Қытай Халық Республикасы



ЖОСПАР:

КІРІСПЕ

1 Тарау.Қытай Халық Республикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2.4
1.1.Қытайдың батысқа қатысты саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.6
1.2. Ху Цзинтаоның Қазақстанға қатысты саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7.8

2 Тарау. Қазақстан мен қытай қарым қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9.14
2.1 Азия құрлығында қауіпсіздік орнату мәселесі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2Қытайлардың батысты игеру саясаты. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16.17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

Сілтемелер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Тақырыптың өзектілігі:Қытайдың 1990-2000ж аралығындағы сыртқы саясаты тез қарқынмен дамып келеді.Сонымен қатар Қытайдың сырқы саясаты саяси-әлеуметтік, экономикалық салаларды қамтиды.
Жүмыстың мақсаты:1990-2000жж ҚХР сыртқы саясатын жан-жақты аша отырып алдына мынандй мақсаттар қояды:
1. Қытайдың батысқа қатысты саясаты
2. Ху Цзинтаоның Қазақстанға қатысты саясаты
3. Қазақстан мен қытай қарым қатынасы
4. Азия құрлығында қауіпсіздік орнету мәселесі
5. Қытайлардың батысты игеру саясаты
Тақырыптың тарихнамалық шеңбері: 1949-1956 КСРО көмегімен өндірістің негізгі салалары салынды, өндірісті ұлттандыру және ауыл шаруашылығын коллективизацияландыру жүргізілді, жаппай социалистік құрылыс басталды.
1956 жылы ҚКП 8 съезінде Мао Джетуң идеяларының жеңісімен, «үлкен адым» саясатымен, «коммунизацияландырумен» аяқталған жаңа бағыт жарияланды. Одан кейін негізгі ұраны болған социализм құру кезіндегі класстық күресті күшейту және Қытайдың мемлекет пен қоғам құрудағы «ерекше жолы» екі жақтың теке-тіресінен «мәдени революция» жарияланды (тауарлық-ақшалай қатынастарды мойындамау, мемлекеттік емес жекешелендірудің болмауы, сыртқы экономикалық қатынастарды болдырмау, адалсыз саясаткерлерді жұрт алдында соттау, хунбэйбиндер және т.б.)
Бұл саясат кейін «төрт банданы» құлатқаннан соң, кейін билік басына келген Дэн Сяопинмен әшкереленді. Қытай Коммунистік Партиясының Орталық Комитетінің 11 шақырылымымен өткен ІІІ Пленум (1978 жылдың желтоқсаны): жоспарлы-тарату және күллі шетелдік инвестицияны кірістіру, ұйымның кеңірек шаруашылық қарекет етуіне рұқсат беру, ауылдарда жанұялық тәртіпті енгізу, экономикадағы мемлекеттік сектордың пайызын кеміту, ашық экономикалық аумақты ашу, кедейшілікпен күресу, ғылым мен техниканы дамыту сияқты нарықтық болатын екі жүйенің біріктіруі арқылы социалистік нарықтық экономикаға курс жарияланды.
Қытайды хаостан, артқа қалудан және кедейшіліктен алып қалып, қалыпты әлеуметтік-экономикалық даму жолына салға Дэн Сяопин болатын. 1980 жылдың аяғы мен1990 жылдың бастарында Қытай толықтай халықты тамақтандыру мәселесін, ЖІӨ (Жалпы ішкі өнім) және өндірісті жылдам түрде ұлғайтуын дамуын, халықтың өмір деңгейін көтеру мәселесін шешті.
Бұл түбегейлі жаңартулар одан кейінгі келген Цзян Цземинмен және Ху Джинтаомен жалғастырылды.
2002-2005 жылдары Ху Цзинтао өзінің қолына жоғары партиялық, мемлекеттік және әскери лауазымдарды алды (ҚКП ОК жоғарғы төрағасы, ҚХР председателі, ҚХБА бас қолбасшысы).
ЖІӨ-нің орташа өсуі 1990-1999 жылдары — 10,3%, 1998-2001 жылдары— 10%, 2002-2005 жылдары— 9% құрады. ЖІӨ көлемі бойынша, Қытай АҚШ-тан кейінгі екінші орынды иеленіп жатыр. Валюталық резервтері жылдам өсті. Сыртқы сауда көлемі 2004 жылға қарай 850 млрд. доллардан асып кетті.
Бірақ та Қытайдың орасан зор экономикалық өсуі өсіп келе жатқан саяси және әлеуметтік тұрақсыздықпен тіресті. Жасалған реформалар елдің тек жағажайдағы шығыс провинцияларға септігін тигізсе, өзге аймақтағы халық жағдайы өте төмен болып табылады, сонымен қатар әр аймақтың экономикалық жағдайының айырмашылығы ұлғаюда.
Қытай басшылығы бұрынғы КСРО аумағында болып өткен «түрлі-түсті революцияларға» күдікпен қарады, әлеуметтік ашынудың Қытайға келуінен сақтау үшін мемлекеттік бақылауды күшейту жолында үлкен жұмыстарға кірісіп, шетелдік Қытай басшылығы бұрынғы КСРО аумағында болып өткен "түрлі-түсті революцияларға" күдікпен қарады , әлеуметтік ашынудың Қытайға келуінен сақтау үшін мемлекеттік бақылауды күшейту жолында үлкен жұмыстарға кірісіп , шетелдік ықпалды шектетті.
2005 жылдың қазан айында ең ірі ұялы байланыс операторларының қызметін мемлекеттік бақылауға алу науқаны басталды. Жаппай сыбайластығы үшін жиі сыналатын Гуандун провинциясында партиялық және мемлекеттік басшылығын соттау басталды.
ҚКП ОК пленумы 2005 жылдың қазанында «Қытайда үйлесімді қоғамды құруды стратегиялық мақсат ететін» 11-інші бесжылдық жоспар қабылдады.
2006 жылдың 5 наурызында ВСНП кезекті отырысында бағдарламалық баяндамамен Вэнь Цзябао шығып, елдің экономикалық өсуінің тежеуді, ал босатылған ақшаны шаруалардың өмір деңгейін көтерумен қатар әскері шығындарды өсіруді ұсынды.
Үкімет Қытайдың ЖІӨ-ін қазіргі жылына 10%-дан 7,5%-ға тежеуді жоспарлауда. Босатылған қаржы қаланың тұрғындары мен шаруалардың арасындағы өмір деңгейінің айырмасын жабуға жұмсалады (елдегі шаруалар саны шамамен 900 млн., немесе халықтың 75%-ы). ҚХР-да «түрлі-түсті революцияның» алдын алу мақсатында 2006 жылы аграрлық секторға шамамен 340 млрд. юань жұмсау көзделіп отыр (2005 жылғыдан 14 пайызға көп).
Әскери шығындар да көбейеді. Ресми әскери қаражат 2006 жылы 14,7%-ға көбейіп, 284 млрд. юаньды құрайды (35,5 млрд. доллар). Жоспарланып отырған ауыл шаруашылыққа және әскерге жұмсалатын қаржының көбейюі жағажайдағы бай провинцияларды пайдаланады.
Сондықтан, бұл саясаттың өткізілуі бұрынғы басқарушы Цзян Цзэмин шыққан Шанхай тайпасының қарсы әрекетіне кезігуі мүмкін.
Жұмыстың қүрылымы: кіріспеден, негізгі 2 тараудан, қорытындыдан 20 беттен тұрады
Пайданылған әдебиеттер

1.Қазақстан энциклопедиясы
2. Внешняя политика Китаяна пороге ХХ века.-М 2002
3.Теория «Мировозвышения Китая» -М 2003
4.Тоқаев Қ «Қазақстан республикасының дипломатиясы».Алматы 2002-568б
5.Тим Луард « Китай новая сверхдержава» -М 2000
6.Дипломатия жаршысы
7. «Китай в современном этапе» Алматы КИСИ при президенте РК 2005
8.Егемен Қазақстан ААҚ 2006
9.интернет желілері
www.google.kz

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ
1 Тарау.Қытай Халық
Республикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2-4
1.1.Қытайдың батысқа қатысты
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-6
1.2. Ху Цзинтаоның Қазақстанға қатысты
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7-8

2 Тарау. Қазақстан мен қытай қарым
қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9-14
2.1 Азия құрлығында қауіпсіздік орнату мәселесі.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2Қытайлардың батысты игеру саясаты.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16-17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
Сілтемелер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 19
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
0

КІРІСПЕ:
Тақырыптың өзектілігі:Қытайдың 1990-2000ж аралығындағы сыртқы саясаты
тез қарқынмен дамып келеді.Сонымен қатар Қытайдың сырқы саясаты саяси-
әлеуметтік, экономикалық салаларды қамтиды.
Жүмыстың мақсаты:1990-2000жж ҚХР сыртқы саясатын жан-жақты аша
отырып алдына мынандй мақсаттар қояды:
1. Қытайдың батысқа қатысты саясаты
2. Ху Цзинтаоның Қазақстанға қатысты саясаты
3. Қазақстан мен қытай қарым қатынасы
4. Азия құрлығында қауіпсіздік орнету мәселесі
5. Қытайлардың батысты игеру саясаты
Тақырыптың тарихнамалық шеңбері: 1949-1956 КСРО көмегімен өндірістің
негізгі салалары салынды, өндірісті ұлттандыру және ауыл шаруашылығын
коллективизацияландыру жүргізілді, жаппай социалистік құрылыс басталды.
1956 жылы ҚКП 8 съезінде Мао Джетуң идеяларының жеңісімен, үлкен адым
саясатымен, коммунизацияландырумен аяқталған жаңа бағыт жарияланды. Одан
кейін негізгі ұраны болған социализм құру кезіндегі класстық күресті
күшейту және Қытайдың мемлекет пен қоғам құрудағы ерекше жолы екі жақтың
теке-тіресінен мәдени революция жарияланды (тауарлық-ақшалай қатынастарды
мойындамау, мемлекеттік емес жекешелендірудің болмауы, сыртқы экономикалық
қатынастарды болдырмау, адалсыз саясаткерлерді жұрт алдында соттау,
хунбэйбиндер және т.б.)
Бұл саясат кейін төрт банданы құлатқаннан соң, кейін билік басына
келген Дэн Сяопинмен әшкереленді. Қытай Коммунистік Партиясының Орталық
Комитетінің 11 шақырылымымен өткен ІІІ Пленум (1978 жылдың желтоқсаны):
жоспарлы-тарату және күллі шетелдік инвестицияны кірістіру, ұйымның кеңірек
шаруашылық қарекет етуіне рұқсат беру, ауылдарда жанұялық тәртіпті енгізу,
экономикадағы мемлекеттік сектордың пайызын кеміту, ашық экономикалық
аумақты ашу, кедейшілікпен күресу, ғылым мен техниканы дамыту сияқты
нарықтық болатын екі жүйенің біріктіруі арқылы социалистік нарықтық
экономикаға курс жарияланды.
Қытайды хаостан, артқа қалудан және кедейшіліктен алып қалып, қалыпты
әлеуметтік-экономикалық даму жолына салға Дэн Сяопин болатын. 1980 жылдың
аяғы мен1990 жылдың бастарында Қытай толықтай халықты тамақтандыру
мәселесін, ЖІӨ (Жалпы ішкі өнім) және өндірісті жылдам түрде ұлғайтуын
дамуын, халықтың өмір деңгейін көтеру мәселесін шешті.
Бұл түбегейлі жаңартулар одан кейінгі келген Цзян Цземинмен және Ху
Джинтаомен жалғастырылды.
2002-2005 жылдары Ху Цзинтао өзінің қолына жоғары партиялық,
мемлекеттік және әскери лауазымдарды алды (ҚКП ОК жоғарғы төрағасы, ҚХР
председателі, ҚХБА бас қолбасшысы).
ЖІӨ-нің орташа өсуі 1990-1999 жылдары — 10,3%, 1998-2001 жылдары— 10%,
2002-2005 жылдары— 9% құрады. ЖІӨ көлемі бойынша, Қытай АҚШ-тан кейінгі
екінші орынды иеленіп жатыр. Валюталық резервтері жылдам өсті. Сыртқы сауда
көлемі 2004 жылға қарай 850 млрд. доллардан асып кетті.
Бірақ та Қытайдың орасан зор экономикалық өсуі өсіп келе жатқан саяси
және әлеуметтік тұрақсыздықпен тіресті. Жасалған реформалар елдің тек
жағажайдағы шығыс провинцияларға септігін тигізсе, өзге аймақтағы халық
жағдайы өте төмен болып табылады, сонымен қатар әр аймақтың экономикалық
жағдайының айырмашылығы ұлғаюда.
Қытай басшылығы бұрынғы КСРО аумағында болып өткен түрлі-түсті
революцияларға күдікпен қарады, әлеуметтік ашынудың Қытайға келуінен
сақтау үшін мемлекеттік бақылауды күшейту жолында үлкен жұмыстарға кірісіп,
шетелдік Қытай басшылығы бұрынғы КСРО аумағында болып өткен "түрлі-түсті
революцияларға" күдікпен қарады , әлеуметтік ашынудың Қытайға келуінен
сақтау үшін мемлекеттік бақылауды күшейту жолында үлкен жұмыстарға кірісіп
, шетелдік ықпалды шектетті.
2005 жылдың қазан айында ең ірі ұялы байланыс операторларының қызметін
мемлекеттік бақылауға алу науқаны басталды. Жаппай сыбайластығы үшін жиі
сыналатын Гуандун провинциясында партиялық және мемлекеттік басшылығын
соттау басталды.
ҚКП ОК пленумы 2005 жылдың қазанында Қытайда үйлесімді қоғамды құруды
стратегиялық мақсат ететін 11-інші бесжылдық жоспар қабылдады.
2006 жылдың 5 наурызында ВСНП кезекті отырысында бағдарламалық
баяндамамен Вэнь Цзябао шығып, елдің экономикалық өсуінің тежеуді, ал
босатылған ақшаны шаруалардың өмір деңгейін көтерумен қатар әскері
шығындарды өсіруді ұсынды.
Үкімет Қытайдың ЖІӨ-ін қазіргі жылына 10%-дан 7,5%-ға тежеуді
жоспарлауда. Босатылған қаржы қаланың тұрғындары мен шаруалардың арасындағы
өмір деңгейінің айырмасын жабуға жұмсалады (елдегі шаруалар саны шамамен
900 млн., немесе халықтың 75%-ы). ҚХР-да түрлі-түсті революцияның алдын
алу мақсатында 2006 жылы аграрлық секторға шамамен 340 млрд. юань жұмсау
көзделіп отыр (2005 жылғыдан 14 пайызға көп).
Әскери шығындар да көбейеді. Ресми әскери қаражат 2006 жылы 14,7%-ға
көбейіп, 284 млрд. юаньды құрайды (35,5 млрд. доллар). Жоспарланып отырған
ауыл шаруашылыққа және әскерге жұмсалатын қаржының көбейюі жағажайдағы бай
провинцияларды пайдаланады.
Сондықтан, бұл саясаттың өткізілуі бұрынғы басқарушы Цзян Цзэмин шыққан
Шанхай тайпасының қарсы әрекетіне кезігуі мүмкін.
Жұмыстың қүрылымы: кіріспеден, негізгі 2 тараудан, қорытындыдан 20
беттен тұрады

1 Тарау.Қытай Халық Республикасы
Қытай халық Республикасы Азия құрлығында орналасқан мемлекет.Халық
саны бойынша, әлемдегі 1-ші мемлекет (1,3 млрд санынан астам, халық
көпшілігі — этникалық қытайлықтар, өз атауы — хән); жер аумағы бойынша
Ресей және Канададан кейінгі 3-ші орында. 1949 жылы Қытай Халық
Республикасы жарияланғаннан бері елді Қытай Коммунистік партиясы билеуде.
Ресми түрде сегіз партия болса да, ҚХР-сын бір партиялы, авторитарлық елдер
қатарына жатқызады.[1]
14 мемлекетпен шектеседі: Ауғанстан, Бутан, Мианма, Үндістан,
Қазақстан, Қырғызстан, Лаос, Моңғолия, Непал, ҚХДР, Пәкістан, Ресей,
Тәжікстан және Виетнам.
Қытай тарихы археологиялық мәліметтермен қатар, ерте заманнан бергі
саяси өмір мен әлеуметтік қозғалыстарды зерттеуге мүмкіндік беретін, жазба
көздерінің көпшілігі және түрлігімен ерекшеленеді. Діни-философиялық және
тарихи мазмұны бар канондалған ежелгі қытай мәтіндері, әсіресе Конфуцийдің
оқуы жазылғаны — өз кезегінде, қытай өркениетінің дамуына, қытай
халықтарының көзқарасына әсер етті.
Қытай өркениетіне Конфуций заманынан бері әрбір адамның жердегі
өміріндегі бақыт пен аман-саулығына бағытталған жоғары әлеуметтік-саяси
белсенділік тән болды — адамның тағдыры құдайдың салғаны емес, өз еңбегінің
арқасы. Қытай тарихындағы үлкен халық қозғалыстары менен Қытайға тән жоғары
әлеуметтік көшпенділіктің мәнісі осында жатыр. Қытай өркениеті — әлемдегі
ең ежелгілердің бірі. Қытай ғалымдарының айтуы бойынша, оның жасы бес мың
жылға жуық, оның үстіне жазба көздері 3500 жылғы мерзімді қамтиды.
Династиялар ауысқан сайын түрлі даму кезеңдерінен өткен ежелгі әкімшілік
басқарудың баршылығы, өзге өркениеттен кейін қалып қойған көшпенді көршілер
мен тау халықтарына қарағанда, жер өңдеу саласы дамыған экономикасының
баршылығы анық артықшылық болды. Қытай өркениетін одан әрі конфуцийлік
(б.з.д. 1 ғ.) және бірегей жазу жүйесінің енгізілуі күшейтті.[2]
Саяси көзқарас бойынша, Қытай бірнеше мыңдаған жылдар бойы, цикликалық
түрде қайталанатын саяси бірлік пен шашыраңқылық мерзімдерінен өткен. Қытай
аумағы басқыншылардың шабуылына жиі ұшырады, бірақ басқыншылардың көбі
ертелі-кешті қытайланып, қытай этносымен араласып кетті. Қазіргі қытай
мемлекеті мен қоғамы көптеген ғасыр бойы қоршаған азия халықтарымен мәдени
және саяси араласуы менен енгізілуінің нәтижесі. Қытай этносының аса ірі
демографиялық потенциалының көрші халықтарға тигізетін әсерін жоққа
шығаруға болмайды.
1949 жылдың желтоқсанында ҚХР құрылғалы елде төрт Конституция
қабылданды(1954, 1975, 1978 и 1982). Қытай Халық Республикасының
Конституциясы бойынша (1982 жылдың желтоқсаны), ҚХР — халықтың
демократиялық өктемдігі бар социалистік мемлекет.
Мемлекеттік биліктің жоғарғы органы — жергілікті жиналыста 5 жылға
сайланатын халық қалаулыларынан тұратын 2979 депутаттан тұратын бір
палаталы Бүкіл Қытай халық қалаулыларының жиналысы (БҚХҚЖ). БҚХҚЖ сессиясы
жыл сайынғы тәртіппен шақырылады.
Депутаттардың санының көптігінен БҚХҚЖ функцияларын сессия
мерзімдерінің арасында делегаттардан сайланған тұрақты комитет атқарады
(шамамен 150 адам).
Сайлауға тек қана Қытай Коммунистік партиясы мен Халықтың саяси кеңес
Советіне кіретін сегіз демократиялық партия қатысады.
Шәңғаңда және Макаода өз заң шығару жүйелері бар.
БҚХҚЖ барлық депутаттары коммунистер және демократтар блогінен тұрады

1.1.Қытайдың батысқа қатысты саясаты
Соңғы жылдары әлемнің бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) Қытайдың
қарыштап дамып келе жатқаны жөнінде жан-жақты зерттеулер жүргізіп көп айта
бастады. Бұл дегеніміз ғасырлар бойы айтылып келе жатқан ұйықтап жатқан
алып диюдың оянуы деп баға берсек сірә қателеспеген болармыз. Жаһанға аты
мәшһүр Наполеонның өзі: Бұл алып диюды оятпау керек. Ол оянса, ғаламды
шайқалтып жіберуі ықтимал деп босқа айтпаса керек. Сонымен, енді Қытай
деген алып күштің ояна бастауынан әлемдік супердержава деген елдердің өзі
алаңдап, беталысына қарап қобалжи бастады. Ал Қытайға көрші елдердің тіпті
дегбірі қалар емес. Өйткені бәсекелестікте алдына жан салмайтын Қытайдың
экономикалық дамуы көрші елдердің экономикасының тығырыққа тірелуіне алып
келіп отыр.
Қытайдың көршiлерiн әскери күшпен жаулап алғанын тарихта аса көп
кездестiрмеуге де болар. Бiрақ, бұл халыққа кемеңгерлерi Конфуцийдiң
жылына бiр сантиметр жылжып та жетiстiкке жетуге болатынын айтып кеткенiн
ескерсек, көршiлерiмiздiң қазiр әлемнiң әр бұрышында china town немесе
қытай қалашықтарын құрып алып, дүниежүзi мемлекеттерi iшiндегi өз
мемлекеттерiн бiртiндеп көбейту тенденциясына көз жұмып қарауға болмайды.
Осындай жағдайларды сараптап отырған Қытай Қазақстанды зерттеу объектiсiне
алып отырғанын кездескен қытай ғалымдары да жасырмайды. Қытай қоғамдық
академиясының профессоры Гу Гуан Фу: Қазақстанға жылына үш төрт рет
барамын. Қытайдың орталығында және шекаралас аумағында Қазақстан мен
Орталық Азияны зерттейтiн бiлiктi институттар бар. Бiр жақсысы,
Қазақстанмен қарым-қатынас ұстау өте тиiмдi. Сiздер байланысқа тез
келесiздер. Ал Ресейде болса олай емес. Екi ортада саяси қайшылықтар
кездесiп қалады,[3] - деп ағынан жарылуында үлкен мән жатыр.
Алайда, Қытайдың болашақ гегемониясының қазiрдiң өзiнде көзге түсiп қалатын
элементттерi жайына келгенде қытай саясаттанушылары пікірлерінен алыстан
орағытып, ол жайында ойлауға мұршаңызды келтірмейтіндей етіп шатастырады.
Қытайдың өзге көршiлес мемлекеттерге қауiп төндiретiндей теориясын
негiзiнен жоққа шығаруға болмайды. Тiптi, Қытайға көршілес өзге елдердiң
бәрiнде де сол қауiп бар. Бұл заңды да. Өйткенi тарихтан да белгiлi,
мемлекеттiң қуаты артқан сайын, оның араны да ашылады ғой. Ал енді осы алып
аспан асты елінің көршісі Қазақстанның жағдайы қандай болмақ деген сұрақ
өздігінен туындайды. Көтеріп отырған мәселеміздің арқауы да осы сұрақ
төңірегінде болмақ.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанның БАҚ-ы Ресейдің Қазақстанды
отарлап келгені туралы айтып келсе, енді оған қазір қытайландыру қаупі
келіп қосылды. Қытайдың Қазақстанға байланысты саясаты Қазақстан
тәуелсіздік алғаннан кейін қарқын ала бастады. Өйткені әлемнің алып күштері
үшін бос кеңістік саналатын жерден өз үлесін алып қалу болды. Бұл үшін
Қытайдың көптеген себептері бар: 1) экономикасы қарқынды дамуы шикізат пен
отын-энергетикаға деген сұранысын күрт арттырып жіберді; 2) мамандардың
болжамдарына қарағанда Қытайдың территориясы 2 млрд. адамның ғана өмір
сүруін қамтамасыз ете алады екен. Ал 2015 жылы Қытай халқы 2 млрд.-тан
асады деп күтілуде. Сонымен бірге бұған бір жанұяға – бір бала саясатына
қарсы санақта жоқ 2-3 баласы бар ауыл қытайларын қоссаңыз ресми санақтан да
асып түсетін анық.
Қытайдан келетін қауіптің ішінен, әсіресе, Қытайдағы ерлер мен әйелдердің
арасындағы табиғаттың өзі реттеп отыратын сандық тепе-теңдіктің бұзылу
процесіне жұрт назарын баса аударғым келеді.
Әулеттің мұрагерлерін ерлер жағынан қуалайтын дәстүрге берік қытайлар бір
баланың ұл бала болуына айрықша мүдделілік танытуда. Нәтижесінде, ұл бала
көбейіп, қыз бала азайып барады. Зәрулік туылған жерде адамдар тәсілқой,
амалшыл келеді. Яғни, қажеттіліктен нәресте бойға біткен кездің өзінде-ақ
оның ұл-қызын айырып беретін аппараттар ойлап табуда.
Қытай Бір отбасы – бір бала саясатын жүргізе бастағалы 25 жылдай уақыт
болды. Байыптап қарағанда, бұл елдегі еркек пен әйел арасындағы сандық
ауытқу қазірдің өзінде білініп тұр. Енді қазір сол кездегі реформа
перзенттері жұптаса бастайтын уақыттың тақаған сәті. Тесік моншақ жерде
қалмас деген мақалдың нағыз күшіне енетін кезі келіп тұр. Әйел затының
бағасы қазірдің өзінде аспанға ұшып тұрған Қытайда еркек бойдақтар өзінше
бір жік, керек десеңіз, тап болып қалыптасады. Ел өмірі батыстағыдай
демократияланып, әралуан партиялар мен ұйымдардың құрылуына кең мүмкіндік
туылса, әлгі саудыраған бойдақтар өз бағдарламалары мен жарғыларын жасап,
ұйымдар мен партияларға бірігуі де мүмкін. Сонда олардың қажеті Қытайдың
өзінен өтеліп жатса жақсы. Олай болмай, Жер жүзіндегі әйелдерді
әділеттілікпен қайта бөлу талабын қоюшылар шыға бастаса не болмақ? Не
десек те жағдай осы бағытта дамып келе жатыр. Кейде батыстық
саясаттанушылардың болжамдары дөп түсіп келе жатқан секілді. Яғни, АҚШ-тың
қысымымен енгізген Бір отбасы – бір бала саясатын өз пайдаларына
ыңғайластыра отырып, ер азаматтар санын көбейтіп теңсіздік орнын дүние
әйелдерімен толықтырып дүниені қытайландыру саясаты жүріп жатқандай. Оған
бірнеше қытайлық ұйымдар қаржылай көмектесіп отырғаны шындық. Бір ғана
мысал, Қазақстандық қыздарымызға үйленіп жатқан қытайлық азаматтардың
көбейе түсуі. Бұл әлі бастамасы ғана десек жаңылыс айтқандық емес болар.
Сондықтан осы мәселелерді ескере отырып үкіметіміз алдын-алу шараларын
қарастырса деген ұсынысымыз бар.
Ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң дамуы, жұмыссыздар санының еселеп
көбеюіне жол ашуда. Қытай үкіметі санағына сүйенсек, жақын арада жалпы саны
150 млн адам жұмыссыздар армиясын құрайды екен. Ал ресми емес деректер
бойынша айтылып жүрген жұмыссыздар армиясы 250 миллион. Ресми деректің өзі
Ресейдей алып елдің барлық халқынан көп. Бұл дегеніміз Қазақстан сияқты
халық саны аз мемлекеттер үшін қауіп төндіруде. Өйткені мұншама орасан зор
еңбек күшін Қытайда орналастыруға тіптен мүмкін емес. Демек сырттан жұмыс
қолын іздеп, күнкөріс қамына кірісу қажеттілігі туындайды. Сондықтан Қытай
болашағын, халық саны аз мемлекеттерден іздейді. Қытайды зерттеп жүрген
батыс елдеріндегі ғалымдардың пайымдауларына қарағанда, елдің жалпы табиғи
ресурстары 2 миллиард адамды қамтамасыз етуге ғана жетіп, одан кейін өз
мүмкіндігін сарқа беретін көрінеді

1.2. Ху Цзинтаоның Қазақстанға қатысты саясаты
Сенат Төрағасы Қ.Тоқаевтың Қытайға сапары сәрсенбіде басталғанымен, ол
күн негізінен жолға кетті. Астанадан бес сағат ұшып Бейжіңге жеткенше, одан
17 миллион тұрғыны бар қаланың кешкі көлік кептелектерінен өткенше күн де
батты. Түнгі астананы тамашалауға ғана уақыт таптық. Сәрсенбінің сәтіндегі
бір олжамыз – Қасым-Жомарт Кемелұлының ұшақтағы өзінің салонына шақырып,
екі сағат бойы Қытай туралы алуан-алуан әңгімесін естігеніміз болды.
Тәуелсіздіктің алғашқы белесінде еліміздің сыртқы саясатын қалыптастыруда
Елбасына ақылшы болған азаматтың Қытай елі жөніндегі маман екендігі елдің
бір ырысы деген ойымыз тағы тиянақтала түсті.
Кеше таңертең Қасым-Жомарт Кемелұлы ҚХР Сыртқы істер министрлігі
жанындағы Халықаралық проблемалар институтында ел саясаттанушыларының,
ғылыми жұртшылықтың алдында сөз сөйледі.[4] Бұл институт 1956 жылы Қытай
халықаралық байланыстар институты болып құрылған екен. 1986 жылдан бері
осылай аталады. 1998 жылы оның құрамына ҚХР Мемлекеттік кеңесінің
құрылымына кіретін Халықаралық қарым-қатынастар Қытай орталығы қосылыпты.
Институт негізінен халықаралық саясаттың орта және ұзақ мерзімді
мәселелерімен, экономиканың стратегиялық сипаттағы проблемаларымен
айналысады, сондай-ақ аса маңызды деген әлемдік оқиғалар мен өткір
проблемалар бойынша түсініктемелер, ұсыныстар әзірлейді.
Қ.Тоқаевтың дипломаттық қызметі Қытайда басталғаны белгілі. Қасым-
Жомарт Кемелұлы “Беласу” атты кітабында Мәскеудің Халықаралық қатынастар
институтын бітірердегі дипломдық жұмысы “Линь Бяо мен Конфуцийді сынау
науқанының саяси және идеологиялық қырлары” деп аталғанын да жазатын. Ұзақ
жылдар бойы Сыртқы істер министрі қызметін атқарған тұста Қ.Тоқаевтың Қытай
проблематикасын егжей-тегжейлі білетіндігі елдің сыртқы саясатына көп
көмегін тигізгені талассыз. Кешегі кездесуде де Сенат Төрағасының өзіне тән
салқын сабырмен сөйлеу мәнері, қамтыған мәселелерінің терең талдануы,
саясат пен экономиканы тығыз ұштастыра қарастыруы жиналған жұртшылықты
тәнті етті. “Тарих пен география Қазақстан мен Қытайға тату көршілер, жақын
достар, стратегиялық әріптестер ретінде өмір сүруді жазған”, деп бастаған
спикер Қазақстан жұртшылығы Қытайдың жаһандық держава ретіндегі тарихи
маңызын алабөтен бағалайтынын атап айтып, көрші елдің халықаралық беделі
мен ықпалы жылдан жылға арта түсіп келе жатқанына көңіл толушылығын
жеткізді. Қ.Тоқаев Қытайдың Қазақстан қауіпсіздігіне кепілдік беруі, екі ел
арасындағы мемлекеттік шекараның мәңгілікке шегенделуі сияқты оқиғалардың
орасан маңызын, Қазақстан мен Қытай арасындағы достық пен ынтымақтастықтың
ойдағыдай дамуы, нығаюы Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Төраға Ху
Цзиньтаоның ерекше еңбегі екенін бөле көрсетті. Біздің Мемлекет басшысының
2006 жылғы желтоқсанда Бейжіңге, ҚХР Төрағасының 2007 жылғы тамызда
Астанаға мемлекеттік сапарлары Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық
қарым-қатынастарды одан әрі дамыта түсті.
Сенат спикері екі елдің Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы бірлесе
атқарып жатқан жұмысына жоғары баға берді. Энергетика, көлік, өнеркәсіптің
дәстүрлі және инновациялық салаларын, ғылым мен технологияны дамыту
мәселелерінде ШЫҰ-ның мүмкіндігі өте мол. Туризм мен спорт саласындағы
ынтымақтастық та өз жемісін беруде. Қытайдың биылғы Олимпиялық ойындарды
өткізуге дайындық барысындағы жинақтайтын тәжірибесі өңірдегі барлық елдер
үшін пайдалы болмақ. “Қытай халқы мен үкіметі осынау абыройлы міндетті
ойдағыдай атқарып шығатындығына біздің күмәніміз жоқ”, деп қадап айтты
Қасым-Жомарт Кемелұлы. Мемлекеттер арасындағы мәдени-өркениеттік
өзгешеліктер олардың бірлесе әрекет етуіне мүмкіндік бермейді-міс деген
баяғы қасаң қағидалар қайта қозғалып жүрген қазіргідей тұста ШЫҰ Еуразия
кеңістігінде тең құқықты әріптестікке әбден-ақ қол жеткізуге болатынын
тамаша танытуда. Өз сөзінде Қ.Тоқаев бұл ойын елдер арасындағы тауар
айналымының көлемі кейінгі кезде анағұрлым өсе түскендігімен тиянақтап
өтті. Кеше естіген цифрларымыз осының айқын айғағы. 2007 жылдың 10 айының
өзінде Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты сауданың көлемі 11 миллиард
доллардан асып түсіпті, бұл 2006 жылдың 10 айымен салыстырғанда 65 пайыз
артық екен. Қазақстан Қытаймен сауда айналымы бойынша Орталық Азия және
Шығыс Еуропа елдері арасында Ресейден кейінгі екінші орында тұр. Қытайдың
біздің экономикаға салған инвестициясының жалпы көлемі 8 миллиард долларға
жетіп қалыпты. Ұлы көршіміз Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына
қосылуына қолдау көрсетіп отыр. “Атасу – Алашанькоу” мұнай құбыры, “СНПС-
Ақтөбемұнайгаз” акционерлік қоғамы, “Кеңқияқ – Құмкөл” мұнай құбыры және
“Қазақстан – Қытай” газ құбыры сияқты нысандар мен мекемелер атқарып
жатқан, атқаратын істер ауқымды.
Қазақстан мен Қытай негізгі халықаралық ұйымдардың, ең алдымен,
Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында белсенді түрде бірлесе әрекет етіп келеді.
“Біз халықаралық қатынастардың демократияландырылуын және тең құқықты
әріптестікті жақтаймыз, біз бір полярлы әлемнің жағдайында мемлекеттердің
өзгелерге өз әмірін жүргізуін қаламаймыз. Қазақстан да, Қытай да көпполюсті
әлемнің орнығуын және дамуын қалайды” – Қ.Тоқаевтың осы сөзі айтылған тұста
залдағы жұртшылық бір қозғалақтап қалды.
Мұнан кейін әңгіме ауаны парламентаралық байланыс мәселелеріне ойысты.
Қытайдың экономикалық реформаларды белсенді жүргізу кезеңіндегі заңнамалық
арқауды қалыптастыру жөніндегі тәжірибесі өте қызғылықты көрінеді. Сенатта
Халық өкілдері Бүкілқытайлық жиналысымен парламентаралық ынтымақтастық
жөніндегі топ жұмыс істейтінін біз кеше осы Бейжіңде естіп-білдік. Екі
жақтың депутаттары бір-бірімен алыс-беріс, барыс-келіс орнатып үлгеріпті.
Депутаттар демекші, сөздің реті келіп тұрғанда спикер сапарындағы ресми
делегацияға халық қалаулылары Н.Жолдасбаева, Қ.Ахметов, Б.Досманбетов,
Ғ.Есім, Ж.Кәкішев, О.Рахманбердиев, Т.Симамбаев, Ж.Төрегелдинов қосылғанын
айта кетелік.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан-қытай қарым-қатынастарының бұқаралық ақпарат құралдарындағы көрініс
Қазақстан Республикасы мен Қытай халық республикасының қазіргі экономикалық байланыстар деңгейі және болашағы
Азия баспасөзінде көбінесе
Орталық азия аймағындағы қытайдың экономикалық ұстанымдары
Тайвань мәселесі
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының он алты жылдан астам уақыт ішінде Қытай Халық Республикасымен орнатқан мәдени және рухани қарым – қатынастары
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Қытайдың сыртқы саясаты
Қытай Халық Республикасы — бұл халықтың демократиялық диктатурасымен орнатылған социалистік мемлекет
Қытай мен Қазақстан дипломатиялық қарым-қатынастары
Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының экономикалық байланысы (1991-2009 жж.)
Пәндер