Атмосфераның қазіргі пайда болу тарихы
Атмосфераның қазіргі пайда болу тарихы
Заттар атмосферада (латынша – атмос-сфера) балқыған күйде болғандықтан
ағуға деген икемділігі өте жоғары болады. Жер қабығында сызат пайда болған
сәттен астеносфераның заттары магма түрінде сыртқа шыға бастайды. Мантияның
осы бөлігінде вулкандардың тамырлары орналасқан. Сондай - ақ осы жерде
заттардың өзгеруі жүреді. Бұл қабатта энергияның бөлінуі мен жинақталуы
арқасында вулкандар мен жер сілкінісін, жер қыртысының бөліктерінің
тұрақтылығы мен қозғалмалылығын туғызатын үрдістер орын алады.
Магма жыныстардың кейбір ғана минералдарынан түзілетіндіктен, ол
құрамы жөнінен де бастапқы жыныстардан бөлек болады. Оның құрамы базальт
қабатына ұқсас, ал салмағы мантияның тереңірек жатқан қабаттарынан елеулі
түрде аз болады.
Жеңіл базальтты магманың бөліктері Жердің бетіне шығып, суып
нәтижесінде қатып қалған. Ауыр силикаттардың мантияның терең қабаттарына
төмендеп және Жердің бетіне базальтты магмалар неғұрлым көбірек шыққан
сайын, Жерді тұтас жауып тұрған базальтті қыртыс пайда болған.
Сонымен, базальтты қыртыс, мантия және ядроның таңдамалы (аумақтық)
балқуы үрдісінің нәтижесі екендігі бізге белгілі болды. Бұл таңдамалы балқу
үрдісі, бастапқы магманың дифференциациялану және жер қабығын құрайтын тау
жыныстарының түзілу процестерінің ұзақ тізіміндегі алғашқы үрдіс болуы да
мүмкін. Химиялық үгілу екінші үрдіс болып есептеледі.
Жердің беті немесе жер қыртысы, яғни литосфераның қалыңдығы
континенттерде 40-60 шақырым және мұхиттардың түбінде 7-10 шақырымға дейін
жетеді. Ол геосфераның беті суып, құрамында су және еріген газдары бар
базальтты магманың Жердің бетіне шығуы нәтижесінде пайда болған, сонымен
қатар бұл үрдіс базальтты литосфераның түзілуіне де себеп болған. Базальтты
литосфераның түзілуі вулкандардың белсенділігінің күрт артып, жер
қойнауынан азот, көмірқышқыл газы, сутегі және су буларының шығуына себеп
болды.
Осылай, біздің ойымызша, Жердің атмосферасы мен гидросферасы пайда
болған, бастапқы кезде олардың барлығының да қайнар көзі вулкандар болған.
Атмосфера мен гидросфера метан, су булары, аммиак, сутегі, азот және
көміртегі тотықтарының біршама бөліктерінен түзілді. Осындай элементтер мен
заттар біздің заманымыздағы вулкандар шығаратын газдардың құрамында да бар.
Бос оттегі болған жоқ. Оттегі түгелдей дерлік химиялық қосылыстардың
құрамында болған.
Жер тарихының бастапқы кезеңінде атмосфера мен гидросфера аса жоғары
температураның әсерінен, қосарланған күйде, яғни атмогидросфераны құрады,
қазіргі кездегідей бөлінген жоқ. Осыдан кейін орын алған геохимиялық,
геологиялық үрдістерге және температураның төмендеуі әсерінен таяз Әлемдік
мұхит пайда болып, бірте-бірте оның көлемі ұлғайып қазіргі кездегі көлеміне
жетті.
Су буы конденсацияланып, жаңбыр болып жауып отырды, нәтижесінде ол
базальтты жыныстарды шайып, тұздарын ерітіп, жыныстардың бөлшектерін
үгітіп, оларды төмен аймақтарға шығарып көлдерді түзді. Бұл көлдер
көбейіп, бір-біріне қосылып, бастапқы мұхитты құрды.
Әлсіз гравитациялық күштер мен жоғары температураның әсері, планета
пайда болған кездегі ұшқыш заттардың көпшілігінің планета аралық кеңістікке
шашырап кетуіне себеп болды. Бұл кезде ұшпайтын минералдар – силикаттардың
құрамындағы оттегінің мөлшері салыстырмалы түрде жоғарылады. Азоттың басым
бөлігі ұшып кетті, себебі нитридтер тұрақсыз және оңай ұшып кетуге бейім.
Сол себепті қазіргі кезде планетамыздағы көміртегінің мөлшері 0,034 %.
Жалпы қарағанда Жер сыртқы қабығы жоқ ортасынан бөлінген жұмыртқа
секілді: бұнда жердегі жер қабығы - жұқа қабықша болса, мантия дегеніміз -
сұйық ақуыз, ал ядро - жұмыртқаның сарысы.
Осылайша алғашқы геосфераның алдымен қатты қызып, кейіннен суып кетуі
Жердің материясының әртүрлі агрегаттық күйлеріне: қатты қызған ауыр
металлдық ядро, балқыған жабысқақ мантия, қатты литосфера, сұйық гидросфера
және газды атмосфераға дифференциациялануына әкеліп соқты.
Жер эволюциясындағы негізгі үрдісі заттардың әртүрлі салмақтарына
байланысты гравитациялық дифференциациялануының нәтижесіндегі салмағы ауыр
заттардың төмен, Жердің орталығына түсіп, ал салмақтары жеңілдеулері жоғары
көтерілуі. Осының нәтижесінде Жер қабаттарға – неғұрлым терең қабаттардың
массасы ауыр заттардан құралатындай бөлінді.
Қазіргі кезде Жердің қабаттары жоғарыдан тереңге қарастырсақ
төмендегідей:
1) атмосфера (5.3 х1021 г ауа – Жердің массасының 10000001);
2) гидросфера (1.46 х1024 г су - Жердің массасының 14000);
3) жер қабығы (4.7 х1025 г, орташа қалыңдығы 33 км - Жердің
массасының 0.8 %);
4) мантия (Жердің көлемінің 83% және массасының 65%);
5) ядро (Жердің массасының 34%).
Жердің қозғалмалы қабаттары - атмосфера мен гидросфераның түзілуі
оның қатты қабатын құрайтын тау жыныстарының бұзылу үрдістеріне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz