Жапония - Тынық мұхиттың батыс бөлігінде орналасқан ірі аралдық мемлекет
Жапония
- Жерінің ауданы – 372,2 мың км²
- Халқы – 128 млн адам (2004 ж.)
- Астанасы – Токио
- Мемлекеттік құрылымы – конституциялық монархия
- Мемлекет басшысы – император
- Үкімет басшысы – премьер-министр
- Заң шығарушы органы – парламент
- Мемлекеттік тілі – жапон тілі
- Ұлттық валютасы – жапон йенасы
Жапония – Тынық мұхиттың батыс бөлігінде орналасқан ірі аралдық
мемлекет. Жапонияны, әлбетте Күншығыс елі деп атайды. Елдің негізгі
бөлігін Жапон топаралдары құрайды. Олардың ең ірілері – Хонсю, Хокайда,
Кюсю, Сикоку аралдары. Бұлардан басқа ел аумағына 4 мыңға жуық ұсақ аралдар
енеді. Жапония аралдары Азияның шығыс бөлігін бойлай, оңтүстік-батыстан
солтүстік-шығысқа қарай ұзындығы 3000 шаршы шақырымнан астам доға түрінде
созылып жатыр. Жағалау сызығының жалпы ұзындығы 29 751 шаршы шақырым.
Жапония конституциялық монархия, мемлекеттің бұл құрылымы 1947 жылы
қабылданған конституция негізінде анықталған. Мемлекет басшысы император
болып есептеледі, іс жүзінде мемлектті премьер-министр басқарады. Унитарлы
мемлекет болып саналатын Жапония әкімшілік жағынан 47 префектураға
бөлінеді.
Жер бедері, негізінен, таулы сипатта; ел аумағының ¾ бөлігін табиғаты
күрделі, онша биік емес таулар мен қыраттар алып жатыр. Жапонияның ең биік
нүктесі – Фудзияма тауы (3776 м). Тау шыңдарының көпшілігі жанартау болып
табылады, олардың жалпы саны – 150, сөнбегені – 15. Құрылымы жағынан
тынықмұхиттық геосинкнальдық белдеуге енетін Жапония жерінде жылына 1,5
мыңға жуық жер сілкіну оқиғалары болады, әсіресе, ел астанасы орналасқан
Токио шығанағы сейсмикалық жағынан қауіпті аудандар аймағына жатады.
Жазықтар мен ойпаттар қолайлы қойнаулар мен шығанақтар ұласады.
Жағалауларына жақын орналасқан терең сулы шұңғымалар аумағында жиі
байқалатын суасты сілкінулері нәтижесінде апатты алып толқындар – цунами
пайда болады. Биіктігі 10 метрге дейін жететін цунами әрекетінен Хонсю және
Хоккайдо аралдарының солтүстік-шығысы көп зардап шегеді.
Жапония пайдалы қазбаларға аса бай емес, ел аумағында кездесетін тас
көмірдің, мыс пен қорғасын-мырыш кендерінің, мұнайдың қоры мардымсыз.
Шикізат пен отын ресурстарын басқа елдерден сатып алатын Жапония соңғы
жылдары Дүние жүзілік мұхиттың ресурстарын игеруге кірісті. Қазіргі кезде
теңіз суы құрамынан уранды бөліп алу, теңіз түбінен марганец қосындысын
өндіру жолға қойылған.
Мемлекеттің қалыптасу тарихы мен құрылымы. Жапон жеріндегі алғашқы
тайпалық бірлестіктер III ғасырда қалыптаса бастады. Тарихи деректерге
қарағанда, IV ғасырдың ортасына қарай Ямато тайпалық одағынан таптық
негізінде алғашқы мемлекет пайда болды. Елдің неғұрлым күшті дамыған
оңтүстік-батысы VII ғасырда орталықтандырылған жапон мемлекетінің
қалыптасуына негіз болды. Алғашқы астаналарының іргетасы Осака шығанағының
жағалауында қаланған. Ұзақ уақыт бойы елдің әлеуметтік-экономикалық және
мәдени дамуына көршілес Қытайдың ықпалы зор болды. Олардан жапондар
иероглифтік жазу үлгісін, буддизм мен конфуций діндерін, ғылым негіздері
мен шаруашылық жүргізу тәжірибесін қабылдады. IX ғасырдың соңына қарай
Жапония Қытаймен ресми қатынастарын үзді, бұл жапон өркениеті сипаты
қалыптасуына қолайлы жағдай туғызды. XII ғасырдан бастап ел астанасының
(алғашында Камакура, кейіннен Эдо, қазіргі Токио) солтүстікке ығысуы,
феодалдың қатынастардың дамуы солтүстіктегі аудандардың біртіндеп
шаруашылық тұрғыдан игерілуіне ықпал етті. Осыған қарамастан, ұзақ уақыт
бойы елдің шаруашылық қуаты, негізінен, оңтүстікке шоғырланып келді,
экономикалық орталық қызметін Осака қаласы атқарды.
XIX ғасырдың соңына қарай Жапония жедел капиталистік даму жолына
түсті. Ел дайын өнімді сыртқа көптеп сату арқылы ғана жергілікті отын мен
шикізат тапшылығының орнын толтыра алатын. Бұл ірі өнеркәсіпті орындарының
жағалауларда шоғырлануына тікелей ықпал етті. Жапония сыртқы саясатының өзі
ел экономикасының сыртқы нарыққа бағдарлануымен тығыз байланыста болды. ХХ
ғасырдың алғашқы жартысында көршілес елдерге қатысты басқыншылық саясат
жүргізген Жапония ендігі жерге көптеген елдермен тығыз экономикалық
байланыстар орнатты. Соның нәтижесінде Жапония дүние жүзіндегі аса ірі
экономикалық және саяси орталыққа айналып, өз айналасындағы елдермен
ынтымақтастығы нығая түсті.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz