Ақпараттық технологияларды дамыту
Интернет жүйесі
Қазақстандағы білім беру жүйесін бәсекеге қабілетті елдермен
теңестіріп, дамыған мемлекеттермен иық тірестіреміз деп жүрген Бірғаным
Әйтімова бастаған Білім және ғылым министрлігінің мамандары кеше көршілес
ТМД елдерінің басын қосып, халықаралық форум өткізді.
Бұл жиынның негізгі мақсаты – Қазақстандағы білім беру саласының
ақпараттық құрылымдарын әлемдік білім салаларымен интеграциялау жолдарын
талқылау. Расы керек, сонау Англия мен Нигериядан келген мамандар
Қазақстанның білім жүйесі төрт жылдың ішінде бой түзеп, еңсесін тіктеп
қалыпты деген жағымды пікір айтты. Бірақ өз еліміздің мамандары әлі де
болса, ақсап жатқан тұстарымыз бар екенін жасырмайды.
Еліміздегі сарапшы мамандардың пайымдауынша, республика көлемінде білім
беру жүйесін ақпараттандыру үрдісін кейбір басшылар сөзбұйдаға салып, ақыры
халық арасында сенімсіздік белең алған. Білім ордаларын толыққанды
Интернет жүйесіне қостық! деп жоғарыға есеп беріп жүрген мектеп
басшыларының 80 пайызы компьютерді қалай қосып, қалай өшіруді білмейді деп
баз кешкен қазақстандық мамандар жалған ұранмен, қызылды-жасылды шаралар
өткізуге құмар бірқатар мектептерді сынға алды.
Өздеріне келген есептік көрсеткіш бойынша, 60 пайыз электронды
оқулықтардың баламасы бар деп масаттанған республикалық ғылыми-әдістемелік
орталықтың мамандары тексеру нәтижесінде, ауылды жердегі мектептерге сол
оқулықтардың бірде-бірі жеткізілмегеніне, тіпті жуықарада ауылдың
қарадомалақтары оқулықтың электронды жүйесін пайдалана алмайтындығына енді
көз жеткізіпті. Республикалық білім беру жүйесін ақпараттандыру ғылыми-
әдістемелік орталығының аға оқытушысы Бекзада Өтемұратова:
– Орта білім беретін мектептерде компьютерлердің жетіспеушілігінен
үлкен мәселелер туындатып отыр. Электр жарығын толыққанды пайдалана алмай
отырған ауылдар да бар. Ал енді осы ауылдағы білім саласының мамандары
бізге келіп, Интернет жүйесіне толық қосылдық дейді. Бұған қалай сенуге
болады?! Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 377 бала компьютердің не
екенін білмейді. Ал Батыс Қазақстанда 297 бала информатика пәнін мүлде
оқымаған. Компьютерлік бағдарламасы мүлде ескіріп кеткен білім ордалары да
жетерлік. 1991 жылы сатып алған компьютермен күн көріп отырған мектептердің
білім жүйесін қалай ақпараттанған дейміз. Кейбір ескі компьютерде қазақша
әріптер де жоқ, – деді.
Ал Парламент Сенатының депутаты Талғатбек Абайдилдин болса, әзіл-шыны
аралас: Қазақ үйіне қонағын шақырып алып, оған басындағы проблемасын
айтпайды деп бір күліп алып, бүгінгі жиында мәселелер толыққанды қамтылды
деп ойлаймын. Жиында қозғалған жайттар алдағы уақытта өз шешімін табады –
деді.
Мамандардың пікірі арқылы өз елімізде болып жатқан жайтқа қаныққан соң
Өзге елде білім саласын ақпараттандыру деңгейі қалай жүріп жатыр? деген
сұраққа жауап іздеп, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттерінің
ЮнескО-дағы өкілі Тарья Виртаненмен тілдесуге мүмкіндік алдық. Ол: АҚШ-та
білім беру саласы дамып, шегіне жеткен десе де болады. Бір ғана мысал, Нью-
Йорктің көпсалалы орта мектептерінде әрбір бала компьютерде ай сайын 40
сағат отырады. Интернет жүйесі арқылы әлемнің кез келген елімен байланысқа
шыға алады – деді.
Ал біздің елде бір компьютерге сегіз баланың телміретінін ескерсек, 40
сағат қиял болып қалатынын сезінесің де, амалсыз басыңды шайқайсың...
Ақпараттық технологияларды дамыту
Мұндай кең ауқымды шара елімізде кездейсоқ ұйымдастырылып отырған жоқ.
Бүгінде Интернет пен ақпараттық технологиялар маңызы жағынан мемлекеттік
саясаттың құрамдас бөлігіне айналуда. Ел Президентінің тікелей қатысуымен
өтетін интернет-конференцияның мақсаттарының бірі ақпараттық
технологияларды насихаттап, тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын көтеру
болып табылады.
Бұл – уақыт талабы, өйткені, тарихи тәжірибе өндірістік құндылықтарды
алмастырудан қашып құтыла алмайтынымызды айғақтап отыр. Егер көптеген
өркениетті елдер, олардың ішінде Еуропа мемлекеттері де бар, жаһандық
ауқымда алып қарағанда аталған сала бойынша ілгері дамып кеткенін ескерсек,
бізге де әркез тек қуып жетуге тырысушылар ретінде жүрмес үшін ақпараттық
технологиялар әлеміне енуді осы бастан ойлауымыз керек.
ХХІ ғасырда жаһандану үрдістерінің негізгі қозғаушы күші жаңа
технологияларды күрт дамыту болып табылса, оның әлемді ХІХ ғасырдың екінші
жартысынан басталған өндірістік революция жасағаннан да көп өзгертуге
қабілетті екенін нақты түйсінудің маңызы зор. Инвестиция міне осы жоғары
дамыған ақпараттық технология саласына үлкен ағынмен құйыла бастайды. Дүние
бұрынғыға қарағанда тығыздана және көп мөлшерде ақпараттана түседі.
Қазақстан жаһандану мен жаңғыртудың аталған сынақтарына айтарлықтай мән
беріп отыр. Мемлекет басшысы өзінің барлық бағдарламалық сөздерінде,
олардың ішінде Қазақстан халқына Жолдауында еліміз модернизациялық секіріс
жасау үшін ақпараттық технологиялар мен инновациялардың үлкен маңызға ие
екенін қайта-қайта мәлімдеп келеді.
Осы мақсаттар есепке алына отырып жасалған, Елбасы бекіткен Қазақстан
Республикасын Индустриялық-инновациялық дамытудың 2003-2015 жылдарға
арналған стратегиясы бүгінде жоспарлы түрде жүзеге асырылу үстінде.
Стратегияға сәйкес инновациялық түзілімдер бес басым салалар төңірегінде
шоғырландырылғанын да айта кетейік. Олар: ақпараттық технологиялар,
биотехнологиялар, нанотехнологиялар, баламалы энергетика, көмірсутегі
шикізатын өңдеу технологиялары. Қарап отырсақ, ақпараттық технологияларды
дамыту белгіленген басымдықтар тізімінде бірінші тұр, ал бұған үлкен негіз
бар екені түсінікті болса керек.
Ақпараттық технологиялар маңызының мысалы ретінде ІТ-дің Франция
индустриясындағы өсу ырғағын келтіруге болады. ХХІ ғасыр шебінде Интернетті
пайдаланушылар қатары бес есе артқан болса, ақпараттық технологиялар
саласындағы шағын кәсіпорындар саны күрт көбейіп (екі жылда 15 мың), бұл
бағытқа құйылған қаржы 1997 жылдан бермен қарай 5 есе ұлғайған. Нәтижесінде
ақпараттық технологиялар мен байланыстың қазіргі заманғы құралдары бүгінде
Франция ІЖӨ-сінің 5 пайызын құрап отыр. Бұл туризмнен түсетін табыспен
бірдей деген сөз. Ал Франция Италия және АҚШ-пен бірге туристер ең көп
баратын елдердің үштігіне кіреді. Бұдан да әсерлі деректі көлденең тартар
болсақ, Францияның ақпараттық “индустриясынан” түсетін табыс энергетика мен
автомобиль жасау салаларын қоса алғандағының алдын орайды.
Егер Интернет туралы дербес әңгіме қозғасақ, аталған сала өзінің
қазіргі даму қарқынымен және әлеуетімен таңқалдырады. Интернеттің әлемдік
кеңістікте табысты әрі аса жылдам дамуының мысалы ретінде “Google” және
“Yahoo” іздеу жүйелерін келтірсек те жеткілікті ғой деп ойлаймыз. Өйткені,
аталған жүйелер Интернеттің жарнама таратудағы ерен мүмкіндігін көрсетеді.
Мәселен, “Google” мен “Yahoo” 2004 жылы өздерінің жарнамалық қызметтерінен
6,5 миллиард доллар табыс тапқан. Бұл 2003 жылғыдан 4 миллиард долларға
көп. Бүгінде ақпаратты Интернет-БАҚ-тарға орналастырудан да пайда мол.
Себебі, ол дәстүрлі жарнамалық жүктемелерге қарағанда анағұрлым мақсатты
және бағдарлы сипатқа ие.
Осындай әсерлі мысалдарды назарға ала отырып, еліміз ақпараттық
технологиялар саласындағы екпінді жобаларға, атап айтқанда, бүгінгі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz