Ахмет Иассауи іліміндегі рухани құндылықтар және қазақ таңымындағы маңызы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Ахмет Иассауи іліміндегі рухани құндылықтар және қазақ таңымындағы маңызы

Адамзат баласына рух берген Құдай азар беруден алшақ тұрса, адамзат
баласы қалайша адамға азар берсін. Мұны адамзат игілігін көздеген барша
руханият қолдап, уағыздап келеді. Соның ішінде сопылық қауымдастықтар бұған
үлкен мән береді. Сопылық жолындағы тақуаларды ізгі ниеттілікпен жаратылған
адамзат жанының азапталуы ресми түрде ойландырды. Адамзаттың есен-амандығын
тілеген тақуалар Аллахтан өзіне азар беруді сұранады. Сондықтан да жетілу
жолындағы муридтерде азап беруден гөрі азап тарту басымырақ. Аллахтың
жүзіне ғашық болған муридтерге азап тарту ғашықтық өтеуіне айналған сынақ
тәрізді. Ахмет Иассауи де пайғамбар хадистеріне сүйене отырып, бұл тұрғыда:

Жалған атақтан арылып сәби болдым,
Алла атын айта-айта ашық болдым.
Аллаға бар жаныммен адал болдым,
“Фанафи Алла” мақамына салдым, міне.

Сүндет емес кәпірге де берсе азар,
Көңілі қатты, діл азардан құдай безер.
Ондай құлға Алланың азабы даяр,
Даналардан бұл сөзді естіп айттым, міне [1.20].

Мутасаууфтардың “Қайырымды ісіңе жоғары қайырымдылық аласың, зұлымдық
істесең жазырын тартарсың”-деп тереңнен толғаған сөздерінен аңғаратынымыз
да адам баласына азар бермеу. Ахмет Иассауи де бұл дәстүрден алшақ
кетпеген. Хикметтерінде көңілі қатты, тоң мінезді жандардан Алла да
безініп, оларға қахарын төгумен қатар азап та бергендігі айтылады.
Жетілу жолындағы муридтер жан тазалығын сақтаған. Оның жүрегінде мұндай
дертке орын жоқ. Ахмет Иассауи муридтерінің әрбір істеген ісі мен сөйлеген
сөзінен ақиқаттық сарын байқалып, ол оның мәртебесін асқақтатқан. Бірақ ол
өзінің беделінің өскенін, халықтың құрмет тұтып қарағанын еш уақыт елемей,
өз бойындағы қасиеттердің барлығын Алладан берілген деп санайды. Халқының
қамын ойлап, солар үшін Аллаға басын исе, Алланың назарын өзіне аударғандай
хәл кешкен.
ХІІ ғасырдың ұлы ақыны әрі терең ойшылдарының бірегейі Шота Руставели
шумақтары бұл төңіректе, адам қызығарлық жәйттерді қозғайды. Ахмет Иассауи
замандасы Шота Руставели де шығыc мұсылман елдерінің мәдениетіне,
руханиятына қызығушылық танытады.
“Жолбарыс тонды жаһангез” дастанында жыр құдіреті махаббатты аспанмен
тілдесер тәңірілік махаббатқа ұластырады. Ақынның тұжырымынша аспан арайы
жердегі махаббат сияқты таза сезімдерге ғана өз шапағынан сәуле бере алады.
Дастан қаһармандары Аспан тазалығынан сусындаған, өзгелерге өнеге
боларлықтай ғибрат береліктей, кәдімгі жердегі қарапайым адамдар. Қарапайым
болғанымен, олардың жан дүниесі зұлымдық пен жамандықтан таза.
Ғабит Мүсірепов “Ш.Руставелиде жер сыры мен Аспан тылсымын ұштастыра
алатын сиқырлы күш бар”-десе, біз ол күшті Ш.Руставелидің Араб жерінде
туындаған ислам дінінің дәстүрлері мен соның ішінде сопылық бағытты
жеткілікті түрде білуінен көре аламыз. Мысалы, Фатиманың Афтандилге барып
айтқаны:

О сұм дүние! Арбаушы Ібіліс күлген бізді мазақ етіп,
Сұмдығыңды ұққан кім бар, зұлымдықты жазалы етіп.
Тұтылған соң жарық шұғыла барады өмір азабы өтіп,
Бұл өмірдің соңы - шіру, өлім құшса, қаза жетіп.

Жоғалды күн тіршіліктің дүниесіне паң боп енген,
Жоғалды нұр мұң-зардың алқабына таң жіберген.
Бұл жанымды шалған жалын, үзілді енді жан күдерден,
Жас бұлағы жуды, сел боп, көкірегімді қайға керген [2.189],-деп азапталу
көрінісін суреттеуі Ахмет Иассауи хикметтерінің сарынынан айырып болмайды.
Ібілістің арбауына түспеудің амалын іздеп, дүниеден безу. Бойыңдағы
надандық қасиеттердің басымдылық танытып, зұлымдық күшіне ұласуына жол
бермеу. Көріп отырғанымыздай, мұның барлығын толықтай дерлік Ахмет
Иассауидің “пақырлықта мүнкар болмау” мақамы өз өн-бойына алған.
Зұлымдық күштерімен алысу үшін муридтерге нәпсінің құлқынын жабатын
алтын, күміс, жалпы дүние атаулының құмнан айырмасы жоқ етіп қабылдаған
нәпсі керек. Алтын мен күміс болған жерде сенімнің болмайтындығы әркімге де
аян. Сондықтан да зұлымдыққа қарсы тұрған сенім, әрқашан да алтын мен
күміске сенген сенімнен артық тұрады.
“Ақиқат жаршысы” атты еңбекте зұлымдық пен қайырымдылық күштерін талќыѓа
салады жєне оны Ахмет Иассауи дүниетанымымен ұштастырып, философиялық
тұрғыдан саралайды. Зұлымдық к‰ні б‰гінге дейін µз формасын саќтаѓан.
Ќайырымдылық принциптері кейпін µзгертіп, ќоѓам талаптарына бейімделген
тєрізді. Демек адам санасында екі бастама ќайшылыќтарын жоймаѓанымен ќоѓам
зањдары арнайы талаптарды к‰шейткен.
Ахмет Иассауи сопылық ілімінде қоғамға тән нақты тарихи белгілер
назардан тыс қалған. Басқаша айтқанда, Иассауи ілімі белгілі бір уақыт
аралығында тәуелді болудан алшақтап, дерексіздендіріледі. Мұндай сәттерде
сопылар қауымы уақыттың бар-жоғымен есептеспейді. Ахмет Иассауи әлемдегі
адам болмысының уақытқа тәуелді параметрлерін тауып, оны үзіп тастау арқылы
философияны теориялауда үлкен жетістікке жетті.
Дегенмен, бұл еңбекте діни дәстүрлерге аса көңіл бөлінбей, сопылық ілім
туындатқан мистикалық әдіс тәсілдер мүлде қарастырылмайды. Және де зұлымдық
күштерін саралаудан алынған қорытындылар діни философиялық тұрғыдан үстірт
қарау орын алғанын көрсетеді.
Иассауийа тариқатынан сопылық тәлім алған муридтердің зұлымдық күшінен
алшақ тұруы олардың күнделікті діни дәстүрлерге негізделген әрекеті мен
рухани жетілуді мақсат етіп алуынан. Алланың рухани құдіретін танытқан
сопылық ілім халық танымында сиынуға негізделген діни дәстүрлерді
қалыптастырды. Бұл діни дәстүрлер адамның рухани мұқтаждығын өтеумен қатар
зұлымдық бастауларын жоюға септігін тигізген.
Ахмет Иассауи насихаттаған сопылық ілімінің қазіргі таңдағы адамның
рухани танымын жетілдіруге тигізер әсері мол. Ол үшін де адамзат танымында
руханиятқа деген құрметті қалыптастырып, олардың ақиқатты өмірге деген
көзқарасын ұлғайту керек. Ахмет Иассауи ілімінің уақытқа тәуелсіздігі де
осында. Қаншама ғасыр өтсе-дағы түркі халықтарының асыл-жаухарына айналған
Ахмет Иассауидың ақиқат ілімі, қоғамымыздағы жеке адамның рөлін айшықтауға
өзіндік септігін тигізуде. Бұл ата-баба дәстүрін ардақтап, оны халыққа
ұсыну арқылы шайхтың ізбасарларына айналған иассауитанушы ғалымдардың
еңбектерінің жемісі.
“Сыр сулук қылмақ” және “сыр сақтамақ” мақамдары шайхтың қарауындағы
муридтің тылсымдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмет Иассауи дүниетанымындағы рухани кемелдену мәселесі
Қожа Ахмет Иассауи дүниетанымындағы рухани кемелдену мәселелері
Сопы аллаяр шығармашылығындағы сопылық таным мәселесі жайында
Қожа Ахмет Йассауи ілімі
Диуани Хикмет туралы ақпарат
Қожа Ахмет Йассауи өмірі
Қожа Ахмет Яссауидің өмірі жайлы
Қожа Ахмет Яссауидың сопылық дүниетанымындағы этикалық мәселелер
Абай Құнанбайұлының дүниетанымы
Қожа Ахмет Яссауи өмірбаяны
Пәндер