Атмосфералық ауаны тазартудың жолдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Атмосфералық ауаны тазартудың жолдары

Қала атмосферасының тазалығы – қазіргі таңда адамзатты толғандырып
отырған аса маңызды мәселелердің бірі. Бүгінде адамның шаруашылық
қызметінің әсерінен бүкіл биосфераның жағдайы алаңдатарлықтай өзгеріске
ұшырауда. Қаламыздың көшелеріне жасыл ағаштар отырғызу, өндіріс алаңдарын
көгалдандыру, санитарлық қорғаныш жасыл желек қоршаулар жасау өте қажетті
экологиялық шаралар болып табылады. Мұндай жасыл аймақтар ластанған ауаның
жоғарғы қабатында таралуына және ластаушы заттар қорының жиналуына
мүмкіндік бермейді, шаң тозаңдар мен аэрозольды газдардың қалаларға, ауылды
жерлерге таралуын бәсеңдетеді.
Бүгінгі таңда Тараз қаласының климаты өте құрғақ және күрт
континентальды өзгеруімен ерекшеленеді. Бұл облыстың Евразия материгінің
ортасында, мұхиттардан шалғай орналасуымен түсіндіріледі. Атмосфера
циркуляциясының ерекшелігіне байланысты ауа райы көбінесе ашық немесе аз
бұлтты болып жиі ауысады, сондай-ақ күн жылуымен жақсы қамтамасыз етілген,
кейде ыстық болып келеді. Ауа райының бірден күрт өзгеруі күн мен түн, қыс
пен жаз температурасының бірден ауысуынан пайда болады. Облыстың оңтүстік
таулы аймақтарының климаты жылы, қысы жұмсақ, ылғалдылығы жеткілікті, ал
солтүстік жазық аудандарында қатты құрғақшылық байқалады. Шөлді аймақ 70%
алып жатыр.
Облыстың жылдық орташа температурасы 7-100С. Ең суық қаңтардағы айлық
орташа температура 5-100С, ал солтүстік және солтүстік батыста 10-140С.
Қысқы кезеңдегі абсолютті максимум 40-450С, қиыр оңтүстікте 35-380С аяз.
Қысқы кезеңде салыстырмалы түрде төменгі температура көп болмайды. Жылы
кезең жоғары температура және құрғақ ауамен ерекшеленеді. Ең ыстық шілде
айындағы температура 25-270С, таулы аймақтарда 21-240С болады. Ал шөлді
аймақта 470С тең.
Жамбыл облысының территориясынан көп мөлшерде пайдалы қазбалар қоры
табылған. Олар фосфаттар, түсті металдар, минералды тұздар, отындық
шикізаттар, түрлі құрылыс материалдары. Сондай-ақ республикалық қордың 10 %
құрайтын газ кен орны да бар. Республикадағы балансты гипс қорының
жартысынан көбі облысқа тиесілі. Республика мен ТМД бойынша ең көп фосфарит
қоры Қаратауда шоғырланған. Облыстағы біраз уақытқа дейін негізгі кәсіп
орындары тау кен қазушы, тау кен өңдеуші, химиялық өндіріс орындары болды.
(АО Қаратау, ТОО Қазфосфат, Минералды тыңайтқыш, ОАО Химпром, НДФЗ
филиалы Қазфосфат).
Гидро-метеорологиялық орталық пен СЭС орталығының мәліметі бойынша
көбіне ірі химиялық өндіріс орындары мен ошақтарының болуына байланысты
ауаның ластану жағдайы қанағаттанарлық деп табылған.
Атмосфераны ластаудың негізгі көзі автотранспорт болып табылады, ол
облыс бойынша жалпы қалдықтың 70% құрайды, бұл орнына экологиялық таза
табиғи газдану, нейтролизаторларды қондыру және тролейбустардың санын
көбейту әлі шешілмей келе жатқан мәселе.
Атмосфераны ластайтын қалдықтар шығарушы негізгі мекемелер – химиялық
өнеркәсіптер мен коммуналдық-тұрмыстық мекемелер. Олардың әрқайсысы
шығарған қалдықтар – 2,1 мың тоннаны құрайды. Соңғы он жылда біраз
кәсіпорындардың қысқарып жабылуына байланысты Тараз қаласының атмосфералық
ауасын ластайтын заттардың концентрациялық мөлшері біраз азайды. Мысалы,
күкірт диоксиді 1996 жылмен салыстырғанда 0,6 ПДК-ден 0,34 ПДК-ға дейін
азайды. Фторлы сутегінің, азот диоксидінің, көміртегі тотығының
концентрациясы 2,7 ПДК-ден 3,3 ПДК-ге дейін өскен.
Атмосфераның формальдегидпен ластану деңгейінің жоғарылауы жылу
энергетика мекемелерінің, автомашиналардың техникалық жағдайларының
қанағаттанарлықсыз болуы, ұсақ жылыту орындарының көбеюі және отын ретінде
мазут пен көмірді қолдануға байланысты. Түрлі қазандықтар ауаны ластап,
түтін мен ыс, күл мыңдаған тонналап ауаға шығып қоршаған ортаға зардап
әкелетін – парникті газдардың мәселесін туғызды. Парникті газдардың әлемге,
адамзатқа тигізетін ең үлкен зардабы планета ауа-райының күрт өзгеруі. Ал
ауа-райының мұндай өзгерістерге ұшырауы тіршілік атаулыны құртып, жер
шарындағы тепе-теңдікті бұзып катаклизмге, табиғи апаттарға әкеліп соқтыруы
мүмкін.
Соңғы 100 жылда Қазақстанда ауа-райы 1,3 градусқа жылынып, әлемдік
климаттық глобалды жылуынан екі есе көп мөлшерді көрсетуде. Сондықтан да
парникті газдар мәселесі Қазақстан үшін де аса маңызды. Өйткені оның алдын
алмасақ еліміздегі бидай өнімі осы ғасырдың орта тұсында 1990 жылмен
салыстырғанда 40 %- ке азайып, мал азығы 37%-ке кеміп, онсызда тапшы
жайылымдар тарыла келіп, оңтүстік өңірде мал азығының мүлдем жойылып
кетуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Қазақстанда қыстың әдеттегіден жылы болуы бұл болжамдарды растай түседі.
Планета климатының болашақтағы аса зор ауқымдағы экологиялық апаттың
хабаршысы.
Мұның бәріне себепші – адамзаттың өз қолымен жасаған антропогендік іс-
әрекетінің нәтижесіндегі өндіріс пен техника бөлетін парникті газдар.
Оларды негізінен көмір–энергетика кешендері мен қаптаған автомобильдер
бөледі.
Парникті газдардың қоршаған ортаға тигізер зардабын әлсіретіп, планетағы
қалыпты температураны сақтау үшін орман алқабын кеңейту керек. Атап
айтқанда бір гектар орман 0,48 мың тонна көмірқышқыл газын жұтады, яғни
қатерлі газдардың зардабын азайтады. Жамбыл облысының 14,4 миллион гектар
жерінің 4176,0 мың гектар немесе 28,9% мемлекеттік орман фонды болып
табылады. Орман жамылғысы 2020,5 мың гектар жерді алып жатыр, бұл облыстағы
орман 14% деген сөз. Оның 60% сексеуілден тұрады, қалған түрлерге шегіршік,
арша, жүзген, жиде жатады.
Кейінгі жылдардың маңызды мәселесі орман жамылғасының біртіндеп
жойылуында. Орман шаруашылығын дамыту үшін тез өсетін терек гибриттерін
өсіру жолы қарастырылуда. Оларды өсіру үшін ауыл шаруашылығы қолдануынан
шығып қалған ластанған жерлерді пайдалануға болады.
Біздің жағдайда атмосфераны ластаушы негізгі және қосымша заттар ішкі
жану двигательдерінің, пештердің, фосфат өндірістерінің қалдықтары.
Қоршаған ортаны ластайтын заттарға: фотохимиялық оксидонттар, нитраттар,
азот қышқылдары, фториттер, фосфаттар, күкірт, азот және т.б. жатады.
Белгілі бір қоршаған орта жағдайларында және ластаушы заттардың
концентрациясы жоғарылауы сезімтал өсімдіктердің жапырақтарынан байқалады.
Ұлпалардың өлу нәтижесінде (некроз) олар жапырақты сұр түстен қоңырға дейін
өзгереді. Ұзақ уақыт бойы ластаушы заттарды төмен концентрациясы әсер
еткенде өсімдіктерде созылмалы аурулар пайда болады. Өсімдіктердің
созылмалы ауруларына қола түсті жапырақ, хлороз және өсімдіктердің ерте
қартаюы жатады. Теңбілмен ауырған өсімдіктердің жалпы белгілері: алғаш
нүктелер пайда болады. Біртіндеп олар қосылып, жапырақтың бетінде дақтар
түзіледі. Олар тіршілігін жойған жасушалар нәтижесінде пайда болады (жүзім,
қарағай). Азот қышқылының (NO2) аз концентрациясы өсімдіктердің өсуін
реттейді. Олардың жасыл түсі қоюлана түседі.
Тараз қаласында ауаның ластануына қарсы күрес жүргізген кезде көшелерге
биологиялық әдіс ретінде лас газдарға төзімді ағаштекті өсімдіктерді
отырғызған тиімді. Қала көшелерінде рет-ретімен дұрыс отырғызылған
ағаштекті, әрі әсемдік өсімдіктер ауаны әртүрлі лас қоспалардан, шаң-
тозаңнан, газдан тазартып, күн сәулесін пайдалана отырып, қоршаған ортадан
көмірқышқыл газын сіңіріп, тұрақты түрде ауаға оттегін бөліп, қала
тұрғындарына қолайлы жағдай туғызады. Сонымен қатар, қаладағы түрлі шудың
күшін басады.
Жасыл екпелер – ағашта-бұталы, гүлді және шөпті өсімдіктер қаланың
экологиялық қорғанысының күшті құрамы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауаны ластанудан қорғау
Өндірістік желдету
Атмосфера және оны қорғау
ЭКОЛОГИЯ ЖƏНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ. Оқу құралы
Тұрмыстық, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық ағынды сулар
Ақаба суларды биологиялық тазарту
Сұйық қоректік орталарды залалсыздандыру арналған жабдықтар
Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары
Атмосфералық ауаны және қоршаған ортаны қорғау
Ашық тау өндірімдері
Пәндер