Иран - діни мемлекет



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ИРАН

1.1. Иран таулары
1.2. Тарихы.
1.3. Экономикасы
1.4. Әдебиеті.
1.5. Өнері.
2. ИРАН - ИРАК СОҒЫСЫ
3. ИРАН РЕВОЛЮЦИЯСЫ
4. ИРАН ТАУЛЫ ҚЫРАТЫ
5. ИРАН - ТҮРКИЯ СОҒЫСЫ

1. ИРАН

(1935 жылға дейін Парсы елі), Иран Ислам Республикасы - Азиянын онт.-
батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көл. 1,648 млн. км 2. Халқы 65,2
млн. адам (1999). Халқынын үлттық күрамы: парсылар (51%), эзербайжандар
(27%), күрдтер (5%), арабтар, турікмендер, белуджилер, армяндар, еврейлер,
т.б. Қала халқы 58,3%. Астанасы - Тегеран қаласы (айналасын қосканда 12 млн-
нан астам). Одан басқа Мешхед (1,5 млн.), Исфаһан (1 млн.), Тебриз (852
мын), Шираз (800 мын) сияқты ірі қалалар бар. Ресми тілі - парсы тілі.
Мемл. Діні - ислам дінінің шиит тармағы. Иран - діни мемлекет. Елдегі саяси
жөне діни билік аятолла Сейд Әли Хаменеидің колында. Президент (1997 жылдан
бастап Сейд Мохаммед Хатами) 4 жылға сайланады және Мин. Кабинетін
басқарады. Жоғ. зан шығарушы орган - бір палаталы парламснт - Ислам кеңссі
жиналысы (меджлис) 4 жыл сайын сайланып отыратын 270 депутаттан тұрады.
1981 жылғы конституциясы бойынша, елде саяси жөне діни емес үйымдарға тыйым
салынған. Ұлттық мейрамы 11 ақпан - Революция күні (1979). Ұлттық ақша
бірлігі - риал.

1.1. Иран таулары

Иран Армиан таулы қыратының оңтүстік шығысы мен Иран таулы қыратының
батыс бөлігінде орналасқан. Шет жактарында Солт. Иран (Эльбурс, Түрікмен -
Хорасан), Оңт. Иран (Загрос, Мекран), Шыг. Иран (Серхед, Пеленган, Боран,
Келат) таулары, орт-нда Кухруд жотасы, Деште-Кевир, Деште-Лух шөлдері
орналасқан. Солт.-батысын Оңт. Каспий жөне Кура-Аракс ойпаттары, солт.-
шығысын Горган жазығы, оңт-н - Гермезир шөлі алып жатыр. Жері, негізінен,
таулы. Климаты суб-тропиктік, континенттік, жазы ыстык, қысы солт-нде
салқын, оңт-нде жылы. Парсы және Оман шығанақтары жағалауларының климаты
тропиктік. Каңтардағы орташа темп-ра 2°С-тан 19,4°С-ка дейін, шілде айында
29,4 - 32,5°С. Жауын-шашынның жылдык мөлш. 500 м.м.
Эльбурс тауы беткейіндс 2000 мм, Систан ойысында 50 - 60 мм. Жер беті
суы аз. Ірі өзендері - Карун. Сефидруд, Гильменд, Қиыр солт-гінде Атрек,
Аракс өз-дері бар. Таулы аудандарда коптеген колдер кездеседі. Жсрі сары,
қоныр және қызғылт топыракты. Тау беткейлері орманды, өзендер бойы шалғын,
ішкі аудандары шөл, шөлейт. Иран жерінде сүткоректілердің 100-ге тарта,
құстардын 400-гс жуык, бауырымен жорғалаушылардың 80-ге жуық түрі бар.
Шектес теңіздері балыққа бай. Пайдалы қазыдылары: мүнай, газ, тас көмір,
темір, хромит, т.б.

1.2. Тарихы.

Иран жеріне адам баласы тым ерте заманнан бері қоныстанған. Б.з.б. 3-мың
жылдықта казіргі И-ның оңтүстік -батысында алғашқы мемлекеттер күрыла
баетады. Б.з.б. 2-мыңжылдыкта бүл аймаққа Орт. Азиядан арий тайпалары келіп
коныстанды. Б.з.б. 673- 672 ж. қазіргі Иранның солт.-батысында Мидия
мемлекеті пайда больш, 616 — 605 ж. Ассирияны талкан-дап, аса ірі
мемлекетке ай-налды. Б.з.б. 550 ж. өкімет билігі парсылық Ахемен әу-летіне
көшті (қ. Ахемен өуле-ті). Ахемен әулеті мемлеке-тінін шекарасы шығыста
Үнді өз-нен батыста Эгей т-не дейін, солт-те Армсния-дан оңт-те Ніл
өзендеріне дейін жетті. Батыс пен Шығысты жалғастыратын сауда жолдары үшін
бұл мемлекет гректермен үзакқа созылған соғыс жүргізді. Сақтар елінс
бірнеше дүркін баскыншылык жорықтар жасады (қ. Кир II, Дарий I). Ахемен
әулеті мем-лекетін б.з.б. 330 ж. Александр Македонский талқандады. Иран
эллиндік мемлекет-тердің билігіне көшіп, б.з.б. 2 ғ-дың орта түсынан бастап
Парфия патшалығына ба-ғынды. 224 ж. Парфия мем-лекеті қүлап, орнына Сасани
әулеті мемлекеті құрылды. Сасани әулеті мемлекеті Оңт. Арабияны, Сирияны,
Палестинаны, Мысырды жаулап алды.

Тегеран келісімі. 1996 жыл

Византияға қауіп төндірді, Түрік қағана-тымен соғыс жүргізді. Бірақ
Сасани әулеті мемлекеті араб-тардың шабуылынан құлап, 7 ғ-дың 2-жартысында
И. Араб халифаты құрамына қо-сылды. 8 ғ-да Араб халифатының билеушісі Әбу
әл-Аббас әс-Саффах халифат астанасын Бағдадқа көшірді. И. аумағы ұзақ
жылдар бойы Аббас әулеті билеген Бағдад халифаты құрамында болып, мәдени
және экон. дамуды басынан кешірді. 9 - 10 ғ-ларда елде Араб халифатына
шартты түрде ғана тәуелді болған әмірліктер қүрылды. Елде экон. және мәдени
өрлеу байқалып, қалалар өсе бастады. Сондай өмірліктердің бірі Самани
әулеті биліктен кеткеннен кейін Шығыс Иран Ауғанстанмен және Орта Азиянын
бір бөлігімен бірге
туркі текті Ғазнауи әулеті билеген мемлекеттің кұрамына кірді (қ. Ғазнауи
әулеті). 11 ғ-да Иранға түрік-оғыздар (салжұқ) басып кіре бастады. Көп
ұзамай олар Ғазнауи әулеті әскерін талқандап, бұкіл Иранды және көрші
елдерді басып алып салжұқтар мемлекетін кұрды. 12 ғ-да салжұктар бірнеше
сұлтандыққа бөлініп кетті де, осы ғасырдың аяғына таман бүкіл Иранды түркі
қыпшақ тайпасынан шыққан Хорезм шаһы Текеш басып алды. 1220 - 56 ж. Иранды
Шыңғыс хан әулеті жаулап алды. Олар елде Хулагу әулетіне карайтын ильхандар
мемлекетін құрды. 14 ғ-дың 30-жылдары ильхандар мемлекеті бірнеше иелікке
бөлініп кетті де, 1380 - 93 ж. Иранды Әмір Темір әскерлері басып алды. Әмір
Темір өлгеннен кейін Шығыс Иран Темір өулетінің билігінде қалып, Батыс
Иранда Қаракойлы мемлекеті қүрылды. 16 ғ-да Кіші Азиядан шықкан тұркі
тайпалары (қызылбастар) Иранға басып кіріп, 1501 - 1610 ж. елді толығымен
бағындырып, Сефеви әулеті мемлекетін қүрды. 17-18 ғ-ларда Иранның
экономикасы қүлдырап, халықтың жағдайы нашарлап кетті. Ұсақ халықтар
(ауғандар, түрікмендер, әзербайжандар, күрдтер, армяндар, грузиндер)
орталықтың езгісіне қарсы жиі-жиі көтеріліс жасап түрды. Әсіресе, 18
ғасытдың 2-жартысында елдегі үстемдік үшін екі әулеттің (Зенд және Каджар)
арасындағы үздіксіз соғыс халықты әбден калжыратты. 18 ғ-дың аяғында
билікке Каджар әулеті келді. Осы кезден елдің ішкі істеріне еур.
мемлекеттер (Англия, Франция) араласа бастады. 19 ғасырдың басында болған
орыс-иран соғысынан кейін елде шетелдіктердің билігі күшейіп кетті. 19
ғасырдың аяғына таман Иран еур. мемлекеттердің жартылай отарына айнала
бастады. 1901 ж. ағылшындар Иран мұнайын шығаруға рұқсат алып, 1909 ж.
бірлескен ағылшын-парсы мұнай компаниясы құрылды. Елдің солт-не Ресей, оңт-
не Ұлыбритания қожалық ете бастады. 1905 - 11 ж. елде шетелдіктерге карсы
ұлтзаттық қозғалысы болып өтті. Оның барысында конституция жарияланып,
меджлис шақырылды, ақсүйектік дәрежелер жойылды. Бірақ 1918 ж. ағылшындар
бүкіл Иранды басып алып, 1919 ж. оны кіріптарлык шарттарға кол қоюға мәжбүр
етті. Елде ағылшын үстсмдігіне қарсы жаңа толқулар басталды. 1921 ж. 21
акпанда әскерилер Реза ханның басшылығымен мемлекет төңксріс үйымдастырып,
жаңа үкімет құрды. Жаңа үкімет халықтың қысымымен 1919 ж. ағылшын-парсы
шартын жойылды деп жариялады. Армияға сүйенген Реза хан Орталыктың билігін
күшейту ушін сепаратистік пиғылдағы Иран ақсұйектерімен үздіксіз күрес
жүргізді. 1925 ж. 31 казанда 5-мсджлис Каджар әулетін тақтан түсті деп
жариялады, 12 желтоқсанда Құрылтай жиналысы Реза ханды Рсза шаһ Пехлеви деп
жариялады. Елде нарықтык қатынастар тез дами бастады. Халықтың модени және
тұрмыстық өмірінде көптегсн өзгерістер болып өтті. Алайда, 1929 - 33 ж.
болған дү-ииежүз. экон. дағдарыс Иран экономикасын тұралатып тастады.
Халықтың түрмысы на-шарлап, елде толқулар басталды. Ол толкулар күшпен
басылып отырды. 2-дүние-1 жүз. соғыс жылдарында Иранға одақгастар әскерлері
енгізілді (1941 ж. тамызда ағылшын және кеңес әске 1942 ж. аяғына таман
әскерлері). 1941 ж. 16 күйекте Реза шаһ тактан еркімен бас тартып, орнына
баласы Мүхаммед Реза Пехлеви шаһ болды. 1942 ж. каңтарда Иран КСРО және
Ұлыбритания мемлекеттерімен одактастық туралы шартқа кол қойды. 1943 ж. 9
күйектс Иран Германияға соғыс жариялады, бірақ соғыс қимылдарына араласқан
жок Тегеран конференциясы кезінде 1943 ж. 1 желтоқсанда КСРО, АҚШ,
Ұлыбритания үкіметтері Иранға территориялык тұтастығын сақтауға әзір
екендіктерін мәлімдеді. Соғыстан кейін Иран үкіметі Батыс елдерімен тығыз
байланыс орнатгы. 1953 ж. ел тәуелсіздігін күшейтуге тырысқан М.Мосаддық
үкіметі құлатылды. Иран шаһы М.Р. Пехлевидің көмегімен АҚШ елдің ішкі
өміріне белсене араласа бастады. Ел 1955 ж. АКШ-псн әскери келісімдер
жасасты, 1960 жылдан бастап Батыс үлгісінде дами бастады. Елде шет ел
капиталының үстемдік алуы, ұтгтық кұндылыктардың аяққа басылуы 1978 - 79 ж.
халықтың ішінде шаһ үкіметіне қарсы жаппай бас көтеруіне алып келді. Оны
елдегі шиит дінбасылары баскарды. 1979 ж. 11 акпанда болған революция
нәтижесінде шаһ үкіметі кұлап, 1 сәуірден бастап Иран Ислам Республикасы
жарияланды. Үкімет басына шиит дінбасыларының көсемі аятолла Р.Хомейни
келді. Саяси партияларға тыйым салынды, шаһ үкіметі жойылды, Батыстьщ
иелігіндегі барлык компаниялар мүлкі мемлекет меншігіне алынды, ел СЕАТО
блогынан шығып, Блоктарға қосылмау козғалысына мүше болып енді. 1980 - 90
ж. болған Иран-Ирак соғысы ел экономикасына өте ауыр (700 млрд. АКШ
долларынан астам зардаптар әкелді (қ. Иран - Ирак соғысы). Қазіргі кезде
Иран үкіметі Батыс елдері қолданып отырған оқшаулау саясаты ыкпалын
бәсендету үшін белсенді сыртқы саясат жүргізуде.

1.3. Экономикасы

Ел экономикасының негізі мүнай жөне мүнай мен газ өңдеу өнер-
кәсіптері. Мемлекеттік кірістің 13 және экспорттың 90%-ына жуығы осы
салалардан алынады. Елде жыл сайын 180 млн. тоннаға жуык мұнай, 58 млрд. м3
газ (қоры 14 трл. м3 шамасында) өндіріледі. Экономиканың басқа салалары да
дамыған, бірақ сыртқы экономика байланыстардың нашарлығынан және қаржы
жетіспеушілігінен толық куатымен жүмыс істей алмауда. Өнеркәсіпке қажетті
қүрал-саймандар 90%-ға дейін шеттен әкелінеді. Ауыл шаруашылығы нашар
дамыған. Түрғындар үшін бидай, күріш, кант, өсімдік майы, т.б. шеттен (жыл
сайын 2 млрд. АКШ долл-на) әкелінеді. Соңғы жылдары туризм дами бастады.
Үлттык байлыктын 36%-ы өнеркәсіптен, 22%-ы ауыл шаруаашылығынан, калғаны
қызмет көрсету секторынан тұрады. Мұнай экспортынан жыл сайын 16,3 млрд.
АҚШ долл-ы түседі. Ұлттық табыс 75 млрд. АҚШ долл. көлемінде, жан басына
шакканда - 1250 долл. шамасында. Елдегі басты проблеманың бірі —
жүмыссыздык (3,5 млн. адам). Мұнайдан баска экспортқа кейбір өнеркәсіп
тауарлары, ауыл шаруашылығы өнімдері. кілем, халық тұтыну тауарлары
шығарылады. Шеттен - азык-түлік өнімдері (30%). машина, күрал-жабдыктар.
кейбір өнеркәсіп шикізаттары әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері:
Германия, Жапония, Ұлыбритания, Италия, Араб елдері, Түркия. Қазакстанмен
дипломатиялық және экономикалық байланыс 1992 ж. орнады. Қазақстан
Президенті Н.Назарбаев екі рет (1992; 1996) Иранда болып кайтты. Өз
кезегінде Иран басшылары да (1993 ж. А.Хашеми Рафсанджани, 1998 ж.
М.Хатами) Қазақстанда болды. Екі жақ арасында 40-ка жуык келісімдерге қол
койылған, соның ішінде ен маңыздылары мұнай мен газды Иран арқылы шетке
шығару, жаңа астанадағы кұрылыска Иран жағынын қатысуы, Каспий теңізі
мәртебесін шешу, т.б. мәселелер. 2002 ж. Тегеран бағытында темір жол
байланысы орнатылды.

1.4. Әдебиеті.

Иран әдебиеті ежелгі дәуірде және орта ғасырларда парсы тілі тобына
жататын халықтар (парсы, тәжік. ауған, күрд, т.б.) мен түркі тілінде
сөйлейтін (өзбек, түрік-мен, әзербайжан, түрік) халықтардың әдебиеті аркылы
қалыптасты. Иран әдебиетінің классикалық дөуірін (7 — 16 ғ-лар) парсы не
парсы-тәжік әдебиеті деп атанды. Сасани әулеті мемлекетін Араб халифаты
басып алған соң (7 ғ.), араб тілі негізгі әдеби тіл болып, парсы тіліндегі
күнды шығармалар араб тіліне аударылды ("Қалила мен Димна", т.б.). Парсы
тіліндегі әдсбиет, әсіресе. Рудаки (860
941) тұсында толық қалыптасты, кейін Фирдауси (940 - 1020 ж.ш.) "Шаһнама"
эпопеясын жазды. Көрнекті акын әрі ғалым Омар һайям (1048 ж. ш. т. - 1122
жылдан кейін) сол заманның әлеум. болмысын жырлады. Әзербайжан акыны
Низамидің (1141 -1209) "Бестік" ("Хамса") атты шығармасы жазылған кезден
бастап Иран әдебиетінде адамгершілік тақырыбы өріс алды. Иран әдебиетінін
гүлденген кезі — 13-14 ғ-лар. Бұ.т кезде Закани, ибн-Ямин. Сағди. Хафиз
сияқты атақты ақындар шықты. Иран революциясы (1905-11) және азаматтық
қозғалыс (1918- 21) кезінде А.Фарахани, М.Кермани. М.Т. Бехар, т.б. акындар
демокр. идеяның жыршысы болды. Бүл кезде С.Хедаяттын "Қаңғыбас төбет"
(1943). "Азғындык" (1944) әңгімелер жинактары мен "Хаджи аға" повесі
(1945). Б.Алевидің "Елу үш" (1942). "Түрме жазбалары" (1941) сиякты түнек
жылдарын суреттеген романдары жарияланды. Ирандағы әлеуметтік проблемаларды
көрсеткен Ускуидін "Періште жылағанда" (1963). Саркоштың "Көз жасының зары"
(1965). А.М. Афганидің "Ахуханумның күйеуі" (1962), т.б. роман-повестері
жарияланды. Иран әдебиетінен "Парсы ертегілері" (1958), Омар һайям
рубаилары (1965), Сағдидың "Бустан" дастаны (1970), т.б. қазак тіліне
аударылды.

1.5. Өнері.

Иран территориясында неолит дәуіріне жататын. кабырғалары өрнектелген
егіншілік қүрылыстары. адам және жануарлар бейнелері. әшекейлі қыш ыдыстар
(б.з.б. 5 - 4 ғ-лар, Сузы, Тепе-Сиалк, Тали-Бакун) сақталған. Хұзыстан,
Күрдстан жартастарындағы рельсфтер. Сұзыдан табылған, асыл металдан
жасалған көркем заттар Иран өнерінің өз заманында жоғары дәрежеде болғанын
дәлелдейді. Иран жерінде сактар тарихына қатысты мәдени ескерткіштер де мол
сақталған (к.Бехистун сына жазуы, т.б.). Сасани әулеті дәуірінде (3 - 7 ғ-
лар) қалаларды қорған ішіне жүйелі жоба бойынша салу канат жайды (мыс.
Нишапур к. шахмат жүйесімен салынған). Мүсін жасау. жартастарға рельеф
кашау елеулі орын алды. Алтын, күміс. кола және әйнсктен әр түрлі бұйымдар
жасау. жүн және жібек мата тоқу өркен жайды. 7 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИРАН ИСЛАМ МЕМЛЕКЕТІНІҢ САЯСИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ХХғасырдағы Иран мемлекеті
Түркілердің Иран мәдениетіне ықпалы
1978-1979 жылдардағы Иран революциясы. Хомейни ролі
Иран Ислам Республикасы— Азияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет
III – VII ғасырлардағы иран
Иран Ислам Республикасы
Иран ислам революциясы және шах режимінің құлауы
Қазақстан – иран қатынастары
Иранға АҚШ президенті
Пәндер