Ахмет Яссауи - түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы аса көрнекті ақыны



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Ахмет Яссауи

Ахмет Яссауи- түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы аса
көрнекті ақыны, есімі ислам әлеміне машһур болған ойшыл қайраткері. Ол
мұсылман қауымының дәстүрлі қағидаларын жырлаған сопылық әдебиеттің түркі
халықтары арасындағы мейлінше танымал, ірі өкілдерінің бірі болды. Ахмет
Яссауи кезінде “жахрия” (экстаз) немесе “Яссауия” деп аталып кеткен сопылық-
мистикалық ағымның негізін қалады.
Ахмет Яссауи Испиджаб (Сайрам) қаласында туылған. Ақынның туылған
жылы белгісіз, ал 1166 жылы қайтыс болған. Ер жете келе Түркістан (ол
кезінде Яссы деп аталған) қаласына келіп тұрады. Сол кезде атақты Арыстан
Баб және Жүсүп Хамадани деген шайықтардан тәлім-тәрбие алған. Бұхарада
оқыған. Сосын оқымысты адам, сопы ретінде Яссы қаласына қайтып келеді.
“Диуани хикмат” ( “Даналық кітабы” ) – түркі тілді халықтардың
ХІІ ғасырдан сақталған әдеби ескерткіштерінің бірі саналады. Бұл өлеңдер
жинағы қазақ әдебиетінің де орта ғасырлық нұсқасы болып табылады. Өйткені
Яссауи хикматтарының тілін ұзақ жылдар бойы зерттеген көрнекті совет ғалымы
А.Қ.Боровковтың пікірі бойынша “Даналық кітабы” оғыз-қыпшақ тілінде өмірге
келген әдеби туынды. кезінде ол өлеңдер өте қарапайым, көпшілікке түсінікті
тілмен жазылған. Ақын Орта Азиядан бастап, Еділ жағалауына дейінгі ұлан-
ғайыр өлкеде көшіп-қонып жүрген түркі тайпаларының бәріне де түсінікті
болатындай ауыз-екі сөйлеу тілінде жырлағаны дау тудырмайды. Бірақ бертін
келе жинақты көшірушілер оған өз тарапынан көптеген араб-парсы сөздерін
қосып жіберген сияқты.
Бұл өлеңдер жинағының алғашқы түп нұсқасы сақталмаған. Ең ескі
нұсқасы XV -ғасырдың орта кезінде араб емлесімен көшірілген. “Даналық
кітабы” Қазан (1887 және 1901 ж.), Стамбул ( 1901 ж.), Ташкент (1902 және
1911 ж.) баспаларынан бірнеше рет жеке-жеке кітап болып басылып шығады.
Ахмет Яссауи өлеңдер жинағының ең толық нұсқасы Қазан басылымы
болвп табылады. Мұнда 149 хикмат берілген. Соның 109 хикматы Яссауидің
өзінікі екені даусыз. Қалғандары шәкірттері тарапынан жазылып, жинаққа еніп
кеткен жыр жолдары болса керек.
Түркия ғалымы М.Ф. Кепрюлю-заде Ахмеи Яссауи хикматтарының жазылу
тарихын, поэтикасын, әлеуметтік бағыт-бағдарын тұңғыш рет әдабиеттану
ғылымы тұрғысынан жан-жақты зерттеп, ол туралы келелі ғылыми еңбек жазғаны
мәлім. Ғалым 1928 жылы Ахмет Яссауи поэзиясын ғылыми негізде жүйелеп,
Стамбул баспаларының бірінен жеке кітап етіп шығарды.
Қазіргі зерттеушілердің барлығы дерлік Ахмет Яссауи жырларының
осы басылымые негізге алып жүр.
Белгілі орыс ғалымдары А.Н. Самойлович, Е.Э. Бертельс, А.К.
Боровков, Г.Ф. Благова, т.б. Ахмет Яссауи жырларын зерттей келіп, кезінде
оны жоғары бағалады, әрі ақынның өзінен кейінгі сөз зергерленріне тигізген
әсері зор болғаны ерекше атап көрсетті.
Сондай-ақ Ахмет Яссауи поэзиясын зерттеу ісіне Э.Р. Рустамов, Н.М.
Маллаев, В.И. Зохидов сияқты өзбек ғалымдары да едәуір үлес қосты.
“ Даналық кітабында” негізінен төрт нәрсе мадақталады. Олар:
“шариғат”- ислам заңдары мен әдет-ғұрыпының жинағы, “тариқат”- сопылықтың
идеясы, мұрат-мақсаты, “маьрифат”- дін жолын танып, білу; “хақиқат”-құдай
және оған жақындау. Ахмет Яссауидің ойынша, “Шариғатсыз”, “тариқат”,
“тариқатсыз”, “маьрифат”, “маьрифатсыз”, “хақиқат” болуы мүмкін емес.
Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады.
Түркі халқы ислам діні мен мәдениетін қабыл еткен соң бұрынғы көк
Тәңірісіне табынуға негізделген мәжусилік сенімінен, әдебиетінен, өнерінен,
жалпы алғанда, алғашқы рухани мұрасынан айырыла бастаған еді. Сонымен
бірге, араб-парсы тілдері мен исламның оқу-білімі бұқара халыққа көпке
дейтін жат көрініп, түсініксіз болып келеді.
Міне, осындай бір тарихи бетбұрыс кезеңінде өлең құрылысы
жағынан көне түркі поэзиясының табиғатына жақын етіп жазылған, әрі оғыз-
қыпшақ тілінде өмірге келген Ахмет Яссауи жырлары жергілікті халықты рухани
өмірінде зор роль атқарды. Ақынның Даналық кітабы атты жыр жинағы арқылы
қарапайым халық ислам әлемімен, сол дәуір үшін ілгерішіл саналған сопылық
ағымының философиялық ой-пікірлермен танысты.
Рас, әділдік жолына түсу, ақиқатты іздеп табу, адамның рухани
өмірінің таза болуы сияқты құбылыстарды Ахмет Яссауи ислам дінінің шарттары
арқылы түсіндіруге әрект жасады.Соның өзінде, ақын әлеуметтік қайшылықтар
мен теңсіздіктерді сынап, халық мүддесін ескергісі келмеген такаппар
жандарды әшкерлеп отырды. Халықты ізгі қасиеттерге, адамгершілікке үндейді:
Ғаріп, пақыр жетімдерді қылған шадман,
Құлдық қылып, ғазиз жанды еткен құрбан.
Тағам тапсаң, шын пейілмен күткен мейман,
Халықтан естіп бұл сөздерді айттым, міне...
Ғаріп, пақыр жетімдерді әркім сүйер,
Риза болар ол пендеге пәруәрдігер.
Ей, бейхабар, болиа күмән, сені асырар.
Хақ Мұстафадан естіп, айттым мұны...
Дүние үшін қам жеме, хақтан өзгені сөз деме,
Кісі малын сен жеме, сират көпірінде тұрар.
Әйелің, қарындас, ешбір болмас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Яссауй – түркі тектес халықтарының көрнекті ақыны, ойшыл қайраткер
Ахмет Иассауи Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзияның көрнеті өкілі
Қ. А. Яссауи түркі халықтарының ұлы ойшылы
Қарахандар дәуіріндегі ғалымдар және олардың еңбектерінің тарихи маңызы мен мәні
Қожа Ахмет Яссауи (1093 1094-1166)
Түркі пәлсапасы
Кожа Ахмет Яссауи
Түркі тілдес халықтардың ғұламалары
Ортағасырлық түркі ғалымдары мен жазушылары
Қазақ даласындағы ислам әдебиеті
Пәндер