Биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып: Биололгияны әдістемесінің даму тарихына қысқаша шолу

Мазмұны

3.1. Биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы.
3.2. Мектеп жаратылыстануы және оның әдістемесінің бастауы.
3.3. Мектеп жаратылыстануы әдістемесінің XIX ғасырдан бергі дамуы.
3.4. Биологияны окыту әдістемесінін Қазакстандағы даму жайы.

ТАҚЫРЫП:БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫНА ҚЫСҚАША ШОЛУ

3.1 БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
Биологияны оқыту әдістемесінің қалыптасуы сыртқы қоршаған орта. жағдайын
игерумен байланысты жаратылыс тарихы ғылымынан басталады. Табиғатты бақылау
және практикалық білімдер, одан соң ботаника мен мен зоологияның дамуы
-ғасырлар бойы жинақталған деректер нәтижесі болды.
Әдістеменің алғашкы элементтері тірі табиғатты оқып, үйрену мақсаттарының
мәнін түсіну үшін оқу практикасында, пәннің мазмұнын және оны оқу
тәсілдерін таңдап алуда туды.
Табиғат кұбылыстарына қатысты сұрактар білім беру мазмұнына бұрынан
қосылып келгендігін мектеп жаратылыстануы тарихынан көруге болады. Мектеп
жаратылыстануының мазмұны алғашқы кезеңдерде ғылымнан алшақ болып,
негізінен дни бағытта болды.
XVI - XVII ғасырларда негізге византиялық авторлардың шығармалары
алынады. Көбінесе оларды аударулар мен қолдан - қолға бірнеше қайта
көшірулер кезіндегі құнды материалдардың ғылымилылығының толық і жойылуына
себеп болды.
Жалпы алғанда мектептік білім беру, оның ішінде биологиялык білім беру
Ф.Бэкон (1561-1621) негізін жасаған ғылыми танымның әдіснамасы әсерінен
болды. Оның негізгі идеялары мыналар:
- білімнің жалғыз қайнар көзі - сезімдік тәжірибе: барлық
білім тәжірибеде негізделеді және сол арқылы (эмпиризм) беріледі;
практикалық пайдасы (утилитаризм): білім - күш:
- тәжірибе жолымен табылған (индуктивизм), деректерді қорыту арқылы

заңдылыктарды анықтау;
зейінді тек құбылыстар себебін тануға шоғырландыру (каузализм);
күрделіні қарапайымға келтіру арқылы тану (редукционизм;)
Барлық осы ережелер бірімен-бірі тығыз байланысты және бір-
бірін толықтырып тұрады.
Жаратылыс тарихын оқыту әдістемесі римдік Үлкен Гай Плини Секунданың
атақты еңбегінде айтылған. Онда нысандар тобына байланысты облыстарға
бөлінді. Жаратылыс денелері - минералдар (минералогия) өсімдіктер
(ботаника) және жануарлар (зоология). Жаратылыс тарихшысынын іс- әрекетінін
бағдарламасы - сипаттау, атау, жаратылыс денелерін жіктеу. әлем құрылымын
көрсететін және ондағы заттар ретін айқындайтын, олардың көптүрлілігін
табиғи жүйеге келтіру. Осы ғылым негіздеріне оқытудын алғашкы мақсаттарынын
бірін бранденбург помещигі Э. Рохоф (1734 – 1805) қисынға келтірді. Ол
өзінің меншік жерінде шаруалар үшін халық мектептерін ұйымдастырды. Онда:
Мұғалім оқушыларды олардың күнделік көретін нәрселерімен таныстыруы
керек. Жерде жалпы бейнесімен, әртүрлі жануарлармен, ағаштармен, ағаштар
мен астық тұқымдастардың сорттарымен қол өнерлермен, табиғи заттарды
қорекке пайдаланумен, киіммен, тұрмыстыі бұйымдармен, емдеумен т.б. ...
солай бірте-бірте балалар осылардың бәріне! Құдайды көретіндей... деген
сөздері бар.

3.3 МЕКТЕП ЖАРАТЫЛЫСТАНУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ БАСТАУЫ

Жаратылыстану пән ретінде Ресейде алғаш рет XVIII ғасырдың соңында
мектептерге енгізіле бастады. Жаратылыстану оқулығын алғаш құрастыруға
Василий Федорович Зуев шақырылды.
Осы оқулығында В.Ф. Зуев жаратылыстану пәндерінің оқылу реті
мынадай тұрғыда анықтаған;
- қазбадағы патшалық (өлі табиғат);
текке күнелтетін патшалық (ботаника); (Зуевтің кезеңінде өсімдіктер үсіп
кететіндер деп аталған).
Жануарлар патшалығы (зоология).
Ы.Ф. Зуевтің осы оқулығы жаратылыстанудың пән ретінде басталуы болды.
Ол жекелеген өсімдіктер мен жануарлардың сипаттамасын
берді,олардың биологиясы, және адамның пайдалануы айтылды.
Өсімдіктердің жасушылық құрылысы туралы да айтылады. Оқулықтың осындай
мазмұны жаратылыстануға деген қызығушылық тудырды және кең
практикалық мәліметтер берді. Оқулықта көптеген деректік материалдар
келтірілінген, онда 145 өсімдік және 157 омыртқалы жануарлар сипатталған,
систематикаға жалпы еліктеусіз және қарапайым тілмен жазылғандықтан оқуға
жеңіл болды.
Оқулықта құдай туралы бір де сөз айтылмайды, діндарлық
және
фантастикалық жануарлар сипатталмайды. Дене құрылысы бойынша адам -
басқа аңдар сияқты жануар... деп те В. Ф. Зуевтың жазғаны бар.
Сөйтіп алғаш рет ғылым мен мектептің оқу пәнінің айырмашылығы
берілді және қарапайым оқу нысандарына әдістемелік таңдау жасалды.
Н Ф. Зуев жаратылыс тарихы оқытылыушының практикалық мәселелерін
шеше отырып, әдістемені бірқатар проблемаларын айқындап берді:
ғылым мен оқу пәнінің өзара байланысы;
мазмұнның ғылымилылығы;
-оқу пәнінің құрылымы (қарапайымнан күрделіге қарай, өлі табиғаттан
кімпктерге дейін, онан сон жануарлар мен адамды оқуға);
-оқылатын нысанның монографиялық сипатталуы;
-оқытудағы көрнекілік пен табиғи заттардың рөлі;
-оқытылатын материалға деген кызығушылықтың дамытылуы;
-ғылыми - жаратылыстық білімнің практикалық маңызы (оқудың өмірмен
байланысы);
-орта және жоғарғы мектептегі оқыту әдістемеснің өзара байланысы.
Сонымен академик В. Ф. Зуев Ресейде биологияны оқытудың әдістемесіне
бастама салды және шын мәнінде онын негізін салушы болып есептеледі.
ХІХ ғасырдың басында жаратылыс тарихы жөніндегі оқулықтар, тараулардың
рет, зерттеу құрылымдарын берді: жаратылыс денесінің жер бөліктерге
бөлшектенуі (анатомия), олардың санының сипатталуы, орналасқан орындары
мен сәйкестіктері (морфология).
Жаратылыс тарихынын оқытылуында дидактикалық революция жасаған, Любен
(1804-73) болды. Ол жаратылыс тарихын оқу максатын тұжырымдады, яғни
органикалық дүние жүйесі оқушылардың өздерінің ашуы. Сонымен кол Я.А.
Коменский пікірі негізінде әдістемелік ұсыныстар құрастырды.
Акдемизмге ( тек құрғақ терминология, сыртқы формалар мен бегілерді
сипаттамалары) қарсы реакция ретінде ғылым және оқу пәні
проблеммасын басқаша шешімі ұсынылады - тіршілік иелер, жөнінде
эмоционалды және бейнелі әңгіме арқылы табиғатты шын ниетімен қарау.
Бұнда табиғат, жеке жеткіншек үшін екінші Отанындай болып, онда өзі бөтен
сезіну ұят және зия деген ұстаным бар. Осы бағыттың ең бастауында
оның табиғатқа деген ықыласты көзқарасымен атақты неміс натуралисі, және
ақын И.В. Гете (174-1832
1832) сонымен қоса жаратылыстанушы, географ әрі саяхатшы А. Гумоол
(1769-1859) тұрды, оның пікірінше жаратылыстанудың байлығы
деректерде,көптігімен емес, олардың өзара сәйкестендірілуінде. Осы
пікірлердің жүзеге асырылу мүмкіндгін жануарлардың тіршілік қалпы және
мінез құлқы,қызықты да тартымды суреттелген жұртшылыққа кеңінен мәлім
неміс зоология,саяхатшы және ағартушы А.Э. Брэмнің (1829-1884) шығармалары
хабар бере.
Ч. Дарвиннің (1809-1882) еңбектер, жаратылыстың ғылыми таным
әдіснамасына түбегейлі, өзгерістер әкеледі. Дарвинизмнің әсерінен жана
пәндер - экология мен генетика пайда болды, морфология,
физиология және систематика эволюциялық мазмұндалды. XIX ғасырдың сонында
цитология пайда болды, оның нысаны жасуша теориясымен жасап шығарылды.
Америка мектептерінде Дж.Дьюидің прагматикалық (субьектив
идеалкстік бағыт) пікірлерінің әсерімен (1859-1952) балалардың
бейімдері қажеттіліктеріне сәйкес деген оймен оқу материалы мынадай
курс төңірегінде топталады: алғащқы медициналық жәрдем, сексология некеге
отыруға дайындык, сәбиді күту, бағбандык, гүл өсірушілік, аспаздык және
басқалары (150-200 атауға дейін). Оқу пәндерін кұрудын негізіге адамзатшң
төрт инстинкті басшылыққа алынды: әлеуметтік, құрастырушылық, зертеушілік,
көркемдік әсер.

3.3 МЕКТЕП ЖАРАТЫЛЫСТАНУЫ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ XIX ҒАСЫРДАН БЕРГІ ДАМУЫ
Жаратылыстанудың алғашкы әдістемесін 1840-шы жылдары Германияда мұғалім
Август Любен жазды (1804 - 1873). А. Любен де тамаша чех педагогы Ц Л
Коменский сияқты (1592 - 1670), жаратылыстануды оқу қарапайымнан .
күрделігі қарай, белгіліден белгісізге қарай, нақтылыдан жалпылыға қарай,
индуктивтік жолмен жүзеге асырылуы керек деп есептеді.
Өзінің әдістемесінде ол оқуда мына мәселелерге көңіл аударуды ұсынады:
өсімдіктер флорасына қатысты танымда олардың көптүрлілігіне; осы
көптүрліліктің негізінде жатқан бірлікті тану; - өсімдіктер тіршілігін
танып білу; өсімдіктер формаларының тіршілігін және көптүрлілігін
тудыратын заттар мен күштерді танып білу.
Любеннің пікірі бойынша ботаникада барлық мүмкіндіктер бар, олар:
сезімді, әсіресе көзді өткірлендіруге, дұрыс ойлауды жаттықтыруда,
табиғатты әсемдікке және жалпы әсемдікке деген сезімнің оянуына,
Зертеушілікке деген құлшынысының оянуы, және осыдан туындайтын объеттік
құтқарушылық және өздігінен істеушілік.
А. Любен жаратылыс тарихын оқытудын пайдалы екенін жазды.
жаратылыстануды оқытуды дұрыс жолға қоюдын тәрбиелік әсерінің зор екндігін
атап көрсетті. Жаратылыстануды оқытуда мектепте және жорықтарда өздік
(дербес) жұмыстардың маңызы зор деп санап оны бірінші орынға қойды,
балалардың зерттеушілік дағдыларын дамыту қажеттігін айтты. Любеннің әдісі
бойынша әуелі оқушылар жергілікті табиғаттан таңдап алынған органикалық
әлемнің жекелеген өкілдерімен танысады. Өсімдіктер мен жануарларда көрнекі
түрде оқып үйренеді, мүмкіндіпшде нағыз, табиғи нысандарында тіпті
болмаса жақсы суреттерден. Осы нысандардды оқушулар белгілің жоспар
бойынша өз беттерімен сипаттайды, бұл жерде мұғалім тек сұрақ қояды, ал
оқушылар өз бақыоағанщдарының негізінде оған жауап береді. Любенің пікірі
бойынша табиғаттың көркем түрде қабылдауда, дұрыс ойлануға жаттығуда және
салыстыра алу біліктілігіне үйретуде жаратылыстанудың барлық мүмкіндігі
бар.
А.Я. Герд (1841-1888) XIX ғасыр сонындағы жаратылыстанудың
әдістемешесі болып есептеледі еңбектері жаратылыстанудың
ғылыми әдістемсі едістемесне бастама салды. Александр Яковлевич Герд
оқыту мазмұны қазіргі ғылыми деңгейге сәйкес болып ғылыми дүниетаным
тәрбиелеу, тиіс деп есептеді Ол Ч. Дарвин ілімінің Ресейдеп алғашқы
ізбасарларынын бірі болды Дарвиннің Қолға үйретілген жануарлар және
өсімдіктерді өсіру деген кітабын аударды(1868 және мектептің жаратылыстану
курсын дарвиниз негізінде құрды. А.Я Герд мектептің оқу жоспарында
пәндердің мынадай ретпен бөлінуін ұсынады:
1. Бейорганикалық әлем;
2. Өсімдіктер әлемі;
3. Жануарлар әлемі;
4. Адам;
5. Жердің тарихы.
Әдістемелік тұрғыдан және мазмұны бойынша пәндерді, осындай ретпен
оқыту балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болды. Бұл кеңес дәуірінің
мектептерінде де кабылданды.
Жаратылыстануды оқытумен байланысты тәрбие мәселесін көтергенде ал А.Я.
Герд онын ішінде ең алдымен дүниетанымды тәрбиелеуді қозғады.
Сонымен қатар А.Я. Герд ойланудың дербестгін, бақылағыштықты танымдық
қызығушылықты тәрбиелейтін оқыту әдістеріне көңіл бөліп оны басты мәселе
деп санады. Жекелеген мақалаларында және өзінің оқулығының алғы сөзінде ол
оқытудың шын биологиялық бағытын белгіледі, онда жануарлар мен
өсімдіктерді даму кезінде оқып үйренуді сырқы ортаға бейімделуін және дене
құрылыстарын тіршілік қызметтерімен байланыста оқып үйренуді ұсынды.
Мұғалім журналындағы еңбектерінде және А.Я. Герттің кітаптарымен
оқытушылық қызметінде сол кезеңдердегі дамытушы оқытудың алдыңғы қатарлы ой-
пікірлері анық байқалып тұрады. Олардың негізгілдері мыналар: оқушыларға
табиғат жөніндегі оқу материалын эволоциялық негізде оларда дұрыс
дүниет\аным қалыптастыру. Тірі ағзакларды оқуда жоғары көтерушілік
сипатта оқытуды енгізу; жаратылтылдыстануда оқыту барысында оқушылардың
дербестіктерін белсенді дамыту;
Оқушыларды оқытуда түсіндірмелі және зерттеушілік жолды пайдалану;
балаларды бұрын игерілген білімдеріне сүйене отырып оқыту; тірі табиғатпен
тікелей қарым-қатынасты таным жорық түрінде, практикалық жұмыстар және
тәжірибелер көрсету арқылы ұйымдастыру; бастауыш мектепте жер, ауа және су
жөніндегі білімдерді меңгеру;
Ол- мектептегі оқытудың бастапқы кезеңдерінде табиғатты кешенді түрде
оқып үйренуді енгізу (тірі және өлі табиғат жөнінде тарихи жаратылыстық
білім кешені) ;
Өлі ттабиғат жөніндегі бастапқы білімді тірі табиғатты оқытуда ботаника,
биология және басқа ғылыми жаратылыстану курстаының жоғарғы сыныптарды
сабақтастыру(физика, химия)
Білім беру үрдсі мазмұнына экологиялық бағыттылық енгізу;
Адам анатомиясы және физиология курсының атын және соған сәйкес
мазмұнын жалпы, ортақ Адам деп өзгерту; жалпы білім беретін мекемелерде,
соңғы жылдарда жаратылыстану жөнінде тұжырымдаушы курстарда ой-пікірді
дамыту (...окушыларға бұрын игерілген білімдерін пайдалана отырып Жердің
тарихын қыскаша курс түрінде эволюциялык, теория непздерімен бірге берсе,-
деп А.Я. Герд 1877 ж. жазған.)
Ғалым дамытушы оқытуды жүзеге асыру отандық мектептерде жалпы білім
беруді жаксартуға ықпалын тигізеді деп есептеген: Жалпы білім беретін
мекемелерде Жаратылыстану курсының нгігі мақсаты -
қазірі жаратылыстану ғылымдарының жағдайына сәйкес оқушыларды
дұрыс дүниетанымға әкелу. Герд бойынша белплі дүниетаным - ол, Ресейде
өзі белсенді түрде насихаттаған Дарвиннің эволюция жөніндегі
ілімі Дүниетанымды қалыптастыру жөнінде айтканда ол, табиғаттың
бірлігін түсіну оқушыға зорлықпен міндеттелмеу керек, оқушылардың санасын
дамытуға ықпал ететін жаратылыстануды оқытудың ерекше жүйесі арқылы
жетуге болатын жолы болуы мүмкін деген.
А.Я. Гердтің пікірі бойынша сабақтардағы тәжірибелерің көрсетілуініні
танымжорықтар және практикалық сабактардың дамытушылық маңызы зор. Ол
мектепте танымжорықтардан басқа оқушылардың дербестігін дамытатын
практикалық жұмыстарын ұйымдастырған аса пайдалы деп есептеді.
Сонымен XIX ғасырдын соңына қарай А.Я. Гердтің және тағы басқа
ғалымдардың жұмыстарының нәтижесінде педагогикада ерекше ғылыми сала-
жаратылыстануды оқыту әдістемесі айқын көріне бастады.
1853 жылы ботаникадан, зоологиядан және минерологиядан оқулыктар
шығарылды.
Зоологиядан оқулыкты Юлиан Иванович Симашко (1821 - 1893) жазды. онда
жануарлардың ұсак суреттерімен қоса берілген 400 тұқымдас және 2000-нан
асгам жануарлар түрлері сипатталды. Жануарлар систематикасынан көп
номенклатура келтірілгендіктен балалардың түсінуіне, оқуықа аса қиын болып
оларды қызықтырмады.
XIX ғасырдын 60-шы жылдары Ресейде жаратылыстануды оқыту біраз жақсарды.
Ч. Дарвиннін пікірін алғашкылардың бірі болып насихаттаған ғалым-ботаник,
Петербор университетінің профессоры Андрей Николаевич (1825-1902) және
оның оқушысы Климент Аркадьевич Тимирязев 1920 болды, олар жалпы ғылымды
насихаттаушылар болып табылады.
А.Н. Бекетовтың оқыту үрдісі жөнінде айтқандары назар аудартады. Оның
пікірі бойынша, жаратылыстанудың білім берудегі басты маңызы,
ол ойлауды дамытады және индуктивті, дәлелді ойлауға үйретеді.
Адам логматикалык оқытуға қарсы болды, жаратылыстануды оқытуда ойлау
Қабілеті мен бақылағыштықты дамыту жөнінде қызықты ой-пікірлер айтты. Ол:
индуктивтік оқыту оқушыларды білім мен дайын қорытындымен
қызықтырады, бірақ тек естің (еске сақтаудын) жұмыс істеуін ғана қамтамасыз
еткендіктен ойдың әрекетін туғыза алмайды деген (1863).
Бекетов индуктивтік ойлау әдісі - нағыз керек әдіс деп санаған. Сондықтан
... жан-жақты және терең бақылау үшін бақылау мен салыстыруға
тәжірибелі бақылаушының басқаруымен ұзақ уақыт жаттығу керек Осыдан
ғалымның жұмысында өз бетімен жұмыс істеуге жоспарлы түрде
және бөлімнің басқаруымен үйренген дұрыс - деген әдістеме
үшін үлкен қорытынды айтқанын байқауға болады.
А.Н Бекетов әдістеменің ең маңызды проблемаларын атаған:
өз бетімен ойлай алуын тәрбиелеу;
- осы үрдістегі жаратылыстану пәнінің рөлі;
-бақылағыштықты дамытатын өзбетімен жұмыс істей алуды дамыту.
- ол білім игерудегі зерттеушілік жол ретінде индукцияның
маңызын
біледі және ағза морфологиясынан, анатомия мен физиологиясынан біртұтас
мазмұнға біріктіруді атап керсетті. Бекетовтың: Әртүрлі негіздері
элементтерін мектеп пәнінде біріктіріліп берілуі керек -
оның Н.М. Верзилин (1950) тамаша әдістемелік жаналық деп атады.
жаратылыстануды оқытуда А.Н. Бекетов көрнекті құралды кеңінен қолдану
керектігін, оның ішінде тәжірибе қою ерекше екендігін айткан. Ол
ботаникадан мектеп оқулығында (1868) ол өсімдік физиологиясынан
тәжірибелерді жазып және сипаттап берген.
А.Н. Бекетовтың айтқандарының көпшілігін немістің жаратылыстанушы
педагогы, еңбектері Германияда XIX ғасырдың 30-40 жылдары жарық көрге
Август Любенің пікірлеріне сәйкес келеді (1804-1873). А.Н. Бекетовтың және
басқа да ғалымдардың ықпалымен А. Любеннің әдістемесі және оқулыктар
алпысыншы жылдары Ресей мектептерінде кеңінен таралып жаратылыстануды оқыту
әдістемесінде жаңа бағыт дамытып, Б.Е. Райков оны любендік бағыт деп
атады.
1907 жылы Ресейде В.В. Половцовтың Жаратылыстануды оқытуды жалпы
әдістемесі деген жаратылыстануды оқыту әдістемесінің алғашқы кітабы жарық
көрді, онда автор әдістемеден тұтас білім жүйесін жазған. Ғалым бұл
еңбегінде сарамандық сабақтар мен танымжорықтардың білім беруде маңызын
толық сипаттаған, және жаратылыстануды оқытуда биологаялы әдісті дамытты.
Оқу пәннің мазмұнын таңдап алуда Половцов В.В. ұстанымды негізге алуды
ұсынады (осыны ол биологиялық әдіс деп атады):
1. Формалар олардың атқаруларымен (атқаратын қызметімен) байланысты
оқытылуы керек.
2. Өсімдіктің немесе жануардың тіршілік қалпы олардың мекен еткен
ортасымен бірлікте оқытылуы қажет.
3. Мектепте оқыту үшін биологиялық материалды мол байлықта беретін
ағзаларды таңдап алу керек.
Валериан Викторович Половцов өзінін әдістемесінде алғаш рет
жаратылыстануды оқыту теориясына қатысты бірнеше ұрпақ бой жинақталған
ғалымдар мен мұғалімдердің бай тәжірибесін тонтап жинады біраз әдістемелік
ережелерді негіздеді және дамытты. Ол алғаш рет жаратылыстанушы -
әдістемешілердің зерттеу бағыттарын анықтайтын бірнеше мәселелерді
көрсетті: ғылыми пән мен оқу пәнінін арасындағы айырмашылығы жөнінде,
мектептегі оқытуда біртұтастық жөніндегі пікір, оқу пәнінде болжамнын рөлі
жөнінде, эволюциялык теорияны оқып үйрену жөнінде жыныс мәселесіне қатысты
сауаттылык, мұғалімді дайындау жүйесі жөнінде жаратылыстануды оқытатын
мұғалім қандай болуы керектігі жөнінде және т.б Ғалым - ботаник ретінде В.
В. Половцов табиғат құбылыстарын түсіндіруде материалистік ұстаным
қажеттгін белсенді түрде жақтады. Ол: қалай және неге? деген сауалдарға
әркез жауап беруге тырысу керек, оған жауапты егер мүғалім таза ғылымилылык
негізде қалғысы келсе және ешқандай ғылыми деректі бұрмаламаса ешқандай
теологияның қажеті жок, тек жаратылыстан, табиғаттың өзінде жатқан негізден
іздеу керек деп жазған, не үшін?, неге? деген сұрактар қорытындысында
тек жаратушы : құдай деген тұжырымға келтіреді деп атап өткен. Ғалымның
пікірі бойынша табиғатта барлығы Құдайдың әмірімен жасалып қойылған,
сондықтан да ол неге? және қалай? деген сұрақтарды ұсынады.
В.В. Половцов жасаған биологиялык әдіс, шын
мәнінде жаратылыстануды оқытуда экологиялық тәсілге бағдарлады.
Жаратылыстану әдісиемесінің тарихында (биологияны оқыту әдістемесінде) ол
экологиялық бағытты белсенді насихаттаушы ретінде танымал.
Оның барлық жаратылыстану-педагогикалық еңбектерінде -
мақалаларында, пікір-ұсыныстарында, кітаптарында, баяндамаларында,
оқу бағдарламаларында, ботаника оқулығында, әсіресе Жалпы әдістеме
негіздері деген кітабында жалпы білім беруде экология элементтерін қосу
қажеттігі негізделеді. (бірақ, еңбектерінде экология деген термин
жоқ, ол да, Рулье тәрізді Шогия деген сөзді пайдаланды)
Кеңес үкіметі кезінде мектептерде оқытуды жетілдіру үшін жана, жаңа
бұрынғыдан гөрі белсендірек әдістер зертханалық (Дальтон-план -
Е.Паркхест пікірлері, Ағылшын) және жобалар әдісі (Коллингс пікірі. АҚШ
бойынша оқыту ұсынылды.
Зертханалық әдіс (дұрысырақ, зертханалық жүйе) оқушылардың оқу материалын
өздігінен, тәжірибе арқылы дербес жолмен әр пәнге бөлінген кез зертханада
оқып үйренуін қамтиды. Осы кезде кейбір оқушылар материалды жылдамырақ
талдап, кейбіреуі жайырақ болуы мүмкін. Зертханалық әдіс сыныптарды,
сабақ кестесін, сабактарды жойды да мұғалімңің рөлін кеңесші ретіне
келтірді. Бұл әдісті жүзеге асыру үшін бақылаулар мен тәжірибелер
жүгізу үпгін тапсырмалар сипатталған жұмыс кітаптары басылып
шығарылды. Жабдықталған зертханалары жоқ мектептерде барлық оқу
жұмысы тек.
Жұмыс кітаптарын бір айға берілген тапсырмалар бойынша кұрғак оқумен
шектелді кітаптар 10 оқушыдан тұратын бригадамен оқылды. Айдың сонында
тақырып бойынша конференция өткізіліп барлық бригада үшін бригадирдер
жауап берді. Баға кою алынып тасталды.
Бұл жүйенің орнына жобалар әдісі (анығырак, жобалық жүйе) енпзіді онда
пәндік жүйе қыскартылды. Коллингстін пікірі, бойынша оқушылар қандай бір
жұмысты таңдап және онын орындалу жобасын құра отырып әркект кезінде өз
беттерімен оқып үйренді. Жобаға байланысты олар керек
мәліметтердіә өздері алды, есептеулер жасады жене айгақты нәтиже алды
Мысалы. балапандар өсіру жобасы тұқымдарды таңдап алу, қорек мөлшері,
есептеу күту және базарда сату сияқты жұмыстармен байланысты. Кеңес
мектептерінде үлкен жалпы мектептік жобалар қойылатын болды:
бірнші жартыжылдықта - Зауытка өндірістік-қаржылық жоспар
орындау көмектесеміз; екіншіде - Қамқорлыққа алынған колхозға
большеыкті тұкым себу үшш.

Жобалар істерден тұрды. Мысалы, көктегі науқан - егін
себетін компанниясын еткіу үшін дайындық кезінде қала жағдайында жоба
бойынаша мынадай істер қаралды:

Қала пролетариаты сияқты епгістік жұмыска басшылық жасау және қандай
мекемелерде не істеліп жатыр, Біздің ата-аналарымыз бен көршілерімізді
ұжымдандыру үшін қалай күресіп жатқандарын және жаппай ұжымдандыру
негізінде бай-құлақтарды тап ретінде жою үшін калай күресіп жатқандарын
тексерейік, Ауылдарға жіберетін үлдар бригадаларын құрамыз және т. б.
Осы сияқты нұскаулар, әрине, жаратылыстануды оқытуды сәтті дамытуына
ықпал етпеді, көпшлік педагогтарды өзіне қарсы қойды.
Мектептерді пәндік жүйе бойынша жұмыс жасаулуының алғашқы
жылдарында-ақ әдістемешілерге көптеген проблемаларды шешу қажет болды
ғылымилылығы, сабақтың әдістемесі, оқыту мен тәрбиелеудің жылдан
бастап мұғалімдерге көмек ретінде Мектептегі биология физика, химия, ал
1937 жылдан Мектентгі биология деген журналдар ашыла бастады.
Жекелеген курстар бойынша көптеген жаңа оқулықтар мен
жекелеген оқыту әдістемелері шығарылды. Белсенді түрде
тәжірибелік
реттеулер жүргізілді. Мысалы Н. М. Верзилиннің (1937-1938) жетекшілігімен
(мұғалшдер білімін жетілдіру институтында мұғалімдер гүлді
өсімдіктер түқымдастарын оқып үйрену жөніндеп сабақтарды өткізудің тиімді
әдістемесін анықтады. Дарвинизм негіздері мен ботаника
сабақтарында практикалық сабактар өткізу, ботаникадан мектепте жүргізшетін
тәжірибелер тақырыптарын анықтау сияқты және тағы басқа мәселелерді
талқылады.
Сонымен қатар жаңадан тамаша көрнекі құралдар жасалып, алдыңғы қатарлы
педогогикалық тәжірибелер жинақталды, жалпы шолымдық монографиялар көріп,
әдістемелік ұсыныстарымен кітаптар шығарылды.
ХХ ғасырдың алғашкы жартысында биологияны оқыту әдістемесіне
көптеген ғалым-биологтар мен әдістемешілер елеулі үлестерін қосты.
Олардың ішінде В.А Герд (1870-1926), И.И. Полянский (1872-1930), Д.А.
Судовский (1871-1942), К. П. Ягодовский (1877-1943),
В.Ю.Имимский (1876-1945), М.Я. Цузмер (1884-1946), С.А. Павлович (1884-
Яхонтов (1879-1973), ММ. Беляев (1880-1955), В.Ф. Натали (1890-
Райков (1880-1966), П.И. Боровицкий (1896-1966), В.Ф. Шалаев
И. В. Козырь (1905 - 1973), О. В. Казакова (1909 - 1975), Н. М.
Н.А. Рыков (1908-1984), В.М. Корсунская (1900-1991).
Кеңес мектептерінде барлық білім беру жүйесінщ мақсаты жан-жақты жеке
тұлға тәрбиелеу болды. Бірақ осындай ауқымды ғаламдық мақсаттың осылай деп
сәтті аталуы өз алдына осыған барабар оны жүзеге құралмен қамтамасыз
етпейді, оған біздік еліміздегі биологиялық даму тарихы дәлел.
Кеңес заманының алғашкы онжылдықтары революцияға дейінгі кезенгі мұра
болып қалған дәстүрлі курстарды әдістемелік тұрғыда толықтығы жолдарық
іздестірумен байланысты болды.
20-шы жылдары биологиялық білім берудің жетекші проблемма теорияның
практикамен байланысы болды. Бұл мәселе батыс елдерінің әдіснамалық және
әдістемелік ой-пікірлері үшін көкейкесті бодды: оған мектепті утилитаризм
толқыны шарпыды. Мысалы, Германияда экономикалық жаратылыстану өріс ала
бастады. Мұғалімдерге салмақ салып оларға ұлттың гүлдене дамуына
жауапкершілікті жүктеп қойды. Мектеп биология курсында: Үй жануарлары,
Мәдени өсімдіктер, Зиянкестер Арамшөптер т. б. тақырыптар толып
кетті.
Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында әдістеменің дамуы пәнінің
мазмұнын анықтаудан оқыту проблемасына, одан үнемі пән мазмұнын көңіл
бөле отырып, оқушылардың білім игеру үрдісімен байланысты
проблемаларға ұласты.
Сол кезеңдердегі теорияяық проблемаларға: биологиялық ұғымдар дамыту,
оқушылардың танымдық үрдісі кезіндегі оқыту мен тәрбиелген әдістерін
анықтау жатады.

3.4 БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
ДАМУ ЖАЙЫ
Біздін мемлекетіміз ұзақ жылдар бойы Кеңес Одағының құрамың
болғандыктан мектептер оқыту үрдісін біркелкі жоспарлар мен бағдарламалар
бойынша жүргізді.
Кеңестік Одақтың өктем билігінен, қазақ мектептерінде жаратылыстан
ғылымдарынан жалпы білім берудің шеккензардабы ана тілі мен тарихтар керген
қиянатынен кем емес: оқу бағдарламалары мен оқулыктарға үстемдік орнатып,
Мемлекеттік кұжат деген желеумен оларға өзгеріс енгізу-ешкімге жол
берілмеді. Бұл географияны, биологияны және химия республика табиғатымен,
ауыл шаруашылығының, ғылымнын жетістіктерім оқытуға, оның теориялық
ұғымдарын, зандылықтарын (бұлар елілің табиғатына негізделген
түсіндірілгендіктен) оқушыларға кітап жадағай, кұрғақ жаттығумен
меңгеруге мәжбур етті.
Сондықтан, егемендік алғаннан соң мектепте берілетін жалпы білімнің
мұнын, оқу жұмысын ұйымдастыруда оқыту әдістерін тұтастай қайта қарап,
жаңартудың қажеттігі басты мәселе болып көтерілген, ғалымдар мен,
мектеп ұстаздарының ой-пікірлері мен зерттеулерін.
Қазақстан Республикасының гуманитарлык білім беру тұжырымдамасында білім
берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек зерттеу нысаны ретінде емес, ең
алдымен, шығармашылық пен таным субьектісі құдіретті үгілерін дүниеге
әкелген, әрі өзінің шығармащылыққа деген тынысымен оқушыларды баурап
әкететін субьектісі ретінде көрінуімен делінген.
Педагогика ғылымы және мектеп практикасы баланың білім игеру кезінде
қабілетін қалыптастырып, сол арқылы таным әрекетін белсендіру көрсетеді.
Осы мәселелер оқушының шығармашылық қабілеттерін, шығармашылық әрекеттер
қырларын дамытудың өзекті екенін анықтайды. Ол не істеу керек? Қандай
шаралар ойластырылуы қажет? Оқуға деген, өзінің білім алуға ұмтылысы керек.
Ол ұстаз тарапынан сабақ ішудің әртүрлі жолдарын қарастырып, әдіс-
тәсілдерді жетілдіріп, дәстүрлі сабақтар түрлері әдістемелік тұрғыда дұрыс
ұйымдастыруды талап етеді. Осындай еңбек оқушынын оқу әрекетін тиімді
меңгеруіне, соның нәтижесіндің деген ынта, құлшыныс, талап туып бұрынғы
игерілген білім, білік, пайдалана отырып әртүрлі оқу тапсырмаларын шешуде
шығармашылықпен еңбек етіп, өз әрекетін бақылауды, басқаруды және
меңгереді.
Биологияны оқыту әдіснамасының және әдістемесінің теориялық тұрғыда әлі
де ғалымдардың жан-жақты еңбегін қажет етеді.
Қазакстанда биологиялық білім берудің міндеттерін шешуде алғаш рет
еліміздің аймағының этнолингистикалық және экологиялық-география
жағдайларын ескеріп, оқушыларда натуралистік рефлексия тудыруға мүмкінд
жасайтындай тиімді әдістемелік жағдай жасайтын біріңғай биологиялық би беру
тұжырымдамасы (концепция) қажет болды.
Қазақстанда сол кезде осындай тұжырымдаманы жасаған КСРО ОМӘ ҒЗИ Қазақ
бөлімшесінің (қазігі Ы. Алтынсарин атындағы академиясы) ғылыми бас маманы,
Республикамыздың ірі ғалымы әдістемешілерінің бірі Мағиза Шаймарданова
болды. Ғалымның анықтау бойынша қазақ мектептеріндегі биологияны оқыту
ерекшеліктерін ескере отырып, биологияны оқытуда қайта құрудың негізгі
бағыты еліміздің мектептерінде бірыңғай әдістемелік жүйе жасауда басшылыққа
алынды.
М. Шаймарданованың жалпы білім беру саласындағы көпжылдай тәжірибесі,
биологиялық білім беруді жетілдіруде басымды бағыт - ұлттық этномәдени және
басқа ерекшеліктерді ескере отырып, биологиялық білімді халқымыздың өміріне
барынша қабыстыру мақсатында оның мазмұны құрылымын аймактың нақты
жағдайына келтіру болу керек екен атап көрсетуге мүмкіндік берді.
, '
Өзінің авторлық тұғырнамасында М. Шаймарданова ұлттық қазан
мектептерінде биологиялық білім беру мазмұнында мына жағдайлар орын ал
керектігін көрсетті:
- Қазакстаннын өсімдіктер және жануарлар әлемінің көптүрлілігі;
- Республиканың өсімдіктер мен жануарларының әдеттегі өкілдерінің
тіршілік қалпынын ерекшеліктері: қазіргі уақыттағы олардың саны, қорға;
шаралары;
- еліміздің мал шаруашылығымен шұғылданудағы тарихи жинақталға;1
тәжірибелері (үй жануарларын өсіру, оларды күтіп-баптауға жағдай тудырып
жаңа тұкымдар шығару, үй жануарларын тиімді қоректендіру жөнінде: олардың
ауруларынын ерекшеліктері (ауылшаруашылығы жануарларының ауру
қоздырғыштары), олардын алдын алу мен емдеу шаралары;
Қануарлар морфологиясынан практикалық тіректік білім (оның ішінде, сырткы
және ішкі кұрылыс ерекшеліктері);
Жануарлардың ауруларын емдеуде пайдаланылатын дәрілік
өсімдіктерін білу, оларды жинау мерзімін, қорғауға улы
өсімдіктерді білу және сақтану шаралары:
Қазақстанның әртүрлі климаттық жағдайындағы адам және жануарлар •
ерекшеліктерін білу (ыстық және таулы климаттағы, желді және райындағы
физиология);
дұрыс тамақтану ерекшеліктері, тамаққа жануар текті пайдалы тағамды
(сүтті, етті)т. б.
Гигиеналық білім: қазақ халқының мәдениетінде қалыптасқан біліктілік
гигиенасы, денені таза ұстау және денсаулықты нығайту жөніндегі (ұлттық
спорт түрі қазақша күрес, бәйге).
Тобымен, ғалым биология мазмұнында қазақ халқының алдынғы салт-
дәстүрін мен әдет-ғүрыптарын ескеруді ұсынады. Мысалы,
экологиялық пірікін қалыптастыру тәсілі ретінде табиғатта жабайы
өсімдіктер дұрыс қарай білу, жайылымдарға құнтты қарау. Тұғырнамада
оқыту үрдісі кезінде алдымен этнолингвистикалық ерекшеліктерді:
көпшілік әдебиеттерде басымдылығына байланысты оқыту жабайы
өсімдіктер мен жануарлардың атауының көптүрлілігін: олардың диалектлік
атауларының; үй жануарларының атауларының : жылкылар, қой, ешкі, түйенін
(сыртқы түрінен. мінез қылығынан, жынысынан және көбеюінен) т.б.
атаулардың көптгін естен шығармау керек екеніне көңіл аударады. Автор
бұдан басқа жабайы және үй табиғатта және тұрмыста бақылай білу, олардың
нәтижелерін мақалдар. мәтелдер, ертегілер түрлерінде айту біліктіліктері
танылуы керек деп атап көрсетеді. Сайын келгенде: биологияны өмірмен
байланыстыру үшін, автордың пікірінше, жергілікті жердің ірі кара, қой,
түйе. ешкі, марал тұқымдарын және ауылшаруашылығы есімдіктеріні тұкымдарын:
тары, күріш, қант қызылшасы, жүгері, арпа, сұлы х. б. әк
қарастырылуы қажет.
Осы келтірілген туғырнамалық тұжырымдардың талдауынан соң, ғалым
Шаймарданова алғаш рет Республикамыздың климаттық-географиялық
ерекшеліктеріне үйлестірілген, бейімделген биологняны әдістемесіні жүйесін
жасауға талпыныс жасалғақ деп анықтауға болады.
Осы тұғырнама негізінде ғалым биологиялық біліп берудің базалы деңгейін
анықтап, қазақ мектептері үшін биологиядан оқу-әдістемелік кеше жасалды.
Ғалымның айтарлықтай әдістемелік үлесі болып, өзінін жобалаған биологиялық
білім берудің жаңартылған инварианттык болады саналады.
Көпжылдык әдістемелік жұмыс тәжірнбесі негізінде 1984 жылы зоология
оқулығына суретті терминологиялық сөздік жасап шығарды, бұл еңбек бұрынғы
СССР-дың ірі ғалым-әдістемешісі Р. Маш тарапынан, және Алматы облысы
мұғалімер білімін жетілдіру институты мамандарықа жоғары- баға алды.
Биояогия пәні.бойынша орта білім мемлекеттік стандарты (Алматы: РКК 1998
лс. К. Жүнісова, Қ. Жұмағұлова т. б. ғалымдардын қатысуымен жасалды.
ҚР Білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей стандарты жасалғанды.
(Алматы 2002), Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясынын жалпы
білім институтында пәндер бойынша орта жалпы білімнің жалпыға бірдей
міндетті стандартын дайындау жоніндегі нұсқауларға сәйкес
Биология пәні бойынша орта жалпы білімнің жалпыға міндетті мемлекеттігі
стандарты (6-11 сыныптар) дайындалды, оған К.Ж. Жұнісова, Р.С. Сәтімбекоз
К.Ә. Жаңабердиева, Қ.Ә. Жұмағұлова, Л.Ү. Әбшенова сияқты ғалымдар мен
әдістемешілер қатысты. Ол бойынша Биология оқу пәнінен оқушылардың
дайындық деңгейімен биологяялық білімнің мемлекеттік міндетті минимум
талаптар белгіленді. Оқу пәні ретінде Биологияның негізгі максаттары мен
міндеттері, зерттеу пәні, келешектегі пәннін мазмұнының дамуы және базист
оқу жоспарындағы оның орны, оқу жүктемесін көлемі анықталды.
Республикамызда мектеп оқу-тәрбие жұмысын мүде оқушылардың оқу - танымдық
әрекеттері белсендіру, оқыту, оны ұйымдастыру, әдіс-тәсілдер тиімділігін
арттыру елеулі зерттеу жұмыстары жүргізуде. Осы бағыттағы жұмыстарға
пайымдардың еңбектерін жатқызуға болады: И.Н. Нұғыманов, М.Ж. Жадрина, Қ.
Аймағанбетова, А.Е. Абылқасымова,Т. С. Сабыров, Г. Е. Алимухамбетова, Ғ.М.
Құсайынов, А, Тамаев, Қ. Қайым, А.Е. Дайрабаева
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрактар тарихын оқыту әдістемесі римдік қай
гүламаның атақты еңбегінде айтылған. оқытудың қандай әдістемедік
проблемаларын шешті?өзінің әдістемесінде оқуда қандай мәседедерге көңіл
аударуды ұсынады:
ғылыми танымының әдіснамасындағы негізгі ой- пікірлері қандай
әдістемесінің негізгі қағилалары кандай? мазмұнын таңдап алуда Половнов В.
В. үш ұстанымды негізге алуды ұсынады биологиялық әдіс деп атады, олар
қандай?
Кезінде өріс ала бастаган экономикалық жаратылыстану. қандай
үкіметі кезінде мектептерде оқытуды жетілдіру үшін ұсынылғаи жана,
бұрынғыдан ісендірек әдістер зертханалық және жобалар әдісі бойынша
оқытудын сол қандай он және тіріс жақтары болды.
Кезеңде Қазақстан мектептерінде биологияны оқыту әдістемесі бойынша
қандай өрмен ұшырасып отыр? ғалым-әдістемешілерден кімдерді атауға болады?
Дербес жұммсықа арналған тапсырмалар денгегі биологияны оқыту
бағдарламасынын мазмұнымен таныстырып журналдарының мазмұнын талдандар,
онда Республикамыздағы казіргі қандай проблемалары көрсетілген?

3. Биология кабинетінін қызметі қандай ?
4. Оқу – тәрбие үрдісінде биология кабииеті қандай рөл атқарады ?
5. Биология кабинетін безендіруде қандай талаптар орындауы керек ?
6 Оқу-тәжірибе аланын жасуда, орын тандауда қандай талапттар сскеріледі ?
7. Оқу-тәжірибе алаңынын қандай бөлшектері болуы қажет ?
8. Тәжірибе алаңындағы экология бөлімінін маңызы неде ? Оқу-
тәжірибе қалай экологиялық бөліміне тағы қандай орындарды қосуға болады
деп ойлайсын ?
9 Оқу-тәжірибе алаңынла әртүрлі жұмыс турлерін дұрыс ұйымдастырудың
оқу үрдісіндегі маңызы қандай ?
10. Тірі табиғат мүйісіндегі оқушылар үшін маңызы қандай ?
11. Тірі табиғат мүйісіндегі барлық нысандарды құжаттар және
этиксткалармен
неге керек ?
Дербес жұмыссыз арналған тапсмрмалар
1.Биология кабинетінің оку-тәрбиелік міндетін артгтыруға қандай ұсыныс
жасауға болады.
2. Тірі табиғат мүйісіндегі аквариумдік балықтардың
уылдырық шашуынан дамуының қажетті жағдайын анықтандар.
3. Берілген оқу-тәжірибе аланынын осы бөлімдерін тегіс
алып баскқша сызбанұсқасын бере аласын.

Тақырып: Биология әдістемесіндегі негізгі дидактика принциптері

Мазмұны
5.1. Оқыту, тәрбиелеу және дамыту принциптернің біртұтастығы.
5.2. Ғылымилылық және жүйелілік принциптері.
5.3. Теориямен практиканың бірлігі принципі.
5.4. Түсініктілік және көрнекілік принциптері.
5.5. Саналылық және белсенділік принциптері.

ТАҚЫРЫ:БИОЛОГИЯ ӘДІСТЕМЕСІНДЕГІ НЕПЗІ ДИДАКТИКА ІІРИНЦИПТЕР
Оқыту мен тәрбиелеудің мақсатары мен міндеттерін жүзеге асыру -білім
түрүдің мазмұнын құру мен таңдап алу, оқытудын әдіс-тәсілдерін жасау және,
оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырушылық формаларын қолдану. Сонымен
дидактикалық принциптер мақсат-міндеттерге сәйкес барлық реттеуші қызмет
атқарады. Олардың оқыту практикасында маңызы зор және осы дидактикалық
принциптерді сақтау мндеіттеген нәтижелерге бірден-бір себеп (принцип -
латын сөзінен негіз, ең алғашқы, жетекші беретін ой-пікір, негізгі ереже
немесе талап).
Оқыту принциптері мектеп тәжірибесінің тарихи дамуының теориялы қ талдау
арқылы анықталған. А. Я. Коменский кезеңінен бастап педагогикада оқыту
теориясыньщ негізгі ережелері ретінде принциптерді негіздеуге және
айқындауға әртүрлі әдіснамалық дер айтылды. Алғашқылардың бірі болып
түсініктілік, көрнекілік, сәйкестік т. б. алынады. Биология әдістемесінің
дамуымен сәйкес
Принциптер білім беру проблемаларын жасауда әдістер, құралдар және
формасын жетілдіруге нақты қосьшша ретінде болды.
Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде дидактикалық принциптердің жалпы
номенклатурасы және жіктелуі жоқ. Бұл кемшілік принциптердіи шарттарынан
бөліну қиындықтарымен және принциптің қолдану аясын
Сақтау қиындығымен байланысы. Әртүрлі принциптерді
классификациялаудын қиындығы, ол олардың өзара байланысының көптүрлілігі
мен айрылмастай бірлігіне. Мысалы, ғылымилылық принципі, өзінің құрамына
мазмұнды ашуда реттілік немесе сабақтас кірс жүйелілікті біріктіреді.
Теория мен практиканын бірліп ғылымилылық принципімен және оқыттыулың
бағыттылығы принципімен бір деңгейде байланысты т. б.
Принциппен байланысты өз алдына сұрақ болып оқу-тәрбие үрдісі.
педагогикалық шарттары жөніндгі мәселелер тұр. Ол оқу
жүктеме. реттеумен байланысты (уакыт, оқу материалынын көлемі, үй
тапесырмасы жағдайлар.
Биологаяны оқытуда диалектикалық материализмнің жалпы әдіснамалы;
принциптері негізінен туындайтын тек биологияға тән әдістемелі биологиялық
принциттерді басшылыққа алу қажет
Ерекше әдістемелік-биологиялық принциптер: себептілік, тарихи
пікірілердің бірлігі принципі, табиғатқа кіру, өзара байланыс және өзара
сәйкестік (табиғатты тұтастықпен тану және оның қоғаммен өзара әсерлес)
нақты әлемнің (дүниеннің) материалдылығы және танымдылығы, табу
заңдылыктарының қоғамның даму заңдылыктарына қарағанда алған екендігін т.б.
Осы принциптер биология әдістемесінде дидактикалық принциптердін
негіздемесі болады.
Себептілік принципі тіршілік әлеміндегі бейімделгіштіктің және табиғат
сәйкестіліктін материалдық сипатта екендігін көрсетеді.
Тарихи принципі эволюциялық үрдістің үздіксіздік пен ұзақтығын
түсіндіреді, биологиялық білім берудің гуманитарлық құрам белгілі
айқындайды, шлымның дамуын әр сатысындағы бір-бірімен сабақтастық
көрсетеді, жекелеген ғалымдардын ғылымнын қалыптасуымен дамуындағы рөлін
көрсетеді.
Тірілердің Ірлігі принципі тірі дүниені көптүрлілігін, оларды
филогенетикалық байланыстарын, ағзалар үйлесіп жекелеген топтарын тұтас
патшалықтарның ілгері дамыл кеткендігін тусіндіргенде бағыт-бағыт ретінде
болады.
Табиғатты кіру принципі тірі табиғи нысандармен танысуды міндетті турде
тікелей табиғи ортасында жүргізу қажеттігін көрсетеді. бұл пайымжорықтар,
бақылаулар, тәжірибелер мен сарамандық жұмыстарды ІІсық аспан астында,
тірі табиғат мүйісінде, мектеп жанындағы оқу-тәжірибе өткізу қажеттітік
дәлелдейді.

5.1ОҚЫТУ, ТӘРБИЕЛЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ПРИНЦИПТЕРІ
Біртұтастары биологияны оқуға қатысы тұрғысынан осы принцип білім
мазмұнын түрде ашу үшін және оқушылардың білімділігі, тәрбиелілігі және
жоғары деңгейдегі үйлесімділікте болуын қамтамасыз ететін әдіс-мысалдрды
қолдану сияқты жағдайларды береді. Мысалы: органикалық дүние теориясын оқу
оқушыларға органикалық дүниенін тарихи заңдылыктарының мәнін ашуға және
белгілі бір деңгейде ғылыми оны қолдана алу біліктілігін менгеруіне
ықпалын тигізуі керек. Мекеме, білім және оны қолдану аясы оқыту үрдісінің
сапасының маңызды ретінде толық дәрежеде сол жағдайда меңгерілуі тиіс,
егер олар міндеттерін шешуге, осы мысалда, эволюция теориясына деген
белгілі бір қатынасын жасауға ықпал етсе, органикалық даму бағыттары және
қозғаушы куштері жөнінде қазіргі қабілетінің мықтылығынын, тірілер
жөніндегі ұғымдардың терең ғылыми мен дәледдігіне көздерін жеткізсе.
Оқудың тәрбиелілігінің пәрменділігі, оқушьшын өз көзқарасын алуы,
табиғаттын көптүрлілігі, күрделелігі дамуы мен шығу сияқты ғылымға қарсы
көзқарастарға төзбейтіндігі деңгейінен көрінеді. Үрдісінің барлық
кезеңдерінде оқушынын рухани күші мен дамуына ұстаздың қамқорлығы байқалуы
керек. Дамытушы талаптары жеке тұлғаның психикалық және логикалық
қасиеттерін анық көрінеді. Сондықтан эволюцялық теорияны оқытуда
міндеттерді қою, деректерді талдау және мағыналы қорыту, ғылыми
- теорияны пайдалану т.б. сияқты кешенді әдістемелік құралдар қолданы
Сонымен аталған оқыту-тәрбие-дамыту принциптері бір-біріне өзара әсер
Биологияны оқытуда (осы принциптің есебінде) білім берудің тәрбие және
дамыту функцияларын күшейту аса маңызды.
Нақыты, тәрбиелеу және дамыту принциптері ұстанымдарынан пәндік ойлау
тәсілін қалыптастырудың белгілі рөлі көрінеді. объектілерін (нысан)
ажырату, ұқсастық және айырмашылық белгі анықтау, таксонды (қазір тұр,
туыс, тип, тағы сол сияқты систематик категорияны таксон деп атайды)
анықтаудың маңызды ерекшеліктерінің , экологиялық (түрдің бірлестіктегі
тарихи анықталған жағы, орны, мекен ортасын бөліп алу, әртүрлі
бейімделулер т.б.) етушілердің байланысын ажырату, агротехникалық
сипаттағы практика міндеттерді шешу - осы сияқты мысалдардың бәрі білімді
пәндік - бей қолдана алу түрлері жалпы биологиялық ұғымдармен тұтастықта
болады.
Осы қарастырылып отырған дидактикалық принцип жан-жақты дамып: оқушының
жеке тұлғасын тәрбиелеу мен білім беру мақсаттарына өзі келетін міндеттерді
шешуге биология мұғалімін үнемі бағыттап, отырады
Бұл мәселе жөнінде білім берудің жаңа парадигмасы магынасы
педагогикасының орны ерекше, онда оқыту мен тәрбиелеуді бірі педагогикалық
үрдіс етіп байланыстыруға мүмкіндік тудырып, оған тұлғасының ең әуелі
өзіңкі жүйе екенін, тек сонан сон ғана дамушы, өзін ұйымдастырушы жүйе
екенін анықтауға мүмкіндік тудырады, өйткені соңғы әсер етудің нәтижесінде,
таным субъектлерінін және нысан әлемінің алмасуы нәтижесінде жузеге
асырылады.
5.2. ҒЫЛЫМИЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІЛІК ПРИНЦИПТЕРІ
- Осы принциптер оқушыларда биологиялық ғылым негіздерінен жүйесін
қалыптастыру үрдісімен қамтамасыз етіледі (бұл оқуға тән мақсатында ғылыми
білім жүйесін өңдеу кезінде ғылым негіздері бойы
жүйесінің мазмұны өзгермей дәл бершуіде. Биология курсының әрбір
ғылыми білімнің белгілі бір көлеміне сәйкес келеді, бірақ
оның . ч микрокөшірмесі емес (жоғарғы оқу орындарында
басқаша.
Ғылымилылық принципі практикалық, ғылыми көзқарастық маңызы бар шын
негізделіп, бекітілген деректерді, ұғымдарды, заңдарды, толық
қанды ғылыми тұрғыда білуге кепіл болады Биология ғылымьшың
классикалық ғылыми деректерге сүйене отырып мектеп курсына енгізіледі.
жасушалық құрылыс теориясы оқушылардың бақылауымен, әртүрлі
жасушаларын салыстырмалы сипаттауымен бекітіледі принцмпі
оқу пәнінде ертеректе ашылған жалпы деректерді жаңа
жетістіктермен, ғылымның алтын қорына үйлестіріліп берілуін
айқындайды.Сондыктан жоғарғы жалпы биологиялық матерйалдарға жасушаның
электрондық жайындағы материалдар қосылған, оның химиялық
құрамы эиергетикасы, фотосинтез механизмі турасында, белоктар биосинтезі
!көрсетеді.
Биологиясындағы ғылымилылық принципін жүзеге асырудың , мысалы
ретінде рефлекс ұғымын және жоғарғы дәрежелі жүйке оқып зерттеудің
павловтық әдісін толық ашуын айтута болады. үрдістерді реттеуді
оқып үйрену әдісі сыртқы қоршаған жағдайында өзін-өзі реттеуге
қабілетті тұтас жүйе ретіндеі жөніндегі жалпыбиологиялық ережелермен өзара
әсерлеседі. Ғылыми ұғымның мәнін оны бекіту әдісімен бірлікте ашуға
ретеледі. Соңдыктан биологияны оқыту әдістемесінде оқушыларды әдістерімен
таныстыруға үлкен мән беріледі. принципі көлемін, теориялардың,
заңдылыктар мен пайданылу аясын анықтайды. Кейде ғылымдағы
жекелеген заңдылықтардың қалыптан тыс көп берілуі немесе ғылыми деректердің
дұрыс келтірілмеуі және біржақты қатынас мектептеп оқытудың мазмұнын алуға
теріс әсер еткені болған. Мысалы, Кеңес мектебінде алпысынан
жылдарға дейін Дарвин ілімі қателіктермен берілді. сатылап дамудың теориясы
асырып айтылды, генетиканың классикалық заңдары алынбады, тұкымдар қол
тұкымдарды шығаруға қатысты ғылыми деректер бұрмаланды. Түрлердің қайта
тууы мүмкіндігі жөніндегі мақұлдаулар болып.Ғылымилылық
принципне сүйену нәтижесіңде одан кейнгі жылдар мазмұнның
жанадан қаралуы арқасында биология негіздерін қайта қарай әсіресе
жоғарғы сыныптарда, өзгерістер енпзілді. Әдістемені биологтар ас көкейкесті
деген теориялық және практикалық маңызды проблемаларды таңдап алады.

Мысалы, соңғы жылдары Қазақстандық әдістемені ғалымдардың кеңес
нәтижесінде бұрынғы кеңес дәуірі кезіндегі мектептегі ботаника, зоология
әр сыныптағы жеке-жеке бөлінген курстық пәндер емес тірі ағзаларды біртұтас
оқытуға талпыныс жасалып жаңа оқулықтар шығарьша бастады, биология
оқулықтарының барлығында экологиялық білім негіздері толығырақ қамтылып
бастады. Мектеп биологиясында тек қана ағза ненгізінде окытудан алшақтап
ағзадан жоғары ұйымдасқан тірі жүйелер, биосфера, экожүйе мәселелені
әлеуметтік экология салалары кеңейтіле бастады.
Осы айтылғаннын бәрі ғылымилылық принципіне сәйкес оқушылардың табиғаттың
біртұтастығы жөнінде, оның тірі және өлі компоненттерінің бірлгіI
турасында, тірішліктің көпдеңгейлік құрылымы жөнінде, табиғат пен қоғамнмін
өзара тығыз қарым-қатынасы жайында кең дүниетанымдық тұжырымға әкеліп Д
мүмкіндік береді.
Мектеп биологиясын оқытудағы ғылымилық оқушыларда биологияны білімнің
ғылыми әлем бейнесіндегі негізп құрам бөлік екені жөнінде анық ұғым
қалыптасуына себеп болады.
Ғылымилылық принципі биологиялық білімнің ішкі жүйесін және оның басқа
оқу пәндерімен байланысын анықтайды. Биология әдістемесі

барлык бөлімдерінде баланың
жалпы білімі мен дамуына жеткізетін ой-пікірлермен жалпы биологиялық
ұғымдарды жүйелі ашып етуімен дәлелденеді. (Осы мақсатпен
өсімдіктер жөніндегі бөлімде жалпы теориялық және онымен байланысты
қолданбалы білім кіргізіледі. Мысал ы - жалпыбиологиялық,
цитологиялық, морфологиялык, , физиология, өсімдіктер систематикасы,
агрономиядан берілетін білімдермен байланысты экологиялық білім беріледі).
Ғылымилылық принципіне пәнаралық байланысты жүзеге асыру жан-жақты
сәйкес келеді, себебі олар дүниетанымды байытатын білімдерді
жаттастыруда үлкен рөл атқарады.
Дидактикада пәнаралық байланысты әрі педагогикалық проблема, әрі
принип, әрі оқу-тәрбие міндеттерін сәтті жүзеге асыратын шарттардың бірі
әдіс қарастырады. Оқу пәндерінің өзара байланысы әсіресе ғылымдар
жүйесінде, оның ішінде шектесетін тұстарында, ғылыми
зерттеулерде қатынасты көрсетеді. Биологияны оқытуда оның химиямен және
иіклмен байланысы мен үйлесімділігі жаратылыстану
ғылымдары оқу пәндеріннің жоғары тұтастығына жетуге, олардың оқушыларға
тәрбиелік әсерін көтеруте орасан зор мүмкіндік туғызады. Табиғат жалпы
білім жүйесі тарихи, әлеуметтік-экономикалық және қырлары бар
қоғамтанулық біліммен байланысқа түседі Даму заңдылығы
диалектикалық материализм ұстанымы шан таразыланады. Экологиялық
проблемаларды кешенді түрде теориялық және практикалық
маңыздылығы да ғылыми қыстану және қоғамдық-тарихи оқу
пәндерінің циклдары арасындагы байланыста кұрылады. ғылымилык
прициппін басшылыққа ала отырып. биология әдіскерлер мектеп
биологиясының жалпы білім беру жене деңгейін қамтамасыз
етеді сонымен бірге осы принциптің дни
көзқарастарға қарсы ғылыми дүниетаным арудағы үлесін
арттырады.
5.3.ТЕОРИЯ МЕН ПРАКТИКАНЫҢ БІРЛІГІ ПРИНЦИПІ
Бұл прищипі педагогикалық маңыздылығы сонда, ол мектеп
дамуының алғашқы күнінен басталады.
Осы принцип қазргі өндірістің ғылыми негізгі ашудың заңды қажет
анықтайды (политехнизм). Биологиялық білім берудің барлық компоненті
политехникалық сипатта болады. Мектеп биологиясында теорияда
материалдың, өндіріспен байланысының екі қырын ашып көрсетуге болады
біршшісі - тірі жүйелер пайдаланатын өкдірістік үрдістердің сапасын
көтерулуі биологиялық негіздері ашу; екіншісі - тірі табиғатқа қазіргі
кездегі өндірісі тиімді әсерлерін реттеу тәсілдерін сипаттау. Осы екеуінің
де еңбек жолын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология оқыту әдістемесі
Биологияны оқыту әдістемесін жүзеге асырудың әдіс - тәсілдерін көрсету
БОӘ дамуына үлес қосқан Қазақстандық әдіскерлер және олардың еңбектері
Биологияны оқыту әдісі
Биологияны оқытудың қажетті формалары
Половцовтың әдістемелік еңбектері
Биологияны оқыту әдістерінің тұжырымдамалық негіздері
Биологияны оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеті
Биология пәнін оқыту әдістемесі
Кенелер және ауылшаруашылық зиянкестер тақырбын оқыту әдістемесі
Пәндер