25 қазан Республика күні
25 қазан Республика күні
Тәуелсіз мемлекеттің барлық тыныс-тіршілігін, оның мемлекеттік
құрылымын әлеуметтік, экономикалық дамуы мен саяси жүйесін қалыптастырып,
оны нығайтуға ат салысқан, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған
заңдардың қабылдануы да осы заң шығарушы орган – Парламенттің үлесіне
тиесілі. Осы жолда депутаттар құрамы, яғни жалпы Парламент –
парламентаризмнің қалыптасу, даму кезеңдерін басынан өткерді.
Парламентаризм, президенттік, сот билігі, одан да басқа қоғамдық
қатынастарды реттейтін көптеген институттардың пайда болуын Кеңестер Одағы
кезеңінен бастау алады деп келте жауап қайтаратындардың кездесіп қалатыны
жасырын емес. Ал шындығына келетін болсақ, қазақ қоғамында да дала
демократиясының ертеден бастау алатынын, ондағы мемлекетті құру,
қалыптастыру, даму институттарының сол қоғамға, сол кезеңдерге сәйкес
болғандығы туралы көп айтыла бермейді. Қазіргі уақыттағы шынайы демократия
элементтерінің бірі болып саналатын президенттік институттың көрінісін
қазақ қоғамындағы хандық биліктен көруімізге болады.
Республика күні, 25 қазанда Қазақстанның мұқым халқының достығы,
төзімділігі, жеткен жетістігі, ұлттық стратегиялық мүддесі мейлінше
насихатталып, патриоттық, бүгінгі Қазақстан патриоттығын айқындайтын
факторлар әлемге паш етілуі тиіс деп ойлаймын.
Тәуелсіздік декларациясын жарияладық, Конституциямызды қабылдадық,
ұлттық стратегиялық мүдделерімізді анықтадық. Сондықтан бұл құжаттың
маңызын кетіруге болмайды. Оны бірінші кезекке қоюымыз керек. Бұл күн
тәуелсіздігіміздің күні болуы тиіс. Нақтырақ айтқанда, 25 қазан Тәуелсіз
Республика декларациясы қабылданған мейрам күні болуы керек.
Ал 16 желтоқсанда ыңғайсыз жағдайға тап боламыз. Бір жағынан, мейрам, бір
жағынан, трагедия. Бұл күні қуанайын десең, қанды оқиға есіңізге түсіп,
көңіліңіз жабырқайды. Сондықтан меніңше, 16 желтоқсан – Желтоқсан
көтерілісі күні ретінде аталып өтілетін болса.
Ал Республика күнін тойлау мәселесіне келер болсақ, бұл саяси мейрам
ғой. Сондықтан осы күні Қазақстан елі, жері, рәміздері, Президент жайлы,
президенттік басқару туралы қысқаша деректер БАҚ арқылы беріліп жатуы
керек. Ірі тұлғалар, қоғам қайраткерлері қалың бұқараға тәуелсіздіктің
мәнісін, осы ұғымды тереңнен тарихи тұрғыда талдап беруі қажет. Патриоттық
шаралар – әскеріміз, Қарулы күштер жайлы мәліметтермен халық кеңінен таныс
бола алуы керек. Ал кешке эстрада адамдарының концерті берілуі тиіс. Онда
да Қазақстан аспанында біздің менталитетімізге жақын, жүрегімізді тербетіп,
жылу беретін ән-әуездер қалықтаса деп тілеймін.
1990 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасының Егемендігі туралы
декларация қабылданды, ол мемлекеттік билік тармақтарын бөлуді жария еткен
бірінші құқықтық құжат болды. Әлемдік тәжірибеде мемлекетті басқару
республикалық, яғни президенттік, парламенттік немесе аралас деп
бөлінетінін ескерсек, Қазақстан Республикасында президенттік басқару
нысанының таңдап алынғандығы тегіннен-тегін болмаса керек.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алған жылдардан кейінгі Жоғарғы
Кеңестің ХІІ-ХІІІ шақырылымдарында Қазақстан Республикасында парламенттік
басқару нысаны тәжірибеде болғандығын, одан кейін басқару нысаны
президенттік басқару жүйесіне ауысқандығын, сонымен қатар 1995 жылдың 30
қаңтарынан қызметін бастаған қос палаталы Парламенттің шығарған заңдарының
нәтижесінде Қазақстан Республикасы экономикалық, әлеуметтік және саяси
реформаларда үлкен жетістіктерге жетіп отырғандығын ешкім жоққа шығара
алмайды.
Қазақстанда парламентаризмнің қалыптасу тарихында ерекше рөлді 1990
жылғы 24 сәуірде сайланып, 1993 жылдың 13 желтоқсанына дейін заңды күшінде
болған Жоғарғы Кеңестің XІІ шақырылымы атқарды. Бұл кезең тәуелсіздіктің
алғашқы жылдарына сәйкес келгендіктен, бұрынғы жүйеден әлі де толық арыла
алмай, осы сайлау үрдісін бақылауға тырысқан, бұрынғы бір партиялық жүйеге
бағыныштылығына қарамастан Қазақстан тарихында өткізілген Жоғарғы Кеңестің
ХІІ шақырылымы –баламалы өткізілген депутаттар сайлауы болды. Бұл сайлауда
360 депутаттық орынға 2 мыңнан артық үміткермен қатар, саяси партиялар және
қоғамдық бірлестіктердің өкілдері де үміткер ретінде қатысты. Барлық 360
депутаттық мандаттың 270-і мажоритарлық сайлау округі арқылы сайланды, 90
мандат қоғамдық ұйымдар мен партияларға берілді.
Бұл өкілді органның тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалауда атқарған
рөлі ерекше екендігін мемлекет үшін маңызды мына заңдарды қабылдағанынан
байқауымызға болады: ҚазССР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы декларация,
“Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конституциялық
заң, “Қазақ ССР Президенті постысын бекіту” туралы заң, Конституцияға (Ата
Заңға) өзгерістер мен толықтырулар енгізу, яғни тәуелсіз Қазақстанның
бірінші Конституциясы (1993 жылғы 28 қаңтар).
1994-1995 жылдар қазақстандық парламентаризмнің ерекше бір кезеңі
болды. 1994 жылдың сәуірі мен 1995 жылдың наурызы аралығында жұмыс істеген
Жоғарғы Кеңестің ХІІІ шақырылымы – депутаттар тұрақты негізде жұмыс істеген
Қазақстанның тұңғыш Парламенті. Жоғарғы Кеңес депутаттарының саны 360-тан
177-ге дейін қысқарды. Депутаттардың жалпы санының 52 пайызы өзін-өзі
ұсынғандар, 30 депутат “Қазақстан халық бірлігі одағынан”, 9-ы “Қазақстан
халық конгресі” партиясынан, 8-і Социалистік партия, 4-еуі Шаруа одағы, 4-
еуі “Лад” республикалық славян қозғалысынан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz