Глобальды экологиялық проблемалар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Адам экологиясы дегеніміз – ауыл, елді пунктер, село, қала
тұрғындары мен жер жүзінің халықтарының қарым-қатынастарын сандық және
сапалық құрылымын зерттеу, реттеу көпшілікке экология саласынан білім мен
тәрбие беру, экологиялық мәдениет, этика, моральді парасаттандыру адамзат
баласының экологиялық құқық қорғау және этноэкологиялық проблемеларды жан-
жақты қарастырады. Дүниежүзілік халықтардың экологиялық қауіпсіздігін
сақтауды қамтамасыз ету жолдарына ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Адам экологиясы және халықтық экология дами түсуде.
Биосферада, ноосферада, экожүйелерде, биогеоценоздарда, табиғи және
жасанды ландшафтарда фитоценоздардың, зооценоздардың, микробиоценоздардың
тұрақты сақталуы – адамзат баласының ақыл-ойымен, іс-әрекетімен тікелей
тәуелді екендігі айқындала түскені байқалады.
Сондықтан ХХІ ғасыр адамзат баласының ақыл-ойы, сана-сезімі
кемелденген-нооэкология кезеңі деп атау орынды екенін айтпай кетпеуге
болмайды. Өйткені биосфера компоненттерінің бүгінгі тағдыры мен болашағы
адамзат баласының ақыл-ойының жетілуіне байланысты болады.
Экология ғылымының негізгі мақсаты – биосферамен ноосфера, экожүйе,
биогеоценоз тұрақтылығын сақтап ол үшін халықтың барлық деңгейінің
экологиялық білімі, мәдениеті мен тәрбиесі жоғары болу қажеттігі күн сайын
көрініп отыр.
Келешек жеткіншектерге экологиялық тәрбие мен білім берудің жер
жүзілік даму кезеңдерінде тоқталатын болсақ, ең алдымен БҰҰ деңгейінде
ұйымдастырылған (ЮНЕСКО білім және ғылым мәдениеті туралы проблемалардан
туындайды. Францияға (Парижде) 1968 жылы халықаралық конференцияда
(Донеско) Адам және биосфера атты бүкіл дүниежүзілік бағдарлама
қабылданды. Онда бірінші рет халықаралық деңгейде биосфера биоресурстарды
қорғау және рационалды түрде пайдалану туралы бағдарлама қабылдап, ол
орынды түрде экологиялық сипаттама алды.
1971 жылы Швейцарияда бірінші Европалық конференция ашылып, онда
Айналаны қоршаған табиғи орта, Табиғат қорғау прблемалары талқыланды.
1972 жылы Швецияда Стокгольмде Қоршаған ортаны қорғау проблемалары
туралы білім мен тәрбие беру, 1977 жылы Грузияда (Тбилиси қаласында) өткен
БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО және ЮНЕН ұйымдары экологиялық білім және тәрбие беру
проблемалары туралы 40-50-дей неше түрлі шешімдер қабылданған болатын.

Глобальды экологиялық проблемалар

Токсикологияллық ластар Радиоактивтік ластар

Парниктік тиімділік Озондық
қабаттың
Сұйылуы

Қыщқылды жаңбырлар Фотохимиялық шөмеле

Топырақтың тозуы Қалдықтар
проблемасы

Ормансыз қалу Бос
қалу

Мұхиттың ластануы Биосфера
геноқорының
азаюы

Адам экологиясы

Биосферадағы глобальды экологиялық проблемелар.
Бұл қажеттіліктің сын ретінде талдауына, субъектің жан-жақты ойлану
талабына, ұдайы өндіріс процесінде адам – табиғат – қоғам жүйесіне
түзетулер енгізіледі. Қауіпсіздік және тұрақтылықтың дамуы тек қана мол
интернационалдық негізінде іске асырылуы тиіс. Әлем бірлестігі өмірінен
айыру қазірде мүмкін емес. Ендігі сөз болуға тиісті, ол ескі құрылымдардағы
ұйымдастырудың келеңсіз процестері ғана емес, сонымен қатар құрылымдар мен
процестердің қаіупсіздіктері мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде тиімділіктің
анағұрлым жаңа түрлерін бірлесіп іздеу және оны іске асыру болып табылады.
Экология дегеніміз – тірі организимдердің тіршілік ортасы мен
арақатынасын зерттейтін биологиялық ғылым. Қазіргі заманда экология
табиғат пен қоғам арақатынастарын зерттейтін ғылымға айналып отыр. Онда
адам мен табиғаттың өзара тікелей байланысты екені көрініс табады.
Табиғи ортаның тіршілікке қолайлы болуы – қоғамның экономикалық және
әлеуметтік дамуына әсер ететін қажетті шарт. Экологиялық ақуалдың төмендеуі
адамдардың тұрмыс деңгейін анағұрлым нашарлатады.
Экологиялық болжам дегеніміз – адамзаттың және олардың табиғат
процестеріне ықпалы арқасында табиғат жүйелерінің беталысын, яғни бағытын
алдын ала айту. Болжамдаған құбылыстың ауқымы жағынан экологиялық болжам
глобальды, аймақтық және ұлттық болып бөлінеді.
Глобальды болжамның алдына қоятын басты міндеті – проблемаларпдың
нақтылы маңыздылығын анықтау және алдын ала межелейтін ұсыныстардың тиімді
айқындау болып табылады.
Глобальды болжамды зерттеушілерге бірыңғай үлгі шеңберінде қарау және
негізгі экономикалық, демографиялық және экологиялық процестерді глобальды
түрде дамытуды болжамдауға мүмкіндік береді.
Адам биологиялық тірі организм және қоршаған табиғи орта үшін оның
маңызын бағалау өте қиын екендігі белгілі. Сондықтан ол онымен тығыз
байланыста. Адам организімі және басқа да тірі организімдер оттегі, су және
тамаққа мұқтаж, өмірдің тәулік және маусымдық режимдеріне бағынышты, ауа
райының өзгеруін, күннің интенсивті сәулеленуін сезінеді. Осы барлық
белгілер және қасиеттер адамның биологиялық маңызын және оның табиғатқа
тәуелді екенін дәлелдейді.
Сонымен қатар адам қалған тірі организімдерден ерекше. Бұл тірі
организм есті, пайдалы еңбекпен айналысады, ерекше әлеуметтік орта – қоғам
жасайды, Адамзат қатынастарының заңдары логикалық, сәйкестілік, мақсаттылық
және әділеттілігімен ерекшеленеді.
Адамның тіршілік әрекеті тек биологиялық жәнғе табиғат факторларымен
ғана емес, сол сияқты әлеуметтік жағынан да регламенттелінеді. Адамдар
табиғи ортаға, өздерінің тұтынушыларына бейімделу мақсатында ұжымдар мен
бірлестіктерде бірлескен қызметтерге қатысады.
Адам экологиясы жаңа экологиялық ғылымның бағыты ретінде әліде
тұрақты ғылым болып анықталмаған және дүниежүзі әдебиеттерінде бұл жөнінен
әр түрлі пікірлер мен түсініктер кездеседі. Сонымен, адам экологиясы
әлеуметтік-зкономикалық проблемаларды шешуде анағұрлым тиімді әдістері мен
жолдарын үйретеді және адамдардың өмірлік жағдайларын жақсартады.
Адамдардың табиғи ортамен өзара қатынастарын ұтымды құрады.
Урбанизация процесі, немесе миграция, яғни халықтардың қалаларға
көшіп қонуы, қала және оның маңындағы ортаға үлкен экологиялық жүктеме
туғызады. Урбанизация – бұл әділетті, заңды процесс, қоғам мұқтаждығына сай
болады. Адамдардың қалаларға орналасу формасы әлеуметтік-экономикалық
артықшылығының айғағы болып табылады.
Ауылдық жерлерге қарағанда қалаларда өндіріс, транспорт, байланыс
тағы басқа салалар жақсы өркендеген. Бұл жерлерде мәдениет, сауда,
денсаулық, тұрмыстық-коммуналдық қызмет көрсету жұмыстары да жолға
қойылған. Сонымен қатар, соңғы жылдары селоларда жұмыссыздықтың көбеюіне
байланысты қалаларға келіп жұмысқа орналасу, сөйтіп халықтың елді
мекендерден қалаларға келу миграциясы басталып жүр.
Соңғы он жыл ішінде республиканың қала тұрғындарының саны орта
есеппен 4%-ке көбейген. Міне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Антропогендік әсерлердің табиғат пен адамға зиянды ықпалы
Биосфера- жер бетінде кездесетін барлық тірі ағзалардың және заттардың жиынтығын ең ірісі
Қазақстандағы экологиялық проблемалар және тұрақты дамуға өтудің алғы шарттары
Қоршаған ортаны қорғау аясындағы халықаралық ынтымақтастық
Адам қоғамының қалыптасуындағы табиғаттың ролі
ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ
ХХ ғасыр мәдениеті дамуының негізгі тенденциялары
Халықаралық экологиялық құқықтың қағидалары
Халықаралық экологиялық құқықтың негіздерін қарастыру мен негіздеу, қоршаған ортаны қорғау аясындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері және қоршаған ортаны халықаралық қорғауда Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен қатынастары және олардың маңыздылығы
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ РОЛІ
Пәндер