Дене шынықтыру мен спорт мамандарын дайындауда



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Дене шынықтыру мен спорт мамандарын дайындауда

Қазақ халқы арасында спорттың дамуына әр ұлт өкiлдерiмен арадағы
қарым-қатынастың нығаюы көп әсер еттi. Мұндай жағдай, әсiресе, Қазан
төңкерiсiнен кейiн берiк қалыптасты. Алғашқы кезеңде спорт пен дене
тәрбиесi еңбекшiлердiң денсаулығын нығайту, жалпы гигиеналық мәселелер,
әскери шынықтыру даярлығын жақсарту мақсатында жүргiзiлдi. 1918 жылдың 1-
жартысында жұмысшылар клубтарында гимнастикамен айналысатын үйiрмелер
ұйымдастырыла бастады. Халық ағарту органдары мен комсомол ұйымдары қыруар
жұмыстар атқарып, жастар күшiмен спорт алаңдарын, әскери даярлық iсiне
жаттығу өткiзетiн орындар жасады. 1920 ж. 1 қазанда Қазақстанның сол
кездегi астанасы Орынбор қ-нда дене тәрбиесi нұсқаушылары және
ұйымдастырушыла-рымен әскерге баратын жастарды спортқа баулуға арналған
курстар ұйымдастырылды. Оған жүзден астам кiсi қатысты. Оның тең жартысынан
көбi қазақ жастары болатын. Мұнан соң Ақтөбе, Гурьев (қазiргi Атырау),
Орал, Верный (қазiргi Алматы), Орынбор, Петропавл, Қызылорда, Семей қ-
ларында iрi спорттық орталықтар құрылды. Сол жылдары Семей, Қостанай,
Жетiсу губернияларында спартакиадалар өте бастады. Әйелдер арасында дене
тәрбиесiн дамыту мақсатында 1925 ж. Семей қ-нда арнаулы спартакиада өттi.
Дәл осындай әйелдер арасында спартакиадалар Орал, Петропавл, Алматы қ-
ларында да ұйымдастырылды. 1928 ж. Петропавл қ-нда Бүкiлқазақстандық 1-
спартакиада өз жалауын көтердi. Оған қатысушылар футбол, жеңiл атлетика,
қалашық (городки), қазақша күрес, баскетбол және нысана көздеуден сынға
түстi. Қазақстанда дене тәрбиесi мен спортты дамытуда 1931 ж. енгiзiлген
“КСРО-ны қорғауға, еңбек етуге дайын бол” (ГТО) деп аталған бәсекелердiң
маңызы зор болды. Бұл жастардың спортқа тұрақты түрде қатысуына мүмкiндiк
бердi. Дене тәрбиесiнен ұлттық кадрлар даярлауға көңiл бөлiне бастады.
Алматыда дене тәрбиесi техникумы ашылды. 1934 ж. респ. ведомствоаралық
1-спартакиада, Орта Азия мен Қазақстан спортшылары арасындағы 1-спартакиада
және мектеп оқушылары арасында бүкiлқазақстандық 1-спартакиада өттi.
Қазақстан К(б)П-нiң 1937 ж. өткен 1 съезi дене тәрбиесi мен спорт және
бұқаралық қорғаныс жұмыстарын кеңейте түсудi атап көрсеттi. 2-дүниежүз.
соғыс қарсаңында Қазақстан спортшыларының саны 150 мыңға жеттi, оның iшiнде
30 мыңнан астамы қазақ жастары болатын. Соғыс жылдарында әскери-спорт
кадрларын даярлауда көп жұмыс атқарылып, елiмiзде 1,5 миллионға жуық әскери-
спорт мамандары тәрбиелендi. 1945 — 56 ж. Қазақстанда дене тәрбиесi
ұйымдары нығайып, спорт кадрлары өсiп шықты. 1945 ж. Алматыда дене тәрбиесi
ин-ты (Қазақ физкультура ин-ты) ашылды. 1946 ж. Шоқыр Бөлтекұлы “Спартак”
қоғамы бойынша бокстан КСРО чемпионы атанып, қазақ жастары арасында бiрiншi
болып спорт шеберi деген дәрежеге жеттi. 1950 ж. Қазақстан спорт ұйымдары
құрылды. 1959 ж. бұл ұйымдар спорт федерациясы болып өзгертiлдi. 1951 ж.
“Колхозшы” спорт қоғамы құрылды. 1956 жылдан бастап “Қайрат” деп аталды.
1956 ж. Мәскеуде КСРО халықтарының 1-спартакиадасы өттi. Қазақстан
спортшылары 1956 жылдан олимпиялық ойындарға да қатыса бастады. Тау
шаңғышысы А.Артеменко 1956 ж. Италияның Кортина Д’Ампеццо қаласында өткен 7-
қысқы олимпия ойындарында, ал Е.Кадяйкин Мельбурнда (Австралия) өткен жазғы
16-олимпиялық ойындарда 3000 м-ге тосқауылдар арқылы жүгiруден сынға түстi.
Қазақ жастары арасынан шыққан жеңiл атлет Ғ.Қосанов 1960 10 м-лiк
эстафеташылар жарысында күмiсґж. Римде өткен 17-олимпиялық ойындарда 4
жүлденi иемдендi.
Елiмiзде қысқы спорттың дамуына 1951 ж. ашылған әйгiлi Медеу мұз
айдыны (қ. Медеу спорт кешенi) үлкен ықпал еттi. Мұнда көптеген дүниежүз.
және құрлықтық рекордтар жаңарды. 1960 жылдардың басында Қазақстанда спорт
клубтары (АДК “Шахтер”, “Болат”, “Динамо”, т.б.) құрыла бастады.
Қазақстан спортшылары Кеңес Одағы тұсында айтарлықтай спорттық
дәрежеге қол жеткiздi. Көгалдағы хоккейшiлер, допты хоккейшiлер,
“Буревестник”, АДК волейболшылары, “Динамо” су добы командасы КСРО, Еуропа
және дүние жүзi чемпиондары атанды. Аталмыш командалар құрамында
М.Жексенбеков, С.Шаймерденов, С.Қалымбаев, Е.Құмарғалиев, С.Сексенбаев,
Ю.Варзин, В.Бочков, В.Агуреев, О.Жарылғапов, М.Мәденов, З.Жәркешов,
Ж.Сауранбаев, В.Кравченко, Е.Чебукина, О.Кривошеева, Н.Меңдiғалиев,
Е.Аяпбергенов, А.Оразалинов, С.Котенко сынды спортшылар өнер көрсеттi.
Спорт базалары. 2001 жылдың қаңтар айындағы дерек бойынша Қазақстанда
291 балалар және жасөспiрiмдер спорт мектебi болды. Оның iшiнде олимпиялық
резервтi дайындайтын 55 арнайы мектептерде 142 мың жас спортшыларды 4420
бапкер жаттықтырады. Бұлардан басқа дарынды спортшыларды дайындайтын 9
мектеп-интернат (2340 жас спортшыларды 210 бапкер жаттықтырады), iрi
халықар. жарыстарда жоғары жетiстiктерге жеткiзу мақсатында құрылған
спорттық элита 6 мектебi (құрамында 1128 спортшы, 210 бапкер бар) жұмыс
iстейдi.
Қазақстан кәсiпорындары мен мекемелерiнде 11,3 мың дене шынықтыру
ұжымдары бар (2001). Онда 1,4 млн-ға жуық адамдар әр түрлi секцияларда дене
шынықтыру және спорттың әр түрлi салаларымен айналысады. Жылдан жылға спорт
базалары көбейiп келедi. 2002 жылғы мәлiмет бойынша республикада 26019
спорт құрылыстары тiркелген. Оның iшiнде 242 стадион, 20 спорт сарайы, 124
спорт кешенi, 13 оқу-жаттығу орт., 150 бассейн, 6123 спорт залы, 34 спорт
манежi, 143 шаңғы базасы, 8 ескекшiлер жүзетiн каналы, 1448 тир, 3
велотрек, 9 эллинг, 3 желкен клубы, 2 шаңғымен секiретiн тұғыр, 13 спорттық
мұз айдыны және 142 теннис корты бар.

Спорт тәрбиесінің түсінігінің анықтамасы

Спорт және дене тәрбиесi. Қазақ халқының дене тәрбиесiне, оны
шынықтыруға, ептiлiкке, денсаулықты, көңiл-күйдi көтеруге арналған осы
кездегi дене тәрбиесi мен спорт нышаны ерте заманда-ақ халық кәдесiне
жарағандығын кейбiр археол. деректер дәлелдейдi. 1970 ж. Оңт. Қазақстан обл-
нда б.з.б. 4 — 3 ғ-ларда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесі мен спорт мамандарын дайындауда жеке тұлғаны әлеуметтендірудің рөлі
Спорттық-сауықтыру лагерьлер мен студентердің дене тәрбиесінің әдісі мен ұйымдастырылуы
Болашақ дене шынықтыру оқытушыларының кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру
Бапкер-оқытушыны спорт колледжі жағдайында кәсіби-педагогикалық дайындау
Дене шынықтыру және спорт мамандары кәсіби қызметіндегі дене мәдениетінің рөлі
Дене тәрбиесінің қоғамдағы маңыздылығы
Дене тәрбиесінің афиндық жүйесінің келіп шығуы мен дамуы
Дене тәрбиесінің әлеуметтік - педагогикалық әсерлері
Туристік сала мамандарын даярлау тарихы
Арнаулы оқу орындары студенттерінің дене тәрбиесі
Пәндер