Мұхаббат - наме



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Мұхаббат-наме.
Алтын Орда дәуірі әдебиеттің ең көрнекті үлгісі-Махабат-наме дастаны.
Оны жазған-ақын Хорезми. Хорезми-ақынның лахаб аты. Ақынның шын аты-жөні,
өмірі, шығармашылығы жайлы мәлімет сақталмаған. Ол жайында білетініміз
көп емес. Ақын Хорезми-Алтын Орда ханы Жәнібектің тұсында өмір сүрген.
Сол Жәнібектің Сыр бойындағы әкімдерінің бірі болған- Мұхаммет Қожабектің
тапсыруы бойынша 1353 жылы Мұхаббат-наме
дастанын жазған. Бүгінгі күнге Мұхаббат-наме дастанының екі нұсқасы
жеткен. Дастанның екі нұсқасы қазір Лондонның Британия музейінде сақтаулы
тұр. Рессей Ғылым академиясының Азия халықтары институты 1952жылы осы екі
қолжазба нұсқасының фото көшірмесін алды. Демек, Мұхаббат-наме дастанын
Хорезми жазғаннан 80 жылдан кейін оны ұйғыр әріпімен қайта көшірген. Бұл
дастанның ең көне, ең алғашқы көшірмелерінің бірі болса керек. Ал енді
Мұхаббат-наменің араб тілімен жазылған нұсқасы 1509 жылы көшірілген
басқаша айтсақ араб жазуындағы қол жазба ұйғыр жазуындағы нұсқадан 77 жыл
кейін көшірілсе де, оған қарағанда әлде қайда кең әрі толық сақталған
болып келеді. Ежелгі дәуір әдебиетін зерттеуші бір топ қазақ ғалымдары
Мұхаббат-наменің араб жазуымен бізге жеткен ең толық нұсқасын ғылми
негізде жан- жақты талдап, көне мұраның қазақ әдебиетінің көркемдік
сабақтастығын дәлелдеп шықты, әр дастанның түп нұсқаға мейлінше
наме дастанының араб тілімен жазылған нұсқасы 473 беттен тұрады.
Дастанда 11 неме (хаттан тұрады). Жігіттің қызға жазған 11 хаты жырға
негіз болған. Солардың ішінде 4-ші және 8-ші және 11-ші хаттары парсы
тілінде жазылған. Қалғандары Алтын Орда түріктерінің бәріне бірдей
түсінікті қыпышақ- оғыз тіліндегі жырлар болып келеді сонымен Мұхаббат-
наменің негізгі тілі- Алтын Орда қыпышақтарының негізгі тілі екенін
үмытуға болмайды. Мұхаббат-наме дастанының кіріспесінде ақын: Мен де ұлы
тәңірге жалбарынып Мұхаббат-намені жаздым дейді. Автор сол кездегі әдеби
дәстүрді сақтап алдымен әлемді
жаратқан тәңірге жалбарынып сосын пайғамбарларға мақтау сөзін айтады.
Мұхаббат-наме дастанында адамның осы өмірдегі адамға сүйспеншілік зор
шабытпен жырланады. Ақын нақты өмірдің қадір-қасиетін жоғары бағалайды.
Шығарманың басты қаһрманы өз сүйіктісі үшін ешқандай қауіп қатерден
тайсалмайды. Дастаннан үзінді:
Сүйіктім, қасымда болсаң,
Жұмақтың маған керегі жоқ.
Жігіт сүйген қызына сондай пікір айта келіп, сен арғы дүниедегі хор
қызынан мың есе артықсын, сол періште қызда р келіп, сенің сұлулығыңа
табынсын, сен жоқ жерде жұмақтың өзі маған дозақ дейді. Жігіт сүйген
қыздың сұлулығы сондай, тіпті оны көргенде отқа табынушылар өздінінен
безіп кеткен деп суреттейді. Дастанның басты қаһарманыдары – бір біріне
ғашық жандар. Шығарма негізінен жігіттің қызға жазған он бір хатынан
тұрады. Дастанда қыздың хатының жауабы берілмейді.Хоразми өзі жырлаған
қызды өте көрікті етіп қана суреттемей сонымен бірге ақылды, данышпан,
әрі сүйгеніне барынша адал, адамгершілігі барынша жағары,инабатты ізгі
жан дейді.
Мұхаббат-наме – қызықты, тілі көркем, көріктеу құралдары әр түрлі,өлен
құрлысы коркем жазылған дастан.Ақын Хоразми дастанда жыр жолдарына
үстеме мағана беріп, оны ажарландырып жіберу үшін теңеу әдісін көбірек
қолданды.
Хоразми түркі халықтары әдебиетінде наме жанрына өзінің Мұхаббат-наме
дастаны арқылы тұнғыш рет жол ашты.Наме сөзінің бірнеше мағанасы бар.
Сондай-ақ наме жанрлық форма ретінде мәлім. Наме сөзінің ең жиі
қолданатын мағанасының бірі – арнау өлең түрінде жазылған дастан, поэма
деуге болады. Хорезмидің Мұхаббат-намесі - дәл сондай арнау ретінде
жазылған дастан. Мұнда екі ғашық жанның ой – сезімдері, айтар сөздері,
жігіттің арнау хаттар арқылы берілген. Кезінде мұндай әдіс әдебиет
жанрдағы жаңалық болған. Мұхаббат-наме дастанның өлең үлгісі негізінен
екі тармақты, он бір буынды болып келеді.
Қорта айтқанда, Хоразми сәтсіз махаббаттың трагедиясын жырлай отырып,
өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық - әлеуметтік мәселелерін сөз етеді.
Алтын Орда дәуірінің ең таңдаулы туындыларының бірі болып табылатын
Мұхаббат-наме дастанның әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдан мағанасы зор.
Хорезмидің бұл ғажайып шығармасын танып – білу арқылы біз бүгін қазақ
әдебиетіндегі поэма жанрының өмірге келу жолдарын,қазіргі қазақ тілінің
даму жолдарын, халқымыздың өткендегі әдет – ғұрпын, салт –санасын, т.б
тереңірек ұғынатын боламыз.

Хұсрау – Шырындастаны.
Шығыс класикалық әдебиеттің ғажайып үлгілеріXIII-XVғасырларда ұлан –
ғайыр қыпшақ даласына кеңінен тараған еді.Еділ сағасындағы Сарай
қаласынан шыққан аса көрнекті ақындардың бірі Құтб еді.
Фқын Құтб Сырдария бойындағы мәдени орталықтардың бірі – Сығанақ
қаласында тұрды.Ал Тыныбек Алтын Орда тағына отырған кезде ол Сарай
қаласына қоныс аударған еді.Құтб ақынды қыпшақтар арасында Құтбы
немесе Құтып шайыр деп те атай берген. Ақынның өмірі жайлы мәлімет
жоқтың қасы. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхаббат - наме дастанының кіріспесінде ақын
Тарихи ономастикалық кеңістік (Х-ХІV ғғ. түркі жазба ескерткіштері негізінде)
Рабғузидың «Қисас-ул Әнбия» дастанының әдеби сипаты
Қазақ әдебиеті тарихы пәні
Алтын Орда әдебиетінің көрнекті ақыны Хорезмидің Махаббатнаме дастаны
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ ЖАНР ДӘСТҮРІ
Көне түркі (ХIII-ХIV ғасыр) жазба ескерткіштер тіліндегі есім сөздердің жасалу жолдары
Ефлак һарекатының сөзі
Ежелгі қазақ әдебиетінің тарихы және оның зерттелуі
Қазақ фольклорының тарихы
Пәндер