Ақбөкен
Ақбөкен
Киікті қазақ киелі жануар деп есептейді. Ел арасында оларды атқан адам
бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Киіктің қаншалықты киелі екендігін
кім білсін, бірақ өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез
бейімделіп кететін жануар екендігі анық. Ақбөкендердің басына қаншама
зобалаң заман туғанмен, миллиондаған жылдар бойы тұқымын сақтап қала алды.
Осының өзі ақбөкендердің өмірге өте бейімділігін, өсімталдығын аңғартады.
Егер ақбөкендердің басқа түз тағыларынан ерекшеліктері болмаса, ежелгі
мамонттармен бірге құрып кетер еді. Ақбөкендердің табындары жүздеген,
мыңдаған бастан тұрады. Әдетте табынды текелері емес, ұрғашы киік бастап
жүреді. Текелері күйек науқаны біткеннен кейін табынға көп қосыла бермейді,
әсіресе киіктер бұзаулайтын кезде олар жеке жиналып, бөлек табынмен жүреді.
Ақбөкендер күйекке түсер алдында, қазан, қараша айларына қарай қоң жинап,
жұмырланады. Бұл кезде текелердің кеңсірігі дөңестеніп, әукесі салбырап,
сақалы төмен түседі. Ұрықтандыруға көп уақыт жұмсалмайды, әрбір теке бір-
екі күннің ішінде 40-50 киікке дейін шабады. Соңғы кездерде ақбөкенді
мүйізін алу үшін браконьерлер көп қырып жіберді де, текелердің саны күрт
азайды. Ұрғашы киіктердің саны текелерден бірнеше есе басым болғандықтан,
күйек кезінде кейбір шамасына қарамайтын, тәжірибесіз жас текелер әлсіреп,
зорығып өледі немесе түлкі, қарсақ сияқты кішігірім жыртқыштарға жем
болады. Күйек біткеннен кейін, ауа райы қатты суытып кетпей, жайылымға
қолайлы болып тұрса, қаңтардың аяғы, ақпанның басына қарай қайта қоң жинап,
әлденіп алады.
Ұрғашы киіктер текелерге қарағанда майды көп жинай алмайды. Күйек
кезінде орташа ғана семіреді де, төлдер алдында 4,5 келідей іш май жинайды.
Бірақ лақтарын емізген кезде тез арықтайды. Киіктер мамыр айының 10-15
аралығында жаппай төлдей бастайды, осы кезде ауа райы бұзылып, міндетті
түрде жауын-шашын болады. Қазақтар оны құралайдың суығы деп атаған. Киік
әдетте төлді егізден әкеледі. Алдын ала шыбын-шіркей болмайтын, үнемі жел
есіп тұратын беткейді таңдап алып, лақтарын түрегеп тұрып туады. Құралайдың
енесі басқа жануарлар сияқты лағының шаранасын жалап аршымайды, шарана
жауынның суымен шайылып кетеді немесе жел қағып, кеуіп барып түседі. Жаңа
туған лақтар жарты сағаттан кейін енесін еміп, екі-үш сағаттан соң аяқтанып
кетеді, ал туғанына екі күн болған құралайды машинамен қуып жете алмайсыз.
Енесі алғашқы сағаттарда лақтарын емізген соң, біршама қашықтыққа ұзап,
алыстан бақылап жүреді. Егер жыртқыштар пайда болып, қауіп төне қалса,
лақтарының маңынан аулаққа қашып, ол жерден алып кетуге тырысады.
Табиғаттың барлық заңдылықтарын іште жатып үйренген құралайлар енесі
қасында жоқ кезде ешқандай тіршілік нышанын сездірмей, жыбырламай жатады.
Лақтардың қоңыр бұйра терісі топырақтың түсімен бірдей болып көрінеді, екі-
үш метр жерден қарасаңыз, жатқан бір төмпешіктер екен деп қаласыз. Мыңдаған
жылдар бойы дала жыртқыштарынан, адамдардан қашып жүріп, жан сақтауға әбден
бейімделген киіктердің тағы бір ерекшелігі – ешқашан жетім қалған лақтарын
далаға тастамайды. Далада келе жатқан кез келген киік жолынан маңырап
шыққан құралайды кездестіре қалса, жанына барып емізіп, өзімен ертіп
кетеді. Киіктің лағы екі-үш күннің ішінде отығып кетеді. Алғашында ол
көзіне түскен шөпті қармайды, бір аптадан соң ғана шөптің дәмін алып,
таңдап жеуге көшеді. Жас туған киіктер лақтарын он-он бес күндей суат
басына апармайды, оларды алысқа тастап, тек өздері ғана келеді. Бұл уақытта
құралай тек енесінің сүтін ішеді, бір-бір жарым аптадан соң табынмен суатқа
келіп, алғаш судың дәмін татады. Көктем шыға, солтүстікке қарай жылжитын
қалың табын жылдың бұл мезгілінде суаттарды көп іздей бермейді. Олар жаңа
өнген шөптің нәрімен, таңғы түскен шықпен сусындайды. Жауынды күндері
апталап су ішпей жүре береді. Киіктер Аралдың, Балқаштың тұзды суларын іше
береді. Қыстың қарсыз күндері мұз жалап, шөлін қандырады. Әдетте табынды
суат басына ұрғашы киік бастап келеді. Алдымен жан-жағына осқырана қарап,
біраз уақыт айналаны бақылайды. Қалғандары команда болмай суға
беттемейді, алдымен бастап келген киік су ішеді, содан кейін қалғандары
азан-қазан маңырап келіп, суға бас қояды. Текелері суатқа ең соңынан
келеді. Ақбөкен 1 минутта суды 12 рет жұтады екен және суды ұзақ сораптап
ішпейді, 1,5-3 минуттың ішінде шөлін қандырады да, келген даласына қайта
зымырайды. Бетпақдаладағы ақбөкендер өсімдіктің 81 түрімен қоректенеді.
Олар әр түрлі шөптерді жылдың мезгіліне қарай таңдап жейді. Көктемгі
айларда киіктер ақселеу мен құрақты қорек етеді. Жаз айларындағы аптаптарда
жапырақты шөптер қурап кетеді де, жануарлар жусан, қырықбуын, шиді оттайды.
Қыс кездерінде киіктер қарын жел үрлеп кеткен жоталардың жонынан азық тауып
жейді. Ауыл маңайындағы маялап үйілген құрғақ шөпті олар жей алмайды,
өйткені танаулары кедергі жасайды. Киіктер шөпті жерден жұлып жеуге ғана
дағдыланған, сондықтан елді мекендерге жақындап баратын болса, тек қар
астындағы күздік бидайды тебіндеп азықтану үшін барады. Зоолог мамандардың
айтуынша, киіктердің басқа жануарларға ұқсамайтын тағы да бір ерекше
қасиеті бар екен. Ұрғашы киіктер дүниеге әкелетін лақтарының еркек немесе
ұрғашы болып тууын өздері реттейтін көрінеді. Егер араларында текелері
азайып, ұрықтандырып үлгермей жатса, сол жылы табында кілең еркек лақтар
қоздайды. Киіктер осылайша өз өсімін өздері бақылап отырады екен.
Ақбөкендердің табыны жыл сайын лақтармен толықтырылып отырады. Осы кезде
туған шібіштер (ұрғашы лақ) алты айдан кейін күйлеп, текеге шыға береді.
Енді алты айдан кейін бұл шібіштер табынға қос-қостан лақ әкеледі. Ал еркек
лақтардың жөні басқа, олар жетіліп, текелік жасау үшін 19 ай уақыт керек,
өзімен бірге туған шібіштер бір рет лақтағаннан кейін, келесі жылдың
күйегіне ғана араласады. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған
ақбөкендердің қаңқаларына қарағанда, бұлар ертеректе Ұлыбритания аралынан
бастап Аляскаға дейінгі кеңістікте өмір сүрген. Қазақстан аумағында
Павлодар облысындағы Ямышево мен Подпуск ауылдарында, Семей қаласының
түбінен, Нұра өзенінің бойынан, Жамбыл облысындағы Қараүңгір мен Үшбас
үңгірлерінен ежелгі және орта антропогеннен қалған киіктердің сүйектері
табылған. Тамғалы жартасындағы киіктің суреттері біздің эрамызға дейінгі
VІІ-V ғасырларда қашалып салынған екен. ХІV-XVІ ғасырлардан бері ауыздан-
ауызға тарап келе жатқан халық эпостарында қазақ жеріндегі сансыз көп
ақбөкендер туралы айтылады. Көптеген елді мекендердің Киік деп аталуы да
бекер болмаса керек. Осындай фактілерге сүйенсек, ертеректе Еуропа мен Азия
құрлығын тұтастай мекендеген киіктер қазір тек қазақ даласында ғана
қалыпты. Қазіргі сақталған киіктердің үш тобы бар. Олардың ең ірісі және
сан жағынан басымы – Бетпақдала-Арыс тобы. Бұл ақбөкендердің мекені –
Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл облыстарының елсіз жазықтары.
Киіктердің селдіреген табындарын қалмақ даласынан көруге болады. Жайылым
жердің аздығынан олардың басы көбейе қойған жоқ. Аздаған ақбөкен моңғол
жерін мекендейді. Қазір олардың тұқымы құрып бітті деуге болады. 1978 жылғы
Соколовтың жазғандарына қарағанда, сол кезде Шаргиин-Гоби мен Хойсыл-Гоби
шөлдерінде 300 ғана бас киік қалған екен. Қалмақтың да, моңғолдың да
киіктері Бетпақдаланың ақбөкендерінен аласа, кішірек болып келеді және бұл
топтар өзара араласқа түскен емес. XІX ғасырдың аяғында XX ғасырдың басында
Қырым, Таврия, Казказ өңіріндегі киіктердің өрісі тарылып, жойыла бастаған.
Қазақстанда 20-жылдардың басында ақбөкендердің саны күрт түсіп кетті. 1917-
18-жылғы қыстың жұты түз тағысының жүздеген мың басын шығынға ұшыратты. Сол
кездегі жергілікті үкіметтің шешімімен, 1919 жылдан бастап Сарыарқада киік
аулауға қатаң тыйым салынды. Бірақ одан көп өзгеріс бола қоймады, 1927-28-
жылы болған жұттан кейін ақбөкендерге жер бетінен мүлде жойылып кету қаупі
төнді, – деп жазады 1955 жылы зоолог Слудский. 1930-32-жылдардағы
жүргізілген ұжымдастыру науқаны, даладағы киіктердің жауы ит-құс, шыбын-
шіркей, соналардың азаюы ақбөкендердің өсуіне өте қолайлы жағдай туғызды.
Далаларда жайылған халықтың малын ұжымдарға жинап, халық отырықшылық өмірге
бейімделген тұста ақбөкендердің өрісі кеңіп, санын көбейтуге мүмкіндік
алды. Сол жылдары ауа райы да жылынып, қысы жұмсақ болды. Табындары
көбейген ақбөкендер 1941-45-жылғы Ұлы Отан соғысы кезінде еркін өмір сүрді.
Бұл Қазақстандағы ақбөкендердің ең көбейген кезі болды. Содан бергі уақытта
дала еркесі – ақбөкен адамдардың жауыздығынан бірнеше рет жаппай қырғынға
ұшырады. Сарыарқада қазіргі жүрген ақбөкендер саны – 47-48 мың ғана. Ал
осыдан жиырма жыл бұрын түзде жосыған киіктердің саны 1 миллион 400 мың
болған екен. Үкiмет ақбөкендердi 2006 жылы Қызыл кiтапқа ендiрдi. Және
сол жылы жан-жануарларды қорғау мақсатында бюджеттен 200 миллион қаржы
бөлдi. Ал үстiмiздегi жылы бұл қаржыны 270 миллионға жеткiзiп отыр. Әрине
бұл игi шаралар қолға кеш алынып отыр. Дегенмен Ештен кеш жақсы деген
емес пе? Өсiмтал жануар күтiмi көп, қорғауы жақсы болса, санаулы жылдардан
соң саны қайта көбейiп, әлi-ақ даламыздың сәнiн келтiрер.
Қазақстанда 70 -жылдардың соңында 1, 8 млн. бас ақбөкен болғаны бүгінде
біреулерге сенгісіз көрінуі мүмкін. Теңіз көлінен Бетпақдалаға дейінгі
шетсіз-шексіз өлке аралығында еркін жайылған киіктің сол кездегі көптігі
сонша, жолдар бойынан да, елді мекендер маңынан да аз кездеспейтін. Оның
қазақстандық мөлшері әлемдегі осы жануардың 70 пайызын құрайтын еді. Одан
кейін жылына 20-40 пайыз қысқарып, қазір тіпті 50 мыңға жетер-жетпес болып
отыр.
Оның бұлайша жойылып кетуіне кезінде мүйізін кесіп алып, сату
дүрмегінің дүмпуі әсер еткені белгілі. Он жылда олардың саны тағы да 21
мыңға құлдырап, жер бетінен мүлдем ғайып болудың аз-ақ алдында қалды.
Бір ғажабы, киіктің жаппай қырылуына басқаларды былай қойғанда
“Охотсоюзпром” дейтін ресми мекеменің үлесі де аз болмаған. Мәселен, 1991-
1999 жылдарда аталған мекеменің (арнайы квота бойынша аулау доғарылғанға
шейін) 397 мың ақбөкенді атқандығы мәлім. Дегенмен, бұл дерек ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz