Инвестицияның түрлері мен есептеу әдістері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Инвестицияның түрлері мен есептеу әдістері

Инвестициялар бірнеше түрге бөлінеді: венчурлық, тікелей,
портфельдік, аннуитеттік түрде болады. [Қосымша А]
Венчурлық капитал - бұл тәуекелділік күрделі қаржыны салуды білдіруде
қолданылатын термин. Венчурлық капитал үлкен тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет
саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде.
Венчурлық капитал өзара байланыстары жоқ жобаларға салынады да, салынатын
қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі.
Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорның клиенттердің акцияларының
бір бөлігін сатып алу арқылы немесе оған қарыз беріп, оның ішінде ол
қарыздарын акцияға айналдыруымен жүргізіледі. Капиталды тәуекелділікпен
салу жаңа технологияны енгізген ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру
қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға әртүрлі капитал түрлерін
үйлестіре береді: қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-
өнертапқыштық фирмалардың-венчурлық деп аталатын құрылуына деддалдық
жасайды.
Тікелей инвестициялар - бұл шаруашылық субъектісіне табыс алу үшін
және осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие
болу үшін, жарғылық капиталға өзінің салымын салу.
Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін құрап алумен байланысты
және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алу болады. Портфель -
бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жыйнақталғаны болады да,
салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін
құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі немесе әртүрлі
инвестициялық бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жыйнақ және депозиттік
сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары
кіреді.
Аннуитет - жеке адамның салған инвестициясы. Бұл зейнеткер болып
кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс әкеліп тұратын
салымы. Бұл - негізінен сақтандыру және зейнетақы қорына салынатын қаржы.
Сақтандыру компаииялары және зейнетақы қоры қарыздық міндеттемелер шығарады
да, оның иелері келешекте оны аяқ астынан болып қалған шығындарын жабуға
пайдалана алады. Өзін-өзі сақтандыру арқылы, мезгілсіз қайтыс болған
жағдайда, қаржылық қыйыншылыққа ұрынбайды. Зейнетақылық қор өз клиенттерін
зейнеткерлікке шыққаннан кейін ақшалай қормен қамтамасыз етеді.
Сақтандыру компаниялары өмірін қамсыздандырғандарға сақтандыру полисі
бойынша бір уақытта алғысы келгендерге ақша немесе ануитетті беруі
мүмкін.[2;184]
Инвестицияның орны толу мерзімі, тәуекелділік жағдайы, алдағы
инфляция қарқыны, салық төлемдерінің жағдайына қарай келіп, оның
тиімділігін қалай анықтауға болады? Сұрақтан сұрақ туып, басқадай тиімді
тәсілдің болмағаны ма?
Ең тиімді, оңай тәсіл болып, ақшаны дұрыс пайдалану тек оны банкке
салып, процент алу ғана. Осыдан келіп, ең бірінші ережеге айналғаны: ақшаны
банкте сақтаудан гөрі қаржыны өндіріске жұмсап, бағалы қағаздарға және тағы
басқаға беру арқылы, егер бұлардан таза пайданы (салықты шығарып
тастағанда) көбірек алғанда.
Инвестициялық шешімге барғанда, онымен бірге инфляцияны да есепке алу
қажет. Егер, біз жыл аяғында пайданы 100.000 теңге көлемінде аламыз деп
есептесек, алдағы болатын инфляция қарқынын 10% деп есептесек, онда нағыз
пайда 90 мың теңге ғана болады.
Егер инвестор 100 мың теңгені 15% жылдық өсіммен салғанда, инфляция
болмаса, жыл аяғында 15000 кіріс алады. Сондықтан, 10% инфляция болғанда,
инвестор жылдық процентті (15% + 10% = 25%) 15% кем салуына болмайды.
Тағы бір мысал келтірейік. Сіз бір шаруашылық объектісін салуға 500
мың теңге салатын болдыңыз. Егер инфляция деңгейінің болжамы жылына 8%
болады делінгенде, онда сізді салған инвестицияңыздың тиімді болуы мына
жағдайларға байланысты болады. Егер жылына алатын пайдаңыз 40 теңгеден
асқанда, яғни 500 мың теңгеден 8% - түскен. Онда мұндай әдіспен баруыңыз
сіздің инвсетицияны сақтауды және ұлғайтуды қамтамасыз етеді.
Мұнан кейінгі - екінші ереже: егер инвестициялау тиімділі инфляция
қарқынынан асып жатса, қаржыны инвестициялау, мәні арта түседі.
Қайта орнына келуге мерзімі - бұл қаржы салымының басындағы көлемін
жобадан түскен пайда есебінен орнына келтіруге қажетті кезең.
Мұндағы пайда деп отырғанымыз таза пайда яғни, салықты алып
тастағаннан кейінгі, оған қаржылық шығынды, проценттерді және амортизацияны
қосқандағы.
Пайданың жай нормасына негіз болатыны пайдалану жөніндегі
есептесулер. Бұл бойынша бір жыл бойына пайдаланылған пайданың ең соңғы
инвестициялық шығынға қатынасын есептеп шығаруға мүмкіндік туады. Сөйтіп,
пайданың жай нормасының көлемі, пайда мен капиталдың қалай анықталғанына
байланысты болады. Есептеп шығару варианттары:
1) Жалпы пайда немесе салық алынатын, жалпы инвестициялық шығынға
жатқызылған пайда;
2) Таза пайда + жалпы инвестициялық шығынға жатқызылған
амортизация.
Пайданың жай нормасының кемшіліктері болады:
а) негізге алатын белгілі бір жылды табу қыйын болады;
б) пайданың жай нормасы салықтық жеңілдік болған жылдарды есепке
алмайды.
Компаундинг: бұл әдістің мәні мынада - жыл сайынғы кірістің өсуіне
қарай, капиталдың базалық сомасының қалай өсетінін есептеп шығамыз.
Мұндай есептің тәжірибелік мәні: егер өсу процентін өзгерте
алмасаңыз, онда келешек кірістің көлеміне қажетті болатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық жобаны енгізудегі күтілетін табыстың анықталуы
Қоржындық инвестиция қарекеті
Инвестициялық жобаларды бағалаудың статистикалық әдістері
Нақтылы инвестициялық жобаларды бағалау
Инвестиция және инвестициялық жоба түсініктері мен олардың теориялық аспектілері
Инвестициялық жобалар туралы
Инвестициялық жобаларды дайындау және экономикалық дәлелдеу
Инвестициялық жобаларды экономикалық бағалау әдістері
Инвестициялық жобаларды талдау формалары
ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ АСПЕКТІЛЕРІН ЖОБАЛАУ
Пәндер