Есірткі және құқық бұзушылық



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Есірткі және құқық бұзушылық

Есірткі жайлап барады
Қазақстанды есірткі жайлап барады. Жыл басынан бері елімізде есірткіге
байланысты 6 мың қылмыс тіркеліп, алты айдың ішінде алты тонна есірткі
тәркіленді. Құқық қорғау органдары тарапынан бұл жаман көрсеткіш емес,
мақтауға тұрарлық. Бірақ осы тонналаған у Қазақстанды неге айналып
өтпейді? деген сұраққа ешкім жауап бере алмайды.
Есірткі айналымымен бүкіл дүниежүзі күресуде. Күресті қаншама күшейткенмен,
жастар арасындағы есірткіге құмарлық жылдан-жылға өсіп, етек жайып барады.
БҰҰ-ның наркобизнеске және қылмысқа қарсы күрес басқармасының (UNODCCR)
мәліметі бойынша, бүгінгі күні әлемнің әр түпкіріндегі 15 пен 64 жас
аралығындағы 200 миллион адам есірткіге тәуелді болып, наркотиксіз өмір
сүре алмайтын халге жеткен. Бұл жер бетінде өмір сүріп жатқан халықтың 5
пайызын құрайды. Тәуелсіз сарапшылардың сөзіне сенетін болсақ, Қазақстанда
бұл көрсеткіш 1,5 миллион адамды құрайды, яғни республика тұрғындарының 10
пайызы есірткіге бой алдырғандар.
Қазақстандағы заңсыз айналымда жүрген есірткілер – апиын, героин,
кокаин, синтетикалық наркотиктер жоғары концентрацияланған, адам өміріне
өте қауіпті, есірткінің ауыр түрлеріне жатады. Соңғы бес-алты жылда
қазақстандық наркомандар есірткінің ауыр түріне көше бастады. Бұрын
каннабис, сатива (ел аузында анаша деп аталады) сияқты есірткінің жеңіл
түрін қолданса, енді көбінесе ақыл-есті өшіріп, басқа дүниеге жетелейтін
ханканы қолдануға әуес болыпты. Алматы наркологтарының байқауынша, біздегі
наркорыноктағы есірткі айналымының 80 пайызын героин құрайды. Бұл жартылай
синтетикалық наркотик таза апиынға қарағанда, адамды өзіне тез тартып алып,
тұңғиыққа батырып жібереді. Героинге тәуелді болған адамды емдеп, қалпына
келтіру іс жүзінде мүмкін емес.
Ресми деректер бойынша, 2000 жылы Қазақстанда 34 мың нашақор арнайы
тіркеуде болған, ал БҰҰ-ның наркобизнеске және қылмысқа қарсы күрес
басқармасының мәліметі бойынша, сол жылдары 250 мың есірткіге тәуелді адам
арамызда өмір сүріп жатқан. Қазір бұл көрсеткішті Бас прокуратураның
Құқықтық статистика және әлеуметтік есепке алу комитеті 54 мыңға жеткізіп
отыр. Соның ішіндегі 4 мыңы әйелдер, бес мыңға жуығы жасөспірімдер екен.
Наркологтардың айтуынша, есірткіге тәуелді нашақорлардың нақты санын шығару
үшін, ресми көрсеткіштерді кемінде 5-6 есеге көбейткен жөн, сонда
еліміздегі нашақорлардың нақты санына жақындауға болады. Біздің елде
нашақорлықтан жасырын (аноним) емделуге болады, сондай-ақ жекеменшік
емханалар жеткілікті, олар наркомандарды тіркеуге алуға міндетті емес.
Жастар алғаш есірткінің дәмін 17-26 жас аралығында татып көреді екен.
Солай бола тұра қазақстандық наркомандардың әрбір төртіншісі кәмелет жасына
жетпегендер. Негізінен, бұлар алғашқы кездерде есірткіні қызық көреді. Егер
бұлардың арасына тәжірибесі бар наркоман қосылса, аз уақыттың ішінде
есірткіге әуестенген жастардың саны екі-үш есеге өседі екен. Қазіргі
есірткіге тәуелді жастардың дені бақуатты отбасынан шыққандар. Өйткені
есірткі таратушылар бірінші кезекте тауарларын ақшасы барларға тыққыштайды.
Жасөспірімдер көбінесе жасы үлкен ағаларына еліктейді. Алдымен ағалары
оларға есірткіні аздап иіскетіп, шектіріп үйретеді. Тіпті мектеп
оқушыларына героинді чупа-чупске қосып берген жағдайлар да болған көрінеді.
2004 жылы қазақстандық ғалымдар мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайын
білу үшін арнайы жүргізген зерттеулерін жарыққа шығарды. Олар 10 жас пен 17
жас аралығындағы 7,5 мың мектеп оқушысынан сауалнама алған. Есірткіні
татып көрдің бе? деген сұраққа оқушылардың 27 пайызы иә деп жауап
берген, ал олардың 15 пайызы есірткіні тұрақты қолданатынын айтқан.
Алғашында осындай жолдармен бойын үйреткен жасөспірім өсе келе инеге
отырады. Оның мәнісі мынада: егер героинді иіскеп немесе шылымға қосып
шексе, кайф алу үшін 1 грамм героин керек болады, ал тамырына ине арқылы
жіберетін болса, оған 0,1 граммның өзі жеткілікті. Ал одан әрі бұл жастар
тірі әруаққа айналады.
Есірткіге, алдымен байлардың ермегі ретінде қарау керек сияқты. Өйткені
ақшасы жоқтар кез келген жерде оған қол жеткізе алмайды. Содан болар соңғы
он жылдың ішінде наркорыноктардағы синтетикалық наркотиктердің бағасы үш-
төрт есеге, ал героиннің бағасы бес есеге төмендеген. Демек, наркобарондар
елімізге есірткіні жеткізудің оңай жолдарын тапқан. Қалалы жерлерде
есірткіні сатып алу үшін жастар көбінесе түнгі клубтарды жағалайды.
Есірткі көп таратылатын жерлердің бірі – түнгі клубтар. Республика бойынша
түнгі клубтарды тексеру барысында есірткіге қатысты 22 факт орын алған.
Осыған байланысты жақында бес түнгі клубтың басшысына әкімшілік іс
қозғалды. ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік заң бұзушылық кодексіне
толықтырулар мен өзгертулер енгізуді ұсынып отыр. Алдымыздағы күзде осы заң
жобасы Парламентте бекітілмек. Содан кейін түнгі клубтардың қайсысынан
есірткі таратылды деген сыбыс шықса, бірден жабылатын болады.
Есірткіні арнайы делдалдар арқылы сатып алу да қазіргі кезде өте оңай
болды. Әрине, наркодилер есірткіні сізге көшеде жүріп сата салмайды. Ол
үшін наркодилердің апанын тауып, есірткі сатушы жақсы танитын адамнан
келгеніңді айтуың керек. Сонда ғана оның сеніміне кіресің. Есірткінің
қолдан қолға өтуі адам аз жүретін көшелерде жүзеге асырылуы мүмкін. Кейбір
кездерде есірткіні тапсырыс берген адамның көлігіне жанамалап тоқтаған
көліктен береді. Шабарманның рөлін көп жағдайларда әйелдер, тіпті жасы
келген әжелер атқарады.
Есірткімен қаншама күрескенмен, оның тамырына балта шабуға ешбір
мемлекеттің шамасы жетпей жатыр. Мәселен, Иран, Оңтүстік Корея, Сирия, Сауд
Арабиясы, Үндістан, Түркия мемлекеттерінде есірткі саудалаушылар заң
бойынша өте қатаң, өлім жазасына дейін кесіледі. Алайда бұл елдерде де
есірткі жасырын жолдармен таратылып жатыр. Қазақстанды наркобарондар
Ауғанстан героинін Ресейге, Еуропа елдеріне өткізетін транзиттік дәліз
ретінде пайдаланып отырғаны ешкімге құпия емес. Қазақстан территориясынан
өтетін героиннің кемінде 11 пайызы жол-жөнекей қолды болып, қалып қалады.
Ол қазақстандықтарды улауға арналған. БҰҰ-ның мәліметтері бойынша,
ауғандықтардың биылғы жинаған өнімі 5 мың тонна, ал бұған дейін дайындалып
қойған 500 мың тонна героин керуенді күтіп, шекараның түбінде тұрған
көрінеді.
Қазақстанның құқық қорғау органдары есірткімен күрес жолында аянып
жатқан жоқ. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткіге қарсы Астана –
есірткісіз қала бағдарламасы бойынша әртүрлі есірткілердің елімізге
келетін жолдарын және олардың қылмыс әлеміндегі айналым арналарын
әшкерелеуді шұғыл қолға алып, бұл бағыттағы жұмыстардың ауқымын кеңейтіп
жатыр. Жақында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана қаласына келген ірі
кокаин партиясы қолға түсірді, Бұл жолы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық қылмыстармен күресудің құқықтық негіздерінің қазіргі жағдайы
Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы
Әкімшілік алдын алу шаралары: жалпы, арнайы және процессуалдық
Есірткілік пен есірткі бизнесінің алдын алу мен жолын кесудегі ішкі істер органдарының қызметін ұйымдастыру
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы туралы
Қосушы мемлекеттің сыртқы сауда режимін және оның ДСҰ - ның көпжақты сауда келісімдеріне сыйымдылығын қарастыру
Азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі мемлекеттік басқару жүйесіндегі ішкі істер органдары
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 2013 жылдың 10 қаңтардағы жобаның жай-күйі
Кеден заңдарын бұзғандық үшін жауапкершілік
ЕСІРТКІНІ ЗАҢДАСТЫРУДАҒЫ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ
Пәндер