Ежелгі түркі ғұламаларының психологиялық тағылымдары
Ежелгі түркі ғұламаларының психологиялық
тағылымдары.
Қазақ халқының психологиялық ой-пікір мәдениетінің даму тарихы көне
ғасырлар қойнауынан басталады.
Халқымыздың жалпы даму тарихына сүйене отырып, біз психологиялық ой-
пікірлердің қалыптасуын басты үш кезеңге бөліп қарастырамыз.
Бірінші кезең-психологиялық ой-пікірлердің үлкен бастау, түп-төркіндері
,басы ҮІ –ҮІІІғасырлардан басталатын қазіргі түркі тектес халықтардың
бәріне ортақ қоғамдық сананың алғаш дүниеге келу кезеңдері.Бұлар халықтық
психология-Орхон Енисей жазба ескерткіштері,Қорқыт ата ,Әл-Фараби,
Ж.Баласағұни, т.б. ғұламалардың тағылымдары.Екінші кезең-Қазақ хандығы
дәуірінен басталып (ХІХ ғасырдың орта тұсы), Қазан төңкерісіне дейінгі
психологиялық ой-пікірлердің даму жағдаяты.Үшінші кезең-психологиялық
ғылымның Қазақстанда Кеңес өкіметі жылдарында даму тарихы.
ҮІ-ҮІІІғғ. Ежелгі түркі жазбалары.
Қорқыт ата.
ҮІ ғасырда Жетісу,Алтай,Орта Азияны мекен еткен ру-тайпалар бірігіп,
түркі қағанаты дейтін үлкен мемлекет құрды. Зерттеушілердің айтуынша
Түрік деген халықтың аты 542жылдан белгілі болса керек. Түрік
қағанатының қоғамдық-экономикалық, саяси-әлеуметтік өмірінде сол кездері
жауапкершілік дәстүр маңызды орын алады.Олардың алғашқы көсемдерінің бірі-
Бумын қаған айналасындағы көрші елдерді өзіне қаратады. Қағанаттың
орталығы Орхон өзенінің (Қазіргі Монғолияда) жағасында болды.Истеми
қағанның тұсында (ҮІ ғ.)елдің территориясы бұрынғыданда ұлғайып,әскери
қуаты арта түсті. Көп ұзамай, өзара қырғын соғыстары басталды да, қағанат
екіге (бірі Орталық Азиядағы Шығыс түрік, екіншісі Жетісу,Шығыс
Түркістан,Орта Азия Батыс түрік қағанаты) бөлінеді.Батыс түрік
қағанаты (астанасы Шу өзені алқабындағы Сүяб қаласы) аварларды батысқа
ығыстырып, Еділ Жайық бойын өзіне қаратты.Білге Қаған мен оның інісі
Күлтегін осы ұлан-ғайыр қағанаттың тәуелсіздігін Таң ( Қытай ) шабуылынан
үнемі қорғап келеді. Батыс түрік қағандығының құраған әр түрлі тайпалар
кейіннен қазақ халқының құрамына енгенін тарихтан белгілі. Осы кезеңнің
саяси қоғамдық, әдеби өмірін баяндайтын жазба ескерткіштер бізге жетіп
отыр. Солардың бірі- Күлтегін , Білге қаған , Тоныкөк дастандары.
Құлпытасқа жазылған осы ескерткіштер Орхон-Енисей жазбалары деп те
аталады.бұлардың авторы Иоллығ-Тегін дейтін шежіреші екендігі белгілі
болып отыр,бірақ қайда туып, қашан өлгендігі жөнінде еш мағлұмат жоқ.
Шамамен ҮІІІ ғасырдың орта шенінде өмір сүрген болу керек.Жазба
ескерткіштердің мазмұнына қарағанда оның өз заманында білімді адамдардың
бірі болғаны байқалады. Білге қағын інісі Күлтегін қайтыс болғаннан кейін
(731ж)оны өмірлік есте қалдыру үшін шетжұрттан шеберлер алдырып,Қожа-
Сайдам ойпатына үлкен ескерткіш орнатадыда , мұндағы өсиет сөздерді өз
ағайыны Иоллығ –Тегінге жаздырады. Кейіннен Білге қаған қайтыс болып,
інісінің қасына жерленеді. Осы ескерткіштің текстін жазған да Иоллығ
–Тегін . Күлтегін (Түркі қағанаты туралы сөз) ескерткішіне дейінде
халық жадында сақталған ежелгі бабаларымыздың ерлік істерін, тұрмыс салиын
жалпы жұртқа паш ететін шежірелер болуы ықтимал. Бірақ ол жөнінде әзірше
мәлімет жоқ.Автор түркілер тарихын олардың саяси аренаға шыққан кезі-ҮІ
ғасыр ортасынан бастайды, яғни түркі ордасын құрған дәуірден бері екі жүз
жылдық тарихты сөз етеді. Күлтегін ескерткіші желісі жағынан екі
бөлімнен (Кіші Күлтегін, Үлкен Күлтегін) тұрады. Бірінщісі-жазылук
мерзімінің кейін тұрғанына қарамай –түркі тарихының кіріспе бөлімі
іспеттесте, екіншісі мемлекет тарихының негізгі бөлімі ел өсиеті болып
есептеледі.
Күлтегін ежелгі түркілердің тамаша ерлік сипаттарын бойына жан-жақты
дарытқан жаужүрек батыр, ұлан-ғайыр кең даланы еркін билеген дала халқының
қайсар жауынгері.Ал Тоныкөк болса талай қанды жорықтардың куәгері, үлкен
өнер иесі, ойшыл, философ, халық дипломатиясының білгірі.Тас жазуларды
ерлік пен ездік, соғыс пен бейбітшілік , құлдық пен тәуелсіздік , тәлім-
тәрбие, тұрмыс салт мәселелері әсем айшық өрнектермен, жанды бейнелерге
толы сезім толғаныс тебіреністерімен баяндалады.
Мәселен, Бізге жеңіс әперген жер-суымыз-Отанымыз деп білу
керек...Қандай қағанат болмасын, оның халқының арасында пәтуасыз(жалқау,
оңбаған)табылса, оның сол халықтың қанша соры бар десеңізші.-Құлаұ қойып
тыңдаңыздар тереңнен ойлап толғаныңыздар...Су ағысы тартылса , жас
жапырақ қурайды, адамдардан күш кетсе – жат кісіге бағынады... Менің
ағам мені адам етті...Аштықта тоқтықты түсінбейсің... Жақын отырған
сыйдың құрметтісін алады, алыс отырған сыйдың немкеттісін алады , деп
келетін сөз тіркестерінің психологиялық мәні зор.Құлпы тастарда осы
іспеттес жас жеткіншектерді елін, халқын сүюге, жақсы, ұнамды әдет-
ғұрыптарға баулу, үлкенді сыйлау , зеректік пен ойшылдыққа , батылдық
пен тапқырлыққа үйретіп, тәрбиелеу жайындағы мәселелер сөз
болады.Бұлардың қазіргі жастарымыз үшін тәлімдік мәнін жоймайтыны хақ.
Тасқа жазылған дастандардың тәлім- тәрбиелік идеясымен астарлас
рухани мұраның бірі- Қорқыт ата тағылымдары.ҮІІІ –ІХ ғғ. Төңірегінде
Сырдарияның орта және төменгі бойын жайлаған Оғыз- Қыпшақ тайпаларының
мемлекеті болды.Оғыздар арасынан шыққан әйгілі күйші, музыкант, жыр
алыбы, аңыз кейіпкері ұзақ өмір сүріп, жазмышқа қарсы күресіп,
адамның мәңгі жасауын арман етіп өткен кемеңгер ғұлама Қорқыт
еді.Өлім қатері, одан құтылу туралы өзінің асыл ойлары мен
тебіреністерін қобыздың зарлы әуеніне қосқан. Қорқыт туралы аңыз –
жырлар, бізге жеткен Қорқыт ата кітабы - Орта Азия, Қазақстан мен
Әзербайжан халықтарының аса көрнекті жазба ескерткіші. Қорқыттың
музыкалық этнографиялық мұрасы бұрынғы Кеңес Одағын мекендейтін түркі
тілдес халықтардың барлығының ортақ рухани игілігі.Қорқыт ата
тағылымдарында тәлімдік мәні күшті түрлі афоризмдер, қанатты сөздер,
ұстаздық ұлағаттар көптеп кездеседі.Бұлардың тек тарихи –этнографиялық
тұрғыдан ғана емес, соны мен бірге осы аймақтағы халықтардың ілкі
ортағасырлардағы тәлім- тәрбиелік ой – пікірлерінің өзіндік ерекшелігін
бейнелейді.Қорқыт есімі көшпелі қазақ жұртының арасында ерте заманан-
ақ қастерленіп келеді. 1980 жылы Сырдарияның төменгі сағасында Жосалы (
Қызыл орда облысы, Қармақшы ауданының орталығы) станциясының солтүстік
– батысына таман Қорқыт мекенінен бір жарым шақырым жердегі оның
зиратының басына тамаша ғимарат ескерткіш орнатылуы оған деген
құметтің белгісі.
Қорқыт ата нақылдарында тәлім- тәрбиелік сипаттағы ақыл – кеңестер әр
қырынан сөз болғанын жоғарыда айттық.Мәселен имандылық, кісілік ,
қанағатшылдық, әрекетшілік жайында айтылған мынадай ақылдарға құлақ
түргеніміз абзал. Тәңіріне сыйынбаған адамның тілегі қабыл
болмайды...Жігіт тірісінде Қаратаудай қылып , бір күн тыныштық көрмей
дүние жияды, байиды.Бірақ соның ішінен ол өзіне тиісті үлесін ғана
жейді.Менмен , тәкаппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары
ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді...
Дана ойшылдар ата-ананы сыйлап, құрметтеу , үйішілік жарасымды карым
– қатынас , ұл мен қыз тәрбиесі , адамның әр түрлі мінез құлық
сипаттары жайында айтқан тағлымдары да бүгінгі ұрпаққа өнеге
боларлықтай Өзіңнен тумаса ұл өгей қаншама бағып, қаққанмен ол
саған ұл болмайды... Мыңғырған мал жиғанмен адам жомарт
атанбас.Анадан өнеге алмаған ұл жаман .Ондай бала ел басын құрап,
үйінен дәм беруге де жарамайды. Ананың көңілі балада болар ...Ұлың
өсіп жетілсе , отбасының мейірі , бас- көзі.
Қорқыт ата жеткіншек , жас өспірімдердің жаны мен қоса тәнінің
шынығуына, елі мен жерін жан – тәнімен сүйіп , оны қасықтай қаны
қалғанша жаудан қорғайтын жаужүрек батыр болғанын аңсайды. Осыған
орай ол былай дейді Жол қиындығын көрмеген , жабы мінген жігітке
Кавказ арғымағын мінгізуден келер пайда жоқ. Қолына өткір қылыш
алып, соны жұмсай білмеген қорқаққа қылыш сермеп, күшіңді сарп етпе.
Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп
түседі...Қолыңа ұстаған болат қылышың мұқалмасын. Жауға атқан садағың
өткір болсын. Кемеңгер дала ойшылы жас жеткіншектің көпшіл ,
қонақ жай, ата жолын қуған ақпейіл адам болғанын қалайды. (
Қонағы жоқ қараша үйден құлазыған түз артық...Ата даңқын шығарып ,
өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді.Өтірік сөз өрге баспайды.
Өтірікші болып жарық көріп , өмір сүрмеген артық. Сөзіне берік ,
шыншыл адамға бұл дүниеде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz