Халықаралық несиенің түрлері мен формалары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
жоспар

Кіріспе

1-тарау. Халықаралық несиенің түрлері мен формалары

Қорытынды

Қолданылған Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады. Өндірістік қатынастардың щеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық несие және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие объектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.
Несиенің түрлері - ол ұйымдастыру-экономикалық нысандарына байланысты әрбір несиені сипаттау. Несиені жіктеуде әлемдік біркелкі стандарт жоқ. Несие қатынастарының дамуына және тауар-ақша айналысының орістеуіне байланысты несие ақшалы және тауарлы болып, одан эрі несиенің жаңа түрлері пайда болуы мүмкін.
Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржы негізінен екі функция орындайды, оның бірі қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлумен және қайта бөлумен байланысты болатын қаржының бөлу функциясы болса, екінші оның бақылау функциясы.
Қаржы өзінің экономикалық табиғаты мен жалпы принципиалды бірлігі жағынан біртұтас. Алайда қоғамның сан алуан қажеттеріне қызмет ететіндігіне байланысты қаржы бірқатар сфералардан тұрады. Нәтижесінде ол өзінің ықпалымен бүкіл экономиканы қамтиды. Қаржы қатынастардың сферасы мен буындары өзара тығыз байланыста болады және елдің бірыңғай қаржы жүйесін құрады.
Халықаралық несиелік қатынастардың қазіргі формалары әр алуан. Олар заемдық қаражаттарды пайдаланудағы дүниежүзілік шаруашылық қажеттіліктің өсуін көрсетеді. Халықаралык несие олардың тағайындалуына, экономикалык мазмұнына, несиені беру көздеріне карай жіктеледі. Халықаралық несиелер көбіне сыртқы сауда ағымдарына кызмет етумен, инвестициялык объектілерінің құрылысын қаржыландырумен, көрсетілген қызметтерге ақы төлеумен, ең бастысы ғылыми-техникалық білімдерді экспорттаумен тікелей байланысты келеді. Сонымен катар, халықаралық несиелердің маңызды бөлігі, тек ғана накты сыртқы экономикалық мәмілелерді каржыландыру үшін емес, сол сияқты банкаралық несиені беру немесе әр елдің төлем балансын реттеу мақсатына пайдаланылады. Қазіргі жағдайда халықаралық несие­лер - бір жағынан, экспорттық және қаржы несиелері мен займдары ретінде, екінші жағынан, жеке және мемлекетаралық несие түрінде қарастырылған.
Енді осы екі несие формаларын жеке карастырамыз. Халықаралық сауданы экспорттық несиелеудің ерекшелігі - оның кредитор елінен экспорттық жабдықтауымен өзара байланысты болып келуі, бұл несиелерді халықаралық несие нарығындағы ерекше категория ретінде бөліп қарауға негіз болады, Бұл жерде импортер мен экспортерлер де өздерінің шетелдік контрагенттерінен немесе оларға қызмет көрестуші банктерден тікелей несие алады. Несиенің берілуі сыртқы сауда контрактісінің жасалуымен байланысты. Несиенің көлемі, оның мерзімі пайызды төлеу және қайтару шарты экс­портер мен импортер еліндегі экономикалық және саяси жағдайларға, тауардың түріне, екі жақтың өзара қарым-қатынасына тәуелді.
Экспорттық несиелер өнеркәсібі дамыған елдер арасында жиі қолданылады. Экспорттық несие берудің көлемі ғана емес, сондай-ақ қаржыландыру әдістері де өзгеруде. Жаңа несиелік құралдар пайда болып, несиелік операцияға қатысушылар құрамы кеңейді, қатысушылардың өзара қатынасу жүйесі жетілдірілді, кейбір қаржыландыру көздерінің ролі мен маңызы төмендеді.
Импортерлерге өнім жабдықтаушыларының беретін нежылдарындағы инвесторлардың мұндай операцияларға деген сенімсіздігінің өсуіне себеп болды. Дамушы елдердің экономикалық және саяси тұраксыздығы инвесторларды ондай бағалы қағаздарды сатып алудан бас тартуға итермеледі. Мұндай займдарға кредитор-елдердің үкіметінен және сауда-өнеркәсіп тарапынан қолдау болмады, сондықтан да оларды алушыларға сол елдің тауарларын сатып алуға мүмкіндік туғызды.

1-тарау. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НЕСИЕНІҢ ФОРМАЛАРЫ

Сыртқы сауда операцияларын қаржыландырудағы қажеттілік халықаралық коммерциялық несие берудің басқа да формалары есебінен қанағаттандырылды:
шетелдік сатып алушыларға тауарларын шығаратын өндірушіге тікелей берілетін фирмалык несиелер;
экспортталатын бұйымдар мен көрсетілетін қызметтерді жабдықтаушылары мен сатып алушыларына берілетін банктік несиелер;
әр түрлі мемлекетаралық келісімдер шегінде берілетін несиелер.
Экспортты фирмалық несиелеу 60-жылдардан бастап тез қарқынмен дами бастады. Осы кезде фирмалық несиелер машиналар мен кұрал-жабдыктар экспортын қаржыландырудың негізгі әдісі болды. Коммерциялық несиені фирмалық және банктік деп бөлу, импортердің несиені кімнен алатынына қарай: жабдықтаушы-фирмадан немесе банктен алады. Егер сырткы сауда контрактісінде жабдықталатын тауар уақыты кешіктіріліп төленетін болса, онда несие фирмалық болып саналады.
Экспортер мен импортердің арасындағы несие шартында тауарды жабдықтау туралы жасалатын келісім бойынша міндеттеме формасы несие беру мерзіміне, мәміленің көлемі мен сипатына, екі жақтың өзара қарым-катынас ерекшелігіне байланысты. Тұрақты сауда қатынасы мен тауарды үнемі жабдықтау барысында несие ашық шот шартыменен беріледі де, соған сәйкес экспотер импортерге сатқан және жөнелткен тауарының "қүнын жазады, ал импортер көзделген мерзімде қарызды қайтаруға міндетті. Бұл жерде банктер сауда контрагенттерінен есеп айырысуда таза техникалық делдал қызметін атқарады.
Фирмалык несие берудің ең көп пайдаланылатын қаржылқ құралы борышқормен акцептелінген вексель болып табылады. Экспортер сатып алушыға контрактіде қанша төлем көрсетілсе, сонша тратталарын береді. Борышқордын немесе банктің акцептелген талабының болуы, экспортерге өзіне қызмет көрсететін банкте осы талапты кепілге беріп немесе оны есепке алу жолымен қарыз алуға мүмкіндік береді.
Батыс елдерінде аккредитивтік есеп айрысу формасы көмегімен фирмалық несиелерді қаржыландыру жиі қолданылады. Бұл жерде коммерциялык несиені беруге байланысты операцияға импортер мен экспортер банкі қатысады, себебі олардың арасындағы жасалынатын келісім негізінде экспор­терге тауарды жөнелткендігі туралы құжатты беруіне қарсы аккредитив ашылады.
Фирмалық несиені беру туралы контрактіде сатып алушының қаншама мөлшерде қолма-қол ақшамен қатынасу үлесі айтылады, сөйтіп ол, өзінің алдағы мәмілеге қатынасына кепілдеме береді. Бұл сома әдетте контракт кұнының 15-25%-ын құрайды. Несиені өтеуге борышқордың міндеті жай ғана вексель формасына ауысады. Банктер вексельді есепке алғаны үшін базалық есеп мөлшерлемесін және кызметі үшін бір мәрте алым алады. Егер вексельдерді есепке алу банк жағынан экспортердің алдын ала міндеттемесі негізінде жүргізілсе, онда банк несие сомасының 0,1-0,25% мөлшерінде бір мәрте алым алады. Мұндай шығыстарды, сондай-ақ сақтандыру құнын экспортер тауар бағасына қосу арқылы сатып алушы есебінен оларды компенсациялайды. Фирмалық несие беру көбіне 2 жылға дейінгі мерзімде жүргізіледі, бірақ қазіргі кезде оның мерзімі 5, кейде 7-8 жылды құрайды.
Фирмалық несиелеу жүйесінің дамуы тұсында айрықша қиындықтар болған емес. Ірі экспортер-фирмалар өздерінің резервтік қаражаттарын пайдаланса, үзақ және біршама қаржылык қатынасына тұрақты фирмалар банкіндегі овердрафт бойынша (ағымдық шоттағы сомадан асатын мөлшерде алатын қарыз) қаражатты қаржыға алуы немесе акдіа нарығында қысқа мерзімді талаптарды сатып алушыға сату арқылы қаржыландырылды. Фирмалық несиелер тауарды сатуды қаржыландырумен тікелей байланысты қамтамасыз ете отырып, экспортерлерге сатып алушының міндеттемесін қайта қаржыландыруы бойынша шығындардың орнын жабуға мүмкіндік жасады.
Шетелдік сатып алушылардың несие көлемі мен шартына қойлатын талаптардың артуына, сыртқы сауда нарығындағы бәсекенің күшеюіне байланысты фирмалық несие берудің шектеулі мүмкіндігі көбірек айқындалады. Кейбір фирмалар меншікті қаражаттары есебінен сатып алушыны ірі сомада және ұзақ мерзімге несиелеуге қабілетті болды. Банктерден импортер векселін кепілге бере отырып немесе оларды есепке алу жолымен ұзақ мерзімді несие алу белгілі бір қиындықтарға әкеліп соқтырды. Банктер өз несиелерін 3 жылдан жоғары мерзімге бергісі келмеді, оның себебін қарыз алушылардың несиелік қабілеті туралы ақпараттардың жеткіліксіздігі, олардың міндеттемелерінің өтімділік дәрежесінің төмендететіндігімен түсіндірді. Сонымен бірге, банктік қарыздар тауарды жөнелткеннен кейін бірден берілмей, оларды сатып алушыны акцептегеннен кейін берілді.
Фирмалық несие берудің даму ауқымына оны ұйымдастырумен байланысты техникалық қиындықтар кедергі болды. Ең қиыны бұл несие бойынша жауапкершілікті бөлу еді.
Экспорттық қаржыландыру тәжірибесінің дамуымен экспорттық несиелерді мемлекеттік сақтаундыру жүйесі жетіліп, жабдықтаушының несиесі бойынша сақтандыру мөлшері өсе түсті (қазіргі уақытта еліне және мәміле шартына байланыс­ты несие сомасы 80-нен 90%-ға дейін сактандырылады). Мұндай жағдайда экспортерге қайта несиелеу және несиенің қалған бөлігі бойынша тәуекелден сактану үшін қосымша қаражаттар іздестіруге тура келеді. Мемлекет тек кана саяси тәуекелдерге кепіл беруі жөнінде өзіне міндеттеме алғандықтан да экспортер немесе оны каржыландырушы банк коммерциялық тәуекелдер бойынша жауапкершілікті өздеріне алуға мәжбүр болды.
Осы міндеттемелердің барлығы 50-60-жылдардағы экспортты қаржыландырудың жаңа әдістерін дамытуға жол берді, оның ішінде алдыңғы орын шетелдік сатып алушыларды тікелей банктік несиелеуге тиді. Осыдан банктер мен фирмалық несиелер арасында қызметтер бөліне бастады. Банктік несие ең бастысы кредитор-елдің өнімдерін сатып алушыларға орта мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді берумен аз сомада қысқа мерзімді несиелік мәмілелер қалады. Англия және Франция сияқты елдерде орта және ұзақ мерзімді несиелеудің жалпы көлеміндегі фирмалық және банктік несиелердің өзара қатынасы 2:1 теңеседі, соңғы жылдары тікелей банктік несиелердің (сатып алушыға берілетін несие­лер) үлесіне сондай мерзімді экспорттық несиелерді 3-тен астамы келеді.
Импортерлерді тікелей банктік несиелеудің кеңеюі осы шеңберде мемлекеттік қызметтің белсенділігімен байланысты жеделдетілді. Экспорттық несиелер бойынша мемлекеттік кепілдемелер беретін несиелер көлемін қыска мерзімде ұлғайтып, қарыз алушылар үшін олардың әлсіз құнын қамтамасыз етті.
Экспорттық несиелеудегі банктердің маңызының артуы халыкаралық сауда нарығындағы банктік институггар мен өнеркәсіптік фирмалар арасындағы өзара қатынасқа ықпал етті. Мысалы, соғысқа дейін және соғыстан кейін де банктер халықаралық коммерциялық мәмілелерді несиелеуде екінші реттегі буында болатын, себебі ондай жағдайды толығымен экспортерлер мен импортерлер анықтады. Кейіннен банктер шетелдік сатып алушыларға өздері шығып, олармен жасалатын мәміленің сипатын, ерекшеліктерін айтып түсіндіреді. Сөйтіп, егерде импортерді банк несиелендірсе, ол экспортер үшін біршама тиімді болады. Бұл жерде жөнелтілген тауар­ды банк оның қолма-қол акшасымен төлейді де, өз кезегінде экспортерді қаржыландырады, сонымен катар, банк оны артық шығындардан арылтып, несие бойынша барлық тәуекелден босатады және оның айналым қаражаттарының қозғалысын жеделдетеді. Экспортер операциясын қаржыландыру оның банктен несие алу қабілетімен емес, ягни бірінші кезекте өндірістік мүмкіндіктермен шектеледі.
Сатып алушыға берілетін несиені кейде экспортер-елінің банкі, кейде импортер-елінін банкі бере алады. Несие жай ғана банкаралык келісім-шарт негізінде рэсімделеді және борышты векселін кепілге алу арқылы беріледі. Банктердің импортерге несие беруінін ерекшелігі кредитор-банк елінен тауар сатып алуымен, негізінен инвестициялық маңызы бар тауарларды: машина, құрал-жабдық технологиялык желілерді сатып алуымен тығыз байланыстылығымен сипатталады.
Осындай түрдегі несиелер банктерден ұзақ мерзімге 5-тен 15 жылға дейін және маңызды сомада беріледі. Соңғы жылдары несиелердін мерзімдері ұзарып және олардың сомалары іріленуде. Мысалы, Батыстың өнеркәсібі дамыған елдері дамушы елдерге беретін экспорттық несиелердің үштен екі бөлігі 5 жылдық мерзімге берілсе, барлық несиелердің бестен бір бөлігі 10 жыл мерзімге берілгендер. Осы жерден ұзақ мерзімді банктік несиелердің коммерциялык емес, инвестициялық сипатқа ие болатындығын айтуға болады. Бұл туралы олардың шетелде ірі объектілер құрылысын қаржыландыру үшін тағайындалатындығы, яғни қаражаттардың тек қана кредитор-елінің кұрал-жабдықтарын сатып алуға ғана беріліп крймай, сол сияқты оның карыз алушы-елінде де құрылыс жұмыстарын атқарумен байланысты жергілікті шығыстарды қаржыландыру үшін берілетіндігіне көз жеткіземіз. Ондай несиелер де сондай шартпенен мемлекеттік институттар кепілдемесімен қамтамасыз етіледі.
Келісім-шартқа қатысушы жақтардың арасындағы қатынас бірнеше кезеңге бөлінеді. Бастапқыда импортер мен экспортер арасында, сол сияқты кредитор-банк пен сатып алушы-банкі өкілдері арасында алдын ала келісім жасалады. Банкаралық келісімге қол қоймастан бұрын мәмілені несиелендіруші банктер мен несиені кепілдендіретін ұлттық сактандыру ұйнмдары арасындағы келісімге қол жеткізілуі тиіс. Содан кейін барып түпкілікті үш келісімге қол қойылады: экспортер мен импортер арасындағы контракті, кредитор-банк пен импортер-банк арасындағы қаржылық келісім және несиені сақтандыру келісімі.
Ертеректе импортерлерді жекелей несиелеу несиені бір мәрте сыртқы сауда мәмілесімен байланыстыру жолымен жүзеге асырылған, кейіннен банктерде өздерінің шетелдік қарыз алушыларына сыртқы сауда мәмілелерін төлеу үшін несиелік желі шегінде таралды. Бұл жерде несиелік желі шегінде алынған займның мерзімі мен шарты жасалған сыртқы сауда контрактісінде айтылады. Сөйтіп, сол несиелік желі шотына сатып алушы контрактіде келісілген тауарларды са­тып ала алады. Несие есебінен қарыз алушы бір жыл ішінде белгілі бір фирмалармен өнімді жабдықтауға контаркт жасауға күкылы.
Экспорттық несиелеуде еуровалюта нарығының несиелік операцияларында қолданылатын алтын несиелік желінің бір түрі дамыды.
Тікелей банктік несиелеудін әрі карай жетілдірілуі нәтижесінде сыртқы сауда операцияларын каржыландырудың мынадай формалары: факторинг, форфейтинг, экспортты ынталандыруда жиі пайдаланылатын лизинг сомалары пайда болды.
Фаткоринг-компаниясы экспортерге, яғни тауарды сатушыға несие шартымен бірқатар қызметтер көрсететін, онын ішінде қарызды іздестіру экспорттық операцияларды есепке алу, несиелік бақылау және т.б. өзіне экспортер алдында өз міндеттемесіне алатын мамандандырылған және көпқырлы қаржы мекемесі болып табылады. Өз клиентінің берешектерге деген талабын қанағаттандыру мақсатында, фирма клиент­ке берешектерден алған сайын ақша беруге немесе оған мәмілені жасасу барысында қолма-қол ақшамен тез арада төлеуге міндеттеме алады.
Сатып алушының қарызды кайтаруына қол жеткізуі және несие бойынша тәуекелді өзіне қабылдай отырып факторинг-компания өнеркәсіптік фирманың, коммерциялык банктің және сактандыру компаниясынын экспорттық бөлімінің қызметін атқарады. Өзінің көрсететін қызметтерінің факторинг кұны банктік қарызга қарағанда қымбат болып келеді. Факторинг-компанияның беретін қаражаттарының үлес салмағы 20%-ға жетеді. Оған алынған несие ақысымен қатар басқа да қызметтер бағасы қосылады.
Факторинг жүйесі экспортерлардың қысқа мерзімді несие берудегі мүмкіндігін үлғайтады, ал форфейтинг нарығындағы мәмілелер орта мерзімді коммерциялық несиелеуге арналған каражаттар көзі болып табылады. Форфейтингке байланысты операциялар айналымсыз каржыландыру деген атпен дамы­ды, оның мәніне келсек, ол экспортердің импортерге қоятын талаптары бойынша құқығын форфейтер-банкіге беруін, яғни соңғысынын құқықты өзіне ұстап немесе халықаралық нарыкта сата алуымен сипатталады.
Сатып алынған бағалы кағаздардың орнына экспортерге онын кұнын қолма-қол акшамен есеп мөлшерілемесін шегере отырып, сондай-ақ міндетгемені төлемеу тәуекелін өзіне алғаны үшін сыйақыны және экспортердің векселін сатып алуға міндетті емес ушін бір мәрте алымды ұстай отырып төлейді.
Факторинг бойынша пайдаланылатын құралдар сауда векселін банктердің, есепке алу барысында қолданылады. Мүндағы айырмашылық мынада, вексель беруші, яғни экс­портер форфейтингтен ешқандай тәуекелді басынан кешпесе, ал жай ғана есепке алу несиесінде борышқор векселін төлемегені ұшін жауапкершілік көптеген елдердін вексель заңдылығына сәйкес, қай жағдайда болмасын оның мойнында болады.
Форфейтинг бойынша операциялар экспортердің сатып алушыға вексельдік несие щартындағы несиелеу мерзімін созуына, оларды 5 жылға дейін, кейде 8, сдан да көп жылдарға дейін созуға мүмкіндік береді, себебі ірі форфейтер-банктің өзіне тәуекелді алуы, инвесторлардың өз каражаттарын ұзақ уақытқа орналастыруга ынтасын арттырады.
Форфейтингтік операцияларға қатысушы банктерге ре­сурс ретінде еуровалюталар нарығы қызмет етеді. Сондықтан да форфейтинг бойынша есеп мөлшерлемесі сол нарықтағы орта мерзімді несие бойынша пайыз деңгейімен тығыз байланысты. Негізгі мәміле валютасына неміс маркасы, американ доллары жэне Швейцария франкі жатады.
Экспортты ынталандырудың маңызды көзіне, сондай-ақ машиналар мен құрал-жабдықтардың халықаралык саудасының біршама маңызды формасына - лизинг операциялары жатады. Лизинг тауарды тұтынушыға меншіктің заңдық құқығы берілмейтін арендалық (жал) катынастарының бір түрі. Арендаға берушіге аударылатын қаражаттар есебінен, ол тауарды уакытша пайдалану құқығын төлейді.
Стандартты лизинг тауарды жалға беру барысындағы оны түтынушысы мен тікелей катынаска түсетін арнайы несие-қаржы институттардың және лизингтік компаниялардың құрал-жабдықты сатып алуын білдіреді. Бүл операциялар объектісіне әр алуан жабдықтар, көлік құралдары, ЭЕМ және т.б. жатады. Лизингтік операцияларды сақтандыруға байланысты барлык шығысты жалға алушы көтереді.
Лизинг өзінше бір несие алу формасы ретінде бола оты­рып, көптеген жағдайда сыртқы нарықта экспортердің өнімдершің козгалысын жеңілдетеді. Тауарлай несие мен лизинг жалгерлік операцияларды жүргізу шарты жағынан ұксас. Ли­зинг беруші ақшалай қаражаттар тарту қажеттігінен босайды. Лизинг төлемі бөлек жабдықты пайдаланудың барлык кезеңі ішінде бөлек-бөлек төленеді. Бірақ лизинггің мақсаты тауарға деген меншік құқығын алу емес, сондай-ақ оның тұтыну сапасын пайдалану құқығын сатып алу болып табылады. Халықаралық қатынастардағы лизинг операцияларының көлемінің өсуі көп мөлшерде қаржы қаражаттарын тартуды талап етеді. Сондықтан да көптеген елдердің ірі банктерінің лизин-гтік компанияларды қаржыландыруға қатысуы да кездейсоктык емес.
Халықаралық сауда қатынастарында экспортты қаржыландырудың ұлттық жүйесінің интернационалдануын жаңа нәрсе деп санауға тұрады, себебі ол форфейтингтік нарығындағы фирмалық несиелеу сферасында және банктік несиелеу шеңберінде байқалады.
Әр түрлі елдің фирмаларының дербес мердігерлер ретінде қатысуымен жүзеге асырлатын үлкен салаға жасалатын мультинационалдық контарктілер де маңызды дами бастады. Бұл контрактілер оған қатысушы елдердеп банктер мен экс­портты несиелеумен айналысатын ұлттық сақтандыру институттарымен сақтандырылады әрі қаржыландырылады. Бұл жерде бірнеше елдің фирмалары атқаратын белгілі бір контрактілерді қаржыландыруға арналған уақытша халықаралық банктік консорциумдарды бөліп айтуга болады.
Қаржыландыруға байланысты барлық сұрақтар сол кон­сорциум ішінде шешіледі. Бүл қаржыландыру формасының экспорттық несиелеулер жақындығын, оның тек қана мақсаттылығынан және бұл операцияларға кепілдеме беруде оған мүдделі елдердің үкіметінің институттарының қатынасуынан көруге болады. Экспортты қаржыландыру жүйесінің кейіннен интернационалдануы әр түрлі кредитор-елдердегі экспортты қаржыландыру әдістерінің ұлттық валютада емес. сондай-ақ басқа елдер валютасы мен шетелдік көздерден жүзеге асырылатындығынан байқалады. Мүндай интернационалданудың дамуында евровалюта нарығынын ролі жоғары.
Экспорттык несиелерді сақтандыру және қаржыландыру жүйелерінің интернационалдануына сол сиякты банктік сфераның интернационалдануы да ықпал етеді. Экспортер-елдердің ұлттық нарығындағы шетел банктерінің ролінің өсуін, несиелік және депозиттік операциялардағы банктердін үлесінін жоғарлауынан көруге болады.
Экспортер-елдердің жарғылары есебінен экспортқа кететін шығындарды өтей отырып, олар ұлттык банктерге күшті бәсеке тудырады. Мұндай тәжірибе өз уақытында Ұлыбританияда байқалған болатын, себебі онда ағылшын укіметі өз елінде тіркелген шетел банктеріне ғана емес, сондай-ақ фунт стерлингке де катынасуына рұқсат берген болатын.
Сонымен экспорттық несиелеу әдістеріне жасалған талдау, соңғы уақыттары оның икемділігін және диверсификациялығын, қолдану аукымының кеңейе түскендігін көрсетеді. Экспорттық несиелеу халықаралық сауда мәмілелерін каржыландыру жүйесінде жетекші орынды алады.
Халыкаралық несиенін келесі бір формасына халықаралық жеке меншік қаржылық несие жатады және ол халыкаралық несиелік қатынастардың бірден-бір ажырамас институтционалдық негізі болып табылуда. Халыкаралык жеке меншік қаржылық несиені қаржыландыруға өндірістің интер­националдануы мен интеграциялануына Трансұлттык корпорацияның қызметінің дамуы себеп болды. Халықаралық жеке меншік каржылық несиелер мен займдардың негізгі көздеріне банкаралық депозиттер, салымдар, еуродолларлық депозиттік сертификаттар жатады, өйткені бұл депозиттер мен салымг дрдың көпшілігі қысқа мерзімдік сипатка ие. Банктер үшін маңызды міндет олардың уақытын үзарту. Қысқа мерзімді депозиттер (1,2,3 айлық) біртіндеп біршама үзақ мерзімді депозиттердің орнын ауыстырды. Осыған байланысты қаржылық несиелердің де мерзімдерін ұзарту шарты жасалып, оларды берудің жаңа үйымдастыру формалары қалыптасты. Оларға жеке және консорциалдық, ролловерлік несиелер жатады. Жеке несие беруде банк өз атынан ролл-оверлік несие беретін болса, ал консорциалдық ролловерлік несиеде консорциум басшысы оның қатысушылары атынан береді.
Ролловерлік несиенің пайда болуы - бұл қысқа мерзімді қарыздарды орта мерзімге және ұзақ мерзімге трансформациялаудағы халықаралық банктік монополиялардың ұмтылысы. Мұнда өтімділік мәселесі орын алады. Ролловер - келіскен мерзім ішінде қарыздық пайыз деңгейін қайта қарау міндеттемесі бар еуронесие нарығында ролловерлік еуроқарыздар, жанартылатын ролловерлік несиелер және ролловер-стендбай еуронесиелері (ролловерлік еуронесиелік колдау) жатады.
Ролловерлік еуроқарыздар деп 5 жылға дейінгі мерзімге берілетін еуронесиелерді атайды. Ағылшын және американ банктері мұндай карыздарды 60-жылдардан бастап пайдалануда. Бастапқыда карыздар тұракты пайыз мөлшерлемесіне байланысты ерекшеленген болатын. Кейіннен олар "өзгермелі" пайыз мөлшерлемесі қолданылып, беріле бастады.
Жанартылатын роллеверлік еуронесиелерде несиеніц жалпы сомасы басында көрсетілмейді, ал оны алу барысында тек кана берілетін мерзім ішінде несиенің "бағасы" мен көлемі айтылады. Олардың пайда болуына ұлттық револьверлік немесе контокорренттік несиелер овердрафтың қолданылу тәжірибелері негіз болды.
Ролловер-стендбай еуронесиесі немесе қолдау көрсету ролловерлік еуронесиесі сақтандыру сипатына ие. Қарыз алуына байланысты жасалған келісім-шартпенен, іс жүзінде қарыз жасалған келісім-шарттың қызмет ету мерзімінде карыз алушыньщ алғашқы талабы бойынша міндеттеме кабылдайды. Жоғарыда айтылған несиелерге қарағанда мүнда ауытқып тұрады. Егерде дебитор қарыз алғысы келген болса, онда бұл несие ролловерлік еуроқарыз деген сипатқа ие болады.
Банктер жоғарыда аталған несие түрлерін араластырып пайдалануға жиі барады. Мысал ретінде жаңартылатын ролловерлік еуроқарызды немесе ролловерлік еуроқарызды қолдану аркылы ролловерстенд-бай несиесін беруі мүмкін, сондай-ак қарызға айналатын жаңартылатын ролловерлік еуронесиелері де беріледі.
Ролловерлік еуронесие кез келген валютамен, бірақ көбіне АҚШ долларында беріледі. Валюталар бағамының өзгеріп отыруы несиелерде мультивалюталық келісімдердің қолданы-луын талап етеді, ол келісімдердің опцион құқығына ие бола отырып "баға" валютасын өзі таңдап алады. "Пайыз мерзімінің" өтуіне байланысты қарыз алушы несиені бастапқы валютада қайтара алады. Аталған еуронесие негізінен орта мерзімдік сипатқа ие, бірақ кей жағдайларда ұзақ мерзімге берілуі мүмкін.
Ролловерлік еуронесиесі бойынша пайыз лондондык банкаралық қысқа мерзімді мөлшерлеме "либор", маржа және шартты банктік көрсетілген қызметке қосылатын баға, займға берген кепілдеме үшін комиссия және сауда комиссиясы негізінде қалыптасады. Маржа мөлшері әдетте 1-2% аралығында ауытқып отырады және қарыз алушының жағдайына, оның төлем қабілеттілігіне, тәуекел дәрежесіне байланысты анықталады. Бірінші калстық қарыз алушы үшін маржа мөлшері өте төмен. Несиелік келісім жасалғаннан кейін бірден төленетін мезгілдік коммисия, несиеге деген сұранысқа және ұсынысқа, мерзімі мен мөлшеріне байланысты өзгереді. Комиссиондығы үлкен болған сайын берілетін займның мерзімі мен сомасы да үлкен болады. Кей жағдайларда қысқа мерзімді қарыздарға деген сұраныс жоғарылап кетеуі мүмкін және бұл жағдай оған есептелетін баға мөлшерінің орта мерзімді және ұзак мерзімді қарыздарға байланысты артуына жол береді.
Ролловерлік еуронесиені беруге келісім-шарт жасасудан бұрын, банк қаржыландырылатын жобаның тұрақтылығын, басқа банктердің осы жобаны несиелеуге қатысуына келісім алу мүмкіндігін, қарыздың мерзімін және қайтару тәртібін, "баға" валютасымен "төлем" валютасын, несиені сақтандыру тәртібін, алушының қаржылық және инвестициялық кызметін қарыздың тиімді формасын ұсынады. Егер консорциум несиелендіретін болса, онда менеджер-банкке мандат берумен байланысты міндеттер шешімін, яғни консорциумға жетекшілік қызметін өзіне алған банктің, оның баска да банктерді шақыруымен және олардың несиелік қабілетін тексерумен байланысты сұрақтарды қарастырады. Несиелік институттың менеджер мандатын алуының негізгі шарты бұл оның істі жүргізудегі тәжірибелігі болып табылады.
Менеджер-банктің ірі ресурстарының болуы міндетті емес. Дегенмен консорциумға деген сенім өте жоғары болуы мүмкін, егер оның жетекшісі несиенің басым бөлігін беретін болса (ереже бойынша қарыздың 10-нан 20%-на дейін). Консорциумды бірнеше банктер басқарады, бірак мұндай жағдайда менеджерге оның мүшелері алдында толық жауап-кершілік жүктеледі. Консорциумға қабылдау шарты ретінде катысудың ең төменгі мөлшері келісім беру болып табы­лады, оның мөлшері 1-2 млн. долларды кұрайды. Бұл мөл-шер несиені беру көлеміне байланысты өзгеріп отырады.
Қатысушылар саны несие шамасына және тәуекел дәре-жесіне қарай аныкталады. Қаншалықты қаржыландырылатын жобаға байланысты тәуекелге баратын елде саяси жағдай біршама тұрақсыз болса, солғұрлым консорциумға банктер көбірек шақырылуы мүмкін. Соның негізінде әрбір банк үшін тәуекел азаяды. Ірі сомала несие берген жағдайда төлемсіздік кабілет тәуекелін шектеу мақсатында дебитордан өкілеттік меморандум (өтініш) алады. Өкілетгік меморандум қарыз алушы туралы толық ақпараттардан, несиенің мақсаты мен кепілдемеден тұрады. Жеке тұлғаға қарыз беру барысында дебитор туралы мәліметтерді толық талап етеді. Кон­сорциум жүмыскерлері қарыз алушының соңғы 5 жылдағы шаруашылық кызметін талдайды және несиеленетін объек-тінің даму болашағын қарастырады. Егерде бұл мемлекеттік кәсіпорын немесе мәміле болса, онда осы елдің эконо-микалық жағдайы туралы мәліметтер жинақталады. Мүндай ақпарат орталық банктер, қаржы және экономика министр-лігінен сұралады. Мемлекеттік саяси жағдайдың тұрақсыз-дығы жайында саяси сипаттағы мәліметтер жинақталады.
Ролловерлік еуронесиедегі тәуекелдер - коммерциялық тәуекел және елдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық категория ретінде несиенің мәні және қажеттілігі
Несиенің формалары және түрлері
Несие туралы ұғым, оның пайда болуы
Халықаралық несиенің шарттары
Несие формалары және түрлері
Несиенің қажеттілігі және мәні
Бағалы қағаз түрлері мен жіктелуі жайлы
Несиенің формалары мен түрлері туралы
Жеке тұлғаларды несиелеудің мәні, формалары және жіктелуі
Несиенің қызметтері және оның экономикадағы маңызы
Пәндер