ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАР БАСҚАРУДЫҢДЫ ЖЕТІЛДІРУ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І. ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАР БАСҚАРУДЫҢДЫ ЖЕТІЛДІРУ
- Өндірістік шығындар түсінігі, жіктелуі
- Өнімнің өзіндік құны түсінігі, экономикалық мәні
1. 3 Басқарудың сипаттамасы және өндіріс шығындарының есеп
саясатында қаралуы
ІІ. ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАРДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЕСЕПТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2. 1 Өнімнің өзіндік құнын талдау
2. 2 Өндірістік шығындарды азайту көздерін анықтау әдістемесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Бүгінгі нарықтық экономиканың жағдайында бухгалтерлік есепті жүргізу басқарудың жүйесінің ең маңызды және міндетті шарты болып табылады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» жөніндегі заңға сәйкес барлық шаруашылық ұйымдары бухгалтерлік есеп жүргізуге және қаржылық есептілікті тиісті ұйымдарға ұсынуға міндетті. Оның ішінде ірі бизнес өкілдері үшін Халықарылық қаржылық есептілікке сәйкес есеп жүргізу мен есептілікті құрастыру міндеттелсе, орта және кіші бизнес өкілдері үшін Ұлттық бухгалтерлік есеп стандарттары бойынша есеп жүргізу міндеттелген.
Бухгалтерлік есеп өндірістің жағдайын, экономикалық тиімділігін анықтап, негізгі міндеттерін нақты сипаттайтын бірден -бір ақпараттық жүйе. Қазіргі қалыптасқан дағдарыстық экономикалық қатынастар жағдайында Елбасымыздың халқымызға Жолдауының бағыттарын ұстанып, өндірістік салада өндіретін өнім түрлеріне зор мән бере отырып, өндіруге кеткен шығындардың ауқымынын неғұрлым азайтып және өзіндік құнды дұрыс әрі дәл анықтау міндетті шарт болып отыр.
Осы мәселеге орай ұйымдарда өндірістік шығындарды есептеу жолдарын дұрыс жүйеге келтіре отырып, өндірістің шаруашылық қызметін басқарудыңдың заңдылықтары сақталған жағдайда халық шаруашылығының өркендеуіне жол береді.
Нарықтық экономиканың нағыз шарықтап келе жатқан шағында күрделі экономикалық механизмді басқарудың өндірістегі дәл, әрі нақты жүргізілген есеп арқылы ғана жүзеге асуы тиіс.
Ішкі шаруашылық есептеулерде ең басты рөлді бухгалтерлік есеп атқарады, өйткені, жоспарлау және мөлшерлеу - бір ғана қолданатын дискретті үрдістер, ал ішкі шаруашылық есеп үзіліссіз және тұрақты, осы жүйедегі кері байланыс элементі ретінде көрініс тапты.
Пайда табу ұйымды басқарудың жұмыстарының тиімділігіне, өндірісті нақты ұйымдастыруға, ресурстарды үнемдеу саясатының жүргізілуіне одан ары тәуелді бола бастады. Ол ұйымдағы бухгалтерлік есептің барлық жүйесін қайта құруды талап етті.
Бухгалтерлік есептің бәсекелестік экономикаға, сыртқы тұтынушыларға неғұрлым ақпаратты көбірек беруге, сонымен қатар коммерциялық құпияны сақтауға сай келу қажеттілігі басқарудың бұрынғы біртұтас бухгалтериясын жеке екі бөлікке - қаржылық және калькуляциялық бөлікке бөлуге итермелейді.
Нарықтық экономика жағдайында осы мәселе өзекті болып тұрғандықтан диплом жұмысында өнімнің өзіндік құнын анықтау және калькуляциялау әдістеріне терең мән берілген. Ұйымдар өздерінің есеп саясатында пайдаланылатын ең тиімді өзіндік құнды калькуляциялау тәсілін таңдап көрсетуі қажет.
Бүгінгі күнгі экономикалық қатынастарда дағдарыстың қалыптасуы, жалпы экономикалық жағдайдың күрт нашарлап кетуі ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген сұранысты арттырып отыр. Ауыл шаруашылық өнімдері қандай жағдайда болмасын бірінші кезекте қанағаттандырылуға тиісті қажеттілік болғандықтан, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін ұйымдар қызметіне баса назар аударылуда. Халықтың сатып алу қабілеті біршама төмендеуіне байланысты ауыл шаруашылығының өнімдерінің де бағасын реттеу қажет болуда. Сол себепті бүгінгі қатынастар жағдайында өнімнің құнын дұрыс анықтау, ол үшін ең тиімді тәсілді пайдалану мәселесі өзекті тақырып саналады. Басқарудың алатын табысының мөлшері өндірілген өнімнің өзіндік құнына тәуелді.
Кеңес үкіметі кезеңінде орталықтандырылған Мемлекеттік баға белгілеу жағдайында өнімдердің толық өзіндік құнының есебі үстеме шығындарды өнім түрлері арасында бөліп тарату арқылы жүргізілген болатын. Қазіргі кездегі әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы шаруашылық бірліктерінің бөлініп шығуы басқарудың есебіне деген қажеттілікті арттырып отыр. Соған сәйкес ұйымдардың бухгалтерлік есеп жүйесі қаржылық және басқарудыңшылық есеп түрлеріне бөлінген. Өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау - басқарудың басқарудыңды маңызды бір бөлігі. Өндірілген өнім бірлігінің өзіндік құны көптеген басқарудың шешімдерін қабылдауға негіз болады, оның ішінде:
- қай өнім өндірісін тоқтату немесе жалғастыру;
- құрастырушы бөлшектерді, бұйымдарды өндіру немесе сатып алу;
- өнімге қандай баға белгілеу;
- жаңа жабдықтар сатып алу;
- өндірістің технологиясы мен ұйымдастырылуына өзгерістер енгізу.
Осы жоғарыда аталған жағдайлар зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтайды. Орындалып отырған диплом жұмысының негізгі мақсаты өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың теориялық және практикалық сұрақтарын зерттеу болып табылады.
І. ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАР БАСҚАРУДЫҢДЫ ЖЕТІЛДІРУ
- Өндірістік шығындар түсінігі, жіктелуі
Кез келген өнімді (жұмыс, қызмет) өндіру белгілі бір шығындармен байланысты .
Әдетте, шығындар деп белгілі-бір тауарлар мен қызметтер үшін төленген, яғни, жұмсалынған ресурстар немесе ақша қаражаттарын түсінеміз. Шығындар - есепті кезеңдегі активтердің кемуі немесе капиталдың кемуіне әкелетін міндеттемелердің пайда болуы түріндегі экономикалық пайданың азаюы. (заң)
Ақшалай формадағы субъект шығынына өнімнің өзіндік құны жатады.
Өзіндік шығындарды дұрыс ұйымдастыру үшін оның ғылыми-негізделген жіктелімі аса қажет. Халықаралық қаржылық есептіліктің №2 «Қорлар» стандарты сәйкес шығындардың жіктелуін келесі кестеден көреміз.
1 кесте
Топтық белгілеріне қарай шығындардың жіктелуі*
- негізгі
- үстеме
- тікелей
- жанама
- бір элементі
- кешенді
- өзгермелі
- тұрақты
- ағымдық
- біруақыттық
- өндірістік
- әкімшіліктік
- коммерциялық
- өндірілетін
- өндірілмейтін
- реттелетін
- реттелмейтін
- жалпы
- орташа
- өнімге
- кезеңге
*Дерек көзі: Шеремет А. Д. Управленческий учет:Учебное пособие. М. :ФБК-ПРЕСС, 1999. -33бет
Кестеден калькуляция туралы жеткілікті ақпарат алу, өндірілген өнімді бағалау, эконоикалық шешімдерді қабылдау, жоспарлау, бақылау және реттеу осы шығын жіктеулерінің көмегімен жүргізілетінін көреміз:
1. Өндірілген өнімді калькуляциялау және бағалау үшін шығындарды топтастыру:
- негізгі - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты.
- үстеме - өндірісті ұйымдастыруда, қызмет көрсету мен басқарудың барысында пайда болады;
- тікелей - өнімнің нақты бір түрін өндірумен байланысты және оның өзіндік құнына тікелей қосылады;
- жанама - жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына тікелей емес, жанама (шартты) бөлінеді;
- кірістік (болашақта табыс әкелетін ресурстарға ие болу және оның қолда бар болуы) ;
- біткен (шығынға кеткен материалдар) .
2. Шешім қабылдау және жоспарлау үшін шығындарды топтастыру:
- айнымалы, өзгермелі - оның көлемі өндіріс көлеміне қарай үйлесімді (пропорционально) өзгереді;
- тұрақты - өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне тәуелді емес;
- қайтарылмайтын - өткен кезеңнің табысы мен шығыны;
- міндеттік (вмененные) - ресурстар шектеулі болған жағдайда пайда болады және оны болашақта пайдалану мүмкіндігін сипаттайды;
- айыптық (өсетін) - қандайда бір өнім партиясын дайындауда қосымша пайда болады (өнім өндірісін жеделдету үшін сыйлық ақы төлеу) ;
- маржиналдық (шектеулі) - қосымша шығындар, бірақ есепте өнім бірлігіне келеді;
- релеванттық - тапырыстардың (заказ) сақталуы мен орындалуына байланысты.
3. Шығындарды басқарудың мақсатында бақылау және реттеу процесін жүзеге асыру үшін шығындарды топтастыру:
- реттелетін;
- реттелмейтін;
- тиімді (өндірімді, өнімді) ;
- тиімісіз (өндірімді емес) ;
- бақыланатын;
- бақыланбайтын.
Сонымен қатар, шығындар мыналарға жіктеледі:
- Пайда болу орны бойынша - өндіріс, цех, учаске, құрылымдық бөлімше. Мұндай жіктеу өндірістік өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін аса қажет.
- Өнім (жұмыс, қызмет) түрлері бойынша - оның өзіндік құндарын есептеу үшін керек.
- Шығын түрлері бойынша немесе өнімнің өзіндік құнына көшіру тәсілі бойынша - экономикалық элементтер бойынша және калькуляциялау баптарымен [3] .
Экономикалық элементтері бойынша - өнім өндіру үшін қандай шығын кеткенін көрсетеді. Эконмикалық элементтер ретінде анықталған:
- материалдық шығындар;
- еңбекақы шығындары;
- аударым;
- құралдың тозуы;
- басқадай шығындар;
Калькуляция баптары бойынша - өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнын есептеу үшін пайдаланылады:
- материалдар;
- еңбек ақы;
- аударымдар;
- үстеме шығындар.
Экономикалық элемент және баптар бойынша шығындарды топтастыру өзара байланысты, өйткені олар құрамы (элементі) және мақсатты бағытталуы (калькуляция бабы) бойынша субъектінің бір ғана шығындарын сипатайтынын айта кету керек. Бұл ақпарат есебінде шаруашылық жүргізуші субъектінің тұтас шығынын өнім (жұмыс, қызмет) түрлері бойынша, калькуляциялу баптарымен шығынның пайда болу орнына қарай бөлшектеп, элементік қимада қалыптастыруға мүмкіндік тудырады, өнімнің өзіндік құнын әлдеқайда дұрыс есептелуіне және ұйым шығындарына бақылауды күшейтуге жағдай жасайды.
Экономикалық элемент бойынша топтастыру оның құрылымын зерделеу, өндірістік шығындар сметасын пайдалануын бақылау, жоспарлау және талдау үшін қолданылады. Бап бойынша топтастыру ұйым шығынының талдамалық есебін ұйымдастыру, калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын бақылау үшін пайдаланылады. Екі топтастыру бірін-бірі толықтырады және өнімді өндіруге кететін шығын, есептеу және өзіндік құнды талдау есебін ұтымды жүргізуге мүмкіндік тудырады.
Шығындар жіктемесінің тағы келесідей түрлері белгілі:
- ағымдағы-жиі қайталанатын кезеңдік шығын (шикізат, материалдар
шығыны) ;
- бір жолғы-демалыс төлемі, жөңдеу жүргізу және т. б. Ол сметаның
бекітуімен белгіленген тәртіпте және мерзімде өнімнің өзіндік құнына бөлек қосылады;
- өндірістік-тауарлық өнімді дайындаумен және оның өндірістік өзіндік
құнын қалыптастыруға кететін барлық шығын жатады (тауарлық өнім өз материалымен де, техникалық бақылаумен қабылданып, қоймаға өткізілген тапсырыс берушінің материалымен де шығарылатын дайын бұйымдардың құны; тараптарға босатылған өз өндірісінің жартылай дайындалған өнімнің өзіндік құны, сондай-ақ субъектінің негізгі қаражатын толтыруға бағытталған өнім) ;
- әкімшілік-жалпы басқарудыңмен байланысты шығындар және жалпы
шаруашылық, әкімшілік тағайындауындағы шығындар.
- коммерциялық(өндірістен тыс) - өнімді сатып алушыға өткізумен
байланысты шығын;
- өндірушілік(жоспарланған) -ұтымды технология мен өндірісті
ұйымдастыру арқылы өнімді белгіленген сапада өндіруге кететін шығын;
- өндірушілік емес(жоспарланбаған) -технологияның жетіспеушілігнен
және өндірістің дұрыс ұйымдастырылмауынан болатын салдар, яғни шығын (жұмыссыз бос тұрып қалудың шығыны, ақау, мерзімнен тыс еңбекақы) ;
- реттелетін-атқарушы шығын деңгейін реттейтін немесе оған елеулі
ықпал ете алады (өнім өндіруде пайдаланылатын шикізат шығыны, оны цех бақылаушысы реттейді) ;
- реттелмейтін - қызметкер оның деңейіне елеулі ықпал ете алмайтын
шығын (дайындау учаскесінің мастері кострукторлық бөлім қызметкерлерінің еңбекақысы бойынша шығынға ықпалын жүргізе алмайды) ;
- жалпы-өндірілетін өнімнің барлық көлеміне кететін шығындарды
білдіреді;
- орташа-есепте бір өнімнің бірлігіне кететін шығын;
- өнімге-өнімнің өзіндік құнына жұмсалатын шығын (тікелей шығын) ;
- кезеңге-кезең шығындары: жалпы және әкімшілік шығындары,
тауарларды сату шығындары, сыйақы бойынша шығындар (жанама шығындар) .
Бұлардың ішіндегі ең маңыздылары өнімге және кезеңге қатысты шығындар болып табылады. Оларға нақты қандай шығындарын жататынын келесі сызбалардан көреміз.
1 сурет. Өнімдерге қатысты шығындар құрамы
Бірінші сызбадан өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар тікелей шығындар, яғни, шикізаттар мен материалдар, негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбегін төлеумен байланысты шығындар жататынын көреміз. Бұлар ең алғаш өндіріске жұмсалатын болғандықтан оларды бастапқы шығындар деп те атайды. Көмекші өндірісте пайдаланылатын материалдық қорлар, жөндеу жұмыстарымен айналысатын еңбеккерлердің ақысы, коммуналдық шығыстар, өндіріс жабдықтарының амортизациясы қосылған шығындар деп аталады, бұларды басқаша маетриалдарды дайын өнімге айналдыру мақсатында жұмсалған өңдеу шығындары деп атауға болады. (УУ1)
Келесі сызба кезең шығындарының құрамын көрсетеді, өнімнің өзіндік құнына қосылмайтын, есепті кезең шығындары ретінде қаржылық нәтижеге апарылатын шығындар.
- сурет. Кезең шығындарының құрамы
Сатумен байланысты шығындарға тапсырыстарды қамтамасыз ету, дайын өнімді тасымалдап жеткізу, клиенттерге қызмет көрсетумен байланысты шығындар жатады. Оның ішіне комиссиялық төлемдер, жарнама, сауда жабдықтарының, көлік құралдарының амортизациясы, тасымалдап жеткізу мен дайын өнімді сақтау шығындары да кіреді. Әкімшілік шығындарына ұйымдағы басқарудыңдың жүзеге асырылуымен байланысты барлық шығындар жатады.
Жалпы және өнім бірлігіне қатысты шығындар әртүрлі сипатта болады. Оны келесі кесте арқылы көрсетуге болады [1] .
2 кесте
Шығындардың өндіріс көлеміне қатысты сипаттамалары*
*Дерек көзі: USAID/Pragma. Управленческий учет 1. 2005-11 бет
Енді осы кестеде келтірілген мәліметтерді графиктік тәсіл арқылы суреттеп көрсетуге болады.
Шығындар, мың теңге
Өзгермелі шығындар
300
200
Тұрақты шығындар
100
Өндіріс көлемі, мың дана
30 60 90 120
3 сурет. Шығындардың өндіріс көлеміне қатысты өзгерісі (шығын мөлшері мен өндіріс көлемі мәндері мысал ретінде шартты түрде алынған)
Осы арада, шығындардың жартылай тұрақты болатыныдығын айта кеткен жөн. Олар өндіріс көлеміне тәуелді болғанымен оған қатысты тура пропорционалды өзгермейді. Жартылай тұрақты шығындар:
- сатылы түрде өседі, яғни белгілі бір өндіріс көлеміне дейін тұрақты, ал одан кейін айнымалы болып кетеді,
- оларды есепке алуды жеңілдету мақсатында немесе тұрақты, немесе айнымалы деп алады.
Графиктік әдісті қолдана отырып жартылай тұрақты шығындар сызығын көрсетуге болады.
Өзгермелі шығындар
300
200
Тұрақты шығындар
100
Өндіріс көлемі, мың дана
50 100 150 200
4 сурет. Жартылай тұрақты шығындардың өндіріс көлеміне қатысты өзгерісі (шығын мөлшері мен өндіріс көлемі мәндері мысал ретінде шартты түрде алынған)
Екінші суреттен жартылай тұрақты шығындардың өндіріс көлемі 50 мың данаға жеткен сайын тағы да қосымша шығындарды қажет ететндігін көреіп отырмыз.
Айнымалы шығындардың жалпы сомасының өндіріс көлеміне тура пропорционалды өзгеруіне байланысты ұйым үшін өндірістік қуаттылықты анықтаудың маңызы зор. (УУ)
Өндірістік қуаты дегеніміз нақты қолда бар өндіріс ресурсатры жағдайындағы басқарудың өндірісінің мүмкін болатын ең жоғарғы шекті мөлшері. Басқаша айтқанда, бұл басқарудың осы есепті кезеңдегі өндіре алатын өнімінің көлемі.
Өндіріс көлемі басқарудың өндірістік қуатынан артып кеткен жағдайда ресурстардың, өндіруші күштердің де артық мөлшері қажет болады. Өндірістік қуатты үш түрлі сипаттауға болады:
- Теория тұрғысындағы қуаты - бұл барлық ресурстар толық тоқтамастан іске қосылған жағдайдағы жоғарғы өнім көлемі, өндірістің мүмкін болатын ең жоғарғы деңгейін анықтайды.
- Тәжірибелік қуаты - теория тұрғысындағы өндіріс қуатының мәнінен қалыпты жұмыстың тұрып қалу мөлшерін шегергенде анықталатын өндіріс көлемі. Қалыпты жағдайда тұрып қалу машиналар мен жабдықтардың аспаптарын айырбастауға, жөндеуге, жұмысшыларға арнайы үзіліс беруге байланысты орын алады. Теориялық тұрғыдағы және тәжірибелік өндіріс қуатын ұйымдар сирек қолданады.
- Қалыпты өндірістік қуаты - сатылады деп күтілетін көлемді қамтамасыз етуге қажетті орташа жылдық өндіріс көлемі. Бұл шама іскерлік белсенділіктің маусымдық ауытқуларымен түзетіліп отырады. Басқаша айтқанда, бұл өндіре алатын көлем емес, нақты өндіретін өнімнің шынайы өлшемі.
1. 2 Өнімнің өзіндік құны түсінігі, экономикалық мәні
Калькуляциялау - өнім, жұмыс және көрсетілетін қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу әдісі. Ол басқарудың жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды, өйткені ішкі резервтерді уақытылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Калькуляция өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда және оған, нарықтағы сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсетілетін қызметке негізді баға белгілеуде қолданылады.
Калькуляцияда өндірістегі өнімнің нақтылай түрін өндіру мен өткізуге, сондай-ақ жұмыс пен көрсетілетін қызмет бірліктерін (жүк тасу, жөндеу жұмыстарына және тағы басқа) орындауға ақшалай түрде шыққан шығындар жинақталып қорытылады [2] .
Қазіргі заманға экономикалық әдебиет калькуляциялауды өнімнің жеке түрлері бірліктерінің өзіндік құнын экономикалық есептеу жүйесі деп белгілейді. Калькуляция барысында өндіріске кеткен шығындар мен шыққан өнім санымен салыстырылады және өнім бірлігінің өзіндік құны белгіленеді.
Калькуляциялаудың міндеті - шығындардың оны көтеруші бірліктерге, яғни өткізуге, сондай-ақ ішкі тұтынуға арналған өнімнің (жұмыстың, қызметтің ) бірлігіне қанша болатынын есептеу.
Калькуляциялаудың түпкілікті нәтижесі - калькуляцияны ұсыну. Өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың әр түрлі түрін айқындайды.
Жоспарлы калькуляция нңбек шығындарының озық (прогрессивті мөлшері) жіне одан ары техникалық өрлеуді, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жақсартуды көрсететін өндіріс құралдары негізінде жоспарланатын кезеңге арналып жазылады.
Жоспарлы калькуляцияның бір түрі - сметалық калькуляция; оны бір рет шығатын (бірегей) бұйымға немесе жұмысқа, тапсырыс берушілермен есептесу, баға белгілеу және басқа мақсаттар үшін жасайды.
Шығындардың ағымдағы мөлшері басқарудың осы кезеңдегі жұмысының өндірістегі мүмкіндіктеріне сәйкес келеді. Және де есепті кезең барысында шығындардың ағымдағы мөлшері жоспарлы калькуляцияға негізгі салынған шығынның орташа мөлшерінен жоғары, ал есепті кезеңнің соңында - төмен болады.
Өнімнің өзіндік құнының есепті (нақты) калькуляциясы жоспарлыдан ұйымға байланысты (өндіріс бойынша жоспарды асыра орынду иен орындамау, шығындардың кей түрлерін үнемдеу немесе артық жұмсау) және оған байланысты емес (материалға бағаның өзгеруі, амортизациялық аударымның мөлшері, электр энергиясына, газға, суға және т. б. тарифтердің өзгеруі) себептері бойынша ауытқуы мүмкін нақты шығындарды көрсетеді.
Нормаға сәйкес (нормативті) калькуляциялау ағымдағы жоспарлы калькуляциялаудың бір түрі болып табылады, шығындар басқарудыңды және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормаға сәйкес тәсілдерін қолданатын ұйымдарда жасалады. Олардың негізінде шығындардың жеткен деңгейін сипаттайтын іс жүзіндегі, ағымдағы норма жатады. Ұйымдар жыл бойы ұйымдастырушы-техникалық жоспарда негізгі салынған шараларды дәйекті жүзеге асыратынын ескере отырып, нормаға сай калькуляциялау жоспарлыға қарағанда, есепті кезең ішіндегі өнім өндірісіне шыққан шығындардың шынайы деңгейін өте дәл көрсетеді [5] .
Жобалық (проектілік) алькуляциялау - келешектік калькуляцияның бір түрі, олар күрделі қаржының, жаңа техниканың және технологияның тиімділігін агықтау үшін қолданылады.
Шамаланған (провизорная) тоғыз ай немесе басқаша кезең ішіндегі нақты шығын мен алынған өнім (табыс), төртінші тоқсан немесе басқа кезең ішіндегі шығындар мен күтілетін бұл өнім бойынша есептер негізінде жасалады. Бұл калькуляциялардың мәліметтері ағымдағы жылдың өнім өндіру қорытындыларын алдын-ала анықтау үшін қолданылады.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялағанда калькуляциялық бірліктер қолданылады, олар калькуляциялау обьектісінің өлшеуіші болып саналады, әдетте, өнімнің сәйкес түріне арналған техникалық шарттарда немесе стандартттарда және заттай бейнеленетін өнім өндіру жоспарында қабылданған өлшем бірліктеріне сай келуі тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz