Сөздердің дұрыс жазылуына байланысты орфографиялық материалдар
Мазмұны
Кіріспе
1 Орфографиялық дағдыны қалыптастыру жолдары ... ...
1. Орфографияны оқытудың дидактикалық және методикалық мәселелері ... ...
2. Орфографияны оқытуда грамматикалық ереженің ролі ... ...
2 Сөздердің дұрыс жазылуына байланысты орфографиялық материалдар
... ... ..
1. Орфографиялық жаттығулар орындату ... ..
2. Жаттығу материалдарын іріктеу ... ...
3. Орфографиялық талдау ... ...
4. Оқушының өздігінен жүргізетін жұмыстары ... ...
5. Оқушылардың жазба жұмыстарындағы емлелік
қателерді түзету әдістері ... ...
3 Кейбір дыбыс құбылыстарының орфографиядағы көріністері ... ...
3.1 Фонема, дыбыс және әріп ... ...
Қорытынды ... ...
Пайдаланылган әдебиеттер тізімі ... ...
Кіріспе
Жазу әрекеті - әртүрлі ғылым өкілдерін қызықтырған күрделі мәселе.
Көптеген ғалымдар зерттеу нысандарына қарай оның ерекшеліктерін әр қырын
қарастырған. Мәселен, лингвист-ғалымдар жазу әрекетінің тілдің ара қатысын
сөз етсе, психолог жазу әрекетін жалпы ми арқылы өту үрдісін, жүру бағытын
зерттейді. Физиолог оның жұмыс істеу механизмдерін, құралдарын, қызметін
тексереді. Психолингвист жазу әрекеті іске асу үшін жұмсалатын тілдік
тұлғалардьщ санамен байланысын, сөйлеу мүшелерінің ойга қатысты қимыл
-қозғалысын дәлелдейді.
Әдіскер болса, ол осы салалардың барлық заңдылықтарын ескере отырып,
сөйлеуге үйретудің тиімді үлгілерін табуды және ұйымдастыруды жалпы сөйлеу
әрекетін жүзеге асыруды көздейді. Бұл салада ғалымдар кімді оқытатынын:
оларды неге үйрету керектігін: не үшін, не мақсатпен және калай оқыту
қажеттігін қарастырады. Тілші - әдіскерлердің ең бірінші мақсаты сапалы
оқытудың жолдарын табу, яғни қалай оқытсақ, ісіміз жақсы нәтиже береді
деген сауалға жауап іздеу. оны практикалық жағынан дәлелдеп, теориялық
тұрғыдан жүйелеп көрсету.
Зерттеу әдісі -жұмысты орындау барысында талдау,жинақтау, әңгі-
мелесу, салыстыру, байқау т.б. әдіс-тәсілдерін пайдалануға болады.
Зерттеу нысаны - балалардың қазақ тілі сабағында сауатты жазу
дағдыларын қалыптастыру.
Зерттеу мақсаты - бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін оқытуда
сауатты жазу дағдысын қалыптастыру арқылы тиянақты
білім беру, олардың ынта-жігерін арттыру, пәнге деген қызығушылығын
қалыптастыру.
Зерттеу міндеті:
- жазбаша тілін дамытудың ғылыми-теориялық негіздерін анықтау;
-жазу тілін дамытудың әдістемесін жасау.
1. ОРФОГРАФИЯЛЫҚ ДАҒДЫНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Білімді жүйелі қабылдау әрқашан белгілі бір икемділік пен дағдыға —
байланысты. Білім алуға негізделген әрекет қандай да бір икемділіктің, кей
жағдайда дағдының болуын қалайды. Оқытудағы білім мен дағды байланысының
дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін. Ол әр пәннің өзіне тән ерекшелігімен
сараланады.
Орфографиялық дағды - күрделі процесс. Ол - жазу, сөздің дыбыстық
құрамын талдай білу, грамматикалық білімге сүйене отырып орфограмманы тану,
оған лайық ережені пайдалана білу дағдыларын қамтиды. Орфограмманың
сипатына қарай бұлардан басқа көптеген жеке операциялар жүргізілуі мүмкін.
Ондай жекелеген операциялар түгелдей есепке алынып отырылады. Бірақ үнемі
олай бола бермейді. Егер оқыту барысында күрделі әрекеттер дағдыға
айналдырылуы қажет болса, онда жеке жаттығулармен шектеліп қалуға болмайды.
Осыныңы керісінше, егер оқушыға шығарма жаздыру керек болса, онда олармен
өздерінің ойын жазбаша беруіне және орфографиялық норманы сақтауына
көмектесетін жеке-жеке жаттығулар жүргізілуі тиімді.
Орфографияға байланысты жекелеген жұмыстар орындату үшін, оқушылардың
бар назары сол әрекетке аударылады, яғни жүргізілетін әрекет саналы
орындалады. Ал оқушының назары оның творчестволық еңбегін қажет ететін
басқа бір жаңа мақсатқа жетуге аударылса (мысалы, өз ойын жазбаша баяндап
беруге), онда бірінші әрекет (орфографиялық жаттығу) басты мақсат болудан
қалады да, оқушылардың бар ынтасы жаңадан қойылған екінші мақсатқа
(шығармаға) шоғырландырылады. Шығарма жазу кезінде бірінші әрекет
автоматтандырылған, оқушы жазған шығармасында орфографиялық білімі мен
дағдысы берік болғандығын байқауға болады. Егер оқушы жазған шығармасында
орфографиялық қате жіберген болса, онда бірінші әрекетке қайта оралып,
орфографиялық жаттығулар орындатуға тура келеді.
Орфографиялық сауаттылық диктант я шығарма жаздыру арқылы есепке
алынып жүр. Бұл жерде ескеретін жағдай мынандай: диктант —
оқушылар алдына ешқандай жаңа мақсат қоймайтын таза орфографиялық жұмыс, ал
шығарма оқушылар алдында өз ойын жатық бачндап беру сияқты творчестволық
талап қояды. Сондықтан да білімнің және орфографиялық дағдылардың
қаншалықты берік қалыптасқандығына нақты көз жеткізу үшін шығарма
(мазмұндама) жаздыру тиімді.
Ойын күрделендіруге үйрету үшін алдымен әрбір жеке әрекетті оқушының
ұқыпты байымдап алуы талап етіледі. Сонан соң барып жалпы түрде ойын
қорытады. Орфограмманың грамматикалық сипатын анықтаудағы бұл сияқты ақыл-
ой жұмысын орфографиялық дағдының грамматикалық бөлігі деп атауға болады.
Дағдының берік қалыптасуы қайталау және жаттығу жұмыстарына тығыз
байланысты. Орфографияны оқытудағы қайталау теориялық (грамматикалық,
орфографиялық) білімді жазу практикасына пайдалану болып табылады. Қайталау
арқылы оқушылардың ойлау әрекеті жетіледі, орфографиялық мақсатты қандай
амалдармен, тәсілдермен шешу керектігі анықталады. Орфографияны оқытудың
амалдары мен тәсілдеріне орфографиялық іс-әрекеттерге анализ жасау,
абстракқиялау, сөз контексінен тілдің морфологиялық әлементтерін бөліп алу,
ол әлементтерді белгілі бір грамматикалық категорияларға жатқызу,
орфографиялық ережені айқындау т.б. жұмыстар жатады.
Жаттығу ережелерді пайдалана отырып, сөздің қалай жазылуын пысықтаумен
шектелмейді, сонымен қоса ақыл-ой жұмысын дамытуға көмектесе түседі.
Ережені білу, ережені пайдалана білу, ережені практикада қолдана білу үшін
жүргізілетін жаттығулар дағды қалыптастырудың негізгі шартты жағдайлары
болып табылады.
Әрекеттерді орындаудың амалы мен тәсілін білу қимылдық дағдысы сияқты
саналылық дағдының да пайда болуында маңызды роль атқарады. Қимыл дағдысы
дегеннен біз жай қимылдардан бастап (жүру, жүгіру т.б.) күрделі қимылдарды
(дене шынықтыру, спорт) орындау амалын түсінеміз. Саналық дағды анализ,
синтез, абстракқиялау, нақтылау т.б. жұмыс жүйелерін қамтиды.
Күрделі ақыл-ой қызметі арқылы қалыптасатын орфографиялық дағдыны
игерудің қиындығы тек ереже немесе грамматикалық ұғымды білмеушілікте ғана
емес, қайта ережені жазу практикасында қолдана алмаушылықта. Орфографиялық
ережені жақсы білетін оқушының жзазуда сол ережеге байланысты қате
жіберетіндігі белгілі. Бул оқушының өз білімін іс жүзіәнде қолдана
білмейтіндігін көрсетеді. Ережені практикада пайдалану үшін орфограмманы
танып, оларды грамматикалық жағынан топтастыру, қандай ережеге лайықты
екендігін аңғарту қажет. Бұл үшін ойдың аналитикалық - синтетикалық күрделі
жұмыс істеуіне тура келеді.
Жазуға үйренбестен бұрын бала таяқша, ілмек, имек сызық, жартылай
дөңгелек сияқты әріп әлементтерін сызып, қол қимылын жақттықтарады. Жаттығу
үстінде белгілі бір әріпті жазу үшін қай әлементтерді пайдалану керектігін
түсінеді де, тұтас әріпті жазуға дағдыланады. Бірнеше әріпті жаза алатын
болғаннан кейін, екі немес үш әріптен құралатын сөз жазуға дағдыланады.
Осылай әріп саны көп сөздерді жазуға әрекеттенеді.
Сөйлеу тілі мен жазба тіл арасындағы айырмашылық әріп пен дыбыс
катысында ғана емес, сөз құрылысына да тән. Бала сөйлеп тұрған кезде сөздің
морфологиялық құрылысына, олардың жіктелуіне (қосымша) назар аудармайды да,
өзінің ойын түсінікті етіп айта береді. Ал жазуда грамматикалық ерекшелік
белгілі дәрежеде ойғңа оралып отырады. Жаңадан жазуға үйрене бастаған бала
жеке әріптерден сөз құрағанда сөздің грамматикалық құрылысының әлементтерін
сақтайды. Осыдан барып қатесіз жазу дағдысы көрініс береді.
Орфографиялық дағдыны жетілдіру және оны дамыту әр алуан психологиялық
проқестер негізінде жүргізіледі. Оқушы қандай да бір жеке орфограмманы
тақтадағы я таблиқадағы, немесе кітаптағы жазылуы бойынша танысады, яғни
орфограмманы алғаш тану, көру сезімінен басталады.
Оқушы назарын белгілі бір орфограммаға аудару үшін, оның сол
орфограмманы дара түрде танып қана қоюы жеткіліксіз, сонымен бірге оған
анализ жасату, салыстыру т.б. тәсілдер қолданту керек.
Өйткені
орфограмманы қабылдау баланың саналы да белсенді әрекеттеріне негізделуі
тиіс. Бұл мақсатта оқушы зейінін жалпы сөзге аударып, олардың жазу
тәжірибесін байыта түсу керек. Баланың тілі неғүрлым жақсы жетілсе,
орфограмманы да соғүрлым жақсы қабылдайтын болады.
Орфограмманы қабылдау кезінен бастап орфографиялық түсінік пайда
болады. Алайда қаншалық зейін қойын қабылдау орфограмманы толық түсіну
болып табылдмайды. Мектеп программасының негізгі міндеті тілдік
заңдылықтарды орфографиялдык ерекшеліктермен ұштастыра түсіндіру болып
отыр.
Демек, мектеп оқушысына грамматика мен орфографияны оқыта отырып,
белгілі бір сөзді неліктен осылайша жазамыз деген талап қоя аламыз. Мұндай
талапқа сай білімдік ждағды алған оқушы өтіліп отырған орфограмманы есіту,
айту, көру және жазумен ғана шектелмейді, грамматикалық көптеген
әрекеттерді орындайды: сөздерді бөліктерге бөледі, ұқсас формадағы сөздерді
тізеді, белгілі жұрнақтар арқылы жаңа сөздер жасайды, сөздегіә өзгерісті
байқайды, жеке сөздер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды анықтайды,
өтіліп отырған форфограмманың өзіне тән ерекшеліктерімен танысады, өз
білімін жүйеге келтіреді. Осылардың негізінде құбылысмтарды танудың
жолдарын көрсетеді, ережені пайдалану тәсілдері мен бақылау жасау
тәсілдерін белгілейді, қандай жағдайда қалай жазу керектігін саралайды,
қажетті үлгілерді алдын ала жасап қояды. Оқушы грамматикалық ережені игере
отырып, ойлау процесіне тән операцияларды орындайды. Құбылыс кұүрделі
болған сайын, оқушының ойлау жұмысы күрделене түседі. Бұл — орфограммаларды
саналы түрде түсінуге көмектеседі.
Грамматикалық әрбір ереже белгілі тұжырым, қорытынды болып табылады.
Орфографиялық ережелерді үйрену нәтижесінде оқушы жеке жағдақларды
қорытындылап, оған ережені қалай пайдадлануға болатындығын аңғартып отырса,
онда оның орфограмма мен ережені дұрыс түсінеьтіндігі. Ол үшін мұғалім
ережені түсіндіріп, оған қоыртынды жасағннан кейін, бірден өтіліп отырған
ережеге байланысты сөздер мен тұлғаларды тексттен табуды ұсынады, сол
ережеге байланысты мысалдар ойлап айтқызады, сөздің жазылуын тексеруді
ұсынады т.б. сы сияқты жаттығу - пысықтау жұмыстарын жүргізеді.
Орфография тілдік ерекшеліктердің көрінісі болғандықтан, оның
грамматикалық құрылысы, яғни ережені білу грамматиканың өзін жақсы білуді
көздейді. Оқушы тілдік құбылыстарды, сөздердің грамматикалык топтарын,
сөздің дыбыстық құрылымдарын, сөздердің өзара байланысын неғүрлым жақсы
білген сайын, соғұрлым орфограмманы да жете танып, оған лайықты жеке
ережелерді де жақсы білетін болады.
Міне сондықтан да орфография грамматикаға негізделіп оқытылады,
өйткені грамматиканы білу дегеніміздің өзі - сауатты жазу.
Грамматикалық ережені игерту жолында үзбестен жаттықтыру нәтижесінде
оқушы қатесіз жазатын болады. Алайда, қатесіз жазу көп еңбекті талап етеді,
зейіннің шоғырландырылуы, ақыл-ой еңбегі жұмсалуы қажет болады. Жазып келе
жатып оқушы кідіріс жасайды, ойналады, ережені еске түсіреді, сонан соң
барып жазуын жалғастырады. Бұл - оқушының дағды қалыптастыру алдындағы
табалдырық икемділік. Оқушыда орфографиялық дағды қалыптаса қоймағанымен,
жазуда көптеген табысқа жеткендігі байқалады. Өйткені ол ереже мен нақты
фактінің бір-біріне қаншалық сәйкестігін саналы түрде бағдарлай үғына
бастаған. Оқушы өзінің икемділігін жетілдіре түсуі үшін тағы да жаттыға
түсуі қажет. Мұндай жаттығу кезінде оқушының ойлау процесі де, жазу дағдысы
да шапшаңдай ттүседі. Белгілі мысалға лайық ереже, сондай-ақ белгілі
ережеге лайық ойға оралып отырады. Міне, дағды осылайша пайда болады. Басқа
сөзбен айтқанда, дағды - ұзақ уақыт, үнемі қайта-қайта жаттығудың
нәтижесінде қалыптасады.
Ережені практикада пайдалана білу дәрежесіне қарай окушының өздігінен
жұмыс істеу ауқымы және оның творчестволық сипаты да кеңейе түседі. Көшіріп
жазу, диктант, мазмұндама, шығарма сияқты жұмыстардың әрқайсысынң өзөі
бірнеше амалдармен орындалады. Мәселен, текстті көшіріп жазу бар, көп
нүктенің орынан әріп жазып көшіру бар, сөзді өзгерте жазып
көшіру бар. Осы сияқты жұмыстардың әрқайсысына лайық творчестволық жұмыс
тәсілдері де өзгеріп отырады. Айталық, көшіріп жазу мен шығарма жазу
мазмұны жағынан да, күрделілігі жағынан да, қиындығы жағынан да бірдей
емес. Ендеше көшіріп жазу мен шығарма жазуға даярлау үшін жүргізілетін
жаттығулар сипаты да өзгеше болады. Көшіріп жазу жаттығуларын жақсы
орындаған оқушы диктант кезінде қате жіберуі мүмкін. Бұлай болмас үшін
аралық жаттыығулдар жүргізіледі. Көшіре жаздырудың күрделенген кезінде
диктант әлементтері көрініс беріп отарады. Осындай тәсілдер қолдану арқылы
оқушы әр тарапты болуына қамқорлық жасмалады.
Оқушы орфографияның белгілі бір тақырыбын орындауы қажет болса, онда
оның бар зейіні осы бір тақарыпқа шоғырланған болар еді. Егер әртүрлі
емлелік ерекшеліктер қамтылған диктант жаздырылса, онда оқушы зейіні әр
тарапқа бөлінеді. Ал шығарма жазу үстінде оқушының ойлау қызметі мүлде
күрделенеді. Өйткені шығарма орфографиялық қатесіз жазылуы керек, сөйлем
дұрыс құрылуы керек, стильдік байланыс сақталу керек, мазмұнды жазылуы
керек. Шығарма жаздыруда орфография тілдің лексика, сөйлем құрау,
пунктуация, стиль т.б. сияқты жақтарымен қоян-қолтық келеді. Мұндай
әлементтермен оқушылар бұрыннан таныс. Бірақ өте тар көлемде өтілген. Егер
бұрын сұраққа жауап қайтару Түрінде, жеке сөйлемдер кұрау түрінде, орны
ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрау түрінде оқытылған болса, енді
жұмыс көлемі үлғайып, орфография жүйелі баяндау процесіне айналып отырады.
1.1 Орфографияны оқытудың дидактикалық және методикалық
мәселелері
Чехтың үлы педагогы Ян Амос Коменский дидактика терминін кең ұғымда
қолданып, өзінің әлемге тараған шығармасын ¥лы дидактика деп атады. ¥лы
дидактикада тек оқыту мәселесін ғана емес, сонымен бірге ақыл-ой тәрбиесі,
адамгершілік, дене, әстетикалық сияқты тәрбие Тұрлерін де әңгімеледі.
Сөйтіп, өз еңбегінде педагогикалық жүйені әрі терең, әрі ғылыми тұрғыдан
негіздеуді мақсат етті.
Бүгінгі таңда дидактика - педагогика ғылымының білім беру және оқыту
теорияларын белгілейтін бір саласы және маңызда саласы. Дидактика: 1)
оқытудағы таным процесін анализдеу, 2) дидактикалық принциптер, 3) білім
берудің мазмұны, 4) оқыту жұмыстарын үйымдастыру формалары (сабақ туралы
ғылым), 5) оқыту әдістері, 6) оқушы білімін бағалау және есепке алу
мәселелерін зерттейді. Дидактикада мектепте оқытылатын барлық пәндерге тән
оқыту проқестерін жалпы заңдылықтары қарастырылады.
1. Орфографияны оқытуда қолданылатын әдістер.
Оқыту әдістері сан алуан. Солардың ішінде орфографияны оқытуға
байланысты мына әдістерді қолдануға болады. 1) байқау әдісі, 2) баяндау
әдісі, 3) әңгімелесу әдісі, 6) кітаппен жұмыс істеу әдісі, 5) жаттығу
әдісі, 6) талдау-жинақтау әдісі, 7) салыстырмалы әдіс, 8) индукқия-дедукқия
т.б.
Байқау әдісі. Нақтылы материалды меңгеруде байқау әдісі шешуші орын
алады. Тіл сабағында оқушылар тілдік құбылыстарға тікелей байқау жасайды.
Байқау процесі абстракт ойлауға негізделмейді, керісінше, байқау арқылы
қорытындылап, абстракт ой туады. Байқау танымдық роль атқарады. Ол шындық
өмір құбылыстары туралы түсінікті реттейді. Сөзді немесе сөйлемді байқай
отырып, оқушы тіл заңдылығының ережесін үйренеді.
Баяндау әдісі. Мұғалімнің баяндауы әрі әңгіме, әрі түсінік және нүсқау
Түрінде жүзеге асырылады. Мұғалімнің сөйлеуі, ойын көркем құрып баяндауы,
тиісті дәлелдер келтіріп қорытындылауы тыңдаушыларға үлгі бларлық сипатта
кұрылуға тиіс. Бұл жағынан алып қарағанда, баяндау әдісінің тәрбиелік
маңызы жоғары.
Мұғалімнің баяндауына оқушылардың тыңдау процесі үйлес келуі тиіс.
Баяндауға қойылатын талап тыңдауға да қойылады. Баяндай отырып, оқушыларды
тыңдай білуге баулиды. Баяндауды тыңдау ойлау қабілетін арттырады, әрекетке
тікелей араластырып, оқушының сезімін оятады.
Баяндау әдісі басқа әдістер әлементтерімен үштастырылып отыруы тиімді.
Баяндау барысында байқау, әңгімелесу және жазбаша жұмыстар қоса жүргізіліп,
мұғалімнің сөзі өтіліп отырған объектіні көрсету, сұрақ-жауаптар арқылы
толықтырылып отырылса, оқушы жалықпайды. Көрнекі кұрал пайдалану
оқушының тікелей сезінуі және қабылдауын дамытады.
Әңгімелесу әдісі. Оқытуда жиі қолданылатын әдістің бірі - әңгімелесу
әдісі. Әңгімелесуді жаңа материалды түсіндіруге кірісу мақсатында да,
қайталау кезінде де, оқушылардан сұрау кезінде де, тіпті материалды
түсіндіру мақсатында да үйымдастырып отыруға болады. Мұғалім сабақтың әрбір
кезеңінде класқа сұрақтар беріп, оқушылардлың жауаптары арқылы сабаққа
белсенділігін арттырып отырады. Баяндау әдісінің құрамына да әңгімелесеу
әдісі енгізіледі.
Оқушылар үшін әңгімелесу-коллективтік еңбек. Оқушыларды негізгі
материалмен алдын-ала таныстыру, сұрақ-жауаптың логикалық жүйесін дұрыс
белгілеу, олардың кеңінен ойлау мүмкіндігін жасау, класты коллективті түрде
қатыстыру, жауап беру кезінде оқушылардың иеркін сезінуі, мұғалімнің
бағыттаушы ролі мен оның қорытынды сөзі әңгімелесу әдісінің амалдары болып
табылады.
Кітаппен жұмыс істеу әдісі. Оқушылар ең алдымен жұмыс істеуге
үйретілуі тиіс. Оқулық нақтылы матералдарды меңгеріп, одан тиісті
қорытындылар жасап отыруға көмектесетін, практикалық жұмыс икемділігіне
нүсқайтын құрал болып табылады. Сонымен бірге оқушыларға сөздіктер мен
анықтама кітаптарды пайдалану тәртібі, көркем шығармалар мен ғылыми-
көпшілік әдебиеттерді пайдалану жолдары үйретіледі.
Кітаппен жұмыс істеу әдісінің тәрбиелік сипаты мол. Кітап оқу-
оқушылардың ынтасы мен қабілетін арттырудың маңызды факторы. Оқу және
оқығанын ұғынып түсіну бірден нәтижелі бола қаймайды. Бастауыш кластан
бастап оқушылар оқылған тексін түсінуге үйретіледі. Оқуға ынтасы арта
түскен оқушы кітапты көбірек оқи бастайыд, мәнерлеп оқуға төмселеді,
оқығаннан түсінгендерін жазып үйренеді, бірте-бірте сөздіктер мен
анықтамаларды, иллюстрияларды дұрыс пайдалан алады.
Жаттығу әдісі. Жаттығу арқылы оқушы білімі беки түседі. Жаттығу әдісі
көп жағдайда қайталаумен байланысты. Жаттығу арқылы теориялык білім
қайталанады. Жаттығу күрделі психологиялық функқияларға
негізделеді. Ол - оқушылардың сезінуі мен түйсінуіне тікелей байланысты.
Жаттығу үстіне қашан белгілі бір дағды қалыптасқанша, оқушының ойлау жұмысы
тоқьтамайды. Жаттығу зейінді, есті және ерікті белгілі дәрежеде тәрбиелеуге
көмектеседі.
Талдау -жинақтау әдісі. Заттар мен құбылыстарды тану үшін олардың
жекелеген әлементтерін ажырата білу, жеке бөліктердің атқаратын қызметі мен
алатын орнын біле отырып, олардан тиісті логикалық қорытындылар жасап отыру
- талдау - жинақтау әдісі бойынша жүзеге асырылады. Бүтінді бөлшекке бөлу -
талдау, ал бөлшектен бүтін құрау - жинақтау. Талдау мен жинақтау жеке-жеке
емес, бірлікте қаралатын болғандықтан, талдау -жинақтау әдісі деп қосылып
айтылады.
Салыстырмалы әдіс. Салыстырмалы әдіс оқушылар зейінін өтіліп отырған
объектіге аударып, оны жақсы меңгеруге көмектеседі, оқушылардың логикалық
ойлауын дамытып, алған білімін практикада саналы Тұрде қолдана білу
мүмкіндігін жасайды, оқушылардың сөздерді өз орнына қолдануын, тіл
мәдениетін дамытады.
Грамматикалық ереже немесе емлені салыстыру кезінде грамматикалық
категориялар мен формалар арасында қандай ұқсастық немесе қандай
айырмашылық бар екендігі ашылады. Сөйтье отырып, материал арамсындағы
бәріне ортақ ерекшелік аңғарылады.
Салыстырмалы әдісті әртүрлі спатта жүргізуге блады.
1. Сабақта орын алатын ақыл-ой жұмыстарының сипаты бойынша
салыстыру екі түрлі мақсатты көздейді: а) үксастық белгілерін анықтау, ә)
айырмашылық белгілерін анықтау.
Объектінің көлемі бойынша бІр ғана жолмен салыстырылатын жай салыстыру
және әртүрлі жолмен салыстырлатын күрделі салыстыру әдісі жүргізіледі.
2. Салыстыралтын объектілер сипатына қарай:
а) емле ережелері салыстырылады;
ә) сөздердің айтылуы мен жазылуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар
салыстырылады;
б) сөздердің лексикалық мағынасы салыстырлады;
в) сөздердің морфологиялық бөліктерінің ұқсастықтары мен
айырмашылықтары салыстырылады;
г) грамматикалық категориялар мен олардың тұлғалары
салыстырылад ы.
1.2 Орфографияны оқытуда грамматикалық ереженің ролі Грамматикалық
ереже қолдану тәртібі Я. А. Коменскийге дейін былайша жүйеленген еді.
Алдымен ереже айтылып, одан кейін мысал келтіріп, ең соңында жаттығу
жүргізілетін. Коменский бул схемаға өзгеріс енгізіп, бірінші орынға
мысалдарды, екінші орынға ережені қойды.
Жаңа материалды түсіндіру алдында оған әзірлік жұмыстарын
ұйымдастырған тиімді. Өтілетін материалдың тақырыбын тақтаға жазу әзірлік
жұмысының бір түрі болып табылады. Алайда бұл істі барлық мұғалім әр
уақытта орындап отырмайды. Өтілетін материал тақырыбын тек ауызша айтып қою
оқушылар зейінін аудара алмайды. Ал егер Біз бүгін ү әрпінің жазылу
емлесін оқимыз. Сендер ү әрпі і әрпімен ауысып жазылатындығына назар
аударыңдар деген түрде алдын ала ескерту жасалып отырырылса, оқушы сабақ
мақсатын түсінетін болады. Сабақты өтпей тұрғанда, оқушы ү мен і әрпінің
алмасып жазылатындығына күмән келтіруі мүмкін. Алайда ү мен і үнемі алмаса
бермейтіндігін оқушылар есте үстаулары керек. Санаулы сөздерде ғана
сөйлемнің соңғы буынында ү әрпі жазылатындығы жөнінде орфографиялық ережені
мұғалім түсіндіріп, сөздер көрнекі құрал арқылы немесе тақүтаға жазылып
көрсетіледі.
Мұғалімнің мақсаты - белгілі грамматикалық категорияға байланысты
оқулықта берілген ережені ғана білгізіп қою емес, сол ережеге сүйене
отырып, тілдік материалды таныту, соның төңірегінде оқушыны ойланту, ақыл-
ойын дамыту. Оқылған грамматикалык каптегорияны оқушы тани білуге, оны
түрлендіруге, емлесін жазу практикасында мұлтіксіз колданып отыруға тиіс.
Бұл үшін материалды жақсы түсініп, берік меңгеруі керек. Мұғалім түсіндіру
үстінде оқушылар назарын өзіне аудартады. Жалықтырмас үшін сұрақ-жауап
арқылы оларға әңгімелетеді, сөйтіп сабаққа оқушылардың белсенді қатысуын
қамтамасыз етеді. Мұндай жағдайда оқушылардың оқулықпен өздігінен жұмыс
жүргізуі материалды пысықтау немесе қайталау түрінде жүзеге асырылады.
Ереже, әдетте, жазуды орфографиялық нормаға түсірудің құралы болып
табылады. Тіпті кейде жеке бір сөзді жазудың өзіндік ережесі болады.
Ережелерді меңгерту нәтижесінде қалыптасатын орфографиялық белгілі
ереже бойынша өздері таныс сөздерді ғана дұрыс жазумен шектелмейді, сол
рфограммамен жазылатын өздеріне таныс емес сөздерді де қатесіз жазатын
болады.
Жинақтық дағды қалыптастыру үшін әртүрлі лексикалық, синтаксистік
материалдарға негізделген жаттыгу жұмыстары жүргізілуі тиіс. Нақтылы
материалдарға жаттыға отырып, абстракқиялау процесі жүзеге асырылады.
Жинақтық дағды қалыптастыруда сөздік материалдарды вариантқа бөлу де шешуші
роль атқарады. Бір вариантты ереже белгілі фнетикалық немесе грамматикалық
құрылымдардың жазылуын бір түрде ғана сипаттаса, көп вариантты ереже
олардың жазылуын кемінде екі жолмен көрсетеді.
3. Фонетикаға байланысты орфографиялық материалдар. Фонетиканы оқи
отырып оқушылар әдеби тілдің орфоәпиялық нормаларымен танысады. Бұған
дауысты мен дауыссыз дыбыстар, олардың жуан, жіңішке, үнді, үяң, қатаң
түрлері негіз болады.
Орфоәпиялық кемшілік сөйлеу кезінде дұрыс тыныс алмаушылықтан, өте
шапшаң немесе өте баяу сөйлеуден, белгілі бір дыбысты айта алмағандықтан
болады. Бала көбінесе р, л, ш, ч, щ, с, қ, ә дыбыстарын дұрыс айта алмайды.
Соның әсері жазуға да тиіп, бар сөзін бал, жоқ сөзін соқ деп те жазады.
Кейбір диалектілік сөйлеу ерекшелігі бар оқушылармен орфоәпиялық
жұмысты байыпты жүргізуді есте үстау керек. Оқушылардың сөзіндегі
диалектілік қателерді түзету үшін мына сияқты жұмыстар жүргізуге болар еді:
1. Оқушылардың неғұрлым көбірек қате жіберетін сөздерін таблица
ретінде жазып, класқа іліп қою қажет. Таблицадағы сөздермен танысып,
дұрыс айтуға төселу керектігі оқушыларға алдын ала ескертіледі.
2. Дыбыстық алмасу кездесетін сөздерді оқушыларға жаздырып,
алмасып естілетін дыбыстардың асты сыздырылады.
3. Таблицаға я тақтаға диалектілік варианттары бар сөз жазып,
қайсысы
әдеби нұсқаға жатаныны айтқызылып және дәптерлеріне жаздырылады.
4. Көркем әдебиет шығармаларынан арнаулы текстер оқып, қажетті
дегендерін жаттатады.
5. Көркем сөз шеберлерінен жазылып алынған грампластинкалар мен
магнитофон тыңдалады.
Фонетиканы оқыту барысында орфографияны үйрету елеулі орын алады.
Орфографияны берік меңгеру оқушылардың ережені пайдалана отырып, дыбыс пен
әріп ара қатынастарын аша білуіне негізделеді. Тілде әр турлі фонетикалық
құбылыстар болады. Тілдік қызметті атқару барысында фонемалар өзінің
ерекшелік сипатын сақтауы да, түрлі өзгерістерге ұшырауы да мүмкін.
Фонетиканың үндестік заңы деп аталатын тақырыбы бастан — аяқ
орфографиялық мақсатты көздейді. Мұнда орфоәпиялық та ерекшеліктер
қамтылады. Буын үндестігі заңы бойынша, түбір сөздің соңғы буынның жуан я
жіңішке блып келуіне қарай қосымшүа да жуан я жіңішке болып үйлесуі шарт.
Бұл ережені окушылар жеңіл меңгере алады. Алайда тіліміздегі барлық
сөздерге қосымша осы сияқты тәртіппен жалғана бермейді. Міне, осығңан
байланеысты ереже де, жаттығу да мол жүргізіліп, оқушылардың игеруіне
тиімді жағдайлар жасалу керек. —мен (-бен, -пен), паз —қор, -қой, -кеш,
-гей, -гер, -хана, -тал, -дар, -нікі (-дікі) қосымшалары сөздің соңғы
буынының жуан я жіңішкелігіне қарамастан осы күйлерінде ғана жалғанады
(қолмен, өнерпаз, өсімқор, әзілқой, күлекеш, сәуегей, саудагер, шілдехана,
өсімтал, білімдар, колхоздікі т.б.) деген ережемен шектелуі жеткіліксіз.
Бұлардан басқа да бірсыпыра ерекшеліктерді қамти кетуге тура келеді. Дыбыс
үндестігі, негізінен мынадай ережеге бағынуы тиіс: а) түбір сөздің соңғы
дыбысы, дауысты, үнді я үяң дауыссыз болса, дауыссыздан басталатын
қосымшаның басты дыбысы үнді я үяң дыбыс болады; ә) түбір сөздің соңғы
дыбысы қатаң дауыссыз болса, дауыссыздан басталатын қосымшаның басты дыбысы
қатаң болады.
Фонетиканы оқытуды окушылардың тілі мен ойлауын дамытуға
көмектесетіндей етіп жүргізу үшін мұғалім: а) оқушылар білімінің жалпы
дәрежесін ескеруі тиіс; ә) оқу материалдарының логикалық жағынан дұрыс және
балалардың шама-шарқына, жас ерекшеліктеріне лайықтап дайындауы керек; б)
класта жүргізілетін жұмыстар мен үй жұмыстарында творчестволық пен әрекет
етуін ұйымдастыра олтырып, балалардың белсенді Тұрде ойлапй білуін дамыту
қажет; в) оқулықпен қоса орфографиялық сөздік, көрнекі құралдар пайдаланып
отыруы керек.
2 Сөздердің дұрыс жазылуына байланысты орфографиялық
материалдар
Тұлға жағынан алып қарағанда, қазақ тіліндегі сөздер бес түрлі
тұлғада қолданылады (негізгі түбір, туынды түбір, қос сөз, біріккен сөз,
қысқарған сөз), олардың әрқайсысының өзіндік тұлғалық ерекшелігі болғаны
сияқты, әр қайсысына тән орфографиялық ерекшеліктер де бар. Сөздердің
жазылуындағы морфологиялық өлшем негізгі түбір болмақ. Негізгі түбірге
қосымша жалғануы арқылы сөз түрленеді, өзгереді немесе грамматикалық қарым-
қатынасқа түседі.
Түбір сөздің жазылуының да өзіндік заңдылығы бар. Қазақ ітіліндегі
түбір сөздерге тән қасиет олардың кілең жуан дауыстыдан немесе жіңішке
дыбыстардан тұратындығы (жұмысшы, мемлекет т.б.). Бұл ерекшелікті негізгі
сипат ретінде үйретуі керек. Ескерту ретінде кейбір санаулы сөздерге жуан
және жіңішке дыбыстар араласа келетіндігі айтылдады (қызмет, кітап т.б.).
Туынды түбір жасайтын қосымша да (жұрнақ), сөз бен сөзді байланыстыру
қызметін атқаратын қосымша да (жалғау) түбір сөздің жуан я жіңішкелігіне
қарай үйлесе қосылады (оқы+ған, өнер+лі, бала+ға, іні+ден т.б.). Бұл
ережеге бағынбай қосылатын қосымшалар фонетикаға байланысты айтылған.
Сонымен бірге қосымшаның басты дыбысы түбір сөздің соңғы дыбысына үндесе
ыңғайласады. Орфографиялық бұл ерекшеліктерді үйрету барысында
грамматикалық ережелер мен жаттығу жұмыстарын араластыра жүргізу тиімді.
Арагідік оқушылардың өздеріне мысал ойлантып отырған да жақсы нәтижеге
жеткізетін тәсіл.
Қос сөздер дефис арқылы жазылады деп қана өте шығу жетімсіз. Алдымен
қос сөздердің мағыналық ерекшлеіктерін түсіндіріп алу керек. Қосарланып
тұрған сөзге мағынасымен қоса тұлғалық та талдау жасалуы жөн. Өйткені
қосымшалар қосарланған сөздердің соңғысына ғана қосылмайды, алғашқы
сыңарына да қосыла береді {қолма-қол, көзбе-көз, үйді-үйіне, жылдан-жылга,
бірде-бір т.б.).
Қос сөздер күрделі сөзге жатады. Сөздер қосарланған жағдайда мағыналық
өзгерістер болады. Кейбір қос сөзде мүлде жаңа мағына туса, кейбір қос
сөзде мағына түрленеді я үстемеленеді. Тілімізде қос сөздер сияқты дефис
арқылы жазылатын, сырт қарағанда қос сөзге үқсас, бірақ тең мағыналас
күрделі сөздер де бар: орысша-қазақша (сөздік), үгіт-насихат (жұмысы).
Буындағы екі сөз де өз мағынасында жұмсалады. Міне, осы сияқты күрделі
сөздер мен қос сөздерді салыстыра оқыту материалды түсініп меңгеруге
көмектеседі.
Біріккен сөздерді оқыту барысында жаттығулармен қоса класта 10-15, 15-
20 минуттық диктанттар жаздырып, сондағы біріккен сөздерді тапқызу және
олардың қандай-қандай түбірден бірігіп тұрғанын айтқызу сияқты жұмыстар
жүргізіледі. Оқушылардың сөздік дәптерлеріне жазылуы қиын деген сөздер
жаздырылады.
Қысқарған сөздерді оқытуда бас әріппен және кіші әріппен жазылатын
түрлерінің ара жігі ашылады да, олардың нендей сөздерден қалайша қысқарып
тұрғандығы айтқызылады. Белгілі бір күрделі атауларды жаздырып, сол күрделі
атауларды қысқарту тапсырылады. Бас әріптері алыныгт қысқарған күрделі
атауларға қосымша қосылу ретінде молырак жаттығу жүргізілуі керек.
Әріптерден қысқарған сөздерге қосымша соңғы әріптің айтылу әуеніне қарай
қосылады және қосымшалар қысқарған әріптерден дефис арқөылы бөлек жазылады.
Мысалы: СССР-дың (әс-әс-әс-әр-дің), КасПИ-ге т.б.
2.1 Орфографиялық жаттығулар орындату
Грамматикалық материал түсіндірілгеннен кейін, жаттығу жұмыстары
жүргізіледі. Жаттығу жұмысының мақсаты - грамматикадан алған білімді жазу
практикасында пайдалана білуге икемделу.
Грамматикалық ережені меңгеру оны практикада әске асыра білу
процесінде жүзеге асады. Анықтама ережені оқушылардың түсінуі материалды
игерудің алғашқы бастамасы ғана. Орфограммалардың жазылуын есте сақтап қалу
үшін қайталама қабылдау қажет болады. Орфограммаларады кайталай түсу
оқушыларды анализ және синтез операцияларын орындауға дағдыландырады.
Жаттығу неғұрлым мол орындалса, оқушылардың материалды меңгеруі де соғүрлым
жеңілдейді. Грамматикалық форманы тану оны қабылдаумен бір мезгілде жүзеге
асады. Сөйтіп, орфографиялық жаттығулар орындау кезіндегі оқушылардың
күрделі аналитика-синтетикалық қызметі, біріншіден, ережені түсінуге,
екіншіден, орфографиялық дағдылардың қалыптасуына негіз жасайды.
Жаттығулар орындалу сипатына қарай: 1) көру сезімі арқылы; 2) есту
сезімі арқылы орындалатын жаттығулар деп бөлінеді. Көру сезімі аркылы
орындалатын жаттығуға көшіріп жазу жұмыстары жатады, есту сезімі арқылы
орындалатын жаттығуға негізінде диктанттарды жатқызуға болады.
Көру сезімі мен есту арқылы орындалатын жаттығу ішінде сөзді дұрыс
айту және оны дұрыс жазу сияқты кинеәстетикалық әлементтерге қоса, сезімдік
қабылдаулар ойлау қызметімен үштасып отырады. Көру сезімі арқылы көьшіріп
жазу жұмысында мынаны ескеруге тура келеді: егер әріп немесе сөз жазылмаған
тексті көшіріп жазу керек болса, онда өтіліп отырған орфограмма көру сезімі
арқылы қабылданбайды, оны оқушы ережені ескере отырып, ойлау арқылы табады,
ал сөйлемдердегі басқа сөздерді көру сезімі арқылы көшіріп жазады.
Ойлау проқестерін дамыту сипаттарына қарай орфографиялық жаттығуларды
былайша топтастыруға болады: 1) аналитикалық немесе граммаматика-
орфографиялық талдау түріндегі жаттығу, 2) синтетикалық немесе текст құрау
үшін сөйлемді қайта құру я өздігінен құру жаттығулары, 3) грамматикалық
ерекшеліктерді топтастыру сипатындағы жаттығу немесе орфограммалардың
грамматикалық жіктер мен формаларына қарай, мысалы, жұрнақұтар мен
жалғаулар т.б. бөлу, 4) ұқсас немесе қарама-қарсы формалар бойынша жұмыс.
Жаттығудың бұл түрлері бір-бірлерімен тығыз байланысты, сондықтан да оларды
белгілі-бір сабақта үштастыра отырып, жаттығу орындату тәсілі жан-жақты
түрлендіріп отыруға да болады. Алайда, грамматикалық немесе орфографиялық
сабақтарының бәрінде бірдей бұл жұмыстарды түгелдей жүргізудің кажеттігі
болмайтын жағдайлары бар. Тіпті, кейде өтіліп отырған материал
сипатының өзі көрсетілген іс-әрекеттерді бір гана түрмен шектеуді қажет
етеді.
2.2 Жаттығу материалдарын іріктеу
Орфографиялық жаттығу грамматикалық және орфографиялық түсінік
бойынша, сондай-ақ талдаулар жасау арқылы орындалып отырады. Жаттығу
орындатудың бір түрі басқа түрлерімен алма-кезек ауыстырылып отырады.
Белгілі бір тақырыпқа байланысты жаттығу кезінде көшіріп жазу және диктант
әлементтері, тіпті творчестволық диктант немесе шығарма араласа жүргізіліп
отырылуы мүмкін. Мұндай жаттығулар берік орфографиялық дағды қалыптастыруға
көмектеседі. Алайда, орындауға үсынылатын жаттығулар дұрыс іріктеліп, оны
орындату жолдары дұрыс белгіленуі және жұмыс шебер үйымдастырылуы қажет.
Жаттығу іріктеуде және оны оны орындату тәсілдерін белгілеуде шамамен
мына сияқты талаптар ескерілуі тиіс:
Берілген жаттығу оқушылардың белсенді жұмыс істеуіне
мүмкіндік жасай ала ма;
Жаттығу класс оқушыларының шама-шарқына лайық па (тым
жеңіл болмауы ескерілу керек.);
Көру және есту сезімдері қаншалықты қатыстырылуы
ойластырылған ба;
Жаттығу орындау кезінде сөйлеу, қу, лексикалық және
грамматикалық жұмыстар жан-жақты қамтыла ма;
Жаттығу орфограммаларды дұрыс танып, есте сақтау мүмкіндігін
амтамасыз ете ала ма;
Қате болдырмауды алдын ала ескерту үшін, алдын ала жұмыстар
жүргізу ескерілген бе;
Көзделіп отырған нақтылы мақсатқа жетуге жаттығу
қаншалықты үйлесімді (ол мақсаттарға анықтама ережені айталау, қиындық
келтіретін орфограмманы табу, орфограмманың жазылу сипатын берік
сақтау, нақтылы жағдайларға байланысты ережелерді ауыстыра қолдану т.б.
жатады.).
Жаттығуға байланысты қандай жұмыс түрлерін жүргізу оқушылар алған
орфографиялық дағды дәрежесімен дәл сол кезде қойылып отырған мақсатқа
негізделеді. Егер жаңа өтілген ережеге қорытынды жасалып, ол ережеге
байланысты әлде де жаттыға түсу, еске берік сақтау қажет болса, онда
грамматикалық және орфографиялық талдау жасай отырып, көшіртіп жазғызу
керек. Егер оқушыларға емлелік қиындықтарды тапқызып, орфограммаларды жете
таныту мақсат етіп қойылса, онда мына сияқты жұмыстар жүргізуді үсынуға
болады:
1. жазылуы қиын сөздерді теріп көшіру.
2. Терме диктант.
3. Ауызша талдау.
4. Қажетті орфограммалардың астын сыздыру.
5. өз жазғандарын өзі тексеру т.б.
Жаттығу жүргізуде мынадай дидактикалық талаптар қойылады: жаттығудың
әржақтылығы және қайталай жаттығу. Тақырыпты өту кезіндегі жаттығумен
шектеліп қалуға болмайды. Келесі сабақтарда немесе келесі тақырыптарды өту
кезінде де қайталана жаттықтырылу керек. Сондай-ақ кластағы оқушылардың
белгілі орфограмманы меңгреу дәрежесіне қарай және оқушыларға арнайы
тапсырма беру жолымен жаттығу орындату оқу процесіндегі тиімді тәсіл болып
табылады.
Орфографияны үйрету - біртұтас қиын процесс. Бұл процестің біртұтастығы
оқытылатын баланың психикалық қызметінің бірлігімен, қабылдау бірлігімен,
тіл мен ойлаудың бірлігімен, ауызша және жазбаша тіл бірлігімен жүзеге
асырылады.
Әртүрлі сөздік материалдарға енгізілген белгілі бір орфограмманы жазу
көптеген оқушыларға едәуір қиындық туғызады, сонымен бірге бір ережеге
байланысты емленің өзінен де түрлі қиындық ұшырасады. Мұндай қателердің
көпшілігі орфограммалардың грамматикалық табиғатын ажырата алмағандықтан
жәберіледі. Жаттығуларға симантикалық, грамматикалық формасы т.б. жағынан
әртүрлі ерекшеліктердің көбінесе аз қамтылуы себепші болады. Соның
салдарынан оқушылар неғүрлым жеңіл жұмыстарды орындауға әдеттенеді де
грамматикалық категорияларды неғұрлым қиын жағынан тануға, месте сақтауға,
ақылға тоқуға әзірлігі жетпейді. Белгілі грамматикалық категорияларды
оқушылардың неліктен нашар меңгеретінс себебін мұғалімнің зерттеп, ол
себептерді оқушыларға саналы түрде жеткізіп отыру керек.
Жаттығудың тағы бір түрі оқушылардың жұмысты өздігінен орындауы болып
табылады. Жаттығулардың мұндай түріне орфограмма жазылмай берілген тексті
көшіріп жазу жатады. Оқушыларға сөздің жеке бөліктері немесе тұтас сөз
жазылмаған тексті көшіріп, жазу тапсырылады да, орфографиялық ережелерді
басшылыққа ала отырып, жазылмай қалған орфограммаларды немесе сөзді
өздігінен ойлап жазу талап етіледі (текстің басқа жағына көңіл қоймауына
болады). Мұндай жаттығудың ерекшелігі мынада: тексті жеке әлемент бөлініп
көрсетілгендіктен, ереже объектісі сол бөлініп көрсетілғен әлементтен
іздестіріледі, бірақ оны дәл табу оққшының міндеті. Бұл жолмен жаттығуда да
аралас (үқсас) орфограммалар үсынылып отыруы керек. Олай болмаған жағдайда
берілген ережеге байланысты бірінші сөйлемді ойлана отырып, орындағанымен,
қалғандарын сол жолмен механикалық түрде толтыра салуы мүмкін. Жеке
орфограмма немесе тұтас сөз жазылмай берілген тексті көшіріп жазу
жаттығудың басқа түрлеріне қарағанда, оқушыдан жұмысты өздігінен орындауды
көбірек талап етеді. Өйткені мұндай жаттығуды орындау кезінде оқушылар
орфограмманың жалпы сипатын және оның графикалық формасын анықтап отырады.
Диктант жазу кезінде мұғалімнің орфоәпиялық нормада оқуы мен оқушының
орфографиялық нормада жазылу белгілі бір дәрежеде бір-біріне қайшылық
туғызады. Мәселен, тоқсанға келген жасым бар (тоқсанға келген), көпті
көрген басым бар (көпті көрген) деген сөйлемдегі айтылу және жазылу
ережесін түсіну диктант жазу кезіндегі оқушылардың бірден бір міндеті
болмақ.
Диктанттың бақылау диктанты деп аталатын түрі де ескерту диктанты
сияқты есту сезімі арқылы жазылады. Алайда бұлардың арасында едәуір
айырмашылық бар. Егер ескерту диктантында текстке талдау жасалып,
оқушылардың есте берік сақталуына жағдай жасалатын болса, бақылау
диктантында ешбір жеңілдік берілмейді. Бақылау диктантында оқушылар өзінің
орфографиялық біліміне сүйеніп, жұмысты тек өздігінен орындайтын болады.
Алайда бақылау диктанты оқушылардың білімін сынаумен бірге, оларды үйрету
мақсатында көздейді. Жіберілген қателер бойынша жаттығу жұмыстары кеңінен
жүргізіліп, кімнің қандай ережеге ерекше көңіл бөлуі керектігі көрсетіліп
отырады.
Творчестволық жазу - күрделі процесс. Оған дағдылану үшін көптеп
жаттығу керек. Творчестволық жазуда орфографиялық жағынан сауатты жазу және
жүйелі түрде жазбаша баяндай білу талап етіледі. Сол үшін таза
орфографиялық жаттығу кезінің өзінде ақ оқушының сөйлемді дұрыс құрап, ойын
дұрыс баяндай білуіне назар аударып отыру керек. Бұлай болмаған жағдайда,
оқушылардың творчестволық жазуы ( мазмұндама мен шығарма) кезінде
орфографиялық қате көптеп жіберілетін болады.
2.3 Орфографиялық талдау
Грамматикалық талдау ауызша да, жазбаша да жүргізіледі. Жазбаша
жүргізілетін талдаудың қай түрінде (фонетикалық, морфологиялық,
синтаксистік) болмасын орфографиялық сипат болады. Өйткені жазбаша
грамматикалық талдау қазақ тілінде жүргізілетін жазбаша жұмыстардың маңызды
бір түрі болып саналады.
Жазбаша грамматикалық талдау жүргізуді ұйымдастырылуда мыналар
ескерілуі керек.
1) морфологиялық толық талдау жасау үшін көптеген графалар
сызуға тура келетіндіктен (түбір, қосымша-жалғау түрлері, жақтар мен
шақтар т.б.), дәптердің тек бір бетін ғана емес, екі бетін бірдей пайдалану
тиімді. Кейде дәптердің екі бетін бірдей тиімді пайдалануды былайша
үйымдастыруға болады: дәптердің бір бетіне талданатын текст жазылады, оң
жақтағы бетіне талдау жүргізіледі.
2) Грамматикалық талдау жасауға дәптер парағының шетіндегі ақ
жиекті пайдалануға болады. Егер текстен шылауларды талдап жазу керек болса,
текст дәптерге әдеттегідей жазылады да, ақ жиекке шылаулар (мен, және,
бірақ т.б.) теріліп жазылады.
Орфографиялық талдауға да, негізінен, грамматикалық талдауға қойылатын
талаптар қойылады. Көлем жағынан да, мақсаты, орындалу тәсілі жағынан да
орфографиялық талдау грамматикалық талдауға ұқсас және фонетикалық,
морфологиялық, синтаксистік талдаулар кейде орфографиялық мақсатты да
шешуге көмектеседі. Фонетика мектепте өзінше курс болмай, грамматикаға
қосыла оқытылатыны сияқты орфографиялық талдау да фонетикалық,
грамматикалық ерекшеліктермен өтіліп отырады.
Сөз тұлғасын талдау кезінде лексикалық жұмыстың мынадай түрлері
ескеріліп отыруы тиіс:
А) оқушылар талдап отырған сөздің мағынасын анықтап отыруы;
ә) оқушылардың сөздік қорын толықтыру;
б) өздері білетін сөздік қорын тиімді пайдалануға дағдыландыру;
Сөздерді тұлғасына қарай морфлогиялық талдау да мыналарға басты назар
аударылады:
1) Берілген сөздің негізгі түбірін тауып, оның мәнін анықтау.
2) Сол түбірден бірнеше сөз өрбіту.
3) Сөз қатыстырып сөйлем құрау.
4) Түбірлес сөздерге ортақнегізгі түбірді табу.
1) Сөздердің құрамына қарай (қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз)
қалай жасалып тұрғандығын анықтау.
2) Түбірге қосымшалар қосылудағы орфографиялык
заңдылықтарды аңғарту.
Сөз таптарына байланысты морфологиялық талдау кезінде: А) әуелі сөздің
қай табына жататындығы айтылады; ә) сөздің қандай мағына беріп
тұрғандығы ашылады;
б) формалық белгілері көрсетіледі;
в) сөз таптарының түрленуі кезіндегі формалық құбылыскд қарай
орфографиялық ерекшеліктердің дұрыс сақталуына назар аударылады.
Грамматикалық (морфологиялық) талдау талданып отырған сөздің қай сөз
табына жататындығын табумен шектелмейді, сонымен бірге синтаксистік қызметі
де ашылады. Мәселен, сөйлемдегі сөздер сөйлем мүшелеріне синтаксистік
талдау кезінде қай сөз табынан жасалып тұрғандығын айту талап етіледі.
Грамматикалық-орфографиялық талдау сауатты жазуды қамтамасыз ететін
бірден-бір жұмыс түрі емес. Ол - білім мен дағды аралығындағы жұмыс
түрлерінің бірі ғана. Жазбаша орфографиялық жаттығулар ретінде талдау —
көшіріп жазу, диктант және басқа жұмыстарда қолданылады. Грамматикалық-
орфографиялық талдау жүргізудің мынадай түрі де озат мұғалімдер
тәжірибесінен орын алып жүр. Мұғалім сөйлемді оқиды, ал оқушылар сол
сөйлемді талдайды. Мұнда талданған текст окушылар алдында әзір тұрған жоқ.
Талдаудың мұндай түрі оқушылардыңесту қабілетін арттыруға
көмектеседі,сөздің айтылуы мен жазылуы арасындағы ерекшеліктерді аңғартады.
Талдаудың тағы бір жолыдайын карточкабойынша талдауболып табылады.
2.4 Оқушының өздігінен жүргізетін жұмыстары
Өздігінен жүргізетін жұмыстар:
1) үлгі бойынша жүргізілетін өздігінен жұмыс, 2) реконструкқиялана
(қайта құрыла) жүргізілетін өздігінен жұмыс,
3) әр түрлі нұсқаулар бойынша жүргізілетін өздігінен жұмыс,
4) творчестволықпен жүргізілетін өздігінен жұмыс,
5) Қайта жаңғырту жолымен де, творчестволық жолмен де аралас
жүргізілетін өздігінен жұмыс болып бөлінеді.
Үлгі бойынша жүргізілетін өздігінен жұмыс нұсқау іспетті берілгенүлгі
негізінде орындалады.оқушыларға бірнеше сөйлем беріп, олар ол сөйлемдердің
тыныс белтілерін өздігінен қойып шығады немесе белгілі бір ғрамматикалық
ережеге негізделген бірнеше сөз тақтаға жазылады да, оқушылар дұрыс
жазылғанын я қате екендігін айтады, немесе белгілі бір грамматикалық
ережеге байланысты мысалдар айту талап етіледі.
Творчестволықпен жүргізілетін өздігінен жұмыстың түріне аяқталмаған
жұмыстарды жалғастыру, реферат, баяндама, реқензиялар жазу, шағын
зерттеулер жүргізу жатады. Мектеп оқушыларының творчестволык жұмыстарын
археологиялық, диалектологиялық әкскурсияларға қатысуды да қосуга болады.
Оқушылар әкспедиция қорытындысы туралы шағын көлемді ғылыми есеп береді.
Әкспедиция материалдары негізінде шағын сюжетті әңгіме жазу, оқулықта
берілген иллюстрақиялар, қосымша материалдар бойынша, жекелеген мәдени
ескерткіштер бойынша шығарма жазу да творчестволық жұмыс болып саналады.
Оқушылардың өздігінен жүргізетін жұмыс түрлерін, жалпы алғанда,
былайша санамалауға болады:
1) оқушылар жан-жақты да дәлелді жауап беретіндей сұрақ қою.
1) Оқушылар саналы түрде және салыстыра, қарама-қарсы
материалды келтіре отырып, қорытынды жасайтындай тапсырма беру.
2) Ережеге байланысты мысалдар ойлап тауып, оны практикада
пайдалану қабілетін аңғарып отыру.
3) Күрделі тақырыптарды өздігінен жүйелейтіндей тапсырмалар
үсыну.
4) Грамматикалық басты-басты тапсырмаларды орынды
пайдаланатындай аралас тапсырмалар беру.
5) Программаның белгілі тарауы бойынша алған білімдерін толық
пайдалана отырып, өздігінен орындайтын тапсырма беру.
2) Практикалық сипатты тапсырмалар орындату.
3) Бір тапсырманы бірнеше нүсқада орындауды талап ету.
4) Творчестволық жұмыстарды өздігінен орындауды тапсыру.
10) Мазмұндама және шығарма материалдарын алдын ала игеріп,
ойын еркін баяндауға төселдіру т.б.
Сонымен, оқушылардың тіл байлықтарының, сөз қорларының молайып, ана
тілінде дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуін қамтамасыз ету мақсатында
жүргізілетін жұмыстардың түрлері көп. Бүның кейбір үлгілерін
V - VIII класс оқушыларының ана тілінен өз бетімен жұмыс жүргізуі үшін
қосымша тапсырмалар атты еңбектен қарауға болады.
2.5 Оқушылардың жазба жұмыстарындағы емлелік қателерді түзету
әдістері
Оқушылардың жазу жұмыстарын мүқият тексеріп отыру олардың сауаттылығын
арттыруға көмектеседі.
Оқушылардың ана тілін еркін және дұрыс меңгеруі, сауатты жазуы жазба
жұмыстарды үнемі түзетіп отыруға тығыз байланысты. Мұғалімдер оқушылардьщ
орфографиялық қателерін түзеткенде мынадай негізгі шараларды қолодану
керек:
Мұғалім барлык қателерді түзетіп, соңғы өтілген негізгі
тақырыптан кеткен қателерінің астын сызып көрсетуі керек.
Орфографиялық қателерді түзету үшін орфографиялык шартты
белгілерді қолдануы керек. Мұндай белгілер оқушыларға таныс болуы тиіс.
Қателерді түзету, олардың астын сызу тек қана оқушылардың қателерін
тізбектеу болып табылмайды, қайта әрбір қойылған шартты белгі немесе
қатенің астын сызу оқушыға орфографиялық кемшіліктерді саналылықпен
түзетуге көмек етеді. Бұл жұмыс оқушының жалпы білім дәрежесеіне
бақылау жасау мақсатын көздей жүргізілуі керек.
Емлелік қателерді түзеткен кезде мұғалім әр оқушының
психологиялық және жас ерекшеліктерін, олардың орфографиялық
сауаттылық дәрежесін еске алуы қажет. Бұл жағдай қателерді түзетудің
дұрыс тәсілдерін табуға көмектеседі.
Емлелік қателерді түзеткен кезде орфографиялық катенің
ерекшелігін еске алу керек.
Мұғалімнің әрбір тексеруі оқушыға барлық жағынан әсер етуі
тиіс. Түзетулер оқушының жіберген қателерін өзі сезетіндей ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz