Тоқыма материалдарын сынау тәсілі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Аннотация ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
Нормативті
сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .6
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
Белгілер мен
қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .8
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
Әдебиеттік шолу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...11
1 Негізгі бөлім
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..14
1.1 Сызықтық тығыздығы 25 текс жүннен иірілген жіптің талшықтық құрамы мен
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1.2 Сызықтық тығыздығы 25 текс жүннен иірілген жіптің сынау әдістері мен
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
1.3 Сызықтық тығыздығы 25 текс жүннен иірілген жіптің дайындау
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Техника қауіпсіздік ережелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 27
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .31

Аннотация

Сызықтық тығыздығы 25 текс жүннен иірілген жіптің қасиеттері мен
өңдеу технологиясы тақырыбындағы курстық жұмыстың түсіндірме жазбасы жалпы
... беттен тұрады. Бұл курстық жұмыс мынандай бөлімдерден тұрады: Нормативтік
сілтемелер; анықтама; белгілер мен қысқартулар; кіріспе; әдебиеттік шолу;
негізгі бөлім, техника қауіпсіздік ережелері; қорытынды; әдебиеттер тізімі.

Нормативтік сілтемелер бөлімінде осы курстық жұмысымның ішінде
кездесетін стандарт ГОСТ-тар, олардың анықтамалары берілген.
Анықтама бөлімінде курстық жұмыста қамтылған анықтамаларға
түсініктеме берілген.
Белгілер мен қысқартулар бөлімінде қысқартылған сөздерге мінездеме
анықтама беріліп өтілген.
Кіріспеде Қазақстан Республикасының тоқыма өнеркәсібінің қазіргі
таңдағы жағдайы, оны дамытуға арналған жоспарлар жайлы айтылады.
Негізігі бөлімде трикон текстурланған жіп жайлы толық мағлұматтар
келтірілген.
Техникалық қауіпсіздік ережелерінде тоқыма өнеркәсіп орындарында
сақталатын жалпы қауіпсіздік ережелері айтылған.
Қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінде Сызықтық тығыздығы 25
текс жүннен иірілген жіптің қасиеттері мен өңдеу технологиясы
тақырыбындағы курстық жұмысты орындау барысында ұсынған, білген мәліметтері
және осы курстық жұмысты орындауда қолданылған әдебиеттері жазылған.

Нормативті сілтемелер

ГОСТ 9733.3-83 – Тоқыма материалдарын сынау тәсілі.
СНиП И-90-81 Өндірістік кәсіпорындардың өнеркәсіптік ғимараты.
Жобалау шарттары.
МСТ 12.1.121-80 Өрт қауіпсіздігі
МСТ 12,1,003-73Шу және вибрация
СН-245-71 Өндірістік кәсіпорындарды жобалаудың санитарлық шарттары.

Анықтамалар

Талшық - ұзындығы көлденеңінен көп есе артық иілгіш, жіңішке әрі
мықты затты айтады.
Гигроскопиялылығы – талшықтардың су буын бойына сіңіру қабілеті.

Негіз — мата бойымен кететін жіптердің негізгі жүйесі.
Арқау — матаға көлденең түсетін жіптердің арқаулық жүйесі.
Бояу — матаға түгелдей бір түс бер үшін бояғыштарды қолдану.
Матаны өңдеу — станоктан алынған, өңделмеген матадан дайын мата алу
үшін жүргізілген физика-химиялық және механикалық процестердің жиынтығы.
Матаның мықтылығы —оның өзіне түскен күшке қарсы тұру қабілеті.
Матаның қыртыстануы – ылғал-жылумен өңдегенде ғана кететін матаның
мыжылып қалуы.

Белгілер мен қысқартулар

ҚР – Қазақстан Республикасы
мм – миллиметр
т.б. – тағы басқа
% - пайыз
ГОСТ – Мемлекеттік стандарт
т – тонна

Кіріспе

Қазіргі таңда материалдық өндірісті дамытудың экогенді
концепциясының бағыттарының бірі жаңа технологияларды іздестіріп ,
жасап шығару және енгізу болып табылады , олар өнім сапасын жалпы
сақтауымен қатар , қоршаған ортада қауіпсіз материалды циклді
қамтамасыз етуі тиіс.
Осыған орай , 1994 жылы жүн жібінің өндірісі республикада 28,5 %-
да мата өндірісінің шамасы -31,3%-ды құрады.
Тұтастай алғанда , жеңіл өнеркәсіп тауарларының шығаруы
Қазақстанда өткен бес жыл мерзімде 13 есе кеміді , оның ішінде жүн
маталарының өндіріс көлемі 19 есе , трикотан бұйымдарының көлемі-13 есе
, кіші өндірісі-9 есе қысқарды.
Алайда қой басы санының төмен жағдайларына қарамастан Қазақстан
жүн өндірісі жөнінен ТМД елдерінің арасында алғашқы орындардың
бірінен орын тебуін жалғастыруда , сонымен қатар жүн сапасын
жоғарылату жағдайында жүнді өндіру мен экспорттау бойынша барлық
мүмкіншіліктерге ие.
Республикада өндіретін жүннің сапасын жоғарылату оны өндіру мен
өңдеудің барлық сатыларында іс-шаралардың тұтас кешенін қамтуы тиіс.
Жүн өңдеу процесі жүнді алғашқы өңдеу фабрикаларынан тікелей
басталады және операцияларды жүргізудің дұрыстығына дайын өнімнің
сапасы тәуелді болып келеді.( Қазақстан территориясында жұмыс істеп
тұрған Семей , ақтөбе , Жамбыл қалаларындағы жүнді
алғашқы өңдеу фабрикаларында жылына 90мың. Тоннаға дейін жүнді
өндірген).
Республикамызда ақ алтынмен қамтамасыз етіп отырған біден - бір облыс
осы – оңтүстік өңірі. Сондықтан да болар , мемлекет басшысы Н.Назарбаев
мақта өнімділігін жоғарылату мен мақта талшығының сапасын арттыру
мақсатында мақта – тоқыма кластерлік бағдарламасын ұсынды. Бұл бағдарламаны
орындау барысында әлемдік нарықта мақта шаруашылығының дайын өнімдерін шет
елдерге шығару мүмкіндігі туды. Сол үшін де өнімді жоғарлату, өнімнің
сапасын ұлғайту облыстағы басты бағыт болып отыр.
Ливерпуль мақта биржасында бағаға сәйкес көп жылдары мақта шитін
сіңіруге алған қаржысын зорға өтеп шығатын кездері де болған. Олардың
өнімін қабылдап алған мақта зауыттары талшығын айырып шетелге шикізат
күйінде сатады. 400 мың тонна мақта әлемдік рынокта теңізге құйылған
тамшыдай болғанымен, ұқсата білсе Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін дамытуда
үлкен рөл атқарады,
Мысалы, жіп иіру талшықтан 2,5-3 есе артық пайда берсе, мата етіп
шығару 5-6 есе пайда. Ал одан киім тіксеңіз 10 есе пайдаға шығасыз.
Салыстырмалы түрде алып қарағанда, Қазақстан өз мақсатында 90% өнімін
сыртқы өнім өндірушілерден қымбат бағаға қайта сатып алады.
Экономикасы нығайған Қазақстан кәсіпкерлері осынау кеңістікті игеруге
кірісіп кетті. Шымкентте жіп иіру және мата шығарумен айналысатын ,
әлемдегі ең озық технологиямен жасақталған Ютекс, Қазақ-Орыс тоқыма
альянсы фабрикалары жұмыс істей бастаған. Облыс әкімдігінің мақта туралы
заң қабылданып, мақта-тоқыма кластерін жолға қою жөніндегі ұсынысы елбасы
тарапынан толық қолдау тауып Қазақстан үкіметі осы бағдарлама бойынша
ауқымды жобалар дайындаған.
Қазақ-Орыс тоқыма альянсы фабрикасында құны 25 млн. Еуро тоқылатын
матаның ені 3 метр 80 сантиметр.Жылына 7129 тонна жіп, 12918м3 мата
дайындауға қабілеті бар. Облысымыздағы Ютекс кәсіпорны Қазақстан Даму
банкінен 13,1 млн. Доллар несие алып , жобаларды іске асыруда. Жылына 6050
тонна мақта- мата жібін өндіріске бере алады.
Қазақстан Даму банкі АҚ арқылы Тоқыма өнеркәсіп кластерін дамыту
үшін техника мен жабдықтар лизингін ұйымдастыру яғни тоқыма өнеркәсібі
саласында мамандандырылған лизингілік компания құру үшін , мүдделі
кәсіпорындардың техниканы сатып алуды неғұрлым арзан қаржылық шарттармен
және неғұрлым ұзақ мерзімге қаржыландыруды жұзеге асыруына мүмкіндік
береді.

Әдебиеттік шолу

Материалтану – материалдың құрамы мен құрылысын зерттейтін қолданбалы
ғылым.
Материалтану ғылымының дамуы қарапайымнан қүрделіге қарай дамыды яғни
материалдың жалпы сыртқы белгілерін суреттеу мен олардың тұстас құрылымдық
парметрлері мен құрамын микро, макроскопиялық деңгейде зерттейді.
Қазіргі материалтану көлемі өте үлкен және техниканың, өндірістің
барлық салаларын қамтиды.Кез келген технология материалдық шартты шешуден
басталады: материлға қойылатын белгңмен және өнімге қажетті шарттармен
оның өндірістік және эксплуатациясын, материлдың өңдеу режимін анықтаудан
басталады. Химия, физика, математика және басқа іргетасты ғылымдардың дамуы
жоғары дәрежелі, өлшеуіш техникаларын материалтану байытады жіне осы
қолданбалы ғылымның тұрақты түрде дамуына жол ашады.
Қазіргі заманғы құрылымдық анализ заттарын пайдалана отырып және
құрамын өлшеп, материлтанушылар өзінің материалдар туралы көзқарастарын
кеңейтуде. Олардың жаңа қырларын ашуда, жаңа материалдар жоғарғы құраммен
ойлап табуға мүмкіндік береді.
Тігін бұйымдарының өнісінің ұлғаю мен ассортиментінің кеңеюі мақта,
жүн, жібек, зығыр мата шығаратын тоқыма өнеркәсібінің дамуына байланысты.
Тоқыма өнеркәсібі тігін кәсіпорындарына әртүрлі мақсатқа тігілетін
киімдер мен ассортименттер үшін әртүрлі маталар, жасанды және синтетикалық
талшықтардан жасалатын материалдар, тігетін жіптер, жылытатын және
өңдейтін материалдар дайындап береді.
Мата – ең көне және кең тараған тоқыма материалдарының түрі. Мата
тігін процесінде жасалынады. Ол дайындық және дайындалу жұмыстарынан
тұрады. Мата мен мата заты тоқыма мата деп аталатын тоқыма тауарлардың
үлкен тобына енеді.
Бір – бірімен өзара перпендикулиярлы байланысқан жіптер жүйесінің
тоқылуынан мата құралады. Мата бойында орналасқан негізгі және жанама
жіптер болып саналады. Ұзынан түскен жіп негізгі, көлденеңнен түскен жіп
арқау деп саналады. Мата жиегінде арнайы жиегі бар. Жиекті тоқуға арналған
жіп жиектік деп аталады.
Тігін өндірісінің өнімдерінің пайда болуы және дамуы, күрделі
ғылымдардың және практикалық материалтанымдық тапсырмалардың кешенді
шешімі, осы өнімдерді дайындау материалтанудың жалпы жаңа саласын яғни -
тігін өндірісінің материлтануын тудырды. Тігін өндірісінің материалтануы
материалдардың құрылысын, құрамын, пайдаланатын материалдары;
материалдардың құрылысының әртүрлі факторлардан өзгеруін; эксплуатациясын;
материалдың негізгі түрін; стандарттық баға беру әдісін; сапасын; ұтымды
кеңестер және материалдың тиімді пайдалануын зерттейді.
Тігін өнеркәсібінің қызметі халықты сәнді сапалы киіммен қамтамасыз
ету. Соған орай күнделікті киімге деген талаптар да қажет етіледі. Олар:
гигиеналық – адам денсаулығын сақтауға арналған ауа мен ылғал өткізгішті,
су сіңірмеушілігі т.с.с; техникалық – тігін метриалдарының сапасы мен
киімді дайындауға талаптар; эстетикалық– сәнділікке байланысты;
экономикалық – киімнің бағасын сиппатайды;
Барлық тоқыма материалдарының құрылымдық элементі тоқыма талшықтары
және жіптері болып есептеледі.
Тігін өнеркәсібінің материалы мата, ал мата шикізаты тоқыма жіптері
болып есептеледі. Барлық тоқыма жіптерін келесі топтарға бөлуге болады:
моножіптер, кешенді жіптер, иірімжіптер, пленкалы және араласпа жіптер.
Олар талшықтық құрамына байланысты біртекті және әртекті болады
Тігін өндірісіндегі барлық материалдардың бүкіл түрін мына топтарға
бөледі: негізгі материалдар (мата, трикотажды және мата емес материалдар,
табиғи және жасанды мех және терілер, кешенді, пленкалы материалдар);
астарлық және төсек материалдары; жылулық материалдар (вата, ватин,
поролон, табиғи және жасанды мех); киімді бекіту тетіктеріне арналған
материалдар (тігін жіптері, иірімжіп, желімдік материалдар); қолданбалы
материалдар (ленталар, тесьма, шнурлар, шілтер және т.б); фурнитура –
қосымша өнімдер (түймелер, текотильді түймелер, кнопкалар, иірімдер,
ілмектер).
Тігін өнімдерінің ассортиментіне тоқыма материалдар қолданылады: мата,
трикотажды маталар, иірімдер, ленталар, ватиндер т.б. Бұлардың ең негізгісі
тоқыма талшықтары болып есептеледі. Сондықтан материалтануда негізінен
өнімнің талшықтық құрамын, құрылысын, алу принцптерін оқытады.
Өнімнің сапасын жоғарлатуда стандарт – құжаттардың рөлі үлкен.
Киім өндірісін іске асыру жолында, киімді кездемелерден, трикотаждан
және кездеме емес тоқымадан, талшықтардан және жүзгіш полимерлерден
дайындайды. Тігін материалдарын арнайы жазық материалдардан жасайды,
сондықтан оларды жасалу ең көп тоқыма және трикотажды тоқымаға жүктеледі.
Трикотажды тоқымалар үлкен көлемде қолданылады. Бірақ жіңішке
ассартиментте ғана. Негізгі тоқу арқылы алынған тоқыма материалдары ең
танымал әмбебап шикізат болып табылады. Киім жасау әдістемесін талдау
барлық жиналған ғылыми- техникалық ақпараттар аймағында анықтап
көрсетілген. Онда классикалық әдіс тігін өнімдерін жазық тоқымаларын және
материалдардан жасау келешекте ең көп таралған әдіс болып табылады. Одан
ары бұл бағыттың дамуы жоғары сапалылығы жаңа технологиялар мен машиналарға
тоқыма материалдарының құрылымдық қасиетін қолдану арқылы жүктелген.
Келешектегі негізгі технологияларға тоқыма материлдарының торлы құрылымын
тиімді жасауды толық тігілген құрылыстар қолдануға сонымен қатар өнімнің
материал сыйымдылығын және еңбек сыйымдылығын төменде отырып өнімнің
өндірілу еңбегін және сатысын арттыруға мүмкіндік береді.
Трикотаж өнеркәсібінде мата екіге бөлінеді: көйлек-көншек және сырт
киім. Бірінші топқа фуфайка, кальсон, комбинаций, ер киімдері, жаттығу
киімдері және т.б. жатады. Екінші топқа жакет, жемпір, пуловерлер, пальто,
күртеше, костюмдер, көйлектер т.б жатады. Трикотажды маталар тоқылуы және
талшықтық құрамы жағынан әртүрлі болады.
Сырт киім дайындауда трикотажды маталарға: иірілген – мақтақағаз,
комвольді жүн, комбинирлі фасонды, жартылай жүнді меланжды 10-40% жүнді,
меланждық сызықтық тығыздығы 42 тексті апор жүні, таза жүн сызықтық
тығыздығы 64 текс, әртүсті меланжды сызықтық тығыздығы 31,32 текс,
химиялық жіптер, текстураланған жіптер т.б. колданылады.
Трикотаж маталары иілгіш, мықты материал болып есептеледі. Яғни тоқыма
жіптері тоқу процесінде иілгіш болады. Олар күрделі орналасуымен
ерекшеленеді. Енінен орналасқан ілмектер ілмек қатарын түзеді, ал тігінен
орналасқан ілмектер ілмек қатарын түзеді.
Трикотажды маталар бірқатар бағалы құрамымен яғни жұмсақ, әсемдігімен
ерекшеленеді. Олардың жууға төзімді, жақсы драпталуы, жоғары гигиеналық
қасиеті, жоғары ауа өткізгіштігі, жылу өткізгіштігі сияқты қасиеттері
басым. Трикотажды маталардың кемшіліктеріне инемен тігу кезінде жеңіл
тесілуі, жуғанда ұзындығынан шууы, ал кулирлі маталар енінен шуыйды. Кейде
химиялық тазартулар трикотажды маталардың өлшемін де өзгертеді.

1 Негізгі бөлім

1. Сызықтық тығыздығы 25 текс жүннен иірілген жіптің талшықтық құрамы мен
құрылысы

Жүн дегеніміз кейбір жануарлардың тері жамылғысының мүйізтәрізді
құрылымы дене түгі. Тоқыма өнеркәсібінде қойдың, түйенің , ешкінің,
сиырдың жүні ж қоянның түбіті қолданылады.

1-сурет. Жүн талшықтарының түрлері: а-түбіт;
б-ауыспалы талшық; в-қылшық; г- өлі талшық;
1- қабыршақты қабат; 2- қабықты қабат; 3- өзекті қабат.

ССРО-ның 1981-1985 жылдарға және 1990 дейінгі кезеңдегі экономикалық
және әлеуметтік дамуының негізгі бағыттарына сәйкес жүннің жылдық орта
өндірілуі 470-480 мың тоннаға жетіп отыр.
Жүн талшығы (түк) түбірден және сабақшадан тұрады. Түбір
терінің астына жатады. Сабақша тері жамылғының сыртында болады және
кератин деген белоктан тұрады. Түктің сабақшасы үш қабаттан тұрады:
қабыршақты, қабықты және өзекті.
Қабыршақты қабат (кутикула) түкті қоршаған мүйіз тәрізді
қабыршақтан тұрады. Талшықтың түріне байланысты қабыршақтардың формасы
сақина, жартылай сақина немесе пластинка тәріздес болып келеді.
Қабыршақты қабат түкті бұзылудан сақтайды, оның жылтылдауы мен киіз
болып ұйысу қабілетіне әсер етеді.
Қабықты қабат түктің тұрқын құратын ұршық тәрізді клеткалардан
тұрады, шаштың мықтылығын , серпімділігін және басқа да қасиетін
анықтайтын негізгі қабат болып табылады.
Өзекті қабат талшықтың ортасында болады. Ол ауатолған
клеткалардан тұрады. Жуандығы мен құрылымына байланысты жүн
талшықтарының мынандай типтері болады: түбіт, ауыспалы және өлі шаш,
қылшық.
Түбіт – қабыршақты және қабықты қабаттан тұратын жіңішке ирек
талшық. Биязы жүнді қойдың барлық жүн жамылғысы және қылшық жүнді
қойлардың теріге жақын жамылғысы түбіт болып келеді. Қабыршақты
қабат сақина немесе жартылай сақина формалы.
Қылшық – түбітке қарағанда дөрекілеу, әлдеқайда жуан және ирек
емес тік. Ол үш қабаттан тұрады: пластинка тәріздес қабыршақтардан
тұратын қабат, қабықты қабат және тұтас өзек. Жартылай қылшық жүнді
және қылшық жүнді қойлардың жүн жамылғысы қылшықтан тұрады.
Аралық жүн -- түбіт пен қылшықтың ортасы. Бұдан тұқымдас
қойлардың барлық жүн жамылғысы ауыспалы түктен тұрады. Аралық түк те
үш қабаттан: қабыршақты, қабықты қабаттан және үзілмелі өзектен
тұрады.
Өлі түк –нашар боялатын, өңдегенде оңай сынатын дөрекі, тік және
қатты талшық. Ол қылшық жүнді қойлардың кейбір тұқымдарында
кездеседі. Өлі түк үш қабаттан тұрады: қабыршақты, жұқа қабықты және
талшықтың барлық көлденеңін алатын жалпақ өзектен тұрады.
Қойдан қырқып алынған тұтас жүн жабағы деп аталады. Қойдың жүн
жамылғысын құрайтын талшықтың түріне байланысты, жүн де төмендегідей
түрлерге бөлінеді: түбіт талшықтан тұратын биязы жүн (25 мкм-ға
дейін ); оны биязы жүнді қойлардың алады да, жоғарғы сапалы
камволь және шұға маталарды тоқуға пайдаланады:
Жартылай биязы жүн (25—34 мкм) -- түбіт талшығы мен аралық
жүннен тұрады; қойдың будан тұқымынан алып костюмдік және пальтолық
камволь маталар тоқу үшін пайдаланады;
Жартылай дөрекі жүн (35—40 мкм), қылшық пен аралық түктен
тұрады; қойдың будан тұқымынан алып костюм және пальто үшін
жартылай қылшықты шұға маталарды дайындауға пайдаланады;
Дөрекі жүн (40 мкм –ден жоғары)-- құрамында талшықтың барлық
түрі бар; оны қылшық жүнді қойдан алып ірі шұға мата алуға
пайдаланады. Жіп иіру үшін жүн талшығының ұзындығы мен
бұралаңдығының маңызы зор.
Жүн талшығының ұзындығы 20 мм-ден 450 мм аралығында. Біртекті
жүндер ұзындығына байланысты қысқаталшықты --55 мм-ге дейін, және
ұзынталшықты—55-ден артық болып бөлінеді.
Жүннің ирелеңдігі талшықтың 1 см ұзындығына келетін ирелеңдігі
сонымен сипатталады. Талшық неғұрлым жіңішке болса соғұрлым бұралаңы
көп болады. Бұралаңның биіктігіне қарай қалыпты, биік және жатық
бұралаңқы болып бөлінеді.
Биік ирелең қысқаталшықты жүн жуан әрі үлпілдеген аппараттық
(шұғалық) жіп иіруге пайдаланылады. Жатық бұралаңқы ұзынталшықты жүн
жіңішке тегіс тарам жіп иіруге пайдаланылады.
Жүн талшығының жуандығы талшықтың түріне байланысты және оның
иірілген жіп пен матаның қасиетіне ықпалы зор. Түбіттің жүні 30
мкм, қылшықтікі 50-90 мкм, өлі шаштікі 50-100 мкм.
Жүн талшықтарының мықтылығы оның жуандығы мен құрылымына
байланысты. Мысалы, өлі жүн-- жуан, бірақ осал талшық. Жіңішкелігі 20
мкм түбіт талшықтар 7 сН-қа дейінгі үзу салмағымен сипатталады,
жіңішкелігі 50 мкм қылшық талшықтар – 30 сН-ге дейін. Талшықтардың
салыстырмалы үзу салмағы 10,8 – 13,5 сНтекс. Жуан жүнге қарағанда
жіңішке жүн төзімді. Себебі жуан талшықтардың өзегңнде ауа бар, ал
ол талшықты жуан қылып көрсеткенімен мықтылығын арттырмайды.
Құрғақ талшықтардың үзілер кездегі ұзаруы 40% .
Толық ұзарудың әжептеуір үлесі (7%-ке дейін) серпімді және
жоғары эластикалық деформацияға келеді, солардың әсерінен жүн матадан
істелген бұйымдар онша қыртыстанбайды, формасын жақсы сақтайды.
Биязы жүнді қойдың жүні ақ түсті,ептеп ақсары. Қылшықты және
ұяң жүннің түсі – сұр, қызғылт, қара.
Жүннің жылтыры қабыршақтардың мөлшері мен формасына
байланысты. Ірі, тығыз қабыршақтар жүнді жылтыратып тұрады. Майда,
талшыққа жабыспайтын қабыршақтар жүнді солғын етіп көрсетеді.
Киіздену –жүннің басқанда бірігіп ұйысуы. Жіңішке, серпімді, өте
иректі жүннің киізденуі жоғары болады.
Қалыпты жағдайда биязы жүннің бойындағы ылғалы 18 %, қылшық
жүндікі – 15 %. Басқа талшықтарға қарағанда жүннің гигроскопиялық
қасиеті жоғары, ылғалды жәй тартады, жәй шығарады. Жылу мен ылғалдың
әсерінен жүн талшығы 60%-ке дейін, одан да көп, ұзара алады.
Жүннің қасиетін ескере отырып оған өтектеу,созу, декатирлеу сияқты
операциялар жасай аламыз.
Киімді химиялық тазартудан өткізгенге қолданылатын барлық
органикалық еріткіштердің әсеріне жүн төзімді.
Жүнде амфотерлік қасиеттер бар, яғни қышқылдармен де,
сілтілермен де әрекеттесе алады.
Қайнатқанда жүн күйдіргіш натрдың 2%-ті ерітіндісінде ериді.
Сұйытылған қышқылдың (10%-ке дейін) әсерінен жүннің мықтылығы
біршама артады. Концентрациялы азот қышқылының әсерінен жүн сарғаяды,
концентрациялы күкірт қышқылының әсерінен күйеді.
110оС, одан да жоғары температурада құрғақ жүн талшықтары
өзінің мықтылығын жоғалтады.
Өсімдік талшықтарына қарағанда жарық пен ауа райы әсеріне
жүннің төзімділігі айтарлықтай жоғары. 1120 сағат тікелей түскен күн
сәулесінен жүн талшықтарының мықтылығы 50%-ке кемиді.
Жүн жанғанда талшықтар жалында піседі, жалыннан алсақ жанғаны
басылады, ұшында күйген қара түйіршік пайда болып, күйген қауырсынның иісі
сезіледі.

2. Сызықтық тығыздығы 25 текс жүннен иірілген жіптің сынау әдістері мен
тәсілдері
Стандартта көрсетілген иірілген жіп пен жіптердің қасиетіне
олардың сызықтық тығыздығы, ширатылуы, мықтылығы, созылғыштығы, тегістігі
жатады. Талшықтардікі сияқты иірілген жіп пен жіптердің сызықтық
тығыздығы текс-пен сипатталады.
Иірілген жіптің жуандығы текс жүйесінде 1000 м жіпке келетін
грамм өлшеміндегі массаның шамасымен анықталады. Текстің сандық
мазмұны неғұрлым жоғары болса, жіп те солғұрлым жуан. Штапельді
мақта және шөткелі иірілген аралас жіптің сызықтық тығыздығы 12-85
текс, биязы жүннен иірілген тарақты жіптің (бірқабаты да, араласы да
) сызықтық тығыздығы 16-41 текс, қылшық және жартылай қылшық жүннен
иірілген тарақты жіптің сызықтық тығыздығы 28-85 текс, зығырдан
иірілген жіптің сызықтық тығыздығы 18-300 текс. Аппаратты иірілген
жіптің сызықтық тығыздығы: мақтанікі – 85-250 текс, биязы жүндікі -125-
670 текс.
Текс пен метрикалық номерді анықтау үшін иірілген жіпті
таразыда немесе квадрант деп аталатын арнайы аспапта өлшейміз.
Квадранттар салмақтық және номерлік болып бөлінеді. Рычагтің
ілгегіне жүз метрлік пасманы ілгенімізде рычагтың екінші басындағы
стрелка тиісті массаны не номерді көрсетеді.
Жуандығы бірдей жіптерді ширатқанда олардың сызықтық тығыздығын,
текс-ін және номерін мына формула бойынша анықтайды:
Ткр; Nn=Tкр=Nn;
Ткр – ширатудағы жіптің сызықтық тығыздығы, текс;
Т -- құрам ындағы жіптің сызықтық тығыздығы, текс;
N – қабат саны;
Nkp –ширатылған жіптің номері;
N –құрамындағы жіптің номері.

1-сурет. Әмбебап ширатпаөлшегіш УК-2

Кейде құрамындағы жіптің жуандығы әр қалай болады.
Бұл жағдайда сызықтық тығыздық пен номерді төмендегі формулалар
бойынша анықтайды:
Ткр=T1+T2; Nkp=N1 N2(N1+N2);

Жіптердің диаметрін жуандық өлшегіш немесе сызықтық тығыздық
бойанша есептеу арқылы анықтауға болады. Иірілген жіптің ширатпасы
оның 1 м ұзындығына келетін сұралу санымен сипатталады. Ширатпаның
өсуіне байланысты иірілген жіп тегіс, мықты, серпімді болады. Ары
қарай жіптің мықтылығы артпай кемісе, оны ширатудың шегі дейді.
Ширатылған мөлшерді анықтау үшін иірілген жіптің үлгісін арнайы
аспапта – ширатпаөлшеуіште тарқатады (10-сурет ).
Ширатпаөлшеуіште иірілген жіптің үлгісін бекітуге арналған екі
қысқаш (2 және 4), тарқатқан кезде жіптің ұзаруын көрсететін тартылу
күшін өлшегіш (1), жіптің тарқатылуын қарауға арналған лупа (3)
және айналу санын есептегіш (5) бар. Қысқаштың біреуі қозғалмайды,
екіншісі, айналатыны, есептегішпен жалғанған. Мақта штапель жіптерінің
басқа талшықтардың барлық түрінен жасалған құрама, бұралған иірме,
сонымен бірге жалаң иірілген жіптердің ширатпасын анықтау үшін
талшықтардың параллель түсуіне дейін тарқату әдісі қолданылады.
Жіптерді оң және сол ширату бар. Егер тарқату оң қолмен өзіңнен
сыртқа қарай жүргізілсе оң ширату дейді. Оң ширату Z латынның
әрпімен, ал сол ширату S латынның әрпімен бнлгіленеді (11-сурет).

11-сурет. Иірілген жіптің ширатпасы:

Иірілген жіп пен жіптерді, талшықтарды көргендегі мықтылық
мөлшері оларды үзуге жеткілікті ең аз салмақпен сипатталады. Үзу
салмағы жіп үлгісін үзу машинасында көру арқылы анықталады. Бұл
жағдайда үзу салмағын ұзындығы 100 м бір тал жіп үшін де, бүкіл
ширатылған жіп үшін де анықтауға болады.
Иірілген жіптің созылғыштығы динамометрде жіптің үзілердегі
мықтылығымен қоса анықталады. Созылғыштық жіптің үзілер кездегі
ұзаруымен сипатталады және талшықтың құрамына, жуандығына және
иірілген жіптің ширатылымына байланысты.
Тегіс еместік – иірілген жіп пен жіптердің жуандығының,
ширатылуының , мықтылығының және ұзаруының бірдей еместігі. Иірілген
жіптің тегіс еместігін лабораториядағы эталондармен (үлгілермен) қатар
қойып салыстыру арқылы немесе олардың тиісті аспаптардағы бірнеше
көрсеткішін өлшеп сонан соң формула бойынша тегіс еместік процентін
есептеу арқылы анықталды. Таза талшықтан иірілген жіп пен құрама
жібек жіптерге қарағанда химиялық және штапельдік талшықтардан
жасалған жіптер қасиеті жағынан біокелкі.

Драпталыну — матаның жұмсақ, дөңгелектенген қатпарлар туғызатын
қасиеті. Драпталыну матаның массасына, қаттылығына және жұмсақтығына
байланысты. Қаттылығы – матаның өз сақтап қалу қабілеті. Қаттылыққа
қарама-қарсы қасиетін жұмсақтық дейді, яғни матаның формасының
өзгеруіне көнгіштігі.
ЦНИИШП-ның көрсетуінде, матаның драпталынуы жақсы деп
есептелінуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Поливинилхлоридті талшығының құрамы мен құрылысы
Полиамидті талшықтарды алу технологиясы
Тоқыма материалдарының қасиеттері
Шымкент мақтақағазды комбинаты
Технология пәні мұғалімінің оқытуды ұйымдастыруға дайындық жұмыстары
Тоқыма материалдарының физикалық қасиеттері
Балалар тоқыма бұйымдарының технологиялық аспектісі
Зығыр талшығының жалпы сипаттамасы
ГИГРОСКОПИЯЛЫҚ МАҚТА МАҚТАСЫ
Маталар сапасының тұтынушылық көрсеткіштері
Пәндер