Жастар денсаулығы - Қазақстан болашағы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Жастар денсаулығы - Қазақстан болашағы

Тәуелсіздік туын желбіретіп, өз алдымызға бөлек ел болып қалыптаса бастаған кезімізде баршамызды мазасыздандырған түйінді мәселелерді басымыздан өткізуге тура келгені бәрімізге де мәлім. Жаңа заман, жаңа леп жақсылығымен бірге бас шайқатар кемшіліктерін де ала келді. Бұған себеп, бұрын бір қалыпта, бір үлгідегі өмірімізге елеулі өзгеріс енді. Тас бекітулі шекаралардың ашылуы, елімізге лап берген шетелдік азаматтар, бизнесмендер, инвесторлар, тіпті алыпсатар саудагерлерге дейінгі топтар өздерімен көңілді селт еткізер жаңалықтарымен бірге ортаны ойсыратар кемшіліктерін де ерте келгені белгілі. Яғни, нарық заманы өмірімізді түпкілікті түрде өзгертті. Бірқатар жерлеріміз гүлденіп жатса, екінші жерімізде қуаңшылық басталды. Ауыл тұрғындарының тіршіліктің қамымен жаппай қалаға ағылуы бұрыннан сақталып келген қала мен дала тіршілігіндегі тепе-теңдікті бұзып, базарлар көркейіп, жұрттың тұтыну деңгейі жақсарғанмен де, ауылдағы өмір жұтаң тартты. Адамдардың пейілі тарылып, мінездерінде елеулі ауытқушылық байқалды.

Осы жәйттер ересектермен қоса жастардың да тұрмыс-тіршілігіне қатты өзгеріс енгізіп еді. Ең қорқыныштысы “есіре” бастаған ақшаның қолдауындағы “еркін махаббат” арқылы кең тарай бастаған жұқпалы аурулар, әсіресе тікелей өлімге апарар кездейсоқ жыныстық қатынастар, нашақорлық, есірткіге бас ию немесе жаман әдеттерге ұрыну, адам өлтіру, ұрлық жасау, зорлау, қинау сияқты дәл біздің қазағымызға жат қылықтар орын ала бастады. Сөйтіп, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі өзінен-өзі туындады. Бұл, айтылған алапаттың алдын алуды қарастырудың бірден-бір жолы болатын.

1998 жылғы наурызда Шымкент қаласында облыстық денсаулық сақтау департаментіне қарасты облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы құрылды. Қазірде бұл орталықта бірнеше бөлімдер мұқият түрде жұмыс істеуде.

- Біздегі ең негізгі бөлімдер: ол білім беру, мониторинг, ұйымдастыру-әдістемелік бөлімдері, - дейді орталықтың бас дәрігері Гүлсім Әбдіреева. - Басты міндетіміз - халық арасында теориялық, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен қатар, оны іс жүзінде де тәжірибелік негізде жүзеге асыру. Қызметкерлердің барлығы дерлік жоғары білімді мамандар. Іштерінде дәрігерлер де, мұғалімдер де бар. Олар әр тақырыпта іс-шаралар ұйымдастырып, іссапарларға шығып, семинар-тренингтер өткізіп, салауатты өмір салтын қалыптастыруда аянбай еңбек етіп, алғысқа бөленіп жүрген жандар. Қазақстан тұрғындарының денсаулығы, жастардың ойдағыдай тәрбие алуы, ер-азамат атануы үшін орталықтардың сіңіріп жатқан еңбегі ойдағыдай деп сеніммен айтқан болар едім.

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру СӨСҚ қызметіне қарасты аудандық және қалалық 2 СӨСҚ орталықтары мен 12 денсаулықты нығайту орталықтары бар. Әрқайсысы міндеттерін өз деңгейлерінде атқаруда. Облыстық газеттер мен телеарналарда түрлі тақырыптарға мақалалар жарияланып, сұхбаттар беріледі.

Бұдан кейін өз пікірін ортаға салған бас дәрігердің орынбасары Роза Жәукімованың айтқанындай, аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру және денсаулықты нығайту орталықтарына арнайы түрде әр айдың соңғы жұмасында семинарлар өткізіліп тұрады. Әрине, облыс көлеміндегі атқарылып жатқан жұмыстарды олар да өз әлдерінше, қолдарынан келетін деңгейде одан әрі жалғастырып отырады. Кейде өздерінің жеке түйінді мәселелеріне байланысты кемшіліктердің де байқалып қалуы мүмкін. Оған себеп, сол баяғы ауылдық жердегі мамандардың жетімсіздігі. Қазіргі оқу бітірген жастардың көбі айлықтың аздығын, тұрмыс жағдайларының нашарлығын сылтау етіп, өздерінің туған жеріне оралудың орнына, қалада қалуды көздейді. Осының бәрі тәлім-тәрбие жұмысының өркендеуіне едәуір кесірін тигізері анық.

Орталық қызметкерлерінің әр алуан тақырыптарға арналған іс-шаралары өте күрделі. Індеттердің алдын алу, жұқпалы аурулардан сақтандыру, қарқынды түрде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу анау айтқан оңай шаруа емес, едәуір тер төгуді қажет ететін іс.

Мақтаулы қызметкерлердің бірі, білім беру бөлімінің аға валеологі Бибігүл Әліқұлова менің “Жұмысыңды жемісті деп ойлайсың ба? Жасөспірімдер арасында жүргізген шараларыңның нәтижесі қандай?” деген сұрағыма былай деп жауап берді:

- Орталықтардың атқарып жатқан қызметі өте қажетті де, мәнді деп санаймын. Себебі, үгіт-насихат тек қағаз жүзінде қалып қоймай, адамдармен, әсіресе, жастармен етене араласып, әр түрлі тақырыптарға ойын-сауық, іс-шаралар ұйымдастырудың маңызы өте зор. Бұл олардың сана-сезімін жоғарылатып, өмірді сүйе де, бағалай да білуге үйретеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салауатты өмір сүру салтын оқушыларда қалыптастыру
ӨСКЕЛЕҢ БУЫННЫҢ БҮГІНГІ ДЕНСАУЛЫҒЫ - ЕРТЕҢГІ ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ
Ұлттық саясатты іске асыру тетіктері
Денсаулықты қалыптастыру, сақтау және нығайту негізінде қоғамда ұзақ және бақытты өмір кешетін дені сау адамдарды қалыптастыру
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда мейірбикенің ролі
Денсаулық – зор байлық
Балаларды салауатылыққа тәрбиелеу жолдары
Қазақстанның жарқын болашағы тірегі - жалынды жастар
Салуатты өмір салты
Салауатты өмір – барыс тектес халықымыздың болашағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz