Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс. Дүниежүзiн қайта бөлiске салу
Дүниежүзiн қайта бөлiске салу жолында “Үштiк одақ” (Австро-Венгрия,
Германия, Италия) пен Англия, Франция, Ресей коалициясы арасындағы саяси-
экономикалық қайшылықтардан түындаған соғыс. ХIХ ғасырдың аяғына таман бұл
мемлекеттер арасында өз ықпал аймағын кеңейту үшiн бәсеке күшейе түстi.
1879 жылы Германия Австро-Венгриямен соғыс одағын жасасты, бұған 1882 жылы
Италия қосылып, “Үштiк одақ” құрды. Алайда, 1914 жылдан бейтарап саясат
ұстанған Италия кейiн өзiнiң бұрынғы одақтастарына қарсы соғысты. “Үштiк
одаққа” Осман империясы мен Болгария қосылды. Оған қарсы 1907 жылы Англия,
Франция және Ресейдiң соғыс коалициясы – Антанта құрылды. Бiрiншi
дүниежүзiлiк соғыс кезiнде Сербия, Бельгия, Жапония, Италия, Румыния,
Португалия, АҚШ, Грекия, Қытай және Латын Америкасының бiрқатар елдерi
Антанта елдерiмен одақтасты. Соғыстың басталуына 1914 жылдың 28 маусымында
Сараевода Босния мен Герцеговинадағы австро-венгр әскерлерiнiң
жаттығуларына келген австрия тағының мұрагерi эрцгерцог Франц-Фердинандтың
өлтiрiлуi сылтау болды.
Террористiк актiнi iске асырушы “Млада босна” ұлтшылдық ұйымының мүшесi
Гаврило Принциптiң ұлты серб болып шықты. Австро-Венгрия Өкiметi
Германияның мақұлдауымен мұны Сербияға ультиматум қоюға негiз бар деп
шештi. Ультиматумның талаптары Сербияның тәуелсiздiгiне нұқсан
келтiретiндей дәрежеде едi. Бүкiл бiр ай бойына Еуропаның ұлы державалары
эрцгерцогтың өлiмiнiң салдары қалай болады екендiгiн талқылаумен болды.
Герман императоры Вильгельм II австиялықтарды “сербтердi құртуға” айдап
салды. Ресей, Франция және Ұлыбритания австро-германдықтардың бұл
әрекеттерiне тойтарыс беру керек деп есептедi. Серб үкiметi Ресейдiң кеңесi
бойынша ультиматумның барлық талаптарына келiстi. Бiрақ бұл есепке
алынбады.
28 шiлдеде Австро-Венгрия армиясы Сербияға басып кiрдi. Еуропа ерiксiз
соғыс өртiне шарпылды. 29 шiлдеде Ресей iшiнара мобили зация жариялады.
1914 жылдың 1тамызында Гермния Ресейге, ал 3 тамызда Францияға соғыс
жариялады.Келесi күнi соғысқа Ұлыбританияның доминиондары – Австралия,
Канада, Жаңа Зеландия және Оңтүстiк Африка Одағы соғысқа араласты. Соғысқа
барлық құрлықтың 38 мемлекетi тартылды. Тамызда Германияға Жапония соғыс
жариялады. Оның мақсаты Германияның отарларын: Қытайдағы иелiктерi мен
Тынық мұхиттағы аралдарды басып алуi едi. Германия өз жағында соғысқа
Түркияны, соңынан Болгарияны тартты. Закавказьеде, Таяу Шығыста,
Балқанда және Африкадағы герман отарларында жаңа майдандар ашылды.
Осылай Бiрiншi Дүниежүжiлiк соғыс басталды.
Соғыстың себептерi және оған қатысушылардың мақсаттары. Соғыстың себебi
Еуропаның ұлы мемлекеттерiнiң арасындағы терең қайшылықтар, олардың
құрлықта үстемдiк орнату үшiн өзара таластары, отарларын қорғау немесе
оларды қайта бөлiсу мүдделерi және монархтар мен мемлекет саясаткерлерiнiң
кеудемсоқтары болды.
Франция 1871 жылы айырылған территорияларын қайтаруды, тiптi мүмкiндiк
болса, Рейн жағалауын қосып алуды көздедi. Ұлыбританияның мақсаты мен
арманы Германияны құрлықтарды басты бәсекелесi есебiнде күйрету болды. Ал
Германия Еуропада үстемдiк алу мақсатымен басты бәсекелесi Англияны
талқандап, оны отарларынан айыруға, Францияны, Белгияны және Голландияны
жеңiп, отарларын өзi басып алуға ұмтылды, ал Ресейден Польшаны, Украинаны
және Балтық жағалауын тартып алып, оны әлсiретудi көздедi. Австро-Венгрия
Сербияны қиратып, Балқандағы панславяндық қозғалысқа және оның тiрегi
Ресейге соққы берудi мақсат еттi. Германия Франция мен Ұлыбританияны
талқандап қана қоймай, олардың отарларын және отарға айналдыру үшiн Ресей
территориясының бiр бөлiгiн басып алуғак ұмтылды.Ресей Галицияны, Түркияның
бiр бөлiгiн, Константинопль мен Қара теңiз бұғаздарын иемденуге тырысты.
Қос әскери-саяси одақ мүшелерiнiң кейбiр пиғылдары құпия келiссөздер
барысында келiсiмдермен тұжырымдалған болатын. Қалғандары ашық айтылып, өз
елдерiнiң халықтарының ұлттық сезiмдерiмен мүдделерiне түрткi салды.
Бiрiншi Дүниежүжiлiк соғысты соғысқа қатысушы әрбiр мемлекет қайткенде
өз пайдасына шешуге жанталасып, өз елдерiндегi жұмысшы табының
революциялық қозғалыс және отар елдердегi халықтардың ұлт-азаттық
қозғалыстарын тұншықтыруды көздедi.
“Ұлттық тұтастыққа”, “отан қорғауға” шақырған шовинистiк ұрандар алғашқы
кезде барлық соғысушы елдерде едәуiр кең қолдау тапты. Германия-Австрия
блогы құрамында 3,5 миллионнан астам адамы бар әскер бөлiмдерiн (барлығы
193 дивизия), ал Антанта елдерi 6 миллионнан астам адамды (барлығы 287
дивизия) соғысқа қарсы қойды. Барлығы екi жақтан тиiсiнше 7 миллионнан
астамжәне 11 миллионға жуық адам мобилизацияланды. 4 жыл 3ай 10 күнге
созылған соғыс Германия мен оның одақтастарының күйрей жеңiлуiмен аяқталды.
Бiрiншi Дүниежүжiлiк соғыстытың аса маңызды саяси қорытындысы –
капитализмнiң жалпы дағдарысы онан сайын тереңдеп, дүниежүзi қарама-қайшы
екi жүйеге – социалистiк және капиталистiк жүйеге бөлiндi. Отарлар мен
тәуелдегi ұлт-азаттық қозғалыс отаршылдықтың құлдырай бастауына жол ашты.
Өткен кездегi соғыстармен салыстырғанда бiрiншi дүниежүжiлiк соғыстың
техника-экономикалық жағынан жаңа, жетiлдiрiлген негiзде өттi. бiрiншi
дүниежүжiлiк соғыстың тәжiрбиесi әскери өнердi онан әрi дамытуға зор ықпал
жасады. Соғыстың сипаты туралы аяқталғаннан кейiн ұзақ уақыт бойында пiкiр
таластар жүрдi. Үкiметтер “түстi кiтаптар” шығарып, оларда қарсы жақтарын
соғыстын шығуына кiнәлiлер деп айыптады. Шын мәнiнде жалпы бүкiл
капиталистiк жүйенiң және әрбiр соғысқа қатысушы елдiң бұл күнәде өз үлесi
болды. Жұмысшы қозғалысындағы солшылдар соғысты империалистiк деп жариялап,
оны буржуазияға қарсы азамат соғысына айналдыруға шақырды. Соғыстың бастау
және кiнәсiз кейбiр Еуропа елдерiне (Сербия, Бельгия, Люксембург) агрессия
жасау бастамасы австро-германдық одақтың жағынан болды. Соғыс тек Сербия
мен Бельгия тараптарынан ғана әдiлеттi едi.
Шлиффен жоспарының сәтсiздiкке ұшырауы. Францияға бейтарап Бельгия
арқылы басып келген герман әскербасшылығы француз-герман шекарасында
шоғырланған француз армиясын қоршауға алып, оны күзге дейiн талқандап,
Францияны тiзе бүгуге мәжбүр етудi көздеген болатын. “Блицкриг” жоспарын
соғыс басталудан бiраз уақыт бұрын генерал Шлиффен түзген едi. Бiрақ жоспар
толық iске аспай, қыркүйекте герман әскерi тек Верден түбiне дейiн жеттi.
Парижге басып алу қаупi төндi, дегенмен “қас қаққанша аяқталатын” соғыс
жоспары iске аспай қалды.
Франция Ресейге Шығыс майданда соғыс қимылдарын жасау туралы өтiнiш
бiлдiрдi. Орыс әскерлерiнiң Шығыс Пруссияда және оңтүстiк бағытта австро-
венгрия әскерлерiне қарсы шабуылы соғыс қимылдарының француз театрларынан
Германияның бiраз күштерiн бұруға себеп болды. Шығыс майдандағы соғыс
қимылдары Францияға қарсы шабуылға шығу үшiн күш жинауға мүмкiндiк бердi.
Марнадағы шайқас нәтижесiнде Парижге тiкелей қауiп жойылды. Соғыс қимылдары
позициялық сипат алды. Германия екi майданда ұзақ соғыс қимылдарын
жүргiзуге көнуге мәжбүр болды.
1915 жылғы соғыс қимылдары. 1915 жылы Германия мен Австро-Венгия Ресйдi
талқандап, соғыстан шығару мақсатымен
стратегиялық белсендiктi Шығыс майданға ауыстырды. Ресейге қарсы австро-
герман Қарулы күштерiнiң жартысынан көбi аттандырылды. Орыс әскерлерi Шығыс
Пруссия мен Польшадан ығыстырылып шығарылды, бiрақ австро- герман әскерлерi
шабуылды өрiстете алмады.
Осы кезде Германия Ұлыбританияны қоршаумен тұншықтырмақ болып, жаңа қару
– сүңгуiр қайықтар қолданды. Аз ғана уақыттың iшiнде бiнеше жүздеген
кемелер суға батырылды. Бiрақ бұл күткендей нәтиже бермедi. Немiс сүңгуiр
қайығының шабуылы нәтижесiнде жолаушы таситын “Лузитания” лайнерiнiң суға
батуы бейтарап елдерде, әсiресе АҚШ-та, күштi наразылық туғызды. Осы кезде
Германия Гаага конвенциясын қылмыстық жолмен бұзып, Ипра маңында химиялық
қару – газ қолданды, ал кейiн “иприт” деп аталып кеттi.
Соғысушы одақтастардың өз жақтарына жаңа одақтастар тарту жөнiндегi
күресi жалғаса түстi. Италия Антантаның билеушi топтарының соғыстан кейiн
Балқаннан территориясын кеңейту жөнiнде берген уәдесiне сенiп, Антантаға
қосылуды дұрыс деп тапты. Германия Сербия мен Греция территорияларының бiр
бөлiгiн берудi уәде етiп, Болгарияны өз жағына соғысқа тартты.
Верден қырғыны және 1916 жылғы соғыс қимылдары. Верден майданында бүкiл
1916 жылдың барысында (ақпаннан желтоқсанға дейiн) орасан зор шайқас жүрiп
жатты. Француздар бас қолбасшысы Ж.Ж.Жоффрдың “Қасық қаның қалғанша
шайқас!” деген бұйрығын орындады. Бiр жылда “верден қырғынында” 1
миллионнан аса солдат қаза тапты.
Герман армиясының Верденге қысымын мақсатымен француздар немiстердiң
Сомма өзенiнiң жағалауындағы қорғаныс шебiн бұзуға әрекет жасады. Соммадағы
шайқас бүкiл күз бойына созылды. Бұл жерде ағылшындар алғаш рет танкiлер
қолданды. Бұл болат әзiрейiлдер немiс солдаттарына психологиялық әсер етiп,
шабуылдың табыстығын қамтамассыз еткенмен, жалпы стратегиялық жағдай
өзгермедi.
1916 жылдың жазында Шығыс майдандағы шабуыл табыстырақ болды. Генерал
А.А.Брусиловтың армиясы Галицияда австрия майданының шебiн бұзып өттi.
Брусилов шабуылы Австро-Венгрияны әскери талқандамағанмен, ағылшын-француз
әскерлерiне Верден түбi мен Соммада табан тiреп тұруға көмектестi.
1916 жылдың соңында Еуропада соғыс қимылдарындағы стратегиялық бастама
Антантаға көштi.
Таяу Шығыста ағылшын-француз әскерлерi Түркияға қарсы шабулды өрiстеттi.
Германия Африка мен Тынық мұхиттағы барлық отарларынан айырылды. Оларды
Ұлыбритания, Франция және Жапония басып алды. Германияның Ұлыбританияға
беттеген кез-келген кемелерге шексiз су асты соғысын жариялау туралы
торыққанна шыққан шешiмiн осы сәтсiздектермен ғана түсiндiруге болады. 1917
жылы герман сүңгуiр қайықтары 2700-ден астам кеменi суға батырды. Бiрақ
шексiз су асты соғысының басталуы Герменияға тағы да бiр жау шығуына алып
келдi – 1917 жылдың сәуiрiнде АҚШ Германияға соғыс жариялады.
Соғысушы елдердiң iшкi жағдайлары. Барлық соғысушы елдерде соғыс бүкiл
материалдық және адам қорларын жұмылдыруды талап еттi. Үкiметтер халыққа
“Барлығы да жеңiс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz