Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары

Шаруашылық – қаржы қызметі процесінде кәсіпорын мен ұйымдар қаржы
қорларын – белгілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражатын қалыптастырып
пайдаланады. Қорлардағы ақша қаражаттары үнемі қозғалыста болады: түседі,
қордаланады, жұмсалады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы тәрбиесінде кәсіпорындардың, жеке
саланың немесе бүкіл ұлттық шаруашылықтың өндірістік, шаруашылық және
әлеуметтік қызметіндегі мақсат – міндеттеріне қарай әр түрлі қорлар
пайдаланылады. Өздерінің қызметтерінің орындалуына немесе экономикалық
жағдайдың өзгеруіне қарай кейбір қорлар жойылса, кейбірі өзгертіліп, қайсы
біреулері жеке бөлініп шықты. Ұзақ жылдар бойы кәсіпорындармен ұйымдарда
экономикалық ынталандыру қорлары – материалдық көтермелеу қоры, өндірісті
дамыту қоры, әлеуметтік даму қоры, көпшілік қолды тауарлар қоры (халық
тұтынатын тауарларды шығаруды және өндіріс қалдықтарынан жасалынған басқа
бұйымдарды ынталандыру үшін) жұмыс істеді. 1992 жылға дейін ұлғаймалы ұдайы
өндірісті қаржыландыру және негізгі қорларды жаңарту үшін амортизациялық
қор құрылғанды. Министрліктер мен ведомстволарда жалпы салалық сипаттағы
шығындарды қаржыландыру, ведомствоға қарасты кәсіпорындар мен ұйымдарға
қаржы көмегін көрсету үшін орталықтандырылған қорлар құрылды: ғылым мен
техниканы дамытудың бірыңғай қоры, экономикалық ынталандыру қорлары бойынша
орталықтандырылған қорлар мен резервтер, бағаны реттеу қоры және басқалары.
Қаржы қорларында кәсіпорындар мен ұйымдар мүлкінің қозғалысы бұл
ақпаратты өндіріс, шаруашылық – қаржы және әлеуметтік қызметті басқаруда
пайдалану үшін толық немесе ішінара түрде бейнеленеді. Жекелеген қорлардың
қозғалысы қаржының көлемін, нысанын, пайдалану мөлшерін неғұрлым анық
көрсетеді. Сондықтан кейбір қорлар бір мезгілде орындалуға белгіленетін,
сондай – ақ іс жүзінде қол жеткен кәсіпорын қызметінің қаржылық
көрсеткіштері де болып табылады немесе есеп – қисап үшін бастапқы
мәліметтер ретінде қызмет етеді. Мысалы, белгілі бір кезеңде кәсіпорынның
тұтыну қорын жұмсау ауқымы; кәсіпорынның бір қызметкеріне шаққандағы бұл
мөлшер оның материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерімен қанағаттандыру
деңгейін көрсетеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс істеуі үшін неғұрлым маңыздылылары
мына қорлар болып табылады: жарғылық, резервтік капиталдар, қорлану қоры,
тұтыну қоры, еңбекке ақы төлеу қоры, валюталық, жөндеу қорлары.
Кәсіпорындардың дербестігі жағдайында басқа да мақсатты қаражат қорлары
құрылуы мүмкін, мысалы, медициналық сақтандыру қоры, жекешелендіру қоры,
өндірістік және әлеуметтік қоры инфрақұрылымды дамытуға қатысудың үлестік
қоры және басқалары.
Жарғылық капитал мемлекет, басқа меншік иесі немесе құрылтайшы берген
кәсіпорын мүлкінің мөлшерін сипаттап көрсетеді және алғашқыда, шаруашылық
жүргізуші субъектілерді құрғанда өндірістік капиталды, материалдық емес
активтерді, айналым құралдарын сатып алудың көзі болып табылады. Оның
қаражаттары есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті жағдайлар
жасалады. Мемлекеттік кәсіпорындардағы жарғылық капитал өндірістік
капиталдарды – өндіріс процесінің натуралдық – заттай элементтерін құруға
арналған меншікті қаражаттардың негізгі көзі.
Жарғылық капиталдың мөлшері шаруашылық қызмет процесінде өзгеріп
отырады: негізгі капиталға жұмсалатын инвестициялар (күрделі жұмсалым),
таза табыс есебінен болатын айналым капиталының өсімі, тауар – материалдық
құндылықтарды бағалауға дейінгі және капиталдың басқа молықтырылуы
нәтижесінде көбейеді; негізгі құралдарды шығару немесе беру, оның тозығын
есептеу, зияндарды шығару, тауар – материалдық игіліктердің бағасын түсіру
есебінен кемиді.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың жарнасы
(үлестік жарнасы) есебінен (жабық үлестегі қоғамдар үшін) немесе жарналарды
құрылтайшылар мен шақырылғандардың акцияларына айырбастау жолымен (ашық
үлгідегі қоғам үшін) құрылады.
Кәсіпорындардың қарамағында қалатын қаражаттардың негізінде, яғни
салықтар мен басқа да төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорындар мен ұйымдар
кешенді қорларды – тұтыну қоры мен қорлану қорын құрады.
Тұтыну қоры мыналарды қамтиды:
Бүкіл қызметкердің (өндірістік және өндірістік емес) еңбегіне ақы
төлеу шығындары;
Ақшалай төлемдер, соның ішінде жылдың қорытындысы бойынша сыйақылар;
Еңбегі үшін ынталандарудың басқа түрлеріне жіберілетін ақша және
натуралдық нысандардағы қаражаттар;
Материалдық көмек:
Еңбек және әлеуметтік жеңілдіктерді белгілеуге жұмсалатын қаражаттар;
Қызметкерлердің акциялары мен салымдары бойынша мүлікке төленетін
табыстар (дивидендтер, пайыздар);
Оңтайландырғыштық ұсыныстар, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz