БАНК НЕСИЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1 ТАРАУ. БАНК НЕСИЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Несиенің маңызы мен функциясы
1.2. Несие беру шарттары мен жіктелімі
1.3. Несие берудің негізгі принциптері

2 ТАРАУ. Қазақстандағы шағын жӘне орта бизнеске
несие беруді талдау
2.2. Қазақстандағы шағын және орта бизнестің жағдайын талдау
2.3. Қазақстанның қазіргі несиелік жүйесін талдау
3.3. Қазақстандағы несиелік бюро

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

"Коммерциялық банк" термині, банкілер басымды жағдайда саудаға (commerce), тауар айырбасы операцияларына және төлемдерге қызмет көрсетуі кезіндегі банкі ісінің ерте кезеңінде пайда болды. Оның негізгі тапсырыскері сатармандар еді. Банкілер тауар айырбасымен байланысты тасымалдау, сақтау және басқада операцияларды несиелендірді. Өнеркәсіптік өндірістің өркендеуімен өндірістік циклді қысқа мерзімді несиелендіру бойынша операциялар пайда болды: айналым капиталын толықтыру, шикізаттар мен дайын бұйым қорларын құру, жалақы төлеу және т.б. несиесі.
Несиелер мерзімі біртіндеп өсе бастады, банк ресурстарының бір бөлігі негізгі капитал мен бағалы қағаздарға жұмсалым үшін қолданыла бастады. Соңғы уақытта Қазақстанның банкілік жүйесінің қалыптасуында маңызды өзгерістер болды. Банк-жетекшілер анықталды, банкілік мамандандырудың негізгі бағыттары қалыптасты, қаржы институттары арасында тапсырыскерлер қорын бөлу аяқталды.
Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуін, оның жұмыс істеу тиімділігінің артуын, қажетті инфрақұрылымның құрылуын несиелендіру қатынасын қолданбай және оны ары қарай өркендетпей қамтамасыздандыру мүмкін емес.
Несие өндіру күштерінің өркендеуін ынталандырады, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктері негізінде ұдайы жаңғыруды кеңейту үшін капитал көздерін қалыптастыруды тездетеді.
Несиелік қолдаусыз, ішкі мемлекеттік және сыртқы экономикалық кеңістікте шаруашылықтардың, кәсіпорындардың, кәсіпкерлік қызметтердің басқада түрлерін енгізудің тез және өркениетті қалыптасуын қамтамасыздандыру мүмкін емес.
Кәсіпорындарды несиелендірудің объективті қажеттілігі капиталдың ауыспалы айналымының ерекшеліктерімен шартталған, оған кіретіндер: ақша резервтерінің тұрақты пайда болуы, шаруашылықтағы қаражат айналымының әртүрлі ұзақтығы, қолма-қол ақшалы және ақшасыз айналымдардың тығыз шиеленісуі, экономикалық субъектілер шеңберіндегі қаражаттарды оқшауландыру. Ауыспалы айналым процесінде бір шаруашылық буындарынан қаражат босатылып алынады, ал екіншілерінде оларды қолдану қажеттілігі туады. Несиелендіру қажеттілігі нарық жағдайларында басқарудың коммерциялық ұйымдастырылуыменде шарттасылған, бұл кезде әрбір кәсіпорында капиталдың ауыспалы айналымы жағдайында қаражаттың қосымша қажетсінуі пайда болады. Несиелендіру механизмі көмегімен кәсіпорындар өздерінің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті қаражаттарды алады.
Несие салалар мен аймақтар арасындағы экономикалық байланыстардың өркендеуінде, өндіріс тиімділігінің жоғарылауында, табыстар мен пайдаларды құру мен қолдануда үлкен маңызды орын алады. Несие ақшалық массаның көлемі мен құрылымына, төлем айналымына және ақша айналысы жылдамдығына белсенді ықпал етуге қабілетті. Несиенің арқасында пайданы капиталдандырудың яғни өндірістің шоғырлануының ең жылдам процесі өтеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты банкілік несиелер теориясын талдау, несие функциясын анықтау, несиелендірудің шарттары мен нысанын анықтау. Несиелендірудің ең тиімді нысандарын және осы нысандардың қазіргі Қазақстанның банк жүйесінде қолданылуын бөліп көрсету.
Несиелердің кәсіптік банкілік және Қазақстандық жалпы мемлекеттік өзіндік ерекшеліктермен байланысты мәселелерін анықтау, банкілік әдістемелердің жетілдірілу қабілеттілігін, сонымен қатар несиелерді басқарудағы банкілік менеджменттің келешегін анықтау.
Қойылған мақсатқа жету үшін нормативтік және заңдық актілер, мамандар мен банк қызметкерлерінің еңбектері, статистикалық мәліметтер, кезеңдік әдебиеттердегі зерттеу статьялары қолданылды. Теориялық ізденістерден өзге несиені рәсімдеу кезінде құрастырылатын құжаттар мен банк қызметкерлерінің ауызша ақыл-кеңестері қолданылды.
Осының бәрі жалпы несиелендіру процесін және оның жеке аспектілерін толық және егжей тегжейлі қарастыруға мүмкіндік берді. Процестің теориялық және құжаттық жақтары зерттелінді. Несиегер мен қарызгердің функциялары, олардың құқығы мен жауапкершіліктері, жәнеде өзара әрекет жасаудың барлық бойлығында, нарықтық жағдайда екі жақтыңда бет алыс бағыты анықталды. Барлық жиналған мәліметтерді зерттеу кезінде, Қазақстандағы несиелік қатынастың өркендеуінің мүмкіндікті жолдары қарастырылды.
Шығарымдық біліктілік жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады. Бірінші тарау несиелік процестің теориялық аспектілеріне арналған – онда несиелендірудің мәні мен негізгі принциптері қарастырылған. Екінші тарауда коммерциялық банкілердің несие беру процестерінің талдауы келтірілген: несие беру үшін қажетті құжаттар көрсетілген, банкілік несиелер типтері анықталған, Қазақстандағы шағын және орта бизнестің ағымды күйі қарастырылған, сонымен қатар несие беру мәселелері – оларды шешу жолдары. Үшінші тарауда Қазақстандағы шағын және орта бизнестің өркендеу келешегі анықталған.

1 ТАРАУ. БАНК НЕСИЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1. Несиенің маңызы мен функциясы

Несие – қарызға ақша немесе тауар беру, ереже бойынша, процент төлеумен; құндық экономикалық категория тауар – ақша қатынасының бөлінбес элементі. Несиенің пайда болуы айырбас саласымен тікелей байланысты, бұл жерде тауарлар иелері экономикалық қатынасқа түсуге дайын, меншіктенушілер ретінде бір – біріне қарсы тұрады.
Несиенің пайда болу және өркендеу мүмкіндігі капиталдың ауыспалы айналымымен және айналымымен байланысты. Капиталдың негізгі және айналымды қозғалысы процесінде ресурстарды босатып алу жүреді. Еңбек құралдары өндіріс процесінде ұзақ уақыт қолданылады, олардың құны дайын өнімдер құнына бөлшекті беріледі.
Негізгі капитал құнының ақша нысанында біртіндеп қайта құрылуы, босатып алынған ақшалай қаражаттың кәсіпорынның есеп шотында тұрақталып қалуына әкеледі. Сонымен қатар, басқа полюсте тозығы жеткен еңбек құралдарын алмастырудың және жеткілікті ірі бірмезгілдік жұмсалатын қаражат қажеттілігі пайда болады. Сипаттамасы бойынша ұқсас процестер айналымды капитал қозғалысындада жүреді. Одан өзге, бұл жерде ауыспалы айналымдағы және айналымдағы ауытқулар өздерін әртүрлі айқындайды. Мысалы, өндірістің маусымдылығына, жеткізудің әркелкілігіне және басқаларға байланысты, өнімдердің құрылуы мен айналу уақыты дәл келмейді. Бір субъектілерде қаражаттың уақытша артықшылығы пайда болады, ал екіншісінде керісінше - олардың жетімсіздігі. Бұл несиелік қатынастың пайда болу мүмкіндігін туғызады, яғни несие қаражаттың уақытша тұрақтап қалуы мен қажеттілігі арасындағы, олардың шаруашылықта қолданылуының салыстырмалы қарама-қайшылығын шешеді.
Экономикадағы несиелік қатынастар белгілі бір әдістемелік негізге орналастырылады, оның бір элементі болып несиелік капиталдар нарығындағы кез – келген операцияны практика жүзінде ұйымдастыру кезінде қатаң сақталатын принциптер табылады. Бұл принциптер несиенің өркендеуінің бірінші кезеңінде жағдайлық тәртіпте құралды, содан соң жалпы мемлекеттік және халықаралық несиелік заңдарында тікелей бейнеленді:
Несиенің қайтарымдылығы
Бұл принцип несиегерден алынған қаржылық ресурстардың, оларды қарызгер қолданып болғаннан соң уақытылы қайтару қажеттілігін анықтайды. Ол, ақшалай қаражаттың сәйкес сомасын өзіне несие берген ұйымның (немесе басқада несиегердің) есеп шотына аудару жолымен, нақты несиені өтеудің өзіндік практикалық анықтамасын табады, бұл банкінің жарғылық қызметін жалғастырудың қажетті шарты ретінде, оның несиелік ресурстарының жаңғыртылуын қамтамасыз етеді.
Несиелендірудің отандық практикасында орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайларында “қайтарылмаған несие” деген ресми емес ұғым болды. Несие берудің бұл нысаны барынша кең таралды, әсіресе аграрлық секторда, жәнеде қарызгердің дағдарысты қаржылық күйіне байланысты, қайтарымы ең басынан жоспарланбаған несиелердің мемлекеттік несиелік ұйымдармен беруі анықталды. Өзінің экономикалық маңызы бойынша, қайтарылмайтын несиелер мемлекеттік банк делдалдығы арқылы жүзеге асатын, бюджеттік қаражаттандырудың қосымша нысаны болып табылады, бұл несиелік жоспарлауды дәстүрлі күрделендірді және бюджеттің шығыс бөлігін тұрақты түрде бұрмалауға соқтырды. Нарықты экономика жағдайында қайтарылмайтын несие ұғымына жол берілмейді, мысалы, “жоспарланған – залалды дербес кәсіпорын” ұғымы секілді.
Несиенің мерзімділігі
Ол, несиені қайтарудың қарызгер үшін кез-келген ыңғайлы уақытта емес, несиелік шартта немесе соны алмастыра алатын басқа құжатта белгіленген анықталған мерзімде дәл қайтару қажеттігін көрсетеді. Көрсетілген шарттың бұзылуы несиегер үшін қарызгерге, алынатын процентті өсіру нысанындағы экономикалық ықпалшараны қолдануға, ал ары қарай мерзімі ұзарғанда (біздің елімізде – үш айдан жоғары) – қаржылық талапты сот арқылы шешуге жеткілікті негіз болып табылады. Бұл ережелерден жекеше шығып қалатыны, ол онкольдық несие (талап етілмелі),оның борышты өтеу мерзімі ең басынан несиелік шартта анықталмайды. Бұл несиелер, XIX ғ. - XX ғ. басында барынша кең тараған (мысалы, АҚШ аграрлық кешендерінде), қазіргі жағдайларда практика жүзінде қолданылмайды деуге болады, бәрінен бұрын несиелік жоспарлау процесіндегі олардың күрделілігіне байланысты. Одан өзге, онкольдық несие туралы шарт, оның өтелуінің белгіленген мерзімін анықтамай-ақ, қарызгердің банкіден бұрын алған қаражатын қайтару туралы хабарламаны алу кезеңінен бастап, ондағы иеленуде мерзімді айқын орнықтырады, бұл қарастырылып отырған принциптің қандайда бір дәрежеде сақталуын қамтамасыздандырады.
Несиенің ақылылығы. Несиелік процент.
Бұл принцип қарызгердің банктен алған несиелік ресурстарын тікелей қайтару қажеттілігін ғана емес, сонымен қатар оларды қолдану бойынша құқығына ақы төлеудіде қайтару қажеттілігін көрсетеді. Несие үшін ақы төлеудің экономикалық мәні - қарызгер мен несиегер арасындағы оны қолдану есебінен қосымша алынған пайданың нақты бөлінуінде айқындалады. Қарастырылып отырған принцип өзінің практикалық көрсетілуін келесідей үш негізгі функцияны орындайтын банк процентінің шамасын орнықтыру процесінен табады:
заңдық тұлғалар пайдасы мен жеке тұлғалар табысының жеке бөлімдерін қайта бөлу;
өндірісті реттеу және несиелік капиталды бөлу жолымен салалық, салалар аралық және халықаралық деңгейлердегі айналым;
экономиканың өркендеуінің дағдарысты кезеңдерінде – банк тапсырыскерлерінің ақшалық қорларын инфляцияға қарсы қорғау.
Несие капиталынан алынған жылдық табыс сомасының берілген несие сомасына қатынасы ретінде анықталатын несие процентінің мөлшерлемесі (немесе мөлшері), несие ресурстарының бағасы ретінде алынады.
Тауарлардың мамандандырылған нарығына ұсынылатындардың бірі ретіндегі несие ролін қуаттай отырып, несиенің ақылығы қарызгердің несиені өнімді қолдануына ынталандырады. Тура осы ынталандыру функциясы, несие ресурстарының үлкен бөлігі мемлекеттік банк мекемелерімен өте аз ақыға (жыл бойынша 1,5 – 5 %) немесе процентсіз негізде берілген кезде, жоспарлы экономика жағдайында толығымен қолданылмады.
Несие бағасы, тауарлар өндірісінде еңбектің қоғамдық қажетті жұмсалуы анықтаушы элемент болатын, басқа тауарлар түрінің баға белгіленуінің дәстүрлі механизмінен принципті ерекшелене отырып, сұраныстың жалпы қатынасын және несие капиталы нарқындағы ұсыныстарды кескіндейді және бірқатар факторларға тәуелді болады, оның ішінде таза конъюктуралық сипаттағы:
нарықты экономиканың өркендеуінің айналсоқпалылығы (құлдырау кезеңінде несие проценті, қағида бойынша, артады, ал тез көтерілу кезеңінде – төмендейді);
инфляциялық процесс қарқындылығы (практикада несие процентінің жоғарылауынан бірнеше қалып отырады);
орталық банктің коммерциялық банктерге несие беру процесінің есептелу саясаты арқылы жүзеге асатын мемлекеттік несие беруді реттеудің тиімділігі;
халықаралық несие нарықындағы жағдайлар (мысалы, АҚШта 80 жылдары жүргізілген несиені қымбаттату саясаты шетелдік капиталды америка банктеріне тартуды шарттады, бұл сәйкес ұлттық нарықтар жағдайына әсер етті);
жеке және заңдық тұлғалардың ақшалай қорларының динамикасы (оларды қысқарту тенденциясы кезінде, несие проценті, қағидалы, артады);
әлеуетті қарызгерлердің сәйкес категорияларының тұтынушылық және несиелік ресурстарын анықтайтын өндіріс пен айналым динамикасы;
өндірістің мерзімділігі (мысалы, Ресейде несие процентінің мөлшерлемесі тамыз және қыркүйек айларында дәстүрлі жоғарылайды, бұл Қиыр Солтүстікке тауарлар жеткізуге арналған несиелер және аграрлық несиелер беру қажеттілігімен байланысты);
мемлекет беретін несиелер мөлшері мен оның қарыздары арасындағы қатынастар (несие проценті ішкі мемлекеттік қарыздың жоғарылауы кезінде тұрақты түрде артады).
Несиенің қамтамасыз етілуі
Бұл принцип қарызгердің өзіне алған жауапкершілігін бұзу мүмкіндігі болғанда, несиегердің мүліктік мүддесін қорғауды қамтамасыздандыру қажеттілігін айқындайды және несиелендірудің кепілзат алып несие беру немесе қаржылық кепілдеме алып несие беру сияқты, нысандарының практикалық көрсетілуін табады. Бұл әсіресе жалпы экономикалық тұрақсыздық кезеңінде актуалды, мысалы, біздің отандық жағдайларымызда.
Несиенің мақсатты сипаты
Несие операцияларының көптеген түрлеріне таралады, несиегерден алынған қаражатты мақсатты қолдану қажеттілігін айқындайды. Берілетін несиенің нақты мақсатын орнықтыратын несие шартының сәйкес бөлімінде орын табады, сонымен қатар қарызгердің осы шартты сақтауын банк жағынан бақылау процесінде де орын алады. Бұл міндеттеменің бұзылуы, несиені мерзімінен бұрын қайтарып алу үшін немесе айыппұлды несиелік процент (жоғарылатылған) енгізу үшін негіз бола алады.
Несиенің сараланған сипаты
Бұл принцип әлуетті қарызгерлердің әртүрлі категорияларына несиелендіретін ұйымдар жағынан сараланған тәсілді анықтайды. Практика жүзінде оны іске асыру нақты банктің жеке мүддесінеде, мемлекет жүргізетін орталықтандырған саясаттың жеке салаларды немесе қызмет әрекеті аймақтарын (мысалы, шағын бизнесті және т.б.) қолдау жағдайынада тәуелді болады.
Қоғамның экономикалық жүйесіндегі несиенің алатын орыны мен ролі, бәрінен бұрын, олар орындайтын функциялардың жалпы және селективті сипатымен анықталады.
Қайта бөлуші функция.
Нарықты экономика жағдайында несие капиталдарының рыногі, уақытша еркін қаржылық ресурстарды шаруашылық қызметінің бір аймағынан, жоғары пайда келтіруді қамтамасыз ететін екінші аймаққа бағыттаушы, айдаушы сорғы ролін атқарады. Әртүрлі салалардағы немесе региондардағы оның сараланған деңгейін бағдарлай отырып, несие экономиканың жағдайлы макро-реттегіші ролінде байқалады, жәнеде қосымша қаржылық ресурстарға капитал беріп, динамикалық өркендеуші объектілердің қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Дегенмен, кейбір жағдайларда көрсетілген функцияның практикалық жүзеге асуы нарық құрылымының үйлесімсіздігінің тереңдеуіне ықпал етеді және капиталдардың өндіріс аймағынан айналым аймағына қайта ағуы қатерлі сипатты қабылдайды, оның ішінде несие беру ұйымдарының көмегімен. Сондықтанда несие жүйесін мемлекеттік реттеудің бірден-бір маңызды мәселесі – экономикалық басымдылықты тиімді анықтау және несиелік ресурстарды, ұлттық мүдде тұрғысынан қарағанда, шаруашылықтың жеке субъектілерінің ағымды пайдасы үшін емес, керісінше қарқынды өркендеуі объективті қажетті салаларға немесе региондарға тартуды ынталандыру.
Айналым шығынының үнемділігі.
Бұл функцияның практикалық жүзеге асуы, өнеркәсіптік және саудалық капиталдардың ауыспалы айналым процесінде уақытша босатылып алынатын қаржылық ресурстар көзі болып табылатын, несиенің экономикалық мәнінен шығады. Шаруашылықты жүргізу субъектілерінің ақша қаражаттарының түсімі мен шығыны арасындағы уақытша айырым артықшылықты ғана емес, сонымен қатар қаржылық ресурстардың жетімсіздігінде анықтайды. Сондықтанда қарызгерлердің барлық категорияларымен қолданылатын және капиталдың айналымының қарқындылығын, демек жалпы айналым шығынының үнемделуін қамтамасыз ететін, меншікті айналым қаражатының уақытша жетімсіздігін толықтыратын несие кеңінен таралды.
Капиталдың шоғырлануын жеделдету.
Капиталдың шоғырлану процесі экономиканың өркендеуінің тұрақтануының қажетті шарты болып табылады және шаруашылықты жүргізудің кез – келген субъектілерінің басым мақсаты болады. Бұл мәселені шешуге нақты көмекті, өндіріс масштабын (немесе басқада шаруашылық операциясын) кеңейтуге мүмкіндік беретін қарыз қаражаты көрсете алады, сол арқылы пайданың қосымша массасын қамтамасыз етеді. Тіпті оның бір бөлігін несиегермен есептесу үшін бөлу қажеттілігін еске алсада, несие беру ресурсын тарту тек қана меншікті қаражатқа бағытталуға қарағанда орынды болады. Дегенмен, айта кету керек, экономикалық құлдырау кезеңінде (әсіресе, нарықты экономикаға өту жағдайында) бұл ресурстардың қымбатшылығы шаруашылық қызметінің көптеген аймақтарында капиталдың шоғырлануын жеделдету мәселесін шешу үшін оларды активті қолдануға мүмкіндік бермейді. Соған қарамастан, қарастырылып отырған функция, тіпті отандық жағдайдада, жоспарлы экономика кезеңінде болмаған немесе соншалықты өркендемеген қызметтер аймағын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету процесін жеделдетуге мүмкіндік беріп, белгілі – бір оң тиімділікті қамтамасыздандырды.
Тауар айналымына қызмет көрсету.
Бұл функцияны жүзеге асыру процесінде несие тек қана тауарлық емес, сонымен қатар одан қолма – қол ақшаны ығыстыра отырып, ақша айналымының да жеделдеуіне белсенді ықпал етеді. Ақша айналымы аймағына вексель, чек, несие карточкалары және т.б. сияқты құралдарды енгізе отырып, ол қолма – қол ақшамен есептесуді қолма – қол ақшасыз операцияларымен ауыстыруды қамтамасыз етеді, бұл ішкі және халықаралық нарықтарды экономикалық қатынастардың механизмін жеңілдетеді және жылдамдатады. Осы мәселені шешуде ең маңызды рольді, тауар алмасудың қазіргі қатынасының қажетті элементі ретінде, коммерциялық несие атқарады.
Ғылыми – техникалық прогресті жеделдету.
Соғыстан кейінгі жылдары ғылыми – техникалық прогресс кез – келген мемлекеттің және шаруашылық жүргізуші жеке субъектінің экономикалық өркендеуінің анықтаушы факторы болды. Оның жеделдеуіндегі несиенің ең көрнекі ролін, капиталдың бастапқы жұмсалымы мен дайын өнімді өткізу арасындағы уақытша айырым болатын басқа салаларға қарағанда, өзіндік ерекшелікті ғылыми – техникалық ұйымдар қызметін қаржыландыру процесі мысалында байқауға болады. Сондықтанда көптеген ғылыми орталықтардың қалыпты қызмет етуі (бюджеттік қаржыландырудағы мекемелерден өзгесі) несиелік ресурстарды қолданусыз орындалмайтын шарт. Несие соншалықты өндіріске ғылыми әзірлемелер мен технологияларды тікелей енгізу нысанында инновациялық процестерді жүзеге асыру үшінде қажетті, бұлардың шығындары алдымен кәсіпорынмен қаржыландырылады, оның ішінде банкінің мақсатты қысқа және ұзақ мерзімдік несиелері есебіненде.
Сонымен несие – бұл уақытша қолдануға берілген құн мәселесі бойынша несиегер мен қарызгер арасында туатын экономикалық қатынас.
Нарықты экономика жағдайларында несие келесі функцияларды орындайды:
- уақытша еркін ақшалай қаражаттардың шоғырлануы;
- ақшалай қаражатты, олардың кейін қайтарылуымен шарттап, қайта бөлу;
- айналымның несиелік құралын (банкнот және қазынашылық билеттер) және несиелік операциялар құру;
- жиынтық ақша айналымы көлемін реттеу.

1.2. Несие беру шарттары мен жіктелімі

Анықтау бойынша несие, бұл бір жақтың екінші жаққа қарызға берген, рулық белгілермен біріккен, ақшалай қаражат немесе басқалай заттар. Демек, несиелік құқықтық қатынас ретінде беру (қайта беру), қолдану және ақша қаражатын немесе басқа заттарды қайтару шартының салдарынан пайда болатын барлық құқықтық қатынастар қабылданады. Практикада несие таза түрінде (қарыздар, банктік несиелер), сонымен қатар әртүрлі азаматтық – құқықтық міндеттемелердің құрама бөлігі түрінде қызмет ете алады.
Банктік несие, оның рәсімделуіне қойылатын талаптар, несиенің басқа түрлерінен айрықшаланатын белгілі бір ерекшелікті болады. Бәрінен бұрын, банктің тапсырыскермен несиелік қатынасы мерзімділік, қайтарымдық, ақылылық және несиенің қамтамасыздығы принциптерінде құрылатынын және шартпенен рәсімделетінін айта кету керек. Банктік несие келесідей ерекшелңктермен айрықшаланады.
Біріншіден, бұл құқықтық қатынастар арнайы субъектілік құраммен сипатталады: осы жағдайда несиегер ретінде банк немесе басқа несие беру ұйымы түседі, ол ретті, кәсіпқойлы Орталық Банкпен арнайы берілген рұқсат (лицензия) негізінде, өз қызметінің басты мақсаты ретінде, пайданы бөліп алу үшін осындай тектегі операцияларды іске асырады.
Екіншіден, егер қарыз шарты бойынша әлде тауарлық немесе коммерциялық несие беру нәтижесінде шарттың мән – мағанасы болып тек ақша қаражаты емес, сонымен қатар рулық белгілермен анықталған басқада заттар табылса, онда банк несиесі шартының мән – мағанасы болып тек қана ақша қаражаты табылады.
Үшіншіден, банк несиесі шартының ерекшелігі болып оның өтемді сипаты табылады, яғни тапсырыскердің белгілі бір мерзім ішінде, несие беру ұйымының ақшалай қаражатын қолданғаны үшін процент төлеуі. Қарыздың кәдімгі шартының ерекшелігіде осында, жақтардың құқықтық қатынасының өтемді және өтемсіз сипаттамаларын көрсетеді.
Төртіншіден, несиенің қамтамасыз етілуі. Несиені өз уақытында қайтаруды қамтамасыздандыру ретінде банктер кепілзат, кепілгерлік, басқа банктің кепілдігін қабылдайды, сонымен қатар банк практикасында қолданылатын басқа нысандағы міндеттемелерді де қабылдайды.
Бесіншіден, несие шартының қарыз шартынан ерекшелігі, несие шарты қарыз қаражатының нақты мақсаттарының көрсетілуімен, мақсатты қолдану талаптарын енгізеді.
Алтыншыдан, несиелік шарт міндетті түрде жазбаша нысанда қортындыланады. Мұндай рәсімделудің міндеттілігі әрекеттегі заңменен анықталған, жәнеде жазбаша нысанды сақтамау несиелік шарттың күшінің жойылуына әкеледі.
Жетіншіден, әрекеттегі заңға сәйкес несие шарты бойынша ақша қаражаты кәсіпорындық – қарызгерге тек қана қолма – қол ақшасыз нысанда ғана берілуі мүмкін.
Коммерциялық банктермен кәсіпорындарға несие беру несиелік шарт негізінде жүзеге асады, оны басқаша банктік несие шарты депте атайды. Несиені беру ережесін, тәртібін, этаптарын және несиелік шарт жасасу жағдайларын коммерциялық банк Орталық Банктің пікірлері мен нұсқауларын еске ала отырып өз бетінше әзірлейді.
Сол немесе басқа қарызгерге несие берудің тиімділігі туралы мәселені шешу үшін соңғысы коммерциялық банкқа келесідей анықталған құжаттар жинағын беруге міндетті:
- несиені алуға арналған тапсырыс;
- қарызгердің құрылтайлық құжаттарының, нотариалды расталған, көшірмесі (кәсіпорынды тіркеу туралы куәлік, жарғысы, құрылтайлық шарт);
- салық инспекциясымен расталған, соңғы есеп беру мерзімінің балансы;
- жобаның өтелу мерзімінің техника-экономикалық негіздемесі;
- мәмілені мақұлдайтын шарттар (контракттар) көшірмесі;
- нотариуспен расталған кәсіпорын жетекшісінің, бас бухгалтерінің қолдарының үлгісі бар банк карточкасы мен мөрдің оттискісі;
- несиенің қамтамасыз етілетінін мақұлдайтын құжаттар (кепілзат шарты, кепілгерлік шарты, банк кепілдігі және т.б.).
Қарызгердің қаржылық күйіне және басқада міндеттемелеріне тәуелді көрсетілген тізім оданда кең ауқымда болуы мүмкін.
Берілген құжаттарды талдау нәтижесінде, сонымен қатар, мүмкін, қарызгердің шаруашылықты – қаржылық қызметінің нәтижелеріне зерттеу және бағалау жүргізумен – оның іскерлік абыройын, төлеу қабілеттілігін (әсіресе, айтулы мерзімге жеткілікті ірі сома берілу туралы мәселе қаралған кезде) – несиені беру туралы шешім қабылданады. Несиелік мәмілелерді рәсімдеу шарт жасасу жолымен жүргізіледі.
Несие саясаты несиенің бағасы мен валютасы сияқты несие берудің маңызды шарттарын анықтайды.
Несие бағасы басқа қаржы институттарымен ұсынылатын сыйақыдан, банк активтері мен пассивтерінің экономикалық құнынан, Орталық Банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен, несиеленетін жоба және басқа факторлар құрамдарының рыноктағы мөлшерлемелерінен құрастырылатын сыйақыға (мүддеге) тәуелді қалыптасады.
Несие валютасы. Несиелік тәуекелділікті басқару принциптеріне сәйкес банк берілетін несиенің валютасын дербес анықтайды. Қағида бойынша, банк несиені ұлттық валютада береді, Орталық Банк курсы бойынша валюталық эквивалентке шаға отырып, сонымен қатар шетелдік валютаменде береді, көбінесе АҚШ долларымен.
Несие валютасы қаржыланатын жоба сипаттамасына және валюталық рыноктың ағымдағы (келешектегі) күйіне байланысты Несие комитетімен анықталады.
Несиені сыныптауды, дәстүрлі түрде бірнеше базалық белгілер бойынша жүзеге асыру қабылданған, олардың ішінде ең маңыздысына жататындар, несиегер мен қарызгердің категориялары, сонымен қатар нақты несие берілетін нысанды жатқызуға болады. Осыны ескере отырып несиенің келесідей алты жеткілікті дербес нысандарын бөліп көрсетуге болады, олардың әрқайсысы өз кезегінде бөлшектеле сыныпталу параметрлері бойынша бірнеше түрлерге бөлінеді.
Банктік несие. Экономикадағы несиелік қатынастың ең кең тараған нысаны , оның объектісі болып несиеге тікелей ақша қаражатының берілу процесі түседі. Тек қана Орталық Банктің осындай операцияларды жүргізуге рұқсат ететін лицензиясы бар арнайы несиелік - қаржылық ұйымдармен беріледі. Қарызгер ролін заңды тұлғалар ғана атқара алады, несиелік қатынас құралы болып несиелік шарт немесе несиелік келісім табылады. Несиенің бұл нысаны бойынша табыс несиелік процент немесе банктік процент түрінде түседі, оның мөлшерлемесі екі жақтың келісімі бойынша осы кезеңге және несиенің нақты шарттарына берілген оның орташа мөлшерін есепке алып анықталады. Бірқатар базалық белгілері бойынша сыныпталады. Өтеу мерзімдері:
- Онкольдық несиелер, несиегерден ресми хабарлама түскеннен соң белгіленген мерзімде қайтарылуы керек. Қазіргі уақытта көптеген елдерде практика жүзінде қолданылады, өйткені несие капиталы рыногінде және жалпы экономикада салыстырмалы қалыпты жағдайдың болуын талап етеді;
- Қысқа мерзімді несиелер, қарызгердің меншікті айналымды қаражатының уақытша жеткіліксіздігін толықтыру мақсатында беріледі. Ұқсас операциялардың жиынтығы несиелік капиталдар рыногінің – ақша рыногінің автономды сегментін түзейді. Несиенің бұл түрі бойынша өтеудің орташа мерзімі алты айдан аспайды. Қысқа мерзімді несиелер қор нарықта, саудада және қызмет көрсету аймағында, банк аралық несие беру режимінде ең белсенді қолданылады. Қазіргі жағдайларда несиелік капиталдар рыногінде бірмәнді басымдылықты сипатын алған қысқа мерзімді несиелер келесідей ерекшеленетін белгілермен сипатталады:
а) ең қысқа мерзімдермен, көбінесе бір айдан аспайтын;
б) процент мөлшерлемесімен. Несиені қайтару мерзіміне кері пропорционал;
в) негізінен айналым аймағына қызмет көрсетумен, өйткені өндірістік сипаттағы құрылымдар үшін бағалары қол жеткісіз.
- Орта мерзімді несиелер, бір жылға дейінгі мерзімге беріледі (отандық жағдайларда — үш-алты айларға дейін), өндірістік мақсатқа және таза коммерциялық сипаттағы мақсатқа жұмсауға беріледі. Ең кең тараған жері аграрлық сектор, жәнеде орташа көлемді талап етілетін инвестицияның инновациялық процестерін несиелендіруде;
- Ұзақ мерзімді несиелер, инвестициялық мақсаттарда қолданылады. Орташа мерзімді несиелер сияқты, бұларда негізгі қаражаттар қозғалысына қызмет етеді, тек берілетін несие ресурстарының үлкен көлемдерімен ерешелінеді. Қайта құруды, техникалық қайта қарулануды, қызмет көрсетудің барлық аймақтарының кәсіпорындарындағы жаңа құрылыстарын несиелендіру кезінде қолданылады. Ерекше өркендеуді күрделі құрылыста, отынды – энергетикалық кешендерде, экономиканың шикізаттық салаларында алды. Оларды өтеудің орташа мерзімі әншейінде үштен бес жылға дейін болады, бірақ жиырма бес және оданда көп жылдарға жетуі мүмкін, әсіресе мемлекет тарапынан сәйкес қаржылық кепілдік алған кезде.
Өтеу әдістері:
- Қарызгер жағынан біруақыттық жарнамен (төлеммен) өтелетін несиелер. Қысқа мерзімді несиелерді қайтарудың дәстүрлі нысаны, заңдық рәсімделу тұрғысынан барынша функционалды, өйткені саралау процентін есептеу механизмін қолдануды талап етпейді;
- Несиелік шарттың әрекеттегі барлық мерзімі ішінде мәулеттік өтелетін несиелер. Қайтарудың нақты шарттары (тәртіптері) шартпенен анықталады, оның ішінде — несиегердің мүддесін инфляцияға қарсы қорғау бөлігінде. Ұзақ мерзімдік несиелер мен орта мерзімдік несиелер кезінде барлық уақытта қолданылады.
Несиелік процентті өндіріп алу әдістері:
- Проценті оның жалпы өтелетін кезеңінде төленетін несиелер. Қысқа мерзімді несиелерді төлеудің нарықты экономика үшін дәстүрлі нысаны, есептелінуінің қарапайымдылығы тұрғысынан ең функционалдық сипатты болады.
- Проценті несиелік шарттың бүкіл әрекеттегі мерзімі бойында қарызгер жарнасымен бірқалыпты төленетін несиелер. Орта- және ұзақ мерзімді несиелердің дәстүрлі нысаны, жақтардың келісімдеріне байланысты жеткілікті саралау сипатты болады (мысалы, ұзақ мерзімді несие бойынша процентті төлеу несиені қолданудың бірінші жылынан соң басталуы мүмкін, мүмкін одан көп уақыт өткеннен соң басталуы);
- Проценті қарызгерге несиені беру кезінде банкпен ұсталып қалатын несиелер. Өркендеген нарықты экономика үшін бұл нысан абсолютті сипатты емес және өсімқорлық капиталмен ғана қолданылады.
Қамтамасыз етудің барлығы:
- Сенімгерлік несиелер, қайтаруды қамтамасыз етудің жалғыз нысаны тікелей несиелік шарт болып табылады. Шектелген көлемде, толық сенімге ие, тұрақты тапсырыскерлерді несиелендіру процесінде кейбір шетелдік банктермен қолданылады (қарызгердің есеп шотының ағымды күйін тікелей бақылау мүмкіндіктері бар). Орта- және ұзақ мерзімді несие беру кезінде, кейбір жағдайларда, берілген несиенің міндетті түрде сақтандырылуымен қолданылуы мүмкін, әншейінде – қарызгер есебінен. Отандық практикада коммерциялық банктермен тек өздерінің меншікті мекемелерін несиелендіру кезінде қолданылады;
- Қамтамасыз етілген несиелер қазіргі банктік несиелердің негізгі түрі, оның базалық принциптерінің бірін көрсетеді. Қамтамасыз ету ролінде қарызгердің меншіктілік құқығындағы кез – келген мүлігі алынады, көбінесе – жылжымайтын мүлік немесе бағалы қағаздар. Қарызгер өз міндеттемесін бұзған жағдайда, осы мүлік банк меншігіне өтеді, ол оны өткізу процесінде келтірілген залалдың орынын жабады. Берілетін несиенің мөлшері, заң бойынша, ұсынылған қамтамасыз ететін нәрсенің орташа рыноктық құнынан төмен болады және ол жақтардың келісімімен анықталады. Отандық жағдайларда қамтамасыз етілген несиелерді рәсімдеу кезіндегі басты мәселе – ипотекалық және қорлық нарықтардың қалыптасу процесінің аяқсыздығынан мүлік құнын бағалау процедурасы болып табылады;
- Үшінші жақтардың қаржылық кепілдігіне несиелер, нақты кепілгер жағынан несиелік шартты қарызгердің тікелей бұзуы кезінде, банкке келтірілген зиянды нақты өтеудің заңды рәсімделген міндеттемесі алынады. Қаржылық кепілгер ролінде несиегер жағынан жеткілікті сенімге ие, заңды тұлға жәнеде кез – келген деңгейдегі мемлекеттік билік органдары бола алады. Өркендеген нарықты экономика жағдайында кеңінен өріс алды, бәрінен бұрын ұзақ мерзімдегі несие беру аймағында, отандық практикада осы уақытқа дейін несиелік ұйымдар жағынан заңдық тұлғаға ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік органдарғада, әсіресе муниципалдық және жергілікті дәрежедегі органдарға жеткілікті сенімнің болмауынан шектеулі қолданыс тауып келеді. Мақсатқа арналуы:
- Жалпы сипаттағы несиелер, қаржылық ресурстардағы қандайда бір қажеттілігін қанағаттандыру үшін қарызгердің өз ойына қарай қолданатын несиелері. Қазіргі жағдайларда қысқа мерзімді несие беру аймақтарында шектеулі түрде қолданылады, ал орта- және ұзақ мерзімді несие беру кездерінде практика жүзінде қолданылмайды;
Мақсатты несиелер, банктен бөлінген ресурстарды тек қана несиелік шарттармен анықталған міндеттер үшін қолдануды қарызгер үшін қажетті деп болжайды (мысалы, сатып алынған тауарлар үшін есеп айырысуға, қызметкерлердің жалақысын төлеуге, күрделі өркендеуге және т.б.). Осы тарауда айтылғандай, көрсетілген міндеттемелерді бұзу, несиені мезгілінен бұрын қайтарып алу немесе проценттік мөлшерлемені жоғарылату нысанында қарызгерге, шартпен орнықтырылған ықпалшара қолдануға әкеледі.
Әлуетті қарызгерлер категориясы:
- Аграрлық несиелер – мамандандырылған несиелік ұйымдардың пайда болуымен анықталатын, несие операцияларының ең кең тараған түрі. Олардың сипатты ерекшелігі болып, ауыл шаруашылығы өндірісінің өзіндік ерекшелігімен шартталған, айқын көрінетін маусымдық сипат табылады;
Коммерциялық несиелер, сауда және қызмет көрсету аймақтарында жұмыс жасайтын, шаруашылық жүргізу субъектілеріне берілетін несие. Олар негізінен мерзімдік сипатта болады, коммерциялық несиемен жабылмайтын бөлімдердің қарыздық ресурстарға қажетсінуін қанағаттандырады. Қазақстандық банктердің несие беру операцияларының негізгі көлемін құрайды;
- Қор биржадағы делдалдарға берілетін несиелер, банктермен бағалы қағаздарды сатып алу – сату бойынша операциялар жүргізетін брокерлік, маклерлік және дилерлік фирмаларға беріледі. Бұл несиелердің шет елдік және Ресейлік практикадағы сипатты ерекшелігі — басынан бастап қаржылық нарықта инвестициялық емес, ойындық (жалдаптық) операцияларға қызмет ету бағдарланған;
- Жылжымайтын мүлік иелеріне ипотекалық несиелер, кәдімгі банктерменде, мамандандырылған ипотекалық банктерменде беріледі. Қазіргі шетелдік практикада өте кең тараған, тіпті кейбір кездерде несиенің дербес нысаны ретінде беріледі. Отандық жағдайларда шектеулі таралуды тек 1994 жылдан бастады, бұл жылжымайтын мүліктің негізгі түрлеріне (бәрінен бұрын – жерге) меншіктену құқығын айқын анықтайтын заңның болмауына және жекешелендіру процесінің аяқсыздығымен байланысты;
- Банкаралық несиелер – несиелік ұйымдардың шаруашылықты өзара әрекеттесуінің ең кең тараған нысаны. Банкаралық несиелер бойынша ағымды мөлшерлеме болып табылатын – нақты коммерциялық банктің олардың беретін несиелерінің басқа түрлері бойынша есептеу саясатын анықтайтын маңызды факторы. Бұл мөлшерлеменің нақты шамасы, банкаралық несиелер рыногінің тікелей және белсенді қатысушысы болып табылатын, Орталық Банкқа тікелей тәуелді болады.
Коммерциялық несие.
Вексельдік айналымды тудырған, экономикадағы несиелік қатынастың бірінші нысандарының бірі және осынысымен өнімді өткізу немесе қызмет көрсетудің төлемін мерзімділік нысанына келтіріп, заңдық тұлғалар арасындағы қаржылық-шаруашылықты қатынастың практикалық көрсетілуін тауып, қолма – қол ақша айналымынсыз өркендеуге белсенді ықпал етті.
Несиенің бұл нысанының негізгі мақсаты – тауарларды өткізу процесін жылдамдату, яғни олардағы пайданы шығарып алу. Коммерциялық несиенің дәстүрлі құралы болып вексель табылады, ол қарызгердің несиегерге қатынасы бойынша қаржылық міндеттемелерін көрсетеді. Вексельдің келесі екі нысаны ең кең тараған — қарапайым вексель, қарызгердің орнықтырылған соманы тікелей несиегерге төлеуінің тура міндеттемесінен тұрады, және аударымды (тратта), несиегер жағынан қарызгерге, орнықтырылған соманы үшінші тұлғаға немесе вексельді берушіге төлеу туралы, жазбаша бұйрықты көрсетеді. Қазіргі жағдайларда вексель функциясын көбінесе жеткізуші мен тұтынушы арасындағы стандартты шарт өзіне алады, ол өткізілетін өнімнің төлену тәртібін коммерциялық несие жағдайында реттейді. Коммерциялық несие банктік несиеден принципті айрықшаланады:
Несиегер ролінде мамандандырылған несие – қаржылық ұйым түспейді, не өндіріспен байланысты, не болмаса тауарларды өткізу немесе қызмет көрсетумен байланысты кез – келген заңдық тұлға бола алады; тек қана тауарлық нысанда беріледі; несиелік капитал өнеркәсіптік немесе саудалыққа біріктірілген, бұл қазіргі жағдайларда өзінде әртүрлі мамандықты және қызмет бағытты кәсіпорындарды қамтитын, қаржылық компаниялар, холдингтер және осыған ұқсас басқада құрылымдар құруда практикалық қолданыс тапты;
- коммерциялық несиенің орташа құны берілген уақыт кезеңіндегі банк процентінің орташа мөлшерлемесінен барлық уақытта төмен болады, несиегер мен қарызгер арасындағы мәмілені заңды рәсімдеу кезінде осы несие үшін төлем арнайы анықталмайды, ал тауар бағасына енгізіледі, мысалы, базалық сомадан беркітілген процент арқылы.
Қазіргі жағдайларда практикада коммерциялық негізінен несиенің үш түрі қолданылады:
- өтеу мерзімі бекітілген несие;
- бөліктеп төлеуге қойылған тауарларды қарызгер нақты өткізгеннен соң ғана қайтарылатын несие;
- ашық шот бойынша несиелендіру, бұл жағдайда коммерциялық несие шартымен тауарлардың келесі партиясын жеткізу алдыңғы жеткізім бойынша қарызды өтеу кезеңіне дейін жүзеге асырылады.
Тұтынушылық несие.
Оның басты ерекшелікті белгісі – жеке тұлғаларды несиелендірудің мақсатты нысаны. Несиегер ролін мамандандырылған несиелік ұйымда, тауар өткізуді немесе қызмет көрсетуді орындайтын кез – келген заңдық тұлғада атқара алады. Ақшалай нысанда жеке тұлғаға банктік несие ретінде жылжымайтын мүлік алуға, қымбат тұратын емделуге және т.б., ал тауарлықта – төлеуі мерзімді етіліп, тауарлардың бөлшек саудасы процесіне беріледі. Мемлекеттік несие.
Несиенің бұл нысанының негізгі белгісі - әртүрлі деңгейдегі атқарушы билік органдары тұлғасында, мемлекеттің міндетті түрде қатысуы. Несиегер функциясын жүзеге асыра отырып, мемлекет Орталық Банк арқылы несие беруді жүргізеді:
- қаржы ресурсының ерекше қажеттілігін керек ететін, нақты салалар немесе региондарға, егер бюджеттік қаржыландыру мүмкіндігі сарқылып, ал коммерциялық банктер несиесі конъюктуралық сипаттар факторларының ықпалынан тартыла алмаса;
- банктер аралық несиелер рыногінде несиелік ресурстарды аукционды немесе тікелей сату процесіндегі коммерциялық банктерге. Қарызгер роліне мемлекет, мемлекеттік қарызды орналастыру процесінде немесе бағалы қағаздардың мемлекеттік қысқа мерзімдік рыногтегі операцияларын жүзеге асыру кезінде түседі.
Мемлекеттік несие кезінде несиелік қатынастың негізгі нысаны болып мемлекет қаражат қарызгері болатын кездегі қатынас табылады. Өтпелі кезең жағдайларында ол қаржы ресурстарын тарту көзі ретінде ғана емес, сонымен қатар экономиканың орталықтандырылған несиелік реттелуінің тиімді құралы ретіндеде қолданылатынын айту керек.
Халықаралық несие.
Халықаралық деңгейде жұмыс істейтін, несиелік қатынастың жиынтығы ретінде қарастырылады. Оның тікелей қатысушылары бола алатындар: ұлт аралық қаржыландыру – несие институттары (ХВҚ, ХЖДБ және басқалары), сәйкес мемлекеттер үкіметі және несие ұйымдарын қамтитын жеке заңдық тұлғалар. Жалпы мемлекеттердің және халықаралық институттардың қатысуы қатынастарында барлық уақытта, сыртқы сауда қызметінде және тауарлықта (шеттен әкелушіге коммерциялық несиенің бір түрі ретінде) ақша нысанында көрсетіледі.
Бірнеше базалық белгілер бойынша сыныпталады:
- несиелер сипаттамасы бойынша - мемлекет аралық, дербес;
- нысаны бойынша - мемлекеттік, банктік, коммерциялық;
- сауда жүйесіндегі орыны бойынша – экспортты несиелеу, импортты несиелеу.
Халықаралық несиенің сипатты белгісі болып жеке сақтану және мемлекеттік кепілдік нысанындағы оның қосымша құқықтық немесе экономикалық қорғалынуы табылады.
Өсімқорлық несие.
Несиенің айрықшалықты нысаны. Шет елдік көздерде тек тарихи жоспарда қарастырылады, дегенмен қазіргі жағдайларда белгілі бір шамада таралады. Көптеген елдер үшін, несиелік қатынастың жиынтығы ретінде, қазіргі уақытта бірмәнділікті жасырын сипатты болады, яғни әрекеттегі заңмен тікелей тиым салынған. Практикада өсімқорлық несие жеке тұлғалардың несие беру жолымен жүзеге асады, жәнеде Орталық Банктің сәйкес лицензиялары жоқ шаруашылық жүргізетін субъектілерменде іске асады. Несиелік проценттің өте жоғары мөлшерлемесімен сипатталады (айырбасталымды валютамен берілетін несие бойынша 120-180 % дейін) және төлемеушіден өндіріп алу көбінесе қылмыстық әдістермен жүреді. Ұлттық несиелік жүйенің инфрақұрылымының өркендеу және несиелік ресурстың қол жетерлігінің қамтамасыздану шамасына қарай, әлуетті қарызгерлердің барлық категориясы үшін өсімқорлық несие несиелік капиталдар рыногінен жоғалады.

1.3 . Несие берудің негізгі принциптері

Несие берудің негізгі алты принципі (алты Си ережесі)
Сипаттама (Character) Тапсырыскердің несиелік тарихы. Осы тапсырыскермен байланысты басқа несиегерлер тәжірибесі. Несие мақсаты, болжауды құрудағы тапсырыскер тәжірибесі. Несиелік рейтинг, сұранылатын несие бойынша, екінші қол қоятын немесе кепілдік беретін тұлғаның болуы.
Қабілеттілік (Capacity) Тапсырыскердің және кепілдіктердің түпнұсқалылығы. Қарызгердің заңдық статусы туралы жарғының, шешімдердің және басқа құжаттардың көшірмесі. Иегердің заңдық статусының тарихының баяндалуы; жүзеге асырылатын операциялар, өнім, негізгі тапсырыскерлер және қарызгердің жеткізіп берушілері.
Ақша қаражаты (Cash) Пайда, дивидендтер және бұрынғы сату көлемдері. Қолма – қол ақшаның жоспарланған ағымының жеткіліктілігі және өтімді бұйым қорының болуы. Дебиторлық және несиегерлік қарыздар. Өтеу мерзімдері, тауарлы – материалдық қордың айналымдылығы. Капитал құрылымы. Шығынды бақылау, жабу көрсеткіштері. Акциялар бағасының динамикасы, басқару сапасы. Аудиторлық қорытынды мазмұны. Бухгалтерлік есептеудегі соңғы өзгертулер.
Қамтамасыз етілу (Collateral) Активтерді меншіктену құқығы, олардың қызмет көрсету мерзімі. Активтердің моральды тозу ықтималдығы. Олардың қалдықты құны. Активтер бойынша мамандану дәрежесі. Тыйым салу құқығы, қарыздар және шектеулер. Лизинг бойынша міндеттеме және кепілхаттар. Тапсырыскердің сақтандырылуы, кепілдемелер, несиегер ретіндегі банктің салыстырмалы орны; соттық қуынымдар және салық салу жағдайлары; келешекте қаржыландыруды керек ету мүмкіншілігі.
Шарттар (Conditions) Саладағы тапсырыскер жағдайы және нарықтағы күтілетін үлес. Тапсырыскер қызметінің нәтижелерін осы саланың басқа фирмаларының қызметтері нәтижелерімен салыстыру. Өнімнің бәсекелестік қабілеті, іскерлік циклінің кезеңінің ауысуына және технологияның өзгеруіне тапсырыскер мен саланың сезімталдығы. Жұмысшы күші рыногіндегі шарт. Фирма балансына инфляцияның ықпалы және тапсырыскерлердің болу ағымы. Ұзақ мерзімді салалық болжаулар. Қоршаған ортамен байланысты, құқықтық, саясаттық факторлар.
Бақылау (Control) Банк қызметіндегі сәйкестікті заңдар және несиенің сипаты мен сапасына қатысты ережелер. Бақылаушыларға арналған сәйкес құжаттар. Қарызды мойындау туралы қол қойылған құжаттар және несиені алу үшін дұрыс құрастырылған құжаттар. Несиелік тапсырыстың банктың баяндалған несиелік саясатына сәйкес келуі. Несиені өтеу процесіне ықпал ететін факторларға қатысты жақтық тұлғалардың (экономистердің, саясаткер эксперттердің) ақпараты.
1. Қарызгер сипаты. Несие инспекторы, тапсырыскердің несиені алу мақсатын жеткілікті дәл көрсете алатынына және оны өтеуге байыпты, парасатты ыңғайы бар екеніне көз жеткізуі керек. Егер инспектордың несиені сұрау мақсатына қатысты қажетті сенімділігі болмаса, онда ол тағыда нақтылануы керек. Тіпті бұл жағдайда несие инспекторына келесі жағдайларды орнықтыруы керек: тапсырыскер қарыз қаражаттарына жауапкершілікпен қарайтынына, банк сұрақтарына шындықты жауап беретініне және несие бойынша қарызды өтеу үшін бар күшін салатынына. Бүкіл қарызды өтеудегі тапсырыскердің жауапкершілігі, шыншылдығы және байыптылығы, несие инспекторының қарызгер сипаты деп атайтын түсінікті береді.
Егер несие инспектордың, қарызгермен берілген құжаттарды оқып болған соң және онымен сұхбаттасқаннан соң, тапсырыскердің сенімділігіне қатысты, оның несиені өтеу тілегі мен қабілеттілігі туралы күмән туса, онда тапсырыскерге несие беруден бас тарту керек. Ондай болмаған жағдайда, банк өтелуі күмәнді мәселелі несиемен істі болады.
2. Қаражаттарды қарыз алу қабілеттілігі. Несие инспекторы несие сұраушы тапсырыскердің несиелік тапсырыс беруге және несиелік шартқа қол қоюға заңдық құқығы бар екеніне сенімді болуы керек. Тапсырыскердің берілген сипаттамасы оның несиелік қаражатты қарызға алу қабілеттілігі ретінде белгілі. Көптеген елдерде кәмелетке толмағандар (яғни 18 жасқа немесе 21 жасқа толмағандар) несиелік шарт бойынша жауап беруге құқығы болмайды. Ондай несиені өндіріп алар кезде банк қиындықтарға кездеседі. Несие инспекторы, несие ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Dala Group компаниясының қарыз капиталын тарту саясатын талдау
Қазақстан Республикасы несие жүйесінің дамуы мен перспективасы
Қарыз капиталын тартудың теориялық аспектілері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБДИКАСЫНДАҒЫ ТҰТЫНУШЫЛЫҚ НЕСИЕЛЕУДІҢ ДАМУЫНТАЛДАУ
Банктің тұтынушылық несие нарығындағы қызметін жетілдіру ( Цеснабанк АҚ мысалында)
Несие, оның мәні мен қызметі
Қазақстан Республикасындағы тұтынушылық несиелеудің дамуын талдау
Несие нарығындағы коммерциялық банктердің кызметі
Delta Bank акционерлік қоғамының тәжірибесі негізінде тұтыну несиеcін ұйымдастыру
Коммерциялық банктердің несиелік саясатының әдістемелік негіздері
Пәндер