ШЕЖІРЕ ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКАСЫ МЕН ФРАЗЕОЛОГИЯСЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ШЕЖІРЕ ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКАСЫ МЕН ФРАЗЕОЛОГИЯСЫ
Қадырғали туындысы тілінің лексикалық негізін қыпшақ тобына жататын
түркі сөздері құрайды. Мысалы, осы тұстағы өзге түркі ескерткіштерінде ау,
ел ал, ев еу болып келетін сөздер мұнда аң (аңға чықты, аңға атланды),
қол, үй түрінде қыпшақша, оның ішінде қазақша тұлғада жұмсалған. Сол сияқты
бөлек, билеу (ел билеу), күйеу, біреу, ақча, башлық, йақа (жаға), йарылқа,
қыр, ой урушты, ұчрады, чапты дегендер таза қыпшақ сөздері. Тек жеке
сөздер емес, тұрақты немесе лексикалық тіркес болып келетін сөздер де
қыпшақ тілдеріне, оның ішінде сол кезеңдегі (және қазіргі) қазақ тіліне тән
қолданыстар екенін көрсетуге болады. Мысалы, шежіре тілінде кездесетін қыз
берді, ел болды, ажабқа қалды, бәнде қылды (тұтқын етті), фарман қылды,
кіріфтарлық чекті, хуш келді деген тіркестер беретін мағыналары мен
жұмсалатын орындарына қарай қазіргі қазақ тілімен бірдей түседі. Бұл ретте
әсіресе образды тұрақты тіркестердің шежіре тілі мен қазіргі қазақ
тіліндегі бірдейлігі өте-мөте көзге түседі. Олардың бірқатары бұл күнде сол
мағынада тек қазақ тілінде жұмсалатындығы - Қадырғали шежіресінің тілін
қазақ тіліне жақындататын, яғни оны қазақтың жазба әдеби тілі деп
танытатын белгілердің бірі. Мысалы, аяқ асты болды, балдызлап берді, бір
йашады, ол хатунын йеңгелете (жеңгелей) алды, көңүл қалышты, қыз айттурды,
тілегін тіледі, хатун йіберді, хатунны айырды, сөзінден чықмады деген
ондаған фразеологизмдердің біз әңгіме етіп отырған шежіре тіліндегі беретін
мағыналары мен тұлғалық көрінісі қазақ тілімен дәлме-дәл түседі.
Әрине, Қадырғали жылнамасы тілінде қазақ тіліне тән емес, немесе
қазіргі нормаға сай келмейтін сөздер мен тұлғалардың, тұрақты тіркестердің
аз емес екендігі сөзсіз. Әсіресе фонетикалық тұлғалануы бөлекше йағмур
(жаңбыр), тигәр (тиер), таг (тау), тугды (туды), сығыр (сиыр), төгүрек
(төңірек), қатығ (қатты) тәрізді сөздер мен үкүш (көп), біту (жазу), айу
(айту), нүң (не), өнгін (өзге), қайу (қайсы) сияқты көне сөздердің жақша
ішіндегі сол кездегі (және қазіргі) қазақ авторының ана тіліне тән
варианттарымен қатар қолданылғаны байқалады.
Ескерткіш тілінің лексикалық қазынасына тән тағы бір сипат — сөздердің
жарыспалылығы, яғни бір мағынадағы сөздің көне-жаңа, қыпшақтық-оғыздық,
түркілік-арабтық, түркілік-парсылық, арабтық-парсылық түрлері (варианттары)
ретіне қарай бірінің орнына бірі қолданыла берген. Бұл жарыспалылықтың
кейде тіпті ешқандай стильдік не өзге себептері де жоқ болып келуі мүмкін.
Ал кейде бір мағынада алынған сөзді оның екінші эквивалентімен түсіндіріп
отыру әрекеті де байқалады. Мысалы, әмірші мағынасындағы бек, әмір
сөздерін кейде қазақтың аға сөзімен алмастырып атайды: мың бегімың ағасы;
әміршінің (ханның, бектің) некелі жұбайы мағынасындағы мауазымды (титулды)
білдіретін хатун (қатын) сөзі осы мағынадағы қытайдың фужин, монғолдың еке
сөздерімен қатарласа (бірінің орнына бірі) жүреді.
Бірінің орнына бірі жұмсала беретін белгілімәшһур, йазылдышарх
берілді, күн туғушмашрақ, бу күнһануз, йуртмақам, йағыдушман,
улуғбузург, йарлуқфарман, оғулфарзанд, мыңһазара, кішінафар,
бөлікқисм, көб аксар деген сөздердің алдыңғы қатарын түркі тұлғалары
құраса, екінші қатары араб пен парсы сөздері болып келеді.
Мұндай лексикалық жарыспалылық - тек біз талдап отырған шежіренің
тіліне ғана емес, жалпы ортағасырлық түркі ескерткіштерінің көпшілігіне тән
сипат. Бұл, бір жағынан, әлі жеке-жеке ұлттық тілдер болып қалыптасып
бітпеген ортағасырлық түркі жазба тілдерінің лексикалық нормасы
тұрақталмағандығын танытса, екінші жағынан, орта ғасырлардағы түркі жазба
дүниесінің араб және парсы әдебиетімен (демек, тілдерімен де) тығыз
байланысты болғандығын көрсетеді. Үшіншіден, кене түркі орхон-енисей
жазбалары тілі мен ерте орта ғасырлардан (XI—XII ғ.) келе жатқан
шығыстүркістандық (көне ұйғыр) жазба әдеби дәстүрінің әсері әлі де бар
екендігін байқатады. Мысалы, көне біту (жазу), үкүш (көп), ерді (еді), нүң
(не) сияқты сөздер мен шығыс септіктің -дың (-дін, -тын, -тін) жалғауы,
екінші буында езуліктің орнына еріндік у әрпін жазу (алтун, хатун, йаруқ,
нечүк, берү)— өте ертеден келе жатқан дәстүрдің сарқыншақтары. Бұл да тек
қазақ шежіресі тілінің белгісі емес, сол кезендердегі барлық түркі
жазбаларына тән белгі.
Біздің шежіреміздің сөздік қабатын әңгімелегенде, онда бөгде тілдік
сөздердің мол екендігін көрсету керек. Олар негізінен араб және парсы
сөздері. Бұл сөздердің дені дерексіз (абстракт) ұғым атаулары. Өзге түркі
ескерткіштеріндегідей мұнда да араб, парсы сөздерінің түркілік ет-, қыл-
бол- деген сияқты көмекші етістіктерімен тіркесіп, қимыл атауларын
жасайтыны көзге түседі. Ол етістіктердің көбі түркі тіліндегі
эквиваленттерінің орнында жұмсалады. Мысалы, Қадырғали түркінің (қазақтың)
талау сөзі тұрғанда оның орнына ғарат ңылу деген араб-түркі сөздерінен
жасалған күрделі етістікті қолданады. Сол сияқты жерлеу (өлікті жерлеу)
етістігінің орнына дафн қылу, жинау деудің орнына жам қылу, қорғау дегеннің
орнына ихтийат қылу деген араб сөздерін қатыстырып жасаған күрделі
етістіктерді пайдалану — шежіре тілі үшін кәнігі амал.
Жылнама тексінде араб, парсы сөздерінен басқа бірен-саран монғол және
қытай сөздері бар. Олардың көбі әр алуан лауазым атаулары (титулатура) мен
қызмет иелерінің атаулары және сипаттама атаулар болып келеді. Бұларға
монғол тілінің нойан, гүрген (күйеу бала), боқаул, қорчы, йарғучы, сечен,
казик, екечі сияқты сөздері жатады. Сондай-ақ мұнда монғол тілінен алынған
шусун (әскерге арналған азық-түлік), түмен (он мың), жуңқар (оң қанат),
күрен (1000 үйден құралған ауыл), йаса (заң), йусун (әдет), улағ (ылау,
көлік), буғтақ (тұрмыс құрған монғол әйелінің бас киімі) деген сөздер де
пайдаланылған. Отчигин (кенже бала), буржуқин (көк көзді) сияқты бір-екі
сөз сипаттама эпитет болып келеді. Монғолша жеті атаның аттарын (ичигә — өз
әкесі, бурқы — атасы, алынчыл — үшінші атасы, тағы осылайша кете береді)
мен жыл аттарын (моғай йыл — жылан жылы, ноқап йыл — ит жылы, қақай
пыл — доңыз жылы т. т.) білдіретін сөздер бар.
Шежіреші автор қолданған стильдік ерекшеліктердің бірі — ол монғолдың
осындай сөздерін келтіре отырып, қасына (кейде йани деген шылаудың
көмегімен) түркіше эквивалентін көрсетеді: һукәр йыл, йши сығыр йылы болғай
(яғни сиыр жылы болады), ичигә өз атасы, будуту төртүнчі атасы
т. б.
Шежіре тіліндегі қытай сөздері көп емес, 5—10 сөз. Олардың өзі
негізінен жалқы есіммен қатар қолданылатын лауазым атаулары болып табылады:
фужин — түркіше хатун, монғолша еке деген сөздердің баламасы, тайши —
мемлекеттік дәрежеде мәртебесі бар ақсұйек (сановник) дегеннің баламасы,
гөйәң — ұлы әмірші, анши — түмен басы, гөрхан — хандардың ханы, уаң — ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай тілінің зерттелуі
Шежіре
Орта ғасырлардағы түркі ескерткіштеріне араб тілінің ықпалы
Ағылшын тілінің публицистикалық және баспасөз тілі
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы
Сөз және мағына
Қадырғали Жалайыри
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары жайлы ақпарат
Фразеологиялық тіркестердің ерекшеліктері
Қазақ тілінің сөздік құрамы
Пәндер