Бастауыш пен баяндауыш сөйлемдегі предикаттық қатынастың негізі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш пен баяндауыш сөйлемдегі предикаттық қатынастың негізі.
Сондықтан сөйлемдегі тұрлаулы мүшелер мәселесі үнемі грамматиканы
зерттеуші ғалымдардың назарында болған. Түркі тілдеріне арналған
грамматикаларда сөйлемнің бас мүшелері – бастауыш пен баяндауыш туралы
мағлұматтар берілді. Қазақ тілінің грамматикасын зерттеген алғашқы лингвист
– ғалымдарымыз А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев,
Ғ.Бегалиевтердің еңбектерінде сөйлемнің бас мүшелері әртүрлі дәрежеде сөз
болады. Олар, негізінен, сөйлем мүшелеріне анықтама беріп, оның тілдегі
қолданысына мысал келтірумен шектелген болса, 50 жылдардан бастап бүгінгі
күнге дейін зерттеушілеріміз аталған мәселеге әр қырынан келеді.
Осы тұрғыдан келгенде, қазақ тілінің синтаксис саласын зерттеуші
М.Балақаевтың, Т.Қордабаевтың, О.Төлегеновтің, Р.Әміровтің, Қ.Есеновтың,
Ә.Аблақовтың, Т.Сайрамбаевтың, М.Серғалиевтің, Е.Ағмановтың т.б еңбектері
ұлттық лингвистикамыздаңы әр алуан аспектілерді талдаумен бірге көптеген
жалпы түркілік проблемаларды шешуге де мұрындық болары сөзсіз.
Алайда қазақ тіл білімінде тұрлаулы мүшелер проблемасы толық шешіліп
болды деген тумаса керек. Сөйлемнің бас мүшелеріне беріліп жүрген
анықтамалардан бастап, оның арнайы грамматикалық формаларының мәнін
ажыратуда бір ізді пікірдің болмауы соны дәлелдейді. Осы мәселеге қатысты
бастауышқа анықтама беруде ғалымдардың бір тобы оның сөйлемдегі ой иесі
болатындығына сүйене отырып, өзге мүшелерге тәуелсіз деп таниды. Дұрысында
бастауыштың грамматикалық мәні ой иесі болуымен бірге атау тұлғада тұруы,
сол арқылы жіктік жалғаулы баяндауышпен жақ жағынан қиыса байланысуынан
ашыла түседі.
Ал баяндауышқа алғашқы оқулықтарда берілген анықтамаларда оны тек
қимылмен байланысты ғана суреттесе, кейінгі анықтамаларды бастауыштың
етістікпен қатар есім сөздерден де жасалатыны ескеріледі. Бірақ баяндауышқа
анықтама семантикалық тұрғыда емес, таза грамматикалық тұрғыдан берілгені
дұрыс. Өйткені баяндауыш, алдымен, синтаксистік категория, сонымен бірге
тілімізде баяндауыш қызметінде жұмсалмайтын сөз жоқ. Ал әр сөз табына
енетін сөздердің білдіретін жалпы грамматикалық мағыналары да әр алуан.
Сондықтан анықтамада баяндауыш болатын сөздің мағыналық түрлерін түгел
қамту мүмкін емес. Ал баяндауыш қай сөз табынан жасалмасын, оларға ортақ
белгілі бір грамматикалық белгісі болады. Олар, алдымен, баяндауыштың
предикативтілікті білдіруі, екіншіден, сөйлемдегі ойды біршама тиянақтап
тұруы. Себебі предикативтілік ұғымы тек грамматикалық бастауыш пен
баяндауышты байланыстырумен ғана шектелдмейді, сондай-ақ логикалық
субъектпен предикаттық қатынасын да білдіреді. Ал баяндауыштың сөйлемдегі
ойды тиянақтау қызметін ешбір сөйлем мүшесі ауыстыра алмайды.
Тұрлаулы мүшелер категориясында нақтылауды қажет ететін проблеманың
бірі – бастауыш пен баяндауыштың грамматикалық тұлғалары. Сондықтан аталған
мәселені бөліп қарастыруды жөн көрдік.
Бастауыштың грамматикалық тұлғалары
а) атау тұлғалы бастауыш
Бастауыш – сөйлемдегі ойдың иесі бола отырып, баяндауыш арқылы барлық
қасиеті айқындалатын, арнаулы тұлғада тұрып, онымен тікелей байланысатын
тұрлаулы мүше.
Бастауыш басқа сөйлем мүшелерімен салыстырғанда ойдың иесі ретінді
қолданылумен ерекшеленеді. Бірақ бастауыш жеке қолданылып өмір сүре
алмайды, ол қалайда басқа сөйлем мүшелерімен оның ішінде баяндаушпен
синтаксистік байланыста айтылғанда ғана грамматикалық табиғаты айқындала
түседі. Ал бастауыштың ой иесі болу қасиетін логикалық және грамматикалық
аспектіде айқындаған жөн. Осыған сәйкес тіл білімінде бастауышты
грамматикалық және логикалық бастауыш деп екіге бөліп қарайды. Тіл мен
ойлаудың тығыз байланысынан туындаған бұл бірегейлердің (единицалардың)
өзіндік ерекшеліктері бар. Байымдаудың логикалық субъектісі мен сөйлемнің
грамматикалық бастауышының бір-бірімен кейде сәйкес келетіні бар. Мысалы:
Мен оқимын деген сөйлемдегі мен сөзі әрі қимылдың субъектісі, әрі атау
тұлғалы бастауыш болып бір-бірімен сәйкес келіп тұр. Бірақ пікір білдіруде
бұл сәйкестік үнемі сақтала бермейді. Қимылдың, ойдың субъектісі басқа
грамматикалық тұлғада тұрып, сөйлемде өзгеше синтаксистік қызмет атқаруы да
мүмкін.
Грамматикалық бастауыш – атау септігінде тұрып ойдың кім, не жайында
екенін білдіріп, баяндауышпен жақ және жекеше, көпше түрде қиыса
байланысатын тұрлаулы мүше. Бастауыштың грамматикалық тұлғасы – сөздің атау
тұлғасы. Басқаша айтқанда, бастауыш қызметінде жұмсалған сөз не сөз тіркесі
атау септігінде тұрады. Алайда оқулықтар мен зерттеу жұмыстарында
бастауыштық тұлға әр түрлі авторларда әрқалай көрсетіліп жүр.
Бастауыштық тұлға жөніндегі пікір алалығы өзге түркі тілі
зерттеушілерінің еңбектерінде де орын алған. Қырғыз тілінде А.Жаппаров
менің оқығым келіп тұрады. Саған қорқуға болмайды деген сөйлемдердегі
менің, саған сөздерінің логикалық жағынан бастауыштық мәні бар екенін,
бірақ ол сөздердің грамматикалық жағынан бастауыш бола алмайтыны көрсетеді.

Ал өзбек әдеби тілі синтаксисінің авторлары бастауыштың нөлдік,
көптік, тәуелдік тұлғада, кейде шығыс жалғаулы тұлғада (Магазинге ажойб
узумлардан келди) келуін өз тілі материалдары негізінде дәлелдейді. Шығыс
жалғаулыбастауышты Г.Д.Санжеев те көрсетеді.
Е.И.Убрятова якут тілінде негізінен бастауыш атау тұлғада болу
керектігін айта келіп, бірақ атау тұлғадағы сөздер тек бастауыш қана емес,
анықтауыш, баяндауыш, т.б. сөйлем мүшелері бола береді дей келіп, якут
тілінде бастауыш болатын сөздерді тек мағынасына қарап ажыратуды ұсынады.
Ал қазақ тіл білімінде М.Балақаев атау, түбір, тәуелдік жалғаулы
бастауыштарды көрсете келіп, формаланбаған ілік септігінің де бастауыштық
қызметін көрсетеді. Ал Т.Сайрамбаев көптік, тәуелдік, атау тұлғаларының
бастауыштық қызметіне тоқталады. Қ.Шәукенов бастауыш болуды атау септігі
шеше бермейтінін, сөйлемдегі мағына шешетіндігін, бастауыш болатын
сөздердің түрлі тұлғада (түбір тұлға, септік, тәуелдік жалғаулы)
келетіндігін айтады. Бұл фактілер бастауыштың тұлғасын анықтау мәселеінің
күрделілігін танытса керек.
Қазақ тілі грамматикасын зерттеушілердің бастауыштың грамматикалық
тұлғасын анықтауда кейбір тұлғалардың сыртқы формасының ғана ұқсастығына
қарап, олардың грамматикалық мәнін, соған сай синтаксистік қызметін
шатастыру фактілері орын алып жүр. Әсіресе, бұл түбір және атау тұлғалы
сөздердің грамматикалық мәнін ажырата білмеуден көрінеді. Аталған екі
тұлғаның ара жігін ашуда С.Исаев: Рас, атау септігінің басқа септік
түрлері сияқты арнайы грамматикалық көрсеткіші (формалары) жоқ. Сондықтан
атау септік тұлғасы сырттай зат есімнің түбір тұлғасымен сәйкес, ұқсас
келеді. Бірақ бұл екеуі бір емес,-деп, атау септігінің өзіне тән арнайы
грамматикалық формасы болмағанымен, зат есімнің түбір тұлғасынан өзгеше
болып келетін арнайы грамматикалық мағынасы (субстантивтік-заттық мағына)
бар және сол арқылы формасыз атау септік тұлғасы басқа септік тұлғаларындай
семантикалық мән синтаксистік қызмет атқаратындығын айта келіп: сырттай
бір-біріне ұқсас болса да, зат есімнің түбір тұлғасы мен атау септік
тұлғасы бір емес, бөлек-бөлек грамматикалық тұлғалар, зат есімнің түбір
тұлғасы септік тұлғаларының түрленуіне негіз болатын, соның ішінде атау
септігіне де негіз болатын тұлға болса, атау септігі – септелудің
парадигмалық жүйесіндегі түрлену тұлғасы,-дейді.
Шындығында да, аталған екі тұлға – сырт формасы жағынан ұқсас
болғанымен, білдіретін грамматикалық мәні, өзге сөздермен байланысу тәсілі,
соған сай синтаксистік қызметі мүлде басқа формалар. Айталық, темір кереует
деген тіркестегі темір сөзі мен Темір – металл сөйлеміндегі темір сөзінің
грамматикалық тұлғасы, өзі бағынған сөзбен байланысу формасы, сөйлемдегі
синтаксистік қызметі өзгеше. Бірінші тіркестегі темір түбір тұлғада тұрып,
өзі бағынған сөзбен атрибутивтік қатынасқа түссе, сөйлемде берілген темір
сөзі атау тұлғада тұрып, сөйлем баяндауышымен жақ жағынан қиысып,
предикаттық қатынасқа түседі. Түбір тұлғаның грамматикалық мәні мен
қызметінің өзгеше болуына байланысты оны бастауыштық тұлға ретінде тануға
болмайды. Егер аталған тұлғаларды бастауыштық тұлға деп танитын болсақ,
онда бұл тұлғадағы сөздердің бәрі сөйлемде тек бастауыштық қызмет атқаруы
керек.
Ал тілдік фактілер тілімізде бұл тұлғалардың әр түрлі синтаксистік
қызметін дәлелдейді. Көптік жалғауы да бастауыштық тұлға болып танылмайды.
Көптік жалғаудың негізгі грамматикалық мағынасы – заттың көптігін білдіру.
Ол көптік мағынаны білдіргенде, септік жалғауларындай сөз байланыстырушылық
қызметті атұара алмайды. Оған төмендегі сөйлемдер арқылы көз жеткізуге
болады: Ол келді, олар келді. Бірінші сөйлемдегі ол сөзі өз баяндауышымен 3
жақта, жекеше түрде қиыса байланысып, предикаттық қатынасқа түссе, екінші
сөйлемдегі көптік жалғаулы бастауыш өз баяндауышымен қиыса байланысқан
кезде баяндауыш тұлғасы еш өзгеріссіз (алдыңғы сөйлемдегідей) қалады.
Тәуелдік жалғауы да бастауыштық тұлға болып саналмайды. Апам келді,
інісі ақылды тәрізді сөйлемдердегі бастауыштың грамматикалық тұлғасы,
дәлірек айтсақ, сөзді бастауыштық позицияға түсіруші форма – атау
септігінің нөлдік тұлғасы. Бастауыш болып тұрған сөздің құрамындағы
тәуелдік жалғау оны өзінің алдындағы ілік септікті сөзбен (менің апам, оның
інісі) матаса байланыстырып тұр, ал бастауышты баяндауышпен жақ жағынан
қиыса байланыстырып тұрған – атау септігі мен жіктік жалғаудың нқлдік
тұлғалары (апа-м-0 келді, іні-сі-0ақылды-0)
Атау және түбір тұлғалы сөздердің әрқайсысының өзіне тән
грамматикалық мәні мен синтаксистік қызметі болатынын, өкінішке орай,
көптеген оқулықтар мен грамматикаларда, зерттеу жұмыстарында ескерілмей
келеді. Қазақ тіл ғылымында бұл мәселені көтеріп жүрген С.Исаевтың
еңбектері тілші ғалымдардың осы мәселеге аса жауапкершілікпен қарауын талап
етеді.
Бастауыш қызметінде жұмсалған сөз не сөз тіркесі атау септігінде
келетіндігін М.Балақаев: Атау тұлғалы сөздер әр уақытта бастауыш қана бола
бермейді, сөйлемнің басқа да мүшелері болады. Дегенмен, атау септігін,
негізінде, бастауыштық тұлға деп қараймыз, - деп түсіндіреді.(7;85).
Міне, осы сияқты бастауыш атау тұлғада тұрады, - дей келе, атау
септік тұлғасы бастауыштың ғана тұлғалық көрінісі емес, сонымен қатар
...атау тұлғалы сөз мағынасына, орнына қарай анықтауыш, толықтауыш,
пысықтауыш және баяндауыш қызметін де атқара береді, - деген пікір
академиялық грамматикада да көрсетіледі (11;56).
Шынында да, атау септігі сырттай зат есімнің түбір тұлғасымен ұқсас
келетіндіктен, жоғарыда қазақ тілі грамматикаларында көрсетіліп, танылып
жүрген атау тұлғасындағы сөздің анықтауыш, баяндауыш болу қызметтері,
сондай-ақ кейбір септеулік шылаулар тіркескен сөздер атау септіктегі сөз
емес, одан бүтіндей бөлек зат есімнің түбір тұлғасы болатындығын С.Исаев
толық дәлелдеген.
Атау септіктің арнайы грамматикалық тұлғасы болмағанымен, бір
жағынан, оның түбір тұлғадан бөлек етіп танытатын, екінші жағынан, сол
арқылы басқа септік түрлерімен белгілі дәрежеде бірлікте тұрып, іштей
олардың саралануына негіз болатын субстанттық мағынасы, сөйлемнің
предикатымен жақ жағынан қиыса байланысып, грамматикалық субъект сияқта
атқаратын қызметі бар екенін ескермеуге болмайды. Атау септіктің бұл
ерекшелігі басқа сөз таптарының сөйлем ішінде атау тұлғада тұрып, бастауыш
қызметін атқарып, субстантивтенуінен айқын көрінеді. Сондықтан сөйлемдегі
атау тұлғалы бастауышты, демек грамматикалық бастауышты тек сұрақ қою
арқылы тауып алуға болады. Ал баяндаушсыз сөйлем болмайды, сөйлемде тек
бастауыш қана өз баяндауышымен қиыса байланыса алады.

Граммматикалық формалардың синтаксистік қызметі.
Таблица №1
Грамматикалық Білдіретін
тұлғалар Көрсеткіштері мағыналары мысалдар
Түбір тұлға - Жалпы Ақын- жүрек-0
грамматикалық тоқтамайды.
мағына
Тәуелдік жалғау -ымім,-ыңің, жақтық, Шәкірт-ім-0
-ыңызіңіз, меншіктілік көңіл-ім-нен
-сысі,-ыі шықты.
Көптік жалғау -ларлер, заттың іөптігін Гүл-дер-0
-дардер, білдіру жапырақ-тар-ы-мен
-тартер көрікті.
Атау септігі 0 субстанттық, иелікЖақын-
туыс-тар-ым-0
келді.

Логикалық бастауыштың тұлғасы
Тіл ойлаумен тығыз байланыста, өзара қарым-қатынаста болады дегенде,
әдетте, тілдік құбылыстар мен логикалық құбылыстардың, соның ішінде,
әсіресе, форма мен ұғымның, сөйлем мен байымдаудығ бір-бірімен байланысын,
өзара қатысы ескерілетінін теріске шығаруға болмайды.
Ал тіл білімінжегі логикалық бағыттың өкілдері осы байланысты асыра
бағалап, тілдегі құбылыстар мен тіл біліміндегі ұғымдарға логика ғылымы
тұрғысынан анықтама беріп келді. Мұндай анықтамалар бастауыш мүшеге де
байланысты берілгенін жоғарыда айттық.
Бастауш тек ойдың немесе қимылдың иесі тұрғысынан сипаттау логикалық
грамматикаға тән. Синтаксистік (грамматикалық) және логикалық бастауыштар
қолданылу орны, мазмұны, тұлғасы жағынан бір емес. Грамматикалық бастауыш
атау септігі тұлғасында тұрып, сөйлемдегі ойдың негізгі субъектісі болса,
логикалық бастауыш ілік не басқа септік тұлғасында тұрады, оның субъектілік
қызметі синтаксистік бастауышпен салыстырғанда бәсеңдеу.
Сондай-ақ, грамматикалық бастауыш өз баяндауышымен жақ жағынан,
жекеше, көпше түрде қиыса байланысса (мен ай-та-мын 1жақ, жекеше; Сендер
келіңдер-2жақ, көпше), логикалық бастауыш өз баяндауышымен қиыса
байланыспайды.

1 маған
2 саған көп оқу керек(3)
3 оған
Берілген есімдіктер грамматикалық жағынан сөйлем бастауышы бола
алмайды, тек логикалық жағынан, яғни ойлау тұрғысынан ғана бастауыш
қызметін атқарады. Тұлғасы жағынан логикалық бастауыштар әр түрлі.
А.Жақыпов қырғыз тілінде оған ілік, барыс, шығыс септікті сөздерді
жатқызса, С.Аманжолов барыс, ілік жалғаулы сөздерді, ал М.Балақаев,
негізінен, ілік жалғаулы сөздерді жатқызады. Атау тұлғасынсыз (басқа
формада тұрған, бірақ ой иесін білдіретін) бастауышты мұндай сөйлемдер
тілімізде жақсыз сөйлемдер аясында қарастырылады.
Негізгі субъект ілік, барыс септігі тұлғасында келетін сөйлемдердің
баяндауыш құрылымы жақты сөйлем баяндауышынан өзгешелігімен сипатталады.
Олардың баяндауыштары көбінесе күрделі болады да, мынандай құрамда
жұмсалады:
1.-қы,-кі,-ғы,-гі жұрнақты қалау райлы етістікке кел көмекші
етістіктерін тіркесуі арқылы жасалады:
Менің арзан сөзді айтқым келеді (Ә.Ә). Мұны сен ойлап таптың ба,
біздің соны білгіміз келеді (Л.Лагин).
2.Барыс жалғаулы тұйық етістіктен соң бол, жара, тура, кел деген
көмекші етістіктердің келуі арқылы жасалады:
Жақсы мамандардың бос отыруына болмайды. Балаларға әрдайым сақ болуға
тура келеді(А.Г).
3.Тұйыө етістіктен соң керек, жөн, мүмкін модаль сөздерінің тіркесіп
келуі арқылы жасалады:
Біздің ашық сөйлесуіміз керек (Б.Б). Жастарға көп нәрсені үйрену
керек.
4.Барыс жалғаулы тұйық етістіктен соң керек, рұқасат, мүмкін сөздері
және бол етістігінің көсемше тұлғасы келіп, оларға ма,-ме сұраулық
шылаулары тіркесіп айтылады:
Маған бастай беруге бола ма? Бізге кіруге рұқсат па? Мұндай
сөйлемдердегі субъект өз баяндауышымен қиыса байланыспайтын болғандықтан,
оның орнын сол тұлғадағы, бірақ басқа жаққа қатысты субъектілі сөзбен
ауыстырып айтуға болады.
5.Өз ішінде предикаттық қатынасқа құралған тұрақты тіркестер арқылы
жасалады:
Оның сойнына су кетіп жүр. Бәрінің аузына құм құйылды т.б.
Логикалық бастауыштардың ішінде ілік септікті бастауыштың өзіндік
ерекшеліктері бар. Ілік септігі, әсірісі, нөлдік тұлғада тұрғанда
грамматикалық бастауышқа өте ұқсас.

1. Басқа ешкім ат бергісі келмейді (С.М.).
1. Басқа ешкімнің ат бергісі келмейді
(С.М.)

2. Бұл жөнінде би аға, батыр аға, мен сіздерден айрықша сүйінші алуыма
болады,-деп Аралбай Қойайдар би мен Қангелді батырға інілік назбен жымия
қарады (Ж.Т).

3. – Сен баруың керек.

2. . Бұл жөнінде би аға, батыр аға, менің сіздерден айрықша сүйінші
алуыма болады,-деп Аралбай Қойайдар би мен Қангелді батырға інілік назбен
жымия қарады (Ж.Т).

3. – Сенің баруың керек

Мысалдардан көріп отырғанымыздай, формасыз ілік септігіндегі бастауыш
өзінің сыртқы тұлғасы мен грамматикалық мәні жағынан синтаксистік
бастауышқа өте ұқсас.
Әдетте ілік септігіндегі сөз есім сөзбен тіркесіп, заттың не сапаның
кімге тәндігін, меншіктілігін білдіріп, анықтауыш қызметін атқарса,
етістікпен тіркескенде ол жоғарыдағы грамматикалық мәннен өзгеше
грамматикалық мән береді.
Дәлірек айтсақ, ілік септігінің негізгі грамматикалық мәні – заттың
біреуге не бір нәрсеге тіндігін білдірмей, қимылдың субъектісі болып,
логикалық тұрғыдан да, кейде тіпті тұлғалық жағынан да грамматикалық
бастауышқа жақындайды. Мұндай сөйлемдердің баяндауыштары көбіне қалау райлы
етістікке көмекші етістіктің тіркесуі арқылы, тұйық немесе есімше формалары
етістікке тіркескен модаль сөздерден жасалып, негізгі етістік құрамындағы
тәуелдік жалғау формасы арқылы өз бастауышымен жақ жағынан сәйкес келеді.
Бұл - оның өзге тұлғадағы логикалық бастауыштың ерекше сипаты.
Мысалдар:
1. Менікі еді деп іздеп иедар болып келген адамды біз қазірге дейін
көргеміз жоқ (Ж.Т.).
2. Қозыбек жеңіске жетудің басқа жолы бар екенін мойындағысы келмеді
(Ж.Т.).
3. Сен көргеніңді ған айтуың керек.
Сөйлем бастауыштары кім көргені жоқ? Мойындағысы келмегені кім? Кім айтуы
керек? секілді сұрақтарға жауап беріп, қимылдың нақты субъектісі болса,
екінші жағынан, сөйлемдердің бастауышы мен баяндауышы
бірінші сөйлемде жақ тұлғасында, екінші сөйлемде 3 жақ тұлғасында, үшінші
сөйлемде 2 жақ тұлғасында бір-бірімен сәйкесіп тұр. Мұндай құрылымды
сөйлемдерде меншіктіліктің изафеттік қатынасы бұзылып, ілік септікті
анықтауыш (логикалық бастауыш) грамматикалық бастауышқа бейімделуі
нәтижесінде, әрі тәуелдік жалғаудың да жақтық мағына білдіруіне байланысты
бұрынғы матаса байланысқан тіркес қиыса байланысатын болады.
Ілік септігінің бірде ашық, бірде жасырын қолданылуын ғалымдар
белгілілік, белгісіздік ұғымымен байланыстыратыны белгілі жайт. Ал мұндай
құрылымды сөйлемдердің ерекшелігін М.Балақаев логикалық субъектінің
активтенуі қағидасымен байланыстырады 12;57. Логикалық субъектінің
активтенуі ойлаудың күрделенуі мен дамуының нәтижесінде туындайтыны
белгілі. Ал ілік септікті логикалық бастауыштың сөйлем баяндауышымен жақ
жағынан үйлесуі мәселесінде мына жайттар назар аударарлық:
Түркітанушы ғалымдар арасында Н.К.Дмитриев етістіктер құрамындағы –м,
- ң формаларын бар-ды-м, бар-ды-ң тәуелділікті білдіретін қосымша деп
таниды. 13;107-108. И.И.Мещанинов өткен шақ жаздым, жаздың пен шартты
рай формаларынан келген бұл формаларды жазсам, жазсаң зат есіммен қолым,
қолың салыстыра отырып, етістік құрамындағы аффикстерді тәуелдік жалғаудың
қалдық формасы деп есептейді 14;238.
Жоғарыдағы сөйлемдерде көрсетілген тілдік фактілер тәуелдік
жалғауымен жіктік жалғаудың арасында қандай да бір органикалық байланыс бар
екенін дәлелдей түссе керек.
Сонымен, логикалық бастауыш-граматикалық синтакситік бастауыштан
өзіндік ерекшеліктері бар ой иесі болуы жағынан ортақ сипаты болғанымен,
оның тілде көріну, яғни граматикалық тұлғалануы жағынан өзгешеленетін
бастауыштың түрі. Қазақ тілінде ол ілік және барыс септігі тұлғасында
көрінеді.

Баяндауыштың граматикалық тұлғасы
Сөйлемдегі сөздерді синтаксистік қызметі жағынан таптастырғанда,
оның морфологиялық құрылымы, өзге сөздермен тіркесімділігі, сөйлем ішіндегі
орны ескеріледі. Бұл жөнінде И.Мешанинов: ... Синтаксические группы имеют
свои основания к их выделеню. Они сами отделяются от другого состава
предложения тем внутренним их объеденением, которые проводится
сответствющими синтаксическими приемами. Эти группы образуют собою
внутренныее членение предложения имеют свой особенности, - деп көрсетеді
14;145.
Расында да, етістіктің жіктелуі, есім сөздердің белгілі бір септік
жалғауында тұруы осы формада тұрған сөздің контекстегі айтылған бүкіл
ойдағы синтаксистік маңыздылығын нақтылай түседі. Әсіресе, сөйлемдегі ойды
тиянақтап тұратын баяндауыштың граматикалық сипаты оның өзіндік
морфологиялық құрамымен айқындалады.
Қазақ тіл білімінде баяндауыштық тұлға туралы аз сөз болып жүрген
жоқ. Н.Сауранбаев баяндауыштық тұлға ретінде жалғаусыз жіктік жалғауын,
тәуелдік, көптік, атау, жатыс септіктеріні жалғауларын, -нікі, -дікі
қосымшаларын көрсетсе,, С.Аманжолов атау тұлғасын және жіктік жалғауын
көрсетеді. М.Балақаев сөздердің түбір күйінде, граматикалық тұлғаларда
(жіктік жалғауы, -дүр, -нікі, -тікі, -дікі қосымшалары) баяндауыш болатын,
О.Күлкенова түбір күйіндегі, жіктік, септік, тәуелдік жалғау тұлғаларындағы
сөздердің баяндауыштық қызметін көрсетеді 15. Т. Сайранбаев сөздердің
түбір күйінде, жіктік жалғау, -нікі, -дікі, -тікі, көсемше, есімші, шартты
рай тұлғалары мен септік және тәуелдік жалғауларының сөйлемдері
баяндауыштық тұлға болып табылатыны ашып көрсетеді 8;100-103. Аталған
тұлғалардың сөйлем баяндауышы құрамынан табылатыны ешқандай дау туғыщбаса
керек, алайда объектіге алынып отырған сөзге предикаттық, баяндауыштық
сипат беруде бұл тұлғалардың атқарар жүгі әр түрлі.
Алдымен, түбір тұлғада тұрған сөздің баяндуыш қызметін атқаруы туралы
қалыптасқан көз – қарасқа тоқталайық. М.Балақаев түбір сөздің баяндауыш
қызметінде жұмсалуы туралы: Сондай дара тұрып түбір күйінде көбірек
баяндауыш болатын сөздер – етістіктер... есім сөздер де түбір күйінде,
ешқандай баяндауыштық жалғау жалғанбай –ақ баяндауыш бола береді. Бірақ ол
үшін бастауыш пен баяндауыш қатар айтылуы керек сонда олардың сол қызметке
жұмсалуына себеб болатын жағдай олардың сөйлемде белгілі орында түруы
болады. Мысалы: Жамал отызда. Сапар-доктр. Ол тәртіпті. т.б., деп
көрсетеді 7;92-93. Бұл пікірді О.Күлкенова да қолдайды 15;122-123.
Түбірдің беретін мағанасы – лексикалық мағананың жалпылануы негізінде
уындайтын жалпы граматикалық мағана дейтін болсақ, жоғарыдағы сөйлемдегі 3-
жақтық мағананы берім тұрған не деген сұрақ туады. Сөйлемдердегі жақтық,
жекешелік мәнді беріп тұрған 3-жақтық жіктік жалғауының нолдік түлғасы
екенін дау туғызбайды. Бұл жерде түбір тұлға мен нолдік тұлғаның (формасыз
граматикалыө мағананың берілуі) арасындағы елеулі айырмашылықты
ескергеніміз дұрыс. Себебі түбір тұлға С. Исаевтің көрсеткеніндей, сөйлеу
кезінде туатын форма емес, оның ерекше қызметі, синтаксистік ақрым –
қатынасы бола бермейді 10;35
Граматикалар мен жеке зерттеулерде осы тұлғадағы сөзді атау
септігінде тұрған сөз деп те көрсетіп жүр. Ал атау септігінің өзі жалғанып
тұрған сөзге (арнайы формасы болмаса да) иелік, субстанттық мән беріп,
сөйлемнің бастауыш болатыны белгілі, оның сөйлемдегі жақтық мағанаға қатысы
жоқ. Олай болса жіктік жалғаудың формасыз үшінші жақ формасы мен атау
септік тұлғасы сөйлемде граматикалық омонимдер болады, өйткені олар
білдіретін граматикалық мағанасы мен қызметі жағынан бір – бірінен мүлде
өзгеше кқрсеткіштер.
Тәуелдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Етістікті болымсыз сөйлемдер
Сөйлемнің семантикалық құрылымы
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың қолданыстағы көріністері мен жасалу жолдары
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің ара қатынасы
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері және олардың грамматикалық тұлғасы
Құрмалас сөйлемдерді жіктеу мәселесі
Сөйлем мүшелері
Анықтауыш оның жасалу жолдары
Үйірлі құрамда келетін сөйлем мүшелерінің лингвистикалық-функционалдық табиғаты
Сөйлем мушелерінің зерттелуі
Пәндер