Аляска түбегі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
Алясканың экологиялық мәселелері
ІІ. Негізгі бөлім
1. Алясканың географиялық орны
2. Алясканың жер бедері
3. Климаты, өзендері, топырағы мен өсімдіктері
4. Экологиялық мәселелері
5. Жануарлар мен өсімдіктердің топтары
6. Қар астындағы жанартаулар

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Аляска – табиғатының әсемдігімен ерекшеленетін жер. Аляскадан әдемі
оюланған қарлы тауларды көруге болады. Бұл жерді мұзды, жанартаулы,
орманды, тундралы жалаңаш аралдар деп атауға болады. Аляскада көктемде
ыстық, ал қыс айларында суық желдер болып тұрады.
Аляска Америка Құрама Штатындағы ең үлкен штат, Солтүстік Америка
континентінде орналасқан. Алясканың алып жатқан аумағы 1530,7 мың км².
Беринг бұғазы Алясканы Азиядан 82 км-ге (51 шақырым) ғана бөліп тұр.
Астанасы – Джуно қаласы. Халқы 626,932 мың адам. Дүние жүзі бойынша халқы
жөнінен 48 орын алады. (2000 жылғы желтоқсан айындағы санақ бойынша).
Аляскадағы ең ірі қалалар: Анкоридж, Фэрбанкс, Джуно, Ситка, Кетчикан,
Кенай, Барроу, Уасилла.
Аляска табиғи контрасты жер: суық желдердің және күннің ыстығы, жаңбыр
мен қар бұған себеп болады.
Аляска – ландшафтың тектоникалық өзгерісіне ұшыраған жер. Қазіргі
кезге дейін бұл жерді минералы және отын ресрустарына бай деп есептейді.
Бұл штат қазіргі кезде экономикасы жақсы дамыған штат. Аляска табиғи
ресурстарға бай, мұнай мен газ да өндіріледі.
Аляска жотасы – Солтүстік Американың Тынық мұхит жағалауында, Аляска
түбегінің оңтүстік бөлігін қамтып жатқан таулар сілемі, Солтүстік
Америкадағы ең биік жер. Ұзындығы 1000 км, абсалют биіктігі 6194 м (Мак-
кинли тауы). Жота жас тауларға жатады. Негізгі интрузивті тау жыныстар
шөгінділерінен түзілген. Беткейлері тік, қатты тілімденген. Аляска жотасы
түбектегі негізгі климаттық және суайрық жотасы жотасы болып саналады.
Оңтүстіктегі өте ылғалды беткейлерін (800 м-ге дейін) шыршалы жапырақты
орман, одан жоғарысын мәңгі қар мен мұздықтар басқан. Солтүстіктегі
ылғалдылығы аздау болып келген беткейлерін (100-1100 м) таулы тундра алып
жатыр. Ендік бағытта доғаша орналасқан тау жоталары өте биік болып келеді.
Олардың орташа биіктігі 3500 м. Сондықтан Аляска жотасының солтүстік және
оңтүстік беткейлерінің климатында үлкен айрымашылық бар. Қаңтар айындағы
орташа температура солтүстік беткейлерінде –24 - 30°С болса, оңтүстік
беткейлерінде –9 -10°С. Жазы қоңыр салқын. Шілде айының орташа
температурасы –12 -14°С. Жотаның оңтүстік беткейлерін Алеут аралдарымен
қоса мәңгі күз аймағы деп те атайды. Ондағы жылдық орташа жауын-шашын
мөлшері 1800-4800 мм. Жотаның Фэруэтэр сілемінде жылдың 312 күні жауын-
шашынды (600 мм-ге дейін) болады. Аляска жотасының дүние жүзіндегі ең ұзын
Хаббард (145 км) және Ауданы жағынан ең үлкен Маласпина (2,2 мың км)
мұздықтары басқан. Жотаны ең ірі бұлан, бизон, қасқыр, қарибу бұғысы,
гризли аюы, күдір қодас (овце-бык) мекендейді, ал суларында ең ірі
форельдер тіршілік етеді. Қойнауы кен байлықтарына бай. Мұнда алтын,
берилий, көмір, темір, платина, сынап, қорғасын және мұнай кендері көптеп
кездеседі.
Аляска түбегі – Солтүстік Американың солтүстік батысындағы тар түбек.
Ол Тынық мұхитының Беринг теңізі мен Бристоль шығанағы аралығында
орналасқан. Ұзындығы 700 км, ені 10 км, енді жері 170 км. Түбекті толығымен
дерлік Аляска жотасы (ең биік жері 6194 м) алып жатыр. Жотада сөнген және
сөнбеген жанартаулар бар. Мұхиттың ауа массасының әсерінен түбектің климаты
ылғалды-теңіздік болып келеді. Орташа температурасы қаңтарда -10°С. Жыл
мезгілінің барлық кезеңінде жағалауларын тұман басып тұрады. 1500 м-ден
жоғары жатқан тау беткейлерін таулы тундра құрайды.
Аляска ағысы – Тынық мұхиттың солтүстік шығыс бөлігіндегі жылы ағыс.
Ол Аляска шығанағы арқылы оңтүстіктен солтүстікке қарай ағып, шығанақтан
өткен соң, шығыстан батысқа бұрылып, Алеут аралдарының бұғаздары арқылы
Беринг теңізіне өтеді. Қыста суының беткі температурасы солтүстігінде 5°С,
оңтүстігінде 10°С-қа (жазда солтүстігінде 15°С, оңтүстігінде 20°С),
тұздылығы 32,5 % жетеді. Аляска ағысының орташа жылдамдығы 0,9 – 1,5
кмсағ. Ағыс Куросио жылы ағысы жүйесіне енеді. Ағыс әрекеті әсерінен қыста
құрлық жағалаулары ылғалды және жылы болады.
Алясканың жер бедерінде көптеген пайдалы қазбалар кездеседі: алтын,
күміс, мырыш және басқа да түсті металлдар кездеседі. Сонымен қатар Аляска
түбегінде алғаш рет табылған аляскит кездеседі. Аляскит деп аталу себебі
бұл интруриялық магмалық тау жынысы алғаш Аляска түбегінде табылуына
байланысты аталған. Аляскит – граниттің қышқыл құрамды түрі, құрамы,
негізінен, сілтілі дала сипаттарынан (65% шамасында) және кварцтан (35%)
тұрады. Түсті минералдар өте аз болады (5%-тен аз). Көбінесе, ашық түсті
болып келеді, сонымен қатар, қанқызыл, алқызыл және сұрғылт түрлері жиі
кездеседі. Аляскит – құрылыс материалы. Ол қаптама тас ретінде
ғимараттарды безендіруде қолданады.
Аляска мен Канаданың солтүстік-батыс бөлігінің жер қойнауында түрлі
пайдалы қазба байлықтар көп: алтынның, күмістің, мыстың және басқа да түсті
металдардың қоры мол. Мезозой дәуіріндегі тұнба қалдықтар қабатында көмір
қоры бар. Кенай түбегінде мұнай өндіріледі. Солтүстікте Арктика үстіртінің
соңғы кезде тұнбалардан пайда болған қабаттарында мұнайдың мол қоры
табылды.
Өткен ғасырдың аяғында Юкон үстіртінде Алтын лихорадка деген арена
Клондайк өзен бессейнін басып алды. Қазір мезозой қатпарлығындағы көмір
кездеседі, Кенай түбегінде ХХ ғасырдың 50-жылдардың аяғында мұнай алған.
Осының бәрі Аляска түбегіндегі айдынды ластап отыр. Алып қойған мұнайдың
көбі солтүстік бөлігінде, Арктика үстіртінің жас түзілімдерінде табылды.
Оңтүстік бөлігіне қарай бүкіл Аляскамен тасмалдау үшін ұзындығы 1288
км мұнай құбыры жүргізілген. Қатаң шарт бойынша қоршаған ортаны қорғау және
табиғи ресурстарды сақтау Алясканың арнайы Федеральді заңы бойынша 1973
жылы құбырларды салу туралы Америка Құрама Штатының сенаттары бір ауыздан
шешім қабылдады. Басынан бастап бұл қатардың орналасуы Алясканың табиғат
қорғауымен байланысты.
Мұнай құбырының солтүстік бөлігі жер астында орналасқан. Ұңғымадан
шығатын жеріндегі мұнайдың температурасы 80°С.
Оңтүстік бөлігіндегі мұнай құбырлары жер астындағы орналасқан. Бір топ
бұғылардың көшіп қонуына кедергі жасамайды және де трасса аудандарының
көпшілік бөлігінде орналасқан. Құбыр 800 өзеннің жән жылғалардың, сонымен
қатар Юкон және Танану өзендерін бойлап өтеді. Бұл мұнайдың ағып кетуіне
байланысты өзендердің ластануына септігін тигізіп отыр.
Алясканың климаты жағалаудан басталып материктің ішкі қойнауына енген
сайын өзгеріп отырады. Тынық мұхитының жағалауы, Алует аралдарымен қосқанда
және Аляска түбегі, мұхиттың ауа массасы мен ылғалдық теңіздік климат
жағдайлары қалыптасқан. Шығыстан батысқа қарай Аляска шығанағын бойлай
өтетін Аляскалық жылы ағыс та әсер етеді.
Материктің солтүстігіне таман Аляска жотасы көтеріледі, ол Тынық мұхит
пен Беринг теңізі аралығындағы суайрығын жасайды. Мұндағы Мак-Кинли шыңының
биіктігі 6193 м-ге жетеді, ол Солтүстік Америкадағы ең биік шың.
Еуропаның климатымен салыстырғанда солтүстік Американың климаты
қатаңдау болып келеді. Қыстың орташа температурасы 0°С шамасында, оңтүстік
бөлігінде одан жоғарырарқ болады, солтүстік бөлігінде төмендеу болып
келеді. Шілде айының орташа температурасы оңтүстік бөлігінде 10 –12°С. Ал
Алеут аралдарында және Аляска түбегінде 10°С-тан тқмен болып келеді.
Жағалуаларда және таулы бөліктерінде Тынық мұхит жағында жауын-шашын
мөлшері 1000-3000 мм, ал кейбір аудандарда одан көбірек жауады. Шығанақтар
түбінде жауын-шашын мөлшері азаяды. Температураның максимумы күз бен қыста
байқалады. Жылдың бүкіл мезгілінде күн бұлтты болып тұрады.
Климаттың жұқалығы теңіз деңгейінің жоғарғы бөлігінде байқалады. Ал
бірнеше метр биік жерлерде жағымсыз температура байқалады және жауын-шашын
қарға айналады. Тынық мұхитындағы Кордильерде мұздықтар мөлшері қалың болып
келеді және ол мұхит бетіне дейін жетіп қалады. Врангель тауы қармен және
мұздықтармен қапталған.
Ішкі аудандарда климат жағалауға қарағанда қатаң және құрғақ болып
келеді. Ішкі аудандардағы климатын Батыс және Шығыс Сібір континентальді
климатымен салыстыруға болады. Ең басты климаттық ауданы Аляска жотасы,
Тынық мұхитының ауа массалары материктің ішкі бөлігіне әсер етеді.
Солтүстік бөлігіндегі беткей оңтүстік бөлігіне қарағанда жауын-шашын
мөлшері көп түседі (жылына 500 м) және бұл жерде мұздықтар аз. Жотаның
солтүстік бөлігінде жайпақ таулар мен жазықтарда, қысы суық және құрғақ
болады. Минимальді температура шамамен –40 -50°С-қа дейін барады. Орташа
айлық температурасы оңтүстік бөлігінде -16°С, солтүстік бөлігінде -30°С-қа
дейін барады.
Жаздың орташа температурасы жоғары, шамамен +10°С-тан +16°С-қа дейін.
Қазаншұңқырлар және жазықтарда жаз айларында күндіз температура +30°С және
одан жоғары болады. Ішкі аудандарында жылы күндер жарты жылдан 3 айға дейін
созылады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 350 мм-ден жоғарыламайды. Жауын-шашын
әдетте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тынық мұхиттың физикалық географиялық бөлінуі
Солтүстік Америка материгіне физикалық-географиялық сипаттама
Материктердіц физикалық географиясы
Оңтүстік Америка
Америка құрамы
Тундра
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
Солтүстік Америка материгің жер бедерінің басты ерекшеліктері және геологиялық даму тарихы
Арктикалық аудандарда қоңыр аюдың ықтимал мекендейтін жері көбеюде
Солтүстік Америка мен Еуразияның географиялық орны
Пәндер