Әлеуметтік желілерді талдау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Ақпараттық жүйелер кафедрасы

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісінің м.а. __________ Тукеев У.А.
____ ___________ 2016 жыл

Әлеуметтік желілердегі процестерді болжауға, басқаруға және талдауға арналған ақпараттық жүйелерді құру тақырыбында

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5B070300 - Ақпараттық жүйелер

Орындаған
____________________
(қолы)
Алпысбаева А.Т.

Ғылыми жетекші, доцент
____________________
(қолы)
Сапакова С.З.

Норма бақылаушы
____________________
(қолы)
Самбетбаева А.Қ.

Алматы 2016
Түйіндеме

Дипломдық жұмыс 80 беттен, 25 суреттен, 8 кестеден, 21 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және 5 қосымшадан тұрады.
Кілтті сөздер: ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР, ТАЛДАУ, ЖЕЛІ МОДЕЛІ, АҚПАРАТТЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ТҮРДЕ ТАЛДАУ, ОРТАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ, ЖЕЛІ ГРАФЫ.
Зерттеу нысаны: әлеуметтік желілерге талдау, болжам жасауға және басқаруға арналған ақпараттық жүйе құру мүмкіндіктері.
Жұмыс мақсаты: әлеуметтік желілердің дамуы мен талдауына қатысты туындайтын мәселелерге арналған теориялық және қолданбалы зерттеулерге шолу жасалған.
Зерттеу әдістері: графтар әдісі, стохатикалық модельдер, желілер эволюциясы, графтарды визуализациялау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Қазіргі кезде танымал кейбір әлеуметтік желілерге қысқаша сипаттама берілген және оларды талдауға арналған қызықты бірқатар бағдарламалар сипатталады.
Қолдану аясы: Мемелекеттік басқару органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдары; Экономика секторының мемелекеттік және жекеменшік кәсіпорындары.
Зерттеу объектісі бойынша келешекке жасалатын жұмыстарға болжам: әлеуметтік желілерді зерттеудің болашақта даму бағыттары көрсетілген, атап айтқанда: әлеуметтік желілердің интегралдық теориясын ойлап табу, әлеуметтік желідегі мәтіндік ақпаратты желі мазмұнына елеулі түрде бейімдеу.
Жұмыста әлеуметтік желілердің дамуы мен талдауына қатысты туындайтын мәселелерге арналған теориялық және қолданбалы зерттеулерге шолу жасалған.

Мазмұны
Кіріспе 6
1 Әлеуметтік желілер - негізгі ұғымдар 8
1.1 Әлеуметтік желі моделінің негізгі элементтері 8
1.2 Әлеуметтік желілер теориясының пайда болуы және зерттеу
Кезіндегі аналитикалық тәсілдемелер эволюциясы 9
1.3 Әлеуметтік желі құндылығы туралы түсінік 11
1.4 Әлеуметтік желі құрылымын графикалық түсінігі 14
2 Әлеуметтік желілерді талдау 20
2.1 Бұқаралық әлеуметтік желілерді талдау 20
2.2 Әлеуметтік желілерді зерттеудің негізгі бағыттары 20
2.3 Әлеуметтік желілерді талдау үлгілері 22
2.4 Қазіргі таңдағы танымал әлеуметтік желілері 22
3 ШҚҚЖ ақпараттық жүйесін құрудың IV кезеңі: шешім қабылдауды қолдау жүйелерінің ақпараттық жүйесін құру 33
3.1 ШҚҚЖ ақпараттық жүйесін құруда қолданылған программалық жабдықтар 34
3.2 Жылжымайтын мүлік таңдауда ШҚҚЖ ақпараттық жүйесі программалық өнімін құру жұмысының сипаттамасы 35
Қорытынды 44
Пайдаланылған әдебиеттер 45
А қосымшасы 46
Ә қосымшасы 47
Б қосымшасы 54
В қосымшасы 60
Г қосымшасы 67
Ғ қосымшасы 69
Д қосымшасы 73
Е қосымшасы 78
Ё қосымшасы 80

Кіріспе

Қазіргі қоғам - жаңа ақпараттық технологиялардың қоғамы және XXI ғасырдың бұл ағымы - қоғам дамуының жаңа дәрежесіне жеткізді. Ақпарат алмасу, қарым-қатынас орнату, жұмыс іздеу, білім алу мүмкіндігі және тағы басқа іс-әрекеттер шынайы әлемге қарағанда виртуалды әлемде жүзеге асатын болды. Әлеуметтік желілер жастардың ең сенімді құралдардың біріне айналды. ComScore зерттеу компаниясының мәліметтері бойынша әлемнің интернет қолданушыларының 85% әлеуметтік желілерді пайдаланады. Қазірдің өзінде әлем халқы бетпе-бет тілдесуден гөрі, интернет арқылы, дәлірек айтқанда, әлеуметтік желі арқылы әңгімелесуді жөн көреді. Әлеуметтік желілер қазіргі таңдағы ең көп қолданысқа ие интернет ресурстарының бірі болып табылады.
Әлеуметтік желілер қоғамдық құбылыс ретінде ертеректе пайда болған. Соңғы онжылдықта әлеуметтік желілер барлығымыздың күнделікті өмірімізге айтарлықтай сіңісіп кетті, тіпті айырылмас бір бөлігіне айналды. Қазіргі кезде барлығының белгілі бір әлеуметтік желіде өз парақшасы бар; ең танымал әлеуметтік желілер (Facebook - 955 миллион пайдаланушысы бар, Вконтакте - 140 миллион пайдаланушысы бар) қазіргі кезде өз пайдаланушыларына бір бірімен араласу, жаңалықтармен бөлісу, қызықтыратын бағыттағы қауымдастықтарға қосылу, музыка тындау және видео қарау, сілтемелермен бөлісу сияқты және т.б. мүмкіндіктермен қамтамасыз етуде.
Жалпылай алғанда онлайндық желілерде қазіргі кезде орын алған жағдайды мынадай тезистермен сипаттауға болады:
* әлеуметтік желі пайдаланушыларының арасындағы өзара іс-әрекеттер саны мен қарқыны өте үлкен жылдамдықпен артуда;
* пайдаланушылар желіде өздерінен соң көптеген ақпараттық іздер қалдыруда (бұл іздер айқын емес болуы мүмкін);
* талқылау қарқындылығының артуы стихиялық (беймәлім түрде) сипат алуы мүмкін немесе белгілі бір мәселе бойынша жүреді;
* бәсекелестік нарығында пайдаланушылар арасындағы қарым-қатынасты қолдаудың әдістемелік және ақпараттық жүйелерге негізделген құрылғылары жетілдірілуде (краудсорсинг, эксперттік желілер, виртуалдық ынтымақтастық, интеллектуалдық технологиялар).
Әлеуметтік желілермен белсенді және бейтарап жұмыстарды ақпараттық-аналитикалық қолдаудың негізгі міндеттеріне (1.1-сурет):
* әлеуметтік желілер мониторингі және талдау (әлеуметтік желілерде болып жатқан үдерістерді түсіну үшін);
* болжам жасау және басқару (әлеуметтік желілерді қажетті күйге келтіру үшін).

1.1-cурет. Әлеуметтік желі талдау, болжамдау және басқару объектісі ретінде

Мониторинг сатысына бірінші реттік ақпараттарды алу және оларды құрылымдастыру жатады. Пайдаланушылар арасындағы хабарлама мәтіндері, сыртқы ресурстарға сілтемелер жинақталады. Жүйенің мүмкіндіктері жүйеде қолданылатын ақпараттың молшылығы және оларды өңдеу тәртібімен анықталады. Нақты уақыт тәртібінде мониторинг жасайтын жүйелерді жасап шығару, ретроспективті мәлімет жинау әдісін қолданатын жүйелермен салыстырғанда қиынырақ.
Талдау сатысында бірінші реттік мәліметтер бірнеше сатыдан тұратын өңдеуден өтеді. Біріншіден, пайдаланушы А қанша хабарлама жазды? деген сияқты жай ғана сандық сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіштерді есептеу болады. Содан соң мәліметтердегі құрылымдық және статистикалық заңдылықтарды анықтау, зерттелініп отырған желінің табиғатын түсінуге мүмкіндік береді. Тәжірибе жағынан біржақты салаларда орын алатын заңдылықтарды анықтайтын бағдарламалар көп қызығушылық тудырады.
Әлеуметтік желілерді талдау желі пайдаланушыларының арасындағы арақатынасты, олардың бет алысын, қауымдастықтастыруды, желіліердегі ақпараттық ағымдарды модельдеу үшін қолданылады. Әлбетте, мәліметтерді және адамдардың мінез-құлқын осындай форматтағы қарым-қатынас кезінде зерттеу анағұрлым тезірек және ыңғайлы. Сондықтан әлеуметтік желілерді зерттеу саласы қазіргі заман ғалымдары үшін үлкен қызығушылық тудыруда.
Болжам жасау ақпараттық үдерістің математикалық моделін анықтағаннан соң мүмкін болады. Ол үшін статистикалық модельдер және графтар арқылы сипатталатын динамикалық модельдер (эпидемиялардың таралуы, каскадты мінез-құлық) қолданылады.
Басқару дегеніміз - әлеуметтік желілерді қажетті күйге жеткізу үшін мақсатқа бағытталған түрде ықпал ету. Пайдаланушыға жұмсақ сапалы ұсыныс жасау және қатты сандық баға беру арқылы әсер етуге болады. Сапалық ұсыныстар басқарушы үдерістердің ресми түрлерін қажет етеді. Авторлар ондай мүмкіндікке ие жүйелерді біле бермейді. Талдау, болжам жасау және басқарудың мақсаттары әр жағдайда әр түрлі болуы мүмкін, біріншіден, ол мәселе кімге қатысты, яғни жүйенің негізгі, түпкілікті пайдаланушысы кім болып табылатындығына байланысты. Әлеуметтік желілерге талдау, болжау және басқаруға қызығушылық тудыратын пайдаланушыларды келесідей түрге бөліп қарастыруға болады (1.2-сурет):
Мемелекеттік басқару органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдары;
Экономика секторының мемелекеттік және жекеменшік кәсіпорындары, соның ішінде:
* Сауда-саттық ұйымдары (бірінші орында, брендтер);
* Зерттеу ұйымдары;
* Бұқаралық ақпарат құралдары.
* Қоғам мүшелері;
* Политикалық партиялар;
* Жекелеген физикалық тұлғалар.

1.2-cурет. Басқарушы субъектілер мен олардың арасындағы байланыс
Қазіргі уақытта, статистика бойынша, сауда-саттық ұйымдарына арналған әлеуметтік желелерді талдау жақсы дамыған. Дегенмен, түпкілікті пайдаланушыларды ескермесе, әлеуметтік желелерді төмендегідей қауымдастықтарға бөлуге болады:
Әлеуметтік желелерді талдаудың сатылары. Жүйелер әлеуметтік желелерге жай ғана мониторинг, талдау жасау, әлеуметтік желі үдерістеріне болжам жасау және оларды басқару мүмкіндіктеріне ие.
Мәліметтерді талдау модельдері. Әлеуметтік желілерді талдау жүйелерінде қолданылатын негізгі әдістердің класстарына мыналарды жатқызуға болады: статистикалық әдістер және графтарды талдау әдістері. Жүйелерді жіктеу үшін сонымен қатар семантикалық талдауды және мәтіндердің үндестігін талдау әдістерін атап кеткен дұрыс (жүйенің зерттелініп отырған әлеуметтік желіде қолданылатын тілді қолдайтындығына назар аудару қажет).
Әлеуметтік желілерді талдау объектілері. Жүйе келесі объектілерді талдауға назар аударуы мүмкін: желіні толығымен (кейбір біріккен ғаламдық желілердің көмегімен); желі ішіндегі желілер және қауымдастықтар; жекелеген пайдаланушылар (актор-бағытталған жергілікті көрсеткіштердің көмегімен); ақпараттық хабарламалар (кейбір ақпараттық объектілердің ескерілуі); пікірлер (кейбір ақпараттық объектілерге қатысты хабарламалардың үндестігіне байланысты); сыртқы түйіндер (немесе ғаламтордағы ақпараттық ресурстар);
Деректерді талдау тәртібі. Мұндай жүйелер мәліметтерді талдау мүмкіндігімен қамтамасыз етпейді (қол жетімді емес) немесе ретроспективті деректерді және нақты уақыт тәртібіндегі деректерді талдау мүмкіндігін ұсынады.
Деректерді жинау тәртібі. Мұндай жүйелер мәліметтерді талдау мүмкіндігімен қамтамасыз етпейді (қол жетімді емес) немесе ретроспективті деректерді жәненемесе нақты уақыт тәртібіндегі деректерді талдау талдау мүмкіндігін ұсынады. Жүйе барлық көлемдегі мәліметтерді жинақтай алады немесе белгілі бір тақырыпқа қатысты мәліметтерді жинақтайды.
Мәліметтер көзін қамту. Классикалық онлайн әлеуметтік желілерден (Facebook, ВКонтакте), блок Gov (LiveJournal), микроблог (Twitter), т.б. фото желі, графиктер және бейне (YouTube, Flickr), форумдар деректерін жинауға және талдауға мүмкін береді.
Бұл жұмыста әлеуметтік желілердің талдау нәтижелері ұсынылады:
* осы саладағы зерттеулердің негізгі бағыттары келтірілген;
* әлеуметтік желілерді зерттеуге пайдалы кейбір сипаттамалар ұсынылады;
* әр түрлі желілік талдау модельдерінде пайдаланылатын әдістер мен алгоритмдер қысқаша мазмұндалады;
* қазіргі уақытта ең танымал компьютерлік әлеуметтік желілер сипаттамаcы берілген;
* әлеуметтік желілер саласын зерттеудің кейбір ықтимал жолдары баяндалған.

1 Әлеуметтік желілер - негізгі ұғымдар

1.1 Әлеуметтік желі моделінің негізгі элементтері

Әлеуметтік желі - бұл әлеуметтік объектілер мен олардың арасындағы байланыстырушы болып табылаттын түйіндер тобынан тұратын әлеуметтік құрылым. Жалпы түсінік бойынша әлеуметтік желі - ортақ қызығушылығы, ортақ бір ісі бар немесе тікелей қарым-қатынасқа түсуге қанай да бір себептері бар адамдар шоғыры. Жалпы философиялық тұрғыдан әлеуметтік желі ретінде көптеген әлеуметтік объектілер мен олардың арасындағы белгілі бір қарым-қатынас санын түсінеді.
Эллисон және Бойд әлеуметтік интернет-желісін қолданушыарға төмендегідей мүмкіндік беретін веб-сервис ретінде анықтаған болатын:
1) қолданушылардың ашық немесе жартылай ашық парақшаларын жасау;
2) әлеуметтік байланыстағы қолданушылар тізімін жасау;
3) бір жүйе шеңберінде өзінің байланыс тізімі мен өзгенің дәл сондай тізімін қарастыру.
Патаркин Е.Д. пікірі бойынша әлеуметтік желі - негізінде қолланушылар бір-бірімен байланыс орнататын платформа. Сонымен, әлеуметтік Интернет желі - төмендегідей қасиеттерге ие интерактивті көпшілік тұтынатын веб-сайт:
сайттың мазмұны тікелей қолданушымен ғана жасалады;
сайт автоматтандырылған ортаны білдіреді, оның шеңберінде қолданушылар өзге қолданушылармен байланыс орнатуға (әлеуметтік байланыс) немесе әлеуметтік объектілер (тақырыптық топтар) құруға мүмкіндігі болады;
қолданушылар берілген әлеуметтік ортадағы объектілер туралы статикалық және динамикалық, олардың арасындағы әлеуметтік байланыс туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар;
қолданушыларға өзге қолданушылармен және әлеуметтік объектілермен қарым-қатынасқа түсу функциялары қолжетімді.
Әлеуметтік желінің келесідей функцияларын атап өтуге болады:
1. Коммуникациялық. Коммуникацциялық функция шеңберінде адамдар бір-бірімен байланыс орнатады, жаңалықтармен, ақпаратпен (сурет, видео, аудио жазбалар, сайттарға сілтеме, комментарийлер, хабарламалар) алмасады, қандай да бір ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін бірігеді (бірігу және әлеуметтік байланыста болу).
2. Ақпараттық. Ақпараттар ағымы екі бағытта жүргізіледі, себебі байланыстағы қатысушылар коммуникатор рөлінде де, реципиент рөлінде де болады.
3. Әлеуметтенуші (өзіндік даму, достар және топтар жүйесіндегі рефлексия).
4. Өзіндік белсенділік (өзіндік жарнама).
5. Идентификациялық (жеке парақшасын құру кезінде тұтынушы оны өзіне қатысты ақпаратпен толтырады - аты, туған күні, әлеуметтік жағдайы, мектебі, ЖОО, қызығушылығы және т.б.ақпарат бойынша анкетаны іздеуге мүмкіндік береді).
6. Бірегейлікті қалыптастыру функциясы. Фестингер теориясына сәйкес адам өзін келесі бір өзіне ұқсастығы көп адаммен салыстыруға бейім келеді. Сонымен қоса, когнитивті диссонанс теориясына сәйкес ұқсас адамдар бір-бірін жақсы бағалайды. Бұл адамдардың өзгелерге қатысты өзіндік орнын нақты қалыптастыруға мүмкіндік беретін негізгі механизм.
7. Көңіл көтеруші. Әлеуметтік желілер тек қана хабраламамен алмасушы ғана емес, сонымен қатар мультимедиялық файлдармен алмасуға да мүмкіндік береді, сонымен қоса қолданушы мүмкіндігін арттыру мақсатында басқа өңдеушілермен жасалатын виджет-шағын программалардың көңіл-көтерушілік сипатын атап өту керек.
Нақты әлеуметтік жүйелер үшін келесідей негізгі қасиеттер мен эффекттерді атап өтуге болады:
Қолданушылардың өзіндік пікірінің болуы;
Әлеуметтік желінің өзге қолданушыларының әсерінен пікірінің өзгеруі;
Бір қолданушының пікіріне келесі қолданушы пікірінің алуан түрлі мәні;
Әлеуметтік желі мүшелерінің қандай да бір әсерге берілуінің түрлі деңгейі;
Әлеуметтік тұлғалар тізбегіндегі жанама әсердің болуы;
пікір көшбасшыларының болуы;
Айналадағылардың пікірінің өзгерісіне әсерліліктің бастапқы қадамының болуы;
Топтардың локализациясы (қызығушылықтары бойынша, пікірлестер);
әлеуметтік корреляция факторларын тіркеу;
Әсер етудің сыртқы факторларының (жарнама, маркетингтік акциялар), сәйкесінше сыртқы агенттерінің (бұқаралық ақпарат құралдары, тауар өндірушілер және т.б.) болуы;
Әлеуметтік желілердің құрылымдық қасиеттерінің пікірлер динамикасына әсері;
Коалиция пайда болу мүмкіндігі;
Қолданушылардың ойындық өзара қарым-қатынасы;
Әлеуметтік желілердегі ақпараттық басқару.

1.2 Әлеуметтік желілер теориясының пайда болуы және зерттеу кезіндегі аналитикалық тәсілдемелер эволюциясы

1959-1968 жылдары венгерлік Пол Эрдос және Альфред Реньи атты математиктер әлеуметтік желілерді қалыптастыру принциптерін сипаттайтын мақалалар топтамасын жариялаған болатын. Ғалымдар алғаш рет әлеуметтік желілерді тұрғызу принциптерін көрсету үшін математикалық теорияны пайдаланған болатын. Ұсынылған кездейсоқ графтар теориясы тұрғызылуының анық принципі жоқ күрделі желілерді сипаттауға мүмкіндік берді. Граф шыңдарының кездейсоқ-бірдей бірігуінің кезінде P(k) үлестірімі биномиальды болып табылады (k- қабырғалардың төбесіне кірушілер саны), ал графтың үлкен көлемінде - пуассондық болады, мұндай желілерді кездейсоқ пуассон желілері деп атайды. Дегенмен, 21 ғасырдың басында Эрдос-Реньи үлгісі әлеуметтік Интернет-желілерінің нақты графтарымен нашар корреляцияланатындығы анықталған болатын.
1969 жылы Стэнли Милгрэм және Джеффри Трэверс сынды америкалық психологтар алты қол қысу теориясын ұсынған болатын, соған сәйкес әлемдегі кез келген екі адам ортақ таныстарының 5 деңгейімен ғана ажыратылған, сәйкесінше алты байланыс деңгейімен (тар әлемнің құбылысы). Эксперимент талабы бойынша, американың белгілі бір екі қаласы алынды, соның Омаха атты қаласының тұрғындарына 300 конверт таратылды, оларды Бостон қаласында тұратын қандай да бір адамға беру қажет болды. Конверттерді тек өз таныстары мен туыстары арқылы жіберу міндет етілді. Нәтижесінде, Милгрэм осы аталған конверттердің соңғы адамға орта есеппен бес адам арқылы жеткедігін анықтады. Сипатталған экспериментті әртүрлі вариацяида бірнеше рет қайталады. 1998 жылы Колумбия университетінің ғалымдары электронды пошта көмегімен зерттеуді аналогты сұлба көмегімен растады. Интернет-желісінде бір сайттан басқа сайтқа алты батырма көмегімен қол жеткізуге болатындығы анықталды. 2008 жылы Microsoft компаниясы екі жылдық зерттеу нәтижесін жариялады, ол жерде 240 миллион қолданушылардың әрқайсысы келесі қолданушыға 6,6 қол алысу арқылы жете алатындығын көрсетіледі. Милан университеті мен Facebook әлеуметтік желісі де алты қол алысу теориясын эксперимент жасай отырып зерттеген, ол кезде негіз ретінде Facebook желісінің графын алды. Зерттеу нәтижесінде Facebook желісінің кез келген екі қолданушысын бір-бірінен 4,74 байланыс деңгейі ажыратады. Вконтакте әлеуметтік желісінде достар тізбегі - алты қол алысу теориясы деген арнайы қосымша желі қолданушыларының ішінен танысу байланыстарын табуға мүмкіндік береді. Вконтакте желісін қолданушылардың көпшілігі ТМД елдерінің территориясында орналасқандықтан, адамдар Украина территориясынан гипотетикалық танысын енгізе отырып нәтижесінде 3-4 адамды алады. Осылайша алты қол алысу теориясын эксперименталды тұрғыдан Интернет-желісінде дәлелдеу әрдайым мүмкін бола бермейді. Қателікті келесідей түрде түсіндіруге болады. Жаңа қолданушы тіркелген кезде және өзінің жеке мәліметтерін енгізгенде, әлеуметтік желі бұл қолданушы тануы мүмкін қолданушыларды шығарады (мысалы, электронды пошта қоланушыларын талдау арқылы), немесе ортақ қызығушылығы бар, жұмысы ортақ және т.б. дегендей, солардың ішінен ең көп қарым-қатынаста болатынын таңдап алады. Осылайша оқытушы қызметтестерін, оқушылар мен студенттер ойы бір адамдарды тауып алып, қарым-қатынаста бола алады (құрдас, ортақ қызығушылық және т.б.).
1970 жылдары Марк Грановеттер атты америкалық әлеуметтанушы әлеуметтік желіліер ішінде әлсіз байланыстар (мысалы, біздің көршілер, таныстар, таныстарымыздың таныстары, жұмыстағы адамдар) күшті байланыстарға (туытстарымыз бен достарымыз) қарағанда маңыздылыққа ие екендігін анықтады. Ақпарат әлсіз байланыстар көмегімен жылдам әрі кең таратылатындығымен түсіндіріледі. Оның пікірі бойынша, әлсіз байланыстар қолданушылардың өзара қарым-қатынасын және олардың топтармен қарым-қатынасын кеңейту үшін өте қажетті, күшті байланыстар нәтижесінде жергілікті бйланыс пайда болады. Жұмысқа орналасу мысалы ретінде, жұмыс іздеу тұрғысынан және өзге де біз толық білмейтін өмірлік қажеттіліктер тұрғысынан өте пайдалы болып табылады. Күшті байланыстар арқылы адамдар мәліметтер мен ресурстардың шектелген көлемімен бөліседі, күшті байланыстар ақпараттық тұрғыдан артық, сәйкесінше олар бір-біріне әкелер пайдасы аз. Осылайша, жұмыс іздеуде артықшылыққа бір-бірімен түйіспейтін адамдар желісі бар ие болады. Бұл эффектті М.Грановеттер әлсіз байланыстар күші деп атаған болатын.

1.3 Әлеуметтік желі құндылығы туралы түсінік

Әлеуметтік желінің сандық бағалау мүмкіндігіне 20 ғасырдың басында Америка Ұлттық Радиохабарлағыш компанияның негізін қалаушы Д.Сарнов наза аударған болатын, телевизиялық желінің құндылығы көрермендердің санына тура пропорционал өседі. Осылайша, элементтерінің саны неғұрлым көп боса, желінің құндылығы соғұрлым жоғары болады.
Кейінірек Р.Меткалф барлық жүйенің құндылығы оның түйіндерінің санына n қарағанда жылдамырақ артатындығына назар аударды. Желінің әрбір түйіні n−1 басқа түйіндерімен байланыса алатындығын ескерер болсақ, онда құндылық ол үшін n−1 пропорционал. Желіде барлығы n түйін болғандықтан, желінің құндылығы n (n−1) болады. Құндылық дегеніміз бұл жерде мүмкін болатын қосылулар саны.
Осы заңның негізінде Д.Рид топ құрастыратын желілер үшін формула қалыптастырды. Мұндай желінің құндылығы 2n−n−1 поропорционал, жалғыз түйіндер мен бос көптіктерді ескермегендегі ішкі көпмүшелік санымен анықталады. Рид заңы есептеуіш және әлеуметтік желілер аасындағы байланысты білдіреді.
Осы заңдарды салыстыра отырып, Г.Рейнгольд төмендегіні атап өтті: желі телевизиялыққа ұқсас болып, халыққа қандай да бір ақпарат жеткізетін болса, онда оның қызмет көрсету құндылығы сызықты түрде өседі. Ал желі жеке түйіндерге бір-бірімен байланысқа түсуге мүмкіндік берер болса, онда оның құндылығы квадратты түрде ұлғаяды. Ал дәл осы желі топты құруға мүмкіндігі бар болса, онда құндылық экспоненциальды түрде өседі. (4, а-в сурет).
[72] жұмысында бағалау үшін логарифмдік тәуелділікті nln(n) (Ципф заңы) қолдануды ұсынады. Алғашқы үш заңнан айырмашылығы, бұл жерде байланыстардың құндылығы айтылады. Әлеуметтік жеінің ерікт агенті үшін басқа n−1 агенттермен байланыс 1-ден 1(n - 1) дейін құндылыққа ие болса, онда агенттің желінің ортақ құндылығына қосары 1+12+...+1(n-1) = ln(n) болады. Барлық агенттер бойынша қосындыларды ала отырып, nln(n) ретінің құндылығына қол жеткіземіз. (1.2, г сурет)

1.3-сурет. қатысушыларының санын 0-ден 50-ге ейін ұлғайтқан жағдайдағы әлеуметтік желі тәуелділігінің графикалық көрінісі

Алайда, әлеуметтік желінің құндылығы барлық агенттер потенциалды байланысынан тәуелді шама, ол мүмкін болатын конфигурация санының өсуімен ұлғаюы керек. [73] жұмыста көп агенттер үшін n әлеуметтік желі құндылығын (энтропия ретінде) ln (n!) = n :: ln (n) - n ретінде анықтау ұсынылған.

1.4 Әлеуметтік желі құрылымын графикалық талдау
Әлеуметтік желілерді талдау - әлеуметтік қарым-қатынас және байланыстар коммуникациясы кезінде туындайтындарды сипаттаумен және талдаумен айналысатын заманауи компьютерлік әлеуметтану бағыты. Адамдардың әлеуметтік мәнділігі әртүрлі болғандықтан, олардың айналадағыларға қатысты қажеттіліктер де әртүрлі болады. Әлеуметтік мәнділік екі параметрмен анықталады: адамдарды білу және олардың күйін білу. Элементтердің бір жиынтығының ішінде желілердің әртүрлі типі болуы мүмкін. Бұл бағыт бірнеше жылдар көлемінде зерттелсе де, желілік нақтылық пайда болғанға дейін оның өзектілігіне қажеттілік болмаған.
1.4-сурет. Құрауыш элементтер арасындағы өзара байланыс пен мүмкін болатын орналасудың қарапайым мысалы

Өзара әсерлесу желісін графтар теориясының, ақпараттар теориясының және математикалық статистиканың әртүрлі әдістерімен талдауға болады. М.Доверн және кейбір өзге зерттеушілер әлеуметтік желілер талдауында төрт негізгі тәсілдемені ерекшелейді:
Құрылымыдық тәсілдеме (немесе формалды-математикалық) желінің геометриялық формасына және өзара байланыс интенсивтілігіне көңіл аудартады. Барлық актерлар графтың шыңдары ретінде қарастырылады, олар қабырғалардың конфигурациясы мен желінің өзге актерларына әсер етеді. Ерекше көңіл шыңдардың келісімді орналасуына, орталықтануына және өзара байланыстың транзитивтілігіне бөлінеді. Берілген жағдайда нәтижелерді интерпретациялау үшін құрылымдық теорияар және желілік алмасу теориялары қолданылады;
Ресурстық тәсілдеме белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін жеке және желілік ресурстарды тарту бойынша қатысушылардың мүмкіндіктерін қарастырады және әлеуметтік желінің құрылымдық позициясындағы қатысушыларды ресурсатры бойынша дифференциалдайды (статус, ақпарат, капитал);
Нормативті тәсілдеме қатысушылар арасындағы сенімділік деңгейін зерттейді, сонымен қатар әлеуметтік желі қатысушыларының әрекеті мен олардың өзара байланыс үдерісіне әсер ететін нормалар, ережелер және санкцияларды зерттейді;
Динамикалық тәсілдеме уақыт бойынша желілік құрылым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік желілерге талдау жасау
Машиналық оқыту әдісімен әлеуметтік желілердің деректер анализаторын әзірлеу
Ақпараттық қауіпсіздік нарығының дамуын талдау
Инженерлік желілерді бақылау және мониторингтеу жүйе контроллерін әзірлеу
Кәсіпорынның құрылымдалған кабельдік жүйелері мен желілерін жобалау, монтаждау, қызмет көрсету және олардың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету
Өз ісіңізді ұйымдастыру үшін қызмет түрін таңдап., SWOT талдау жасау
Ядролық қаруды таратпау туралы шарт таратпау режімінің арқауы болды және солай бола бермек
Қазақстанның ядролық қарусыз әлем және заманауи қауіпсіздік түсінігіне қатысты Қазақстанның бастамалары туралы әлемдік БАҚ, Интернеттегі әлеуметтік желілердің жарияланымдарын талдау
Ядролық қарусыз әлем және заманауи қауіпсіздік түсінігіне қатысты Қазақстанның бастамалары туралы әлемдік БАҚ, Интернеттегі әлеуметтік желілердің жарияланымдарын талдау туралы
Өзінің Бақылау революциясы
Пәндер