Дін мәдениетті қалыптастырушы басты күш
ДІН ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ
Дін және мәдениеттің арақатынасы жөнінде қыруар пікірлер айтылуда.
Соңғы кездері діни экспансия алаңына айналған елімізде дініміз өзгерсе
өзгерсін, мәдениетіміз өзгермесін (Дулат Исабеков, ҚӘ, №14, 18.04.2003 ж.)
дейтіндей, ора шолақ пікірлер де айтылуда. Осы мәселеге байланысты ғылыми
қорытынды жасау үшін алдымен қоғам өмірінің ең маңызды ұстыны саналатын дін
мен мәдениеттің арақатынасын анықтайық.
Бүгінгі мәдениеттану, антропология және социология саласының
теоретиктері дінді мәдениеттің ең маңызды құрамдас бөлігі деп санайды
(мысалға Э.Б. Тайлор, Леслие Уайт, Радклифф Броун, Рут Бенедикт, Франц
Боаз, Бронислав Малиновский, Уиллиам Хавиланд қатарлы ғалымдардың
еңбектерін айтуға болады – М.Б.). Дінсіз қоғам болмайтындықтан, дінсіз
мәдениет те болмайды. Дін әлеуметтік құбылыс һәм қоғамды қалыптастыратын
ұйытқы ретінде адамзат өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Кейбір
идеологиялар мен саяси ағымдар діннің осы рөлін пайдаланғысы келеді.
Бүгінгі күні дүниежүзінде орын алып жатқан саяси, әлеуметтік, мәдени һәм
экономикалық уақиғалардың негізінде діни факторлардың бар екенін айту
жаңсақтық болмас. Әсілі, дін осы салаларға бағыт-бағдар беретін күштің
бірі, тіпті ең бастысы. Қоғам құрылымының анатомиясында діннің алатын орны
ерекше. Қоғамдарды басқа қоғамдардан ажырататын ең негізгі қасиеттің бірі
осы діннің өзі болып табылады.
Заманауи әлеуметтану ғылымдарынан социология, психология, антропология,
мәдениеттану, философия, филология, саясаттану, өнертану дінді зерттеумен
шұғылданады. Бұлар дінге әлеуметтік феномен, қоғамдық уақиға және қоғамға
пішін беретін құдірет ретінде қарайды. Халық арасында кең таралған хұрафи
сенімдер мен ырым-секемдердің өзі қаншалықты әсерлі екені баршаға белгілі.
Діннің мәдениетті қалыптастырушы басты күш екеніне дау жоқ. Әсіресе,
бүгінгі өтпелі кезеңде азаматтардың өзін-өзі танып-білуі, ортақ ұлттық
мұраны қалыптастыруы және ХХІ-ғасырдағы халқымыздың өсіп-өркендеуінің басты
құралы дініміз.
Маркс еңбектерінде идеология мәселесіне өзін жетектеген күштің дін
болғанын жазған. Мұндай жағдайды Людвиг Фейербахтың (Ludwig Feuerbach, 1804-
1872) еңбектерінен де табуға болады. Мысалы, Фейербахтың ой жүйесі сезім
арқылы білінетін нәрселердің ғана бар екендігіне негізделуші еді. Сол
себепті Құдайдың барлығын растайтын нақтылы дәлел болмайынша Оның барлығын
дәлелдеуге болмайды деген философ. Фейербах дін әкелген дәлелдерді ғылыми
айғақтарға жатқызбай, жай қараңғы сенім қатарына қосқан. Сөйтіп, ол Карл
Маркс пен Фридрих Энгелске (Friedrich Engels, 1820-1895) қатты ықпал
жасаған. Осы материалист-атеист Фейербах философиясының әсеріне шалдыққан
адамдар бізде де жеткілікті. Маркстің дінді халықтың апиынына теңеуі және
Гегельдің құқық философиясына сын атты мақаласы осы сарында жазылғаны
белгілі. Маркстің пікірінше дін адамды белгілі қағидалардың құлына
айналдырады, діннен ада болған адам осы алданыштан да азат болады. Мұнымен,
Маркс дін мен идеологияның арақатынасын мойындайды. Дегенмен Маркстің
йаһұди (еврей) және христиан қоғамда өскенін және оның пікірлеріндегі дін
туралы ойлардың осы екі дін төңірегінде шоғырланғанын айта кеткеніміз жөн.
Әлеуметтану ғылымдары ішінде ең көп дау-дамай туғызғандардың бірі
мәдениеттану. Мәдениет дегенде кейбіреулердің есіне тек Пабло Пикассо
(Pablo Picasso, 1881-1973), Вольфганг Моцарт (Wolfgang Mozart, 1756-1791),
Петр Чайковский (Petr Chaykovskiy, 1840-1893) түседі. Ал, шындығына
келгенде мәдениет ұғымы өте кең ауқымды қамтиды. Әр қоғамның қоғамдық
қасиеттерінің материалдық және рухани тамырлары бар. Мәдениет дегеніміз осы
дүнияуи және рухани қатынастардың ғасырлар бойы етене араласуы нәтижесінде
қалыптасатын нәрсе. Сондықтан, заман өзгеріп мәдениеттің кейбір тұстары
өзгеріске ұшырағанымен, қоғам өзінің мәдениеті мен оның өзегін сақтап
қалуға тырысады.
Ислам дінінің көшпелі һәм руларға бөлінген араб қоғамында пайда болғаны
белгілі. Дегенмен, ислам діні негізінен отырықшылықты, қалалық мәдениетті
уағыздайды. Қазақ халқының тарихына қарайтын болсақ, ірілі-ұсақты рулар мен
тайпалардың басын қосқан күш осы ислам діні болған. Ислам қауымдастығына
қосылмаған түркі тайпалары болса мүлдем басқа мәдениет тобына қосылып,
мүлдем басқа қоғамдарға айналған. Бұған мысал ретінде бұлғарларды,
мажарларды, чуваштарды, сібір халықтарын т.т. айтуға болады. Америкада
зорлықпен шоқындырылған қаралардың, Африкадағы отарланған халықтардың,
Оңтүстік Америкадағы қызылтерілілердің де тағдыры ұқсас. Демек, әр халықтың
мәдени ортасын анықтайтын басты фактор – дін. Мұсылман халқымыздың басты
қасиеттерінен меймандостық, ағайынмен тату болу, Ораза айт пен Құрбан айт
кезінде кешірімдесу, араағайыншылық, қайырымдылық ислам дінінің мұсылман
үмметіне уағыздаған қасиеттері.
Әлеуметтік тұрғыдан алғанда ислам діні:
1) Қоғамға бағыт-бағдар береді,
2) Қоғамды біріктіреді,
3) Идеологиялық және мәдени ұғымдарды күллі қоғамға телиді,
4) Жеке тұлғаның және қоғамның мүдделерін қорғайды,
5) Этникалық негізден гөрі адами, рухани құндылықтарға мән береді.
Діннің мәдениеттің құрамдас бөлігі екені туралы тәжірибелік (эмпирикалық)
дәлелдер:
1) Діннің жеке тұлға және қоғам өміріндегі нақты функциялары бар.
2) Дін әр адамға сол адам ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz