Бизнес түрлерін жіктеу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Бизнес түрлерін жіктеу

Бизнес саласында көп ретте мәселені кәсіпкерлер емес, шенеуніктер
шешеді. Сондықтан бұл шешімдер бизнес мүддесіне сай келе бермейді.
Президентіміздің шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жариялауы да
осыдан туындап отыр.
Жалпы, ерекше атап көрсететін бір мәселе, жемқорлықты тудыратын
мемлекет емес, сол мемлекеттің саясатын қалыптастыратын бюрократия.
Мемлекеттік органдар бизнеске араласқан сайын шенеуніктердің ықпалы артады,
құқы өседі. Бірқатар елдерде жемқорлықпен күресті науқаншылдыққа айналдырып
жіберу көріністері етек алған. Осы науқаншылдық жағдайында бұқараның ойын
басқа мәселеге бұрып жіберу үшін түрліше тәсілдер де ойластырылған. Әлдебір
қауіп түрлерін, қауырт мәселелерді ойлап тауып, жемқорлықпен күресті екінші
сатыға ысыра салу мүмкіндігі қарастырылады. Алдағы уақытта осыдан сақ
болуымыз керек. Бұл бюрократияның үнемі құрал қылып ұстайтын тәсілі, үлкен
амалы. Бәсекелестік – жемқорлықпен күрестің негізгі тетігі.
Жемқорлықпен күрестің тағы бір тиімді факторы – ол адамдық фактор
немесе қоғамдағы азаматтардың белсенділігі. Мынандай бір жемқорлық пен
азаматтық белсенділік туралы социологиялық зерттеулердің қорытындысына
талдау жасап көрейік. “Пара берудің себебі не?”деген сұраққа азаматтар
былай деп жауап беріпті: 1.Шенеунік дәметіп тұрады. 2.Өзіміз үшін сұрамай-
ақ береміз. 3.Ол да менің беретінімді, мен де оның алатынын айтпай-ақ біліп
тұрамыз.4.Пара беруден басқа мәселені шешудің жолы жоқ. “Егер сіз бір
азамат өз бастығының пара алғанын прокуратураға хабарласа, сіз ол адамға
қалай қарайсыз?” деген сұраққа азаматтардың 42 пайызы бұл таза адам, 6
пайызы нағыз батыр, 15 пайызы бұл ерсілік қылық, 9,9 пайызы бұл біреуді
көре алмай жүрген адам, 4,7 пайызы басшыны көрсету нағыз сатқындық деп
жауап берген екен. Міне, қоғамдағы психологиялық айырмашылық пен пікір
алшақтығының қандай екендігін осыдан анық көруге болады. “Пара беруге
намысым жібермейді”, “пара бермей-ақ өз дегенімді жасаймын” деген де
жауаптар болған. Бірақ мұндай пікірлер тым аз. Мұның астарында бізде әлі де
болса азаматтық белсенділіктің жоғары дәрежеде емес екендігін көруге
болады.
Жемқорлықпен күресте тиімді нәтижеге жеткізетін тағы бір шара
жергілікті өзін-өзі басқару заңын тезірек қабылдап, әрбір азаматтың өз
ауылының, өз ауданының патриоты болуын қамтамасыз ету керек. Олардың өз
тұрғылықты жерлеріндегі мәселеге тікелей араласуына жағдай жасау қажет. Өз
ауылының мүддесін шешуге тікелей араласпайынша, ол адам сол мемлекеттің де
нағыз азаматы болмайды. Кәсіпорындар қай меншікте екендігіне қарамастан,
ашық та адал жұмыс жасап, жергілікті бюджетке тиісті салық төлеуі тиіс.
Халықтың оларға деген сенімін қалыптастыру қажет. Сонда ғана халықтың
белсенділігі артады. Сонымен бірге облыстарда, қалаларда, аудандарда
беделді әрі тәуелсіз адамдардан еркін қоғамдық палата құру қажет. Оларға
бюджетті қадағалауда және басқа да өзекті мәселелерде жан-жақты еркіндік
берілсе, нұр үстіне нұр болмақ.
Елбасы атап көрсеткендей, жемқорлықпен күрес үдерісінде сот әділдігі де
ерекше рөл атқарады. Бұл ретте судьялардың азаматтығына, кәсіби
іскерлігіне, тазалығына ерекше мән берілуі керек. Біздің еліміздегі
судьялардың беделі өз қолдарында. Олардың намысына кір келтірмеуі, жеке
табысы мен жеке меншік мүлігін ашық жариялауы олардың беделін арттыратын
басты көрсеткіш болып табылады. Әрине, соттың шешімі барлығына бірдей ұнай
бермейтіні белгілі. Дегенмен, ашықтық, демократиялық әділдік, кең
жариялылық болса, соттың да беделі жоғары болады деп ойлаймын.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетелдегі және Қазақстан Республикасындағы франчайзинг дамуын талдау
Аудиторлық қызметті басқарудың парадигмалары
Менеджмент теориясы
Аудит, аудиторлар және аудиторлық қызмет түрлері
Сапа менеджменті аудитін анықтау
Лизингтік мәміледе опционның болуы
Басқару құрылымына қойылатын талаптар
Міндетті аудит. Міндетті аудиттің мазмұны, субъектілері
Қазақстандағы лизингтік операциялар нарығының болашағы
Қазақстандағы лизингтік операциялардың ерекшеліктерін көрсету
Пәндер