Тәрбиешінің кіріспе әңгімесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
1 Табиғат жайлы көркем шығармалар жүйесі
1.1 Табиғатпен сабақтас көркем шығармалар үлгілері
1.2 Көркем әдебиеттердің табиғатты таныстыру сабағында бала танымы

мен тілін дамытудағы ролі
2 Айналадағы әлеммен таныстыру сабағында көркем шығармаларды
пайдалану әдістемесі
2.1 Табиғат жайлы көркем шығармаларды іріктеу принциптері
2.2 Сабақта көркем шығармаларды пайдалану әдістемесі
2.2.1 Көркем шығармаларды тәрбиешіні әңгімелеуі
2.2.2 Табиғат жайлы көркем шығармаларды қабылдауына иллюстрациялық
материалдардың әсері
Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Табиғат жайлы көркем шығармалар жүйесі
1.1 Табиғатпен сабақтас көркем шығармалар үлгілері
Балабақшаның тәрбиелік жоспарында табиғатты аялап, оны қамқорлыққа
алып, күту жеке дара анықталып көрсетілген, еліміздегі барлық
балабақша осы бағдарламаның негізінде жұмыс істейді. Оның мынандай
екі мақсаты бар:
а) балаларды туған табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, оның
әсемдігін терең сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін
қамқорлыққа алуға тәрбиелеу;
б) балабақшада табиғат жөнінде қарапайым білім беріп, осының
негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты
жалпылама түсініктерді қалыптастыру.
Балабақшадағы табиғат қорғау жұмысын кең жолға қоюды
Морковскаяның Балабақшадағы табиғат бұрышы, Веретникованың Мектеп
жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру еңбектерінде, балалар
барлық уақытта табиғатпен қандай да болсын белгілі бір қарым-
қатынаста болады, жасыл орман, әдемі гүлдер, аң-құстар, жапалақтап
жауған қар осының бәрі балалардың көңілін аударып қуантады, осылайша
табиғатқа, өз Отанына деген сүйіспеншілігі пайда болады. Балаларды
табиғатпен таныстыру барысында адамгершілік, еңбек, дене және
эстетикалық тәрбие беруді жүзеге асыру қажет. Бұл күндері Қазақстанда
білім беру саласы мен Қазақ табиғат қорғау қоғамы жасаған бірқатар
әдістемелік құралдардың негізінде табиғат қорғауды насихаттау
белгілі жүйеге келтірілді. Қазақстан баспасынан шыққан С.Ысқақовтың
Табиғат және адам, С.Қаженбаев пен С. Махмутовтың авторлығымен шыққан
Табиғат қорғау еңбегі, Қайнар баспасынан профессор Е.Мәмбетқазиев пен
биология ғылымының кандидаты Қ.Сыбанбековтың бірлесіп шығарған
Табиғат қорғау кітабы құнды еңбек болып отыр. Күнделікті тәрбие
барысында табиғаттың әсемділігі сөз болып қоймай, оны қорғап, аялау
жайын да байқау-көрмелер, мақсатты саяхаттар ұйымдастырсақ. Әдемі
заттарды өз қолымызбен жасаймыз - делінетін сабақтарда табиғи
заттардан экибаналар, ашекейлік заттар жасау, дәрілік өсімдіктер тобын
жинау арқылы балалардың табиғатқа деген қызығушылығын арттыруға
болады:
1) топ мен топтың арасында балалардың білім деңгейін анықтаудағы
байқаулар;
2) табиғат бұрышындағы гүлдердің бағдарламаға сәйкес келуі және
эстетикалық талғамға сай болуы;
3) аквариумдарды бағдарлама талаптарына сай пайдалану;
4) табиғат бұрышындағы құстар;
5) табиғат күнделігі, басқа да осындай шарттар орындалғанда ғана
тәрбиеші еңбегі өз нәтижесін бермек.
Халқымыздың халық педагогикасындағы асыл мұраларының бірі табиғатқа
деген аса зор сүйіспеншілікпен қарауы және оны көздің қарашығындай
сақтап, қазіргі жас ұрпаққа өнеге болатындай мақал-мәтел, дана
ұғымдар, аңыз-әңгімелер арқылы жетуінде.
Осындай асыл мұралардың өзінде тамыры терең ой, ұлағатты тәлім-
тәрбие жатыр. Халқымыздың табиғатты жанындай жақсы көріп, сүйе білуі
және оған деген аялы алақаны мен абзал адамгершілік қамқорлығы
қанымызға да, тұла бойымызға да ананың ақ сүті арқылы дарығанын зор
мақтаныш сезіммен айтуымызға болады.
Болмаса, Қорқыт атаның артында қалған өсиет сөздеріндегі Қара
тауларының құламасын, саялы ағаш сынбасын, қанаттарын қырқылмасын -
деген ұғымдар туған жер табиғатын аялай біл деген аталы сөзге саяды.
Мысалы: Орман – ел дәулеті, жер сәулеті, Атаңнан мал қалғанша, тал
қалсын, Ағаш ексең аялап, басыңда болар сая бақ, Гүлді үзбе,
Құмырсқаның илеуін бұзба деген сөздер бала санасына сіңіп,
адамгершілік өлшем қалыптасады. Осылайша табиғат жайындағы өнегелі
өсиеттер, аңыздар мен жырау жырындағы ойлы пікірлер экологиялық тәрбие
беруде және балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өте
құнды негіз болып табылады.
Қазіргі таңда табиғат қорғау жөнінде көп айтылып жүргенімен де
тәрбие жұмысына қажетті әдістемелік құралдар, балалардың табиғатқа
деген көзқарасын қалыптастыратын оқулықтар аз, кей жағдайда балабақша
балалары тірі табиғат пен өлі табиғатты ажырата алмай, түсінбей
жатады, түсінігін, бақылағанын жеткізіп айта білмейді. Тәрбиешілермен
әңгімелескен кезде, көбі сабақтың мақсатына, оны өткізу әдісіне терең
бойламай жататындығына көз жеткіздік. Балаларға экалогиялық тәрбие беруде
шешілмеген мәселелер өте көп, сондықтан да тәрбиешілерге көп ізденіп,
әдістемелік тәсілдерді қолдану арқылы табысқа жетуге болады.
Тәрбиешілер балалармен көп жұмыс жасауы қажет, күнделікті бақылау
жүргізу, табиғат күнтізбесін жасау, балалармен серуендеу саяхат кезінде
бақылау жүргізу, табиғат бұрышындағы жұмыс экалогиялық тәрбиенің пәрменді
тәсілдері. Экалогиялық саяхат табиғат аясына бағдарлама бойынша
жүргізілуі керек, әр тәрбиеші баратын жерін белгілеп, саяхат кезінде
тірі табиғаттың жануарлар дүниесі мен Адам арасындағы байланысын
түсіндіре білуі тиіс. Саяхат, серуен кезінде тәрбиеші балаларға өзін
қалай ұстау тәртібін, тәртіп машықтарын түсіндіруі қажет. Осыған сәйкес
экология тақырыбына арналған мектепке даярлық тобына балабақша
ауласына серуен түрінде өткізілетін тәрбие жұмысының жоспарын ұсынып
отырамыз.
Сабақтың мақсаты:
1) Экалогия туралы, Арал теңізінің тағдыры туралы түсінік беру.
2) Табиғат жөніндегі білімдерін толықтыру, табиғатты сүюге,
қорғауға тәрбиелеу.
3) Табиғат аясында өзін мәдениетті ұстауға, қоршаған ортаны ластамай
сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Сурет салуға, еңбек етуге, ойынға қажетті құралдар.
Қолданылатын әдіс: бақылау, сұрақ-жауап, әңгімелесу, сурет салу, ойын.
Тәрбиеші:
Ой, алақай, тмаша,
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші – алаша,
Аунар ма еді жатып ап!
- деп балабақша ауласындағы бақ ішін балалар мен аялайды.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, бүгін ауа райы қандай, қазір жылдың
қай мезгілі? (ай атын атап айтқызу, бұл мезгілге тән белгілеріне
тоқталу, балаларға жыл мезгілдері туралы тақпақ айтқызу- бұл сабақты
негізінен күз айларының бірінде өткізілуі жоспарланғандықтан, ендігі
жерде біз сабақ барысын күз мезгілінің мысалында жалғастыратын
боламыз).
1-бала:
Қайың, терек басынан,
Сарғыш тартып жапырақ.
Жерге түсіп шашылған,
Жел үрсе тек қалтырап.
2-бала:
Мәуе пісіп балбырап,
Маужыраған қоңыр күз.
Алма пісіп албырап,
Көзді тартқан көріңіз.
Ауладағы өсіп тұрған гүлдерді бақылап, олардың жаз бойы бақшамызға
әдемі түр беріп, көріктендіргені жөнінде әңгімелесу. Серуенді әрі
қарай жалғастыра отырып, бұлақ басына келу. Судың Адам баласы үшін,
жалпы тіршілік үшін тигізер пайдасына тоқталу. Бұлақ көрсең көзін аш
деген мақалдың мәніне байланысты судың бұлақтан бастау алатынын көрсете
отырып түсіндіру, су болмаса жалпы тіршіліктің болмайтынын әңгімелей
келіп, бірігіп бұлақ көзін ашу, балалардан су туралы жұмбақ, мақал
сұрау.
Тәрбиеші: Балалар туған жердің табиғатын қорғауымыз үшін не
істеуіміз керек?
Балалар: Ағаштарды сындырмай, өсіп тұрған гүлдерді жұлмау керек,
құстарды таспен атуға, суды сатауға болмайды, керісінше бәрін де аялап
қорғап, жақсы көруіміз керек.
Осыдан кейін балалар бір кісідей жұмылып, гүлдердің түбіне топырақ
үйіп, талдардың маңындағы қоқыс нәрселерді жинастырып, өз еңбектерімен-ақ
кіші топтың балаларына табиғатты аялаудың үлгісін көрсетеді. Соңынан
екі топтың балаларының біәрігіп Дәміне қарай анықта - атты ойынында
көкеністер дәмін дәл табумен тәрбие жұмысы қорытындыланады.
Атақты педагог В.А.Сухомлинский табиғатты сүю тәрбиесіне ерекше мән
Берген, бірнеше әңгімелерін осыған арнаған. Сондай әңгімелерінің бірі-
Біз бұдан әрі сенімен бірге жүрмейміз.
Әңгімеде үш оқушы Миша, Вася, Юрка орман ішінде келе жатып бір
бұлаққа кездеседі. Миша мен Юрка бұлақтан су ішіп:
- Ой, суы қандай дәмді – деді. Ал Вася отыра қалып, аяқ киімін шешіп
бұлақ суына аяғын малып, жуа бастады. Миша мен Юрка бір-біріне қарап,
оның жанына келіп:
-Вася, бұдан әрі сенімен бірге жүрмейміз. Үйіңе қайт-десті. Бұл таза
бұлақты былғағаны үшін Васяға қолданған шарасы еді. Негізіне дұрыс шара.
Міне осындай әсерлі қысқұа әңгімелерді бүлдіршіндерге оқып берудің
тәрбиелік мәні зор.
Кіп-кішкене, момақан,
Қошақанды ұнатам.
Сүйеді апам: Қозым деп
Қошақаным өзің деп.
Балалар үй жануарларының ішінде әсіресе күшік пен мысықты жақсы
біледі және ұнатады. Сондықтан Құтжол , Ақлиманың мысығы (Қ.Ыдырысов)
деген шығармалар оқылады да, тақырыпқа түсінік беріледі, демек,
әңгімелесу сабағы өтіледі. Шығарма мазмұнын сұрақ қоя отырып, жақсы
сөйлейтін балаларға айтқызады, ол балалардан тыңдағандарын, өздері
түсінгендерін басқа балаларға әңгімелеп береді.
Әдеби шығарма оқу, айналадағы дүниемен таныстыру, түрлі заттар мен
құбылыстар жөніндегі ұғымдарын кеңейту – сөздік жүргізудің екінші бір
міндеті.
Бұл туралы ұлағатты педагог К.Д. Ушинский заттық ұғымдарды
баланың есіне түсіріп, сөз арқылы елестету, тілдік (грамматикалық)
формаларды игертіп, ұдайы жетілдіріп отырудың пайдалы екенін айтады.
Сөздік қорларында сөздер мен сөздің өһзгермелі формалары жеткілікті
болғанымен, оларды балалар қай уақытта қандай орында қалай қолдану
керектігін білмейді. Сондықтан қажет сөзді тауып, орынды жерде қолдана
білуге баланың қабілетін дамытып, жаттықтыру қажет. Мысалы, ересек
балалар тобында күз туралы өлеңді оқығанда:
Бұта басы боз қырау,
Бұлттан мұздай жас тамды,-
деген сөз тіркестерін қалай түсінетінін сұрап, немесе:
Күн мұңайып түр бүгін,
Ағаш біткен дірдектеп,
Жапырағын жоқтайды.
Дала жатыр таныстап,
Сәл демалып алам деп,-
деген эпитеттері бар өлеңдегі Бұлттан мұздай жас тамды деген өлең
жолына көңіл аудартады. Бұлттан не тамғанын, ақын оны неге жасқа
теңегенін түсіндіреді.
Өлеңдегі басқа сөздер де осы әдіспен (мұздай жас, мұңайып, дірдектеп,
жоқтайды) түсіндіріледі.Сәбилер тобында айына үш реет көркем шығармалар
оқу және әңгімелеп беру, әңгімелету жұмысы, ал айына бір рет жаттату
жұмысы жоспарланады. Бұл топта бағдарламада ұсынылған шығармалар
ойын, драмалау түрінде өтіледі. Әсіресе, ауыз әдебиеті нұсқаларынан
Санамақ, Торғай, Лақтар мен қасқыр, Қаз-қаз бас сияқты
шығармаларды тәрбиеші балаларды ойната отырып оқып береді.
Шығармаларды оқып беру үлгілері
(2-3 жастағылар үшін)
Санамақ
Оқу жоспарының мақсаты: балаларды оқыған шығарманы мұқият
тыңдауға, үй жануарларының аттарын сөзбен атай білуге үйрету,
қарапайым еңбек түрін түсіндіру. Үй жануарларына байланысты сөздерді
үйрету.
Сабақтың барысы. Шығарманы бірінші реет оқығанда, тәрбиеші өлеңнің
мшумағын жатқа айта отырып, саусақтарын кезекпен жұмып, аттарын
атайды. Екінші шумағын оқығанда, жұмулы саусақұтарын біртіңдеп ашып:
Сен тұр, бас бармақ, қойыңа бар,- деп сөйлеседі. Сонан соң, Қараңдаршы,
балалар барлық саусақтар ақылды екен, жұмысқа кетті,- дейді де,
алақанын жайып екінші қолымен қуырмашты айтып аяқтайды.
Өлеңді екінші рет оқу.
Оқу жоспарының мақсаты: тақпақты жаттау. Дыбыстарды дұрыс айтуға
үйрету. Үйренген сөздерді қайталап тиянақтау.
Сабақтың барысы. Тәрбиеші тақпақты қайталап: Қане, балалар,
саусақтарыңды көрсетіңдерші? -деп, олардың көңілін өзіне аударады.
(Балалар қолдарын жайып көрсетеді). Тәрбиеші: Қазір саусақтарың ұйықтап
жатыр. Сендер тыныш отырыңдар, оянып кетпесін,- дейді. Балалархормен:
Тыныш-тыныш,-деседі. Балалар, енді саусақтарды оятайық, олар
аналарына, шешелеріне көмектессін,- дейді тәрбиеші. Балалар; Тұрыңдар,
тұрыңдар! - деседі. Сонан соң, тақпақтың келесі шумағын жайлап айта
отырып, саусақтарын біртіңдеп ашады.
Аталған өлеңді балаларды ойната отырып үшінші реет оқуға болады.
Ол үшін үлгі ретінде балабақшада өтілген сабақ жоспарын ұсынамыз.
Сабақтың мақсаты: оқылған шығарма мазмұнын түсініп айтып беруге,
сөйлемді дұрыс құрап сөйлеуге жатқа айтуға, саусақ аттары бас бармақ,
балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шумек, кішкене бөбек деп өздігінен иайта
білуге үйрету.
Методикалық әдіс: әңгімелесу, тәжірибе (ойын түрінде білімдерін
тиянақтау)
Жаңа сөздер: саусақ аттары, мал, төл.
Көрнекі құрал: суреттер, ойыншықтар.
Сабақтың барысы: 1. Кіріспе. Әңгімелесу.
-Балалар, бүгін біз өте қызық ойын ойнаймыз, бәрің мені тыңдаңдар.
Ойынды ойнаудан бұрын, Санамақ тақпағын есімізге түсірейік. Қане,
балалар, саусақтарыңды көрсетіңдерші,-деп тәрбиеші балалардың көңілін
өзіне аударады. Балалар қолдарын жайып көрсетеді, сонан соң:Қолдарың
таза, саусақтарың әдемі екен, осы саусақтардың аттарын кім атап береді?-
деп 2-ші балаға айтқызады.
Балалар , қандай үй жануарларын білесіңдер? - деген сұрақ қойылады.
Балалар;
-Сиыр, қой, ешкі жылқы...
- Үйдегі жануаорлардан бір сөзбен қалай айтуға болады?
- Мал.
-Малдың балаларын бір сөзбен қалай атайды?
- Төл.
-Айта алмаса, тәрбиеші өзі түсіндіреді. Осыдан кейін төмендегі өлеңді
айта отырып, дене шынықтыру жаттығуын жасату керек.
Бала, бала, балапан.
Қане, қайсы алақан?
Саусақтарың әйбәт,
Былай-былай ойнат.
Балалар, енді ойынымызды бастайық. Ойын былай ойналады,- деп
тәрбиеші бес балаға саусақ аттарын қояды. Осыдан соң, тәрбиеші
саусақтардың атын атап, бір-бірлеп жұмады.
-Қазір саусақтардың бәрі ұйықтап жатыр. Сендер тыныш отырыңдар,
оянып кетпесін,- деді.
Балалар хормен: Тыныш-тыныш - деседі.
-Балалар , енді саусақтарымызды оятайық, оларды қандай жұмыстар
күтіп тұр? – дейді тәрбиеші.
- Балалар хормен: Тұрыңдар, тұрыңдар,- деп қайталайды.(Үстел
үстінде үй жануарларының мүсіндері тұрады).
Бас бармақ, сен тұр, қойыңа бар,
Балан үйрек, сен тұр, сиырыңа бар,
Ортан терек, сен тұр, жылқыңа бар,
Шылдыр шүмек, сен тұр, ешкіңе бар, деп, саусақ аттарына тән үй
жануарларын тауып, балаларға көрсетіп (Бас бармақ қойды), атын атайды.
Тәрбиеші Бас бармақ, сен не алдың?- дегенде бала: Бас бармақ: - Мен
қойды алдым,- дейді. Осылайша қалған балалар (саусақтар) кезекпен үй
жануарларын көрсетіп, олардың аттарын атап айтады.
Тәрбиеші:
- Балалар, бұл ойынды бәрің де жақсы ойнадыңдар.Қазір тағы бір қызық
ойын ойнаймыз. Ол ойын Төлін тап делінеді деп ойын ережесін түсіндіреді.
Ереже бойынша тәрбиеші екі суреттің (сиыр, бұзау немесе қой, қозы) бір
сыңарын тақтаға ілді. Екінші сыңары (төлі) үстелдің үстінде жатады.
Шақырылған бала үстелдегі суреттің ішінен тақтада көрсетілген үй
жануарларының төлін тауып, түгел атаса, сол бала ұтады.
Әдеби шығарма, түрлі бейнелер, олардың іс-әрекеті арқылы өмірді
түсінуге көмектеседі. Жазушының идеясы, көңіл-күйі шығарманың мазмұны
арқылы оқушыға беріледі, сөйтіп, оларда алуан түрлі сезім, ой
туғызады, дүниеге көзқарасын қалыптастырады.
Көркем әдеби шығармалардың мұндай ерекшеліктері бастауыш
кластарда олардың өзіндік методикасын қажет етеді.
Ертегілерді оқыту. Халық әділеттілік пен адамгершілікті, ақылдылық
пен батырлықты ертеден-ақ өте жоғары бағалап, әңгімеге, ән-жырға арқау
етіп отырған. Халықтың ауыздан-ауызға тарап, бізге жеткен ертегі, аңыз
әңгімелерінің барлығында да ақылдылық пен ақымақтық, арамзалық пен
адалдық, жақсылық пен жауыздық қатар көрсетіледі.
Ертегілердің тәрбиелік маңызы орасан зор. Ертегілерді оқу арқылы
балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық адалдық сияқты
қасиеттерді бойына сіңіреді. Ертегінің тілі түсінікті, қанатты сөздер
мен бейнелі тіркестерге бай болып келеді. К.Д. Ушинскийдің сөзімен
айтқанда, ертегі оқушыны халық қазынасына ендіреді, халық рухымен
араластырады. Ертегілерді оқуда мыналар ескерілуі қажет:
1. Ертегіні оқу барысында бұл ойдан шығарылған, өмірде кездеспейді
деудің қажеті жоқ, балықтың, жан-жануарлардың сөйлемейтінін балалардың
өздері де біледі, бірақ ертегіде кездесетіндерді қиялдау оларды
көңілдендіреді, армандауға үйретеді.
2. Оқушыларды кейіпкерлерге қарапайым мінездеме беруге үйретуде
ертегілердің пайдасы мол. Ертегі кейіпкерлеріне берілетін мінездеме
әдетте бір екі айқын белгілерді көрсетіп, анық түсінікті болып келеді.
3. Қара сөзбен жазылған ертегілер текстке жақыфн үлгімен
мазмұндалады. Кейде ертегіні оқымай-ақ мұғалім оның, мазмұнын қызықты
етіп айтып береді. Егер артистердің орындауындағы фонохрестоматияны
пайдаланса, тіпті жақсы.
Ертегі балаларды жоспар жасауға үйрету үшін де өте қолайлы. Оны
бөлімдерге бөлу, ат қою, қандай суреттер салуға болатынын анықтау т.б.
осындай жұмыстарды ІІ-ІІІ класс оқушылары орындай алады. Ал 4 сыныпта
ертегіге өз беттерімен жоспар жасау тапсырылады.
4. Жануарлар туралы ертегілерді оқығанда дайындықтың онша керегі
жоқ.
5. Кейбір ертегілерде пьесаға айналдырып, қуыршақ жасатып, сыныптан
тыс сабақтарда балаларға орындатуға болады.
6. Ертегінің композициялық ерекшеліктеріне қарапайым түрде бақылау
жүргізіп үйрету керек.
Ертегілерді балалар қызыға оқиды, олардың мазмұнын бір оқығанда-ақ
игереді. Сондықтан бірқатар ертегілерді оқығанда жалпы идеясын ғана
әңгімелеп, мазмұнын үйден оқуға тапсыруға да болады.
Жұмбақтар мен мақал-мәтелдерді оқу. Оқулықтарда жұмбақ, мақал-
мәтелдердің көпшілігі текстердің аяғында беріледі, сонымен қатар
бастауыш мектепке арналған жұмбақ, мақал-мәтелдер жинағы жоқ
болғандықтан авторлар оқушылардың тілін ұштаудағы бұл материалдардың
орасан зор маңызын еске алып, оқулықтарға бірсыпыра жұмбақ, мақал-
мәтелдер, жаңылтпаштар енгізген. Бұл материалдар бір мезгілде бір
кезеңде ғана оқылмайды. Мұғалім қандай да болмасын, бір текспен жұмыс
жасау барысында ол жұмбақтар мен мақал-мәтелдердің ішінен өтіп отырған
материалының мазмұнына сай келетіндерін іріктеп пайдаланады.Немесе
олардың кейбіреулерін үйге оқуға не жаттауға тапсырады. Мысалы, Елдің
ері әңгімесін оқығаннан кейін, оқулықтағы мақал-мәтелдердің ішінен:
Ерлік білектен емес, жүректен, Батыр туса, ел ырысы, жаңбыр жауса , жер
ырысы!, Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады. Немесе
И.Крыловтың Қарға мен түлкі мысалын оқығанда Өзі айлакер, өзі бір қу,
жүрген жері бір айқай-шу жұмбағын жаттатып, оның мәнісін түсіндіре
кетудің яғни оның жүрген жері неге айқай-шу болатынын сұрап,
анықтай отырудың артықтығы жоқ.
Мақал-мәтелдер мен жұмбақ, бір жағынан, балалардың өмірге
көзқарасын кеңейтсе, екінші жағынан, сөздік қорын байытады.
К.Д.Ушинский бастауыш мектеп балаларына мақал-мәтел үйретудің
пайдасын айта келіп, оның қысқа да дәл және халықтың тамаша байырғы
тілімен қандай да болмасын табиғат немесе Адам тұрмысының шындық
құбылысын сипаттайтынын көрсетеді.
Мақал-мәтелдер және жұмбақтар бойынша жұмыстар жүргізу үшін, кейде
сиректеу болса да, жеке сабақ арнаудың да пайдасы мол. Мұндай сабақ
ұйымдастыруда оларды белгілі бір тақытыпқа арнап, іріктеп, топтап
алады.
Мақал-мәтелдер- тәрбиелік мәні күшті, балаларды жақсылыққа баулып,
жамандықтан аулақ болуға үгіттейтін өнегелі сөз. Сондықтан әр мақалдың
мағынасы талданып, соған қарай белгілі бір қорытынды жасалады.
Мақал-мәтелдер- тәрбиелік мәні күшті, балаларды жақсылыққа баулып,
жамандықтан аулақ болуға үгіттейтін өнегелі сөз. Сондықтан әр мақалдың
мағынасы талданып, соған қарай белгілі бір қорытынды жасалады.
Жұмбақтар бойынша жұмыс, негізінен, оның шешуін табу бағытында
жүргізіледі. Ол үшін нәрселерді, құбылыстарды жұмбақтап айтылған
белгілеріне қара, іздестіру жолымен табу әдісі ұсынылады. Мұндай
жағдайда жэұмбақталған нәрсенің жалпы қай салаға жататыны, қандай
бағытта ізделінетіні айтылады. Мысалы, іздесем, ізі жоқ, бауыздасам,
қаны жоқ жұмбағын шешу керек делік. Бұл нәрсені м өзеннен, көлден іздеу
керектігі, оның суда болатыны ескертіледі. Мұндай бағыт берілмеген
жағдайда балаларға қиындық түседі.
Жұмбақтың шешуі табылғаннан кейін, сұрақ-жауап арқылы метафоралық
бейне ашылады. Жұмбақта қандай із жөнінде айтылады? Мұндағы бауыздау
сөзінің мағынасын қалай түсінуге болады? (қайықтың тұмсығымен су
толқынын кесуі) т.с.с. Немесе Аяғы біреу, қолы жоқ, шиыр-шиыр жолы көп
жұмбағының құрамындағы сөздердің де әуелі тура мағынасы талданады: кез-
келген нәрсенің салған ізінің сөйлей алмайтындығы, салған іздің
сөйлеуі дегеннің не екені сұралады. Осы арқылы бұл жұмбақталып
отырғанды оқу құралдарының төңірегінен іздестіру керектігі айтылып,
Олардың ішінде қозғалатын, жүретін қандай нәрселердің бар екені
ойластырылады. Егер балалар оны таба алмайтындай болса, Оқу
құралдарының ішінде қайсыларында жол бар? деген сияқты сұрақ арқылы
дәптер мен кітапта жол болатыны анықталады. Сонан соң дәптердегі сызық
жолдың сөйлей алмайтыны, сөйлейтін жол – жазу екені, жазу жолын қалам,
қарындаш салатыны айқындалады. Жұмбақталған қарындаштың белгілерін
балалар өздері табады. Жұмбақтағы салған ізі дегеннің жазған жазу
екенін де айтады. Осы сияқты, екі-үш жұмбақтың шешуі талданып
көрсетілгеннен кейін, балалар өздері де заттың белгілерін жұмбақтап
айтуға тырысады.
Мысалдарды оқыту. Әдеби шығапмалардың басқа түрлерінен мысалдың
мынадай өзгешеліктері бар:
а) аллегориямен айтылатыны.
б) мысалда белгілі бір үгіт, тәлім-тәрбиелік мән болатыны.
в) оның оқылу ерекшелігі. Осыдан келіп, мынадай методикалық сұрақ
туады: мысалдағы аллегорияны Ашу керек пе, жоқ па? Мұндай сұраққа
жауап беру үшін, мысалдың сипатын, мазмұнын, оны балалардың қалай
қабылдайтынын байқап қараған дұрыс.
Бастауыш сынып оқушылары мысалды оқығанда суреттелген оқиғаның
тартымдылығына қызығады, оны шындық деп қабылдайды. Сондықтан мысалды
оқып шығысымен, автордың ондағы суреттеп отырған Жан-жануарлары
кімдердің бейнесі, оны кім деп түсінесіңдер? Дегендей, сұрақ қою қателік
болар еді. Өйткені жұмысты мұндай әдіспен жүргізу – оқушылардың мысалды
оқығанда алған әсерін жояды. Сондықтан балалардың одан алған әсерлері
әлсіремей, қайта күшейе түсетіндей, мысалдағы кейіпкерлердің іс-әрекетін
тереңірек ұғына түсуіне жағдай жасайтын әдіс-тәсілдер қарастырылады.
Ол үшін алдымен мысалдағы суреттелген оқиғаны, қатысушы кейіпкерлерді
шындық, өмірде болатындай етіп түсіндіру керек. Ал мысалда
суреттелгендер балаларға шындық, болмыс жөнінде қате түсінік береді,
өйткені қарға, түлкі сөйлемейді ғой деген сияқтылардан қауіптенудің қажеті
жоқ. Олардың сөйлемейтінін балалардың өздері де жақсы біледі, сонда да
оны шындық сияқты қабылдайды. Мысалы, балалар тіпті 4 сыныптың өзінде
де қылыштасу, атысу ойындарын шындық сияқты ойнайды. Олар таяқтың
қылыш, найза еместігін әрине жақсы біледі, бірақ өздерінше шын найза,
қылыш деп есептейді. Немесе қыз балалардың кейбіреулері әлі де
қуыршақпен ойнайды, оның сөйлемейтінін біле тұра, шын кісі деп есептеп,
онымен сөйлесіп отырады. Сол сияқты мысалдағы оқиғаны да бастауыш
сынып оқушылары шын көріп қабылдайды.
Бұл айтылғаннан шығатын қорытынды: мысалдарды оқығанда көңіл
қоятын жай – оқушыларға оның мазмұнын қабылдату және ондағы
кейіпкерлердің іс-әрекетін талдау.
Мысалдардағы аллегорияны Ашу жұмысын 4 сыныпта мынадай тәсілмен
іске асыруға болады. Мұнда мысалда суреттелген оқиғаға ұқсас оқиға
іздестіріледі. Айталық, И.А.Крыловтың Қарға мен түлкі мысалы оқылғаннан
кейін, біреудің қолындағы нәрсесін алдап алу өмірде кездесе ме дегендей
сұрау қою арқылы, ондағы негізгі ойды түсінуге жеңілдік жасалады.
Кейбір жағдайда мысалда суреттелген оқиғаға өмірде болатын ұқсас
оқиға табу жұмысы мысал оқылмас бұрын, алдын ала дайындық әңгіменің
барысында жүргізіледі.
Мысалдың екінші ерекшелігі – онда белгілі бір үгіт, тәлім-
тәрбиелік мәні бар қорытынды пікір болатындығы. Ол қысқа түрде текстің
басында немесе аяғында беріледі. Мысалы, Қарға мен түлкі мысалынан
шығатын қорытынды текстің басында берілген:
Жұрт біледі, күледі,
Сұрқия тілдің жаманын.
Қошеметшілердің амалын,
Сонда да солар қайда жоқ,
Ептеп айтса, ересің,
Артынан өкінсең де пайда жоқ...
Мысал оқытуда осындай қорытынды пікірді пайдаланып, құрғақ
сөзбен Мұндай жаман мінез-құлықтан, іс-әрекеттен аулақ болу керек
деудің бастауыш сынып оқушыларына әсері шамалы болады. Ондай үгітті
тіпті сол оқылып отырған мысалдан үзінді келтіре отырып айтқанда да,
кішкене балалардың санасына бірден қона қояды деу қиын. Сондықтан
мысал оқытуда онда айтылатын үгітті табуға тырыспай, оның
кейіпкерлері мен сол кейіпкерлердің іс-әрекеті, өзара қарым-қатынасы,
бір-біріне айтқан сөздеріндегі ой анық ашылуға тиіс. Осыған орай ,
мысалдан шығатын қорытынды пікірді оның мазмұны талданып болғаннан
кейін оқуға болады.
Мысал оқытудың үшінші ерекшелігі – оны дауыстап оқу тәсілінде.
Мысалдағы айтылатын сөз автордың атынан баяндалатын болса, сол
кейіпкердің басындағы ерекшелігіне қарай, дауыс сазы да құбылып
отырады. Мысалы, Шал мен малайды өткенде, ол екеуінің сөзі немесе
Қарға мен түлкі де тұүлкі мен қарғаның сөзі бір ырғақпен оқылмайды.
Тіпті бір кейіпкердің сөзін оқу мәнері де оның қылығына қарай түрлене
береді. Шалдың: Бауырым, түгеншежан, айыршы! дегені жалынышты үнмен
оқылса, Әумесер, ақылдың жоқ, ит доңыз - деген сөздерді жекіру, ұрсу
мәнерінде, ал малайдың:
Ұрсасың неге, шалым, маған, - деді,-
Сөккендей не істедім саған? – деді,-
Жазғаным менің сені аю жаудан
Айырып алғаным ба Аман? – деді,-
Сөздері таңырқаған, шарасыздық сезіммен, сұраулық мән беріліп оқылады.
Қарға мен түлкі мысалында автор сөзі бір әуенмен оқыла келе,
түлкінің сөзі басталған кезде дауыс құбылып отырады. Кейіпкерлердің
мінез-құлқы мен автордың сөз қолдауына қарай, дауыс ырғағының құбылуы
балалардың ынтасын арттырып, мысалдың кейбір жолдарын бір-екі
оқығанда-ақ жаттап алуларына жағдай жасайды.
Өлеңдерді оқыту. Бастауыш сынып оқулықтарында берілген өлеңдер алуан
түрлі: кейбір өлеңдер белгілі бір оқиғаға құрылса, (мысалы, Джон- негр
баласы) қайсыбірі табиғат құбылыстары жайлы (Күз, Жазғы дала, Жазғытұрым
т.б.с.с), ал енді бір тобы автордың көңіл күйін, асқақ ойын
білдіреді. Мысалы, Алтын заң өлеңінде Жамбыл:
Ал бүгін, міне, жарқырап,
Нұрын шашты алтын заң.
Заң болғанда қандай заң,
Көрмеген бұрын ешбір жан...
Деп, Советтік Конституция бойынша қабылданған заңды ардақтай, оған
деген өзінің асқақ сезімі мен қуанышын білдірсе, онан әрі осы заңның
ерекшеліктері мен артықшылықтарын метафора мен эпитет ерқылы (Бұлбұл
үнің бұлақтай...Жорғалап келсе, сұр жылан...) бейнелеп көрсетеді. Т.
Жароковтың, Б.Майлиннің, І.Жансүгіровтың осы типтес талай өлеңдерін
айтуға болады.
Мұндай өлеңдердің оқылуында олардың табиғатына сай, ерекшеліктер
кездеседі.Өлеңдерді оқу тәртібін шамамен былайша көрсетуге болады:
1. Өлең оқылмас бұрын оның мазмұнына қарай, оқушыламен әңгіме
өткізіледі. Бұл әңгімеде өлең ішінде кездесетін, оқушылардың ұғымына
ауырлық келтіреді-ау деген, бірен-саран бейнелісөздер мен сөз
тіркестерінің мағынасы түсіндіріледі.
2.Өлеңді ыврғағына келтіріп, мәнерлі түрде алдымен мұғалімнің өзі
оқып шығады. Оқу барысында балалар кітаптарын жауып, тыңдап отырады.
3.Оқушылар өлеңге әуелі іштерінен көз жүгіртіп өтеді де, сонан
кейін оны дауыстап оқиды.
4. Өлең мазмұны талданады. Кейбір көлемдірек өлең бөлім-бөлімге
бөлініп, ал қысқа өлеңдер тұтас талданады.
5. Өлеңнің мазмұны бойынша жалпы сұрақ қойылады.
6. Өлеңді екінші реет, қорытындылау мақсатында, оқуға дайындық
жұмысы жүргізіледі: Оқу техникасы (шапшаң, жай), дауыс сазы, хормен оқу,
жеке оқушыға оқыту т.б. жұмыстар.
Жас жеткіншектерді баулып, тәрбиелеуде балалар әдебиетінің ролі
ұшан теңіз. Ол жаңа өскін балауса буынның сана сезімін оятып, ақыл-
есін дамытатын, адамгершілік моральға тәрбиелейтін өмір оқулығы.Мектеп
жасына дейінгі бүлдіршіндерді өздерінің ойына, бойына шақ әдеби
мұралармен сусындатып, тәрбиелеу мен оқытуды балабақша тәрбиешілері
өздерінің алдындағы ең үлкен міндет деп ұғуы керек. Ертегі, әңгімені, өлең-
тақпақтар мен жаңылтпаштарды, сондай-ақ мақал- мәтелдер мен жұмбақтарды
мәнерлеп оқып беру мен оны әсерлеп айту – тек қана олардың сөздік қоры
мен сөздік құрамын байытып қана қоймайды, сонымен қатар сәбидің ақыл-
ойының жетілуіне әсерін тигізеді. Баланың әдепті, көргенді болып өсуіне
ықпалы өлшеусіз, баланың Отанын, өз ұлтын, өз жерін, сүюі оны қадірлей
білуі ауыз әдебиеті мен көркем әдебиеттің әсері деп білеміз. Өйткені
бала кітаптағы жағымды кейіпкерлерге еліктеп, ер атанғысы келіп,
ерлікке, еңбекке құлшынып өседі.
Халқымыздың ауыз әдебиеті, ертегілер мен аңыздар балалардың ең
сүйіп, қызығып тыңдайтын дүниесі. Халықтық шығармалармен мектеп жасына
дейінгі балалар ата-аналарының айтуы, оқып беруі бойынша отбасында
әуелден-ақ таныса бастайды. Бесік жыры, хайуанаттар айтысы, ертегілер,
жұмбақтар, өтірік өлеңдер бәрі де балаларды қызықтырып, оларды мәз-
мейрам қуанышқа кенелтеді. Ежелгі қазақ әдебиеті өкілдерінің
балаларға қалдырған әдеби мұралары, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың
өлең, әңгімелері осы күнге дейін тәрбиелеу мен оқытуға, ғылым жолын
танытып, өнер-білімге баулуда қастерлі қасиетін еш жойған
жоқ.Жамбылдың, С.Сейфуллиннің, І.Жансүгіровтың, Б.Майлиннің, С.Мұқановтың,
С.Бегалиннің сондай-ақ көптеген жас жазушыларымыздың балалар сүйсінерлік,
қызығып тыңдарлық жақсы шығармалары бар. Мұның бәрі жеткіншек ұрпақты
тәрбиелеуде баға жеткісіз қазына. Әрбір тәрбиеші соларды іздестіре оқып,
термелеп жинап жүрсе, өз жұмысына өте-мөте демеуші денекер таппақ.
Біздің мемлекетіміз көп ұлтты болғандықтан мектеп жасына дейінгі
балаларды кейбір аударма шығармалармен таныстырып отыруды мұқият
ескермесе болмайды. Мәселен, біз К.Ушинскийдің Төрт тілек, Бүркіт пен
мысық, Л.Толстойдың Бәрінен де жақсы, И.Крыловтың Шегіртке мен
тағы басқа шығармаларды күнделікті жұмыста жиі пайдаланамыз. Осындай
әңгімелер мен өлең тақпақтарды оқи отырып, біз жас жеткіншектерімізді
достыққа баулимыз, тәрбиелейміз әрі оқытамыз.Мысал келтіре кетейін.
Айталық, Бір қазан сүт деген өлеңді былайша әңгімелеуімізге болады.
Бір күні ақ әже бір қазан сүт пісіріп, суыиуға үйдің іргесіне
қояды. Енді бір уақытта қараса қазанда сүт те, тіпті, қаспағы да
қалмапты деп өлеңді әңгімелей бастайды. Ары қарай не болар екен? –
деген оймен ауыздарын отырған бөбектер: Тәте, - сонда сүт төгіліп
қап па? – дегендей тамаша сұрақтарды кезек-кезек қойып, одан бетер
ынтыға түседі.
Тәрбиеші асықпай төгілген де жоқ, ешкім де ішкен жоқ! деп
балаларға тағы біраз қарайды. Енді осы кезде: - Төгілмесе, ешкім ішпесе,
бір қазан сүт қайда кеткен? - деген таңқаларлық сұрақтар да түседі. Сол
кезде тәрбиеші былай болыпты - деп:
Көбелек келіп күмп етіп,
Көбігін ішіп ол кетті.
Жапалақ келіп жалп етіп,
Жарымын ішіп ол кетті.
Қарға келіп қарқ етіп,
Қалғанын ішіп ол кетті .
Сауысқан келіп саңқ етіп,
Қырғауыл келіп қиқу сап,
Қырналап же пол кетті – деп термелей жөнеледі.
Айтып болған соң балаларға бақылай қарайды. Оқиғаның қалай
болғанын, сүттің қайда кеткенін білген балалар мез-мейрам болады.
Балалар осы өлеңнен кейін бірталай құстардың аттарын және қ,ғ
дыбыстарын дұрыс айтуға икемделеді.
Міне, осының өзі тәрбие әрі оқыту. Өнер алды қызыл тіл демекші
халықтық шығармаларды балаға сәби кезден тыңдату, жатқа айтқызу арқылы
балалардың сөздік қорын байытуға болады. Сонымен қатар сөйлей алу
қабілетін арттыруға да бірден бір көмегінің тиері анық.
Бұлардың бәрі екінші сәбилер тобынан бастап, естиярлар, ересектер,
мектепке даярлық топтарын қамтиды.Ал ең кішкентай сәбилер тобындағы
балаларды қалай оқытып, тәрбиелейміз деген ой тууы сөзсіз.
Сондықтан сәбилік шаққа сәл тоқталайын: Өмірінің алғашқы
жылдарында бала әдемі түрлі-түсті бояулармен салынған суреттерге,
картиналарға қызығады. Соның ішінде өздеріне таныс заттардың, мысалы:
мысықты көрдік делік. Суреттегі мысықты балалар көріп тұрып, өздері айта
алатын жеке сөздерді қолданып мәз болады. Осы картинаны қарау, әңгіме
өткізу арқылы сәбилік шқта бақылауды дамыту ойлау процесін кеңейту,
тілін дамыту сияқты үш түрлі мақсатты қарастырады. Орыс тілінде
мынандай өлең жолдары бар.
Мысық туралы:
Киска,киска
Киска, брысь!
На дорожку
Не божись!
Пеш түбінде мысық отыр,
Аздап көзін қысып отыр.
Тышқан етін жегісі кеп,
Тісі оның қышып отыр.
Бұл өлеңді үйретудегі мақсат: өлеңің әуендік жағын, кейбір жеке
сөздерді айтқызу, сондай-ақ өлеңнің мазмұнына сай ойын қимылдарын
жасау (мысық қалай жүреді, қалай тамақ ішеді, жуынады) т.б.Әрине өлең
бірнеше реет қайталанады. Ойынмен жалғастырыла отырып, кейбір сөздерді
сәбилер тәрбиешімен бірге қайталайды. Міне, біз өз жұмысымызға осындай
методикалық әдіс-тәсілдерді жиі пайдаланамыз.
Қазіргі қоғамның даму бағыты бүкіл оқу-ағарту жұмысының алдына жас
жеткіншектердің ақыл-ойын, білім деңгейін Жан-жақты дамыту мәселесін
жүктеп отыр. Себебі егеменді еліміздің ертеңі жас балғынның болашақ
білім дәрежесінің тереңдігімен өлшенеді.
Тәрбие мен білім беру жүйесінің бастапқы буыны балабақша
болғандықтан, балаларға берілетін алғашқы білім нәрі де осы
табалдырықтан басталады. Ол балабақшаның оқыту және тәрбие
бағдарламасында көрсетілгендей, баланың м өзін қоршаған ортамен,
табиғатпен, оның құбылыстарымен таныстырудан тұрады.Бағдарламада табиғат
жайында берілетін ұғым мазмұны жыл мезгілінің аусуына қарай
топтастырылған. Мұндағы мақсат- Баланы өздерін қоршаған табиғатпен
таныстыра отырып, ақыл-ойын дамыту, тіл байлығын жетілдіру. Н.Виноградова
өз зерттеуінде табиғатпен таныстыру арқылы баланың ақыл-ойын дамыту
мәселесіне өте үлкен мән Берген. Бала тілінің жетілгендігі ақыл-
ойдың даму нәтижесінен туындайды және тіл мен ойдың өзара байланыста
жүретіндігін дәлелдеген. Мектеп жасына дейінгі баланың ойының және
тілінің дамуы қоршаған ортаны, табиғатты қабылдауына байланысты. Н.
Поддьяковтың психологиялық зерттеуінде баланың көрнекі бейнелік
ойының дамуы заттар мен табиғи құбылыстарды тікелей ұстау, сезіну,
көру әрекетіне байланысты екенігін көрсеткен. Себебі жас баланың
психологиялық ерекшелігі олардың ақыл-ой нақты заттарды тікелей көру
арқылы, онымен күнделікті қарым-қатынас жасап бетпе-бет кездесу
барысында және басты-басты ерекшеліктерін сезіну, қабылдау нәтижесінде
дамиды. Бала тікелей көзбен көріп сезген объектілерін қабылдайды. Олай
болса баланың сәби жасынан бастап кездестіріп қабылдайды. Олай болса
баланың сәби жасынан бастап кездестіріп сезіне білетін, оған
байқатуға, көрсетуге ыңғайлы да тиімді табиғат объектілері және
құбылыстары .Ал табиғаттың басты-басты құбылыстары жыл мезгіліне
байланысты бірден көзге түседі. Бұл құбылыстар балаға айналаны
бақылауға, зерттеп байқауға мүмкіндік береді.
Кейде мектеп жасына дейінгі балалар өзін қоршаған табиғат
тамашаларын бақылап, түсінгісі келеді. Бала алғаш жауған қарға алақаның
тосып, аузына салып, дәмін татып көреді. Қардың қалай қайдан пайда
болғаны, неге еритіні және тағы басқа жәйттер сәбиді қызықтырады. Міне
осының бәрі бала табиғатына тән қасиет. Бірақ оның үлкендердің
басшылығынсыз өздігінен игерген білімі мен түсініктері жүйесіз, таяз
болады. Сол себептен балабақшаның оқыту тәрбие бағдарламасында балаларды
сәби жасынан бастап табиғатпен таныстыру көзделген. Баланың ақыл-ойы
мен тілін дамыту мақсатын негізге ала отырып, табиғатпен таныстыру
кезінде әр түрлі әдіс-тәсілдермен саяхат сабақ, еңбек, бақылау, серуен
жұмыстары ұйымдастырылады. Бірақ оны таңдап алу оқу-тәрбие жұмысының
мақсатына, бағдарлама талабына, балалардың жас ерекшеліктері мен
табиғат жағдайының маусымдық өзгешелігіне байланысты. Мысалы, ересектер
тобының бүлдіршіндерін өлі табиғатпен таныстыруда мынадай міндет
қойылған: табиғатта заттардың бір қалыптан екінші қалыпқа өзгеретінін
байқатып, оның себебін түсіндіру, аязда су мұзға, жылы кезде мұз сұға,
су бұға, керісінше бу суға айналатының білдіру, бақылату.
Балаларды мұзбен, оның қасиеттерімен таныстыру сабағы қыстың күні,
серуен кезінде болуы керек.
Тәрбиеші мұз туралы балалардың ой-түсінігін сұрап біліп оларға
мұздың қатты суық, түсі көгілдір және оны жеуге болмайтынын, сондай-ақ
оған ұқсас заттың жоқ екендігін айтады. Серуеннен кейін тәрбиеші
балалардың бөлмеге алып келген мұздарын құтыға салып қояды. Бұл
алдағы өтетін Мұздың қасиетімен таныстыру тақырыбына арналған сабаққа
дайындық кезеңі.
Сабақты өткізу үшін көрсету түсіндіру, қарапайым тәжірибе жасау
балалармен жекеше жұмыс, сабақты талдау, қорытындылау сияқты әдіс-
тәсілдер қолданылады. Бірнеше түйір мұз, құты, стакан, темір табақша, пеш
және сурет қажетті құрал жабдықтар ретінде пайдаланылады.
Тәрбиеші балалардан мұз жайлы, оның түсі, исі, дәмі туралы сұрақ
қоя отырып, оларды әңгімеге тартады. Содан соң Ал қазір біз мұздың
басқа да қасиеттерімен танысамыз дей келіп, құтыға алдын-ала әкеліп
салынып қойылған мұздың ерігенін көрсетеді. Балаларға құтыдағы суды
көрсетіп, мұздың неге суға айналғанына жауап іздеп көреді. Далада мұз
еріген жоқ еді ғой?. Балалардың жауабын себебі бөлме жылы, ал дала
суық, демек мұз жылы жерде еріп, суға айналады екен деп өзі толықтырады.
Бұдан соң Суға қараңдаршы ол қандай зат? Мұздан айырмашылығы бар ма? -
деген сауал қояды. Сұраққа жауап алғаннан кейін тәрбиеші балалардың
назарын аударып, құтыдағы судың жартысын темір табақшаға құяды да, оны
пеш үстіне қойып қайнатады.Қайнаған табақшадан шығып жатқан нәрсенің бу
деп аталатынын айтып балаларға бу сөзін екі-үш реет қайталатады. Будың
мұз сияқты қатты да, сұйық та емес, буалдыр, кейде көзге көрінбей, ауамен
ұшып кететінін түсіндіреді. Тәрбиеші балаларға Бу мұзға немесе суға
ұқсайма?, Су бізге не үшін керек? -деген сұрақтар қоя отырып, өз
ойларын жеткізе білуге баулиды. Балалар суды ішеміз, тамақ даярлаймыз.
Біздің тазалығымыз үшін керек, жуынамыз, ойыншықтарысызды жүздіріп, су
шашып ойнаймыз деп өз түсініктерін білдіреді. Судың қалай пайда
болатынын білесіңдер ме? Егер көктемде байқасаңдар қар ериді, ол суға
айналады, ал су күннің қызуымен буға айналып, аспанға ұшып кетеді.
Одан бұлт пайда болады, бұлттағы бу суға айналып жерге жаңбыр болып
жауады деп, балалардың әңгімесін толықтырады.
Осыдан кейін тақтаға мұздың суға, судың буға, будан бұлт
түзіліп, жаңбырдың жауып тұрғанын бейнелейтін сурет іліп сабақты
қорытындылайды.
Сабақты аяқтай келе тәрбиеші қосымша сұрақтар қойып, балалардың
әңгімесін толықтырып, қорытындылайды. Осыдан кейін жұмыс сурет
сабағымен жалғастырылады, балалар Жау,жау,жаңбыр тақырыбына сурет
салады.
Бұл балалар мен жүргізілетін көп сабақтың бірі ғана, ал шын
мәнінде балалардың ойын дамытып, тілін жетілдіруде табиғаттың сан
алуан құбылыстарының алатын орны зор. Табиғатты бақылау арқылы баланың
қызығушылығы артып, оның құмын, суын, жәндігін, өсімдігі мен
жануарларын көзбен көріп, қолмен ұстайды.Мақсатты түрде
ұйымдастырылған жүйелі педагогикалық процесс кезінде ғана баланың
қабылдауын, ойын, тілін дамытуға болады. Бұл баланы мектепке
даярлауда да қойылатын талаптардың бірі.

1.2 Көркем әдебиеттердің табиғатты таныстыру сабағында
бала
танымы мен тілін дамытудағы ролі
Көркем әдебиет шығармалары балалар алдына адамға тән сезімдер
дүниесін ашып, жеке адамға, кейіпкердің жа дүниесіне қызығушылық
тудырады.
Көркем шығарма кейіпкерлерімен бірге қуану-қайғыруды үйрене
отырып, балалар өзінің төңірегіндегілердің, жақын адамдарының көңіл
күйін байқай бастайды.Бұл- принципшілдік, адалдық, нағыз, азаматтық
қасиеттердің қалыптасу негізі. Сезім- білімге жол ашушы, шындықты
сезбеген адам оны түсінбейді және оны Тани білмейді де,- деген болатын
В.Г.Белинский.
Баланың сезімі тәрбиеші таныстырған шығарманың тілін түсініп, оны
ұғу процесінде дамиды. Көркемшығарма сөзі балаға ана тілінің әдемілігін
түсінуге көмектеседі, қоршаған ортаны эстетика тұрғысынан қабылдауға,
сонымен бірге этикалық (адамгершілік) түсінігінің қалыптасуына
көмектеседі.
Баланың көркем әдебиетпен таныстығы халық шығармашылығының ең
кішкене түрлері- тақпақ, өлең, халық ертегілерінен басталады.Асқан
адамгершілік, барынша дәл рухани бағыттылық, өткір мысқыл, тілінің
көркемдігі – шағын көлемдегі фольклордық шығармалардың ерекшеліктері.
Бұдан кейін сәбиге авторы бар ертегілер, өлеңдер, әңгімелер оқылады.
Балалардың сөйлеу тіліне үйретуде ең үздік оқытушы – халық.
Халықтың шығарма тіліндегі басқа шығармалардың ешқайсысында
кедеспетін, естілуі жөнінен бір-біріне ұқсас, ажыратып айтуға қиын
сөздердің тамаша орналастыруының өзі балалар ұғымына өте жеңіл
тиеді.Сондай-ақ жеңіл қалжыңды тақпақтар, жаңылтпаштар, жұмбақтар –
педагоикалық әсер берудің ең тиімді құралы, жалқаулық, қорқақтық,
эгоистік сияқты жағымсыз қылықтарға қарсы жақсы деру.
Ертегілер дүниесіне сапар шегу балалардың қиялдау, елестету, тіпті
өздері ойдан шығару қабілетін дамытады.Әдебиеттің ең озық үлгілерінен
адамгершілік рухында тәрбие алған балалар өздері шығарған ертегілер
мен әңгімелерде де өздерін әділетті көрсетіп әлсіздер мен
жәбірленгендерді қорғап, жауыздарды жазалауға тырысады.
Эстетикалық, әсіресе адамгершілік (этикалық) жайындағы түсінікті
балалар тәрбиешілердің оқылған шығармалар бойынша айтқан ақыл-ой
пікірлерінен емес, нақ осы көркем шығарманың өзінен алуға тиіс.
Педагог оқылған шығармалардан орынды-орынсыз моральдандыра беру
үлкен, көбіне түзетуге келмейтін зиян келтіретінін есіне сақтауы
тиіс. Көптеген сұрақтар қоюмен бөлшектеніп кеткен шығарма балалардың
көз алдына барлық әсемдігін жояды, оған ынта кемиді. Көркем текстің
тәрбиелік мәніне толық сеніммен қарау керек.
Сөздің пәрменділігі туралы К.Д.Ушинский былай деп жазған болатын:
Бала ана тілін үйрене отырып, шартты дыбыстарды ғана үйреніп
қоймайды, сонымен қатар ана тілінің қайнар бұлағынан рухани тіршілік
пен күш алады. Анна тілі оған табиғатты түсіндіреді, ал мұндай
дәрежеде бірде-бір жаратылыс зерттеуші түсіндіре алмас еді; анна тілі
Баланы төңірегіндегі адамдардың мінез-құлқымен, өзі өмір сүріп отырған
қоғаммен, оның тарихымен және алға ұмтылыстарымен таныстырады, ал
мұндай дәрежеде бірде-бір эстетик істей алмас еді: ақырында, ол бірде-
бір философ балаға айтып жеткізе алмайтын логикалық түсініктер мен
философиялық көзқарастарды бере алады. Ұлы педагогтың бұл айтқан
сөзіне ана тілін үйренуден шығатын нәтиже ғана емес, оны оқып
үйренудің әдістері де көрсетілген: бұл көп нәрсеге үйретіп қана қоймай,
сонымен бірге, сонны аса жеңіл әлдеқандай әдіс арқылы оп-оңай
үйрететін тіл-ұстазға деген сенім.
Сонымен, берілген көркем шығарманың тілін меңгеруге көмектесе
отырып, тәрбиеші балаларға тәрбие беру міндетін де орындайды.
Мектеп жасына дейінгі баланың дүниетанымын, ой өрісін кеңейтіп,
сөздік қорын байыту, эстетикалық талғамын арттырып, адамгершілікке баулу
ісінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше.
Әрине, мектеп жасына дейінгі сәбилер әдеби шығармаларды
тәрбиешінің мәнерлеп оқып беруі бойынша ғана сөз сырын санасына
ұялатады.
Ертегі, шағын әңгіме, өлең, мақал-мәтел, жұмбақ сияқты балаларға
лайықты көркемсөз жанрларының ежелден-ақ тәрбие ісінде зор
көмекші екені белгілі. Балабақшада тәрбиеленбеген, әлі мектеп жасына
жетпеген ауылдық жерлердің сәбилері кішкентай күнінен өз әже-аталары
мен әке шешелерінен естіген халық ауыз әдебиеті нұсқаларынан нәр алып
өседі. Мұндай шығармаларды сәбилер қызыға тыңдайды, жылдам жаттап
алады.Мысалы: Торғай, Бақа-бақа, балпақ, Қарғалар, Санамақ, т.б.
сияқты халықты өлеңдері ойнақы тілімен, қайталама сөзімен, музыкалық
үнімен бөбектерді баурап, сөз өрнегіне баулиды.
Сол себепті де Балабақшада оқыту жәнетәрбиелеу бағдарламасында 2-ден
6 жасқа дейінгі балаларға әдеби шығармаларды оқу, тіл дамыту жұмысы
үшін арнайы бөлім, 2-ден 3жасқа дейінгі балаларға халық ауыз әдебиеті
үлгілерінен Бесік жыры сияқты ойнақты өлеңдер, санамақтар берілді.
Көркем шығармаларды тыңдауға бала сәби кезіне-ақ
құмартып,қызығады. Қысқа ертегі, өлең оқып берсе, тез жаттап алады.
Жаттау арқылы оның тілі жетіледі.Әдеби кейіпкерлердің жақсы ісіне
сүйсінеді, жаманынан жиренеді, бойын қорқыныш билейді. Сәбилерде жақсы
және жаман іс-әрекет жөнінде түсінік пайда болады.
Сөйлеу тілі жетіле түседі. Ал тілінің дамуы – баланың бойында
қабылдай, ести білу сияқты психологиялық процестердің бірте-бірте
қалыптасуына негіз болады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға әдеби шығармаларды оқып беру
жұмысын жоспарлағанда шығармалар негізінен, үш салаға бөлінеді:
1) ауыз әдебиеті нұсқалары;
2) классик жазушылардың шығармалары;
3) совет жазушыларының шығармалар;
Осы саладағы шығармалар тәрбиешіге арналған бағдарламалық
метериалда нақты жүйеге бөліп берілген.
Әдеби шығармаларды оқу мен сабақты жоспарлауда мына жағдайларды
өте муқият ескеру керек:
Біріншіден әрбір шығарманы оқып берерде баланың жас ерекшелігі
осыған байланысты тәрбие ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепалды даярлық тобында өткізілетін оқиғалы рөлді ойындар
Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатпен таныстыру әдістерінің негізгі сипаттамасы
Мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбиелеудің формалары мен әдістері
Баланың бірінші әрекеті - ойын
Байланыстырып сөйлеуді дамыту
Бала бақшаның жер учаскесінің көгалдандырылуы
Ересек топтағы балаларды өсімдіктермен таныстыру негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы
Мектепалды даярлық топта оқиғалы - рөлді ойындарды ұйымдастыру мен өткізу
Балаларды табиғатпен таныстыруда бақылау және эксперимент жасау әдіс- тәсілдері
Пәндер