БАНК ӨТІМДІЛІГІНІҢ ТӘУЕКЕЛДІЛІГІН БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІНІҢ ДАМЫП ЖЕТІЛУІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 БАНКТІК ӨТІМДІЛІКТІ БАСҚАРУ ПРОЦЕСІ
1.1 Банктік өтімділікті басқарудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Өтімділікті шешу жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
1.3 Өтімділік тәуекелділігі: маңызы, сипаттамасы және негізгі түсініктері
... ... ..
2 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНК ӨТІМДІЛІК БАСҚАРУЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасының банктік секторының жағдайы
... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Екінші деңгейдегі банктер үшін өтімділікті басқару әдістері
... ... ... ... ... ... ...
2.3 Банк мысалында өтімділікті басқаруды талдаудың сапасы
... ... ... ... ... ... ... ...
3 БАНК ӨТІМДІЛІГІНІҢ ТӘУЕКЕЛДІЛІГІН БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІНІҢ ДАМЫП ЖЕТІЛУІ
3.1 Стресс-тестілеу екінші дәрежедегі банктердің банк мысалындағы өтімділік
тәуекелділігіне ұрынуының сценариі сияқты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.2 Өтімділік тәуекелділігі кезіндегі банк іс-шараларының жоспары
... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОСЫМША

... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1 ТАРАУ. БАНКТІК ӨТІМДІЛІКТІ БАСҚАРУ ПРОЦЕСІ
1.1 Банктік өтімділікті басқарудың теориялық негіздері
Көптеген ЕДБ үшін өтімділікті басқару міндеті маңызды болып табылады.
Өтімділік бойынша туындайтын мәселелер жоғары пайда түсіретін банктерде де
болуы мүмкін.
Банк ұжымының тіршілігі үшін ең маңыздысы тімділік немесе активтер
көбеюін қаржылыландыру мүмкіндігі және мерзімі келуі бойынша міндетін
орындау болып табылады. Сондықтан, өтімділікті басқару – банкте жасалатын
ең маңызды жұмыстың бірі.[1]
Өтімділік – бұл өте күрделі және ең негізгі факторлардың бірі. Ол
банктердің сенімділігін және қаржылық жағдайын анықтайды, сонымен қатар
банктердің өз міндеттемелерін қажетті мерзімде, өз уақытында жабуды
қамтамасыз ете алатын қабілетін анықтайды.
Өтімділік термині – жеңіл өтімділік, сату, материалдық құндылықтың
ақшалай құндылыққа айналуы және Коммерциялық банктің Тіршілігі- нің
негізі ең алдымен оның өтімділігінде. Өтімділік нарықта нарық бағасымен
қанша мөлшерде актив сатылатынын көрсетеді. Өтімділік нарығы - нарыққа
қатысушылар нарық бағасына еш айтарлықтай ықпалсыз қыруар көп және тез
арада жұмыс бекіте алатын нарық. [2]
Осылайша, екінші деңгейлі банктің өтімділігінің негізі ретінде банктің
аздап кешігіп, өзінің қаржылық қажеттіліктерін өз уақытында қамтамасыз ету
қабілеті барын түсіну керек. Банк өтіміділігі банкке тартылған активтер мен
пассивтер орналасу мерзімдерінің сәйкестігі және актив пен пассивтердің
баланстылығымен анықталады. Сонымен қатар өтімділік активтерін сату
мүмкіндігімен және қысқа мерзім ішінде өте аз шығынмен, әртүрлі қаржы
құралын салып ақша қаржысын алуды ойластыру.
Төлемқабілеттілік - термині банктің өз міндеттемелері бойынша дәл өз
уақытында және толық көлемде жауап беру қабілеті. Өтімділік қажетті және
міндетті, сонымен қатар төлемқабілеттілік мемлекеттен немесе аймақтардағы
саяси экономикалық жағдай факторларына, ақша және құнды қағаз нарығы
жағдайы, банк серіктестері мен клиенттерінің сенімділігі, менеджмент
деңгейі және банк өнімі диверсификациясы мен қызмет көрсету, тағы да сол
сияқты факторларға тәуелді болады. [3]
Банк жұмыс практикасында өтімділік қаржысына сұраныс пен ұсыныс ережесі
бойынша мерзімге үйлеспейді, нәтижесінде өтімділіктің артылып қалуына
немесе жетіспеушілігіне әкеліп соғады. Бұл жағдайлар, егер тез арада реттеп
не қаржы тартпаған жағдайда банк түсімді жоғалтуы мүмкін немесе
төлемқабілетсіздігіне әкеліп соғады. Екінші жағынан мерзім бойынша активтер
мен пассивтердің толық балансталуы да банктің пайда табуын шектеуі мүмкін.
Яғни, активтер мен міндеттемелер бойынша баланс сәйкессіздігіне әкелуі
банкте қаржы жеткіліктілігі мен жетіспеушілігі түрінде көрінеді, мұны
қалыпты жағдай деп те қарастыруға болады. Осылайша тартылған ресурстар
өтімділік қаржы сұранысын қамтамасыз етуге бағытталады, ал оның қалған
бөлігі түсім активтеріне бөлінетіндіктен, ЕДБ әруақытта өтімділікпен түсім
арасында дилемма болады.
Банктік өтімділік екі негізгі функцияны орындайды: банктік қарыз
сұранысын және ақша қаржысын алып салымшылардың тілегін қамтамасыз ету.
Сонымен қатар, банк өтімділігін қамтамасыз етудің өзіне тән бірқатар
өзіндік функциялары:
- нарыққа банк тәуекелсіз екендігін және сонымен бірге тартылған
қаржыны өз уақытында жаба алатынын көрсете білу;
- Банкке мақсат-міндеттік бойынша жауап беру және клиенттердің
кредиттік сұранысын қанағаттандыру;
- Банкке активтерін шығынсыз сатуға мүмкіндік беру;
- Негізсіз қарызданбауға мүмкіндік беру.
Осылайша, өтімділік экономды және тиімді түрде депозит пен басқа да
міндеттемелердегі жауапкершілікті азайтады, сонымен қатар активтің көбеюін
қамтамасыз етеді. Банктің қажетті уақытта және тиімді бағамен жеткілікті
ресурсы болған уақытта өтімділігінің потенциалы болады. Барлық банктер үшін
өтімділік қажетті элемент болып саналады және күтілетін не күтілмейтін
баланс ауытқуын толықтырып және ары қарай өсуге ресурспен қамтамасыз етіп
отырады.
Ал, өтімділікті жоғалту ЕДБ –нің төлемқабілеттілігін жоғалтып,
банкротқа ұшырауына әкеліп соғады. Дұрыс шешім қабылдауда ЕДБ өтімділікті
басқарудың әртүрлі әдістерін қолданады.
Осылайша біз, өтімділікті жаңаша анықтауға көштік:
Өтімділік - бұл ЕДБ -нің қысқа мерзімді міндеттемелерін қанағаттандыру
мүмкіндігі, сонымен қатар оның өз функцияларын тиімді орындауына, шығынсыз
нақты қаржы есебі, банктегі бар активтерді сату немесе басқалай жолмен
ресурстар тарту сияқты күтпеген жағдай.
Күтпеген талаптар ( 1 сурет) банктің өзі туралы теріс ақпараттар немесе
толықтай банктік жүйесі жөнінде және осы таратылған ақпарат рас па, өтірік
пе белгісіз таралу нәтижесінде шығуы мүмкін.
Банк бұрын-соңды болмаған сұраныстар күшіне, өтімділіктегі күтпеген
талаптардың туындауына дайын болуы тиіс.
1-сурет. Банк өтімділігіне ықпалын тигізетін бұрын-соңды болмаған талаптар
Өтімділіктің өзінің құны бар, ол баланстық есеп беруде көрінгендей,
нарық конъюнктурасы, пайыздық деңгей және кредиттік тәуелділіктің функциясы
болып табылады. Егер өтімділік қаражатының сұранысы жоғары сапалы, қысқа
мерзімді активтерді игерумен қамтамасыз етілсе, онда мұндай өтімділіктің
құны төмен сапалы немесе банк ұзақ мерзімді активтерді иеленбеуден, іске
аспаған пайда болып қалады. Егер, өтімділік қаржысына сұраныс активтерді
иелену арқылы орындамаса, онда банк оны нарықтық тиімсіз конъюнктурада
жоғары пайызбен қосымша міндеттемелер арқылы алуға мәжбүр болады.
ЕДБ-дің тәжірибелік қызметінде, өтімділік баланстың құнымен анықталады:
баланс өтімді болып, актив бойынша қаржыларды тез өткізіп, міндеттемелерді
пассив бойынша жабуды айтамыз. Осылайша, банк өтімділігінің деңгейіне
алдымен сол баланстағы активтердің өзі және соған сәйкес құрамы мен
активтік операциялардың түрлері ықпал етеді. Осылайша активтік баланстарда
бір активтің өтімділігі неғұрлым жоғары болса оның түсімі соғұрлым төмен
және керісінше болады.
Белгілі бір банктің өтімділік деңгейін бағалай отырып, белгілі бір
активтердің потенциалды түсім мүмкіндігінің есебін ғана санамай соған
сәйкес активті операция бойынша банк қаржысының қайтпауымен байланысты
қауіп деңгейін де есепке алу керек. Егер актив қаржысы тез өтіп пассив
бойынша тез аралық қарыз міндеттемелерін жапқан жағдайда банк өтімді болып
есептеледі.
Келеңсіз жағдайды шешу жетістігі банктегі активтер мен пассивтерді
басқару стратегиясына байланысты. Осы өзара байланыс мынындай:
- Пайда табуды көздеу мақсатымен белсенді операцияларды жүзеге асыру
үшін банкке ақша ресурстары қажет;
- Пассивті операцияларды жүзеге асыру арқылы ақша ресурстарын өзіне
тарта отырып, банк белгілі бір уақыт ішінде өзінің қарыздық
міндеттемелерімен есеп айыруы керек;
- Банк өзінің қарыздық міндеттемелерімен есеп айыруды жүзеге асыру
үшін, түсімі мол және төлемқабілетті болуы керек. Олай болмаған жағдайда,
банк жұмысының экономикалық мәні жоғалады;
- Банк мол түсімді және төлемқабілетті болу үшін мол түсім әкелетін
акциялар жүргізу керек, бірақ ол үшін өтімділікпен қамтамасыз ету керек.
Өтімділікпен қамтамасыз етуді шешу үшін бүкіл әлемдік банк ісінде
“портфельді жол табу” дегенді банк балансын басқару үшін кеңінен қолданады.
Портфельді жол табу – дегеніміз банк активі мен пассивін, өтімділіктің
жетістігін, мол түсімділігі мен төлемдік қабілеттігін, жалпы оның
жұмысындағы тұрақтылық пен сенімділігін қадағалап басқару. Банктің
портфельді басқаруының негізгі аспектісі болып өтімділік пен мол түсімнің
арасында үнемі баланстың болуы деп саналады.
Банк активтеріне деген портфельді жол табу резервтерін қолдануға
негізделген. Ол активтер тобының өтімділік деңгейі бойынша тобын көрсетеді.
Осы топ негізінде активтердің өтімділігі мен түсімі арасындағы экономикалық
тәуекелділік жатыр – актив түсімі неғұрлым жоғары болса, өтімділік соғұрлым
төмен және керісінше. Активтер тобы резервтер бойынша олардың өтімділігінің
және түсімінің өсу деңгейі бойынша жүзеге асады.
Банк активтерінің бірінші тобы - бірінші реттік резервтер түсім
әкелмейді, бірақ толығымен өтімді:
- банктегі нақты ақшалар;
- орталық банк есепшотындағы қалған ақша, чектар және т.б.
Бірінші реттік резервтерді басқару, банктің қажетті міндеттемелерін өз
уақытында орындауда жеткілікті болатындай құндылық жағдайда ұстап тұруда
болып табылады.
Банк активтерінің екінші тобына екінші реттік резервтер – ол жоғары
өтімді, онша көп емес түсімді активтер. Олар өздерінің аз уақыт кідіріспен
және құнын жоғалтудың аздаған тәуекелділігімен нақты ақшаға немесе банк
өзінің қажетті міндеттемелерін жабатын төлем қаржысына айналуы мүмкін.
Екінші реттік резервтерді ұсыну дегеніміз – міндетті резервтер
деңгейінің төмендеуі кезінде сонымен қатар толығымен банк портфелін
басқарудың маңызды бір бөлігін көрсете отырып бірінші реттік резервтерді
толықтыру көзі болып қызмет атқарады.
Банк активтерінің үшінші тобы, бірінші және екінші реттік резервке де,
ссудаға да жатпайды – бұл жеткілікті өтімділігі жоқ, бірақ кредит бойынша
ссудадан да кем және екінші реттік резервтен көп түсім әкелетін құнды
қағаздар. Банк активтерінің осы топ құрамына мына құнды қағаздардың түрлері
кіре алады – ол қазына векселі, облигация және үкіметтік құнды қағаздар,
сонымен қатар орындаушы органдар құзырының облигациялары.
Банктік істе құнды қағазға салынған қаржы инвестиция ал оларды тарату
операциясы – инвестициялық деп аталады. Банктік істің әлемдік практикасы,
БҚ-дағы банктердің инвестиция түсімі бойынша банктің екінші табыс көзі
болып табылады да, активті операция табысының 1\4 бөлігін құрайтынын
көрсетеді.
Қаржылық талдаудың әлемдік теориясында өтімділік сипаттамасының екі
жолы бар. Өтімділікті қор немесе ағым деп түсінуге болады. Қазіргі уақытта
қор қағидасы бойынша бірінші жолы анағұрлым көп тараған.
Өтімділік “қор” ретінде – компанияның белгіленген нақты уақыт сәтінде
клиенттер алдындағы өз міндеттемелерін, активтер құрылымын оның жоғары
өтімділік пайдасына осы саладағы пайдаланылмаған резервтердің есебінен
өзгерту мүмкіндігінің деңгейін анықтау. Оған мыналар тән:
- белгілі бір уақытта активтер мен пассивтер балансының қалдық
жөніндегі мәліметтері негізіндегі өтімділікті анықтау;
- белгілі бір уақытта өтімділік қаржыға сұраныспен нақты өтімділік
активтері қорына салыстырмалы түрде іске асатын, өтімділік қаржысына
айналдыруға болатын активтердің ғана бағасын шамалайтын өтімділік өлшемі;
- өткен кезеңге жататын, тек баланс мәліметі бойынша өтімділік бағасы.
Өтімділік “ағым” ретінде – динамикада талданады, яғни белгілі бір уақыт
кезеңінде өтімділікте болған келеңсіз деңгейін өзгерту немесе өтімділіктің
кері кеткен деңгейін активтер мен пассивтерге сәйкес баптарын тиімді
басқару арқылы қосымша заемдық қаржы тарту, компанияның қаржылық
тұрақтылығын табысты көбейту жолымен көтеру арқылы болдырмау жолдары.
Ағым қағидасы бойынша өтімділіктің талдауы өтімділік деңгейі анағұрлым
терең баға береді. Бұл жағдайда өтімділік талдауы үздіксіз жүреді де баланс
талдауына сай келмейді. Банктің қарыз алу қабілетін есепке алу мүмкіндігі
туады, барлық жасалған операциялық істерден түскен нақты ақша ағымымен
қамтамасыз ету. Осындай талдау, өз уақытында қайтару, ақша нарығының
жағдайы және т.б. банктің өткен кезеңдегі түсім динамикасы жөніндегі
мәліметтер анағұрлым кең ақпаратты пайдалануды жобалайды.
ЕДБ-де өтімділікті қамтамасыз ету көзінің екі жолы бар: ішкі және
сыртқы. Ішкі өтімділік тез таралатын активтердің белгілі түрлерінде жүзеге
асырылған, олар үшін тұрақты нарық бар және олар ақша орналастыруда сенімді
объект болып табылады. Ішкі көздер өз кезегінде дискрециондық болып
бөлінеді, оның инициаторы банк, және дискрециондық емес – ол қаржысын
көбейтуде ешқандай банк шешіміне жүгінбейді. Ішкі өтімділік нарықта банкке
алу жолымен өзінің өтімділік қаржы қорын көбейтетін міндеттемелерге жетуі
мүмкін. [4]
Өтімділік пен табыстылық операциялары арасындағы оптималды қолдау
көрсету әр банктің негізгі міндеті. Ал өтімділікті қолдау талаптары
активтер бірлігінің жоғары табысы міндетімен қарама – қайшылыққа соғады.
Сондықтан банк операцияларында табыстылықты қамтамасыз етумен бірге іс
әрекет сенімділігінің оптималды үйлесімі маңызды. Осылайша, енді
өтімділікті басқару теориясы екінші реттік банктерде қаралады.
Өтімділікті басқару – банктің жұмысы, оған банк өтімділігін қамтамасыз
ету, кез-келген сәтте міндеттемелермен есеп айырысу мүмкіндігін жасау,
қаржыны жайластыру жатады. Бұл іс-әрекет компания активтерінің өзімен-өзі
болуын қамтамасыз етудегі міндеттерін өз уақытында төлеуге мүмкіндік
береді. Бұл жеке капиталдың жеткілікті нақты шешімімен және уақыт
сәйкестігін есепке алып, баланстың актив пен пассив бабы бойынша қаржыны
оптималды жайластыруы.
Өтімділікті басқарудың негізгі мақсаттары:
- банктің өз міндеттемелерін жабу уақыты келгенде төлеу мүмкіндігіне
қолдау көрсету;
- банктің ағымдағы міндеттерін орындау үшін тиімді бағамен тез арада
нақты және нақты емес түрде ақша алу мүмкіндігін басқару;
- банктің өтімділік қаржыға сұраныстарын өтеу.
Өтімділікті басқару процесіндегі шешілетін негізгі міндеттері:
- өтімділіктің құлдырауын куәландыратын, шындық не потенциалды кері
тенденцияларын, болуы мүмкін қауіп жағдайын анықтау;
- банктің өтімділік жағдайы туралы шешімдердің құрылуы;
- теріс тенденциялар туғызатын факторлар талдауы және күтілетін шығын
масштабына баға;
- күтілетін тәуекелділік деңгейін анықтау;
- қауіптің алдын алу шараларын іздестіру немесе оны қалпына келтіру
мүмкіндігі;
- банк ұсыныстарын талдау нәтижесі және өтімділікті тексеру бойынша
анықтау.
Өтімділік банктің өз активтерін қаржыландыруда тәуелді болатын және
актив өсуінің ынталандыру учаскелерін бағалауға мүмкіндік береді.
Өтімділік қаржысының сомасы мен төлем міндеттерінің арасындағы
айырмашылық банктің ағымдағы өтімділік позициясын анықтайды. Оның теріс
мағынасы өтімділік қаржысының жетіспейтінін, оң мағынасы артылатынын
болжайды. Банктің күнделікті ағымдағы өтімділік позициясының есебі банк
өтімділігінің жағдайын және ақша дефицитінің алдын ала ескеруін анықтау
үшін жүргізіледі.
Өтімділікті басқару процесін екінші суретте қарастырамыз.
2-сурет. өтімділікті басқару процесі
Мониторинг және өтімділік деңгейін басқару, есеп жүйесін талдау мен
ағымдағы төлем позициясын басқаруды және баланс өтімділігін өзіне енгізеді.
Ағымдағы төлем позициясын басқару, оң төлем позициясын валютаның барлық
түрі бойынша анағұрлым шынайы таратуда қолдау көрсетуге бағытталған.
Мониторинг жүзеге асуы мен банктік ағымдағы төлем позициясын басқарудың
негізгі құралы мыналар:
- ағымдағы өтімділік картасын құру және талдау;
- есептің оперативті мәліметіне талдау.
Өтімділік ағымының картасында мына ақпараттар бар:
- банктің корреспонденттік есепшотындағы ертеңгіге деген қалдық;
- бір күндегі операциялық жобадан түсетін түсім;
- бір күндегі операциялық жобамен есептеп шығару;
- кассаның жобадағы қалдығы;
- минимальды резервтік талап нормасы;
- банктің корреспонденттік есепшотындағы жобаланған қалдық.
Ағымдағы өтімділік картасында күні бойғы ақшаның барлық қозғалысы
көрініп тұрады, кешке ақша қозғалысы қажетті реттеу орперацияларынан өтіп,
қалған ақшалар есептеледі.
Қаржыны қайта таратуда нақты ақша және тиімді жүйенің болуы,
міндеттемелерді жылдам орындауға мүмкіндік береді, сонымен қатар ішкі қаржы
ағымының оптимизациясын туғызады - ол дегеніміз, қаржылық банктің
өтімділігін жоғарылатады.
Төмен өтімділік және жоғары өтімділік болуы мүмкін. Өтімділіктің жоғары
деңгейі, кей жағдайда өз компаниясының өтімділігін басқару анау айтқандай
эффектілі болмауы мүмкін.
Осылайша, өтімділікті басқарудың негізгі функциясы, пайданы көбейтуде
компанияның өз экономикалық нормативтерінің анықталуын және бекітілуін
міндетті түрде сақтап отыруына келіп тіреледі.
Активтер мен міндеттер көзі қандай болатынын қарастырайық.
Активтер көздері:
- нақтылықтың көптігі;
- инвестициядан алынған ақша ағымы және оларға қайтарылған компенсация
мен несиелер;
- Құны жоғарылаған инвестициялық қағаздар және басқа активтер.
Міндеттемелер көзі:
- жаңа қарыздану (кәдімгі ставкамен);
- жаңа депозиттер;
- жаңа капиталдың құйылуы;
- активтер, несиелер, жылжымайтын мүліктердің сатылуы;
- жаңа қарыздану (жоғары пайызбен).
Банк үшін тиімді болар еді:
- қарыз алуға аздап тәуелді болуы,
- негізгі депозиттерден үлкен мөлшерде алу,
- негізгі депозит мөлшері, активтер көлемінің өсуімен қатар жүрсе ғой,
- өтімділік активтерінің мөлшері, активтердің жалпы сомасынан шамамен
1\5 болса.
Егер қажетті уақытта төмен бағамен қаржы ала алатындай болғанда банк
өтімді деп есептеледі. Бұл дегеніміз, банкте өтімділік қаржысының қажетті
сомасы бар деген сөз немесе активтерді сату мен қарыз алу арқылы алады
деген сөз.
Өтімділіктің жеткіліксіз деңгейі банктің қаржылық қиыншылығының бірінші
белгісі болып табылады. Бұл жағдайда банк әдетте депозитін жоғалта
бастайды, ол нақты қаржысын кемітетін және анағұрлым өтімді құнды
қағаздарынан айырылуына әкеліп соғады. Басқа банктер, қаржылық қиын
жағдайда тұрған банкке қосымша залогсыз немесе анағұрлым жоғары пайызбен
қарыз бере отырып, ол банктің түсімін одан сайын қысқартып жібереді.
1.2 Өтімділікті шешу жолдары
Банктің өтімділік проблемасын шешудің үш жолы бар:
1. Өтімділікті активтер есебінен толықтыру (активтермен басқару);
2. Өтімділікті заемдық өтімділік қаржысымен толықтыру (пассивтермен
басқару);
3. Өтімділікті үйлестіріп басқару (активтер мен пассивтер).
Өтімділікті үйлесімділік әдісімен басқаруда, өтімділік қаржысына деген
сұраныстың бір бөлігі басқа банктердегі қысқа мерзімді депозиттер және тез
өтімді құнды қағаздар түрінде жинақталады. Бұл уақытта өтімділік қаржысына
сұраныстар, банк – корреспонденттер арқылы алдын ала кредит жолдарын ашуға
келісіммен іске асырылады.
Банктің өтімділік қаржысына сұранысты қамтамасыз етуде белгілі
болғандай, активтерді басқару арқылы өтімділікті басқарудың анағұрлым
“ескі” жолын қарастырамыз. Таза күйінде бұл жол өтімділік қаржысының
негізінен тез өтімді құнды қағаз және ақшалай қаржы өтімділік активтері
түрінде жинақталуын талап етеді. Қашан өтімділік қаржысына сұраныс пайда
болғанда, таңдаулы активтер, нақты қаржы сұранысы қанағаттандырылғанға
дейін сатылатын болады. Өтімділікті басқарудың бұл стратегиясын жиі
активтер трансформациясы деп атайды. Өйткені өтімділік қаржысы, ақша
активтерінің нақты қаржыға айналу есебінен түседі.
Басқа банктер, өтімділік қаржы көзі ретінде ақша нарығында қарызды жиі
пайдаланатын болады. Заемдық өтімділікті басқаруда пассив деп аталатын бұл
жолы таза күйінде өтімділік қаржыға деген барлық сұранысты жабуға
жеткілікті мөлшерде тез өтімді заем қаржысы түрінде болжайды. Бірақ қаржыға
тек, актив түріндегі іске асырылмаған өте көп мөлшердегі өтімділік
қаржысының жинақталуынан қашу керек болған жағдайда келеді. Егер өтімділік
қаржысына деген сұранысы, күтілгендей алғашқы деңгейден асса, қажетті тез
өтімді қаржы сомасын алғанға дейін банк оларға ұсынатын ставкасын көтереді.
Өтімділік қаржысының заемы банктың өтімділік проблемаларын шешудегі
мүмкіндігі өте қауіпті болып келеді. Ол несиенің жеткіліктілігі және ақша
нарығының пайыздық қойылымының өзгергіштігіне байланысты болады.
Активтер мен пассивтерді басқарудың жалпы жолы анағұрлым кең тараған -
бұл сонымен қатар банк өтімділігін тек үйлесімді түрде басқару болып
табылады. Яғни, коммерциялық банктердің активтерін орташа өлшейтін үлкен
портфелі болуы керек және ол пассивтерді жабудың орташа жабу мерзімімен
салыстырғанда ұзақ мерзімді жабу болу керек, өйткені өтімділік қаупі туады.
Активтер өтімділігін басқарудың қолданбалы міндеті болып, клиенттер
мен басқа да серіктестер алдындағы міндеттерін орындау үшін қажетті, нақты
актив элементтерін “тірі” ақша қаржысына өз уақытында және банк үшін
шығынсыз ауыстыру болып табылады. Өтімділік, банктерге басты түрде
депозиттерді алуға дайын болып, кредитке деген сұранысты қанағаттандыру
үшін қажет. Банктер өтімділікті өз балансында жинақтауы, немесе оны ақша
нарығынан алуда екі әдісті қолдануы мүмкін. Бұған қосымша банктер
өтімділікті сатумен айналысады.
Осылайша, банктің өтімділікті қамтамасыз етуіне жоғары өтімді және тез
таралатын активтерді қажет етеді. Өтімділік пен жылжығыштық – екі өзара
байланысты түсінік. Өтімділік талаптары – қаржылық активтер қысқа мерзімде
номинал бойынша қол жеткізетіндей болу керек. Жылжығыштық талабы – қаржы
активтерін иемдену құқығы, басқа экономикалық субъектіге номинал бойынша
қол жеткізе алатындай түрде болуы керек. Осылайша, қаржы құралдары, оларды
нақты нарықта сатушы үшін аздаған зиян тәуелділігімен тез сату жағдайында
ғана өтімді болып саналады.
Өтімділікті басқару теориясында, күтілетін түсім теориясы деген түсінік
болады. Жинақталған өтімділік, банк балансында белгілі активтер түрінде
жинақталса, ішкі жинақ көзі болып саналады. Бұл процесс “ақша айналымы”
деген атпен әйгілі. Ол банк басшыларының қарауы бойынша немесе құнды
қағаздар мен кредиттерді жабуда кәдімгі жолмен жүзеге асуы мүмкін.
Осылайша, жоспардағы күтілген нақты ағымға, қарыз алушылардан күтілген
түсім теориясы деген ат алады.
Яғни, былай қорытынды шығаруға болады, егер қажет уақытта, керек
мөлшерде, тиімді бағамен қаржы алу мүмкін болғанда банк өтімді деп
есептеледі. Өтімділікті басқару жеткілікті ақшаның жеңіл – тез өтімді
активтерде сонымен бірге төмен бағамен ақшалай қаржы алуды, тек қажет
болған жағдайда ғана сұранысты қанағаттандыру үшін жүзеге асыру мүмкіндігі.
Бірақ уақыт өтімділікті басқаруда шешуші фактор болады, банк қашан, қайдан
қажетті өтімділік қаржысы келетінін дәл білуі керек.
Өтімділікті басқару бойынша менеджерлер мынаны білуі міндетті:
- банктің жоғары басшыларымен жұмыс істегенде өтімділікті басқарудың
мақсаттары мен приоритеттері анық екеніне сенімді болу керек;
- банкке қаржы тарту мен оны қолдануда өзі осы бөлімдер жұмысымен
үйлестіруге жауап беретін барлық бөлімдер жұмысын бақылау іс-әрекеті Банк
өтімділігіне ықпал ететін осыған сай бөлімдер. Алдағы сұраныс өзгерістері
мен өтімділік бұйымдарға деген сұранысы мен өтімділікті басқару бойынша
менеджерлерді хабарландырып отыруы керек;
- банк кредитін пайдаланушылар және ірі салымшылар қашан есепшоттан
қаржысын алатынын немесе салымын көбейтетінін алдын ала білуі тиіс.
Өтімділікте болатын проблемаларды уақытылы шешу үшін, өтімділіктің
көрсеткіштерін үнемі талдап, бақылап отыру қажет. Әр банк үшін өзінің
осындай көрсеткіш жиынтығы бар және олардың маңызы банк бизнесінің өзіне
тән екендігіне және де басқа көрсеткіштеріне тәуелді.
Банктер өтімділігінің деңгейін реттеу мақсатында, реттеуші органдармен
пруденциалды нормативтер қолданылады. Өтімділік реттегіші ретінде өз
капиталының жеткіліктілігі және Банк төлемқуаттылығының деңгейін көрсететін
жоғары өтімділік активтер жеткіліктілігінің көрсеткіштері анықталған.
Өтімділікті басқаруда негізгі 4 топқа біріккен факторлар кешені есепке
алынады:
- банк клиенттері ерекшеліктеріне байланысты туындайтын жедел және
төтенше іс-әрекеті;
- кезеңдік;
- циклдық, іс-шаралық активтердің ұдайы өндірісінің ауытқуы;
- ұзақмерзімді, инвестициялық процессте, ғылыми-техникалық прогрессте
қолдануда пайда болатын.
Өтімділік деңгейіне ішкі сияқты сыртқы факторлар да ықпал етеді (оны 3
- суретте қарастырамыз).
3-сурет. Өтімділік деңгейіне ықпал етуші факторлар
Осы факторлар Банк ісінің бағытын қамтамасыз ететін “шектеулер” ролін
атқарады.
Басқару саласында банк саясатын құру және өтімділік жағдайын бақылауда
осы саясаттың мақсаты, негіз қалаушы міндеттерді шешумен қамтамасыз ететін,
банк өтімділігін басқару механизмін құру және жетілдіру.
- төмен өтімділікке жол бермеу;
- өтімділік пен түсім арасындағы оптималды қатынасы;
- өтімділіктің тәуекелділігін азайту.
Өтімділікті басқару механизмі арқылы міндеттерді орындауда ақшаны
жинақтау және пайдалануда, құрылу бойынша қатынасты басқару болады.
Өтімділікті басқару механизмі өз міндеттерін өз уақытында және толығымен
орындау нәтижесіндегі реттеуші органдары мен банк көздеген іс шараларды
іске асыру. Осылайша, оның келесі элементтерін бөледі:
- нормативті база;
- өтімділік бағасының әдістемесі, міндетін уақытылы орындау,
мамандардың деңгейін бақылау, бекітілген нормативтердің орындалуын реттеуші
органдар ұсынысын қолданудың дұрыстығын тексеру;
- алынған нәтижелер, осы есеп айырудың дұрыс жүргізілуі, жүргізілген
есеп айыру базасындағы қабылданған шешімді пайдаланудағы өтімділік
деңгейінің есебін айыру үшін құрылым компоненттеріне талдау жасау;
- өтімділік деңгейінің жоспары мен мәліметі, сонымен бірге
міндеттемелерді орындау үшін қажетті өтімділік деңгейін қамтамасыз ету үшін
құрылым компоненттерінің өлшемін анықтау.
Өтімділік басқару механизмі, бір мақсатты көздеген белгісімен өзара
байланысты элементтерден тұрады, оларға жататындар:
- мәліметтер;
- жоспар және баланс;
- қаржылық көрсеткіштер;
- норма мен нормативтер;
- резервтер;
- заңды және нормативті актілер.
Өтімділікті басқару жүйесінің әр тізбегі өзінің ұйымдық құрылымы,
функциясы және міндеттері бар тізбекшелерге бөлінеді.
Бөлінген сапа мен өтімділікті басқару жүйесінің тізбектері арасындағы
байланыстың мәні олардың іс-әрекетінің қаржымен қамтамасыздығы өзара
болуынан тұрады және түсу мен шығу түрінде айқындалады.
Бұл механизм банктердің барлық қаржылық жақтарын қамтиды және сондықтан
жақсы орнығып, істеп тұрған өтімділікті басқару механизмі көмегімен банктің
эффектілі дамуын қамтамасыз етеді.
Өтімділікті басқару механизмін құраушы бір элементтері оларға
байланысымен сай келетіндей тығыз өзара байланыста әсер етеді. Кез-келген
механизмнің нашар істейтін элементі, басқа элементтердің, тізбектердің
осылайша өтімділік басқару механизмінің түгелдей жұмысын тоқтатуы мүмкін.
Осы банкті функциялаушы барлық жүйе, осы банк клиенттерінің
қызметкерлерінің қызығушылығын, олардың белегілі жағдайдағы өзара
әрекеттерін есепке алып, қиыншылыққа кездескен басқа ЕДБ механизмінен
қарастырылады.
Жұмыс механизмі неғұрлым іскерлікпен және тәртіппен құрылған болса,
соғұрлым банкті баскару эффектілі болады, әлеуметтік топты басқаруда
қаржылық тұрақтылық сақталады, соған қарай оның өркендеуі, бәсекелестілігі
және түсімі жоғарылайды.
Қаржылық ұйымдар мен қаржылық нарықты ретке келтіру бойынша жұмысын
реттеуші органдарға Қазақстандық Мемлекеттік Агенттігі, сонымен қатар
Қазақстандық Мемлекеттік Ұлттық банкі болып табылады. Екінші орындағы
банктер мен реттеуші органдар тығыз ықпал етеді, бірақ бір-бірінсіз өз іс-
әрекетін көрсете алмайды. Реттеуші органдар ЕДБ-дің өтімділікті басқару
жүйесінде нормативті базасы болып табылады.
ЕДБ өз кезегінде реттеуші органдарға практикалық қолданыста кездескен
кемшіліктерді сөз ете отырып өз шешімдерін шығарады.
Бақылау екінші орындағы банктер іс әрекетін үнемі есеп беруі, тексеру
жүргізу ісімен жүзеге асады. Функционалдану мақсатымен жоғарылауында,
алынған нәтижелер бойынша талдау жүргізіледі және эффектілі, тәуекелсіз
шара қолданылады. Осыдан келіп, өтімділік басқару механизмі үнемі жетіліп
отырады. Мысалы, ҚҚА өтімділік құралы мөлшеріне оның сапалы құрамына деген
жалпы нормативті талаптарды өңдеп енгізіп отырады, ал ҚРХБ өтімділік
коэффициентіне аз мән береді.
Егер банк қысқа мерзімге ақшалай қаржыны несиеге қойса, ол қарыз
алушысының өз қарызын өтеу үшін қиындықсыз жаба алатынына, ақшалай қаржысы
бар ма деп қызығушылық танытады. Себебі, осы көрсеткіштердің анағұрлым
жоғары сенімділігінде тұр. Осы себептер арқылы банктер өтімділік
көрсеткіштерін есептей алады. [5]
Осылайша, өтімділікті басқару жүйесінің оптимизациясы, оларға саясатты
қолдану жолымен, нормативті заңдылық базасына өзгеріс енгізу жолымен
мемлекетті құрайды. Түзу құрылған саясат және өтімділікті басқару механизмі
сауатты қойылса, ЕДБ және елдің әлеуметтік экономикалық дамуына ықпал
етеді.
ЕДБ-дің күнделікті жұмысы өтімділікті басқарудағы клиенттер алдындағы
міндеттерін кедергісіз орындап отыруымен банктердің сақтауына бағытталған.
Осы жұмыс, ұйымдастырушылық көзқараспен жеке топтардың және белгілі бір
көрсеткіштерде көрсетілгендей, активтердің активі мен пассиві баптарының
қатынастарын сақтауы деп болжанады. Мұндай көрсеткіштер ішкі және сыртқы
болып бөлінеді.
Өтімділікті басқаруда қолданылатын көрсеткіштер.
- сыртқы көрсеткіштер, реттеуші органдар заңына сай қойылады. Онда банк
ісі мемлекеттік басқару түрінде болады;
- ал ішкі көрсеткіштер банк тұрақтылығын қамтамасыз етуге қажетті
мемлекеттік функцияға сай, олар анағұрлым жалпы пропорцияны анықтайды.
Сөйтіп, өтімділік активтерінің белгілі түрлерінің теңдеуі ЕДБ-те
қалыптасқан дәстүрлі өзіндік жұмысын есепке алып бекітіледі, сонымен қатар
клиенттердің ерекше іс-әрекеттеріне қарайды.
Осылайша, әр банк өз өтімділігін берілген деңгей негізінде ұстап
тұруды өздігінше қамтамасыз етуі керек.
- белгілі уақыт кезеңіндегі жағдайына талдау,
- істің нәтижесінен мәлімет беру,
- нормативті капитал, арнайы белгілеу фонды және резерві,
Заемдыдық қаржы тартудың құрылуындағы келесі ғылыми негізделген
экономикалық саясат жүргізу.
1.3 Өтімділік тәуекелділігі: маңызы, сипаттамасы және негізгі
түсініктері
Өтімділік тәуекекелділігін басқару банк өтімділігін басқару
механизмінің бір элементі болып табылады, сонымен қатар ол актив пен пассив
басқаруына негізделген өтімділік тәуекелділігін басқарады, банк жұмысын
реттеу процесінде негізгі мәні бар. Әрине, банктерге басқа да экономика
субъектісіндегідей өтімді бұйымдар қажет, ол дегеніміз ешбір қауіп-қатерсіз
немесе аздаған шығынмен оңай ақшаға айналатын активтер. [6]
Өтімділікті жоғалту тәуекеллділігі – банктің өз міндетін уақтылы
орындауымен немесе мүлде орындамауымен байланысты тәуекелділік. Басқаруда
өтімділікті жоғалту тәулділігі арқылы банктің ағымдағы өтімділігі бақыланып
отырады. Сонымен қатар ақшаның үлестіріліп – таратылған және түскен
уақыттары, сыйлық пен ақы төлеуге байланысты шығын мен кірістің уақыттары
салыстырылады. [7]
Осылайша біз айтарлықтай шығынсыз, банктің өз міндетін уақтылы
орындамауынан келіп туындайтынын көреміз. Ол сонымен бірге банктің
жеткіліксіз немесе артық өтімділігімен келісілген, осыған байланысты
өтімділік тәуекелділігі деген түсінікті – артық өтімділік тәуелділігі және
балансқа алынбаған тәуекелділік деп түсіндіріеді.
Балансқа алынбаған өтімділіктің тәуекелділігі дегеніміз – банк өз
міндеттемелерін уақытылы орындамауы немесе ол үшін банктің бөлек активтерін
зиян шеге отырып сату қажет болатын жағдайдағы тәуекелділік болып табылады.
Шамадан тыс өтімділік тәуекелділігі дегеніміз – жоғары өтімділік
активтерінің артық болуынан түсімді жоғалту тәуекелділігі және тергеу
ретінде банк үшін ақылы есепшот арқылы төменгі түсімді активтерді қисынсыз
қаржыландырудан банктің түсімін жоғалту тәуекелділігі.
ЕДБ қызметінің толық және дұрыс, объективтілігіне қызығушы субъектілік
айналымы өтімділік бағытына негізделеді:
- бірінші орында, екінші қатардағы банктердегі банктерге өз қаржысын
сақтай отырып көбейту мақсатындағы салымшылар мен акционерлер;
- банкке қарыз беруші банк несиелеушілері;
- өз салымшылары мен несиелеушілер алдында олардың қаржысының
сақталуына жауап беруші және сол арқылы өз қаржысының тұрақтылығын сақтауға
қызығушылық танытушы банктер;
- мемелекеттік экономика саясатын жүзеге асыру мақсатында ақша-несиесін
реттеуші Халық Банкі.
Айталық, апаттық жағдай болды делік, мысалы А банкі қызмет ететін
территориядағы жер сілкінісі делік. Осы жер сілкінісінен жапа шегуші А
банкінің клиенттері тездетіп кредит жүйесін пайдаланып, кеткен шығын мен
материалдық шығынды жабу үшін өз аттарына ашылған депозиттерін немесе ссуда
алуға мәжбүр болады. Банктің осы кенеттен болған қаржы ағымын қамтамасыз
етудегі күші оның өтімділік позициясына байланысты болады. А банкі бұл
сұранысты төмендегідей қаржыландыру жолдарымен іске асыра алады:
- өтімділік активтерін сату;
- қысқа мерзімді қарыз алу мерзімін ұлғайту;
- негізгі бұйымдарды сату, ұзақ мерзімді міндеттемелердің көлемін
ұлғайту;
- өз капиталын жоғарылату жолымен.
Қаржы институттары душар болған өтімділік тәуекелін 4 суретте
қарастырайық.
4-сурет. ҚИ өтімділік тәуекелділігінің классификациясы
Нарықтық өтімділік тәуекелдігі – ақшаның келуіне немесе тез және тиімді
өтімділікке кедергі келтіретін, нарық өтімділігінің жеткіліксіздігінен
туындайтын жоғалту тәуекелі.
Нарықтық өтімділік тәуекелдігі – құбылмалылығы сияқты, фондық нарықтық
капиталдануына сонымен қатар қаржы құралдарының өтімділігі сияқты қаржылық
нарық тар параметрлеріне тікелей байланысты.
Потфельдік өтімділік тәуекелділігі қаржылық құралдар портфелін
қарастырады, яғни инвестор жорамалдайтын қаржылық құралдың жиынтығы.
Қаржылық құралдар портфелінің құрамы, инвестордың мақсаты мен
сипаттамасына тәуелді.
Қаржылық портфелінің құрылуы екінші реттік банктер арқылы
төмендегілерді есепке ала отырып жүзеге асады:
- түсімділікпен қамтамасыз ету;
- өтімділікті реттеу;
- тәуекелділік диверсификациясының қажеттілігі.
Портфельге кіретін қаржы құралдары былай бөлінеді:
- жеке инвестицияға;
- екінші реттік өтімділік резервіне (өтімділік активтері);
- хеджирлеу құралдары.
Ағымдағы өтімділік тәуекелін басқаруда өтімділікті басқару тәуекелі мен
жұмыс тиімділігі арасындағы компромисті болдыру үшін екі негізгі
міндеттерді шешу керек – ол төлемділікпен қамтамасыз ету, құрылымның тиімді
көмегімен қамтамасыз ету және активтер рентабельділігі.
Төлемділікпен қамтамасыз ету. Егер Банктер есепшотты төлей алмаса,
міндеттемелерін орындамаса банкроттығын жариялаған жағдайда бұл міндет іске
аспайды. Өтімділік заттары жеткілікті деңгейде емес екінші реттік банктер
төлемділікті қамтамасыз ете алмайтын тәуекелділігіне жолығуы мүмкін.
Құрылым мен активтер рентабельділігін тиімді мөлшермен қамтамасыз ету.
Активтердің әртүрлі ағымдағы әртүрлі деңгейлері түсімге әртүрлі әсер
ететіні белгілі. Дебиторлық қарызданушылықтың ақша деңгейін анықтауға
байланысты әрбір шешімі осы активтертүрі сияқты айналымдық бұйымның оңтайлы
құрылысы тұрғысынан қарастырылуы керек.
Өтімділік тәуекелділігіне әртүрлі түсініктер беріледі. Бір жағынан
өтімділік тәуекелділігі банктің өз міндетін шығын шығармай уақытында
орындай алмау жағдайы екінші жағынан өтімділік тәуекелділігінің төлемділігі
қаржы шығынсыздығындағы қаржылық активтердің жылдам конверсиясының мүмкін
еместігімен байланысты. [8]
Нарықтық өтімділік тәуекелділігі – қажетті мөлшерде, қысқа мерзімде
нарық конъюнктурасының нашарлау күшіндегі сату немесе сатып алудың мүмкін
болмауынан туындайтын жоғалту мүмкіндігі.
Баланстық өтімділік тәуекелділігі – қордағы қаржы дефициті немесе басқа
жоғары өтімді активтерінде дефицит туындауы мүмкін.
Осының нәтижесінде банктердің өз контрагенттерінің алдындағы
міндеттерін уақтылы орындамауы немесе мүлде орындамауы.
Өтімділік тәуекелділігі көп жағдайда басқа екі тәуекелділік арқылы
қазіргі заманғы банктер үшін яғни, пайыздық ставканың тәуекелділігі және
курс бойынша ауыстыру тәуекелділігі туындайды
Осылайша, өтімділік тәуекелділігін басқару кез-келген банктің тіршілік
циклындағы ең маңызды элементі. Сондықтан банк ісінде өтімділік
тәуекелділігін басқару аса басымдылығының бағыты болып табылады.
Жоғарыда айтылғанды ескере отырып өтімділік тәуекелдігі түсінігін
былайша құруға болады.
Өтімділік тәуекелділігі – банктің активтерді сата отырып немесе
қарыздана отырып төлемдік қаржыны тез ала алмауынан қаржылық жағдайының
келеңсіз өзгеріс тәуекелділігі.
Өтімділік тәуекелділігін өлшейтін анағұрлым кең тараған құралдары актив
пен пассивтердің тез аралық құрылымы сонымен қатар жоғары өтімді активтер
көлемінің жеткіліктілігін көрсететін әртүрлі коэффициенттері болып
табылады. Оларға тезаралық, аралық, ұзақ мерзімді және жалпы өтімділік
коэффициенттерін анықтау реті және олардың нормативтік маңызы пруденциалды
нормативтермен регламенттелген. [9]
Банктік тәуелділіктерді басқару саясаты дегеніміз банктің жалпы
стратегиясының бір бөлігі. Қаржылық тәуекелділіктің кері әсерінің болуын
нейтралдаудағы ісшара жүйесін өңдеумен шектеледі. Ол банктік тәуекелділікті
басқару саясатындағы өңдеуді қарастыратын банктік жұмыстың әртүрлі
аспектілерін іске асыруына байланысты.
Банктік тәуекелділікті басқару саясатын құру мен тарату 5-ші суретте
келтірілгендей 6-шы кезеңнің іске асуын қарастырады.
5-сурет. Банк тәуекелділігін басқарудағы саясат кезеңдері
Өтімділікті жоғалту тәуелділігін өзіне ала отырып анағұрлым айтарлықтай
жағдайларға төмендегілер жатады:
- несиелік қарызданудың жоғары деңгейі;
- ұзақ және қысқа мерзімді заемдық қаржы көзінің арасындағы оптималды
емес үйлестік;
- ұзақмерзімді заемдық капиталдың жоғары үлесі.
Банкті басқарудың ең маңызды міндеттерінің бірі болып, оңтайлы
өтімділік деңгейімен қамтамасыз ету болып табылады. Бұл міндеттің шешімі
өтімділік тәуекелділігін басқарумен тікелей байланысты. Өтімділік
тәуекелділігі, қаржыландыру көзінің өзгергіштігінен және міндетті түрде
активтерді қаржыландырудан келіп шығады.
Осылайша, өтімділікті басқару тәуекелділігінің құндылық және сандық
құрылымы болады. Өтімділік тәуекелділігіне ұшырауға мыналар ықпал етеді:
- ірі міндеттер;
- кіші міндеттер;
- қаржыландыру көзінің диверсификациясы;
- баланстық және баланстан тыс ақша ағымы;
- актив пен пассив арасындағы келеңсіздік;
- актив негізіндегі өтімділік факторлары;
- қоршаған орта факторлары мен сыртқы факторлары.
Өтімділік тәуекелділік көзінің бірі – ол банкті қаржыландыру көзінің
өзгергіштігі. Банктің несие беру мүмкіндігі және депозиттік базасының
тұрақсыздығы неғұрлым жоғары болса, өтімділік тәуекелділігі соғұрлым жоғары
болады.
Банкті қаржыландырудың азаюы негізінен ішкі және сыртқы факторлардан
туындайды. Сыртқы факторлар ықпалы нәтижесінде болған қаржыландырудың
азаюы, экономикадағы құлдырау немесе несие берушілер мен саламшылардың,
банктің қаржылық жағдайына сенімін жоғалту себебінен пайда болады. Ішкі
факторларға банк басшыларының кейбір депозиттік есепшот түрлеріне пайыздық
қойылымды төмендету шешімін жатқызуға болады. Сыртқы факторларды бақылау
банкке қиын соғады, сондықтан оларда өтімділік тәуекелділігі басым.
Мысалы үшін, А банкінің негізгі жұмысы – шығынды және оның негізгі
көрсеткіштері ҚҚА – нің нормалық талаптарын қанағаттандырмайды, нәтижесінде
салымшылар бұл банкке деген сенімін жоғалтады. Егер салымшылар банк
тіршілігіне қауіп төніп тұр деп есептесе өз есепшоттарын жабуы мүмкін.
Банктің активтерді қаржыландыру міндеті де өтімділік тәуекелділігін
тұғызуы мүмкін. Банк басшыларының көзқарасы бойынша активтерді пайдалы
сатып алуы да уақыт ұттырған пайда түріндегі қосымша өтімділік
тәуекелділігін енгізуі мүмкін.
Банктер келешекте әйтеуір бір клиенттерге ссуда беру міндетін өз
мойнына алады. Мұндай міндеттердің пайда болуы келешекте банк клиенттеріне
ссуда беру қажет болатын жағдай туатыны белгілі болғанда хабарлануы мүмкін.
Айталық, А Банкі өзінің көптеген клиенттері үшін несие жолын ашты
делік. Клиенттер бұл несие жолын мүлде қолданбауы да мүмкін, бірақ А Банкі
өз міндетін орындауға әруақытта дайын болуы қажет. Кез-келген ойламаған
жағдайда, мысалы жұмыссыздық деңгейінің өсуі А Банкінің көптеген
клиенттерінің осы несие жолымен бір уақытта пайдалануына себеп болуы
мүмкін.
Клиенттер алдындағы ірі міндеттері аса күрделі құрылымды үлкен
банктерде басыңқы болып табылады. Негізінен олар өздеріне нарықтан
алынған, қымбат заемдарды пайдаланады. Бұл негізінен заңды тұлғалардың
салымы.
Банктер клиенттерден ірі міндеттемелерді әрбір қажет болған жағдайда
ала алмайды. Егер Банк клиенттері банкке деген сенімін жоғалтса, банктің
өтімділігі немесе оның төлем қабілетіне де қауіп төнеді. Үлкен міндеттерге
тәуелді банктер, жағымсыз жағдайда, әсіресе олар клиенттер сөзінде болса
өте осалды.
Келесі жағдайды қарастырайық. Мәселен: А Банкі қаржыландырудың қомақты
сомасын алу үшін клиенттер алдында үлкен міндеттер алды делік. Егер А
Банкінің түсімі төмендесе, Банк үшін осы салымды салып отырған клиенттер өз
қаржысын алуы мүмкін, нәтиженде А Банкіне басқа қаржы көзін іздеуге тура
келеді. Салымшылар алдыңғы орында ақша қаржысының негізгі сомасын сақтай
отырып ең жоғары пайыздық қойылымға қызығушылық танытады. Бұл салымшылар
банкке басқалай еш қатысы жоқ болып келеді және банкке аса адалды болмайды.
Егер олардың негізгі капиталына қауіп төнгенін сезген жағдайда, олар
депозит ашу үшін басқа банк іздейді.
Аз міндеттемелер банкті қаржыландырудың тұрақты және тиімді көзі,
өйткені ол негізінен жеке тұлғалардың салымы.
Өтімділік тәуекелділігін белгілі бір міндеттеме бойынша бағалау кезінде
төмендегілерді есепке алу керек.
- өсу тенденциялары, құрамы, көлемі мен мәліметі;
- депозиттің мерзімі мен әртүрлі түрлері;
- клиент базасының тұрақтылығы және адалдылығы.
Көпшілік банктер үшін кіші міндеттемелер қаржыландырудың адалдылығы ең
ірі және тұрақты көзі болып табылады. Негізінен депозиттік есепшоттарын
банктің юрисдикциясы -на жақын жерде тұратын клиенттер ашады. Банктен
ссуда алатын да немесе банктің басқа да қызметін пайдаланатын осы клиенттер
болып табылады.
Жеке тұлғалар негізінен банкке адалдау келеді, олар кенеттен, банк
түсімінің кемуінен қоғамның сенімі жоғалған жағдайда да өз депозиттерін
жауып тастамайды.
Айталық, А Банкі өз қаржысының басым бөлігін кіші және орта
міндеттемелерден алады. Уақыт өте келе, осы міндеттемелер аздаған ауытқумен
тұрақты өсуді көрсетті. А Банкінің басшылары осы депозиттердің
тұрақтылығына байланысты, өтімділік активі түрінде өтімділіктің кіші
деңгейін қолдай алады деп шешуі мүмкін.
Диверсификация өтімділік тәуекелділігі деңгейін бағалауда қажет болып
табылады. Негізінен әр түрлілік банктің қаржылық негізінің тұрақтылығын
қамтамасыз етеді. Қаржыландыру көзінің әртүрлілігін бағалау кезінде
төмендегілер есепке алынады:
Диверсификация міндетінің қаржы, азық-түлік, рыноктық территория,
индустрия және т.б. бойынша дәрежесі.
Инвестициялық мақсат және экономикалық ықпалдың орындылығы қаржы
көзінің ұлғаюы үшін қолданылатын басқа активтер немесе инвестициялар және
ссуданың әртүрлілігімен активтердің диверсификациялық дәрежесі болады.
Айталық А банкі өз қаржысының 20 пайызын Ким Н.А. деген жеке кәсіпкер
ашқан депозит есебінен алады делік. Егер Ким Н.А. осы депозитті басқа,
пайыздық қойылымы анағұрлым жоғары Б Банкіне аударуды шешсе, А Банкі
депозит бойынша өз ставкасын Б Банкіне сәйкес көтеруі керек. Өйткені А
Банкі өтімділіктің үлкен дағдарысына ұшырауы мүмкін. А Банкі үшін мұндай
қаржыландыру көзі үлкен өтімділік тәуекелділігін туғызуы мүмкін.
Банктерде өтімділік активтері мысалы нарықта тез өтетін облигациямен
салыстырғанда клиенттер ссудасының сапасы жағынан төмен саналады.
Банктермен жүргізіліп отырған анализ банктің қаржыландыру сұранысын ақша
ағымымен ұзақ және қысқа мерзімді қамтамасыз етуі қарқынымен өлшенеді.
Осы талаптарды орындау банктың өтімділігіне тікелей ықпалын тигізеді.
Ақша ағымы позициясымен жақсы келісілген банктер қаржыландыру сұраныстарын
қамтамасыз етуде қысқа мерзімді активтерге аз сүйенеді.
Жоғары өтімді активтер - өтімділікте сұранысты көбінесе
қанағаттандырудың негізгі көзі болып табылады. Қаржыландыруда күткен және
күтпеген сұраныстарды қанағаттандыру үшін жоғары сапалы, қысқа мерзімді
активтерді жоғары сапада шешуде, жоғары түсімге қарап өтімділік міндеті
болып табылады. Өтімділік активтерінің жоғары көлемін қолдауда өтімділік
көзқарастың маңызы бар. Бірақ, көп жағдайда осы активтер нашар сапалы ұзақ
мерзімді активтерге қарағанда анағұрлым түсімді болып келеді, түсімді
жоғарлатуды көздеп өтімділік активтерінің төмен деңгейін қолдаушы банктер
өз позициясына өтімділік бойынша тәуекелділік төндіруі мүмкін.
Кеңінен көп тараған өтімділік тәуекелділігі бар жағдайларды, сонымен
қатар өтімділік тәуекелділік көздерін қарастырайық.
Өтімділіктің тәуекелділігі төмендегі жағдайларда туындайды:
- қаржы көзінің өтімділік қаржы жетіспеуіне апаратын өзгерістер;
- қаржы көлемінің жоспардан тыс азаюы;
- активтерді жабу және негізгі міндеттерді орындау мерзімінің сәйкес
келмеуі;
- банк мүмкіндігіне ықпал етуші тез және аз шығынмен активтерді тарату
құны нарықтағы жағдайдың өзгерісі;
- қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуда, шығынға ұшырай отырып ұзақ
мерзімді инвестициялық және басқа да активтерді сату;
- клиенттерді таңдауда, тұрақты емес қаржысы бар ұжымдарға несие беру;
- банкке деген сенімді жоғалту.
Өтімділіктің тәуекелділік көздері:
- банктің сый ақы өзгергіштігіне сезімталдығы;
- сый ақы ставкасының өзгеруі, клиенттер сұранысына және депозиттер мен
несиелерге әсер ете отырып, өтімділік деңгейіне қатты ықпал етеді,
- сый ақы қойылымының өзгеруі активтердің нарықтық құнына әсер етеді,
оны сату банкке қосымша өтімділік қаржы алу үшін қажет болуы мүмкін және
ақша нарығындағы заем құнына тікелей ықпал етеді;
- валюта курсы өзгеруіне Банктңі сезімталдығы;
- валюта курсының ары-бері өзгеруі, шетел валютасының активі мен
пассивінің төмендеп не өсуіне әсер етеді, нәтижесінде өтімділік балансына
да ықпалын тигізеді.
Нарықтағы валюта ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz