Жасөспірімдердің психикалық денсаулық көрсеткіштерінің мәні


ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ.
СӨС - салауатты өмір салты.
БДДСҰ - Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы.
МАЗМҰНЫ
беттер саны
- Жұмыстың жалпы бағдарламасы. 4
- Кіріспе. 6
3. І. 1. Әлеуметтік жағдайы төмен (жетім) балалардың психофизиологиялық күйі және салауатты өмір салтын насихаттау (әдеби шолу) . . . 9
4 . І. 2 Жасөспірімдердің психикалық денсаулық көрсеткіштерінің мәні19
5. І. 3. Оқушылардың психоэмоционалды зорлануының денсаулыққа әсері246. І. 4. Салаутты өмір салтының аспектілері. . 28
7. Зерттеу нәтижелері. ІІ. 1. Есті, байқампаздықты, елестетуді ойын арқылы дамыту32
8. Қорытынды . . . 48
9. Тәжірибелік ұсыныс. 53
10. Қолданылған әдебиеттер тізімі. 54
Тақырыбы: Әлеуметтік жағдайы төмен (жетім) балалардың психофизиологиялық күйі және салауатты өмір салтын насихаттау.
Жұмыстың өзектілігі:
Бүгінгі өмірдің жоғарғы қарқынды өзгерістеріне сай тұлғаның физикалық(соматикалық) және психикалық қасиеттеріне қойылатын талап өте жоғары. Валеологиялық білім тәрбиенің бірлескен жүйесі оқушылардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға көмектеседі. Тек валеологиялық түсініктермен терең қаруланған бала ғана өз денсаулығының қадірін біліп, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытын ұстанғандығымен құнды.
Жұмыстың мақсаты. Балаларды болашақ өмірге дайындай отырып, оқуға қызығуын дамыту өз көңіл күйінің қожасы бола алатын. қажет болған жағдайда өзін-өзі жеңе алатын ертеңіне сенммен қарайтын қоғам қайраткерін дайындау
Жұмыстың міндеті.
- Дүниені тануға құштар, үнемі білімін көтерумен айналысатын тұлға даярлау
- Өз құқұғымен міндеттерін білетін, басқа адамдардың құқығымен санасатын еркін тұлға
- Қарым қатынас жасап сұхпаттаса алатын, өз пікірін дәлелді айта алатын, өзгені тындап ұға алатын, қабылдау (еске сақтау, ес, зерде т. б. ) мүмкіндіктері бар ұрпақ тәрбиелеу.
- әлеуметтік кеңістікте бейімделуге қабілеті бар тұлға.
- ұлттық сана сезімі жоғары, жалпы адами құндылықтарға, халқынң жақсы қасиеттеріне бағытталған өзінің жеті атасын, шежіресін білетін отанын сүйетін, ата бабаларының салт дәстүрлерін құрметтейтін тұлға.
- дүниеге сенімді көзқарасы бар, салауатты өмір салтын ұстанаты, зиянды жаман әдеттерден бойын аулақ ұстайтын түлға.
- Тұлға ретінде жан саулығы мен дене саулығы нығайған Қазақстанның белсенді азаматын тәрбиелеу.
Жұмыстың ғылыми жаңалылығы мен тәжірибелік құндылығы.
Балалар үйінде тәрбиеленуші балалардың әлеуметтік жағдайлары құндылықтары зерттеліп жүргенімен дені сау салауатты өмір салтын ұстану деңгейі мен зерделігін анықтау және қалыптастыру жұмыстары толықтыруды қажет етеді.
Зерттеу көзі. ОҚО Сайрам ауданы Сайрам ауылындағы №4 Сайрам балалар үйінің жанындағы №92 орта мектеп.
КІРІСПЕ
Психофизиология ұғымын XIX ғасырдың, басында француз филолсофы Н. Массиас ұсынған. Писхофизиология физиологияның нақты объективті әдістеріне (сенсорлық жүйелердің табалдырық күшін анықтауға, жауап реакциясының уақытын және т. б. бағалау) сүйене отырып, психиканың көптеген қасиеттін зерттеуден басталған, жаратылыстану саласын да, әлеуметтік гуманитарлық цикіліне де кіретін ғылым. Пән ретінде білім беру бағдарламалардың жоғары, орта және арнайы оқу орындарындағы писхология, биология, педагогикалық мамандар даярлайтын бөлімдеріне, болашақта барлық мамандықтарға да қажетті, әрі бүгінгі ғылым білім саласында өз орнына да ие болатынына толық сенуге тұратын кешенді теориялық-экспериментальдық ғылым.
Психофизиологияның және физиологиялық психологияның да зерттейтін объектісі де, қолданатын әдістері де физиологияның негізінде болғандықтан, В. Вундтың XIX ғасырдың аяғында ұсынған физиологиялық психологиясы да немесе Н. Массиастың психологиялық физиологиясы да біртұтас мақсатағы үндес ғылымдар. Бұған дәлелді мағлұматтар: Дж. Хассет (1981), А. Р. Лурия (1973), Л. С. Выготский (1982), П. К. Анохин (1968), Н. А. Бернштейн (1963), Е. Н. Соколов (1995), Ю. И. Александров (1997), Н. Н. Данилова (1998) және т. б. ғалымдардың еңбектерінде ашылып берілген.
Физиологиядан орталық нерв жүйесіне, жоғары нерв әрекетіне нерв жүйесінің интегративтік іс-әрекетіне, әрі психологияның жалпы және жеке қолданбалы тауарларына қысқаша тоқталғанда ғана, псиофизиологиялық интергративтік ғылыми пәннің толық сипатын түсінуге жол ашылады. Әсіресе, П. К. Анохиннің фунционалдық жүйелер теориясы немес организмнің функционалдық жүйесі ұғымы организмнің әр түрлі жағдайдағы белгілі бір мақсатқа бағытталған іс-әрекеттік реакцияларының психологиялық мәнін, олардың механизмдерін түсіндіреді. Бұл И. П. Павловтың рефлекторлық теориясының негізінде мұны одан әрі дамыту, нақтылау, тереңдету, кеңіту нәтижесінде пайда болған. Демек, функционалдық жүйенің теориясы рефлекторлық теорияның жаңа сапалы деңгейі саналады.
Бүгінгі таңда валеология - интегративтік ғылым ретінде, дені сау адамның денсаулық көрсеткіштерін ашып беретін сала. Денсаулықтың негізгі критерийі, әрі аспектісі психикалық саулық, оның негізін қалыптастыру салауатты өмір сүрудің үйден баланың өмірге келерінен басталады. Ал XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басы ғалымдардың өздерінің қоғамдық саулық көрсеткіштерінің төмендеуімен, демографиялық кризиспен, өмір сүрудің қысқаруымен, халық денсаулығының психикалық жағдайдың нашарлауымен мазалайды. Медицинаның мүмкіндігіне қарап отырмастан, барлық ғылым, мамандар бүгін әрі тиімді, нәтижелі және жеңіл әдістерді іздестіруде. БДДСҰ мәліметтеріне сүйене отырып, денсаулық көрсеткішінің деңгейі 50-55% - өмір сүрудің салты мен жағдайына байланысты екендігін ескеріп, бұл сұраққа жауапты да, оған шешімді де адамның өзінен іздегеніміз дұрыс. Ол адамның өмір сүру салты, оның бағалы жақтары, қойған мақсаты, үйлесімділік деңгейінің ішкі және сыртқы ортаға қатынасы, бір сөзбен айтқанда, әрбір азаматтың өз денсаулығына өзінің жеке тұлғалық көзқарасы. Қоғамда әрбір адам денсаулығын нығайтуды және дамытуды қажеттілікке, міндеттілікке айландыру керек. Демек әрбір қоғам мүшесінің негізгі алғашқы мақсаты - денасулық деңгейін күшейту болса, ол үшін саналы, әрі белгілі бағытта, өмірлік резервтерін, ресурстарын қалпына келтіріп және дамытып, салауатты өмір сүруге міндеттімін деп санауы керек. К. В. Динейка сөзімен айтсақ: «Дені сау болуы - адамның табиғи ұмтылысы», - демекші, деніміздің саулығын сақтау үшін емделу емес, жемісті дамыту керек, әрбір индивидті сол мақсатта тәрбиелеу керек. Демек, бұл жерде дәрігер мен педагогтың бірлескен түрде еңбектеуі қажет, екеуінің де денсаулыққа көзқарасы сабақтас, дәйекті болғаны дұрыс, оларда валеологиялық көзқарасты дамыту қажет. Ф. Перлз адамды біртұтас писхикалық саулық пен жетілген бірлігі деп сипаттаса, БДДСҰ жарғысы денсаулықты, толық әлеуметтік пен рухани сәйкестіліктің көрінісі дейді. Сонымен денсаулықты тұлғаның интегративтік қасиеттерінің сипаты, оның ішкі дүниесі, сыртқы ортамен қарым-қатынасы, соматикалық, психикалық, әлеуметтік пен рухани аспектілері, тепе-теңдік күйі, қоршаған ортамен организмнің бейімделу мүмкіндігінің балансы деп қорытындылаймыз.
Дегенмен, И. И. Брехман организмдегі қоршаған ортамен тепе-теңдікте болуы мүмкін емес дегендей, бұл салыстырмалы тепе-теңдік, әйтпесе оргнизм дамымас еді. О. С. Васильева денсаулықтың құрамдас бөліктерін жіктей келе, олардың әрқайсысына әсер ететін факторларды қарастырады. Психикалық денсаулыққа әсер ететіндерді бірінші кезекте адамның өзіне деген көзқарасы, басқа адмдарға қатынасы, өмірге көзқақарасы, өмірдегі мақсаттары мен құндылықтары, жеке бас тұлғалық ерекшеліктері деп түсінуіміз керек.
І. 1. Әлеуметтік жағдайы төмен (жетім) балалардың психофизиологиялық күйі және салауатты өмір салтын насихаттау (әдеби шолу) .
Ойлау құрылымының механизмінің түсіну үшін ақыл-ой қызметінің репродуктивті және продуктивті бөліктері қатынастарның қағидасы ерекше маңызды. «Ойлау шындықты танудың қорытындыланған дәне жанама түрдегі үрдісі, бірақ оның диалектикалық, қарама-қайшылықтық бірлігінде продуктивті және репродуктивті бөліктері тұтасып кеткен…» деп көрсетеді З. Калмыковова.
Танымдық іс-әрекеттің продуктивті және репродуктивті және репродуктивті бөліктерінің қатынасы дидактикада мынадай түрде анықталады: шығармашылықтық және қайта өндіру бірлік тұтастығының жеке буыны, біріншісі - дайындық болса, екіншісі - негізгі болса, екіншісі - негізгі болады; қайта өндіру және шығармашылықтық әрбір буынның элементерімен біртұтас іс-әрекеттің екі бөлігі өзара байланысты және іс-әрекеттің тәсілін анықтайды. Арнайы зерттеулер (А. Алексюк, З. Стоницкий және т. б. ) мен алдынғы қатардағы педагогикалық ұжымдардың тәжірибесінен көретініміз, оқушылардың оқу мақсатын түсінуі, сезінуі оқу-тәрбие үрдісі тиімділігінің міндетті сәттерінің бірі болып табылады. Ойлау қызметінің бақылау-түзету бөліктері алға қойған мақсаттың орындалғанын көрсетіп «кері байланыс» қызметін атқарады. Сондықтан оқушылардың өзіндік бақылау тәсілдерімен оқыту оқу үрдісінің нәтижелігін арттырады. Ойлау қызметінің орталық бөліктері мазмұндық, орперациялық және сарындық болып табылады.
Оқушылардың ойлау қабілетінің операциялық жағы психологияда ақыл-ой қызметінің тәсілдерін қалыптастыруға арналған жұмыстар шеңберінде зерттелген Д. Богоявленский, Н. Менчинкая, Е. Кабанова-Меллер, В. Решетников және т. б. ) . Н. Менчинская өз еңбегінде «Жақсы дағдыланған және нық бекітілген тәсілдерді қалыптастыру оқушылардың ақыл-ой дамуына елеулі әсер береді» деп, оның дамытушылық функциясының жоғарлауын, оқыту тәсілдеріннің ролін анықтайды.
Ақыл-ой қызметінің тәсілі - ол белгілі бір топтағы мәселелерді шешу үшін ұйымдастырылған логикалық операциялар жиынтығы. Қазіргі логикада логикалық операцияларға абстактілеуді, салыстыруды, қорытындылауды жатқызады, логикалық іс-әрекетке дәлелдеу, жоққа шығару кіреді. Олардың жиынтығы тұтас жаңа білім яғни ақыл-ой қызметінің тәсілін қалыптастырады.
Педагогикалық психологияда және дидактикада оқу жұмысының тәсілдері мен ақыл-ой қызметінің тәсілдері ажыратылып көрсетіледі. «Оқу жұмысының тәсілдері - ол оқушылардың орындайтын тәсілдері және объективті түрде көрсетілетін тәсілдің құрамына кіретін қызмет түрі» дейді Е. Кабанова-Меллер. Оқу жұмыстарының тәсілдерінде іс-әрекеттің ойлау және тәжірибелік элементері бірігеді (мысалы граматикалық талдау тәсілдері, кері есептер құрастыру және т. б. ) . Ақыл-ой қызметінің иәсілдері мен оқу жұмысы тәсілдерінің арасындағы қатынас өзара байланыста қажырлы, жігерлі, алайда «Әдетте оқушының оқу іс-әрекетіндегі оқу жұмысының тәсілдерінде ақыл-ой ақыл-ой қызметі тәсілдері жасырынған».
Әрбір тәсіл қарапайым әрекет, іс-қимыл емес, ол күрделі білімді көрсетеді. Мысалы, қорытындылау талдауды, басты мәселені бөліп алуды, салыстыруды жинақтауды талап етеді, өз кезегінде салыстыру бірсыпыра (операциядан) іс-қимылдан тұрады және ол қорытындылаумен аяқталуы керек. Жалпының және жекенің өзара байланысы диалектикасын негізге ала отырып мәселе құрамынан жедел және мақсатты тәсілдерді айыра білу тиімді. Нақты мәселе жағдайында әрбір құрылым жедел немесе мақсатты бола алады. Сонымен қорытындылауды талап ететін мәселеде қорытындылау мақсаты, ал оның құраушы бөліктері бұл жағдайда жедел болады. Мәселені шешудегі іс-әрекеттің танымдық құрылымының түрлі сатылары бойынша тәсілді осылайша «ажырату» біздің тұжырымдаманың негізгі ойын түсіну үшін қажет. [3, 4, 5]
Ақыл-ой қызметінің тәсілдерін сұрыптау үшін басқа да негіздер бар: мақсаты, іс-әрекеттің нәтижесі, оның сипаты бойыеша Г. Граник зерттеп жасаған ақыл-ой қызметі тәсілдерінің типологиясы өнімді. Типологияның негізіне екі белгіні: оқу маөмұнының ерекшеліктерін және іс-әрекет сипатын алып, ол мазмұнды-әдістемелік ретінде тануға болатын типология тәсілдерін жасайды.
Оқушылардың өзіндік ойлау қабілетін дамыту үшін қажетті болып саналады. Шығармашылықтық жұмыстар әр түрлі білімді, дағдыны және шеберлікті қолданып қана қоймай сонымен бірге ойлау қызметінің негізгі тәсілдерін және оқытудың үрдісінде меңгерілген ғылыми таным әдістерінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Қалыпты психиканы зерттейтін ғылым психовалеология немесе психологиялық, физиологиялық (психофизиология) - адамның психикалық іс-әрекеті мен мінез-құлығын, олардың физиологиялық негіздерін және табиғатын зерттейтін, психология мен физиологияның негіздерін және табиғатын зерттейтін, психология мен физиологияның үндестігінен туындаған ғылыми пән.
Кәсіптік бағдар беру - көп салалы, әрі қиын процесс. Кәсіптік -техникалық мектептерде ол жас жұмысшы маман дайындауға, кәсіптік мектеп бітірушілерді өндірісте кездесетін қиындықтарды шеше білуіне бағытталған. Шын мәнінде бұл мектептен бастау алатын әлеутеттік-кәсіптік бейімделу, кәсіптік тәрбие. Оның тиімділігі кәсіптік мектептегі оқу-тәрбие процесі өндіріске қаншалықты жақын екендігіне байланысты. Осы мәселені шешу табандылықты, тиімді және түрлі жұмыс әдістері мен формаларын қолдануды қажет етеді.
Кәсіптік бағдар беруде әрбір оқушының психофизиологиялық, жеке қасиеттері, мамандық таңдаудағы басты себептері назардан тыс қалмауы керек. Жаңадан оқуға қабылданағн оқушылар туралы мәліметтерді ескере отырып өндірістік оқу шеберлері мен топ жетекшілері өз жұмыстарын жоспарлау қажет.
Кәсіптік мектеп инженерлік-педагогикалық мамандарды болашақ оқушылардың орта тектепте оқып жүрген кезінде - ақ танысып, зерттей бастады. Бұл кәсіптік мектепке кездейсоқ адамдар қабылдаудың алдын алуға, оқушының қалаған мамандығына психофизиологиялық тұрғыдан сай келуін қамтамасыз етеді. Топтар жасақталғаннан кейін өндірістік оқу шеберлері мен топ жетекшілерінің алдына оқушыларды зерттеу мен бақылау жұмысын жалғастыру міндеті қойылады, оның басты мақсаты қалған мамандыққа деген оқушының қызығушылығын бекіту. [6, 7, 8, 9]
Жанұя тәрбиесінің ерекшелігі туыстық сезімге негізделген ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігінен көрінетін эмоционалды мінез-құлық, жүріс тұрыстан тұрады. Баланың туғанан мектепке дейінгі кезеңінде туыстық эмоционалды байланысқа сүйене отырып, берінші кезекте ана мен бала байланысы қарастырылады. Мектепке дейінгі кезеңде баланың қарым-қатынасқа түсетін адамдары ортасының өзіндік ерекшеліктері бар. Психологтар мен педагогтар пікірінше, сүйіспеншілікке, сенімге, өзара қызығушылыққа негізделген ересетермен жақын қарым-қатынас жанұялық тәрбиені сипаттайтын басты көрсеткіш болып табылады. [3]
Олай болса, жеке адамның негізігі шарты - баланың адамдармен қарым-қатынасқа түсуі болып табылады. Осындай пікірдің аясында, бұрынғы кеңес одағында алғашқы -қарыс-қатынас мектебі ашылды. Онда А. Г Харчевтің (1974) тұжырымдамасы ұсталынды. : «бала туғаннан бастап өз ортасы мен қоғамдық дәстүрлі мәдениетін, өнегеліктің біртұтас жүйесін жанұяда меңгереді. . Дәл осы нәрестелік, сәбилік кезеңнен бастап балада адамдар мен қоршаған ортасында деген сенім, қоршаған орта мен өзге адамдармен қорқыныш сезімі мен мазасыздық қалыптаса бастайды. Осы кезеңде қалыптасқан сезімдер адамда өмір бойы сақталып, басқа адамдармен қарым-қатынасындағы эмоционалды үндестігінен, ерекше стилінен көрініп отыратындығын зерттеу нәтижелері анықтаған» [4]
Дүние жүзінің әр түкпірінде әр түрлі құрылымдағы балалар мекемелері ашылуда, олардың бірінде балалар 2-3 сағаттарын ғана осындай мекемеде өткізіп, қалаған уақытта жанұяда болса, екіншілерде аптаның бес күнін сонда өткізіп, сенбі-жексенбілерде өз үйіне барып тұрады, ал үшіншілерде, балаларға тәрбие беру мекемелерінде тұрақтап тұрады да, жақын туыстары кездесулерге келіп тұрады.
Бұлардың біріншісі-күнделікті келетін мекмелер, екіншісі-тәуліктік немесе апталық үшіншісі жабық түріндегі мекемелер деп аталады. [5]
У. Денис пен П. Наджарьян Ливанда 100 жетімді зерттей отырып балалар үйінде тәрбиеленушілердің өмірінің бірінші жылының аяғында - ақ жанұяларда тәрбиеленуші өз қатарластарынан психикалық дамуы жағынан кейін қалатындағын анықтаған. Зерттеушілер бұндай ерекшеліктердің себебін ана мен бала қатынасының кемшілігінен деп тапқан. [6]
Л. Ярроу анасымен анасыз тәрбиеленген балалардың және әлеуметтік жағынан дамуында ерекшеліктері болатындығын анықтаған. Дәл осындай қортындыға М. Раттер жабық түрдегі мекмелерде тәрбиеленуші балалардың «кері» тәрбиеленунің себебі анасымен жеткіліксіз эмоциональды қатынасы, сенсорды және әлеуметтік стимуляциялардың аздығынан деп түсіндіреді. [6, 7]
Егер Р. Заззо жазбаларына үңілетін болсақ (1967), француздар бастапқы да, балабақшалар мен ясельдердің құрылуына қарсы болған. Олар балаларын мұндай жалпылық мекемелерде «нақұрысқа» айналдырады деп есептеген және сондай жағдайдың пайда болуынан сақтанған. [7]
Р. И Спиц жазбаларынан анасынан бөлініп, жабық түрдегі мекемелерге келген сәбилердің бір жасқа дейінгілерінің 70% шетінегенін, ал қалған бөлігінің ақыл-ойлары артта қалатындығын көруімізге болады. [8]
Ана-бала үшін жалғыз жақын адамы, қамқоршысы болады. Балалар үйінде де бірнеше қамқоршы-тәрбиешілер бар, олар сондағы балалардың туған анасын алмастыруға әректтер жасайды. Балар үйі тәрбиешілерінің жұмысының тиімділігі, балалардың жеке адам болып қалыптасуып, дамуы, мінез-құлық, жүріс - тұрысына тигізер әсері туралы мәселелерді көптеген психологтар жан-жақты қарастырған.
Г. Х. Рейнгольд пен Н. Бейди (1959) «көп аналардың» балаға тигізер психологиялық әсерін сипаттады. Олар өз экспериментінде екі топтағы баларады қарасытырады. : бірінші топта-6 айлық баланы 8-ші айының соңына дейін бір ғана тәрбиеші күткен, ал екінші топтағы балаға төрт тәрбиеші қамқор болған 3 ай мерзімінде жүргізілген эксперимент нәтижесі бірінші топтағы баланың екінші топтағы балаларға қарағанда әлеуметтік реактивтілінің жоғарлығын көрсетті, ал 1жылдан соң бұл эксперимент алдыңғы нәтижені қайталамады. Зерттеушілер балаға бір немесе бірнеше тәрбиешінің қамқорлығында болуы оның дамуына ерекше әсер етпейтіндігі туралы қорытындыға келді. [8]
Осы мәселеге байланысты жүргізілген өзге зерттеулерде ғалымдар мынандай қорытындыға келді: «Қанша адамның қамқор болуы бала үшін маңызды емес, аса маңыздысы әр баланың қамқорлық пен сүйіспеншілікті біліп сезініп өсуінде». -дейді. Ал, тәрбиешілердің аздығы баланың дамуын тежейді, даму ең алдымен ересектермен қарыс-қатынас процесінде, іс-әректте ілгері басады. [5]
Нәресте неғұрлым жас болса, соғұрлым ол әлсіз болады, сондықтан қай ортада өмір сүрсе, соған тәуелді болады.
Жанұяда және жанұядан тыс тәрбиеленген балалардың психологиялық дамуы жөніндегі ғалымдардың зертеулеріне сүйенсек көп жағдайда жанұя тәрбиесіндегі балаларға қарағанда жанұядан тыс тәрбиеленушілердің даму барысының әлдеқайда баяу екендігін көреміз. [9]
Вербалды емес функцияның қалыптасуының тоқырауға ұшырауы ерте жастағы ойлауға балалардың айналасындағы адамдармен қарым-қатынасына, сөйлеуіне т. б. психикалық із қалдырады.
Мектеп интернаттарда балар дамуындағы шынайы қауіп - олардың «өзгерлердің ақылымен» басқарыла отырып өмір сүруінде. Үнемі қатарластарының ішінде жүруі, шулы уақытты бос өткізетін ортада жүруі, ересектердің оларға сирек көңіл аударуы, балалардың жүйкесінің шаршауына себепші болады. Бұл-тәрбиенің жетіспеушілігі болып табылады. [9, 10]
Жалпы балалар үйінде тәрбиеленушілердің туғаннан бастап психикасының дамуын атап көрсету жөн болар. Олай болса, баланың туғаннан бір жасқа дейінгі кезеңі-нәрестенең ересектермен тығыз байланысты шағы, бұл кезде олар ересектерге айырықша тәуелді, бағынышты болады. Қарым-қатынас нәрестелерде (әсіресе, жанұя тәрбиесіндегілерде) біртіндеп, 2-ші айдың басынан қалыптаса бастайды. Балалар үйінде тәрбиенушілерде жанұя тәрбиесіндегілерге қарағанда аталаған қасиеттері баяу қалыптасады. Олардың ересектермен қарым-қатынасы сирек, қысқа мерзімді болуы, эмоционалды түрде толықпаған қатынасы, балалардың қарым-қатынасқа деген қажеттілігін тудырып отырады. [6] Сондықтан, балалар үйіндегі тәрбиешіліер өздерінің жанұядағы қатарластарына қарағанда психикалық дамуы жағынан көп кейін қалып қояды және кейбір ауытқуларда байқалады.
Нәрестенің эмоционалды сферасының дамуын зерттеуші ғалымдардың бірі - А. И. Сорокина (1987) . Ол туғаннан бір жасқа дейінгі нәрестенің эмоциональды дамуындағы қарым-қатынастың ролін зерттеген. [8]
Психикалық дамуда баланың нәрестелік кезеңіндегі ересектермен қарым-қатынасы басты ролді атқарады. Нәресте өмірінің бір жас кезеңі - оның барлық басқа даму сатылары үшін ілгері орын алады.
Өмірінің бірінші жылының соңына қарай нәресте ересектердің нұсқауымен заттарға байланысты әрекет жасай бастайды. Мысалы: пирамида құрау, кубиктерді жинау, допты дөңгелету, т. с. с. бастапқыда заттық әрекет ретінде танылатын белсенділік енді маңызды ішкі білімдік көрсеткіші ретінде қарастырылады. Ересектермен қарым-қатынас бала белсенділігің дамуының негізігі факторы ретінде қарасытрылады. [6]
Жанұяда және жанұядан тыс тәрбиеленген балалардың ересектермен қарым-қатынасына мынандай ерекшеліктерді жатқызуымызға болады:
1. Яслиде тәрбиеленушілер сәбилер үйінде тәрбиеленген құрбыларына қарағанда ересектермен контактіге тезірек барады және олармен етене араласып кете алады.
2. Яслидегі тәрбиеленушілердің балалар үйіндегі қатарластарына қарағанда коммуникативті іс-әрекетттері әлдеқайда икемдірек болады. Олар өзіне аударлыған зейінді тез байқап қана қоймай, мадақтаулар мен ескертулерді жылдам түсінеді. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілер жас ерекшеліктері оыс балалармен шамалас, тіпті құрдас болса да, ересектердің өзіне деген назарын байқай алмайды.
3. Ересек пен баланың белгілі істі өз мойнына алуы қайтымды пропорциональды болса, балалар үйіндегілерде бұл тура байланысты
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz