Былқылдақ денелілер типі (Mollusca)



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Былқылдақ денелілер типі (Mollusca)

Былқылдақ денелілер түрлерінің көптігі жағынан тек буынаяқтылардан ғана
кейін, қалатын, күрделі құрылысты жануарлар. Былқылдақ денелілердің
көпшілігі судық, теңіздің жануарлары, ал аздаған түрлері ылғалды, ауа-райы
жылы болатын құрлықта тіршілік етуге бейімделген. Өздерінің тіршілігі мен
құрылыстары жағынан сан алуан түрлі болып келеді. Бірқатар моллюскаларды
адам тамақ үшін аулайды, устрица сияқтыларды қолда өсіреді, олардан меруерт
алу үшін пайдаланады. Кейбір былқылдақ денелілер - зиянды жануарлар, олар
ауыл шаруашылық дақылдарын зақымдайды, мысалы, кәдімгі шырыштар, кеме
кұрты теңіздегі ағашты бұзады, адам мен малдардың паразит кұрттарының
аралық иелері мысалы; тоспа ұлуы т. б.
Жалпы сипаттама:
Құрылысы. Денесі бунақсыз, жұмсақ келеді, ол үш бөлімнен тұрады: бас,
дене және бұлшықты аяқ. Денесі арқа жағынан және көбінесе бүйірлері тері
қатпармен-мантиямен қапталып жатады. Моллюскалардың көпшілігінде мантиясы
известь қабыршақтарын бөліп шығарып бақалшақтар түзейді. Моллюскалардың
тіршілігінде бақалшақтардың қызметі зор: тірек қызметін атқарады,
жануларының шабуылынан корғайды, ортаның әртүрлі әрекетінен сақтайды.
Былқылдақ денелілердің бақалшақтарынын пішіні тіршілік ету тәсіліне қарай
әртүрлі болады. Мысалы, мұхит пен теңіздердің түбінде тіршілік
ететіндерінің бақалшақтары (қабыршақ) қалық, ауыр болып келеді, ал тұщы
суларда тіршілік ететіндерінде бақалшақтары жұқа, жеңіл болады. Құрлықта,
ылғалды жерлерді мекендейтін моллюскаларда нашар дамыған, ал
кейбіреулерінде бақалшақтары жойылып кеткен (редуцируются). Әсіресе
теңіздерде тіршілік ететіндерінде суда жүзіп жүруіне бақалшақтарының жеңіл
болуы көп жеңілдік келтіреді. Бақалшақтар органикалық емес (көміртегі
немесе фосфорлы кальций) және органикалық қосылыстардан - конхиолиннен
(белоктық заттар) тұрады. Көпшілік моллюскалардың бақалшақтары үш қабаттан
тұрады: сыртқы, немесе конхиолиндық, ортаңғы, немесе призмалық ішкі, немесе
перламутралық (нағыз меруерттік, інжу қабат).
Қозғалу мүшелері. Моллюскалар баяу козғалады. Осыған байланысты
жауларынан қорғану үшін бақалшақтары жақсы дамыған. Олардың қозғалысы ұшы
ілгері созылған сына тәрізді етті өсінді аяқтары арқылы жүзеге асырылады.
Аяқта оның қозғалысын реттеп отыратын біріңғай салалы ет талшықтар жүйесі
болады. Аяқтары әр түрлеріңде әрқилы жетілуі ықтимал. Мысалы, қосжақтаулы
моллюскалардың өкілі мидиялардың аяқтары жука тіл тәрізді, теңіз
тарақшасында болмашы бұдыр, ал устрицада аяқ мүлдем жойылған. Өзіндік
ерекшелігі бар жылдам қозғалу басаяқты моллюскалардан көруге болады.
Аяқтары өзгеріп ерекше кұрылысты воронкаға айналған. Олардың козғалысың
көлденең салалы ет талшықтары реттеп отырады. Мысалы, кальмарлар (басаяқты
моллюскалардың өкілі) мантия қуысынан суды воронка арқылы шығарып
ракета әдісімен козғалады.
Қан айналу жүйесі. Моллюскаларда қан айналу жүйесі жақсы дамыған, тұйық
емес, ашық. Көпшілік моллюскаларда жүрек бір кұлақшадан және бір қарыншадан
тұрады. Ал қалған өкілдерінде жүрек кейде уш бөлімнен (екі құлақша және бір
қарынша) және төрт камерадан (екі құлакша және екі қарынша) тұруы ықтимал.
Карыншадан ілгері және кейін қарай қолқалар шығады, олардан артериялар мен
капиллярға тармақталады. Қан капиллярдан дене қуысында жатқан мүшелерге
құйылады. Мүшелердің арасындағы қуыстарды шая отырып, мүшелерді оттегімен,
қоректік заттармен қамтамасыз етіп, жолшыбай көмір қышкылын және
диссимиляция қалдық заттарын ала кетеді. Бұл қуыстардан қан, тамырларына
қайта жиналып, бірақ енді веналық система арқылы көмір кышқыл газына
қаныққан қан өкпеге жеткізіледі. Оттегінің көпшілігі қанда еріген күйінде
болады. Сайып келгенде моллюскалардың қан айналуы жүйесі жақсы дамыған,
жүрекке келген қан оттегіне қаныққан және ол барлық денеге тарайды.
Тыныс алу жүйесі. Моллюскаларда арнайы тыныс алу мүшелері бар. Суда
тіршілік ететін түрлерінде тыныс алу мүшесі желбезек. Желбезектің ішінде
жатқан қан тамырлар (капилляр) сифон арқылы кірген су ішіндегі еріген
оттегін сіңіріп, көмір қышқыл газын шығарады. Желбезектері әр түрлерінде
түрліше құралған. Мысалы, айкұлақта (тақта желбезектілер) желбезектер
аяғының екі жағында ішкі және сыртқы — жарты желбезектер түрінде
орналасады, бас-аяқтыларда (сегіз аяқтыда) мантия қуысында орналасқан екі
немесе төрт нағыз желбезектер түрінде болады, Құрлықта тіршілік ететін
моллюскаларда тыныс алу мушесі өкпе болады. Мантияның ауа қалтасын жасайтын
жерін өкпе деп атайды. Өкпенің ішінде (мантияның ішкі қабырғасында)
тармақталған қан тамырларының торы бар. Бұл қан тамырларының қабырғалары
өте жұқа және олар арқылы тыныс тесігінен мантия қуысына ауа кіреді. Сөйтіп
осы жерде оттегін алып көмір қышқыл газын шығарады (газ алмасады).
Зәр шығару жуйесі. Негізгі зәр шығару мүшесі бүйрек. Ол кұрылысы жағынан
жауын құртының зәр шығару мушесіне (метанефридияға) ұқсас. Моллюскалардың
көпшілігінде бір бүйрек, ал кейбіреулерінде екі бүйрек болады. Бүйректер
метанефридиялар сияқты, олардың бір ұшы үлпершекке (целомаға), екінші жағы
мантия қуысына жалғасады. Бүйректің қуысы, қан тамырларымен тығыз
байланысты, Буйрек эпителилері денеден шығарылып тастауға тиісті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Моллюскалар туралы түсінік
Стенобионттық және эврибионттық организмдер туралы
Органикалық дүниенің даму тарихы
Конструктивизм архит
Жануарлардың құрылысы мен тіршілк әрекеттері
Өсімдік ауруларының жіктелуі
Стенобионттық және эврибионттық организмдер. негізгі абиотикалық факторлардың-жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және т.с.с. экологиялық мәні. абиотикалық факторлардың сигналдық мәні. организмдердің индикаторлық мәні
Абиотикалық факторлардың ағзаларға әсері.
Биологияны оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы
Филогенетика казыргы кезеңі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz