Голощекин және Қазақстан
Голощекин және Қазақстан
Соңғы кезеңнің өзекті проблемаларының бірі – ұлттың сақталуы, халықтың
саулығы. Бұл мәселенің көтерілуі кездейсоқтық емес. Адамзат тарихында тұтас
бір халықтың жойылып кеткен кездері де аз болмаған. Оның басты себептерінің
бірі – зорлық-зомбылық. Ол ғылыми тілде геноцид деп аталады.Жиырмасыншы
жылдардың екінші жартысынан бастап қазақ аспанын бір қара бұлт торлай
бастады. Ол бірте-бірте түйіле келе отызыншы жылдардың басында ызғарлы
дауылға ұласты.
Даланы, қазақ сахарасын үрей биледі. Ұлы үрей! Содан да болар,
Алаштың азаматтары басының ауған жағына көшті, босты. Сіңіріне ілінген
сорлылардың көбі-ақ ажалдың ащы шеңгеліне ілікті. Демографтардың нақты
деректеріне сүйенсек, 20-30-жылдардың бұл ойраны анау ақтабан
шұбырындыңызды екі орап алардай тым алапат. Демек, қазақтардың тарихта
бұрын-соңды өз басына түсіп көрмеген ұлы қырғынға ұшырағаны ғой. Сонда
тұтас бір халықтың көз-жасын шығарып, ұлы сүргінге душар еткен кім? Ол ел
жадында аса бір сүйкімсіз Қужақ деген лақап атпен жатталып қалған, жұрт
аузында әлі сан ғасырлар бойы Қужақ аталып кете баратын кәдімгі Филипп
Исаевич Голощекин еді.
Голощекин кім еді?
Ф.И.Голощекин (Шая Ицкович) 1876 жылы 26 ақпанда (ескіше 10 наурызда)
Витебск губерниясындағы Невель деген шағын қаладағы ұсақ буржуаға жататын
отбасында дүниеге келді.
Голощекин 1903 жылы Ригада РСДРП қатарына кірді. Оның бұдан кейінгі Қазан
төңкерісіне дейінгі өмірі қуғын-сүргінмен өтеді. Небәрі алты жылдың ішінде
жеті рет түрмеге отырып шығады.1918 жылдың ақпанынан бастап Уральск әскери
комиссары болады. Сол жылдың шілде айында Екатеринбург ақ казактар мен ақ
чехтардың қоршауында қалады. Урал облыстық советінің құрамындағы солшыл
ехерлер, анархистер, әсіресе, қызыл революционерлер Романовтарды құртуды
талап етті. Олардың қатарында Голощекин де болды. Осы кезде Урал облыстық
советінің шешімі бойынша 17 шілдеде Ипатьев үйінде қамалған ІІ Николай
патша атылды.Голощекин – 1929 жылдың сәуір-маусым айларында Түркістан
әскери-революциялық советінің мүшесі, ал тамыздан бастап Челябі губерниялық
ревкомының төрағасы. 1920-22 жылдары Башқұртстанға, Костромада түрлі
шаруашылық қызметін атқарды. 1923 жылдың қыркүйегінен Қазанға келгенге
дейін Самара губерниялық атқару комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.
Алғашқы әрекеттер
Қазақстанға келе сала Голощекин бірден өзіне тән шапшаңдықпен іске
шұғыл кірісті. Ол ең алдымен 1917 жылы қазан мен 1925 жылғы қыркүйек
аралығында қазақ сахарасында Совет үкіметі болмады, коммунистік партия
ұйымы жоқ деген шешімге келді. Голощекиннің командалық-әкімшілдік жұмыс
әдісі етек алып өрістей бастаған кезде республикалық партия, совет активі
оған қарсылық та көрсете бастады. Міне, осы тұста әккі әкімшіл, өктем
Ф.Голощекин оппозиция қанатын бірден қырқу үшін жаңа саяси бағытты дәлелдеп
Сталинге хат жолдады. Көп ұзамай оның арандатушылық саясатына тоқтаусыз жол
ашқан: Тов. Голощекин. Я думаю, что политика, намеченная в настоящей
записке, является в основном единственно правильной политикой. И.Сталин, –
деген жауап та келіп жетті. Міне, осы тұста Голощекиннің әкімшілік-әкімгер
басшылық әдісіне қарсы шыққандарға неше түрлі жала жабылды. Т.Рысқұлов,
Н.Төреқұлов, С.Сейфуллин, О.Жандосов, Н.Нұрмақов, С.Сәдуақасов, С.Қожанов,
С.Меңдешев, А.Әйтиев сияқты партия, Совет қызметкерлерінің, өнер
қайраткерлерінің атына ғайбат сөздер, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев,
Ж.Аймауытов және басқалардың соңына шам алып түсушілер көбейді.
Кіші Октябрь қырғыны
1928-1930 жылдары Қазақстанда, әсіресе, солтүстіктегі аудандарда егін
шықпай қалды, астық тапшылығы көбейді. Ал осы жылдардың қысы да қоғамдық
малды қынадай қырып салды. Астық жинау, ет дайындау жөніндегі жоспарлар өсе
түспесе, азайған жоқ. Мұның бәрі шаруаның тұрмысын күйзелте берді. Дегенмен
халыққа, әсіресе, қазақ халқына ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру,
көшпелі халықты бірден отырықшыландыру жөніндегі соқыр саясат тым ауыр
тиді. Ф.Голощекин, О.Исаев, І.Құрамысов, Т.Голюдов, Е.Ерназаров қазақ
сахарасында Кіші Октябрьді жүзеге асыру ниетімен 700-ге жуық байдың бар
малын тартып алды.Елдің дәулетті адамдарын тәркілеуге Т.Рысқұлов қарсы
шықты. Өйткені, – деді ол, – орта шаруа, қалың бұқара ертең өзіміз де
тәркіге түсеміз бе деп секем алады. Совет үкіметінен шошынады. Расында да,
солай болып шықты.Берсе қолынан, бермесе жолынан. Халық малы тартып
алынды. Халық көшіп келе жатқан жеріне күштеп қондырылды. Не суы, не нуы,
не баспанасы жоқ шөлде мал түгіл, адамдар қырыла бастады.
1930 жылы аштықтан 313 мыңнан астам адам өлді. 1931 жылы ондай өлім 755
мыңға жетті. 1932 жылы 769 мыңнан астам адам өлді немесе ата қонысын тастап
көшіп кетті. Аштық, індет және басқа жоқшылықтар салдарынан толық емес
деректер бойынша 1 миллион 750 мың қазақ немесе ауыл халқының 40 пайызы
тікелей шығынға ұшырады... Тек 1930 жылғы қаңтардан 1931 жылғы маусым
аралығында 280 мыңнан астам қожалықтан 1 млн 70 мыңдай адам көшіп кетті
(М.Қозыбаев, І.Қозыбаев, Қазақстан тарихы, Атамұра баспасы, А., 1993,112-
б).
Жолдас Голощекин аталатын киіз үйлі қалашықтар қаңырап бос қалды.
Қалада да, далада да алба-жұлба, аш-жалаңаш босқындар көбейіп кетті. Баяғы
қоғамдастырылған 40 миллион мал жем-шөбі, су-суаны, күнделікті күтімі
болмағандықтан, жаппай ақ сүйекке ұшырап, 1932 жылдың аяғында оның төрт
миллиондайы ғана қалды. Өзегі талған халық, сірә, асыра сілтеу болмасын,
аша тұяқ қалмасын деген голощекиншілдік ұранды нақ осы тұста мәтелге
айналдырса керек.
Халықтың жан дауысы
Қазақ халқының басына тарихтан этнос ретінде жойылып кету қатері
төнгенде, оның азамат ұлдары бас көтере бастады. Голощекиннің жүгенсіздігі
жөнінде Тұрар Рысқұлов халықтар көсемінің атына екі рет хат жолдады. Сол
тарихи кезеңдегі хал-ахуал мына хаттан айқындала түседі.
Қазақстанмен көршілес өлкелерге көшіп барғандардың жерлерінен шамамен
алынған соңғы деректер бойынша қазір: Орта Волгада – 40 мың,
Қарақалпақстанда – 20 мың, Батыс Сібірде – 50 мың, Қырғызстанда – 10 мың,
Орта Азияда 30 мың қазақ бар. Көшіп кетушілер тіпті Калмыкия, Тәжікстан,
Солтүстік өлке және басқа да алыс жерлерге барған. Байлар бастаған
халықтың бір бөлігі Батыс Қытайға көшіп кеткен... Бұл әдетте жаздыгүні жақын
жерлерге және мал бар кезде болатын жай көшу емес, едәуір дәрежеде аш
адамдардың тамақ іздеп босуы еді.
Елдегі ашаршылық пен халықтың күйзелісін нақты деректер келтіре отырып, ВКП
(б) Орталық комитетіне хат жолдаған Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин,
М.Дәулетқалиев, К.Қуанышев, Е.Алтынбеков сияқты азаматтар ұзақ жылдар бойы
қуғындалды. Осы хаттың бес авторының бірі, 1937 жылы халық жауы деп
қамауға алынып, сотталған, кейін ату жазасына кесілген Мансур Ғатауллин
сотқа тұтылғандар орындығында отырғанда өз жолдастарын көрсетіп былай деді:
...Мыналар – халық жаулары емес. Жау – менмін. Сондықтан да мені соттаңдар.
Бірақ мен де – халық жауы емеспін, халық жауларының жауымын. Ал ондай жау
болуым 1932 жылы командировкамен Кентке (Қарқаралы маңындағы елді мекен)
келгенімде басталды.
Машинадан түстім, айналада тірі пенде көрінбейді. Ештеңе жоқ, ұзыннан
салынған қора ғана тұр. Есігін ашсам, ішінде өліктер жатыр. Үлкен қораның
іші қатар-қатар жиналған мәйіттерге толы. Кейбір адамдардың көздері ашық
жатыр, бірақ әне-міне өлетіні көрініп тұр. Айғай-шуды естіп, сыртқа шықтым.
Шаштары жалбырап, көздері қанталаған, қолдарында пышақтары бар әйелдер
жүргізушіге тарпа бас салып, оны бауыздамаққа әрекеттенуде. Әуеге оқ аттым,
олар тұра қашты. Жан-жағыма көз салсам, бір ошақта үлкен қазан қайнап отта
тұр. Бірдеңе пісіп жатыр. Қақпағын ашсам – қайнап жатқан судың ішінен жас
баланың бірде аяғы, бірде қолы, бірде өкшесі көрінеді.
Міне, сол кезден бастап мен халық жауларының жауы болдым (Жалын журналы,
1993, №7,47-б.).
Соған қарамастан Мәскеу мен Алматыға қарай аштық туралы жеделхаттар
ағыла бастады. Қазақстанның түкпір-түкпірінен Тезірек қол ұшын беріңіздер!
Өзегіміз талып, аштықтан үзіліп барамыз деген сипаттағы хаттар мен
сәлемдемелер қардай борап жатты. Ашаршылыққа ұшырап, босқындық күй кешкен
халықтың осынау жан дауысына Голощекин құлақ аспады. Қайта елінен, жерінен
ауғандарды колхозға барасың, не өмірмен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz