КҮРДЕЛІ СӘУЛЕ АУРУЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
КҮРДЕЛІ СӘУЛЕ АУРУЫ

Сәуле шарпуы жасуша құрамына кіретін атом мен молекулаларды иондап
қалыптасқан заттар алмасу процессін бұзады. Сонымен клетканың тіршілігін
өзгертіп адамды сәуле ауруына шалдықтырады. Аз мөлшермен ұзақ сәулеленуге
ұшырағанда созылмалы сәуле ауруы өршеленеді. Оны сәулеленуге ұшыраудың
жиынтық мөлшері және сол мөлшердің ағзаға таралу сипаты бойынша, бүкіл дене
мүшелері мен жүйкелер қызметінің бұзылуы арқылы анықтауға болады. Созылмалы
сәуле аурудан ішек-қарын қызметі бұзылып, қызыл иектен, мұрыннан қан
кетеді, сүйектері ауырады.
Сырттай сәулелендіруден өрістейтін жиі сәуле ауруы (ЖСА) ерекше қауіп
туғызады ауру барлық мүшелер мен жүйелер қызметінің бұзылуына негізделе
дамып орталық жүйке жүйесі, қан жасау жүйесі, асқазан жолының зақымдануымен
қалыптасады.
ЖСА-ы сәулеленуге бір дүркін ұшыраған кезде 100 рентген мөлшерден
бастап білінеді. Сәулеленуге ұшыраған адам алғашқы кезеңде оны сезбейді.
Шарпу мөлшері бір мезгілде 5000 Р-нен асқан кезде ЖСА күрт дамиды, оның
жасырын мезгілі болмай, организм алғашқы күндерінде-ақ өледі.
ЖСА-ның 4 мерзімі болады;
- бірінші мерзімде организмнің алғашқы реакциясы бірнеше сағаттан үш
тәулікке созылады; адам тез арада әлсіреп қалады, жүрегі айнып құсуы
мүмкін, артерия қысымының ауытпалығы білінеді, басы ауырады, көңіл-күйі
төмендейді;

- екінші мерізімі (латент мерзімі) 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін,
бірақ неғұрлым шарпу мөлшері көп болса, соғұрлым мерзім қысқа, адам өзін
уақытша сауықтанып қалғанын сезеді, сонда да тамаққа тәбеті төмендеп,
ұйқысы бұзылады, аздап терлеуі сақталады, қан құрамы өзгере бастайды;
үшінші мерзімде, температурасы көтеріледі, ішкі ағзаларға және теріден
сыртқа қан ағуы басталып, қан қысымы төмендейді, шашы түсуі мүмкін, қан
ұйысууы бұзылады, эалпы организмның қорғаныс күштері бәсеңдеп инсфекциялық
және басқа ауруларға жол ашылады; қанның жалпы қағындысы дамиды, дене өте
әлсізденеді;
- төртінші мерзімі (сауығу мерзімі). ІІІарпу мөлшеріне қарай ден-
саулықтың толық қалпына келу уақыты созылыңқырап келеді. ЖСА-мен бірге
сәуле күйіктері де болуы мүмкін. Күйіктердің бұл түрлері тереңде жасырын
түрде дамып, бұлшық еттердің, сүйектердің жансыздануына соқтырады. Және ЖСА-
ның 4 дәрежесі болады:
- бірінші дәрежесі денеге радиацияның мөлшері Д 100-200 рад. шамасында
енген кезде өтеді, бұл жеңіл дәрежесі. Жасырын мерзімі 3-5 апта. Қан
құрамында лейкоциттер саны азаяды, еттерге оттегі жетіспейді, инфекциялық
аурулары асқынуы мүмкін;
- екінші дәрежесі (орташа дәрежесі) Д=200-400 рад; алғашқы 2-3
тәуліктерде организм күшті реакциясын көрсетеді. Жасырын мерзімі 15-20
тәуліктерге барады. Сырқау белгілері анық көрінеді. Жүйке жүйесінің
функииялары бұзылады. Өлім шығыны 20%;
- үшінші дәрежесі (ауыр дәрежесі) - Д=400-600 рад; жасырын мерзімі 5-10
күнге созылуы мүмкін. Организмның алғышқы реакциясы айқын көрінеді. Ем
көрсетілмеген жағдайда өлім шығыны 70-%-ке баруы мүмкін, адам инфекциялық
ауруларынан не қан ағу салдарынан өледі. Емделу нәтижесінде денсаулығы 5-6
айдан кейін дұрыстала бастайды. Үшінші дәрежеде қан денешектерінің
(лейкоцит, эритроцит, тромбоцит) саны қатты азаяды;
- төртінші дәрежесі - Д600 рад, адамды әдетте қазаға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иондалған сәуленің адам ағзасына әсері
Сәуле
Сәуле ауруы
Радиацияның адамға әсері
РАДИАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАР
Радиобиология және ветеринарлық радиобиология
Электр және сәуле жарақаттары кезіндегі алғашқы ветеринариялық көмек
Электр мен сәуле жарақаттары кезіндегі алғашқы ветеринариялық көмек
Электр және сәуле жарақаттары кезіндегі алғашқы ветеринариялық көмек жайлы мәлімет
Сәулелі ауру және радиацияның адам ағзасына әсер етуінің басқа да салдары
Пәндер