Ислам кітаптарында



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім

1) ИСЛАМ.
2) Ислам діні туралы түсінік.
3) Мұхаммед - ислам меи халифаттың негізін салушы.
4) Ислам дәуірінің жаңа кезеңі. Хнджра.
5) Құран-Кәрім.
6) Ислам діни ілімінің негіздері:

ІІІ Пайдаланылған әдебиеттер

ИСЛАМ.
Ислам діні туралы түсінік.
Әлемде үш дін адамзаттың мәдени қазынасы деп танылады. Олар: будда
діні, христиандық және ислам діні. Ислам бұлардың қатарындағы жаңа әрі жас
дін. Бүгінде жер жүзінде шамамен бір миллиард жүз жетпіс мыңдай адам осы
дінді ұстанады. XX ғасырда ислам дінін тұтушылар саны екі есеге жуық өсті.
Бұл біріншіден, ислам діні тараған региондардағы демографиялық жағдайдарға
байланысты болса, екіншіден басқа діндер тараған дәстүрлі аймақтарда
адамдардың ислам жолына бет бұруынан болып отыр.

Ислам араб тілінен аударғанда "бой ұсыну" деген мағынаны береді Ислам
және мұсылман (муслимун - бой ұсынушы ерлеру муслиматун - бой ұсынушы
әйелдер) сөздерінің түбірі бір.
Ислам - монотеистік дін. Ол мейірімді және қайырымды Аллаға ғана
сенуді уағыздайды. Бүкіл әлемді - көк пен жерді жаратушы – Алла. Барша әлем
тек соның хұзырында. Алла болмаса әлем сол сәтінде жоқ етілер еді. Адам
баласының фани (жалған) дүниеде жасаған жақсылық, жамандығын таразылаушы,
заманның ақырыңда оларға осы қылықтарына қарай рахым жасаушы немесе
жазалаушы бір Алла. Барлық өлгендер заманақырда қайта тіріліп, соның алдына
жауапқа келеді.
Ислам - адам баласына аян жолымен келген дін. Қасиетті Құран аяттары
жиырма үш жыл бойында Жебірейіл періште арқылы Мұхаммед пайғамбарға
жеткізіліп тұрған.
Ислам діни ғұрыптарды және дүниелік мәфлелерді шариғат жолымен реттеп
отырады. Ол сөзсіз орындалуы тиіс мұсылмандық парыздарды және орындағаны
қосымша сауап болатын сунна жолдарын айқындайды, жоғары адамшылыққа,
еңбекке әрі білімге уағыздайды және Құран-Каримдегі (Қасиетті Құран) аяттар
мен пайғамбардың хадистері арқылы соның ережелерін белгілейді. Исламның
өзге әлемдік діндерден айырмасы - оның айқын рәміздерінің болуы.
Мұсылманшылық екі сенім негізі бойынша құрылған: біріншісі - Алладан басқа
құлшылық етілетін тәңірдің жоқтығына; екінші - Мұхаммедтің
(ғалайһиссаламның) Алла тарапынан бүкіл адам баласына жіберілген пайғамбар
екендігіне сену) Сондықтан "Алладан басқа (тәңір) жоқ, Мұхаммед оның
елшісі, араб тілінде "Ла илаһа иллаллаһ Мұхаммадүр-Расулүллаһ," - деген
мүбарак қағиданы тілімен айтып, көңілімен бекіткен адам ислам дінінде болып
салалады. Бұл сенімді (символды) Иман, сенушіні Мүһмин деп атайды. Нағыз
ислам жоғары мәдениетті және гуманистік идеяларды насихаттайды. Мұхаммед
пайғамбар өзінің хадисінде: "Дінде зорлық жоқ" - деген. Яғни, ислам дініне
біреуді мұқтаж ету немесе пайдасын беріп, енгізуге жол жоқ. Әр пенде
исламды өз еркімен, өзінің қалыбымен (жүрегімен) қабылдауы тиіс.
Мұхаммед - ислам меи халифаттың негізін салушы.
Біздің дәуіріміздің ҮІІ ғасырында Таяу Шығыстық жүрегі аталатын Араб
шығанағында саяси және діни тұрақсыздық орын алды. Көшпелі және отырықшы
араб тайпаларының бас араздығы салдарынан бір кездегі қуатты мемлекеттер
ыдырап, аймақтағы ықпалынан айрылып қалды. Оның халқы теріскейінде
негізінен христиандықты, - оңтүстігінде иудаизм мен көпқұдайлықты
уағыздады. Бұл жиі әскери қақтығыстарға соқтырып отырды.
Ол кездері Африка мен Йемелнен Палестинаға жөне Месопотамияға өтетін
сауда жолы қуатты Византия империясы мен Сасанидтер Иранның Химьярит және
Аксум патшалықтарын байланыстырып тұратын. Осы сауда жолы бойында
орналасқан Мекке қаласы араб жұртында біртіндеп алға оза бастады, оның
маңында жыл сайын өтетін сауда жәрмеңкесіне барлық араб тайпалары жиналып,
бас қосатын болды.
Жәрмеңкеге жиналатын айда соғыс қимылдарына тыйым салынды. Бұл ай
араб жұртының басты діни орталығы -Меккедегі Қағбаға құлшылық жасау
мерзімімен орайластырылды. Бұл ай зуль-Хиджа, яғни хажылық айы деп аталды.
Демек, оның әуел бастан дүниелік маңызынан діни маңызы айқынырақ болды.
Араб тайпалары қай дін жолында болмасын осы айда Меккеге сапар шегуді
өздеріне міндет санады. Ислам діні кейбір ғылыми орталарда "Йбраһим діні"
деп те аталады.
Меккедегі қасиетті Қағба, Зомзам құдығы, Сафа және Маруа таулары -
бәрі осы Ибраһим есімімен байланысты. Осыдан хажылық сапарында Қағбаны жеті
айналып шығады. Олар осымен қатар өзге де толып жатқан құдайларға тағзым
етті. Мәселен біздерге Манат, Лат, Узза деген әйел құдайларының есімдері
белгілі. Қағбада осылардың және басқа да құдайлардың мүсіндері қойылды.
Сонымен қатар VI-VII ғасырда ханиф ілімі (жалғыз құдайға илану) кең тарай
бастады. Мұны түптеп келгенде саралы діни ілім деуге де болмайтын еді. Одан
араб тайпаларының монотеистік дінді орнықгыруға деген ұмтылысы басымырақ
көрінді.
Ханифшілер иудейлік және христиандық үлгілерімен бір құдайға табынуды
жақтады. Бірақ олар күмәнді болды. Әдетте басымдыққа ие болған тайпа көсемі
немесе мемлекет басшысы бір дінді қалап, соны уағыздайтын. Яғни дін күшпен
орнап, сол күштің, саясаттың қызметшісі болатын. Ал VII ғасырдағы Араб
елінде оқиға мүлдем басқа жолға түсті: жаңа, хақ дінді саясатшы көсем емес,
дін уағызшысы, Алланың елшісі насихаттап, Атлантикадан Үнді мұхитына дейін
созылып жатқан аса қуатты мемлекет-Араб халифатын орнықтырды. Адамзат
тарихында бсындай ересен бетбұрыс жасаған Меккедегі аса беделді құрайыш
тайпасының Әшім әулетінен шыққан Мұхаммед пайғамбар еді.
Ислам "Мұхаммед пайғамбарлардың мөрі"- деп атайды. Өйткені ислам діні
адамзат баласына келген және келетін ең соңғы хақ дін, Мұхаммед Алланың
соңғы елшісі саналады. Осыдан соң пайғамбарлық тынады, халифтер
(ізбасарлар) келеді.
Мұхаммедтің өмірі: ақиқат пен аңыз. Әшім, одан соң, оның баласы Әбд-
әл-Мүталлиб Қағбаның шырақшылары, аса беделді, салиқалы адамдар бодды. Әбд-
әл-Мүталлибтен Әбу-Тәліп, Әбу-Лахаб, Ғаббас, Хамза және Әбдаллаһ деген
ұрпақтар өнді. Әбдаллаһ өте көркем еді, ол құрайыш тайпасынан Әмина атты
қызбен некелескен, осы некеден Алланың рахымымен рабиғұл-әууәл айының он
екінші кешінде, бейсенбі күні, (23 маусым) 571 милад жылында Мұхаммед ғ.с.
пайғамбар дүниеге келді.
Мұхаммед ғалайһисаламның дүниеге келуі туралы ақиқат пен аңыздың
арасы пышақ жүзіндей, ажырату өте қиын. Тіптен оның туған айы-күнінде шүбә
болмаса, жылы кейбір деректерде 570 деп керсетіледі. Бұл мынадай оқиғаға
байланысты: 570 жылы (милад немесе жаңа жыл санау бойынша) заратуштралық
Иранмен соғыстағы христиандық Византияға Аксум патшалығы жердемге келді. Ол
Хиджаз жазығы арқылы өтіп, жолында Мекке қаласын қоршауға алды. Меккеліктер
Аксум әскерінің жауынгер пілдерінен түршікті. Бұл олардың бұрын көрмеген
хайуаны еді. Осыдан Меккенің қоршалған жылын арабтар "піл жылы" деп атап
кетті.
Меккені қамауға алған бірінші түнде-ақ ақсумдықтар арасында апат ауру
тарап, өскері қырыла бастады, қорықкан дұшпан Меккені тастап қашты. Иран
шахы шаттануы тиіс еді. Бірақ осы түні оның сарайында кереметтер болды:
Заратуштра құрметіне жағылған мәңгілік шырақ кенет өшіп қалды, ал парсының
бас казысының түсіне ноқта көрмеген атанды бір арабтың мұрындықтағаны
кірді. Түн күндей жарық болды. Осы түнде дүниеге Мұхаммед келді. Осы аңызды
негізге алсақ, Мұхаммед 571 жылы дүниеге келген болады. Мұхаммедтің бірінші
әйелі - Хадишаның жасы туралы да дерек екі түрлі. Ислам кітаптарында
Мұхаммед жиырма бес жасында үйленді, әйелі он бес жас үлкен, бай
саудагердің жесірі еді десе, европалық дінтанушылар Хадишаның осы некеден
бес бала көтергенін алға тартып, оның жасын жиырма сегізде еді деп
көрсетеді. Шындық сол - Хадиша төрт қыз және Қасым атты бір ұл бала
көтерді. Осыған қарап кейде Мұхамедті Әбу-Қасым - Қасымның әкесі деп те
атайтын. Бірақ, пайғамбардың көзі тірісінде Фатимадан өзге балалары тегіс
дүние салды. Қалай болғанда да ақиқаты -пайғамбарымыз бен Хадишаның некесі
үйлесімді, абыройлы болды, араб дәстүрі рұқсат етуіне қарамастан Мұхаммед
Хадишаның көзі тірісінде оның үстінен әйел алған жоқ.
Пайғамбардың туылуынан екі ай бұрын әкесі, туғаннан кейін алты
жасында шешесі дүниеден қайтты. Сегіз жасына дейін атасы Ғабұл-Мүтәліптің,
одан соң немере ағасы, төрт шын абзал халифтің бірі - хазірет Әлінің екесі
Әбу-Тәліптің қолында тәрбиеленді. Ол балалық шағынан адал, шыншыл еді.
Осыдан оны көбіне "Мұхаммадүл-Әмин", "Сенімді Мұхаммед" деп атайтын.
Мұхаммедтің балалық шағы туралы діни аңыздар былай дейді. Ол замандарда
қала тұрғындарының жас нәрестенің таза ауамен тыныстанып, табиғат ортасында
еркін есуі үшін қала сыртын мекендейтін тайпалардың әйелдерінен сүт-ана
тауып, кесімді мерзімге соған табыстау салты болатын. Мұндай әйелдер
Меккеге келіп, емшек сүтімен асырайтын нәрестені өздері таңдап алар еді.
Келушілердің көбінің назары Әминәнің перзентіне тоқтамады. Солардың
ішінен Халима есімді әйел ғана көңілін Мұхаммедке бөлді. Оның тұрмысы төмен
еді. Бірақ, Мұхаммедті бауырына алғаннан ризығы артты, құдығы суалмады,
жері көктеп тұрды, ақ мол болды. Бала үш айында аяғын басатын болды, жеті
айлығында жүгіріп кетті, тоғыз айында адам таң-тамаша боларлықтай есті
сөздер айтар еді. Үш жасына келгенде далада ойнап жүрген жерінен екі
періште адам кейпінде келіп оның кеудесін ашып, жүрегін ұйыған қаннан, Адам-
Атадан бермен келе жатқан бастапқы күнәдан тазартты, оған иман нұрын салды.
Діни кітаптарда Мұхаммедке пайғамбарлық қырық жасында келді, деп
жазылады. Оған дейін ол Дамшаққа дейін керуен тартып, көп жерлерді көрді,
көп адамдармен дидарласты. Ол Хира тауына оңашаланып, терең ойларға
берілді. Осындай оңаша сәттерінің бірінде оған үн келді. Ол "оқы" деп әмір
етті. "Мен нені оқимын?" деді. Сонда құлағына Құранның беташар аяты келді.
Мұхаммед ғажаптанып жан-жағына қарады. Қайда мойын бұрса да, алдында адам
бейнесіндегі Жебірейіл періште тұрды. "Мұхаммед! Сен Алланың елшісісің? -
деді ол. Осыдан кейін де, әлі бірталай уақыт күмәнді болды. Бірақ,
Жебірейіл арқылы Алладан тағы аяттар аян болды. Хадиша оны мұның бәрі
жаратушы хақ тағаланың әмірінен екендігіне сендірді. Өзі мұсылман болды.
Мұхаммедтің пайғамбарлығы осылай басталып, адам баласын адамшылық нәрімен
сусындатты, қияметке дейін сөнбейтін ғылым, білім, мәдениет күнінің шырағы
бүкіл дүниені нұрландырды.
Ол ислам дінін үш жыл құпия таратты. Кейін Алланың әмірімен халықты
тура жолға ашық шақыра бастады. Бірақ, рухтары дүниялық пиғылдармен қарайып
қалған дін дұшпандары пайғамбарға қиянат жасап, қастандық ойлады. Бұл кезде
оның сүйікті зайыбы - Хадиша мен қамқор ағасы Әбутәліп дүниеден озған еді.
Осы уақытында ол Йасрибтің (Медина) хазрадж тайпасынан өзіне жақтастар
тапты. Олар Мұхаммедті жаңа дінді таратып, қауымға басшы болуға шақырды.
Бұл қауым кейінде ансарилер (көмекшілер) деп аталып, дін жолында қарымды
істер жасады. Осылайша Мұхаммед Алланың әмірімен он үш жылдан соң ол ізгі
жолға түсушілерді бастап, Медина қаласына көшті. Бірақ, көш алдында "Исраһа-
л-миғраж" аталатын ерекше оқиғаны бастан өткерді. Қағбаның маңында тыныстап
жатқан Мұхаммедке Жебірейіл періште келді. Ол өл-Барақ атаған бір жануарды
келтіріп, соған отыруға бұйырды. Көзді ашып-жұмғанша Хебронда, Вифлеем мен
Иерусалимде болды. Осында Ибраһим, Мұса, Ғайса пайғамбарлармен мінажат
етті. Содан соң көкке ұшып, Алланың дәргейінде болды. Оқиғаның жылдам
болғаны соншалық еді - ол қайтып оралғанда, төсегі де суымаған, қисайып
құлаған құмырадан сүт тамшылап үлгермеген...
622-жылы жиырмасыншы қыркүйекте (бір деректерде он алтыншы шілдеде)
Мұхаммед пайғамбар Қасриб қаласына көшті. Осымен ислам тарихының жаңа беті
ашылды. Мұсылмандық жыл санау — хиджра басталды. Йасриб қаласы Мадинат ан-
наби - Пайғамбар каласу деген ат алды.
Бертін келе, ол жай Медина, яғни "қала" аталып кетті. Хиджраның
екінші жылында тұңғыш мешіт (масджид) - Пайғамбар мешіті тұрғызылды.
Мұхаммед пайғамбарға Меккеден кешкенде жүз жиырма адам ере келген еді. Бас-
аяғы сегіз жылдан соң, ол Меккеге он мың қол бастап аттанды.

Ислам дәуірінің жаңа кезеңі. Хнджра.
Хиджра - ислам тарихындағы аса елеулі кезең болды. Кейбір
зерттеулерде аталатындай, бұл жаңа дінді және Мұхаммедті қабылдамаған
Меккеден жай қоныс аудару немесе қашу емес еді. Пайғамбардың соңынан
ергендер дін жолында арабтар үшін аса қасиетті саналатын тайпалық
қатынастарын құрбан етті. Оларды ислам нұры қуаттандырды.
Бұл алғашқы мұсылмандар арабтың "мұхаджир" деген сөзімен анықталды,
ал жаңа дінді қабылдаған йасрибтіктер, жоғарыда айтқанымыздай, ансарилер,
яки көмекшілер аталды. Мұхаммед жаңа қоныста тайпалық одақтарды жойды,
олардың жауласуына, қанды қанмен жуу салтына тыйым салды. Исламды
қабылдағандарды дін қарындас етті. Бұл өзге туыстықтан да артық еді.
Қауымда темір тәртіп орнады. Ол Алланың жердегі өкілі - имамға ғана
бағынатын болды. Мұхаммед пайғамбар бірінші жұма намазын және тұңғыш
хұтпаны (өсиет) осында оқыды, дейді діни жәдігерліктер.
Бірақ, Мекке мен Мединаның арасы жараспады. Меккеліктер жаңа
пайғамбарды мойындамады. Әбу-Суфиян бастаған меккеліктер мединалықтарды
бағындырмақ болып жорық жасады. 624 жылы он алтыншы наурызда екі қол
кездесіп, мединалықтар айтулы жеңіске жетті. Араға бір жыл салып, тағы ірі
әскери қақтығыс болды. Соңында екі қаланың арасындағы соғыс созыла берді.
Осы жерде Мұхаммед асқан көрегендік жасады. Ол 628 жылы арабтардың
дәстүрі бойынша ұрыс қимылдары тоқтатылуы тиіс хажылық айында Меккеге сапар
шекті. Оған қалаға енуге рұқсат болмады. Бірақ, осы сапарында ол он ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәңірлік діндерде Пайғамбар түсінігі
Сәләф және сәләфиліктің мағыналары және айырмашылықтары
Шығыс діндерінің шығуы
Ж. Баласағұн Құдағу біліг шығармасына тақырыптық-идеялық, мазмұндық талдау. Насреддин Рабгузи Рабғузи қиссалары, Х. Дулати Тарих и Рашиди, Ш. Жәңгірұлы нәзира дәстүрі
СОПЫЛЫҚ ТАРИҚАТТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Шәді Жәңгірұлының әдеби мұрасы
Иманның сөздік және терминдік мағынасы
Әйел қызметі
Хадис әдістемесі
Хизбутшылар дінге де, елге де қарсы
Пәндер