Excel-де шешімді іздеу қондырмасының көмегімен сызықтық программалау есептерін шешу технологиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

А.Яссауй атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті

“Экономика ”кафедрасы

Курстық жұмыс

Excel-де шешімді іздеу қондырмасының көмегімен сызықтық программалау
есептерін шешу технологиясы.

Қабылдаған:

Орындаған:

Мазмұны

Кіріспе

2. Негізгі бөлім

2.1.Excel-де шешімді іздеу

2.2.Есептің экономика-математикалық моделі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Кейбір есептердің шешімін тиімді жолмен шешуге көмектесетін Excel
кестелік программасының жұмысының аспектілерін қарастырайық. Кестелік
программа- кестелік формада берілген мәліметтерді өңдеуді автоматтандыруға
арналған программалық өнім.

Excel экранының элементтері. Excel-ді іске қосқаннан кейін экранда
кесте пайда болады,1.1.суретте көрсетілген.

1.1.сурет Excel жұмыс парағы

Бұл көріністі жұмыс парағы деп атайды.Ол жолдар мен бағандардың қиылысып,
тіктөртбұрыш құраған ұяшық деп аталатын тор көздерді көрсетеді. Жұмыс
парақтары мәліметтерді енгізуге, есептеулерді орындауға, ақпараттық
базаларды ұйымдастыруға және т.с.с. үшін арналған. Excel терезесі
келесідей программалық элементтерді бейнелейді: тақырыптар қатарын, меню
қатарын, қалыпты меню қатарын, терезені басқаратын нүктелерді.

Формулалармен жұмыс. Электрондық кесте программасы көптеген әртүрлі
есептеулерді орындауға қызмет етеді. Excel көмегімен тез арада формула
құруға болады. Формула негізгі үш бөліктен тұрады:

1) теңдік белгісінен;
2) есептеулерді орындау, мәндердің жиынтығынан немесе ұяшықтарға өтуден;
3) операторлардан.
Егер теңдік белгісі болмаса, онда Excel берілгендерді формула
ретінде емес, ұяшыққа енгізілген мәлімет ретінде өзінше түсіндіреді.
Формулаларды сан сияқты, текст ретінде де формулалар қатарына немесе
ұяшыққа енгізуге болады. Сонымен қатар келесідей қадамдарды орындау
қажет:

• (=) белгісін қойып және формула тұратын ұяшықты ерекшелеу;
• амал белгісін немесе оператор енгізу;
• формулаға қосылатын, басқа ұяшықты енгізу;
• формулаларды енгізу аяқталмағанша, операторды қайтадан енгізу;
• Enter пернесіне басу.
Формулалар қатарында енгізілген формула, ал ұяшықта есептеу нәтижесі
пайда болады.

Формулаларда функцияларды қолдану. Формулаларды енгізуді жеңілдету
үшін Excel функцияларын қолдануға болады. Функциялар- бұл Excel-де құрылған
формулалар. Excel көптеген формулаларды қамтиды. Олар әр түрлі типтеріне
қарай топтастырылған: логикалық, математикалық, инженерлік, статистикалық
және т.б.

Осы және басқа да формулаларды жүзеге асыру үшін Вставка, Функции
белгілерін басу қажет. Пайда болған Мастер функций терезесінің сол жағында
функциялардың типтерінің тізбегі қамтылады. Типін таңдағаннан кейін оң
жағында функциялардың өздерінің тізімі орналасады. Функцияны таңдау
сәйкесінше аттарына тышқанның батырмасын шертумен іске асады. Қазіргі
таңда көптеген есептеулер осы электрондық кестенің көмегімен жүзеге
асырылып, тиімді жолмен шығарылуда. Мен курстық жұмысымның тақырыбын осы
Excel-де сызықтық программалаудың есептерін шещуге қатысты етіп алдым.
Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан.
Негізгі бөлім Excel-де шешімді іздеу және есептің экономика-математикалық
моделі атты екі бөлімшеден тұрады. Excel-де сызықтық программалаудың
есептерін шешудің технологиясын сіздерге кеңірек ашып түсіндіруге тырыстым.

2.Негізгі бөлім

2.1.Excel-де шешімді іздеу

Шешімді іздеу- бұл тиімді есептерді шешуге мүмкіндік беретін Excel-дің
қондырмасы. Егер менюдегі Сервисте Шешімді іздеу командаса болмаса, демек
міндетті түрде бұл қондырманы жүктеу қажет. Сервис Қондырмалар
командасын таңдаймыз және Шешімді іздеу қондырмасын жүзеге асырамыз.

СервисШешімді іздеу командасын таңдағаннан кейін Шешімді іздеу
сұқбат терезесі пайда болады.

Шешімді іздеу сұхбат терезесінде үш негізгі параметрлер бар:

• Мақсатты ұяшықты орнату.
• Ұяшықтарды өзгерте отырып.
• Шектеу.
Алдыменен Мақсатты ұяшықты орнату алаңын толтыру қажет.Шешімді
іздеу құралы үшін барлық тапсырмаларда жұмыс парағының бір ұяшығында
нәтиже тиімділеді. Мақсатты ұяшық формулалар көмегімен осы жұмыс
парағының басқа ұяшықтарымен байланысты болады. Шешімді іздеу құралы
мүмкін болатын шешімдерді тексеру үшін, мақсатты ұяшықта нәтиже беретін
формулаларды қолданады. Мақсатты ұяшық үшін мәні көбірек немесе азырақ
іздеу таңдауға болады немесе нақты бір мән беру қажет.

Шешімді іздеу құралының екінші маңызды параметрі бұл- Ұяшықтарды
өзгерте отырып параметрі. Бұл жерде мақсатты ұяшықта нәтижені тиімді ету
үшін мәні өзгертілетін ұяшықтар көрсетіледі. Шешімді іздеу үшін 200-ге
дейін өзгермелі ұяшықтарды көрсетуге болады. Бұл ұяшықтарға екі негізгі
талап қойылады: олар формуладан тұрмауы керек және олардың мәнінің
өзгерісі мақсатты ұяшықтағы нәтиже өзгерісінен көрінуі керек. Басқа
сөзбен айтқанда, мақсатты ұяшық өзгермелі ұяшықтардан тәуелді болады.

Шешімді іздеуде енігізілуі керек үшінші параметр – бұл шектеулер.

Есепті шешу үшін қажет:

1) шешімнің нәтижесі орналасатын ұяшықтар адресін көрсету (өзгермелі
ұяшықтар);
2) бастапқы мәліметтерді енгізу;
3) мақсатты функция үшін тәуелділік енгізу;
4) шектеулер үшін тәуелділіктер енгізу;
5) Шешімді іздеу командасын жіберу;
6) мақсатты функция үшін ұяшықты тағайындау(мақсатты ұяшықты орнату);
7) шектеулер енгізу;
8) сызықтық программалаудың есебін шешу үшін параметрлер енгізу;

1.1.мысалының шарттарын қолданып, шешу технологиясын қарастырайық
(костюмдер туралы есеп).

2.2. Есептің экономика –математикалық моделі

х1- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік технология көмегімен оптимизациялау әдістері
Жобаны жоспарлағанда қызметкерлер құрамын басқару алгоритмін құру
«Транспорттық тапсырма»
Транспорттық есептің түрлері
Сызықтық программалау есептері және оларды шешу әдістері
Есептердің математикалық моделін құру
Есептің математикалық моделін құру
Кітапхана жұмысын автоматтандыру туралы ақпарат
Жасанды интеллект және нейрондық желілер
Граф тиімділік есептерін шешу әдістерінің алгоритмдері мен программалары
Пәндер