Қазақ халқы батырларға да, батырлық жырларға да бай халық
Қазақ халқы батырларға да, батырлық жырларға да бай халық.
Бүкіл көшпелі түркі халықтарына ортақ, көне заманда тасқа жазылған
Күлтегін, Тоныкөк ескерткіштері, оғыз заманында пайда болған “Оғызнаме”,
“Қорқыт ата кітабы”, ноғайлы дәуіріне жататын “Қоблынды батыр”, “Ер Тарғын”
эпостары”, Жоңғар шапқыншылығы кезінде елін қорғаған Қабанбай батыр,
Амангелді батыр да, Бөгенбай батырлар туралы тарихи жырлар, отаршылдыққа
қарсы күрескен Кенесары, Сырым, Исатай батырларға арналған дастандар сияқты
мол қазынамыз бар. Бірақ осы кезге дейін батырлар жеке тұлға ретінде ғана
қарастырылып, батырлық адамның жеке басының қасиеті саналып, бұл ұғымдардың
тарихи және әлеуметтік мәні дұрыс түсіндірілмей келеді.
Адамзат қауымы қоғам, ел, мемлекет болып қалыптасқаннан бастап жаңа
заманға, азаматтық қоғамға дейін, барлық халықтарда қоғамның негізін, үш
үлкен әлеуметтік жіктер құрап келді. Олар - қоғамның негізгі
қажеттіктерінен туындаған және сол қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін
қызмет ететін, қоғамдық еңбек бөлісі барысында қалыптасқан кәсіби әскерилер
әлеуметтік жігі (“әскери сословие”), дін қызметшілері (“діни сословие”)
және түрлі еңбек иелері, яғни саудагерлер, қолөнершілер, шаруалар және
т.б., Еуропада бұл “үшінші сословие” деп аталды. Осы үш негізгі әлеуметтік
жіктің қоғамдық функциясына қарай, олардың қоғамдағы орынын, бір-бірімен
ара қатынасын, сословиелік ерекшеліктерін реттейтін салт-дәстүрлер, заңдар,
әлеуметтік нормалар пайда болды. Халықтың, қоғамның осылайша үш негізгі
әлеуметтік жікке бөлінуі, олардың қоғамдық функциясының ерекшелінуі
көптеген халықтардың мифтерінде, аңыздарында көрініс тапты. Бұл үш
әлеуметтік жіктер кейбір халықтарда бір бірімен араласпайтын “каста”
түрінде (мысалы, Индияда) немесе өкілдері бір біріне ауыса беретін
“сословие” түрінде (мысалы, Еуропада”) дамыды.
Елдің қауіпсіздігін, мемлекеттің тәуелсіздігін, ел ішіндегі қоғамдық
тәртіпті сақтау қажеттілігі көшпелі қоғамда да әскери іспен кәсіби тұрғыда
айналысатын адамдардың пайда болуын, олардың осы қоғамдық функцияларды
атқаруды өз міндетіне алу барысында жеке әлеуметтік жік ретінде
қалыптасуына әкелді. Басқа халықтарда әскери сословие өкілдерін “самурай”,
“рыцарь”, “кшатрий” деп өзіндік атауымен атағаны сияқты көшпелі қоғамның
кәсіби әскерилер әлеуметтік жігінің өкілдерін “батырбаатурбахадур” деп
атаған. Басқа халықтардағыдай көшпелілер әскерилерінің – батырлардың ерекше
әлеуметтік топ ретінде өзіндік идеологиясы, қоғамдық функциясына, қызметіне
байланысты тек өздеріне тән өмір сүру салты, жауынгерлік салт-дәстүрі,
басқа әлеуметтік жіктермен ара қатынасын реттейтін әлеуметтік нормалары,
этикасы т.б. “сословиелік” ерекшеліктері қалыптасты. Бұл туралы құнды
мәліметтер қазақ ауыз әдебиетінде – эпос, жырларда, жыраулар поэзиясында,
батырлық ертегілерінде, басқа жазба деректерде көрініс тапқан.
Батырлардың ерекше әлеуметтік жік ретіндегі басты ерекшелігі – олардың
тек қана әскери кәсіппен айналысуы. Жапонның самурайлары, француздардың
рыцарьлары, индиялықтардың кшатрилері сияқты әскери қызмет көшпелілер
батырларының, яғни қазақ батырларының да қоғамдық монополиясы болды. Басқа
кәсіппен шұғылдануды олар өздеріне ар санады. Сондықтан олардың бар өмірі
соғыста өтетін, эпос қаһармандары Қобыланды, Алпамыс батырлардың, берідегі
тарихи тұлғалар Қабанбай, Амангелді батыр, Бөгенбай, Жәнібек, Қарасай
батырлардың өмірлері де осылай өткен.
Соғыс ісі батырлардың негізгі кәсібі болғанмен, бұл кәсіптің басты
мақсаты Отанды жаудан қорғау, елді шет басқыншылардан азат ету, халықтың
қонысын, жерін кеңейту, тұтқында кеткен отандастарын азат ету, жау қолынан
қаза тапқан ата кегін қайтару болды.
Қызыл қанымды төктім,
Қара терімді ағыздым,
Күш -қуатымды бердім.
Бұл түркі халқына
Қарулы жауды келтірмедім.
Атты әскерді жолатпадым.
Тоныкөк ескерткіші.
Жауға шаптым ту байлап,
Шепті бұздым айқайлап,
Дұшпаннан көрген қорлықтан
Жалынды жүрек, қан қайнап,
Ел-жұртты қорғайлап,
Өлімге жүрміз бас байлап.
Ақтамберді жырау.
Амангелді батыр, қазақ ауыз әдебиетінде әскери әулеттен шықан бала
алғашқы ерлік жолын әдетте соғыста өлген әкесінің кегін қуудан бастайды,
бірақ бұл кең ұғымда жалпы халықтың, елдің кегін қуу мағынасында
түсінілген. Елді шапқан жаудан халық кегін алу батырдың басты міндеті
саналды. Сондықтан елдің кегін кектеп, аттан түспеген батырлардың есімі
халықтың жадында сақталып, өмірлері жырға өзек болып, есімдері ел ұранына
айналған.
Кәсіби әскерилер жігінің екініші ерекшелігі – батырлар үшін әскери кәсіп
ата кәсіп саналып, әкеден балаға мұра болып қалатын. Батырлар әулетінде
туған бала 13-15 жасынан ел үшін соғысқа араласып, әскери кәсіппен
айналысуға міндетті болды. Батырлық жырлардағы Ер Қосай, Едіге, Ер Тарғын,
ХVIII-ХIХ ғасырлардағы Райымбек, Қабанбай батырлар, ұлт-азаттық
көтерілістердің көсемдері Исатай, Жанқожа, Амангелді батырлар бәрі де ата-
бабасынан ұрпағына дейін батыр болғандар. Қазақта мұны “шынжырлы тұқым”
деп, ата кәсіптің батырлар әулетінде ұрпағына жалғасуын “шынжыры үзілмеу”
деп атаған. Батырлар ұрпағы үшін ата кәсібін жалғастырмау – масқаралық
саналды. Әр буынында бүкіл қазаққа әйгілі батырлар шыққан “шынжырлы тұқым”
қазақ халқында көп болған. Әрідегі Қобланды батыр, берідегі Бөгенбай батыр,
кешегі Амангелді сияқты батырлар шыққан, ел үшін қандарын төккен көптеген
батырлар әулетін айтуға болады. Бірақ кәсіби әскерилер әулетінде туғанмен,
“батыр” атағына жас жауынгер шайқастағы ерлігімен дәлелдеу арқылы ие
болатын.
Әскери істі кәсіп еткендіктен батырлар жастайынан соғыс өнерін,
жауынгерлік қару-жарақтың барлық түрімен соғысу әдіс-тәсілдерін жетік
меңгеруге және жетілген шабуыл құралдары мен қорғаныс жарақтарымен
жарақтануға тиісті еді. Олар көшпелілердің әскери өнерін, жауынгерлік
тәжірибесін ұрпақтан ұрпаққа сақтаушылар және дамытушылар болды. Батырлар
кәсіби әскерилер ретінде қазақ әскерінің негізін құрады. Соғыс жағдайында
бүкілхалықтық жасақ құрылғанда батырлар жеке әскер бөліктерін басқаратын
әскербасылар қызметін атқарды.
Қоғамдық функциясының маңыздылығына байланысты ХVIII ғасырда буржуазиялық-
азаматтық қоғам қалыптасқанға дейін барлық халықтарда ел, мемлекет билігі
әскерилер сословиесінде болды. Еуропада корольдер рыцарьлар әулетінен
шықса, Индияла раджалар кшатрилер кастасынан, Жапонияла император
самурайлардан шыққан. Көшпелі халықтарда да хандар, әміршілер, ел
билеушілер батырлар әулетінен шығатын және осы әлеуметтік жіктің өкілі
болды. Шыңғыс хан, Әмір Темір, Едіге, Мамай, Абылай бәрі де өздері де батыр
болған және батырлар әулетінен шықан адамдар. Олар өздерінің ерлігінің,
батырлығының арқасында жеке билеушілік дәрежеге көтерілді. Халықтың да
хандық билікті елді қорғап, сақтай алатын адамдардың қолына беруі
түсінікті. Көшпелілер ханда елдің құты болады деп санап, ел амандығын
ханмен байланыстырып, ерекше батыр адамды қадір тұтып, қасиеттеп, бастарына
көтеріп, хан сайлаған. Кейін патшалық, хандық тақ бір ғана әулеттің
ұрпағына мұрагерлікке қалғанмен бұл сословиелік байланыс жойылған емес. Бір
сословиенің өкілі болғандықтан хан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz