Ұлыбритания мен Қазақстанның білім беру жүйесіне салыстырмалы талдау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия және саясаттану факультеті

Ұлыбритания мен Қазақстанның білім беру жүйесіне салыстырмалы талдау

Жоспары

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

  1. Ұлыбританияның білім беру жүйесі
  2. Қазақстанның білім беру жүйесі

1. 2 Екі ел арасындағы салыстырмалы талдау

1. 3Ұлыбритания мен Қазақстанның TIMSS, PIRLS, PISA халықаралық салыстырмалы зерттеулер нәтижесі.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе бөлім

Зерттеу жұмысының мақсаты. Дамыған алып 7 елдердің бірі, тарихы бай парламентарлы монархия елі Британия корольдігі мен дамыған 30 елдің қатарына кіруді өзіне мақсат еткен Қазақстанның білім беру жүйелерін салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын белгілей отырып, отандық білім беру реформамыздың бағытын бағалау.

Зерттеу жұмысының міндеті. Ұлыбритания мен Қазақстанның Халықаралық стандартқа сай білім беру сапасын көрсету. Екі елдің қазіргі таңғы білім беру жүйесі мен тәрбиесін анықтап, әр деңгей бойынша өзіндік талдау жасау.

Зерттеу нысаны. Ұлыбритания мен Қазақстандағы білім беру жүйесі. Зерттеудің мазмұны. Менің алып отырған жұмысымды тарихы мол алып, әлі де өз статусын жоғалтпаған, Тұманды Альбионда орналасқан кәрі құрлық өкілі Ұлыбритания Біріккен Корольдігі мен аз да болса, көптеген жемісті нәтижелерге қол жеткізген дамушы Қазақстанның білім беру деңгейін салыстыруға арнадым. Әрине, егемендігін алғанына енді ғана 24 жыл болған Қазақстанның білім беру жүйесін тәжірибесі мол Ұлыбританияның білім беру жүйесімен салыстыру жас бала мен сақалды атамен салыстырғандай көрінеті белгілі. Дегенменде, менің пікірімше, жас дамушы ел болғандықтан, дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін басқа елмен салыстыра отырып, өзіміздің реформамызды жаңартып, жаңғыртқанның еш зияны жоқ. “Үйрен де, жирен” демекші өзімізге, экономикамыз бен әлеуметімізге, қоғамызға сай бірнеше пайдалы жақтарын қарастырсақ артық болмас.

Білім беру деңгейі дегеніміз не? Білім беру деңгейі - экономикалық және ғылыми - техникалық прогрестің бастау көзі, мемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі. Білім беру саласында кенжелеп қалу елдің қабілеттілігіне, ұлт болашағына және мемлекеттің қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Олай болса, білім мемлекеттің даму жолының көрсеткіші, себебі білім мемлекеттің ұстанған даму жолына не шек қояды, не жаңа бағытын анықтайды.

Сондықтан да, менің алып отқан жұмысым тек білім беру жүйесін ғана зерделеп қана қоймай, 21 ғасыр идеялар мен инновациялық технологиялардың бәсекелестігіне айналған ғасырда Қазақстан мен Ұлыбританияның алып отырған орнын анықтау.

Әйтсе де екі мемлекеттің білім беру деңгейлерінің ара салмағы жермен көктей. Ұлыбритания ғылым және білім беру саласында әлемнің жетекші елдерінің бірі болып саналады. 2013 жылғы Times Higher Education рейтингі бойынша ең жоғары дәрежелі 100 университеттерінің ішінде Ұлыбританияның тоғыз өкілі кірді, бұл университеттер саны бойынша көрсеткіш Ұлыбританияны АҚШ-тан кейінгі екінші орынға жеткізді . Міне осындай тәжірбиесі мол елмен еліміздің білім беру жүйесін салыстыра отырып, еліміздің Білім беру заңына толықтырулар мен жаңа реформалар енгізу артық етпес.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелетінін ескертіп, еліміздің білім жүйесін дамытуға бағытталған іс-шараларды белгіледі. Еліміздің білім жүйесінің даму үрдісін дүние жүзінің өркениетті елдерінің білім жүйелерімен салыстыра қарасақ, оны Елбасы жүктеген міндеттер биігіне жеткізу үшін қыруар шаруа атқару керектегі айқындала түседі.

Яғни Қазақстан мен Ұлыбританияның білім беру жүйесіне салыстырмалы талдау арқылы дамыған елдегі білім беру жүйелеріндегі үздік жетістіктерін зерттеп, зерделеумен оңды жақтарын өз қызметімізде пайдалану. Мұндай тәсілді қолдану еліміздегі педагогикалық жұмысты жетілдіру жолдарын іздестірудің маңызды және өнімді бағыттарының қызметін атқарады.

Зерттеудің деректері. Салыстырмалы педагогика бойынша маман ғалымдардың еңбектері, мақалалар жинағы. Оқу әдістемелік және бағдарламалық құжаттар.

Негізгі бөлім

Ұлыбританиядағы мектепке дейінгі білім беру

Үкімет актісіне сәйкес, Ұлыбританияда 1944 жылдан бастап мектепке дейінгі тәрбие жүйесіне мемлекеттік (тегін) және жекеменшік мектепке дейінгі мекемелер кіреді. Қазіргі уақытта Ұлыбританиядағы мектепке дейінгі тәрбие жүйесі мектепке дейінгі мекемелердің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Елде муниципиальдық (мемлекеттік) және жекеменшік күндізгі яслилер, мемлекеттік және жекеменшік яслилік мектептер, мемлекеттік яслилік сыныптар, 3 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды күтіп, тәрбиелейтін ойын топтары жұмыс істейді.

Англия- мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеп, оқытуда өте тәжірбиелі ел. Бұл елде мектепке дейінгі білім беру 3-5 жасқа дейінгі балаларға тегін түрде жүргізіледі және жеке меншік Nursery School мекемелерде жұмыс істейді. Қазіргі таңда Англияда 3-5 жас аралығындағы балалардың бәрі дерлік тегін мектепке дейінгі білім алуда. Ол мемлекеттің 1992 жылы қабылдаған арнайы бағдарламасының нәтижесі. Ол бағдарламаларға сай әрбір 3 жастағы бүлдіршін аптасына 12, 5 сағат, жылына 38 апта тегін білім алуына құқығы бар. Тағы да айта кетерлігі мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балаларды нөлдік сыныптарға және мектепке дайындайды

Англияның мектепке дейінгі білім беру мекемелері негізінен 70-80 балаға арналған және 1 тәрбиелеушіге 13 баладан тиеді.

Олар балаларды 2 айдан бастап қабылдайды және 2 жастан бастап та қабылдайды, 2 айлық баланың ай сайынғы төлемі өте жоғары болады.

5 жасқа дейінгі балаларға білім берудің сапасы мекеме үлгісіне сәйкес болады. Балалар бақшалары мен мектепке дейінгі сыныптарда тәрбиеленетін балалар мектептердің бастауыш сыныптарындағы балалардан гөрі неғұрлым жан-жақты дамиды.

Бұл балалар қызметін жақсы жоспарлап және ұйымдастыруға (мақсатты бағытталған ойын, зерттеушілік қызмет және т. б), сондай-ақ жас жағынан ала-құлалықтың жоқтығына, балалар мен ересектер санының үздік арақатынасына, балалардың жас ерекшеліктеріне сай келетн материалдық жағынан жақсы қамтамасыз етілеуге, 3-5 жасар балалармен табысты жұмыс істейтін тәжірибелі педагогтардың болуына байланысты.

Мектепке дейінгі барлық мекемелер денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігіне, сондай-ақ Білім және ғылым министрлігіне қарайды. Олар бір-бірінен тәрбиелік жұмыстың мазмұнымен, формалары және әдістерімен, күн режимімен, материалдық базасымен, персонал саны мен біліктілігіне қойылатын талаптарымен ерекшеленеді.

Муниципалдық күндізгі яслилерді жергілікті өкімет орындары (муниципалитет немесе графтық кеңес) ашады және бірнеше ай мен 4-5 жасқа дейінгі балаларды күтіп-бағуға арналады. Олардың саны аз болуына байланысты күндізгі яслилерге бірінші кезекте материалдық жағдайларының қиындығына байланысты баланы үйде тәрбиелеуге лайықты жағдайлары жоқ ата-аналардың балалары қабылданады. Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілерін дайындау оқу мерзімі 3-4 жыл болатын педагогикалық колледждерде жүзеге асырылады.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі ерекшелігі: әр бала жеке индивид, өз пікірі мен өз ойын анық айта алады. Бала міндеті жақсы қорғалады.

Ата - ана баланың жағдайына тікелей назарда болады. Өтілетін пәндердің барлығы логикалық дамытуға бағытталады.

  • Ағылшын тілі
  • Швед тілі
  • Музыка
  • Оқу
  • Жазу

Мектептегі 10 жыл бағдарламасы

Балабақшадан соң мектепке дейінгі міндетті емес білім алуға қызығушылық артуда. Мұнда күзгі оқу кезеңінде 6 жасқа толған балалар мектепке дейінгі кіріспе білім ала алады, мақсаты әр баланың дамуы мен білім алуын ынталандыру.

Қазақстанның мектепке дейінгі білім беру жүйесі

Қазақстанның мектепке дейінгі тәрбие беру жүйесі әртүрлі типті, түрлі және деңгейлі білім беру ұйымдарынан тұрады:

  • мектепке дейінгі ұйымдар;
  • жалпы білім беру мектептеріндегі мектеп алды сыныптары;
  • жоғары оқу орындары және орта кәсіптік білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі білім беру факультеттері және бөлімдері.

Негізгі түрі 9-10 сағаттан жұмыс істейтін және жастық топтары бар ясли-бақша болып табылады. Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің сапасын жақсарту үшін бірқатар республикалық жалпы білім беру бағдарламалары құрылған: «Балбөбек», «Қарлыгаш», «Қайнар» және басқалар. 5-7 жастағы балалардың мектепке дейінгі дайындық сапасын қамтамасыз ету мақсатында министрлікпен екі оқу бағдарламасы жасалған: «Мектеп жағдайында 5-6 жастағы балаларға мектепке дейінгі дайындыққа арналған жалпы білім беру бағдарламасы», «Балабақшада 5-7 жастағы балалардың мектепке дейінгі дайындық бағдарламасы».

Осы бағдарламаларға 19 оқу-әдістемелік кешендер әзірленген, оған 82 оқу басылымдары кіреді. Сонымен қатар, баланың қолын жазуға үйрету дайындығы бойынша мұғалімдерге арналған, кәдімгі математикалық білімдерді ұластыру, балаларды қоршаған ортамен таныстыру бойынша әдістемелік кеңестер, балалар көркем әдебиеті бойынша хрестоматия, сондай-ақ балаларға арналған әліппе-дәптерлер және т. б бар.

2012 жылы республикада 668 бала-бақша жұмыс атқарды. Қазақ тіліндегі бала-бақшалар саны -291. Қалада-49, 3 %. Ауылда-50, 7% орналасқан.

2012жылғы статистикаға сүйенсек 1-6жас аралығындағы мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балалар саны -1 926 333 құрады.

Мектепке дейінгі білім беру аясындағы бағдарламалар:

Аты
Уақыты
мақсаты
міндеті
№: 1
Аты: «Алғашқы қадам» (1-3 жас)
Уақыты: ҚР БҒ Министрінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 628 бұйрығымен бекітілген.
мақсаты: Балалардың іс-әрекеттерінің барлық түрлері мен нысандарында жеке-бағдарлық ыңғай жасау
міндеті: Әр баланың құзыреттілігін дамыту; жетекші біліктерін қалыптастыру.
№: 2
Аты: «Балбөбек»
Уақыты: 2012 жыл
мақсаты: Мектепке көшірілу кезіндегі өңірлік ерекшелігін ескере отырып, тең межелік бастау мүмкіндіктерін қалыптастыру.
міндеті: Этнопедагогика идеялары іске асырылып, материалды құрудың тақырыптық қағидаты сақталынған жоспарды интеграциялау.
№: 3
Аты: «Қайнар»
Уақыты: 2012 жыл
мақсаты: Балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамытуды тұлғаға бағдарлау.
міндеті: Арнайы әзірленген оқу-әдістемелік кешенмен сүйемелденіп, бағдарламаға арналған қосымша материалды бір жүйеге келтіру.
№: 4
Аты: «Қарлығаш»
Уақыты: 2012 жыл
мақсаты: Ата-аналарға арналған консультатциялық пунктерде және толық емес, яғни күні бойы болмайтын шағын орталықтардың оқу-әдістемелік үрдісінде қолдану.
міндеті: Әр білім беру саласы меңгерудің нақты индикатоларымен сүйемелденген және толық бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету.

2012 жыл 1-6 жас аралығында мектепке дейінгі ұйымдарға барғандар саны -1926333 бала

2012жыл 1-6 жас аралығында мектепке дейінгі білім беру және оқытумен қамтамасыз ету 47, 2%.

балабак.PNG

Тұрақты және маусымдық түрде қызмт ететін балабақшалар контингентігі -

450766 Қалада - 313834 бала

Ауылда - 136932 бала

Мектепке дейінгі білім беру жүйесін кеңейту арқылы балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқуға құқығы қамтамасыз етіледі. Мемлекет мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру және оның қолжетімдігін қамтамасыз етуі арқылы еліміздің адами және кадрлық әлеуетін дамытудың негізі ретінде қарайды.

2012 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде мектепке дейінгі білім беру жүйесінің өсуі 801 бірлікті құрады. (1 сурет) .

1 сурет. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жүйесінің желісі, бірлік

8392

7591 5422

2970 5000

2591

Мектепке дейінгі ұйымдар Балабақшалар Шағын орталықтар

2011 2012

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдар санының көбеюі шағын орталықтардың көптеп ашылуымен байланыстырылады. 2012 жылға республикада мұндай білім орталықтарының саны 422-ге артты. Толық бір күндік бағдарламаға толы орталықтар 2197 болды, ол жалпы көрсеткіштің 40, 5% құрады.

Шағын орталықтар жүйесінің белсенді дамуы Оңтүстік Қазақстан облысында байқалады, 2011 жылмен салыстырғанда олардың саны 322 ұйымға көбейді және 563 бірлікті құрайды. Өңірлік бөліністе мұндай шағын орталықтар Шығыс Қазақстан облысында (1160), Солтүстік Қазақстанда (505), Қостанай (488) және Алматы облысында (428) байқалады.

Шағын орталықтар жүйесі, бірлік

Өңір
2011
2012
Өңір: Ақмола облысы
2011: 305
2012: 333
Өңір: Ақтөбе облысы
2011: 273
2012: 275
Өңір: Алматы облысы
2011: 434
2012: 428
Өңір: Атырау облысы
2011: 324
2012: 292
Өңір: Шығыс Қазақстан облысы
2011: 1102
2012: 1160
Өңір: Жамбыл облысы
2011: 175
2012: 181
Өңір: Батыс Қазақстан облысы
2011: 283
2012: 289
Өңір: Қарағанды облысы
2011: 312
2012: 313
Өңір: Қостанай облысы
2011: 499
2012: 488
Өңір: Қызылорда облысы
2011: 222
2012: 228
Өңір: Маңғыстау облысы
2011: 43
2012: 54
Өңір: Павлодар облысы
2011: 257
2012: 272
Өңір: Солтүстік Қазақстан облысы
2011: 491
2012: 505
Өңір: Оңтүстік Қазақстан облысы
2011: 241
2012: 563
Өңір: Алматы қаласы
2011: 20
2012: 21
Өңір: Астана қаласы
2011: 19
2012: 20
Өңір: ҚР
2011: 5000
2012: 5422

2012 жылы тұрақты және маусымдық жұмыс істейтін балабақшалар саны жалпы республика бойынша мектепке дейінгі білім беру жүйесінде алатын үлестің 35, 4% құрады. Оның 49, 3% қалада болса, 50, 7% -ауылдық өңірлерде орналасқан. Осылайша, мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігі мен желілердің бөлінуі бойынша теңдей үдеріс сақталуында.

Ең көп балабақшалар Оңтүстік Қазақстан облысында (476 бірлік), Ақтөбе облысында (234 бірлік) және Алматы қаласында (244 бірлік) орналасқан.

Тұрақты және маусымдық балабақшалар жүйесі, бірлік

Өңір
2011
2012
Өңір: Ақмола облысы
2011: 132
2012: 147
Өңір: Ақтөбе облысы
2011: 230
2012: 234
Өңір: Алматы облысы
2011: 164
2012: 204
Өңір: Атырау облысы
2011: 116
2012: 125
Өңір: Шығыс Қазақстан облысы
2011: 143
2012: 178
Өңір: Жамбыл облысы
2011: 163
2012: 172
Өңір: Батыс Қазақстан облысы
2011: 178
2012: 182
Өңір: Қарағанды облысы
2011: 186
2012: 199
Өңір: Қостанай облысы
2011: 128
2012: 144
Өңір: Қызылорда облысы
2011: 199
2012: 221
Өңір: Маңғыстау облысы
2011: 106
2012: 118
Өңір: Павлодар облысы
2011: 131
2012: 143
Өңір: Солтүстік Қазақстан облысы
2011: 64
2012: 71
Өңір: Оңтүстік Қазақстан облысы
2011: 324
2012: 476
Өңір: Алматы қаласы
2011: 220
2012: 244
Өңір: Астана қаласы
2011: 107
2012: 122
Өңір: ҚР
2011: 2591
2012: 2970

Жеке балабақшалар жүйесі, бірлік 189

81 89

76 52

26 13 27 47 17

11 7 0 20 2 11

Жеке балабақшалар санының ең көп шоғырланған жері Оңтүстік Қазақстан (189 бірлік), Қызылорда (81 бірлік) облыстары мен Алматы қаласында (89 бірлік) байқалды.

Балабақшалардың мемлекеттік тілде жұмыс жасау үрдістері мектепке дейінгі білім беру саласында кең етек жаюы басым бағыттырдың бірі болып отыр. Қазақ тілінде тәрбиелейтін балабақшалар саны 291 бірлікке артты.

Мемлекеттік тілде оқытатын балабақшалар желісі, бірлік

2970

2591

1416 1416 1709

2011 2012

ББ оның ішінде мемлекеттік білім беретін

Сонымен қатар, мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің сапасын жақсарту үшін бірқатар республикалық жалпы білім беру бағдарламалары құрылған. Олар: «Балбөбек», «Қарлығаш», «Қайнар», және тағыда басқалар. 5-7 жастағы балалардың мектепке дейінгі дайындық сапасын қамтамасыз ету мақсатында министрлікпен екі оқу бағдарламасы жасалған: «Мектеп жағдайында 5-6 жастағы балаларға мектепке дейінгі дайындыққа арналған жалпы білім беру бағдарламасы», «Балабақшада 5-7 жастағы балалардың мектепке дейінгі дайындық бағдарламасы». Осы бағдарламаларға 19 оқу-әдістемелік кешендер әзірленген, оған 82 оқу басылымдары кіреді. Сонымен қатар, баланың қолын жазуға үйрету дайындығы бойынша мұғалімдерге арналған кәдімгі математикалық білімдерді ұластыру, балаларды қоршаған ортамен таныстыру бойынша әдістемелік кеңестер, балалар көркем әдебиеті бойынша хрестоматия, сондай-ақ балаларға арналған әліппе дәптерлер және т. б. бар.

Қазақстанда балабақшалардың негізгі түрі 9 - 10 сағаттан жұмыс істейтін және жастық топтары бар ясли - бақша болып табылады. Балаларды жастық деңгейіне қарай бөлетін топтар:

  • ерте жастағы балалар тобы- 1 жастан 2 жасқа дейін;
  • бірінші кішкентайлар тобы - 2 жастан 3 жасқа дейінгі;
  • екінші кішкентайлар тобы- 3 жастан 4 жасқа дейін;
  • орта - 4-тен 5 жасқа дейін;
  • балаларға арналған мектепке дейінгі топ- 5-тен 6-ға дейін;

Осылайша, мектепке дейінгі білім беру сапасы мектепке дейінгі білім беру ұйымдардың көптеп ашылуы арқылы әлде қайда жақсарды. Алайда, мектепке дейінгі ұйымдарға кезекте тұрғандар мұндай ұйымдар санын көбейтуді ұсынады.

Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша 2012 жылы 1 жастан 6 жасқа дейін мектепке дейінгі ұйымдарға барған балалар саны 1 926 333 құрады, бұл дегеніміз жергілікті халық санының өсу көрсеткіштерін болжай отырып, өңірдің ерекшеліктері мен демографиялық көрсеткіштеріне сүйене отырып мекемелер құрылысын салуды жүргізу. тили бабабак.PNG

Ұлыбританияның орта білім беру жүйесі

Ұлыбританияда білім алу 5 жастан 16 жасқа дейін міндетті және ол мемлекеттік- state schools (ақысыз) және жеке - independent немесе private schools (ақылы оқу орындарында) деп аталатын мектептерде жүзеге асырылады. Жеке мектептер арасында мектеп -пансиондар (Boarding School) кең таралған, мұнда оқушылар оқу жылының барлық кезеңдерінде соның ішінде тұрады. Бұл мектептер Ұлыбританияда дербес білім алудың оңтайлы мүмкіндігі болып табылады.

Ұлыбританияның әкімшілік бөлінуіне байланысты дәстүрлі қалыптасқан үш білім беру жүйесі бар: Англия және Уэльс; Солтүстік Ирландия; Шотландия.

Англия және Уэльс пен Солтүстік Ирландия оқыту үлгісі бойынша ұқсас, ал Шотландия өзіндік дәстүрлі ерекшеліктерге ие.

Білім беру құрылымы:

бастауыш (Elementary School) - 5-11 жас;

орта (Secondary School) - 11-16 жас;

мектептен кейінгі (Further Education) - 16-18 жас;

жоғары (Higher Education) -18 жастан кейін.

Білім беру 13 жылды қамтиды: 5 жастан 18 жасқа дейін созылады.

Ұлыбританияда алуан түрлі мектептерді кездестіруге болады. Арнайы ер балаларға арналған және қыз балаларға арналған мектептер, аралас мектептер т. б. жұмыс істейді.

Британдық мектептердің мынадай түрлері бар:

- Толық циклды мектеп (All-through schools) : 2 жастан 18 жасқа дейінгі жастағылар білім алады.

- Кіші жастағы оқушылар мектебі (Junior schools) : 7 жастан 13 жасқа дейінгілерге арналған. Мұнда оқушылар жалпы бастауыш цикліндегі әртүрлі пәндер бойынша оқытылады. Курс емтихан тапсырумен аяқталады (Common entrance examination) . Нәтижелі емтихан қорытындысы - келесі сатыға көшу кепілі болып табылады.

- Ересек оқушыларға арналған мектеп (Senior schools) : 13 және 18 жасағы жасөспірімдер білім алады. Мұнда GCSE емтиханын тапсыруға арналған екі жылдық дайындықтан өтеді, одан кейін тағы да екі жылдық A-level немесе International Baccalaureate бағдарламалары бойынша білім алады.

- Қыздарға арналған мектеп -арнайы қыз балаларға арналып құрылған және мынадай мәселе ескерілеген: қыз балалар ұлдарға қарағанда дене және сезімдік тұрғыдан тез жетіледі, сондықтан өзінен «қалыс қалушыларға» сәйкес бейімделмейді; қыздар тәртіпті және ұйымшыл, оқуға да ынталы болады; түрлі жұмыстарды атқаруға бейімделіп, дербестігі қалыптасады; қыздар жарыса оқу ортасын қажетсінбейді, тіпті олардан бойын аулақ ұстайды; олар командалық жұмыстарды және қолдауды ұнатады.

- Ұлдар мектебі - аталуына сәйкес, ұлдарға арналады және мынадай мәселе ескеріледі: ұл бала қозғалғыш, оның қалыпты дамуы үшін қозғалу мүмкіндігі, спорт жағдайлары қарастырылады; белсенді дамуы үшін және өзін өзі жүзеге асыруда жарысу ортасы қажет; ерте жастан алуан түрлі жұмыстарды атқарып, дербестікке үйренеді.

- Аралас мектептер - ұлдар мен қыздар бірге оқиды және аргумент ретінде мынаны алға тартады: оқушылар ерте жастан өзге жынысты тұлғалармен қарым-қатынаста болып, жарыса оқиды және өзін өзі дамыту мотивациясы күшейеді.

- Университетке дайындауға аралған мектептер (Sixth form) : 16-18 жастағылар білім алады. Оқушылардың 25% ғана жоғары білім алады. Ең таңдаулы университеттері - Оксфорд және Кембридж (Whitebrick universities) .

Ұлыбританияда балалар бастауыш мектепте -6 жыл, орта мектепте-5 жыл, жоғары мектепте- 2 жыл оқиды. Балалар 16 жасқа дейін 11 сынып көлемінде оқуға міндетті.

Ағылшын, уэльс, шотланд және солтүстік-ирландиялық білім беру жүйелерінде өз ерекшеліктері болса да, жалпы алғанда Ұлыбританияда орта мектептің 4 түрі: кешендік, гуманитарлық, жалпы білім беру мектептері мен қалалық технологиялық колледждер жұмыс істейді. Ерекше дарынды балалар технологиялық колледждерде оқиды. Кәсіптік бейімділіктері бар балалар арнаулы жалпы білім беру мектептерінде оқиды.

Жоғары орта мектепте( 12-13 сыныптар) бейінді оқыту жүзеге асады. Міндетті пәндердің саны 4-6-ға дейін азайтылған, барлық күш-жігер осы пәндерді меңгеруге бағытталады. 13-сыныптардың барлық оқушылары болашақта оқуларын жалғастырғысы келетін университеттермен тығыз қарым-қатынас орнатады. Олар әрбір 12 ай сайын тесттер алып, оларға жауап береді, таңдап алған бағыттардағы білімдерін тереңдетеді.

Балалар бастауыш білімді бүлдіршіндерге арналған(5-7 жасқа дейін) мектепте және 4 жылдық төменгі мектепте (7-11 жасқа дейін) алады. Кейбір жергілікті органдар бүлдіршіндерді біріктірген бастауыш мектептер(оқушылардың жасы 5-11 дейін) ашады. Бастауыш мектепте оқу уақытының 40%-ы ағылшын тілін зерделеуге арналады. 15%-вн дене шынықтыру 12%-ын қол еңбегі мен өнер алады. Қалған сағаттар арифметика, тарих, геограия, табиғат тану жіне дінге бөлінген.

Балалар жоғары сыныптарда топтарға бөлінеді. Барлық пәндерді бір мұғалім жүргізеді. Сабақ 15-45 мин дейін созылады. Оқуды бітіргеннен кеін балалар емтихандар тапсырады және оқу орнын бітіргені туралы куәлік алмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетелдік серіктестердің қатысуымен ең жоғары халықаралық стандартарына сәйкес келетін ұлттық басқару мектебі құрылуы
Қазақстандағы білім беру жүйесіне сипаттама
Қазақстанның Республикасының қызмет көрсету дамуының қазіргі деңгейі
Дамыған елдердің жоғары педагогикалық білім беру жүйелеріндегі инновациялық үдерістеріне салыстырма-лы педагогикалық талдау
Шетелде оқу
Қазақстан Республикасында білім беру саласында мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелері
Европалық білім кеңістігіндегі білім сапасын арттыру жұмыстарына салыстырмалы-педагогикалық талдау
Халықаралық оқу туризмінің теориялық аспектілері
Болон декларациясы контексі аумағында жоғары білімді реформалаудың негізгі құрылымдық элементтері
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамасы және оны іске асыру кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz