірі болып 1959-1960 жылдары қолға алған академик Л.В. Занковтың басшылығымен жасалған. Бұл жүйе дәстүрлі оқытудан төмендегі ерекшеліктерімен, өзгешіліктерімен айқындалады.
-Оқу мазмұнындағы өзгешеліктер;
-Масаттағы айырмашылықтар;
-Дидактикалық принциптердегі өзгешеліктер;
-Әдіс-тәсілдердегі ерекшеліктер;
-Оқытуды өзгеше ұйымдастыру;
-Мұғалім еңбегінің нәтижелілігін анықтаудың жаңа көрсеткіштері;
-Мұғалім мен оқушы арасындағы жаңаша қарым-қатынас.
Л.В. Занков жүйесіне сәйкес бастауыш мектептің негізгі мақсаты баланы жалпы оқытып дамыту. Ал жалпыдаму деп байқампаздығын, ойлауын дамыту және практикалық іс-әрекеттерін меңгеру қабылданады. Сондай-ақ ақыл,ерік-жігері, сезімдерінің дамуы алынады. Занков жүйесіндегі ерекше тоқталуды қажет ететін кейбір принциптердің мәнін ашайық.
Жоғары қиындықта оқыту принципі. Бұл қағида баланың қиындатылған тапсырмаларды орындауға мүмкіндігінің бар екеніне көз жеткізеді.
Шведтік нейробиолог Холгер Хиден өз зерттеулерінде баланың миындағы клеткалардың бір-бірімен байланыстыратын талшықтар (нейрондар) тек ойлау әрекеті болған жерде ғана молайып, жиілей түсетіндігін, сондықтан өте жас кезде баланың миын жұмыс істеуге ынталандырып отыру керектігіне назар аударады. Белсенді ой қызметінсіз клеткалар бай талшықтар құрай алмайтындығын, содан барып олардың қызметі төмендеп бара-бара жойылатындығына көзімізді жеткізеді. Ғылымда белгілі себептермен аңдар арасында қалып қалған балалардың қайта адам қалпына келе алмауына басты себеп осы болар.
Дамыта оқыту жүйесінің авторлары бала ойлауын абстрактіден қарапайымға қайта жетелейді. Мысалы: А әрпін өткенде алманы көрсете тұрып, оның не екенін, дәмі, түрі, формасы қандай екенін сұрағаннан гөрі, ол туралы не білетінін, не айта алатынын сұрап білудің баланы дамыту үшін тиімділігі зор екенін айтады. Бұл принципте жеңіл-желпі тапсырмалар орнына, баланың тапқырлығын зерделілігін дамытатын шығармашылық тапсырмалар орындау үлкен нәтиже береді.
Дамыта оқыту жүйесінің маңызды принциптерінің бірі - теориялық білімнің жетекші ролі принципі. Бұл теорияда оқыту барысында қарапайым бақылаулар, зерттеулер жасау арқылы өмір заңдылықтарына көздерін жеткізу, қорытынды жасауға дағдыландыру. Заттар мен құбылыстардың тек сыртқы қасиеттері ғана емес ішкі байланыстарын заңдылықтарын меңгеру, олардың танымын тереңдететіндігі анықталады. Мысалы, жыл мезгілдері туралы сөз өткенде, біз ешқашан жасыл болып жайқалып тұрған ағаш жапырақтарының күз түсе сарғайып, ал қыста мүлдем түсіп қалатындығын неге байланысты екендігіне тоқталамыз. Қоршаған орта мен өмір заңдылықтарына көздерін жеткізіп қорытынды жасауға дағдыландырамыз.
2.3 Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясының тиімділігі
Психолог Л.С. Выготскийдің айтуынша Бала дамуының ең шарықтау шегі- бұл тіл мен ойдың шығармашылығы. Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуіде жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады. Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. Бастауыш саты- бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп - оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Президент жолдауында: Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен анықталады- деген байламы жеке адамның құндылықтарын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.
Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен дамыта оқыту технологиясы басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы негізінде жазылған. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі Дамыта оқыту технологиясындағы сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білу тиіс.
Оқу - адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. Даму ұғымы сөздікте ...мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы -деп түсіндіріледі. Даму ұғымының психологиялық анықтамасы - жаңарту процесі жаңаның өмірге келуі, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Оқыту мен дамытудың арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С Выгодский.
И.Я Лернер Даму деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл- ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.
Л.В. Занков ақыл - ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар: байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс- әрекетті атқара білу. В.В. Давыдов ақыл ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.
Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынды.
Метеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдері қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Дамыта оқытудың ЕРЕКШЕЛІГІ:
* оқушыларды еріксіз және қыстамай оқыту;
* оқушылардың білім алуға деген қызығушылықтарын дамыту үшін
тақырыптарды жаңа бір қырынан қайталауды ұсынып отыру;
* білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;
* оқушыға өз деңгейін таңдауға ерік беру;
* оқушыларға берілетін білімнің саралануы;
* оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
Дамыта оқыту деген термин психологияғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейінің типтерін (Л.В. Выготский, А.Н. Леонтьева, С.Л. Рубенштейн) және басқа да психиканың функциясы зерттелген (Б.Г. Ананьев, Г.С. Костюк, А.А. Люблинская, Н.А. Менчинская) және т.б. іс - әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н. Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды.
Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, ал екіншісін Л.В. Занков басқарды.
Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы
Педагогикалық процесінің компоненттері
Мазмұнындағы басылымдық дәстүрлі иллюстрациялық түсіндірме әдісі
Дамыта оқыту
Мақсат
Оқушыларда білім білік дағды қалыптастыру
Байқампаздығын, ойлауын, практикалық әрекетін дамыту.
Бастапқы мазмұн
Факторлар, мысалдар, тақырыптар, дәлелдер
Заңдылықтарды, теорияларды,ұғымдарды, ережелерді қорыту.
Оқытудың формалары
Жеке, топтық, фронтальды
Бірлесккен ұжымдық іс-әрекет
Оқыту әдістері
Ауызша түсіндіру, көрнекілік, практикалық
Проблемалық баяндау, ізденушілік, зерттеушілік, ойлау
Бақылау, бағалау
Оқытудың нәтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауы
Өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау,рефлексия
Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажеттіақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді байдалана білуге үйретеді.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амал - тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта- ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей үш құрамдас бөліктерден тұратын болады.
1. Оқу мақсаттарының қойылуы;
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыруы;
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл - үшеуі дамыта оқытудың Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов жасаған жүйенің негігі компоненттері.
Оқушы алдында оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу, іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенімен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.
Біріншіден- дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.
Екіншіден- дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып, өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушы өзінің деңгейіне дамуына қол жеткізе алады. (Жақсы оқушы, жаман оқушы) ұғымның болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.
Үшіншіден - оқушының жеке басын дамытатын басты құрал - ол өзінің әрекеті. Себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.
Төртіншіден - дамыта оқыту жүесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым - қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы - орындаушы объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көз қарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы субъект.
Дамыта оқыту технологиясының нәтижелері:
1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
3. Олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;
4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;
5. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;
6. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркінігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;
7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.
Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтар типологиясы:
+ Педагогикадағы түсіндірмелі-иллюстративті әдісті алмастырады. Бұл әдіс тұлға дамуымен тығыз байланысты.
+ Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі мен ерекшелігін сәйкестендіреді.
+ Бала іс-әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады.
+ Балаға қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі.
+ Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.
+ Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.
Осылайша дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде оқушылар сабақтың мақсат, міндеттерін өздері анықтайды, проблеманы шешу жолдарын іздестіреді, жаңаны өздері табады, оқушылармен кеңеседі.
Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақтарды даярлау және өткізу этаптары.
:: Әдістемелік іс-әрекет жағдайында мақсат пен міндеттерді меңгеруі. Сабақтың мазмұны. Оқу жағдайларын ескеру. Әдістемелік тәсілдерді қолдану.
:: Келесі сабақтың моделін жоспарлау.
Сабақтың негізгі мақсаттарын анықтау. Сабақтың әр этабында оқушының негізгі іс-әрекеттерін анықтау. Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін таңдау.
:: Сабақты жүргізу.
Әр сабақтағы баланың іс-әрекетін ұйымдастыру. Оқушымен жанама қарым-қатынас. Жұмыс барысын бақылау жұмысы.
:: Рефлексия.
Сабақтың қорытынды бағасы. Мақсатқа жету. Тақырып бойынша өзгерістер еңгізу. Оқыту нәтижесін талдау.
Дамыта оқыту оқушылардың ізденгіштік-зерттеушілік іс-әрекетіне тән. Оған тән сипаттар:
oo Оқушының алдына ізденуді жүзеге асыру қажеттілігін тудыру керек;
oo Іс-әрекеттің бастапқы кезеңі - оқушылардың алдына олардың әрекет жағдайын жаңаша талдап, оны жаңаша түсінуді талап ететін оқу міндеттерін қою;
oo Осы міндеттерді шешуді, яғни іздену іс-әрекетін ұйымдастыру, мұнда үлгі көрсетілмейді, сондықтанмұғалім оқушылардыіздену іс-әрекетіне тартуы қажет, ол үшін шарттарды орындауы керек.
1. Мұғалім өзара ізденуге басқарушы болмай, шын мәнінде қатынасушы болуы керек.
2. Ол оқушылар жүргізіп жатқан ізденуді шын мәнінде жүзеге асыру керек, оларға дұрыс шешім көрсету керек.
3. Оқу міндеті шешілгеннен кейін мұғалім табылған шешімнің бағасын ұйымдастырып, оның басқа міндеттерді шешу үшін қаншалықты пайдалануға болатынын түсіндіреді.
Дамыта оқытудағы мұғалімнің басты міндеті:
-оқу материалдарын оқушыға дайын күйде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс- тіжірибесінде қолдануды үйрету.
2.4. Дамыта оқыту технологиясы бойынша бастауыш сынып оқушыларының жазба тілін дамытуға арналған жаттығулар
Қазақ тілін оқушыларға нәтижелі үйрету үшін оны оқыту әдістемесін жетілдіру - бүгінгі күннің басты мәселесі. Себебі, оқушылардың берілген білімді саналы түрде ұғынуын, өмірге деген өзіндік көзқарасының дамуы, басқа ғылым негіздерін меңгеру нәтижелері ана тілінде сөйлеу деңгейіне байланысты. Сол себепті де оқыту процесінде жетістіктерге жету үшін оқушыларға ана тіліміздің қыр-сырын ауызша сөйлеу тілін де, жазу мәдениетін де ұғындыруымыз қажет. Сондықтан оқыту технологияларын оқу мазмұнына оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынаудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтылық, адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Ұстаз үшін ең негізгі мақсат - әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы - оқушыларға білім беру, тәрбиелеу барысында кеңінен қолданылып жүрген оқушылардың білім сапасын көтеруде жағдай жасайтын сабақты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz