Абай өлеңдерiндегi кеңістік пен уақыт



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Абай өлеңдерiндегi кеңістік пен уақыт
Уақыт пен кеңiстiк ұғымының ауқымы шексiз. Екеуi Сиам егiзiндей
ажырымайтын субстанциялар. Оларды қайсiбiр сәттерде ғана шартты түрде
арнайы қарастыруға болады. Алайда тамырлас арналар алшақтап кете алмайды.
Көркем әдебиет – уақыт пен кеңiстiктiң шағын моделi. Оны дүниеге әкелу үшiн
де мекеншақ (хронотоп) өлшемi керек, оның мазмұндық құрылымы да әр алуан
мекеншақ қатынастарына негiзделмек. Шығарманы қабылдау кезеңдерi де
мекеншақ ерекшелiктерiмен сабақтас. Тегi, уақыт және кеңiстiктiң
перцептуалдық бейнесiн әдебиет мекеншақ тағандарына табан тiреп тұрып
сомдайды.
Абай философиясының ең басты бағаналы терегi – Уақыт (әрине, кеңiстiк ұғымы
өзiнен-өзi сана астарында тұрмақ). Әдепкiде ақын мұндай объективтi табиғи
құбылысқа мән бермесе де керек. Уақыт – ананың құрсағында жүрiп, уақыттың
түйткiл мәселелерiн шешемiн деп ойлау – өзiңдi айнасыз көрудiң мүмкiн
еместiгiндей қиын нәрсе. Әйтсе де, Абай өмiр сүру уақыттың сыңарына айналу
екенiн бiледi. Оның туындылары – ой-сана мекеншағының мәтiн арқылы
тұрақтылық табуға ұмтылысы.
Абайдың “Жасымда ғылым бар деп ескермедiм” өлеңiнде ақын алғаш рет уақытты
жанама кейiпкер етiп алады. Мұнда тарихи, әлеуметтiк, даралық уақыт өкiнiш
сезiмiне байланысты психологиялық уақыттың түрлi атрибуттары боп көрiнедi,
кеңiстiк детальдарын түзедi. Қазақ елiнiң тұрмыс жағдайы мен әлемдiк
өркениет арасындағы қайшылық лирикалық кейiпкер дүнетанымындағы қозғалыс
заматымен iшкi драматизм тудырады. Ментальдық iлгерiлеудiң жекелiк қасиетi
мен ұлттық тұйықтыққа тән жалпылық нышан тағы да қарама-қарсылық күйден
айнымауы рефлексологиялық мезет кернеуiн арттырады. Ақын үшiн алдыңғы
буынның олқылығын толтыруға тиiс ұрпақ болашағы да қауiпсiз емес. Ол
кертартпа орта мен iзгiлiктi мұрат арасындағы кереғарлықты сезiнiп, қам
жейдi. Лирикалық қаһарман негiзгi тұтқа идеясын меже қылып ұсынғанмен,
өзiнiң жекелiк қасиеттерi, қоғамдық орта мiнезiмен келiспеушiлiк тәрiздi
сарындарға көшуiмен тақырып әртараптылығы жағынан бұл жолы да, басқа
туындыларында да толғау жанрына хас ерекшелiктi аңғартады. Бұл тәсiл
баяндау уақытының еркiндiгiн оятады. Абай дидактикалық үлгiдегi жыраулар
поэзиясының мекеншақ жағынан тым тәуелсiз болмысын бойына сiңiре отырып,
әлеуметтiк және психологиялық мекеншақ аясында бұрынғы дәрiптеу мен
таңырқау әсерiне қатысты қабылдау аясымен тұтастық шегiн бұзады да, осы
төңiректегi драматизм, лиризм элементтерiн ұштай түсу арқылы эмоционалдық
полифония қалыптастыру нәтижесiнде жаңа поэзия, модернистiк дүниесезiну
дәстүрiн дүниеге әкеледi. Оны реалистiк поэзия деу аз. Өйткенi реализмнен
жыраулық, ақын, сал, серi поэзиясы да құралақан емес-тiн. Сыншылдық пафос
тарихи-әлеуметтiк себептерден гөрi жеке адамның өзiне байланысты әшкерелеу
интенциясына құрылуымен де өзгеше. Аса биiк ерлiк, даналық сапалар емес,
азаматтық құқық жағынан таршылық жағдайдағы мүлде басқа рухани құндылықтар
эмблематикасын алға тартады. Ұлттық идея ежелгiдей майдан даласындағы
батырлық пен ел билеушiлерiн мадақтаудан iрге айырып, жатаған қалыптағы,
бiрақ орыс мәдениетi түрiнде көрiнiс берген жаһандану үрдiсiн мақұлдау
арқылы мазмұндық аясына жаңалық енгiзедi. Абай тарихи-әлеуметтiк мекеншақты
психологиялық мекеншақпен тығыз араластыру нәтижесiнде соны сипаттағы
iлгерiшiл ұлттық мұрат субстратын назарға ұсынады. Қоғамдық уақыт
мәселелерiн өзiне қатысты бағамдап отырған ақын негiзгi оқу, ғылым
тақырыбын қоя тұрып, жеке қасиеттерi мен қоршаған орта арасындағы толық
келiсiм жоқтығына орай жан назасына көшедi:
– Өзiм де басқа шауып, төске өрледiм,
Қазақта қара сөзге дес бермедiм.
Еңбегiңдi бiлерлiк еш адам жоқ,
Түбiнде тыныш жүргендi терiс көрмедiм (1. 22).
Дара басының қасиетiн ұлықтау жырау, жыршы, айтыс ақындарында кездесетiн.
Бiрақ ондай қабiлет, мiнез ерекшелiктерi ешқандай дау-дамайсыз, диалогтық
қатынасқа түспей баяндалатын. Ал Абай толғаныстары мiндеттi түрде екiншi
бiр қарама-қарсы ұйғарымдар симулякрын көзге елестетiп, сол тұрғыдағы ой-
пiкiр әсерiмен қатты есептесуге құрылады. Ой-толғамдар логикасы әрiден
тамырласқанмен, баяндау уақыты мөлшерiнде терең қабысып та жатпайды. Олар –
жүйелi нұсқадағы монолог емес, сана ағымы түрiндегi тебiренiстер. Сана
ағымы модернистiк әдебиетке тән құбылыс. Баяндау уақыты әр алуан байлам,
пайым мекеншағына тосқауыл қойып, кiдiрiс тапқыза алмайды.
Осындай эволюциялық қадам айшықтарын түсiнген М.О.Әуезов: “Азамат ақынның
зор идеясын бастаған өлең сол “Жасымда ғылым бар деп” болса, ендi осыған
жалғас 1886 жылы туған толып жатқан тың өлеңдi көремiз. Тегiнде 1886, 1889,
1896 жылдар Абайдың ақындық, ойшылдық еңбектерiнiң ең жемiсi мол, өнiмдi
жылдары болады. 1886 жылы Абай он сегiз өлең жазған” (2. 110), – дейдi.
Ғұлама ғалым Абай “Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек”, “Қартайдық,
қайғы ойладық, ұлғайды арман” өлеңдерiн жазғанда қырық бiр жаста ғана
екенiн ескертедi. Алғашқы аталған шығармада уақыт кескiнi философиялық
бейнеге айналатын тұстар көп. Ақын бiрден-ақ психологиялық жағдаяттардың
әлеуметтiк мекеншақ аясындағы себептерiн ашып көрсете бастайды:

– Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек.

Ашуың ашыған у, ойың кермек.

Мұңдасарға кiсi жоқ, сөздi ұғарлық,

Кiм көңiлдi көтерiп, болады ермек (1. 23).

Метафоралық ойлау жүйесiне құрылған, ассонанс, аллитерациялық өлшемдер
сөздердiң вокальдық қуатын арттыратын, риторикалық сұру арқылы шешендiк
сөйлеу үрдiсiн стилистикалық-эмфатикалық амал ретiнде пайдаланатын өлеңде
тағы да лирикалық тұлғаға қатысты шартты түрдегi пiкiр қайшылығы төбе
көрсетедi. Ол “Жасымда ғылым бар деп ескермедiмде” бiлiм тапшылығының
қорлығына назаланса, ендiгi жерде өзiнiң үлкен ойшылдығын жоққа шығармайды.
Бiлiм мен ақыл барлық уақытта бiрдей егiз емес сияқты. Ал Абай ыңғайында
алсақ, ұлы шайырды дүние жүзi тарихы мен әдебиет, дiнiнен мағлұматы олқы
деу қиын. Автор әдепкiде жорта кiшiрейiп сөйлейдi немесе өзiнде бардан да
iрi қайнарға ұмтылады, әйтпесе жалпы қазақ қауымына ортақ сауатсыздық
зардабына налиды. Жеке тұлға мен қоғамдық орта арасындағы зияткерлiк,
рухани теңдестiктiң адалығы тарихи мекеншақ пен даралық мекеншақ арасындағы
қиғаштық межелерiн тым алшақтатып жiбередi. Абайдың тағы бiр жаңалығы – өз
уақытынан асып, болашақ уақытпен сырласуын поэтикалық стиль доминантасына
айналдырғанын тайға таңба басқандай анық бiлдiруi. Ол эмоционалды әсiрелеу
тәсiлiн де ой жiгерiн жану үшiн қолданады. Бiр адам хакiм сөзiн елемейтiн
болса, бұл өлең тыңдалмас та, бүгiнге жетпес те едi. Ұлы ақынның соншалық
асқақ, тәкаппар сөз орамдарындағы бiраз жұртты сынай тұрып, менсiнбеушiлiк
әуенiн қарапайым халық кешiрiммен қарау орнына, табынып қарсы алады. Демек,
Абай сөзiнiң магиясы күштi. Ол негiзiнен ақын жанының нәзiктiгi, басқа
субъектiлердiң өмiрлiк уайым, қасiретiне ортақтастық көңiлiн бүкпелемей,
ащы да болса, шынайы жариялай бiлуiнде. Адалдық пен талант, сезiмталдық,
мейiрiмдiлiк Абай поэзиясын омыртқасына отырғызып жүзетiн алып кит тәрiздi.
Бұл жерде сан мен сапа ұғымының арасындағы тартыс орын алған. Ақын екi
көрсеткiштен де тоят таппаған. Ол осы мезеттегi, бәлкiм бұрынғы әрi дағдылы
мекеншақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайдың түпнұсқада келтірген метафорасының орыс, ағылшын тілдеріндегі баламаларын талдап, аудармашылар шеберлігін, шығармашылық даралығы мен көркемдік-эстетикалық танымының берілуін, көрінуін зерттеу
Мағжан - сыршыл ақын
Шәкәрім Құдайбердіұлы поэзиясының көркемдік құрылымы
Жансүгіров поэзиясындағы тілдік бірліктердің қатысымдық және танымдық мәні, мазмұны
ЖҰМЕКЕН НӘЖІМЕДЕНОВ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК СИПАТЫ
Ғұмар Қараш өлеңдеріндегі ой-таным
Тәуелсіздік дәуіріндегі қазақ поэзиясындағы отаншылдық рухтың жырлануы
ҚАЗАҚ ЛИРИКАСЫ ЖӘНЕ ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТ
Абай өлеңдеріндегі кірме сөздердің қолданылу ерекшеліктері мен мағыналары
Абай Құнанбаев (1845—1904) өмірінен қысқаша мәлімет
Пәндер