Арал дағдарысының себеп салдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Арал дағдарысының себеп салдары

Арал проблемасы планетаның орасан зор экологиялық апаты ретінде аса
өткір сипат алып отыр. Осыны негізге ала отырып, "Арал өңірінде тұратын
халықтың өмір сүру жағдайын түбірінен өзгерту жөніндегі шұғыл шаралар
туралы" 1992 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі
қаулысымен Арал аймағының Қазақстан бөлігі экологиялық қасірет аймағы деп
жарияланған болатын.
Айналадағы табиғи ортаның тез арада шөл далаға айналуы және оның
құлдырауының қалпына келмейтіндей тұрақты процесі, тіршілік жағдайының
нашарлауы, аурудың көбеюі экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын халықты
әлеуметтік қорғау шараларын заң жүзінде шешіп, құқықтық жағынан реттеуді
талап ететін жаңа әлеуметтік-экономикалық және экологиялық ахуал туғызды.
Осы Заң Арал экологиялық апаты салдарынан зардап шеккен азаматтардың
қорғалуын қамтамасыз етуге тиіс және олардың статусын, аумақтардың
топталуын айқындайды, әлеуметтік оңалту шараларына мұқтаж адамдарға өтем
мен жеңілдіктер белгілейді, экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын
халықтың өмірі мен денсаулығын сақтау, тұрақты тіршілік жағдайын қамтамасыз
ету, халықты экологиялық таза тамақ өнімдерімен, медицина құралдарымен,
ауыз сумен басым жабдықтау, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту
жүйесін қалыптастыруға принципті көзқарастарды баянды етеді.
Заң Арал өңірінің әлеуметтік проблемаларын шешу жөніндегі шараларды
жүзеге асырудың негізгі амалын белгілейді.
Қалыптасқан экологиялық қолайсыз жағдайдың ауыртпалық дәрежесін,
айналадағы табиғи ортаның шөл далаға айналуы мен ластануының адам
денсаулығына әсерін ескере отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым
академиясының тұжырымдамасы негізінде Арал өңіріндегі экологиялық қасірет
аумағы:
экологиялық апат;
экологиялық дағдарыс;
экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақтар болып бөлінеді.
21 ғасырдың басында адамзат оның тұрақты дамуына кедергі келтіретін,
олардың бірі Арал теңізі бассейнінің дағдарысы болып табылатын күрделі
экологиялық мәселелерге тап болды.
Арал дағдарысының арты Орталық Азия тұрғындарының өмір сүру сапасына
кері әсерін беруде,әлеуметтік қорғау және таза ауыз сумен қамтамасыз ету
мәселелері өршелене түсті.
Орталық Азия мемлекеттері халықаралық ұйымдармен біріге отырып, үлкен
көңіл бөлуде және Арал теңізі бассейнінде экологиялық және әлеуметтік-
экономикалық дағдарыстан шығу мен аймақтағы жағдайды жақсарту үшін белгілі
бір талпыныстар жасауда.
Арал дағдарысының кері әсерін тоқтату мен болдырмау мақсатында Орталық
Азия мемлекеттерінің Басшыларымен 1993 жылы Аралды құтқару халықаралық қоры
құрылды.
Аралды құтқару халықаралық қоры құрылғаннан бері Орталық Азия
Басшыларымен Арал теңізі бассейнінде экологиялық және әлеуметтік-
экономикалық дағдарыстан шығу мен аймақтағы жағдайды жақсарту мақсатында
Нукус (1995ж.), Алматы (1997ж.), Ашхабад (1999ж.), Душанбе (2002ж.)
Декларациялары қабылданды.
Ғасырдан ғасырға Орталық Азия аймағының халқы дүниежүзілік мәдениеттің
дамуына салмақты үлес қосқан. Барлық адамзаттың игілігі болып олардың
ғылымдағы, шаруашылық қызметтегі және өнердегі жетістіктері болып табылды.
Олар ежелгі уақыттан бері күрделі ирригациялық жүйені және құрылғыларды
салуды, шөлді далада көгал жасауды үйренген. Олардың еңбегімен осы күнге
дейін қайталанбас сәулет өнерінің үлгілері тұрғызылған. Олардың
дарындыларымен математикада, астрономияда, медицинада, инженерлікте негізін
қалаушылық жаңа ашылулар орындалды, алайда соңғы уақытта аймақтағы
тұрғындар алдында ауыспалы кезеңдегі экологиялық апатпен және тереңдетілген
саяси, экономикалық қиындықтармен байланысты маңызды мәселелер тұрды. Арал
дағдарысы қоршаған ортаға және табиғи ресурстарды пайдалануға қатысты
ойланбай істелінген саясаттың нәтижесі болып табылады. Негізгі себептерінің
бірі, ол Әмудария және Сырдария өзендерінен суландыру мақсатына шектен тыс
суды шығындау. Бұл Арал теңізінің тартылуына және Орталық Азия аймағы мен
көршілес мемлекеттердің экологиясына теңдессіз әсер ету көлеміне әкелді.
Судың тапшылығының өсуі мен оның сапасының төмендеуі, өзімен бірге
топырақтың және өсімдік жамылғыларының азуына, өсімдіктер дүниесі мен
жануарлар дүниесінің өзгеруіне, балық өндеу саласының құлдырауына, сонымен
қатар суармалы жерлер тиімділігінің төмендеуіне әкеп соқты. Экологиялық
жағдайдың күрделенуі Арал теңізі бассейніндегі 35 миллион тұрғынының өмір
сүру сапасына, олардың денсаулығына тура және қосалқы кері әсер етеді,
шаруашылық қызметін бұзады, осының барлық жиынтығы осы аймақтағы көші-қон
процестердің күшейуіне әкелді.
Қазіргі уақытта аймақтық ұйымдар құрылған, нақты істердің жоспары
әзірленген. Бұл ерекше Арал теңізі бағдарламасы бойынша халықаралық
қолдауларды қарату үшін жаңа жолдар ашты. Ол аталған жоспармен негізделеді
және осы аймақтың тұрақты дамуына бағытталған. Су ресурстарына байланысты
мәселенің көлемі мен күрделілігі кешенді және көпсалалық көзқарасты,
аймақтағы мемлекеттер мен халықаралық қоғамдастық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық қолайсыз аймақтардың режимін құқықтық реттеудің кейбір мəселелері
Қазақстанның экологиялық аймақтары
Экологияның төрт заңы. Адам экологиясы
Солтүстік Арал теңізінің экологиялық күйі
Аралды апаттан қорғау шаралары
ҚР Арал аймағындағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануды құқықтық реттеу
Дағдарыстың пайда болу табиғаты
Ұлттық экономиканы дағдарыс кезінде тиімді әрі дұрыс басқару жолдарын ұсыну
Қаржылық саласы және әлемдік экономика
Қазақстанға дағдарыстың кері тартпа әсері
Пәндер