Ақша - несие саясатының мәні мен мақсаты
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-6
1 Ақша – несие саясатының мәні мен
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ...7-12
2 Қазақстан Республикасында ақша- несие саясатының қалыптасуы
және
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .13-18
3 Қазақстан Республикасында ақша – несие саясатының даму
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..19-25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .26-27
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..28
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..29
Кіріспе
Ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп
келеді десе болады. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде
олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды. Тауар
айналысынң тарихи дамуы процесінде жалрыға бірдей эквивалент
формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл
бұйымдар және тағы басқалары. Мұның барлығы тауар өндірісі мен
тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін
түсіндіреді. Экономикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және
бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды: құн
өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы қазына жинау және қорлану
құралы, дүниежүзілік ақшалар.
Ақша тек айналыс құралы ғана емес, сонымен бірге төлем құралы қызметін
де атқаратындықтан айналысқа қажетті ақша мөлшері де несиеге сатқан
тауарлар сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бірсыпырасы
қолма-қол ақшасыз есеп айырысқаңда өтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен
міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де етеледі. Сөйтіп, несиенің даму
дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тигізеді: тауардың неғұрлым көп бөлігі
несиеге сатылса, айналысқа соғұрлым аз ақша мөлшері қажет. Одан басқа,
айналыстан шығарылған әлдеқандай ақша мөлшері шаруашылықтың және халыктың
тұрақты ақша қорын құрайды.
Ақша жиыны айналымының баяулауы — ұлттық жиынтық өнімді орналастыру
коэффициентінің төмен екендігінің көрсеткіші. Егер ақша айналысының
жылдамдығы артса, ол жоғары жағдаяттың (конъюнктура) барлығы және ақша
қаражатын жұмсаудың шапшандығын көрсетеді. Ақша айналысы жылдамдығы
айналыстағы ақша санына кері пропорционалды әсер етеді, яғни ақша неғұрлым
көп айналыс жасаса, соғұрлым қосымша ақша эмиссиясының қажеттілігі азаяды.
Ақша айналысының баяулауы шаруашылық субъектілерінің ақша қорын жинауға
ұмтылысын және ақша жиынының құрылымында банктердегі ұзак мерзімді
салымдардың ұлғаюын көрсетеді.
Ақшаның өзінде, сондай– ақ олардың қызметтерінде жылдар бойы
өзгерістер болды. Егреде бұрындары сатып алу- сату процесі жалпыға
бірдей эквивалентпен алтынмен жүргізілсе, бұл күндері қағаз және
несие ақшалармен жүзеге асуда. Өзінің құнын өткізгеннен кейін,
айналыстан кететін тауарларға қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде
барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесіне қызмет
етеді. Ақша дегеніміз – тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі,
құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар.
Яғни ақша — тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан
бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі — барлық тауарларға ортақ
балама (эквивалент) рөлін атқару.
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ
ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге
болады. Қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталық-тандырылған ақша қорын
қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының
бұл жиынтығы "мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды.
Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің
объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің
объективті қажетгігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен,
мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті
орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын
орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы
айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету
үшін қажет. Экономика дамуының қазіргі кезеңіңде орталықтаңдырылған қаржы
ресурстары мемлекетке қоғамдық өңдірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін
қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге,
экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті
көлемде қаражаттарды қалыптас-тыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге
мүмкіндік береді. Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық
категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес
келетін нақты материалдық-заттық түрінде болады, бюджет қатынастары
мемлекеттің орталық-тандырылган ақша қорында — бюджеттік қорында
затталынады.
1 Ақша – несие саясатының мәні мен мақсаты
Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: Орталық банк
(эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің
негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың
нәтижесіңде коммерциялық банктер ақша ұсы-нысын кеңейтеді. Банк жүйесі
қүнды қағаздарды алып сатумен де айналысады.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын
резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міңдетті резервтері банктер
арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша
нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет
мемлекеттердің және банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде
орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады,
коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды жөне ұйымдастырады. Орталық
банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың
шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын
тигізеді.
Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мультипликаторға әсер ету
арқылы қадағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемі коммерциялық банк
операцияларының нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және
жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие
саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем
қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз
етуді көздейді. Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын
анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық
банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақ-тылығын,
яғни оның төлемқабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты
тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Ақша-несие — бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы
мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған
шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі
субъектісі — Ұлттық банк болып табы-лады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық
банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол
ақшасыз жиынының жиынтығы жатады. Ақша-несие саясатының түрлері
Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:
рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
2) экспанциялық ақша-несие саясаты. Рекстрикциялық ақша-несие саясапгы —
екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң
шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға
бағытталатьш шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен,
айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы
мөлшерлемесінің төмеңдеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-
несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің
тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Ақша саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады.
Ақырғы мақсат:
а)экономиканың өсуі;
ә) толық жұмысбастылық;
б)бағаны түрақтаңдыру;
в)төлем балансын тұрақтандыру.
Аралық мақсат:
а)ақша жиыны;
ә) пайыз мөлшерлемесі;
б) айырбас курсы.
Құралдары:
а)несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;
ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі;
б)есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі;
в)ашық нарықтағы операциялар.
Тікелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасында айырмашылықтар
бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз
байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде,
тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын
ығыстырады.
Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық,
валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере
отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретіңде
қарастырылады. Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің
жанама қүралдары арқылы жүзеге асырылады. Бұл мақсаттарға жетуде Үлттық
банк ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келе-сідей
ақша-несие саясатының негізгі қүралдарының көмегімен реттеледі: Қайта
қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру мөлшерлемесі деңгейін
белгілеу; ҚҰБ-те (Қазақстан Ұлттық банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті
резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражат-тарды
мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу; мемлекеттің бағалы
қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды
жүргізу; банктерге және үкіметке несие беру; валюталық нарықтағы
басқыншылық; кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген
түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу; ресми
есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі. Пайыз саясаты. Қазақстан Ұлттық
Банкі өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру
мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми
қайта қар-жыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие
бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ
мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге
асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделеңдіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін
пайдаланады. ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты — айналыстағы теңге
деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде
ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып
табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз
кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы
уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол
жеткізуге тиіс.
Ақша реформасы валюталардың тұрактылығын, ақша айналымын күшейту және
реттеу мақсатымен мемлекет жүргізетін ақша жүйесінің (толық немесе ішінара)
жаңғартылуын көрсетеді. Жаңа ақша бірлігін енгізумен байланысты акша
реформасы -экономиканы дағдарыстан шығарудың бірден-бір шарасы және оның
кезекті тұрақтылығын көрсетінін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр. Сондықтан,
Қазақстанда 1993 жылы жүргізілген ақша реформасы мемлекеттің экономикалық
саясатымен тығыз байланысты. Ол макроэкономикалық тұрактылыққа және кезекті
ақша-несие, баға, салық және инвестициялық саясаттың табысына жету
мақсатымен жүргізілді. Әлемдік тәжірибеде ақша реформасы нуллификация,
ревальвация, девальвация және деноминация әдістерін қолдануды қамтиды.
Латынның nullificatio сөзінен нуллификация шығады және ол жою деген
мағынаны береді. Нуллификация кезінде айналымдағы бұрынгы өте құнсызданған
ақша белгілері жойылып, оның орнына жаңалары енгізіледі. Осы процедура
есепке алуды жеңілдетеді, ейткені материалдық құндылыктардан іске аспаған
ақшалай қаражаттар мен жинақ акшалардың барлығы іс жүзінде жойылады.
Қазакстанда ақша реформасы нуллификация әдісімен- жүргізілді, яғни ескі
құнсыздалған кеңестік рубльдер айналымнан толық шығарылып, жаңа
Қазақстандық акша белгілері - теңгелер енгізілді. 16 жасқа толған
адамдардың бірі ауыстырып алатын мүмкіндігі бар ең жоғары шамадағы ақша
өлшемі 100 мың рубльді құрады. Ауыстыру тек бір рет қана жасалды, ол туралы
паспортта белгі қойылған болатын.
Дееальеация латынша de - төмендеу, valко - тұрмын дейтін сөздерден
туындайды. Ақша бірлігінің немесе ұлттық ақша бірлігінің бағамын шетел
валюталарына қатысты алтын мәнінің төмендеуін білдіреді.
Қазақстанда, 1999 ж. қыркүйегінде Оңтүстік-Шығыс Азия мен Ресейдегі
экономикалық дағдарыспен байланысты, америка долларына қатысты теңге
бағамының төмендеу жолымен ақша девальвациясы болды (егер 1999 ж.
қыркүйегіне дейін теңгенің долларға қатысты курсы 76 теңге болса, ол 130
теңге дейін түсті). Аталған шара отандық өнімнің өндірісі мен тұтынуда өте
жағымды рөлін атқарды, сондай-ақ шетел валюталары мен инвестициялардың
құйылуына себеп болды.
Ревальвация латынша rе - жаңару және vаlко - тұрмын дейтін
сөздерден туындайды. Ақша бірлігінің бұрынғы алтын мәнін қайта
қалыптастыруды немесе ұлттық валюта бағымының шетел валютасымен
салыстырғандағы жоғарылауын көрсетеді, яғни девальвацияға қарама-қарсы.
Қазақстанда теңгенің ревальвациясы, мұнай мен металга элем бағаларының күрт
өсіп шетел ватютасының көп ағылуына байланысты 2003-2005 жж. болды. Егер
2003 ж. дейін теңгенің бағамы АҚШ долларына қараганда 155 теңгеге дейін
өссе, соңғы 2 жылда (2003-2004 жж.) ол 1 АҚШ долларға І30теңгеге дейін
түсті.
Латынның denominatio сөзін аударғанда деноминация қайта атау дегенді
білдіреді және арақатынасы бойынша жаңа акша бірліктеріне ауыстыру жолымен
акша белгілерінің көрсетулі құнын ірілендіруді, яғни ескімен салыстырғанда
жаңа бір атаулы ақша бірлігінің номиналды сатып алу кабілетін көтермелеу
жолымен бағалар масштабын ірілендіруді керсетеді. Деноминацияның негізгі
қызметі айналымда ақша жиынының номиналды кемуі болып табылады, нәтижесінде
есепке алу жеңілдейді, айналым шығындары қысқарады және ақша айналым жүйесі
реттеледі. Деноминация тауарлар мен көрсетілетін кызметтердің, тарифтердің,
жалакылардың, зейнетақы мен жәрдемақының банктің есепшоттарындағы қаражат
қалдықтардың және т.б. бағаларга сәйкес бір мерзімде қайта есептеумен қоса
жүреді.
Деноминация бүгінгі таңдағы Қазақстанда өткізілмеген, бірақ Ресейде 1998
ж. ол 10001 сәйкестілікпен жасалған (реформаға дейінгі 1000 руб.жаңа I
руб.).
Қазақстанда ақша реформасын өткізу қажеттілігі бірқатар ерекше
себептермен түсіндіріледі:
-көп жыл бойы әкімшіл-әміршіл және жоспарлы орталықтандырылған шаруашылық
жүйелері халық шаруашылыгының барлық салаларында сәйкессіздіктің туындауына
себеп болды. Оның ішінде, тұтыну заттарының өндірісіне қарағанда өндіріс
құралдарының өндірілуі басым. Экономика шикізаттарга бағытталды, Қазақстан
КСРО-нің бірден-бір шикізат көзі болды, инфракұрылым қалып жатқан кезде
кентау өндірісі дамуға бет алды;
-бағалау көп жағдайда төмендеген немесе нақты орындалған деңгейден қалмауга
тырысқан кезде жоспарлы және мемлекеттік тапсырмаларды орындау дәрежесіне
қарай өткізілді, бірақ бұл жалақы және басқа ресурстардың қор шамасында
көрінген жоқ. Сонымен, экономика тиімділігінің төмендеуіне әкеліп
соқтыратын шаруашылықты жүргізудің шығын механизмі кұрылды;
-орталықта бекітілген баға өнімнің өзіндік құнынан көп артта қалып отырды,
ал кәсіпорындардың шығындары мемлекетті ақшалай көмегімен жабылып отырды.
-экономикның шығындылығынан, үлкен өнімсіз ысыраптардан мемлекеттік
бюджеттің тапшылығы туды. КСРО ыдырауы, экономика кұдырауы, КСРО акша
жүйесінің құлауы, Қазакстанның рубль шеңберінен шығарылуы, ұлттық ақша
жүйесінің болмауы - Қазақстанда ақша реформасын өткізу қажеттілігінің басты
себептері болды. Қазақстанның тәуелсіздік алғанына байланысты ұлттық ақша
жүйесін кұру үшін ақша реформасын өткізу керек болды. Ол Қазакстан
Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы 1993 ж. 12 қарашада шыққан
ҚР Президентінің Жарлығымен тәжірибеде жүзеге аса бастады. Осы Жарлықпен
ұлттық валюта -теңге айналымға енгізілді. Ескі ақшаны теңгеге ауыстыру
мерзімі 1993 ж. 15 қарашада сағат 8-де бекітілді. КСРО Мембанктің 1961-1992
жж. рубльдері мен Ресей банкінің 1992 ж. рубльдері қолма-қол ақшага
ауыстырылуы, сондай-ақ рубль есепшоттары, салымдар және міндеттемелер 500
рубль үшін 1 теңге ауысу бағамымен ауыстырылды. 16-ға толган жэне одан
ересек Қазакстан азаматтарының барлығы 100 мың рубльден аспайтын соманы
ауыстыра алатын. Ауысым тек бір рет жасалды. ҚР Ұлттық банк теңгенің
валюталық бағамын бекітті: 1 АҚШ доллары - 4 теңге 70 тиын. Теңге 1, 3, 5,
10, 20, 50, 100-дік купюралармен шығарылды. Бірінші қағаз ақша, кейін ұсақ
тиындар шығарылды. Кейінгі жылдары инфляция бірден өсіп, оған сәйкес
бағалар мен жалақыда көтерілді. Инфляциянын өсу қаркыны екі белгімен
есептелді. 1994 ж. бастап 200, 500, 1000, 2000 теңге купюралары шығарылды.
Мыс-никель қорытпасынан 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік ақшалар басылды. 1995 ж.
аяғында Жібек жолы топтамасын құрайтын жоғары сапалы төрт алтын ақша
шықты. Топтамаға 57,74 гр. жалпы салмағымен 1, 2, 5, 10 мың теңгелік алтын
акшалар кірді. Топтаманың бағасы 816 АҚШ доллары болды.
2 Қазақстан Республикасында ақша- несие саясатының қалыптасуы және
бағыттары
Орталық банк жоғарыда аталған құралдары арқылы ақша-несие саясатының
мақсаттарын жүзеге асырады:
1) ақша жиынын белгілі бір деңгейде ұстап тұру (қатаң монетарлық саясат);
2) немесе пайыз мөлшерлемесін ұстап түру (икемді монетарлық саясат).
Ақша саясатының варианттары ақша нарығының графигінде әр түрлі
бейнеленеді. Қатаң саясат ақша жиынын ақшаның ұсыныс қисығының вертикадды
жағдайына сәйкес келетін деңгейінде орналастырады. Ал икемді монетарлық
саясатта ақшаның ұсыныс қисығы горизонталды түрде болады. Ақша-несие
саясатының вариантын таңдау көп жағдайда ақшаға сұраныспен байланыста
болады. Мысалы, егерде ақшаға сүраныстың өсуі инфляциялық үрдістермен
байланысты болса, онда ақша жиынын қалыпты ұстау үшін қатаң саясатты
пайдаланған жөн, бұл жағдайда ақша ұсынысын вертикалды түрде бейнелейді.
Егерде ақша айналымының күтпеген, кездейсоқ өзгерісі нақты
айнымалылардың динамикасын сақтап қалса, онда пайыз мөлшер-лемесін қалыпты
деңгейде ұстап тұратын саясат пайдаланылады. Бұл жағдайда ақша ұсынысы
горизонтадды болады. V қисығының бұрыштық көлбеуіне байланысты ақшаға
сұраныстың өзгерісі немесе ақша жиынына, пайыз мөлшерлемесіне әсер етеді.
Орталық банк бір мезгілде ақша жиыны мен пайыз мөлшерлемесін тіркей
алмайды. Мысалы, ақшаға сүраныс өскен кезде тұрақты пайыз мөлшерлемесін
ұстап тұру үшін, банк ақша ұсынысын кеңейтеді, оны сұраныстың өсуіне
байланысты пайыз мөлшерлемесін өте тез өсірмеу үшін жасайды. Монетарлық
саясат өте күрделі табыстау механизмінен тұрады. Жалпы саясаттың тиімділігі
өр бөліктің сапалы жұмысына төуелді. Ақша-несие саясатының төрт түрлі
табыстау механизмін қарастыруға болады:
1)Орталық банк саясатының салдарынан нақты ақша ұсынысының мәнінің
өзгеруі;
Ақша нарыгындағы пайыз мөлшерлемесінің өзгеруі;
Пайыз мөлшерлемесінің динамикасына байланысты жиынтық шығындардың (әсіресе
инвестициялық шығындардың) реакциясы;
Жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты өнім көлемінің өзгерісі.
Ақша ұсынысының өзгерісі мен жиынтық ұсыныс реакциясының арасыңда тағы
екі аралық баспаддақ жатыр, осы жағдайлар соңғы нәтижеге көп ықпал етеді.
Нарықтық пайыз мөлшерлемесінің өзгерісі экономикалық агенттердің қоржын
активтерінің құрылымының өзгеруіне байланысты болады, ал бұл өзгерістер
Орталық банктің ақша саясатын кеңейтуінің садцары. Мұндай саясаттың салдары
ретіңде активтің басқа түрлерін сатып алу, несиесінің арзандауы,
нәтижесінде пайыз мөлшерлемесінің төмеңдеуі байқалады.
Ақша нарығының реакциясы қисығының тікшелеу болуынан ақшаға сүраныстың
сипатына, түріне тәуелді болады.
Ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты сезімтал
болса, оңда ақша жиынының өсуіне, пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгеруі
әсер етеді. Және керісінше, ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне
әлсіз әсер етсе, онда ақша ұсынысының өсуі пайыз мөлшерлемесінің едәуір
төмендеуіне алып келеді. Келесі қадам, пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне
байланысты жиынтық сұранысты түзету болады. Әдетте пайыз мөлшерлемесінің
динамикасына инвестициялық шығындар әсер етеді деп есептеледі. Егерде ақша
нары-ғында пайыз мөлшерлемесінің едәуір өзгерісі болды деп жорамаддасақ,
онда пайыз мөлшерлемесінің динамикасына инвестициялық сүраныстың
сезімталдығы байқалады. Басқа жағдайлар тұрақты болса, онда осы шарттан
жиынтық табыстың мультипликаторлык мәнінің кеңейуі пайда болады.
Табыстау механизмі қадамдарының бұзылуына байланысты ақша саясатының
төмендеуі немесе мүлдем нәтижесіз болуы мүмкін.
Мысалы, ақша нарығында пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгерісі немесе пайыз
мөлшерлемесіне жиынтық сұраныс реакциясының болмауы, өнім көлемі мен ақша
жиынының арасыңдағы байланысты үзеді. Мұндай қүбылыс нарықтық экономикаға
көшіп жатқан мемлекет-терде байқалады. Ақша саясатын жүргізуде табыстау
механизмінің сапалы жұмысынан басқа да қиындықтар кездеседі. Орталық
банктің пайыз мөлшерлемесін өзгертуі экономикаға әр уақытта дүрыс әсер өте
бермейді, сондықтан да Орталық банк пайыз мөлшерлемесін бір тұрақты
деңгейде ұстап тұру арқылы инвестицияны тұрақтандырады, демек
мультипликатор арқылы өнім көлеміне әсер етеді. Егер экономикада өрлеу
болса жөне жалпы ұлттық өнім өссе, онда ақшаға трансакциялық сұраныс өседі.
Орталық банк ақша ұсынысын өсіруі қажет. Мұндай жағдай ЖҰӨ өсуін қосымша
ынталандырады жөне инфляцияның пайда болуына әкеледі.
Экономикадағы құлдырау және ақшаға сұраныстың азаюы жағдайында Орталық
банк пайыз мөлшерлемесінің төмендеуін болдырмау үшін, ақша үсынысын азайтуы
қажет. Бірақ мұндай жағдай жиынтық сұранысты төмендетіп, экономикадағы
құлдырауды шиеле-ністіре түседі. Ақша-несие саясатының жанама әсерлерін де
ескерген жөн. Мысалы, егерде Орталық банк ақша ұсынысын өсіру қажет деп
есептесе, онда ол құнды қағаздар нарығынан облигация сатып алу арқылы ақша
базасын кеңейте алады. Бірақ ақша ұсынысының өсуімен қатар пайыз
мөлшерлемесі төмендей бастайды. Мұндай шаралардан кейін ақша
мультипликаторы төмендейді, бұл жағдай ақша жиынын кеңейту тенденциясының
төмендеуіне әсер етеді.
Ақша-несие саясаты көлемді сыртқы кешеуілдеуге ие бола алады (шешім
қабылданғаннан бастап, нәтижеге дейін), өйткені экономикадағы инвестициялық
белсенділік өзгерісіне байланысты пайыз мөлшерлемесі тербелістері ЖҰӨ
көлеміне әсер етеді, мұндай құбылыстар ұзаққа созылады. Ақша-несие
саясатының қазіргі кезеңдегі тиімділігі Орталық банктің саясатына деген
сенімділікпен тығыз байланысты. Ақша-несие саясаты салық-бюджет жөне сыртқы
экономикалық саясатпен тығыз байланысты. Егерде Орталық банк тұрақты
айналым курсын ұстап тұруды көздесе, онда дербес, тәуелсіз ішкі ақша
саясаты болуы мүмкін емес, өйткені айнымалы курсты ұстау мақсатындағы
әрекеттер, валюталық резервтердің көбеюі және азаюы экономикадағы ақша
жиынының озгеруіне өкеледі. (Мысалы валюта сатып алғанда экономикадағы ақша
ұсынысы өседі.) Салық-бюджет және ақша саясаттарын бір-біріне сәйкес
келтіру белгілі қиындықтарды тудырады. Егер мемлекет экономиканы
мемлекеттік шығындарды көбейту арқылы ынталандырса, онда мүндай іс-
әрекеттердің нәтижесі ақша сая-сатымен байланысты болады. Қазыналық
саясаттың нәтижесінде бюджетте тапшылық болса, онда мұндай жағдайда тиімді,
тұрақты монетарлық саясат болмайды.
Мемлекетгің орталықтаңдырылған ақша қорын қалыптастырумен және
пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше
экономикалық нысандар — бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып
отырады. Бюджеттерді қарау және бекіту кезінде билік пен басқарудың тиісті
оргаңдары бюджеттердің белгілі бір мөлшерлерін белгілеуі мүмкін.
Бюджет тапшылығын ақша эмиссиясы есебінен жабуға болмайтындығы заңмен
белгіленген. Бюджет тапшылығын жабудың негізгі нысаңдары мыналар болып
табылады:
мемлекеттік қарыздар шығару;
кредит ресурстарын пайдалану.
Тапшылықты азайту немесе жою мақсатымен секвестрлеу — ағымдағы қаржы
жылының қалған уақыты ішіңде барлық баптар бойынша (қорғалатындарынан
басқа) белгілі бір пайызға мемлекеттің шығыстарын үйлесімді төмендету —
пайдаланылады. Бюджеттердің атқарылуы процесіңде секвестрлеуге жатпайтын
бюджеттік бағдарламалардың тізбесін республика Парламенті мен биліктің
жергілікті оргаңдары анықтап, бекітеді. Олар құндық бөліністің жеке
көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты
объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер
мемлекетгі қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар
орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес
бөледі.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеумет-тік-
экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекегтік бюджет
және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде
мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды
жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін КСРО-ның мемлекеттік бюджетінің
кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың ақша жинақтарына негізделіп келді. Ол
бюджет кірістерінің жалпы сомасының 90% құрады және негізінен екі төлемнен
— айналым салығы мен пайдадан алынатын төлемдерден тұрды. Бұл жүйе 1930
жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрді. 1980 жылдары енгізілген өндірістік
қорлар, еңбек ресурстары және басқалары үшін ақы түріндегі пайдадан
алынатын нормативті төлемдер қолданылып жүрген төлемдер жүйесін өзгертпеді
және жеке кәсіпорындар қызметінің жеке-дара нәтижелеріне бағытталып отырды.
Дағдыдағыдай, кірістердің көзі салықтар немесе оларға бара-бар төлемдер
болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің
құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және
салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен
айқындалады.
Бюджет жүйесі туралы заңға сәйкес бюджеттің құрылымы мыналардан тұрады:
1) түсімдерден;
- кірістерден;
- альшған ресми трансферттерден (грантгардан);
бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борышты өтеуден;
2) шығыстардан және кредит беруден:
шығыстардан;
кредит беруден;
3) бюджет тапшылығынан (профицитінен);
4) бюджет тапшылығын (профицитті пайдаланудан) қаржыландырудан.
Өз кезегінде кірістер:
салықтық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz