Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі
Іс әрекет психологиясы. Ойын іс-әрекеті
Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен
айналысуына байланысты болады. Адам өмір сүру барысында өз
психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Мәселен, мектеп жасына
дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек адам
өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында
көрсетеді. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттіліктерді өтеуге байланысты
белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс.
Адам үшін іс-әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні
зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен
жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті
шешу, яғни ойлаған істен бір нәтиже шығару- оның екінші бір басты
белгісі болып табылады. Адам психикасының дамуында іс-әрекеттің
шешуші орнымен қатар, біз сананың да күрделене түсуіне ықпал
жасайтынын еске алуымыз қажет. Сөйтіп санамен іс-әрекеттің бірлігі,
психиканың іс-әрекет үстінде дамитындары жайлы мәселе психологияның
басты принциптері болып табылады. Адам әрекеті сан алуан. Оның
негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат,
міндеттерге бағытталып огтырады. Бұлардың барлығына тән ортақ
қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы. Сондай-ақ жас
мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде.
Ойын- өмірдің керемет құбылыстарының бірі. Пайдасыз болып
көрінетін қажетті іс-әрекет. Психология үшін ойын өте қиын әрі
маңызды проблема болды. Бала ойынының әр түрлі теориялары бар.
Ойын іс-әрекет ретінде тұлғаның қоршаған шындыққа нақтылы бір
қатынасын көрсету болып табылады. Әлемді бейнелей отырып, оны
түрлендіру қабілеттілігі- адам ойының мәні. Адамның бұл қабілеттілігі
бірінші рет ойында пайда болады және ойында қалыптасады. Еңбекпен
байланыса отырып, ойын одан өзгеше болады. Адам еңбек ету
кезінде өзіне қажетті әрекетпен бірге істегісі келмейтін әрекетті
де жасайды. Ал ойын кезінде мұндай жағдай болмайды. Ойын әрекеті
бұл тікелей қызығушылық тудыратын әрекет. Ойында мақсаттары маңызды
әрекеттер ғана жасалады. Ойын әрекеттері түрткідегі, мотивтегі
әрекет мағынасын көрсетуі керек. Осы өзінің ерекшелігіне байланысты
ойын, қажеттіліктердің кездесуі, оның әрекетінің мотивін білдіретін
сұраулары және оның мүмкіншілігінің шектеулілігі арасындағы қайшылығы бар
іс-әрекет болып табылады.
Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының
белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық
ерекшеліктерін қарастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат
болады. Мәселен, кез – келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар –
құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір – бірімен өзара қарым –
қатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор
екендігі түсінікті. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытатынын, мұнда да
баланың қабілеті, белсенділігі бір сыдырғы байқалатынын, А. С Макаренко өте
жақсы көрсетті. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын
арқылы болады.
Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да өзіне тән
мотивтері болады. Еңбек үстінде адамның мақсаты мотивінің арасында
келіспеушілік болуы мүмкін. Ойында бұл жағы болмайды. Еңбектің қандай түрі
болмасын одан қоғамдық пайдалы өнім шығуы қажет. Бұл айтылғандар ойыннан
талап етілмейді.
Баланың жасы өсумен қатар, ойнайтын ойынның мазмұны да өзгеріп
отыратыны белгілі. Бала ойын үстінде дүниетанудағы өз мүмкіншілігін
сезінумен қатар, айналасындағы адамдар мен лардың әрекетіне көңіл аударады,
заттың ішкі мазмұнын білгісі келеді. Балалардың қиялын, ойлауын, сөйлеуін
дамыту үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық
мәні бар. Сондықтан тәрбиешілер мен ата – аналар бұл ойындарды белгілі
талапқа сәйкес ұйымдастырып отырулары қажет. Мектепке түскеннен кейін бала
ойынының мазмұны кеңейе бастайды. Мәселен мектепке дейін тұрмыстық
ойындарды көбірек ойнайтын болса, енд қоғамдық – саяси мәні бар, еңбек
процесінің сан алуан жақтарын көрсететін сюжеттік ойындарды ойнауға
ауысады. Адамдардың жай қимыл – қозғалысын көрсетуден гөрі бала олардың бір
– бірімен қатынасын, сезімдері мен көңіл – күйлерін көрсетуге
талаптанады.енді оқыған кітаптары, үлкендерден естіген әңгімелері баланың
ойын мазмұнына кіреді.
Баланың дамуына іс-әрекетінің рөлі оте зор. Ол дамудың негізі. Іс-
әрекетінің түрлері: ойын, оқу, қоғамдық пайдалы жұмыстар, көркем өнері іс-
әрекеті, спорт т.б. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты іс-әрекетінің
салаларымен бірге олардың мазмұны, ұйымдастыру әдістері мен тәсілдері және
мотивтері де өзгеріп отырады. Мұны әр түрлі іс-әрекеттерінің түрлерінен
байқауға болады.
Мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға тән және
олардың құмартып кірісетін іс-әрекетінің бір түрі — ойын. Ойынның бірнеше
түрлері бар. Оларға шығармашылық, ақыл-ой, спорт ойындары т.б. жатады.
Ойын — балалардың денесін, ақыл-ойын дамытудың сарқылмас көзі. Балалар
дәрігер, мүғалім, суретші, құрылысшы-инженер, теңіз кемесінің
капитаны, үшқыш, космонавт болып ойнағанда, олардың бейнесін есіне
түсіреді, әр маманның іс-әрекетіне тән ерекшеліктерін өздерінің түсінігі
бойынша ескеріп, релін атқаруға талаптанады. Бұл жастағы балалар, әсіресе,
геолог, теңіз кемесінің капитаны, космонавт болып ойнауды сүйеді және
солардай болуды арман етеді. Мұндай шығармашылық ойындар айналадағы ортаны
тануда балалардың ой-өрісін бірте-бірте дамытады. Ал өр түрлі ойындарды
мамандыққа бағдар беру тұрғысынан қарастырсақ, онда олар балалар үшін
келешек мамандықты танудың беташары болуы да мүмкін.
Балалар ойын процесіңде геологтардың рөлін атқару үшін өздерінің
ойларын іске асыруға тырысады. Олар ойынның негізгі мазмұнын геологтардың
іс-әрекеттерімен байланыстыра көз алдына былай елестетеді: бір топ
геологтар Отанымыздың Каспий теңізі аймағына барып, жайғасты. Олар табиғат
күшіне тотеп беріп, ауа райы аумалы-төкпелі белестерден өтіп, жергілікті
коліктерді пайдаланып, қазба жер байлықтарын іздестіруде. Геологтар па-
латкаларда түрып, түрлі қиыншылықтарды кездестіреді, мыса-лы, маса, шыбын-
шіркейлермен күреседі. Балалар алға қойған мақсатын орындап, ойынды
аяқтайды. Мүндай қиыншылықтарға мойымайтын тозімділік, батылдық, табандылық
сияқты тұлғалық қасиеттер қалыптасады.
Ақыл-ой және спорт ойындары да баланы дамытудың басты себептерінің
бірі. Ақыл-ой ойындары балалардың аңғарымпаздығын, ұғымталдығын, зеректігін
дамытады, ойлау теориясына (салыстыру, ажырату, жинақтау т.б.)
жаттықтырады. Спорт ойындары балалардың қайраттылық, шешімділік, өзін-өзі
билеу, батылдық, ерлік, төзімділік сияқты моральдық қасиеттерін қалып-
тастырады, денесін шынықтырады.
Мектеп жасындағы балалардың жан-жақты, үйлесімді дамуының негізгі
көздері оқу, қоғамдық пайдалы жұмыс, көркемонер және спорттық іс-әрекеттері
деп жоғарыда айтып кеттік.
Мектептерде оқушылардың дене шынықтыру сабақтары мен түрлі спорт, іс-
әрекеттерін ұйымдастырып жүргізудің өзі мұғалімдер ұжымдарының тол ісіне
айналды. Сабақ барысында оқушылар теориялық білім алады, түрлі
гимнастикалық жаттығуларга үйренеді. Оқыту барысында берілетін дене
тәрбиесі оқудан тыс уақытта жүргізілетін дене шынықтыру және денсаулықты
жақсарту жұмыстарымен толықтырылып отырылады. Осындай өзара байланысты
спорт іс-әрекетінің барысында бала әрі қайратты, әрі әдемі болып өседі.
Сонымен бірге оның эстетикалық талғамы және адамгершілік қасиеттері
қалыптасады, дене шынықтыру сабақтарында жауапкершілігі артады, еңбек
қызметіне және Қазақстанның Қарулы Күштеріне келешек қызмет етуге дайын
болуды қажеттілігіне саналы түрде түсінеді.
Жалпы білім беретін мектептерде кеңінен тараған спорттың түрлері
бірнеше секцияларға бөлініп жүргізіледі. Оларға волейбол, баскетбол, бокс,
күрес, шаңғы, коньки, турист, шахмат, дой-оы, акробатика, спорт және көркем
гимнастика, ескекті жеңіл қайық, бадминтон т.б. секциялары жатады.
Қазіргі кезде спорт жүмыстарын одан әрі жетілдіру басты міндеттердің
бірі болып отыр. Бұл міндеттер жастарды физкультура мен спортқа кеңінен
қатыстыру үшін оқу орындарының, спорт қоғамдарының, кәсіпорындардың қолда
бар базасын, қай ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, нығайтып,
неғүрлым тиімді пайдалануды талап етеді.
Барлық іс-әрекеттерінің процесінде баланың қоршаған дүниеге көзқарасы
қалыптасады, ол адамдармен қарым-қатынас жасайды. Оның нәтижесінде бала
бағыну мен басшылық және жауапкершілік принциптеріне, немқұрайдылық пен
қамқорлыққа, қызығушылық пен парықсыздыққа түсіне бастайды.
Іс-әрекеттерінің процесінде баланың, мысалы, біреуді үнату немесе жек
көруі, бір іске қызығушылығы немесе одан жиіркенушілігі, іс-әрекеттерінің
нәтижелеріне талдау мен бағалау және сын көзімен қарау сияқты эмоциялық
жағы да дамиды. Демек, адам өз бойындағы бір динамикалық стереотипті бұзып,
екіншісіне көшкенде осындай эмоция туады. И.П.Павлов Динамикалық
стереотипті жасап және демеп отырғанда, ми жарты шарындағы нерв процестерін
— өзінің екі негізгі категориясында ұнамды, ұнамсыз және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz