Еңбек қауіпсіздігінің құқық негіздері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Еңбек қауіпсіздігінің құқық негіздері
 
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың
негізгі бағыттары
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясат:
1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан
Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге және қабылдауға;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік,
салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге;
3) еңбек жағдайларын, оның қауіпсіздігі мен қорғалуын әзірлеу және
жақсарту, қауіпсіз техникалар мен технологияларды әзірлеу және енгізу,
еңбекті қорғау, қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өндіру
жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйелерін құруға және іске
асыруға;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторингті жүзеге
асыруға;
5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми
зерттеулер жүргізуге;
6) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық
ынтымақтастыққа бағытталған.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару,
бақылау және қадағалау. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы
мемлекеттік басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының
Үкіметі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және өзге де уәкілетті
мемлекеттік органдар өз құзыретіне сәйкес жүзеге асырады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар.
1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар Қазақстан
Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді және
қызметкерлердің еңбек қызметі процесі кезінде олардың өмірі мен денсаулығын
сақтауға бағытталған ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамтуға тиіс.
2. Жұмыс берушілер мен қызметкерлер Қазақстан Республикасының аумағында
өз қызметін жүзеге асыру кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
жөніндегі талаптарды орындауға міндетті.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мониторинг пен
тәуекелдерді бағалау. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган мен оның
аумақтық бөлімшелері жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын кешенді бағалау,
өндірістік жарақаттануды азайту және өндірістегі жазатайым оқиғалардың
алдын алу мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында
мониторинг пен тәуекелдерді бағалауды ұйымдастырады.
 Еңбек шартын жасасу кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
құқықтарына берілетін кепілдіктер.
1. Еңбек шартында зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторларды
қоса алғанда, еңбек жағдайларының дәйекті сипаттамасы, Қазақстан
Республикасының заңнамасында және ұжымдық шартта көзделген осындай
жағдайлардағы жұмыс үшін берілетін кепілдіктер, жеңілдіктер мен өтемақы
төлемдері көрсетілуге тиіс.
2. Ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек
жағдайлары бар жұмыстарда, сондай-ақ жерасты жұмыстарында істейтін
қызметкерлермен еңбек шартын жасасу азамат алдын ала медициналық тексеруден
өткеннен кейін және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік
органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес
денсаулық жағдайы бойынша қайшылықтар жоқ екендігі айқындалғаннан кейін
жүзеге асырылуға тиіс.
Еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау құқықтарына берілетін кепілдіктер.
1. Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігінің жағдайлары мемлекеттік
стандарттарға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелер
талаптарына сәйкес болуға тиіс.
2. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі
талаптарды бұзуы салдарынан жұмыс тоқтап тұрған уақытта қызметкердің жұмыс
орны (лауазымы) және орташа жалақысы сақталады.
3. Өзінің немесе айналасындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей
қауіп туындаған жағдайда, қызметкердің жұмысты орындаудан бас тартуы оны
тәртіптік және (немесе) материалдық жауапкершілікке тартуға әкеп соқпайды.
4. Жұмыс беруші қызметкерді жеке және (немесе) ұжымдық қорғану
құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етпеген жағдайда, қызметкер еңбек
міндеттерін орындауды тоқтатуға құқылы, ал жұмыс беруші осы себеп бойынша
туындаған іркіліс кезінде қызметкердің орташа жалақысы мөлшерінде еңбекақы
төлеуге міндетті.
5. Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына
зиян келтірілген жағдайда, келтірілген зиянды өтеу осы Кодексте және
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен және
шарттарда жүргізіледі.
Қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру.
1. Жұмыс беруші ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе)
қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлерді Қазақстан
Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімдік медициналық
тексеруден және тексерілуден өткізуді өз қаражаты есебінен ұйымдастыруға
міндетті.
2. Ерекше қауіпті жұмыстармен, машиналармен және тетіктермен байланысты
жұмыстарда істейтін қызметкерлер ауысым алдындағы медициналық куәландырудан
өтуге тиіс. Ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өту талап етілетін
кәсіптердің тізімін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік
орган айқындайды.
Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша
оқыту, нұсқама беру және білімдерін тексеру.
1. Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері
бойынша оқытуды, нұсқама беруді және білімдерін тексеруді жұмыс беруші өз
қаражаты есебінен жүргізеді.
2. Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері
бойынша оқыту, нұсқама беру және білімдерін тексерудің тәртібі мен мерзімін
еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган қызметтің тиісті салаларындағы
өзге де уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша айқындайды.
3. Жұмысқа қабылданған адамдар кейіннен олардың еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТАҚЫРЬІБЫ
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты нормативтік-құқықтық актілердің көмегімен жүзеге асыру
Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару
«Саясаттағы ұлттық қауіпсіздік, оның құрылымы»
ҚР Еңбек кодексі, Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі
Қ.Р.«Еңбек кодексі». Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі
Еңбек қорғау жөніндегі заңдар
ҚР-ның «Еңбек кодексі» жайлы
Қызметкердің мемлекеттік немесеқоғамдық міндеттерді орындау кезіндегі кепілдіктері
Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлері
Пәндер